Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет75/126
Дата25.04.2016
өлшемі24.62 Mb.
түріКодекс
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126
276-20-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда салық органына ұсынылмаған болып саналады.

 

 

40-тарау. АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА САЛЫҚ САЛУ



 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 297-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



297-бап. Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық базасы

Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі, саны ретінде айқындалады.

 

298-бап. Импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төлеу мерзімдері

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерін төлеу үшін айқындалған күні кеден iсi мәселелері жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен төленеді.

2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2. Акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін осы Кодекстің 653-бабына сәйкес таңбалануға жататын импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төленеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген акцизделетін тауарлар импортын жүзеге асыру кезінде акциз сомасы нақтылануға жатады және акцизделетін тауарларды импорттау күніне қолданыста болатын акциз мөлшерлемесі қолданылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)



3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша (таңбаланатын акцизделетін тауарларды қоспағанда) акциздер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.

Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді төлеу осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде жүргізіледі.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталуы акциздерді төлемей жүзеге асырылған акцизделетін тауарлар, оларға байланысты төлеуден босату немесе төлеудің өзге де тәртібі ұсынылғандардан өзге мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, осы акцизделетін тауарларға осы Кодекстің 280, 297-баптарында және Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен белгіленген тәртіппен және акциздердің мөлшерлемелері бойынша акциздер салуға жатады.

 

299-бап. Акцизден босатылған акцизделетін тауарлардың импорты



2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жеке тұлғалар Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларға акциз салынбайды.

2. Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар:

1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерінде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшін қажетті акцизделетін тауарлар;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейін бүлінуі салдарынан бұйымдар және материалдар ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарлар;

3) шет елдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінген акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік рәсімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында босатылатын акцизделетін тауарлар;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.

 

 

10-БӨЛІМ. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ



 

41-тарау. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ

 

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 300-бап жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 300-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 300-бап жаңа редакцияда (2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)



300-бап. Төлеушілер

Мыналар:

1) осы Кодекстiң 308-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген келісімшарттар шеңберiнде өндiрiлген шикi мұнай, газ конденсаты көлемiн экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды;

мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган айқындаған көлемде және кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімімен бұрын орналастырылған шикі мұнайға экспорттың кедендік рәсімін қолданған, тізбесін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган белгілейтін заңды тұлғаларды қоспағанда:



шикi мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін заңды тұлға тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде оның өндеу өнімдерін Қазақстан Республикасына іс жүзінде әкелуді жүзеге асырмаған жағдайда, мұндай заңды тұлға осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген шикі мұнайдың барлық көлемі бойынша экспортқа рента салығын төлеуші болып табылады;



2) көмiрдi экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.

 

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 301-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



301-бап. Салық салу объектiсi

Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының, көмірдің көлемi экспортқа рента салығын салу объектiсi болып табылады.

Осы бөлімнің мақсаттары үшін экспорт деп:

1) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімінде жүзеге асырылатын тауарларды әкету;

2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;

3) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатын қайта өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекет аумағында өткізу түсініледі.

Экспортқа рента салығын есептеу үшін шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi мынадай тәртіппен:

шикі мұнайды, газ конденсатын Кеден одағынан тысқары жерлерге экспортқа өткізу кезінде - кеден баждарының, алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомаларын есептеу үшін не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік мақсаттарда пайдаланылатын тауарлардың толық декларациясының 35-бағанында көрсетілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі ретінде;

шикі мұнайды, газ конденсатын Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортқа өткізу кезінде - Қазақстан Республикасының аумағында осындай шикі мұнайды, газ конденсатын экспортқа беру маршрутының басында көлік ұйымының тауарларды қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі ретінде айқындалады.

 

302-бап. Есептеу тәртібі

1. Экспортқа нақты өткізілетін шикі мұнай, газ конденсаты бойынша шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі және осы Кодекстің 334-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген экспортталатын шикі мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

2. Экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеушінің арасында жасалатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.



Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 346-бабында белгіленген.

 

303-бап. Экспортқа рента салығының мөлшерлемелері



Шикі мұнайдың, газ конденсатының экспорты кезінде экспортқа рента салығы мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:

 

Рет №

Әлемдік баға

Мөлшерлеме,

%-пен


1

2

3

1

бір баррель үшiн 20 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

0

2

бір баррель үшiн 30 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

0

3

бір баррель үшiн 40 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

0

4

бір баррель үшiн 50 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

7

5

бір баррель үшiн 60 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

11

6

бір баррель үшiн 70 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

14

7

бір баррель үшiн 80 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

16

8

бір баррель үшiн 90 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

17

9

бір баррель үшiн 100 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

19

10

бір баррель үшiн 110 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

21

11

бір баррель үшiн 120 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

22

12

бір баррель үшiн 130 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

23

13

бір баррель үшiн 140 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

25

14

бір баррель үшiн 150 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

26

15

бір баррель үшiн 160 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

27

16

бір баррель үшiн 170 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

29

17

бір баррель үшiн 180 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

30

18

бір баррель үшiн 190 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

32

19

бір баррель үшiн 200 АҚШ долларына дейiн және одан жоғары

32

 

Көмірді экспорттау кезінде экспортқа рента салығы 2,1 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі.

 

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 304-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



304-бап. Салық кезеңi

Күнтiзбелiк тоқсан экспортқа рента салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.

Егер тауарларға арналған уақытша және толық декларацияларды ресімдеу күндері әртүрлі салық кезеңдеріне тура келсе, онда экспортқа рента салығын төлеу жөніндегі міндеттемелер тауарларға арналған уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, өзінде Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде шикі мұнайды, газ конденсатын беру жүзеге асырылған уақыт кезеңі тура келетін салық кезеңінде туындайды.

 

305-бап. Төлеу мерзімдері



Салық төлеуші бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей төлеуге міндетті.

 

306-бап. Салық декларациясы

Экспортқа рента салығы жөніндегі декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірілмей табыс етіледі.

 

 



11-БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ

 

42-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

307-бап. Осы бөлімде реттелетін қатынастар

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Осы бөлім жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын есептеу және төлеу тәртібін, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау ерекшеліктерін белгiлейдi.

3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:



1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін;

а) қол қойылатын бонусты;

б) коммерциялық табу бонусын;

в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;

2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын;

3) үстеме пайда салығын қамтиды.

Осы бөлімдегі арнайы ұғымдар мен терминдердің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында айқындалған маңызы бар.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4. Кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін) рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген санатқа жатқызу тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу тәртібін пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 308-бап жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



308-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салу

1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу осы Кодекстің 308-1-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған кезде қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын бейрезидент жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 198 - 200-баптарына сәйкес қосымша салық салуға жатады.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді



3. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша, сондай-ақ рентабельдiгi төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебетi аз және қазылған кен орындарын (кен орындары тобын, осындай кен орындары тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлiгiн, бір келісімшарт шеңберіндегі кен орындарының бір бөлігін) әзірлеу кезінде, осындай кен орындары (кен орындарының тобы, бір келісімшарт шеңберіндегі осындай кен орындарының тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлiгi) бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдерді осы Кодексте белгіленгендерден ерекшеленетін тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша есептеген жағдайда, салық мiндеттемелерiн есептеу үшін осы Кодекстің 310-бабына сәйкес бөлек салық есебін жүргізуге мiндеттi.

Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдiк балшықты өндіру жөніндегі келісімшарттарға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қолданылмайды.

4. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) әрбір қатысушы салық төлеуші болады.

5. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, онда жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылар осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілін айқындауға міндетті.

Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі осы Кодекстің талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге міндетті.

Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүзеге асырылған жағдайда осындай уәкілетті өкіл ретінде оператор танылады.

Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілінің, оның ішінде оператордың өкілеттігі осы Кодекстің 17 немесе 17-1-баптарының талаптарына сәйкес расталуы тиіс.

6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша салық міндеттемелерін орындауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) және (немесе) осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жиынтық салық есебі деректерінің негізінде жүргізеді. Бұл ретте осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық есептілік нысандарын ұсыну бойынша салық міндеттемелерін орындауды жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) дербес жүзеге асырады.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 308-1-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



308-1-бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттемесін орындау тәртібі

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта айқындалған салық режимi мұндай келісімнiң (келісімшарттың) ережелеріне сәйкес оларға қатысты салық режимiнiң тұрақтылығы тiкелей көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер үшiн сақталады, мұндай келісімнiң (келісімшарттың) белгiленген бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде тек қана оның тараптарына қатысты, сондай-ақ операторларға қатысты қолданылады, мұндай келісімнiң (келісімшарттың) тараптары болып табылмайтын тұлғаларға немесе операторларға қолданылмайды және тараптардың өзара келісімi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.



Төлем көзiнен ұсталуға жататын, жер қойнауын пайдаланушы салық агентi ретiнде әрекет ететiн салыққа қатысты салық мiндеттемелерiн орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта төлем көзiнен ұсталатын салық салу тәртібін реттейтiн ережелердің болуына қарамастан, оларды төлеу жөніндегі мiндеттемелер туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келісімнiң (келісімшарттың) салық режимiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың салық режимiнде көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде, олардың қолданылу мерзiмi аяқталғанға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерістер мен толықтырулар енгiзілгенге дейiн оларды бюджетке төлеудi жалғастырады.

2. Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келісім (келісімшарт) ережелерінде операторды айқындау көзделсе және осы келісім (келісімшарт) бойынша салық мiндеттемесiн орындауды оператор жүзеге асырса, онда мұндай оператор осы баптың 1-тармағына сәйкес осы келісімнiң (келісімшарттың) тараптарына қатысты қолданылатын салық режимiне сәйкес аталған келісімнiң (келісімшарттың) салық мiндеттемесiн орындайды.

3. Өнiмдi бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың салық міндеттемелерін орындау төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жүзеге асырылуы мүмкін:

1) жай серіктестікке (консорциумға) қатысушының салық міндеттемесін орындауы дербес немесе аталған қатысушының үлесіне қатысты міндеттемелер бөлігінде ғана осындай қатысушының атынан және тапсырмасы бойынша оператор жүзеге асырады. Бұл ретте салықтық нысандарда салық төлеуші ретінде - жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушының деректемелері, уәкілетті өкіл ретінде оператордың деректемелері көрсетіледі;

2) жай серіктестікке (консорциумға) қатысушының салық міндеттемесін орындауды өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша оператор жиынтық түрде жүзеге асырады. Бұл ретте салықтық нысандарды жасау мен табыс етуді (кері қайтаруды) осы Кодекстің 8-тарауында көзделген тәртіппен салық төлеуші ретінде оператордың деректемелерін көрсетіп, оператор жүзеге асырады.

4. Егер жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды орындау барысында операторда салық заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушідегідей (салық агентіндегідей) салық міндеттемелері пайда болса, онда мұндай салық міндеттемелерін оператор дербес орындайды.

 

309-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жатпайтын қызметке салық салу



Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау жер қойнауын пайдаланушыны салық міндеттемелері туындаған күні Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салық міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

 

310-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің  негізгі принциптері

1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бөлігінде, сондай-ақ осы Кодекстің 307-бабының 4-тармағында айқындалған рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, сулы, шағын дебетті және игерілген кен орындарын (бір келісімшарт шеңберіндегі осындай кен орындарының тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының тобын) әзірлеген кезде келісімшарт қызметі бойынша салық міндеттемелерін есептеу үшін салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.

2. Осы баптың мақсаттары үшін мынадай терминдер:

1) тікелей табыстар мен шығыстар - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен немесе келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;

2) жанама табыстар мен шығыстар - жер қойнауын пайдаланушының есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстары, оның ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше келісімшарттармен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар және жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарттар арасында ғана бөлінуге жататын тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын;

3) жалпы табыстар мен шығыстар - жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметті жүзеге асыруымен байланысты және жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен және (немесе) келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес және олардың арасында бөлуді талап ететін жалпы тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;

4) жалпы тіркелген активтер - келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметті жүзеге асырумен байланысты және пайдалану ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен және (немесе) келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес тіркелген активтерді;

5) жанама тіркелген активтер - пайдаланылу ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен ғана тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтерді;

6) өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбаларды сақтау, тасымалдау, өткізу шығыстарын, жалпы әкімшілік пен пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты емес басқа да шығындарды қоспағанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысы бар өндіріс шығындарын білдіреді.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді  (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды бекітілген салықтық есепке алу саясатына сәйкес есепке алу құжаттамасы деректерінің негізінде және осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып жүргізеді.

Жер қойнауын пайдаланушы бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін дербес әзірлейді және ол салықтық есепке алу саясатында (есепке алу саясаты бөлігінде) бекітіледі.

Жер қойнауын пайдаланушы алғашқы бекітілген салықтық есепке алу саясатының (есепке алу саясаты бөлігінің) көшірмесін корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзімде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.

Жер қойнауын пайдаланушы салықтық есепке алу саясатына (есепке алу саясатының бөлігіне) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды немесе салықтық есепке алу саясатының (есепке алу саясаты бөлігінің) жаңа нұсқасы бекітілгеннен кейінгі он жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.

Осы тармақ ережелері сол сияқты осы Кодекстің 308-бабының 5-тармағына сәйкес жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкіліне қатысты да қолданылады.

4. Келісімшарт қызметі бойынша бөлек салықтық есепке алу мынадай салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:

1) корпорациялық табыс салығы;

2) қол қойылатын бонус;

3) коммерциялық табу бонусы;

4) пайдалы қазбаларды өндіру салығы;

5) үстеме пайда салығы;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6) осы Кодекстің 308-1-бабының 1-тармағында айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық режимдері негізінде осы Кодексте белгіленген тәртіптен өзгеше есептелетін өзге де салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жүргізіледі.

5. Салық міндеттемесін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:

1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін келісімшарттан тыс қызметтен бөлек жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық еспке алуда көрсетуді;

2) осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының тұтастай бүкіл қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеуді;

3) корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық есептілігін табыс етуді;

4) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша корпорациялық табыс салығы жөніндегі бірыңғай декларацияны және жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша оған тиісті қосымшаларды табыс етуді;

5) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай бүкіл қызметі бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша салық есептілігін табыс етуді қамтамасыз етуге міндетті.

6. Жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеген кезде жер қойнауын пайдалануға арналған қандай да бір нақты келісімшарт бойынша шеккен залалдары есептелмейді, жер қойнауын пайдаланушының оларды осы Кодекстің 137-бабының ережелерін ескере отырып, кейінгі салық кезеңдерінде жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша қызметтен алған табыстарының есебінен өтеуге құқығы бар.

7. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушының барлық табыстары мен шығыстары тікелей, жанама және жалпы болып бөлінеді.

Жер қойнауын пайдаланушы табыстар мен шығыстарды тікелей, жанама және жалпы деп сыныптауды қызмет ерекшелігінің негізінде дербес жүзеге асырады.

Тікелей табыстар мен шығыстар тікелей себеп-салдарлық байланысы бар келісімшарт қызметіне немесе келісімшарттан тыс қызметке ғана толық көлемде жатқызылуға тиіс.

Жалпы табыстар мен шығыстар келісімшарт қызметі мен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлінуге жатады және тікелей себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың және тиісті үлесімен келісімшарттан тыс қызметтің табыстары мен шығыстарына жатады.

Жанама табыстар мен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар арасында ғана бөлінуге жатады және тиісті үлесімен себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың табыстары мен шығыстарына жатады.

Жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлу осы баптың 9-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес және осы баптың 8-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) мен келісімшарттан тыс қызмет арасында жер қойнауын пайдаланушының осы тіркелген активтер бойынша шеккен шығыстары, оның ішінде амортизация, бойынша шығыстары және бұдан кейінгі шығыстары бөлінуге жатады.

Сыйақылар жөніндегі жалпы және жанама шығыстар бойынша осы кодекстің 103-бабына сәйкес айқындалған осындай сыйақылар жөніндегі шегерімнің жалпы сомасы бөлінуге жатады.

Егер бағамдық айырма тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және (немесе) келісімшарттан тыс қызметіне жатқызылмайтын болса, бағамдық айырма бойынша салықтық кезеңде алынған жиынтық (сальдоланған) нәтиже оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде бөлінуге жатады.

Жалпы және жанама салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша шегерімге жатқызылуға тиіс салықтар сол салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің өздері тиісінше бөлінбей, осы баптың 9-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес бөлінеді.

9. Жер қойнауын пайдаланушы әрбір келісімшарт қызметі үшін жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлуді қызмет ерекшелігін немесе жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу саясатында қабылдаған бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің бір немесе бірнеше әдістерінің негізінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуді; оның ішінде:

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңі үшін алған тікелей табыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей табыстардың үлес салмағы бойынша;

2) салық төлеушінің жер қойнауын пайдалануға арналған барлық келісімшарттары бойынша пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлеміндегі жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңі үшін шығарған тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;

4) мына баптардың бірі бойынша - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде осы бап бойынша шығарған шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей өндірістік шығыстар, еңбекақы төлеу қоры немесе тіркелген активтердің құны бойынша шеккен шығыстардың үлес салмағы бойынша;

5) жер қойнауын пайдаланушы қызметкерлердің жалпы орташа тізімдік санына келісімшарт қызметіне қатысатын қыметкерлердің орташа тізімдік санының үлес салмағы бойынша;

6) өзге де әдістерді ескере отырып, дербес жүргізеді.



Жалпы және жанама табыстар мен шығыстардың әр түріне қатысты оларды бөлудің осы тармақта белгіленген әртүрлі әдістері қолданылуы мүмкін.

Жалпы және (немесе) жанама табыстар мен шығыстарды неғұрлым дәл бөлу жоғарыда аталған әдістердің бірін қолдану нәтижесінде алынған үлес салмақтың маңызы үшін жер қойнауын пайдаланушы үлесінің жүзден бірге дейінгі пайызымен (0,01%) айқындайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



10. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеген кезде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында, өндірілген бастапқы өңдеуден (байытудан) ғана өткен мұнайды және (немесе) минералды шикізатты өткізуден түскен табыс Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын ескере отырып, оларды өткізу бағасының негізінде, бірақ өндірілген мұнайдың, минералды шикізаттың және (немесе) бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған тауар өнімінің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өзіндік құнынан төмен емес болып айқындалады.

Өндірілген бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен мұнайды және (немесе) минералды шикізатты кейіннен өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық немесе өзге технологиялық бөлімшеге берген немесе өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай операция бойынша табысты өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны бойынша айқындайды.

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттан тыс қызметі бойынша жиынтық жылдық табысына осындай кейіннен өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуден нақты алынған табыс пен жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша жылдық жиынтық табысына қосылатын, осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептелген табыс сомасы арасындағы оң айырмаға тең сома жатады.

Осы бөлімнің мақсаты үшін шахта, кеніш, карьер, ұсату зауыты (қондырғысы), байыту фабрикасы, қайта өңдеу, өндiрiс немесе металлургия цехы (зауыты) заңды тұлғаның өзге де технологиялық бөлімшесі деп танылады.

11. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелерін қоспағанда, салық міндеттемелерін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу туралы осы баптың ережелері жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың мынадай түрлері:

1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге;

2) жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге;

3) емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге;

4) барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша туындаған салық міндеттемелеріне қолданылмайды.

12. Мұнай немесе тау-кен операцияларын жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша қызметтің бір бөлігі болып табылатын осы баптың 11-тармағында аталған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша операциялар және (немесе) қызметтің нәтижелері жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есепке алуын жүргізу тәртібінің ерекшеліктері ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті мұнай немесе тау-кен келісімшарттары бойынша салықтық есепке алуда көрсетілуге тиіс.

 

43-тарау. БОНУСТАР



 

311-бап. Жалпы ережелер

1. Жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері бонустар болып табылады.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттың түріне және талаптарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін:

1) қол қойылатын бонус;

2) коммерциялық табу бонусы.

 


Каталог: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет