Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлеріне салынатын салық ставкалары



бет29/53
Дата25.04.2016
өлшемі11.42 Mb.
түріКодекс
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53

385-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлеріне салынатын салық ставкалары

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады.

2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттарға пайдалануға берілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлері осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 383-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.

386-бап. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары

1. Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлері тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, осы Кодекстің 381-бабында елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.

Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.

Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы кемітілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.

2. Елді мекендердің казино орналасқан жерлері осы Кодекстің 381-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.

Казино орналасқан басқа да санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.

Елді мекеннің жерлеріне салықты есептеу кезінде қолданылатын базалық ставкаларды жергілікті өкілді орган белгілейді.

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы төмендетілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.

387-бап. Базалық салық ставкаларын түзету

Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының ставкаларын осы Кодекстің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларының 50 проценттінен аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.

Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының ставкаларын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.

2. Мынадай төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0,1 коэффициентті қолданады:

1) балаларды сауықтыру мекемелері;

2) діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;

3) осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;

4) қызметінің негізгі түрі ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;

5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;

6) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;

7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік кәсіпорындар.

3. Осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициентін қолданады.

4. Осы баптың 2-тармағында аталған жер салығын төлеушілер жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезінде салықты 0,1 коэффициентті қолданбай, осы Кодекстің 55-тарауында белгіленген тәртіппен есептейді.

5. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстің 151-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.



55-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ

388-бап. Салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі

1. Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.

2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.

3. Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептеледі.

4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

5. Салық жылы ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына ауыстыру кезінде салық төлеушілерден ағымдағы жылғы жер салығы - осы елді мекендер үшін бұрын белгіленген ставкалар бойынша, ал келесі жылы қоныстардың жаңа санаты үшін белгіленген ставкалар бойынша алынады.

6. Елді мекен таратылған және оның аумағы басқа елді мекеннің құрамына қосылған кезде, таратылған елді мекеннің аумағында жаңа ставка тарату іске асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап қолданылады.

7. Салық төлеушілер орналасқан жер учаскелері бонитетінің балдарын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жер салығының мөлшері шектесіп орналасқан жерлердің бонитет балы негізге алына отырып айқындалады.

8. Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі.



389-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері

1. Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.

2. Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.

3. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады.

Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.

4. Ағымдағы төлемдердің мөлшері салық кезеңінің басында болған салық салу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалады.

5. Жер салығын төлеу бойынша салық міндеттемелері туындаған күннен кейінгі, осы баптың 3-тармағында белгіленген кезекті мерзім салық міндеттемелері туындаған кезде салық кезеңі ішінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады. Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға беру күнінен кейінгі кезекті мерзім салықтың ағымдағы сомасын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

6. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

Осы Кодекстің 373-бабының 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғаларға пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

7. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық міндеттемелерінің өзгеру сомасына жер салығын төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі.

8. Салық салу объектілеріне құқықтар салық кезеңінің ішінде берілген жағдайда, салық сомасы жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі үшін есептеледі.

Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеуші ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзі жер учаскесін беретін айдың басына дейін салық сомасын есептейді. Одан кейінгі төлеуші өзінің жер учаскесіне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшін салық сомасын есептейді.

Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың бірі (келісім бойынша) енгізуі мүмкін. Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде төленген салық сомасы кейіннен қайта төленбейді.

9. Салық төлеуші салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді

390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудің ерекшеліктері

1. Бірнеше салық төлеушілердің пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелеріне жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеуші бойынша жеке есептеледі.

2. Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдің, құрылыстың және ғимараттың бір бөлігін жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесінде орналасқан барлық үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы жалға берілген үй-жай алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.

3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлікті заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың осы Кодекстің 381-бабында белгіленген базалық ставкалары бойынша есептелуге жатады.



391-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері

1. Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша - дара кәсіпкерлерді, жекеше нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірмей жүргізеді.

2. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне құқықтар берілген жағдайда, салық сомасы осы Кодекстің 389-бабы 8-тармағының ережелері ескеріле отырып есептеледі.

3. Жеке тұлғалар (өз қызметтерінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша дара кәсіпкерлерді, жекеше нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.

4. Салық міндеттемелері ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейін туындаған кезде, салық сомасын төлеу салық салу объектісіне меншік құқығы мемлекеттік тіркелгеннен кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

5. Дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын осы Кодекстің 389-бабында белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.



56-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ
392-бап. Салық кезеңі

Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.



393-бап. Салық есептілігі

1. Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар декларацияны салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын осы бапта белгіленген мерзімдерде табыс етеді.

2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.

3. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын салық төлеушіні тіркеу есебіне қойған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.

4. Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде табыс етеді.

5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі.



15-БӨЛІМ. МҮЛІК САЛЫҒЫ
57-тарау. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ САЛЫНАТЫН МҮЛІК САЛЫҒЫ

394-бап. Салық төлеушілер

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;

2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар дара кәсіпкерлер;

3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер мүлік салығын төлеушілер болып табылады.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген құқықтарда салық салу объектілері бар заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері дербес салық төлеушілер ретінде қарастырылады.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушілер мүлік салығын осы тарауда заңды тұлғалар үшін белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.

4. Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:

1) өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер.

Өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланбайтын салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер мүлік салығын осы бөлімде белгіленген тәртіппен төлейді;

2) мемлекеттік мекемелер;

3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

4) діни бірлестіктер.

Осы тармақтың 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық төлеуден босатылмайды.



395-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау

1. Меншік иесі салық салу объектілерін сенімгерлік басқаруға берген кезде салық төлеуші осы Кодекстің 35, 36-баптарына сәйкес айқындалады.

2. Бұл ретте сенімгерлік басқарушының немесе жалға алушының салық төлеуі салық салу объектісі меншік иесінің есепті кезең үшін салық міндеттемесін орындауы болып табылады.

3. Егер салық салу объектісі пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін салық салу объектілерін қоспағанда, бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады.

4. Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша осы салық салу объектілерінің меншік иелерінің бірі олардың арасындағы келісім бойынша салық төлеуші бола алады.

5.Қаржылық лизингке берілген объектілер бойынша лизинг алушы салық төлеуші болып табылады.

6. Пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін салық салу объектілері бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық төлеуші болып табылады.

396-бап. Салық салу объектісі

1. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін негізгі құрал-жабдықтар немесе жылжымайтын мүлікке инвестициялар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй құрылысы, үй-жайлар, сондай-ақ жермен берік байланыстағы өзге де құрылыстар (бұдан әрі – ғимараттар) салық салу объектісі болып табылады.

2. Мыналар:

1) осы Кодекстің 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу объектісі ретіндегі жер;

2) Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі бойынша консервацияда тұрған ғимараттар;

3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:

бұрылу белдеуі;

жолдардың конструкциялық элементтері;

жол жағдайы мен оны абаттандыру;

көпірлер;

өткерме жолдар;

виадуктар;

жол тарамдары;

тоннельдер;

қорғаныш галереялары;

жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;

су бұрғыш және су өткізгіш құрылыстар;

жол бойындағы орман алаптары;

желілік тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметінің кешендері;

4) аяқталмаған құрылыс объектілері салық салу объектілері болып табылмайды.



397-бап. Салық базасы

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бухгалтерлік есептің деректері бойынша айқындалатын салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салық салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады.

2. Салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің баланстық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде айқындалады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа сәйкес айқындалған бағалау міндеттемелері (қайта монтаждаудың есептік құны, активті жою және учаскені қалпына келтіру) салық салу объектілерінің баланстық құнына кірмейді.

3. Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшаcында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салық базасы пайдалануға немесе жалға берілген осы салық салу объектілерінің үлесін негізге ала отырып айқындалады.

4. Салық салу объектілерін сатып алу құны патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің салық салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады.

Осындай құн болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау деректері бойынша нарықтық құн салық базасы болып табылады.

398-бап. Салық ставкалары

1. Заңды тұлғалар (осы баптың 2, 3-тармақтарында аталғандарды қоспағанда) мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнының 1,5 процент ставкасы бойынша есептейді.

2. Мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнының 0,5 процент ставкасы бойынша мына салық төлеушілер:

1) дара кәсіпкерлер;

2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар есептейді.

3. Төменде аталған заңды тұлғалар мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнының 0,1 процент ставкасы бойынша есептейді:

1) діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;

2) осы Кодекстің 135-бабында айқындалған заңды тұлғалар;

3) негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;

4) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар;

5) мемлекеттік меншіктегі және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар;

6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суландыру үшін пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектілері бойынша заңды тұлғалар;

7) ауыз сумен қамту объектілері бойынша заңды тұлғалар.

4. Осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында айқындалған тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша мүлік салығын осы баптың 1-тармағында белгіленген салық ставкасы бойынша есептейді және төлейді.

5. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мүлік салығын осы Кодекстің 151-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.

399-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

1. Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.

2. Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша әрбір салық төлеуші үшін мүлік салығы мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі.

3. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.

4. Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

5. Салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеуші салық кезеңіндегі 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді.

Салық төлеушінің құрылу күнінен (салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға беру күнінен) кейінгі кезекті мерзім осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған жаңадан құрылған салық төлеушілер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер мен осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезде салық сомасын ағымдағы салық кезеңі үшін осы баптың 7-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.

6. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлем¬дер салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап са¬лық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айла¬рының санына көбейтілген, келіп түскен күніне бухгалтер¬лік есеп деректері бойынша айқындалған, келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалады. Ағымдағы төлемдер көбейтілуі тиіс сома осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдер бойынша тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, ағымдағы төлемдер салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, шығып қалған салық салу объектілерінің құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады.

Бұл ретте мыналар:

келіп түскен күнге бухгалтерлік есеп деректері бойынша бастапқы құны – ағымдағы салық кезеңінде келіп түскен салық салу объектілері бойынша;

салық кезеңі басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құны – басқа салық салу объектілері бойынша шығып қалған салық салу объектілерінің құны болып табылады.

Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдерді төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.

7. Салық төлеуші салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және мүлік салығын төлейді.

8. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мүлік салығын салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.


Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет