Кіріспе 3 1-тарау


Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру



бет5/5
Дата25.04.2016
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5

3.2 Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қолдау мен қызмет көрсету іс-әрекеті ретінде ғана қарастырылмайды. Қоғамдағы әлеуметтік қайта құрулар оның әрбір мүшесінің мүддесіне, белгілі себептермен өзінің өмір сүруіне қажетті жағдай қамтамасыз ете алмайтындарға, бағытталған мемлекеттік және мемлекеттік емес құрыламдар күшінің жиынтығы. Бұл мәселе бойынша Қазақстан өз тәуелсіздігін алған жылдары оның экономикасында 21 миллиардтан астам доллар шетелдік инвестиция тартылды. Бұл қаржы еліміздің әрбір тұрғынына шаққанда 1,5 мың доллардан келеді. Сарапшылардың бағасы бойынша, Қазақстан экономикасына 80% инвестиция Орталық Азиядан түсті. Әлемдік банк Қазақстанды инвестиция таратылатын әлемнің 20 елінің қатарына кіргізді. Бүгінгі күні біздің халықаралық қарыздарымызды ұлғайтып, Қазақстан таза несие беруші еліне айналды.

Біздің экономикамыздың негізгі сипаттамасына тез дамып отырған жекеменшік секторы жатады. Бүгінгі күні жеке меншік өнімнің 75% шығарғарып отыр. 1000-нан астам жеке меншік өндіріс орындары тіркелеген, оның 1700-ге жуығы ірі өндіріс орындары. Оған қоса елімізде 348 мың субъект шағын кәсіпқойлықпен айналысады. Шағын бизнес саласында жұмыс істеушілердің жалпы санына шаққанда 40%-ға жеткізу міндетін қойып отырмыз.

Әлеуметтік жұмыста жеке меншік сектордың іс-әрекетін жақсарту мақсатында:

- әлеуметтік жауапкершілікті нақты болу үшін және орталық пен жергілікті үкімет органдарымен келісім-шарт жасауда қоғамдық тыңдаулар өткізу;

- ынталандыру мүмкіндіктерін талдау және жұмыс орындарын берушілерді ынталандыру үшін ұсыныс жасау, адамдарды жұмысқа қабылдау мен жұмыссыздарды оқыту;

- халықтың аз қорғалған топтарына әлеуметтік көмек мақсатында жеке меншік секторын қатыстыру жүйесін дамыту.

Соңғы жылдары Қазақстан ТМД елдері арасында жалақының орта деңгейі жағынан алда келеді. Қазіргі кезеңде Қазақстанда өндірісті жаңартуды іске асыру, сонымен қатар отандық өндірушілерді қолдау саясаты басталды. Спорт, физкультура, денсаулық сақтау, білім, отандық ғылымды дамытуға мемлекеттік қамқорлық кең етек алды. 1000 астам мәдени объектілер ашылды немесе қайта қалпына келтірілді. Әлеуметтік бағдарламалардың бірі мектептерді компьютерлендіру табысты орындалды. «Халық денсаулығы» атты бағдарламасы елдегі емдеу мекемелерінің вакциналармен қамтамасыз етіп, мәселені шешті. 1990 жылдарда бүгінгі күндері жаңа мектептер мен емханалар салынып жатыр. Бұның барлығы Қазақстанның 2030 жылға арналған бағдарламасының жемісі. Бұл бағдарлама «2030 стратегиясы» деп аталып. 1997 жылдың аяғында жасалды, бұдан біз жаңару ісінің керектігін, тұрақтылығын сезінудеміз. «2030 стратегиясы» біздің қоғамымыздың жағдайына әділ баға беріп, дамудың ұзақ мерзімді мақсаттары мен жолдары белгіленді.

Әлеуметтік жұмыстың экономикалық функциясы - әлеуметтік қорғау жүйесі субъектілерінің іс-әрекеті.

Қазақстан мүше болған халықаралық еңбек ұйымы, әлеуметтік қорғауды жүйе кешенді шара ретінде анықталады.

Онда:


- тұрғылықты ынталандыру, ақылы еңбек қызметіне бейімделу;

- әлеуметтік сақтандырудың механизмінің негізгі әлеуметтік қауіпті пайда болу жағдайында кіріс бөлігін өтеу мен алдын алу;

- әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары емес, халықтың әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек мезанизмдеріне мүмкіндік беру;

- медициналық көмек және білім беру сияқты негізгі құқықтармен қызметтерге қол жеткізу.

Өтпелі кезеңнің алғашқы кезеңінде үкімет әлеуметтік қорғау жөніндегі ағымдағы мәселелермен: бюджет жетіспеушілігі, өндірістің құлдырауы, инфляция, экономикалық сектордың бейресми бөлігінің ұлғаюымен айналысуына мәжбүр болды. Нәтижесінде әлеуметтік сала фрагментациялы сипат алды. Әлеуметтік қорғау жүйесі жүргізілген қайта құруларға қарамастан , қазіргі уақытта заң жүйесінің жетіспеушілігі, ынталандырудың төменгі деңгейі сияқты қиындықтарға кездесті. Соңғы жылдары экономикадағы игілікті өзгерістер және әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін құруға өтуді қамтамасыз етудің шаралары.

Осыған орай халықты әлеуметтік қорғауды Қазақстанның бүгіні мен болашағының басты мүмкіндіктерін ескере отырып жаңа тұжырымдама жасалды. Бұл тұжырымдама көлемінде азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қызметінде білім және медициналық көмек көрсету қарастырылмаған, олар басқа бағдарламалық құжаттарда белгіленген. Әлеуметтік қорғаудың басты реттеуші мен қаржы көзі мемлекет болып табылады. Азаматтардың кейбір топтарына заңға сәйкес әлеуметтік көмек мемлекет қаржысынан беріледі.

Қолданылып жүрген негізгі әлеуметтік қорғау жүйесі және оның тиімді жұмыс істеуіне кедергі жасайтындар:

- әлеуметтік саланы реттеуші заң;

- әділеттіліктің жетіспеуі және ынталандырудың төмендегі;

- айқындықтың жетіспеушілігі.

Іске асыру үшін ұсынылып отырған әлеуметтік қорғау жүйесі болу керек:

Әділетті әлеуметтік қорғау құқығын іске асыру потенциалды алушыларға жеңіл болу керек. Жалпы барлық еңбекке жарамды азаматтар өзінің және отбасының тұрмыс тіршілігі үшін жауапты болуға ұмтылуы тиіс.

Пәрменді жәрдемақы атаулы болуы тиіс, яғни кімнің жәрдемақы алуға құқы және оған мұқтаж адамның құқы бар.

Тиімді жүйенің негізгі компоненттері икемді реттелінуді, яғни жақсы басқарылып, оған аз шығын жұмсалып, айқын болу керек. Қол жеткізу мүмкіндігі, яғни белгілі мерзімде халықты неғұрлым толық қамту.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, әлеуметтік қорғау жүйесін әлеуметтік қауіп-қатер негізінде қорғаудың төменгі элементтерін қоса отырып ұйымдастыру:

- барлық азаматтарға бюджет қаржысы есебінен мемлекеттік төлемдер әлеуметтік қауіп-қатерге байланысты бірдей деңгейде төлеу;

- жұмыскерлер мен жұмыс берушілер есебінен бірінші кезеңде міндетті әлеуметтік сақтандыру;

- жинақтаушы зейнетақы жүйесі;

- бюджет есебінен азаматтардың белгілі категорияларын қолдау үшін арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен арнайы көмектер.

Бұған қоса, азаматтардың ерікті сақтандыруын іске асыру көтермеленеді. Мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйесінің бірден-бір басты бағыты – бала мен аналарды кең көлемді әлеуметтік қорғау.

Демографиялық процестер мен бала тәрбиесін қолдау әлеуметтік қорғауда проблема ретінде қарастырылады. Кәмелетке толмаған балалар тәрбиелеп отырған отбасылары мен бала туылғанда оларды қолдау мақсатында бір жолғы төлем енгізіледі.

Мүгедектер проблемасына байланысты оларға мемлекет тарапынан көмек көрсету мемлекеттік сатандарттар енгізуді қамтамасыз ету. Бұл ұсыныстар 2002-2005 жылдар аралығында мүгедектерді сауықтыруға арналған бағдарламада көрініс табады. Арнаулы әлеуметтік көмектер тек қана өте аз қорғалған халықтың бөлігіне көрсетіледі. Мысалы, 2000 жылдың басында кедейлерге ақшалай көмек: Хорватияда, Македонияда, Өзбекстанда, Албанияда, Венгрия мен Эстонияда әлеуметтк көмек мұқтаждығын тексеру негізінде, Болгария мен Қазақстанда түрлі әлеуметтік көмек бағдарламасында мұқтаждығын тексеру қарастырылмаған. Қазақстанда, Македонияда, Өзбекстанда, Хорватияда балаларға көмек оның мұқтаждығын тексеруге негізделген.

Осыған қоса, біздің елімізде белгілі топтардағы – соғыс ардагерлері, мүгедектер және көп балалы аналарға қосымша қарауға арнайы бағдарламалар жаслуда. Арнайы мемлекеттік әлеуметтік көмек азаматтарға ақшалай және заттай, әрі ақылы қоғамдық жұмыстар түрінде көрсетіледі. Арнайы әлеуметтік көмектің тиімділігі кейбір елде елде бірдей емес. Қазақстанда, сол сияқты Ресейде әлеуметтік көмек аймақтық үкімет органдарының қалауына қарай шешіледі. Заттай әлеуметтік көмек тек жұмысқа жарамсыз азаматтарға – балаларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге беріледі. Сонымен қатар дәстүрлі көмектерге қоса мысалы: қарттар мен мүгедектер интернат үйлерін қамтамасыз ету, тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтарға үйлер, әлеуметтік қонақ үйлер, әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдарға еліміздің алдында тұрған міндет әлеуметтік қорғау бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту емес, кедейлікпен күресудің тиімділігін арттыру. Қазақстандағы әлеуметтік қорғаудың жаңа саясатын іске асырудың негізгі принципі әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін мемлекеттік реттеу. Осыған орай, әлеуметтік жұмыс орталығына мына міндеттерді шешуі тиіс:

1. Әлеуметтік аз қорғалған отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мезанизмін жетілдіру.

2. Әлеуметтік көмек көрсету моноторингі мен әлеуметтік көмек көрсетуші адамдар есебінің жүйесін жетілдіру,

3. Аз қорғалған зейнеткерлер және басқа топтарға арнайы жәрдемақы төлеуді жалғастыру.

4. Қарттардың демалыс үйлеріне жолдамалар алуына қосымша қаржы көздерін іздеу, мүгедектер үшін арнайы арбалар, суды пайдалануды есептеу жеке приборларын орнату, қалалық қоғамдық транспортты пайдалануға жеңілдіктер жасау.

5. Әлеуметтік мекемелер жүйесін дамыту.

Қайырымдылық шараларының жүйесін мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен қайырымдылық қорларын қатыстыру арқылы әрі қарй дамыту. Еңбекте қарастырылған барлық мәселелер социологтарды, сол сияқты әлеуметтік қызметкерлер ісінің кең өрісі көп күш жұмсауды талап етеді.

Әлеуметтік жұмыс проблемаласы, оның негізгі бағыттарын көп аспекті қиын процестері көрсетеді, сондықтан бұл жұмыстың барлық қырын қамту мүмкін емес.

Ұсынылатын әлеуметтік қызмет көрсету сапасын жақсарту әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын әзірлеу, ұсынылатын қызметтер

тізбесін кеңейту мен олардың жетімділігін қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылатын болады.

Осыған байланысты:

5 жасқа дейінгі балалар үшін мектепке дейінгі жастағы балалар тәрбиешілерін жалдау жөніндегі агенттіктер желісін құру мен дамыту;

үйде әлеуметтік көмек желілерін, оңалту орталықтары мен мүгедек балалар мен кемтар балалар үшін әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсете отырып, психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеттерін дамыту;

зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар мен жасөспірімдер үшін жетімханалар ашу, кейіннен осы балаларды балалар үйлеріне немесе арнаулы интернат үйлеріне орналастыру;

мүгедектер мен егде жастағы адамдар үшін әлеуметтік және медициналық қызметтер ұсынатын оңалту мекемелері желісін дамыту;

өмірде қиын жағдайға душар болған адамдар үшін әлеуметтік-психологиялық және консультациялық көмек көрсетуге арналған дағдарыс орталықтарын құру және дамыту.



Мүгедектер үшін ұсынылатын өтемдік техникалық құралдар сапасын жақсартуға протездік-ортопедиялық бұйымдарды шығарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу, сатып алынатын сурдо-тифло құралдардың сапасын арттыру, аймақтарда мүгедектерге сервистік қызмет көрсетудің инфрақұрылымын одан әрі дамыту есебінен қол жеткізілетін болады.

Әлеуметтік қызметтер көрсетуге қол жетімділік:



  • әлеуметтік қызметтерді көрсетуге мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерін жетілдіру;

  • орта кәсіптік білімі бар мүгедектерге МӘС-тің қорытындысына сәйкес оқуға қарсылық балмайтын жоғары және орта оқу орындарына түсу үшін квоталар бөлу негізінде қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың желісін құру мен дамыту үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді қатысуымен жүзеге асырылатын болды.

Әлеуметтік көмекті ұйымдастыруды жетілдіру мынандай шараларды көздейді:



  1. Балалы отбасыларына бала туылғанда берілетін бір жолғы төлемге қосымша:

- бір жылға дейін баланы күту жөніндегі жәрдемақы енгізілетін болады. Жәрдемақы мөлшері 4 балаға дейін өсіп отыратын шкалада болады және отбасының кірісіне қарамастан төленеді;

- аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейін балалар жәрдемақысы енгізіледі.

2) Мүгедектерге

Мүгедектерге сурдо-тифлотехника және протездік-ортопедиялық бұйымдар сатып алу шығындарын өтеуге кезең-кезеңімен көшу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

3) Аз қамтылған отбасыларына:

- АӘК ұсынудың өлшемдері жетілдірілетін;

- әлеуметтік көмектің әр алуан түрін алуға үміткер адамдар үшін жиынтық табысты есептеудің бірыңғай әдістемесі әзірленетін (тұрғын үй көмегі, АӘК, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы);

- тұрғын үйге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіруді ескере отырып, тұрғын үй көмегін ұсынуды оңтайландыру жүргізілетін болады.

4) Халықтың өзге әлеуметтік осал топтарына:

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері арттырылатын болады.


-
Қорытынды
Еліміздегі әлеуметтік жұмыстың әрбір саласы халықты қолдау мен көмек көрсету барысындағы нақты мәселелер шешілуде, әлеуметтік жұмыстың нормативтік-құқықтық базасы құрылып, әлеуметтік жұмыстың кәсіби іс-әрекеті ретіндегі функциялық міндеттері орындалуда. Дегенмен, әлеуметтік қызметкерлер тек қана әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыру әрекетімен ғана айналысып қоймай, адамды кедейшіліктен, мұқтаждықтан, әділетсіздіктен, маргиналдықтан құтқаруғадағы мүмкіндіктерінің шектелгендігін игерудегі, өз бетімен шешім қабылдауға, қиыншылықтағы қысылған жағдайда жол таба білуге, оны жеңе білуге, қабілеттерін жақсартуға көмек көрсетудегі белсенділіктері ескеріліп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе деген ойдамыз. Сол қоғамдық өмірдегі саяси-идеологиялық саясатқа араласа отырып, халықтың мұң-мұқтажы шенеуніктердің құлағына жеткізеді деген үміттеміз. Ата дәстүрін жалғастырушы, әлеуметтік мұқтаждың жоқтаушысы бар маман - әлеуметтік қызметкерлерді жан-жақты біліммен қаруландырсақ, көп нәрсені ұтатынымызды уақыт көрсетер.

Жалпы әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірбиесін оқып-үйренуге бірқатар әдістерді пайдалану ұсынылады. Олардың арасынан жалпы (тарихи, жүйелік талдау, салыстыру және т.б.) сыртында әдістерді бөліп алуға болады.

Осындай тарихи әдіс қайырымдылықтың қалыптасу және даму үдерісі елдерде қалай жүргізілген, әлеуметтік жұмыс кәсібі қалай пайда болып, дамығанын салыстыра отырып оны өз елімізде дамытуға мүмкіндік береді. Ал салыстыру әдісі салыстыру объектілерін бөліп алуға, соның ішінде қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып, елдерді бөліп қарауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік жұмыстарды салыстыру шаруашылық жүргізудің нарықтық немесе жоспарлы нысандарын игеру есебінен іске асырылуы мүмкін. Осы жағдайда тегін білім беру, медициналық қызмет көрсету, демалыс және т.б. қамтамасыз ету үшін қолданылатын, халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуде қоғамдық тұтыну қорлары барынша маңызды орын алатын қазіргі қолданыстағы және бұрынғы тәжірбиелер ерекше маңызды. Жүйелі әдіс әлеуметтік жұмыстардың объект, субъект, мазмұн, құрал, басқару, әлеуметтік жұмыстардың қызметі мен мақсаты сияқты элементтерін өзіне қоса отырып, тұтас жүйе ретінде әлеуметтік жұмысты тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік береді. Осы жағдайда жалпы жекелеген елдердің әлеуметтік қорғалу жүйесі және олардың жекелеген маңызды компоненттері ретінде салыстырмалы талдау қажет.

Әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірибесін оқып-үйренудің жоғарыда аталған жалпы әдістерімен қатар міндетті түрде жиынтық және әр қайсысы бөлек түрінде жеке әдістері (байқау, құжаттарыды талдау және т.б.) пайдаланылады.

Сонымен қатар, елімізде балалары бар отбастарымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар соның ішінде: балаларға әлеуметтік көмек көрсететін арнайы мекемелер төмендегі қызметтерді (аз қамтылған отбастарына тегін) ұсыну жолдарын дамыту, ата-аналар үшін кәсіби оқудың әлеуметтік топтарын ұйымдастыру, еңбекке орналастыру жөнінде көмекпен қамтамасыз ету; күндіз және кешкі уақытта жұмыс істейтін ата-ана балаларының күтімін қамтамасызх ету; қалалық денсаулық сақтау орталықтары жанынан күйеуге шықпаған аналар үшін қызметтерін құру, ата-анасы тарапынан зорлыққа ұшыраған балаларды қорғау қызметін құру және қолдау, бала асырап алған отбастарымен жұмыс, баланың жаңа отбасына бейімделуін бақылау. Балалардың әлеуметтік қызметі міндетіне жетім балаларды асырап алу мәселесін қолға алу және т.б.

Қазақстанда табысы төмен отбасыларының саны ұдайы өсіп отыр, осылардың өзіне асыраушысы жұмысынан айрылған, ұзаққа созылған ақысыз демалыстағы, жұмыссыздығы жөнінде жәрдемақы алу құқын жоғалтқан отбастары қосылып отыр. Әлеуметтік қызметкердің пайда болған жағдайдағы міндеті – белгілі өмір сүру деңгейін сақтау және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына көмек көрсету. Бұл үшін кедей және өте кедей адамдардың қорғалмаған топтарын және «кім кедей» екенін анықтау қажет.

Республикада нарықтық өзгерістерге байланысты жұмыссыздар армиясы едәуір өсіп, ертеңгі күнге деген сенім төмендеуде және т.б. Бұл мемлекеттен мемлекет және жалпы қоғам деңгейінде белсенді әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Демек, әлеуметтік саясат арқылы әлеуметтік араласудың қандай да бір түрі «болуы тиіс» осының нәтижесінде әлеуметтік және қоғамдық жұмыстардың жаңа заңдары мен жаңа түрлері болуы тиіс.

Сонымен қоса, тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсету жөніндегі жалпы ұлттық қорлардың санын және сапасын жоғарылату. Еліміздің түпкіріндегі алыс ауылдарда, шалғайдағы шаруашылықтарда күнкөріс жайы төмендеген шарасыздықтан шаршаған жандар бар. Солардың бірқатарына қайырымдылық қолын созу. Осы мақсатта, қайырымдылық қорлар қызметін кеңейту.

Осы жоғарыда көрсетілген мәселелерді іске асыру үшін ерекше маман иелері әлеуметтік қызметкерлерді дайындау мақсатында, презентация, дөңгелек столдар, конференциялар өткізу және де жоғарғы оқу орындарында сәйкес кафедралар ашу және т.б.



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы: 2001 ж. 9 сәуірдегі №481 қаулысымен бекітілген.

2. Қазақстан Республикасының Заңы. «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы»: 2004ж. 4-шілдедегі №581-ІІ ҚРЗ.

3. Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы». //Егемен Қазақстан, 2001 жылғы 10 тамыз

4. Қазақстан Республикасының Заңы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы». //Егемен Қазақстан, 2002 жылғы 23 шілде

5. Қазақстан Республикасының Заңы «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» // Егемен Қазақстан, 2005 жылғы 26 сәуір

6. Кожамкулова Л.Т., Демеуова М.Е. Әлеуметтік жұмыстағы қайырымдылық рөлі. – Алматы: Қазақ университеті, 2003ж.

7. Сарсенова Ж.Н. Әлеуметтік жұмыс: Оқу құралы – Алматы, 2004ж.

8. Жаназарова З.Ж. Социальная работа с семьей: Учебное пособие для студентов гуманитарных факультетов высших учебных заведений. – Алматы: Қазақ университеті, 2003г.

9. Кожамкулова Л.Т. Социальная работа города: принципы и направления – Алматы: Қазақ университеті, 2003г.

10. Абдираимова Г.С. Социальная работа с молодежью: Учебное пособие – Алматы: Қазақ университеті: 2003ж.

11. Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: 2003ж. 15 қаңтардағы №20 қаулысымен бекітілген.

12. Жанұя бюджеттеріндегі әлеуметтіліктілікті қоғамдық тұрғыда қолдау – Қаржы-қаражат – 2004.-№2.

13. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жәрдемақылар – Заң газеті – 2005-14 қаңтар.

14. Жәрдемақылар мен жеңілдіктер - /Астана хабары – 2005- 4қыркүйек.

15. Қазақстандағы әлеуметтік жағдай туралы: Түркістан: 2003-24 сәуір.

16. Основы социальной работы: Москва-2003г. Учебное пособие: под редакций И.В. Мартынова.

17. Агафанов А.Н., Менлибаев К.Н. Социальная работа с молодежью: Учебное пособие – Караганда: Издательство КарГу, 2003г.

18. П.Ф. Павленок. Теория история и методика социальной работы. Москва; 2003г.

19. Тетерский С. В. Введение в социальную работу. Учебное издание – Москва 2003г.

20. Блинков Ю.А., Ткаченко В.С., Клушина Н.Г. Медико-социальная экспертиза лиц с ограниченными возможностями / Серия «Учебники, учебные пособие»- 2002г.

21. Мельников В.П., Холостова Е.И. История социальной работы. Учебное пособие. 2-е изд. – М.: Издательско – книготорговый центр «Маркетинг»; 2002г.

22. Холостова Е.И., Деменнтьева Н.Ф. Социальная ребилитация: Учебное пособие. – 3-е изд. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2004г.

23. Пантелеева Т.С., Червякова Г.А. Экономические основы социальной работы: учебное пособие для студентов высших учебных заведений. – М.: Гуманитарный издательский центр ВЛАДОС, 2004г.

24. Уровень жизни населения в Казахстане. Статистический сборник. Под редакций Ю. К. Шокаманова. – Алматы, 2004г.

25. Қарағусова Г. «Әлеуметтік көмектің әлуеиі әлсіремейді» // Егемен Қазақстан, 2002 жылғы 1 қантар

26. Атаулы көмек: оның бүгіні мен болашағы // Егемен Қазақстан. 2002 жылғы 10 қазан






Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет