Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


§ 2. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы



бет25/53
Дата25.04.2016
өлшемі11.42 Mb.
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
§ 2. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы

337-бап. Салық салу объектісі

Минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалар қорларының нақты көлемі (айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады.

Осы бөлімнің мақсатына орай салық кезеңі ішінде нормаланған ысырапты шегере отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында табу, пайдалану (өткізу) көзделген минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының көлемі айналыстан шыққан қорлардың салық салу объектісі болып табылады.

Әрбір алу бірлігі бойынша нормаланған ысыраптың көлемі осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы бекіткен кен орындарын әзірлеудің техникалық жобасының негізінде белгіленеді.



338-бап. Салық базасы

1. Салық кезеңінде минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында минералды шикізат:

1) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар ғана бар минералды шикізат;

2) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалармен бір мезгілде алынуы, пайдаланылуы (өткізілуі) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында көзделген пайдалы қазбалардың басқа да түрлері бар минералды шикізат;

3) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбаларды қоспағанда, басқа да пайдалы қазбалар бар минералды шикізат;

4) кен орындарында есептен шығарылған қорлар (ысырапты қайтару) құрамынан өндірілген минералды шикізат;

5) кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілетін минералды шикізат болып бөлінеді.

3. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салық кезеңінде минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құны:

1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны салық кезеңінде осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негізінде айқындалады.

Орташа биржалық баға салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген және «Metal Bulletіn Journals Lіmіted» баспасының «Metal Bulletіn» журналында, «Metal-pages Lіmіted» баспасының «Metal-pages» журналында жарияланған пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдаудың орташа арифметикалық мәні ретінде мынадай формула бойынша айқындалады:

S = (P1+P2+.....+Рn)/n, мұнда:

S – салық кезеңіндегі орташа биржалық баға,

Р1, Р2, ...Рn – пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдау,

n – салық кезеңінде бағамдау жарияланған күндердің саны.

Пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдау мынадай формула бойынша айқындалады:

Р1, Р2, ...Рn = (С1+С2)/2, мұнда:

С1 – пайдалы қазбаға күн сайынғы Cash бағамдау,

С2 – пайдалы қазбаға күн сайынғы Cash Settlement бағамдау.

Алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдаудың орташа арифметикалық мәні ретінде мынадай формула бойынша айқындалады:

S = (P1+P2+.....+Рn)/n, мұнда:

S – салық кезеңіндегі орташа биржалық баға,

Р1, Р2, ...Рn – пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдау,

n – салық кезеңінде бағамдау жарияланған күндердің саны.

Пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдау мынадай формула бойынша айқындалады:

Р1, Р2, ...Рn = (С1+С2)/2, мұнда:

С1 – пайдалы қазбаға күн сайынғы mornіng (таңертеңгі фиксинг) бағамдау,

С2 – пайдалы қазбаға күн сайынғы afternoon (кешкі фиксинг) бағамдау.

Күміске орташа биржалық баға салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген күміске күн сайынғы бағамдаудың орташа арифметикалық мәні ретінде мынадай формула бойынша айқындалады:

S = (P1+P2+.....+Рn)/n, мұнда:

S – салық кезеңіндегі орташа биржалық баға,

Р1, Р2, ...Рn – пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдау,

n – салық кезеңінде бағамдау жарияланған күндердің саны.

Орташа биржалық баға осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы әрбір пайдалы қазба түрінің барлық көлеміне, оның ішінде, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берілген көлемге қолданылады.

Салық жылының ішінде пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы әрбір пайдалы қазба түрінің нақты көлемін осы мақсаттар үшін уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен бекітілген кен орындарын әзірлеудің техникалық жобасындағы өндірудің күнтізбелік кесте негізінде әзірленген жергілікті жобада аталған минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың құрамы бойынша айқындайды.

Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалар қорларының осы жылдық есептік балансы бойынша пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының нақты салық салынатын көлемдерін нақтылауды ескере отырып, пайдалы қазбалардың нақты көлемдерін түзетуге және пайдалы қазбаларды өндіру салығы жөніндегі қосымша декларацияны орналасқан жері бойынша салық ор¬га¬нына есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.

Жүргізілген түзетуді ескеретін пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы ағымдағы салық кезеңінің осы салығы бойынша салық міндеттемелері болып табылады.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша түпкілікті есеп-қисап есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейін жүргізілуге тиіс;

2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбалардың құны:

осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны – осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен;

минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлері – оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде, ал кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берген жағдайда – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түріне жатқызылатын 20 процентке ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде;

3) осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны – бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады;

4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелері есепті салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген бағалардың ресми белгісі бар пайдалы қазба түрлеріне қатысты қолданылады.

5. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбаларды қоспағанда, осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты өткізбеген жағдайда, олардың құны мұндай өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасының негізінде айқындалады.

6. Келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қазбаларды өткізу мүлдем болмаған жағдайда:

1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны – осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен;

2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құра¬мындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерінің құны – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қар¬жылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне жатқызылатын, 20 процентке ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде;

3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне жатқызылатын, 20 процентке ұлғайтылған, өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.

Осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты және осы баптың 2-тармағынның 2) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шықан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбаларды кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді нақты бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомаларына түзету енгізуге міндетті.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларын түзетуді жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу болған өткен салық кезеңінің он екі айлық кезеңінде жүргізеді. Бұл ретте, түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемесі болып табылады.

7. Осы баптың мақсатында салық кезеңі үшін өткізудің орташа өлшемді бағасы осы Кодекстің 341-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалады.

339-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары

Бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды және көмірді өндіру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді





Рет №

 

Пайдалы қазбалардың атауы

Ставкалар, %-пен

1

2

3

4

1.

 


 Қара, түсті және радиоактивті металдар кені

Хром кені (концентраты)

17,0

марганец, темір-марганец кені (концентраты)

3,0

темір кені (концентраты, окатыштар)

3,5

уран (өнімді ерітінді, шахталық әдіс)

24,0

2.

 Металдар

мыс

8,0

мырыш

9,0

қорғасын

8,50

алтын, күміс, платина, палладий

6,0

алюминий

0,3

қалайы, никель

6,0

 3.

Құрамында металдар бар минералды шикізат

Ванадий

4,0

Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар

6,0

 

 

4.

Құрамында сирек  кездесетін  металдар бар минералды шикізат

Ниобий, лантан, церий, цирконий,

 


7,7

Галлий

1,0

5.

Құрамында шашыраңқы металдар бар минералды шикізат

Селен, телур, молибден

7,0

Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, таллий, гафний, рений, осмий

6,0

6.

Құрамында радиоактивті металдар бар минералды шикізат

Радий, торий

5,0

7.

Құрамында металл еместер бар минералды шикізат

Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар

0

фосфориттер

4,0

бор ангидриті

3,5

барит

4,5

тальк

2,0

флюориттер

3,0

воластонит

3,5

шунгит

2,0

графит және басқалар

3,5

 

Жарқырауық тас шикізаты:

8.

 


Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералды шикізат

Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар

 

 

 



12,0

9.

Құрамында жасанды тастар бар минералды шикізат

 


Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалар

 

 

3,5



10.

Құрамында техникалық тастар бар минералды шикізат

Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, цирконий, асбест, слюда және басқалар

 

2,0


Пайдалы қазбалар мен кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілген минералды шикізаттың барлық түріне пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары нөл проценттік ставка бойынша төленеді.

Сирек және жерде сирек кездесетін металдар (литий, берилий, тантал, иттрий, стронций, празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютенций) бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығы ставкаларының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

§ 3. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы

340-бап. Салық салу объектісі

Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы мынадай жағдайларда:

1) жер қабатының қысымын қалпында ұстау және техногендік суларды сору үшін жерасты суларын жер қойнауына кері айдағанда;

2) меншік құқығында, жер пайдалану құқығында және жерге арналған өзге де құқықтарда өзіне тиесілі жер учаскесінде жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жеке тұлға өндірілген жерасты суларын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланбаған жағдайда;

3) өзінің шаруашылық мұқтаждары үшін мемлекеттік мекемелер өндіретін жерасты сулары бойынша төленбейді.



341-бап. Салық базасы

1. Жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.

Өткізудің орташа өлшемді бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:

Б ор. = (V1 ө.т. х Б1ө. + V2 ө.т. х Б2 ө. … + Vn ө.т. х Бn ө.) / V жалпы өткізу, мұнда:

V1 ө.т., V2ө.т. , …. Vn ө.т. – салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір топтамасының көлемдері,

Б1 ө. , Б2 ө. … + Бn ө. – салық кезеңінде әрбір топтама бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өткізудің нақты бағалары,

n – салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық топтамасының саны,

V жалпы өткізу - салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өткізудің жалпы көлемі.

Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салық кезеңінде өндірілген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық көлеміне, оның ішінде, кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған көлемдеріне қолданылады.

3. Есепті салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық өткізілмеген жағдайда, олардың құны өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.

4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты сату мүлдем болмаған жағдайда, олардың құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 процентке ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.

Кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бірінші өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің өлшемді нақты орташа бағасын ескере отырып, есеп¬телген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету енгізуге міндетті.

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомасын түзетуді бірінші өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңде жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемелері болып табылады.




342-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары

Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшыққа пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:





Рет



Пайдалы қазбалардың атауы

Ставка-лар,

%-пен

1

2

3

 

 

1.

 

Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас

 

 

 

2,5

2.

Кенге жатпайтын басқа шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы

 

4,7

3.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында суы бар вулкандық шыны мен шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель (құмды әк), мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-дала шпаты жыныстары, шой тас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас

 

 

 

 

5,6

4.

Жерасты сулары, емдік балшық

10,6

Су шаруашылығы жүйесі саласындағы табиғи моно¬полиялар субъектілерінің өндірген жерасты суларының көлемі бойынша осы баптың бірінші бөлігінің кестесіндегі 4-тармақта белгіленген пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкасына 0,3 коэффициенті қолданылады.




Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет