Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


§ 4. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі



бет26/53
Дата25.04.2016
өлшемі11.42 Mb.
түріКодекс
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53
§ 4. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі
343-бап. Салық кезеңі

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.



344-бап. Төлеу мерзімдері

Салық төлеуші салықтың есептелген сомасын бюджетке салық кезеңінен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей төлеуге міндетті.



345-бап. Салық декларациясы

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей береді.



346-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының заттай нысандағы өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу тәртібі

1. Осы Кодекстің 302-бабының 2-тармағында және 330-бабының 3-тармағында, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген келісім¬шарт¬тардың салық режимдерінің ережелерінде белгіленген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруге міндетті.

2. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтиді және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеудің ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық және ішінара жүргізілуі мүмкін.

3. Заттай нысанда төленетін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өн¬діру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента са¬лығының мөлшері, сондай-ақ роялти мен осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда бел¬гі¬ленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі осы Кодексте, сон¬¬дай-ақ осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пай¬далануға арналған келісімшарттарда белгіленген тәртіппен және мөлшерде ақ¬шалай түрде есептелген осы салықтар мен төлемдердің сомасына баламалы болуға тиіс.

Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына беретін пайдалы қазбалардың көлемі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.

4. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтиді және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін заттай нысанда төленуін көздейтін қосымша келісімді жасасу кезінде:

1) жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы, роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемдерін мемлекеттің атынан алушы;

2) жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы, роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемдерін жеткізудің пункті және шарттары міндетті түрде көрсетіледі.

5. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтиді және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көр¬сетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қа¬зақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебінде заттай ны¬санда беретін пайдалы қазбаларды беру мерзімі осы Кодексте және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген ақшалай нысанда төленетін осы салық пен төлемдерді төлеу мерзіміне сәйкес келуге тиіс.

Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттің атынан алушыға пайдалы қазбаларды, мемлекеттің атынан алушы осындай берудің неғұрлым кеш мерзімін белгілеген жағдайларды қоспағанда, аталған салық пен төлемдерді төлеу мерзімінен кешіктірмей береді.

6. Мемлекеттің атынан алушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, роялтидің және Қазақс¬тан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесінің тиесілі сомасын осы Ко¬дексте және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімінде ақшалай нысанда мемлекеттік бюджетке аударады.

7. Мемлекеттің атынан алушы жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбалардың тиісті көлемін оған уақтылы әрі толық беруіне бақылауды дербес жү¬зеге асырады.

Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, сондай-ақ роялтидің және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қой¬науын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Рес¬публикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесінің бюджетке толық әрі уақтылы ауд¬а¬ры¬луына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалардың тиісті көлемдерін нақты тиеп жөнелткен күннен бастап мемлекет атынан алушы жауап береді.

8. Жер қойнауын пайдаланушы және мемлекеттің атынан алушы осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, сондай-ақ роялтидің және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалану келісімшарттарында белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесінің мөлшерлері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есептілікті орналасқан жері бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген заттай нысандағы мерзімде және нысандар бойынша табыс етеді.



46-тарау. ҮСТЕМЕ ПАЙДА САЛЫҒЫ

347-бап. Төлеушілер

Өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар), кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруге арналған келісімшарттар, сондай-ақ барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратындарды қоспағанда, бұл келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушілер болып табылады.



348-бап. Салық салу объектісі

1. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып, жылдық жиынтық табысының шегерімдерге қатынасы 1,25-тен жоғары болған салық кезеңіндегі жер қойнауын пайдалануға арналған әр¬бір жеке келісімшарт бойынша таза табысының бір бөлігі үстеме пайда салығын салу объектісі болып табылады.

2. Келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық табысты осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша айқындайды.

3. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шегерімдер:

1) осы Кодекстің 100 – 114, 116 – 122-баптарына сәйкес есепті салық ке¬зеңінде келісімшарт қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылған шығыстардың;

2) мынадай шығыстар мен залалдар шегінде:

салық кезеңі ішінде қолданыстағы тіркелген активтер бойынша қалған амортизацияның сомалары және бухгалтерлік есепте тіркелген активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған тіркелген активтердің кейінгі шығыстарының сомалары шегіндегі шығыстарды қоса алғанда, тіркелген активтерді сатып алуға және (немесе) құруға жұмсалған нақты шеккен шығыстардың;

жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстің 111 және 112-баптарына сәйкес амортизацияларды есептеу жолымен одан әрі шегерімге жатқызылатын шығыстарының;

3) осы Кодекстің 136 және 137-баптарына сәйкес бұрынғы салық кезеңдерінде шек¬кен залалдардың сомасы ретінде айқындалады.

4. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шығыстар мен залалдарды үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдерге жатқызу кез келген мөлшерде (осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген нақты келтірілген шығыстар шегінде) және кез келген салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша жүзеге асырылады.

5. Тиісті салық кезеңінде үстеме пайда салығын есептеу кезінде осы баптың 4-тармағында белгіленген құқықты қолданған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалған шегерімдер сомасынан осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін бұдан бұрын шегерімге жатқызылған шығыстар бойынша осындай салық кезеңінің корпорациялық табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылған амортизациялық аударымдардың сомаларын алып тастауға міндетті.

349-бап. Салық базасы

1. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша таза табысының осы Кодекстің 348-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған шегерімдер сомасының 25 процентінен асатын бөлігі салық базасы болып табылады.

2. Осы тараудың мақсатына орай таза табыс салық салынатын табыс пен корпорациялық табыс салығы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

3. Осы тараудың мақсатына орай салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен осы Кодекстің 133-бабына сәйкес жүзеге асырылатын азайтуды ескере отырып, осы Кодекстің 348-бабының 3-тармағында көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

4. Тұрақты мекеме арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын резидент еместер үшін таза табыс осы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа байланысты тұрақты мекеменің таза табысына есептелген салықтың сомасына қосымша азайтылады.

350-бап. Есептеу тәртібі

1. Салық кезеңінде үстеме пайда салығын есептеу жер қойнауын пайда¬ла¬ну¬шының таза табысының әрбір бөлігіне осы Кодекстің 349-бабына сәйкес ай¬қындалатын, жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының мәніне сәй¬кес келетін салық базасына осы Кодекстің 351-бабында белгіленген әрбір тиісті ставканы қолдану арқылы жүргізіледі.

2. Осы баптың 1-тармағының ережелерін қолдану үшін және жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының нақты алынған мәні негізінде жер қойнауын пайдаланушы:

1) осы Кодекстің 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың ше¬герімдерге қатынасының әрбір мәніне сәйкес келетін жылдық жиынтық табыстың есеп айырысу сомасын осы Кодекстің 348-бабына сәйкес салық кезеңінде есеп¬телген шегерімдердің жалпы сомасы мен жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының сәйкес келетін мәнінің жоғары шегінің көбейтіндісі ретінде айқындайды;

2) жылдық жиынтық табыстың алынған есеп айырысу мәні негізінде осы Ко¬декстің 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының әрбір мәніне сәйкес келетін таза табыстың тиісті есеп айырысу сомасын айқындайды;

3) салық кезеңінде алынған нақты таза табысты осы Кодекстің 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының мәніне сәйкес келетін деңгейлер бойынша бөледі.

Таза табыстың есеп айырысу сомасы, жылдық жиынтық табыстың есеп айырысу сомасы, осы Кодекстің 348-бабына сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген шегерімдердің жалпы сомасы мен осы Кодекстің 349-бабының 4-тармағында бел¬гіленген ерекшеліктерді ескере отырып, корпорациялық табыс салығы сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.

4) осы Кодекстің 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының әрбір мәніне қатысты таза табыстың әрбір бөлігіне үстеме пайда салығының тиісті ставкасын қолданады.



351-бап. Үстеме пайда салығының ставкалары

Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушылар өзгермелі шкала бойынша мынадай мөлшерде төлейді:





№ Рет №

 


Жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасыныңмәні

Салық базасы

 

 



Став-ка, %-пен

Бюджетке төленуге жататын салық сомасы

 

 



1

2

3

4

5

1.

1,25-тен кем немесе соған тең

салынбайды

0

 

22.

1,25-тен 1,3-кe дейiн қоса алғанда

1,25-тен 1,3-кe дейiнгі мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі

10

10% ставка бойынша есептелген салық сомасы

33.

1,3-тен 1,4-кe дейiн қоса алғанда

1,3-тен 1,4-кe дейiнгі мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі

20

10% және 20% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы

44.

1,4-тен 1,5-кe дейiн қоса алғанда

1,4-тен 1,5-кe дейiнгі мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі

30

10%, 20% және 30% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы

55.

 1,5-тен 1,6-ға дейiн қоса алғанда

1,5-тен 1,6-ға дейiнгі мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі

40

10%, 20%, 30% және 40% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы

 


66.

1,6-дан 1,7-гe дейiн қоса алғанда

1,6-дан 1,7-гe дейiнгі мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі

50

10%, 20%, 30%, 40% және 50% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы

77.

1,7-ден жоғары

1,7 мәнінен асатын таза табыс бөлігі

 


60

10%, 20%, 30%, 40%, 50% және 60% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы



352-бап. Салық кезеңі

Үстеме пайда салығы үшін осы Кодекстің 148-бабында айқындалған салық кезеңі қолданылады.



353-бап. Салықты төлеу мерзімі

Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15-ші сәуірінен кешіктірілмей төленеді.



354-бап. Салық декларациясы

Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі жылдың 10-шы сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.



12-БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ
47-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

355-бап. Төлеушілер

1. Мыналар:

1) дара кәсіпкерлер;

2) жекеше нотариустар, адвокаттар;

3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;

4) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады.

2. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік салық төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.

Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша әлеуметтік салықты дербес төлеушілер болып танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі салық агенттері болып танылады.



356-бап. Арнаулы салық режимдерін қолданатын төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және табыс ету ерекшеліктері

Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеуді, төлеуді және табыс етуді:

1) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін – осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып;

2) оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін – осы Кодекстің 433-438-баптарына сәйкес;

3) патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін – осы Кодекстің 429-432-баптарына сәйкес;

4) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін – осы Кодекстің 445-447-баптарына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер жүргізеді.



357-бап. Салық салу объектісі

1. Жұмыс берушінің осы Кодекстің 163-бабының 2-тар¬ма¬ғында айқындалған табыс түрінде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстің 192-бабының 18) – 21) тармақшаларында айқындалған табыс түрінде резидент емес қызметкерлерге төлейтін шығыстары, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында аталған табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 191-бабының 10-тармағында аталған шетелдік персоналдың табыстары осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақ¬шаларында және 2-тармағында аталған төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.

2. Егер күнтізбелік ай үшін осы Кодекстің 357-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған салық салу объектісі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінен төмен болса, әлеуметтік салық салу объектісі жалақының ең төменгі мөлшері негізінде айқындалады.

3. Осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 8), 10), 12), 17), 18), 24), 26), 27), 29) – 32), 34) тармақшаларында белгіленген табыстар, сондай-ақ:

1) мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері және халықаралық ұйымдар желілері арқылы берілетін гранттар қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;

2) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Yкіметі тағайындайтын мемлекеттік сыйлықақылар, стипендиялар;

3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай наградалар;

4) ұйым таратылған немесе жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, қыз¬мет¬керлердің штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке ша¬қы¬рыл¬ған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Рес¬пуб¬ликасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін өтемақы төлемдері;

5) жұмыс берушінің қызметкерлерге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төлейтін өтемақы төлемдері;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары салық салу объектісі болып табылмайды.

4. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған төлеушілер үшін, төлеушілердің өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтік салық салу объектісі болып табылады.

5. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (міндеттерін) жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүргізілсе, осы бапты 3-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады.



358-бап. Салық ставкалары

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі.

2. Арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өзі үшін тиісті қаржы жылына арналған републикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде және әрбір қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.

Осы тараудың ережесі салық төлеушілер осы Кодекстің 73-бабына сәйкес салық есептілігін табыс етуді уақытша тоқтата тұру кезеңінде оларға қол¬данылмайды.

3. Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстің 135-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді.

4. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 445-бабында белгіленген.

5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген.

48-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

359-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі

1. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3, 4) тармақшаларында аталған төлеушілер салық кезеңінде әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 358-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген ставкаларды осы Кодекстің 357-бабына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.

2. Арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 358-бабының 2-тармағында белгіленген ставкаларды осы Кодекстің 357-бабының 4-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.

3. Әлеуметтік салықтың сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеумет¬тік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

360-бап. Әлеуметтік салықты төлеу

1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік салықты төлеу салық төлеушінің орналасқан жері бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей жүргізіледі.

2. Құрылымдық бөлімшелері бар әлеуметтік салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеуді осы Кодекстің 362-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

361-бап. Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салықты есептеу ерекшеліктері

1. Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады.

2. Есепті айда осы баптың 1-тармағында аталған әлеуметтік жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесі айға ауыстырылады.

362-бап. Құрылымдық бөлімшелер бойынша салықты есептеу және төлеу тәртібі

1. Құрылымдық бөлімшелер бойынша төленуге жататын әлеуметтік салықтың сомасы осы құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің табыстары бойынша есептелген әлеуметтік салықтың негізінде есептеледі.

2. Төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

49-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

363-бап. Салық кезеңі

Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.



364-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, төлеушілер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының декларациясымен бірге табыс етіледі.

2. Құрылымдық бөлімшелері бар төлеушілер құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.



Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет