Кеудесі қуыс қалған далам – ай… Немесе атамыздың басын іздеумен өткен екі айдың есебі



бет3/3
Дата25.04.2016
өлшемі414.95 Kb.
1   2   3

26.Зоолгия музейі (Университетская набережная, 1) Әлемдегі өте бай мұражайдың бірі. Кірее берістегі құтты ішіндегі адамдардың неше түрлі сұрқын көріп әлде бір үміт оты тұтанатындай көрінді. Сөйтсек мұнда табиғи қалыптан тыс туғандардың ғана мәйіт – тұрқы сақталды екен. Шүкіршілік, Кенекемнің он екі мүшесінде бір ауытқушылық бар деген мәлімет кездеспейді. Ал көрмедегі Қазақстанның аң – құстар әлемі барынша таң қалдырады. Осы арадан Пазырық қорғанынан табылған аттың біреуін тағы да көрдік. Ел – жұртты сағынғандықтан ба, жоқ, табиғатымыз солай ма, кәдімгі дала қараторғайының қатырылған кішкентай ғана тұлыбын көргенде: «Келеді қараторғай қанат қағып, астына қанатының маржан тағып…» - деп ыңылдай жөнелдік. Өзіміздің де тағдырымыздан сол қараторғайға ұқсастық тапқандаймыз. Әдемі музейден мұңлы көңіл – күйде шықтық.

  1. РҒА – ның Ресей тарихы (Санкт – Петербург) институты (Петрозаводская, 7). Музейлерден көңіл суығандай болған соң, енді қандай да бір тарихи деректердің ізіне түсу үшін архивтер мен кітапханаларға бет бұрдық. Ал ол үшін тарихшылардан, оның ішінде Қазақстанға байланысты зерттеулер жүргізген ғалымнан ақыл – кеңес алудың еш артықтығы, айып – шамы болмайтын. В.М. Паниахқа Н. Бекмаханованың хатын табыс еттік. Кезінде Қазақтар мен башқұрттардың көтерлісі тарихынан диссертация қорғаған, қазір Шығыс Европа мәселесімен шұғалданады. Институттың архивінде Кенесары туралы М.Стеблин – Каменскаяның «Сұлтан Кенесары Қасымовтың көтерлісі» атты жарияланбаған монографиясы мен қолжазбалары сақталыпты. Оның ұзын – ырғасы бізге бұрыннан таныс болатын. Қаншама қызықты, сирек материалдардың шеті көрінгенімен уақыт қыспағына байланысты шөгелдеп лтыруды жағдай көтермеді де жалпы бағыт – бағдар алумен шектелдік

  2. РҒА – ның архиві (Университетская набережная, 1), директоры В.С. Соболев. Ғылыми мұрағаттарды іздеген зерттеушінің міндетті түрде бас сұғатын мекемесі. Біз барған кезде бүкіл коллектив қаражат мәселесіне байланысты демалысқа кетіпті. В.А. Прищепованың селбеуімен Владимир Семеновичпен кездесіп, ашық әңгімелестік. Мұнда Ш. Уәлиханов туралы ддеректер өте көп екен. Ал Горчаков пен Гасфордтың бөліс кезінде таратылып ктіпті. Түбінде қайырылып бір соғуға қажет ететін архив. Ал Кенесары жөніндегі картотекадағы мағұлматтар негізінен Е. Бекмаханов пен М. Стеблин-Каменскаяның зерттеулерінде қамтылған болатын.

  3. Россия мемлекеттік тарихи (Санкт –Петербург) архиві (Англиская набережная, 4) дүние жүзіндегі еңқордалы құжатхананың бірі. Ақпарат және құжаттардығылыми пайдалану бөлімінің бастығы Лариса Ивановна Сницина бізге жетекші етіп Ирина Вольдемаровна Мулинаны қосып берді. Үш адам табан аудармай 13 күн отырып: 1.патшасарайы басбасқармасының дүние мүлік қорын. 2.Эрмитажға өткізген асыл заттар мен жиһаздар қорын. 3.Ішкі істер министрлігінің Земство бөлімі қорын. 4.Императордың кеңесі қорын. 5.Аудиторлық департамент қорын. 6.Ішкі істер министрлігінің азаматтық кеңсе және полиция қорын 7.Сібір комитеті мен 8.ІІ Сібір комитеті қорын. 9.Князь Горчаковтың. 11. Князь М.С. Воронцовтың. 12.Воронцов – Дашковтардың жеке қорларын. 13.Сыртқы істер министрлігі мен 14.Әскери депортамент қорын сүзіп шықтық. Мұнда Қазақстан тарихына қатысты не жоқ дейсіз, бәрі бар. Сүйікті Әлекеңнің - Әлкей Марғұланның, Ермахан Бекмахановтың қол қойған құжаттары көзге оттай басылды. Жылнамалық, тақырыптық, тарихи тұрғыдан да салыстырулар жүргізілді. Іске қосымша архив мамандары да араласты. Кенесары Қасымовтың көтерілісі, оның әрбір қадамы, қай туысының қайда жүргені жөнінде мағлұматтар жеткілікті. Қазақстанның отарлану тарихы, әскери жазалаудың жоспарлары, бекіністердің салынуы және қазақ жерін иеленудің жолдары, барлау тұрғысында жүргізілген саяхатшылардың жазбалары, хандар мен сұлтандардың сайлануы, тағайындалуы, патша сарайында қабылдауда болғандардың тапсырған сый – сыиапаты, кіріс шығыс есептері, неше түрлі марапаттаулар, Ақмола және Семей облстарын отарлау мен шоқындыру туралы ұсыныстар, қазақстанды итжеккенге жер аударудың жай жапсары, қазақтарды басқарудың әдіс тәсілдері, Сперанскийдің 1821 жылғы қазақтарды мұсылман дінінен алшақтату жолдары жөніндегі жобасы, қазақтардың дәстүрлі билігін жойып, оны Ресей заңдарымен алмастырудың амалдары туралы құжаттар өте көп. Оның барлығын тізіп шығу үшін бір жылдың өзі аздық етеді. (30) Архивтің кітапханасы да бай. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақтарға қатысты жарық көрген басылымдар мен мақалалры, библиографиялық көрсеткіштерді (Мәскеуден Б. Пиотровский құрастырып, 1927 жылы жариялаған) тиянақтап -–ақ қарадық. Амал қанша, Кенесарының бас сүйегі жөнінде еш дерек кездеспеді. Оның үстіне кеңес тұсында және сексенінші тоқсаныншы жылдары архивтің біраз құжаттары Мәскеуге жөнелтіліпті. Олардың тізімдері арнайы бөлімде екен. Тұйыққа тірелуіміздің бір себебін сонда білдік. Ең соңғы үмітіміз…

  1. Ресейдің ұлттық көпшілік (бұрынғы Салтыков – Щедрин атындағы) кітапханасы еді. Мұндағы шығыс бөлімінің қорымен бұрыннан да таныстығымыз болатын. Ондағы қазыналар туралы кезінде арнайы мақала да жариялағанбыз. Сондықтан да бірден Кенесары Қасымов жөнінде деректерді іздестіруге көштік. Ол туралы өзімізге таныс немесе бейтаныс басылымдарды дерліктей қарастырып шықтық. Сонымен қатар каталогтар жүйесіндегі Қазақстан мен Қырғызстанның тарихы, Эрмитажбен Кунсткамераның көрмелерінің көрсеткіштері, Зайнчковский мен Межовтың Сібір тарихы туралы библиографиялық көрсеткіштерін, кітапханалар қоры бойынша түзілген анықтамаларды да ұмыт қалдырғамыз жоқ. Назар аударатын жалғыз дерек “Исторический вестник” журналының 1904 жылғы тамыз айындағы санында жарияланғандай келіп: “Впоследствии голова Кенесары попала в руки одного русскоговельможи, если не ошибаюсь, Воронцова” (105 – бет) – ддеп жазылыпты. Әрине, архивтегі Воронйевтың қорықайта тексерілді. Бірақ еш нәтиже шықпады. Албұл дерекке сүйеніп Эрмитажғабарудың қисыны жоқ еді.

Бұдан басқа зертеу – іздестіруге септігі тиер немесе сақталуы мүмкін делінген орындарға барып:

  1. Көркем бұйым есебінде кездесуі мүмкін деп Орыс мұражайының. 33. Қаару – жарақ, кортик күйінде кездеуі мүмкін деп Әскери – теңіз мұражайының. 34. Патшаның жеке заты есебінде тұруы мүмкін деп Петр сарайының. 35.Верещагиннің т.б. суретшілерінің натур үлгісі ретінде кездесіп қалама деп РҒА – ның шығыстану институтының Көркемсурет академиясының. 36.Ал Россия тарихы архивінің анықтама есеп бөлімінің. 37.Эрмитаждың асыл заттар қоймасы бөлімінің. 38.География қоғамының кітапханасының қорларында іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Сондай – ақ өзге де отызға жуық мекемелергебарып, мамандармен жолықтық.

Өкінішке орай олардан да еш нәтиже шықпады (әрине, тек К.Қасымовтың бас сүйегіне қатысты). Қаражаттың да түбі көрінген соң, “есіміз барда елімізді табайық” деп шешетік. Соған қарамастан экспедиция мүшелері үлкен іздестіру – жұмысын анықтады. Белгілі дәрежеде ғылыми нәтиже (яғни, енді қай жерден Кенесарының бас сүйегін іздемеу керек деген” “нәтижесіз нәтижеге” – “отрицательный результатқа”) жетті және аса мол мағлұмат жинады, іздестірудің бірінші кезеңі осымен аяқталды деп есептейміз.

Республика мүддесіне тікелей қатысты бір рухани – мәдени, ғылыми мәселе ретінде мынадай қорытынды – ұсыныс жасаймыз.

Екінші кезеңді бас сүйектің тағдырына қатысты архив деректері мен оны растайтын құжаттарды табу үшін ғылыми жұмысты Омбы облыстық антропология бөлімінен де үміт үзуге болмайды№ Одан нәтиже шықпаса, тарихи дәлелдерді табу үшін РҒА – ның Ленинградтағы архивіне, МГУ – дің Антропология институты мен музейіне, РФ Федеральдық қауіпсіздік қызыметі мен Ішкі істер министрлігінің крименалдық лабороториясының мұражайына арнайы рұқсат алу керек.

Екінші кезең нәтижесімен шектеліп қалмай ғылыми – мәдени байланыстың даму жолдары одан әрі жалғасуы тиіс деп есептейміз. Экспедиция мүшелеріне іздестіру жұмысының көлемі мен қажеттігіне орай Ресейлік ғалымдармен ақылы – мерзімдік ғылыми келісім – шарт жасауға мүмкіндік беріліуі тиіс. Себебі енді өтініштер мен көз жасқа және бауырластық байланысқа ешкім де сенбейді. Бұл – істі тез шешудің кілті.



Иә, даламыздың қуыс қалған кеудесінің бір жыртығына жамау таппай, іштей күңіреніп Бішкек арқылы отанымызға оралдық. Жолда Қордай асуынан да ханының басын жоқтаған уақыт желі азынап қоя берді. Ішімізден өзімізді өзіміз: “Түптің түбінде кеткен есеміз қайтып, азаттығымыздың кесілген алтын басы орынына қойылар. Бұл - өмірлік мақсаттың бірі болып қалған" ” деп жұбатумен сапарымызды аяқтадық. «» «» «» «» «» «» «» «» «»
Каталог: repository -> history -> %D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> Даналық МӘйегі жібек жолының рухани бесігі
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> МҰхтар әуезов және «манас» жырының талқысы тұрсын ЖҰртбай
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> Тұрсын Жұртбаев
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> Обвинительное заключение
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> Бүкіләлемдік түйсікті сезініп, оны танудың ғаламдық ақиқат сарасы көркем сана. Көркем сана басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ шетсіз-шексіз ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> МЫЊ жылдыќ жолдыњ тоѓысы (Перекресток дорог тысячалетий)
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> Тұрсын Құдакелдіұлы ЖҰртбай, Жоба жетекшісі, филология ғылымдарының докторы
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> Көркемдік шындық және тарихи тұлға
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> Өмір ішінен өлім, Өлім ішінен өмір іздеген жанкештілер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет