Кіріспе Тақырыптың өзектілігі зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері, зерттеу материалдары І тарау. Молда Мұса шығармаларының тілі



бет3/3
Дата03.04.2016
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3

Зеңбіректей күрілдеп

Дәрілер тауды аударды

("Октябрьге 14 жыл").


Қирайды қылыш, найза болса майдан,

Әр жерде ерік шығар намыс жайдан.

("Большевик кең қылып тұр тар дүниені").
3. 3. 2. Киім-кешек, мата атаулары.

"Этностың шын мәнісіндегі болмысы мен дүниетанымы оның тек тілінде ғана сақталады" (Ә. Қайдар) деген қағидаға сәйкес этнографизмдер қатарынан орын алатын адамзат өркениетіндегі ұлттық мәдениеттің бір саласы киім-кешек атауларына танымдық, этнолингвистикалық тұрғыда талдау жасауда Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов т.б. еңбектерімен қатар Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, Т.Байжанов, А.Сейілхан, Қ.Қайрбаева т.б. еңбектерін назарға алдым.

Әр халықтың ұлттық киімі өзінің шаруашылығын, тұрмыстық өмірін, ұлттық дәстүрін, мәдени ерекшелігін, ұлттық мінезін т.б. танытады. Киім-кешек адамдарға әлеуметтік және этикалық қызмет атқарады.

Ата-бабаларымыздың өнегелі өсиетін, дархан мінезін, дарынды даналығын танытатын тілдік деректердің бір шоғыры адамзат тұрмысында материалдық қажеттілікті өтейтін киім атаулары Молда Мұса шығармалары лексикасында көрініс табады.

¥зын бір кір көйлекті киіп алып,

Басына бір жаулықты салды молда.

("Сұлу әйел мен молда").
Қызыл тон қыз құлпырар кигеннен соң,

Көңілің не демейді сүйгеннен соң?

("Мұсабек пен Манат").
Қолыңның үшын беріп көріспедің,

Қалады жеңім тозып, дегенің бе?

("Мұсабек пен Манат").

Мойныңа жан берсе де алмайсың ғой

Етегі шыт шапанның жырылмаса

Мұсабек пен Манат").


Ішуге жазды күні ақ таппайсың,

Кимесең қысты күні етік майлап.

("Мұсабек пен Манат").
Құлқын құрып үнем үшін мата сатып,

("Мұсабек пен Манат").


Бұрынғы сұрап тұрған Қоқан еді,

Бектері алтын жаға ақалы еді.

Мен енді барсам керек шапан киіп,

Бозбастық елімдегі бәрін жиып.

("Мұсабек пен Манат").
Қыз алар қымбат баға пұлың болса,

Түзетіп киер едің шапаныңды.

("Мұсабек пен Манат").
Көйлегін сен қатынның кидің қайдан,

Жыртығы етегінің көктелмеген?

("Сұлу әйел мен молда").
Жан терге диірмен тартып түсіп Молда

Шетімен жаулығының құрғатады.

("Сүлу әйел мен молда").
Кекілі бар қараса ашып бөркін

Ғашық болды көрді де қыздың көркін.

("Қайырымды қыз").
Тамағы тоқ, кигені асыл киім

Ата-анасы жүргенде мата ала алмай

("Болыпевиктің әділет бостандығы").
2. 3. 3. Молда Мұса шығармаларындағы төрт

түлік мал атаулары.
Халқымыздың негізгі күнкөріс кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, ақын шығармаларында төрт түлік малға байланысты ұғым-түсініктерді білдіретін сөздерді тура мағынасында да, ауыспалы мағынада да жиі қолданады. Мысалы, жеке сөз атау түрінде: құлын, тарпаң, дөнен, айғыр, байтал, теке, қой, інген, бура. Осылардың ішінде ең көп қолданатыны - жылқыға, атқа, түйеге байланысты атаулар. Олар ақын шығармаларында анықтауыштарымен тіркесе қолданылады. Мысалы: қазан ат, күрең ат, жалы кеткен жүйрік, жалы жоқ жабы-шобыр, бедеу ат, шабан жылқы, кер құнан, кер айғыр, арабы ат, боз, ат, арғымақ ат, жүйрік ат, жүйрік тұлпар, жақсы құлын, жақсы құнан, жүрісі сүлу озады ат, будан айғыр, нар аруана, шама нар.

Байдың қызы болсаң да жайыңа отыр,



Байталыңның майын бер дегенім жоқ.

("Мұсабек пен Манат").


Теке айтар қойдың бәрі менікі деп,

Бір қой да ол сорлыға тимейтұғын.

("Мұсабек пен Манат").
Арманың жақсы киім, атта болса,

Барайын өзі жүйрік атқа мініп.

("Мұсабек пен Манат").
Келейін атты сүйсең қазан атпен,

Жүрісі өзі сұлу азада атпен.

("Мұсабек пен Манат").
Молдеке, ашуланшақ ішің тар ма,

¥қсайсың кісі алатын шама нарға.

("Мұсабек пен Манат").
Күрең ат кетті мені тастады да

Басыма ер тоқымды жастады да

Әжі-еке берген тайың күрең ат, дөнен болды.

("Ақжан Әжіге").


3. 3. 4. Өсімдіктер дүниесі..
Бау-бақша, егін шаруашылығына қатысты терминдер мен атаулары: шөп, бидай, тары, терек, ағаш, ақ қауын, гүл, бәйшешек, қалың пәлек, пісіп тұрған анар, жиде, шынар, шыбық, жусан, дарақ, мәуе, қаңбақ.

¥стын болар үй-жайға түзу терек

Қисық ағаш туралар неше бөлек

("Түзу терек").


Көп адам саялаған сіздер шынар

("Қасымбек болысқа").


Болғанда бойың нәзік, белің шыбық

("Мұсабек пен Манат").


Көрінген қарағайдай қалың жусан

("Тышқан мен түйе").


Жас күніңде маужырап

Пісіп түрған анарсың

("Қамдалып қал шар тартпай").
Сынбас шыбық майысып топтап буған.

("Болыневиктің әділет бостандығы").


Сырттан байқап қарасам

Дарақтың ата-енесі

Тәрбиет қылып әуесі

Әр-түрлі пісер мәуесі

("Ақ бұлт пен көк бұлт").


Неше алуан түрімен

Түрлі-түрлі шөп өнер

("Ақ бұлт пен көк бұлт").
Күн көріп жүр көп кед ей

Тау сағызы және боп

("Ащысай").


Ішінде қалың пәлек жатса егер

Жас бала ақ қауын деп ұрлағандай

("Тұяқтарға").
Таудай түйе қаңбақтай болып ұшты.

("Тышқан мен түйе").


2. 3. 5. Құс атаулары: үйрек, сүңқар, бұлбұл, ұзақ, қаршыға, қырғауыл, бөктергі, тұрымтай, шүрегей үйрек, тұйғын, аш бүркіт, ақсары, қоңыр қаз, қыран бүркіт, ауалаған ақ сұңқар, ақиық торға түспес қыран, қу тілген қыран, бала қораз, қарға, қаз-тырна, сұқсыр құс.

Болғанда ұзақ шыңда, тұйғын төмен.

Бірдей ме мәртебесі оныменен?

("Аспанда ұзақ ұшар тобыменен").


Қу ілген қырандардың біреуіміз

Теңгеріп жүрме, құрбым, тұрымтайға.

("Мұсабек пен Манат").
Суырылып судан үшқан сұқсыр құстай

("Мұсабек пен Манат").


Пул - қаршыға қырымнан ілетүғын

("Қайраты бұл дүниенің шалменен пұл").


Біз бір бұлбұл сайраған

("Сүйгенімді сағындым").


Боп тұрсың сен бір үйрек көлден ұшқан.

("Сырым қызға").


Қырғауылдай қыз көрсем қылаңдаған

Бөктергідей бір қағып өте бердім

("Жігіттіктің жалына жетелендім").


Бұрынғылар мақал ғып айтқан екен

Топтанған қарға озар деп тозған қудан.

("Болыневиктің әділет бостандығы").
2. 3. 6. Жан - жануарларға қатысты атаулар: арыстан, жолбарыс, қасқыр, қарсақ, маймыл, ақбөкен, қүлан, есек, тышқан, қүндыз, жылан, айдаһар, жорғалаған жек, сұр жылан, киік, шыбын, бөгелек, тасбақа, кене, кіруіш, шегіртке, түлкі, піл, құмырсқа.

Бір арыстан келді деп,

Қырылар қалмақ енді деп.

("Ер Шора").


Тарбаңдап жүрер уақты қош

Тасбақалар, кенелер.

("Ақ бүлт пен көк бүлт").


Кіруішпенен баласын аппағым дер,

Кім жамандар өзінің айтқан сөзін

("Ақын деп сыртымыздан әркім қанық").
Келді маймыл жолбарыс жатқан жерге

("¥ры мен жолбарыс").


Есек пен құлан келіп араласты

("Семірген есек").


Бір шыбын кеп бетіне қонды адамның

Кетті жаман аюға батып енді.

("Адам мен аюдың достығы").
2. 3. 7. Тұрмыстық заттарға атаулар: сарай, кепе, қазан, ағаш үй, самауыр, саба, ыдыс аяқ, киіз, төсек, ошақ, керует, сандық, ауқат, ас, қатықсыз ас, ботқа, жұқпа нан, ыдыс, үй, үн, май, бидай, шам, есік, күлше, дастарқан, табақ, леген, айран, шай-нан.
Үйде от жанса сыртына шығар түтін.

("Молда Мұса мен Манат").


Кіргізді одан кейін қатын байын,

Төсегін салып қойған етіп дайын.

("Сұлу әйел мен молда").


Шам жағып сол уақытта қатын келіп,

Байының мүндай болған көрді түрін

("Сұлу әйел мен молда").
Қызы шығып бір күлше қайыр беріп,

Әкесіне білдірмей жасырады.

("Қайырымды қыз").
Дастарқанын алдына жайды дағы

Неше түрлі тартады тағамын кеп

("Қайырымды қыз").
Жеу қиын қартайған соң жүқпа нан да

("Қалмет ишанға").


Астыма киіз салмай тамақ беріп.

("Қалмет ишанға").


Келгелі біз тойыңа он күн болды,

Он табақ ботқа бопты есебіміз.



("Құс болсаң . . . ").
Түзетіп бай салады ақтан сарай,

Кепені кедей қылар басқа пана-ай.

("Қайраты бұл дүниенің мал менен пүл").



Қорытынды
Молда Мұса - реалистік әдебиет дәстүрін ұстанып, бұқарашыл бағытта жыр жырлаған ақын.

Әдебиетші ғалымдар Молда Мұса шығармаларын жанрлық ерекшеліктеріне қарай өлеңдер, мысалдар, айтыстар, дастандар деп төрт топқа бөліп қарастырады.

Молда Мұса шығармалары жұртқа, келешек ұрпаққа үгіт айтып, өсиет ететін жалаң дидактикалық мазмұнды ғана емес, қоғамның, өмірдің әр саласына жеке бастың жай жапсарына қатысты мәселелер арқылы әлеуметтік өмірдің қыры мен сырын нақтылай көрсету мақсатын көздейді. Сондықтан олардың тақырыптық ауқымы да кең.

Сол тақырыптың мазмұндық ерекшелігіне байланысты сөз кестесі, тіл өрнектерінен де жаңалық, қоғамдық өмірге жақындық соның тынысы байқалып отырады. Әдеттегі сөздер айналадағы белгілі қарым-қатынастарды білдіру үшін өрілген сөз орамдары образды ой білдірудің құралы болып жұмсалады.

Поэзиямызда сөздердің мағыналық аясын кеңейтіп, көркемдік мақсатта қызметке жегуде Молда Мұса өзіндік стильдік ерекшелікке ие.

Ақын сөздерді көркемдік мақсатта қолдану өрісін ашуда өзіне дейінгі поэзия дәстүрін мол пайдаланады.

Молда Мұса шығармаларындағы көркемдегіш құралдар: метафора, эпитет, теңеу, метонимиялар, ең алдымен, танымдық бейнелеуіштік қызметімен, қасиетімен айырықша танылады.

- Молда Мұса эмоционалдық - экспрессивтік сипаттарды күшейту үшін образды етістіктерді ұтымды қолдана білген;



- Ақын шығармаларындағы жалқы есімдер, кірме сөздер, материалдық мәдениетке қатысты этнографизмдер нақты тілдік деректер арқылы анықталады;

- Ақын шығармаларындағы көркемдегіш құралдардың қолданыс мақсаты ұлттық таным тұрғысынан айқындалады. Сонымен, Молда Мұса Байзақов осындай эпитет, метафора, метонимия, кейіптеу, теңеу т.б. көркемдегіш қүралдарды пайдалану арқылы қазақ әдеби тілін дамытуға өз үлесін қосты. Ақын тілі, сөз өрнегі бұрынғы дәстүрдің жалғасы болып табылады.

Молда Мұса шығармаларын лингвистикалық тұрғыдан зерттеу -болашақтың ісі. Келешекте Молда Мұса шығармалары бойынша бірнеше ғылыми зерттеу еңбектер жарияланады деп сенеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы: Жазушы, 1991. 463 б.

2. Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы. Алматы: Мектеп, 1966. 4 - 37 б.б.

3. Сүлейменова Э. Мадиева Г. т.б. Тіл білімі сөздігі. Алматы: Ғылым, 1988.544 6.

4. Әдебиеттану терминдер сөздігі. Алматы: Ана тілі, 1999. 277 б.

5. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы: Мектеп, 1995

6. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. Алматы: Мектеп, 1978

7. Байтұрсынов А. Тіл қүрал. Грамматика. 2-бөлім. Орынбор, 1923.

8. Мұқаметқалиева Г. Тұрақты эпитеттің тілдік табиғаты. Филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. Алматы, 1995.

9. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы: Мектеп, 1969

10. Ожегова С. И. Словарь русского языка. Москва, 1989.

11. Манкеева Ж. Қазақ тілінің заттық мәдени лексикасы. Филология ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін дайындалған дисеертациялық авторефераты. Алматы, 1997.

12. Жанпейісова Е. Этнокультурная лексика в казахском языке. Алматы: Наука, 1989.

13. Рұстемов Л. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. Алматы: Ғылым, 1982.

14. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы: Санат, 1994.

15. Шойбеков Р. Кейбір түр-түс атауларының мағыналары. Қазақ ССР ҒА хабарлары. Филология сериясы, 1990 №3, 17-6.

16. Жәнібеков Ө. Қазақ киімі. Алматы, 1996.

17. Панзарбекова Р. Қазақ тіліндегі жануарлар төлінің атауы. Филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. Алматы, 1998.

18. Есқараева А., 3. Шүкіровтың поэзиялық шығармашылығындағы метафоралық қолданыстар. Филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. Автореферат. Алматы, 2003.

19. Молда Мұса "Өткен күндер". Алматы, 1987.

20. Серғалиев М. Көркем эдебиет тілі. Алматы, 1995.



21. Оразбаева З «Мұсабек Байзақұлының ақындық мұрасы» А, 2002




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет