Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред



бет58/126
Дата25.04.2016
өлшемі24.62 Mb.
түріКодекс
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   126
Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

20) мыналар:

ұлттық басқарушы холдинг;

дауыс беретін акцияларының 100 пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар төлемдік, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операциялары;

Аталған заңды тұлғалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21) тармақша өзгертілді

21) бажсыз сауда кедендік рәсімiне орналастырылған тауарларды өткізу бойынша айналымдар;

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен бап 22) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



22) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (оларға көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен көрсетілетін бейрезиденттің қызметтер көрсетуі;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



23) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын;

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен  24) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



24) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктердің діни мақсаттағы заттарды өткізуі;

Осы тармақшада көрсетілген заттардың тізбесі мен оларды іріктеу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

25) келу туризмі бойынша туроператордың көрсетілетін қызметтерін өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

 

249-бап. Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты айналымдар



1. Тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) осындай ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру, мыналарды:

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышында (бұдан әрі - Сыныптауыш) көзделген, тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізуді немесе жалға беруді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшаның ережелері студенттердің және мектеп оқушыларының жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) жалға беру кезінде қолданылмайды;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) Сыныптауышта көзделген тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшаның ережелері студенттердің және мектеп оқушыларының жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) жалға беру кезінде қолданылмайды.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



3) тек тұрғын емес үй-жайдан тұратын тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін өткізуді немесе жалға беруді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесін жалға, оның ішінде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.

Мыналар:

1) автомобильдерді, сондай-ақ өзге де көлік құралдарын қоюға немесе сақтауға жер учаскесін беру үшін төлем;

2) қонақ үй қызметін көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимараты (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі), тұрғын үй ғимаратына жатпайтын (жатқызылмайтын) ғимараты (ғимараттың бір бөлігі) орналасқан жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру, сондай-ақ осындай жер учаскесін жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру қосылған құн салығанан босатылмайды.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 250-бап өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



250-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар

1. Осы баптың 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операцияларға:

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



1) лицензия негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде өзге де заңды тұлғалар лицензиясыз жүргізетін операциялар:

депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу

жеке және заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетілген металл шоттарын ашу және жүргізу;

аударым операциялары;

банктік қарыз операциялары;

кассалық операциялар;

шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;

аккредитив ашу (ұсыну) және оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;

банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілгерлігін және өзге де міндеттемелерді беруі;

банктер жүзеге асыратын факторингтік және форфейтингтік операциялар;

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен бап 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



1-1) ислам банкінің лицензия негізінде жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары:

жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін пайызсыз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;

банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;

2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалардың қызмет көрсетулері;

4) туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) қызмет көрсетулері;

6) банкаралық клиринг бойынша қызмет көрсетулер;

2011.21.07. № 466-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) төлем карточкаларымен, электрондық ақшамен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын операциялар;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



8) ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін басқару жөніндегі қызмет;

9) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын басқару бойынша қызмет көрсетулер;

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын тарту, зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есепке жатқызу бойынша қызмет көрсетулері;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



11) қатысу үлесін сату;

12) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар;

13) ломбардтардың жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беруі бойынша қызмет көрсетулер;

14) кредиттік серіктестіктер өз қатысушылары үшін жүзеге асыратын мынадай операциялар:



аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау;

қарыз операциялары: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;

кассалық операциялар;

кредиттік серіктестікке қатысушылардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін кепілдіктер, кепілгерліктер және өзге де міндеттемелер беру;

2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



15) инвестициялық алтынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында және (немесе) екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған металл шоттары арқылы өткізу;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



16) қарыз бойынша талап ету құқықтарын беру;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

17) осы баптың 4-тармағында көрсетілген операциялар жатады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Бағалы қағаздармен, операцияларды жүзеге асырған, қатысу үлесін өткізген кезде өткізу бойынша айналым бағалы қағаздарды, қатысу үлесін өткізу кезіндегі құнның өсімі ретінде айқындалады. Құнның өсімі осы Кодекстің 87-бабында көзделеген тәртіппен айқындалады.

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен бап 4-тармақпен толықтырылды; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



4. Ислам банктерінің мүлікті беруі:

1) тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз;

2) тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес ислам банкі алуға жататын кіріс бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақтың мақсатында ислам банкі алуға тиіс табысқа сатып алушыға өткізілетін тауарға үстеме баға сомасы жатады, ол ислам банкінің Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жасалған коммерциялық кредит туралы шартының талаптарымен айқындалады.

Осы тармақтың ережелері сатып алушы коммерциялық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде ислам банкінің тауарды үшінші тұлғаға өткізуі жағдайларына қолданылмайды.

 

251-бап. Мүлікті қаржы лизингіне беру



Мүлікті қаржы лизингіне беру лизинг беруші алуға тиісті сыйақы сомасы бөлігінде мынадай талаптар сақталған жағдайда:

1) мұндай беру осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптарға сай келсе;

2) лизинг алушы мүлікті негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алса, қосылған құн салығынан босатылады.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 252-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



252-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер

Қосылған құн салығынан:

1) осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни бірлестіктердің діни жоралар мен рәсімдер өткізуі бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар босатылады.

 

253-бап. Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар



Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:

1) мәдениет саласындағы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу жөніндегі;

2) мәдени ұйымдар - театрлар, филармониялар, мұражайлар, кітапханалар, мәдени-демалыс ұйымдары жүзеге асыратын (кәсіпкерлік қызметтен басқа);

3) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім беру, қызметтің осы түрлерін жүргізуге құқық беретін тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын білім беру;

4) мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарттар негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5) білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиясы бар білім беру ұйымдарының, сондай-ақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарының кітапхана қорын уақытша пайдалануға беруі, оның ішінде электронлық түрде беруі жөніндегі;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген дербес білім беру ұйымының осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына кітапхана қорын, оның ішінде электрондық түрде уақытша пайдалануға беруі жөніндегі;

6) ақпарат тарату мен насихаттауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе Тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілерін және мәдени құндылықтарды сақтау жөнінде қызмет көрсетулерге, жұмыстарға қатысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.



 

2012.26.12. № 61-V ҚР


Каталог: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   126


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет