Кодексі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2016. 26. 07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен


-бап. Ішкі нарықты қорғау шараларын енгізу туралы жалпы ережелер



бет18/19
Дата17.05.2020
өлшемі1.49 Mb.
түріКодекс
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

297-бап. Ішкі нарықты қорғау шараларын енгізу туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерден шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты ішкі нарықты қорғау шаралары арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары түрінде енгізілуі мүмкін.



Үшінші елдер деп Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың қатысушылары болып табылмайтын елдер және (немесе) елдер бірлестіктері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін әлем елдерінің сыныптауышына енгізілген аумақтар түсініледі.

2. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізу және қолдану, қайта қарау немесе олардың күшін жою не тиісті шараны қолданбау туралы шешімдерді Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдайды.

Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексеруді жүргізу «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

 

298-бап. Шаралардың түрлері



1. Импорттық квотаны, арнайы квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауардың өскен импортын шектеу жөніндегі шара арнайы қорғау шарасы болып табылады.

2. Демпингке қарсы бажды, оның ішінде алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу немесе экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша қолданылатын демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл шарасы демпингке қарсы шара болып табылады.

3. Өтемақы бажын (оның iшiнде алдын ала өтемақы бажын) енгізу не субсидиялаушы үшінші елдің уәкiлеттi органы немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті мiндеттемелерді мақұлдау арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешiмi бойынша қолданылатын, мүше мемлекеттердің экономика саласына экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының әсер етуін бейтараптандыру жөніндегі шара өтемақы шарасы болып табылады.

 

299-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану қағидаттары



Арнайы қорғау шарасы, егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осы тауардың импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі нұқсан келтіретіндей немесе осындай нұқсан келтіру қатерін төндіретіндей өскен мөлшерлерде (мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің жалпы көлеміне абсолютті немесе салыстырмалы көрсеткіштерде) және жағдайларда жүзеге асырылып жатқаны анықталған болса, тауарға қолданылуы мүмкін.

Демпингке қарсы шара, егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган жүргізген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осындай тауардың импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық нұқсан келтіретіндігі, осындай нұқсанды келтіру қатерін төндіретіні немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды едәуір баяулататыны анықталған болса, демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарға қолданылады.

Өтемақы шарасы өндіру, егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган жүргізген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осындай тауардың импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық нұқсан келтіретіні, осындай нұқсанды келтіру қатерін төндіретіні немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды едәуір баяулататыны анықталған болса, экспорттау немесе тасымалдау кезінде экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясы пайдаланылған импортталатын тауарға қолданылуы мүмкін.

Мүше мемлекеттер деп Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың Тараптары болып табылатын мемлекеттер түсініледі.

 

 



6-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ҚОРҒАУ НЫСАНДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

27-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

 

300-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау нысандары

1. Әрбір кәсіпкерлік субъектісінің өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғауға құқығы бар.



Кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған немесе даулы құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де тәртіппен (төрелік, медиация, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, омбудсмен, келіссөздер, наразылық тәртіп және өзгелер) жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

3. Заңдарда арнайы көзделген жағдайларда, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау құқығы бұзылған кәсіпкерлік субъектісінің тiкелей iс жүзiндегi немесе заңдық әрекеттерiмен (өзiн-өзi қорғау) жүзеге асырылуы мүмкiн.

 

301-бап. Қорғаудың соттағы нысаны



Кәсіпкерлік субъектілері бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

 

302-бап. Тараптары кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дауларды сотқа дейін реттеу



1. Құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кәсіпкерлік субъектілері осы құқықтарды бұзушымен дауды тікелей реттеу мақсатында оған Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жазбаша кінәрат қоюын білдіреді.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау міндетті емес болғанда, кәсіпкерлік субъектісі өзінің бұзылған құқығын қорғау үшін тікелей сотқа жүгінуге құқылы.

3. Даулар сотқа дейінгі тәртіппен реттелмеген жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

 

303-бап. Қорғаудың соттан тыс нысандары



1. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) шартта көзделген мынадай нысандарда:

1) төрелікте;

2) медиация қолдану арқылы;

3) партисипативтік рәсім тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғаудың басқа да соттан тыс нысандары белгіленуі мүмкін.

3. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде туындайтын келіспеушіліктерді реттеу мақсатында кәсіпкерлік субъектілері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге, омбудсменге жүгінуге құқылы.

 

304-бап. Төрелікте құқықтарды қорғау



1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау төрелік келісім болған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен төрелікте қаралуы мүмкін.

2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Дауды шешу үшін төреліктер тұрақты жұмыс істейтін төрелік немесе нақты дауды шешуге арналған төрелік түрінде құрылуы мүмкін.

2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Тұрақты жұмыс істейтін төреліктерді ұйымдастыру және олардың қызметінің тәртібі олардың регламенттерінде және Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленеді.

2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Егер нақты дауды шешу үшін құрылатын төрелікті ұйымдастыруға және оның қызметінің тәртібіне қойылатын өзге де талаптар Қазақстан Республикасының заңында және халықаралық шарттарында белгіленбесе, онда олар тараптардың келісімімен айқындалады.

5. Егер төрелік шешім онда белгіленген мерзімде ерікті түрде орындалмаса, онда ол Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындалуға жатады.

 

305-бап. Құқықтарды медиация рәсімін қолдану арқылы қорғау



1. Кәсіпкерлік субъектілері арасында медиация жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады.

2. Кәсіпкерлік субъектілері қатысатын азаматтық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды реттеу кезінде медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талап-арызды қабылдағаннан кейін де қолданылуы мүмкін.

3. Медиация жүргізудің тәртібі мен шарттары «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделеді.

 

306-бап. Құқықтарды партисипативтік рәсім тәртібімен қорғау



1. Кәсіпкерлік субъектілері партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасуға құқылы.

2. Партисипативтік рәсім екі тарап адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесумен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.

3. Партисипативтік рәсімді өткізудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексімен реттеледі.

 

 



28-тарау. ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ.ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОМБУДСМЕН


1-параграф. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі

 

307-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл ұғымы

1. Мемлекеттік органдарда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне өкілдік ету, оларды қамтамасыз ету және қорғау мақсатында, сол сияқты кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен лауазымға тағайындалатын адам Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып табылады.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.

2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге осы Кодексте көзделмеген функцияларды жүктеуге ешкімнің құқығы жоқ. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметіне қандай да бір заңсыз араласуға жол берілмейді.

3. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиялардағы және өзге де қоғамдық бірлестіктердегі өзінің мүшелігін тоқтата тұрады.

4. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл саяси қызметпен айналысуға құқылы емес.

5. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметке кіріскеннен кейін белгіленген тәртіппен бір ай ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың үлестерін, акцияларын (акциясын), жарғылық капиталға қатысу үлестерін және пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін өзге де мүлікті өз лауазымын атқару уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өзіне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуіне болады, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар және тұрғын үйді мүліктік жалға беруге құқылы.

6. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, басқа ұйымдарда ақы төленетін лауазымдарды атқара алмайды.

 

308-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметінің негіздері



Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметі:

1) заңдылыққа;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығына;

3) объективтілікке;

4) жариялылыққа негізделеді.

 

309-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің функциялары



Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне өкілдік ету, оларды қамтамасыз ету және қорғау, сол сияқты кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүдделерін қорғау мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді, қамтамасыз етеді, қорғайды;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарайды;

3) мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді тоқтата тұру жөніндегі ұсынымдар енгізеді;

4) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) бұзған мемлекеттік органдарға (лауазымды адамдарға) бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін шараларға, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тартуға қатысты ұсынымдар жібереді;

5) мемлекеттік органдардың пікірімен келіспеген жағдайда кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын одан әрі қалпына келтіру мақсатында прокуратура органдарына өтінішхат жібереді;

6) кәсіпкерлер құқықтарының жүйелі түрде бұзылу фактілері туындаған және оларды мемлекеттік органдар деңгейінде шешу мүмкін болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына өтініш енгізеді;

7) мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдардан (лауазымды адамдардан) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратады;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап қоюмен (арызбен) жүгінеді;

9) кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған өзге де заңды шараларды қолданады.

 

310-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің міндеттері



1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметті жүзеге асыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегі шаралар қолдануға;

3) өтiнiштердi қарау кезінде объективтілік және бейтараптық танытуға;

4) өзiн қорғау үшін жүгінген адамның құқықтарын жүзеге асыруға кедергi келтiретiн қандай да бiр әрекеттерді жасамауға мiндеттi.

2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Президентіне бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы баяндаманы ұсынады.

 

311-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өтініштерді қарау тәртібі



1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде:

1) кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - өтініш беруші) өтініштерін қарайды, оған мыналар:



өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар алдын ала қарамаған;

құқықтарын басқа жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бұзу фактілері жөніндегі өтініштер қосылмайды;

2) өтініш берушілерге олардың өтініштерінің уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберілгені туралы ақпарат береді;

3) өтініш берушілерді олардың өтініштерін қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы ақпарат береді.

2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл күнтізбелік он күн ішінде өтініш берушілердің өтініштерін осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды, оларға сәйкес келмеген жағдайда өтінішті қарамайды, бұл туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

3. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен өтініш берушілердің өтініштері күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады.

4. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен өтініштерді қарау мерзімі қажет болған кезде өтініш берушіге атқарылатын жұмыс туралы міндетті түрде ақпарат беріле отырып ұзартылады.

5. Қарау қорытындылары бойынша өтініш берушіге Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің құзыреті шеңберінде өтініштің мәні бойынша жауап беріледі.

6. Өтініштерді қарау мерзімдерін ұзарту, уәкілетті мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жіберу, өтініш берушілерге өтініштердің қаралу барысы туралы ақпарат беру тәртібін Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл белгілейді.

 

312-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді лауазымға тағайындау және лауазымынан босату



1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалатын адам мынадай талаптарға сай келуге тиіс:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығын иеленуге;

2) жоғары білімі болуға;

3) кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.

2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен төрт жыл мерзімге лауазымға тағайындалады.

3. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша атқаратын лауазымынан мерзімінен бұрын мынадай негіздер бойынша босатылуы мүмкін:

1) өз қалауы;

2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы;

3) осы Кодексте белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамауы;

4) лауазымдық өкілеттіктерін бұзуы, атқаратын лауазымда болуымен сыйыспайтын теріс қылықтар жасауы;

5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі.

4. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өкілеттіктері мынадай:

1) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

2) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

3) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;

4) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда тоқтатылады.

5. Сол бір адам қатарынан екі реттен артық Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындала алмайды.

 

313-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру



Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметін Ұлттық палата қамтамасыз етеді.

 

 



2-параграф. Инвестициялық омбудсменнің құқықтық мәртебесі

 

314-бап. Инвестициялық омбудсмен

1. Инвестициялық омбудсмен Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын (айқындайтын), инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам болып табылады.

2. Инвестициялық омбудсмен өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.

 

315-бап. Инвестициялық омбудсменнің функциялары



1. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мақсатында инвестициялық омбудсмен:

1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұсынымдар шығарады;

2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді;

3) инвестициялық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

2. Инвестициялық омбудсменнің ұсынымдары хаттар және инвестициялық омбудсмен өткізген кеңестердің хаттамалары түрінде ресімделеді.

3. Инвестициялық омбудсмен инвесторлардың соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен туындайтын мәселелерін реттеу үшін мемлекеттік органдармен және ұйымдармен консультациялар және хаттамалық кездесулер өткізеді.

4. Егер инвесторлардың мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілмейтін жағдайда, инвестициялық омбудсмен Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

 

316-бап. Инвестициялық омбудсменнің құқықтары мен міндеттері



1. Инвестициялық омбудсменнің:

коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органдардан және меншік нысанына қарамастан, ұйымдардан өтініштерді қарау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарының кідіріссіз қабылдауына;

инвесторлардың өтініштері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшыларын немесе олардың орынбасарларын тыңдауға;

инвестициялық омбудсменге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтары бар.

2. Инвестициялық омбудсмен өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне қатысты инвесторлардың өтініштерін қарауға, сондай-ақ олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

3) өтініштерді қарау кезінде объективті және бейтарап болуға;

4) өзін қорғау үшін жүгінген инвестордың құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіретін қандай да бір әрекеттерді жасамауға міндетті.

 

317-бап. Инвестициялық омбудсменнің қызметін ұйымдастыру



Инвестициялық омбудсменнің қызметін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз етеді.

Инвестициялық омбудсменнің қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

 

 



29-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ШЕШІМДЕРІНЕ, ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ

 


Каталог: sites -> gosexpertiza -> files
files -> Кейбір шет елдердегі құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік сарапатама жүргізу тәжірибесі туралы
files -> Мемлекеттік сараптама жүргізуге арналған үлгі шарты қ. 20 жыл Бұдан әрі «Тапсырысшы»
files -> Жобаларды мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін ұсынылатын құжаттардың тізімі
files -> Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 Қаулысы
files -> Қазақстан Республикасының Заңы Мемлекеттік мүлік туралы
files -> Бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет