Кодексі Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы 2015. 03. 12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен


-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама



бет13/31
Дата25.04.2016
өлшемі7 Mb.
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31

159-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



1. Төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемесін орындау қажеттігі туралы кеден органы төлеушіге қағаз жеткізгіште жіберген хабарлама немесе оның жазбаша келісуі бойынша электрондық тәсілмен хабар кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама болып танылады. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда



2. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама:

1) тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалу мерзімі өткен;

2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалу мерзімі өткен;

3) кеден органы төлеушінің жеке шотында кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды анықтаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей төлеушіге жіберіледі.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



2-1. Декларанттың және кеден өкілінің осы Кодекстің 30-бабында көзделгендей кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндеті болған кезде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламалар декларантқа және кеден өкіліне бір мезгілде шығарылады, бұл жөнінде аталған хабарламаларда көрсетіледі.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



3. Төлеушіге кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама оның әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғанына қарамастан жіберіледі.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



4. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламада:

1) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

2) төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе толық атауы және заңды мекенжайы;

3) кеден органының атауы;

4) хабарламаның күні;

5) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасы;

6) хабарлама берілген күнгі өсімпұлдар сомасы;

7) кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлды төлеу бойынша міндеттемені орындау туралы талап;

8) хабарламаны жіберу үшін негіздеме;

9) кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша берешекті өтеу кезінде өсімпұлды есептеу тәртібі;

10) шағымдану тәртібі;

11) 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

5. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама тіркелген кезден бастап өтелген күнін қоса алғандағы кезеңде есепке жазуға жататын өсімпұлдар есепке алынбаған кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті өтеген кезінде кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы бұрын берген хабарламасына қосымша хабарлама береді.

6. Осы Кодекске сәйкес оларға қатысты кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама жіберілген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешек сомалардың өзгеруіне әкеп соққан негізделген фактілер анықталған жағдайда, кеден органы кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды өтеу туралы жіберілген бастапқы хабарламаны кері қайтарып алумен бір мезгілде кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы жаңа хабарлама жібереді.

7. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны кері қайтарып алу және жаңасын жіберу кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешек сомалардың өзгергенін куәландырылатын фактілер расталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

 

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 160-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



160-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



1. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама төлеушіге қолын қойғыза отырып, жеке өзіне немесе осы бапта өзгеше белгіленбесе, жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге тәсілмен берілуі тиіс.

Бұл ретте төменде келтірілген тәсілдердің бірімен жолданған хабарлама мынадай жағдайларда:

1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiберiлгенде - төлеушiнiң поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күнінен бастап;

2) электрондық тәсiлмен жiберiлгенде - веб-қосымшада хабарлама жеткізілген күннен бастап төлеушіге берілген болып саналады. Бұл тәсiл Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушi ретiнде тiркелген төлеушiге қолданылады.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)



1-1. Осы Кодекстің 159-бабының 1-тармағында көзделген кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымдары қайтарған жағдайда осы Кодекстің 157-бабы 3-2-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеп-қарау актісі жасалған күн мұндай хабарламаны берген күн болып табылады.

2. 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3. Осы Кодекстің 159-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жолданған кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда осы Кодекстің 157-бабы 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген әрекеттерді қолдану шағымды қараудың нәтижесі бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады. Бұл ретте шағым жасау өсімпұлдың есепке жазылуын тоқтатпайды.

 

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 161-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



161-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленуі есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу

1. Кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны төлеушіге табыс еткен күннен кейінгі бес жұмыс күні өткеннен кейін көрсетілген берешекті кедендік төлемдер немесе салықтар түрлері бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен не төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алады.



Бұл ретте кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер және (немесе) салықтың өзге түрі бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен кеден органы осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес есепке жатқызу жолымен өндіріп алады.

2. Осы бапқа сәйкес кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың өндіріп алынған сомасы туралы оларды өндіріп алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде төлеушіге жазбаша хабарлайды.

 

162-бап. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру



2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтемеген жағдайда кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткеннен кейін төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімін шығарады.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мыналардан:

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



1) төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды дербес өтеуі жөніндегі операциялардан;

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді



2) ақшаны:

адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, клиенттің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару жөніндегі міндеттемелері және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу бойынша есеп айырысулар үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қою жағдайларынан басқа, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасы шегінде төлеушінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.

Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы шешімдерінің негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



3. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілеген нысан бойынша шығарылады және оны банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алған күннен бастап күшіне енеді.

Кеден органы мұндай өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімі электрондық нысанда жіберілген кезде, мұндай өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген форматта қалыптастырылады.

4. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бұлжытпай орындауға тиіс.

5. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себебі жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өкімді шығарған кеден органы жояды.

 

163-бап. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру



2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтемеген жағдайда кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткеннен кейін төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.

Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кейіннен оларды кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу есебіне аудару үшін ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.

Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі дана етіп жасалады, оның бір данасы төлеушіге қол қойғызып немесе жіберу мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)



1-1. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда осы Кодекстің 157-бабы 3-2-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеп-қарау актісі жасалған күн осындай өкімді берген күн болып табылады.

2. Кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші бұлжытпай орындауға тиiс.

3. Төлеуші осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



4. Кеден органы төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.

 

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 164-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



164-бап. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде төлеушінің мүлкіне билік етуіне шектеу мынадай:

1) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны алған күннен кейінгі он бес жұмыс күнi өткен соң - кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектер, өсімпұлдар өтелмеген;

2) тексеру нәтижелері бойынша төлеушіге кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша сомалар есепке жазылған жағдайларда қойылады.

Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда кеден органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны төлеушіге табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кеш емес мерзімде шектеу қояды.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



2. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешімді кеден органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша, кедендік төлемдер мен салық бойынша берешек, өсімпұлдар сомасына шығарады.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



3. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы, сондай-ақ аталған төлеушінің теңгерімінде тұрған мүлікке қатысты шығарылады.

Қаржы лизингі мен кепілді қоса алғанда, төлеушінің жалға берілген мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығарылған кезде осы мүлікке қатысты кеден органы шешім шығарған кезден бастап және ол жойылғанға дейін жалға алушы мен кепілді ұстаушыға мұндай мүлікке меншік құқығын беруге тыйым салынады.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешім төлеушіге тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін кеден органы төлеушіге мүлікке иелік ету, пайдалану және билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескерте отырып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша мүлік тізімдемесінің актісін жасау арқылы төлеушінің қатысуымен, билік етуі шектелген мүлікке тізімдеме жүргізеді.

Билік етуі шектелген мүліктің тізімдемесі төлеушінің бухгалтерлік құжаттамасының деректері немесе Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін тәуелсіз бағалау негізінде айқындалатын оның бағасы көрсетіле отырып жүргізіледі және екі дана етіп жасалған актімен ресімделеді.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



5. Кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің бір данасын төлеушіге қол қойғызып немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жібереді.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



6. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) мүлік тізімдемесінің актісін пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда осы Кодекстің 157-бабы 3-2-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеу актісін жасаған күн осындай шешімді және (немесе) актіні тапсырған күн болып табылады.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)



7. Егер мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім оған құқықтар немесе ол бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркелуге тиісті мүлікке не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке қатысты қабылданса, кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді төлеушіге табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай шешімнің көшірмесін мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)



8. Кеден органы мынадай:

1) төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек, өсімпұлдар сомаларын өтеген жағдайда - осындай берешекті, өсімпұлды өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) төлеушінің шағымын қараған жоғары тұрған кеден органы шешім шығарған немесе шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда - осындай шешім шыққан немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.

 

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 165-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



165-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу

2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді



1. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектерді, өсімпұлдарды өтемеген жағдайда кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі жиырма жұмыс күні өткеннен кейін кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек, өсімпұлдар сомасын төлеушінің банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.

Осы тармақтың ережелері банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі ақша сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банк шоттарына қолданылмайды.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді



2. Даусыз өндіріп алу туралы шешім қажетті ақшаны төлеушінің шотынан есептен шығаруға және бюджетке аударуға кеден органының инкассолық өкімін төлеушінің шоты ашылған банкке жіберу нысанында қабылданады.

Кеден органы инкассолық өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Инкассолық өкім электрондық нысанда жіберілген кезде, мұндай инкассолық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген форматта қалыптастырылады.

3. Банк төлеушінің бір банк шотынан берешекті өндіріп алу туралы кеден органының инкассолық өкімін орындаған жағдайда, егер кеден органы төлеушінің көрсетілген банкте ашқан басқа банк шоттарына дәл осы сомаға және берешек түріне инкассолық өкім шығарған болса, банк кеден органының инкассолық шешімін орындау фактісін растайтын төлем құжатын қоса тіркей отырып, мұндай инкассолық шешімді орындамай, кеден органына қайтарады.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4. Шоттардан даусыз тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен және шетел валютасымен жүргізіледі. Шоттардан кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды шетел валютасымен өндіріп алу төлеушінің шотынан берешек пен өсімпұлды өндіріп алған күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленуге тиісті кедендік төлемдер, салықтар және олар бойынша өсімпұл сомасына барабар сомада жүргізіледі.

5. Кеден органының инкассолық өкімін орындауды банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырады.

 

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 166-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Келісілді бекітемін
2016 -> «Үштілде білім беру – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі»
2016 -> «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы еншілес ұйымдарының тізімі
2016 -> Ислам тарихи вә он дөрд мәсумларын (Ә) ҺӘЈаты тәҺгигат групу бисмиллаһир-рәһманир-рәһим
2016 -> «точка опоры»
2016 -> Қожа Ахмет Ясауидің ата-бабасы, анасы және ұрпақтары туралы
2016 -> Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың нысаналы индикаторлары
2016 -> Перспективный план работы Общественной палаты Ногинского муниципального района Московской области на 2016 год


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет