Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет39/53
Дата25.04.2016
өлшемі11.42 Mb.
түріКодекс
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
§ 2. Консулдық алым

549-бап. Жалпы ережелер

Консулдық алым – Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері консулдық іс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергені үшін шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, резидент емес шетелдік заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алынатын төлем.



550-бап. Консулдық алым төлеушілер

Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және резидент емес шетелдік заңды тұлғалар, осы Кодекстің 521-бабында көзделген консулдық іс-әрекеттер өздерінің мүдделері үшін жасалатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары консулдық алым төлеушілер болып табылады.



551-бап. Алу объектілері

Консулдық алым мынадай консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынады:

1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу;

2) Қазақстан Республикасының визаларын беру;

3) Қазақстан Республикасына қайта оралу куәлігін беру;

4) шетелде болу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштерін ресімдеу;

5) шетелге тұрақты тұруға келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдіктерге ұл бала асырап алуға (қыз бала асырап алуға) берілген балаларды - Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қою;

6) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі құжаттарды ресімдеу;

7) азаматтық хал актілерін тіркеу;

8) құжаттарды талап ету;

9) құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостильдеу үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі өткізу;

10) нотариаттық іс-әрекеттер жасау;

11) консулдық мекемеде өсиет қағазын, құжаттар салынған пакетті (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды (мұрагерліктен басқа) сақтау;

12) көпшілік сауда-саттықта тауарлар немесе өзге де мүлік сату;

13) алты айға дейінгі мерзімге мүлікті немесе ақша сомаларын тиесілігі бойынша беру үшін депозитке қабылдау;

14) заңды тұлғалардың мекен-жайына дипломатиялық почта арқылы құжаттар жіберу;

15) кемені шетелден сатып алған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығына куәлік беру, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты декларациялар мен басқа да құжаттар толтыру және куәландыру;

16) заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру.



552-бап. Консулдық алым ставкалары

1. Консулдық алымдар ставкаларының ең төменгі және барынша жоғары базалық мөлшерлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі консулдық алымдардың базалық ставкалары шегінде шетелдік мекемелер үшін нақты ставкалар мөлшерін белгілеуге құқылы.

553-бап. Консулдық алым төлеуден босату

Консулдық алым:

1) осы Кодекстің 542-546-баптарында көзделген жағдайларда;

2) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келісімдері бар елдердің жеке және заңды тұлғаларынан;

3) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің билік орындары мен жекелеген азаматтарының сауал салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық істер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақылар, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы құжаттар талап етіп сұратып алдырғаны үшін;

4) мыналарға:

Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына;

Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе қызметтік паспорттарының иелері – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне;

Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының отбасы мүшелеріне;

Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесі қызметкерінің немесе қызметшісінің сырқаттануына немесе қайтыс болуына байланысты шетелге шығатын Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының жақын туыстарына және олармен бірге жүретін адамдарға визалар беру туралы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге ноталар жасағаны және басқаны үшін;

5) мыналарға:

Қазақтан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (сим¬по¬зиумдар, конференциялар мен өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен ке¬лі¬сілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілген халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;

шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына өзара алмасу принципі негізінде келетін шетелдіктерге Қазақстан Респуб¬ли¬касы азаматтарының және заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтініштерін пысықтағаны және Қазақстан Рес¬пуб¬ликасының шетелдік мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) ту¬ралы нұсқау жібергені үшін;

инвесторлық визаларды пысықтағаны үшін;

6) мыналарға:

Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдік ресми делег¬а¬ция¬лардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (сим¬позиумдар, конференциялар мен өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктерге;

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Рес¬пуб¬ликасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко¬миссиясының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс бас¬қармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ша¬қыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;

шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына өзара алмасу принципі негізінде келетін шетелдіктерге;

Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері – шетелдіктерге;

16 жасқа дейінгі балаларға;

Қазақстан Республикасының азаматтары емес ұлты қазақ адамдарға;

шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарын жерлеуге келетін Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтарына визалар;

инвесторлық визаларды;

қызметтік визаларды бергені үшін;

7) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар алдыңғы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін;

8) жоғалту, дүлей зілзала немесе басқа да форс-мажорлық жағдайлар салдарынан құжаттары мен ақша қаражаты жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасына қайта оралуға куәліктер және анықтамалар бергені үшін;

9) шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәйіті салынған табыттар мен урналарды Қазақстан Республикасына жіберген кезде анықтамалар бергені үшін;

10) өзара алмасу принципінің негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің өтініштері бойынша құжаттарды талап етіп сұратып алдырғаны үшін;

11) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы талап етіп сұратып алдырған құжаттарын заңдастырғаны үшін;

12) өзара алмасу принципі негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өтініштері бойынша құжаттарды заңдастырғаны үшін;

13) шетелде оқитын Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қойғаны және оларға заңды маңызы бар анықтамалар бергені үшін алынбайды.

554-бап. Консулдық алымды төлеу тәртібі

1. Консулдық алым консулдық іс-әрекеттер жасалғанға дейін төленеді.

2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері консулдық іс-әрекеттерді төлеуші консулдық алымды төлегеннен кейін жүзеге асырады.

3. Ставкасы АҚШ долларымен белгіленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алымды төлеу күніне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргізіледі.

4. Консулдық алым:

1) Қазақстан Республикасының аумағында - банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық іс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердің бюджетіне немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.

Қолма-қол ақшамен қабылданған консулдық алым сомасын уәкілетті мемлекеттік орган кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде - шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің банк шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.

5. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық іс-әрекеттер жасалған елдің валютасымен немесе кез келген еркін айырбасталатын валютамен жүргізіледі.

6. Дипломатиялық өкілдіктер немесе консулдық мекемелер шетелде қабылданған консулдық алым сомаларын шетелдік банктік шотқа аудару үшін оларды қабылдаған күннен бастап он операциялық күннен кешіктірмей дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің шетелдік банкіне тапсырады.

Дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің валютасымен шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің тапсырмасы бойынша шетелдік банк АҚШ долларына айырбастайды.

Дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің бірінші қол қою құқығы бар басшысы шетелдік банктік шотқа билік етуші болып табылады.

Шетелдік банктік шотқа келіп түскен консулдық алымдарды ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей) дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме одан әрі бюджет кірісіне аудару үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюталық шотына аударады. Егер дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге ай сайын келіп түсетін консулдық алымдар түсімі 1000 АҚШ долларынан кем болса, аудару тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме аударған консулдық алымдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен шетелдік валютамен корреспондеттік шоттың үзінді-көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электронды түрдегі төлеу құжаттарын қоса бере отырып, республикалық бюджет кірісіне аударады.

7. Төленген консулдық алымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.

3. САЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІН ЖҮРГІЗУ
20-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІН ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ НЫСАНДАРЫ
80-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

555-бап. Салық әкімшілігін жүргізу

Салық әкімшілігін жүргізу салық қызметі органдарының салық бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.



556-бап. Салықтық бақылау

1. Салықтық бақылау – Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық қызметі органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.

2. Салықтық бақылау:

1) салықтық тексеру нысанында;

2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

3. Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:

1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;

2) бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуына бақылау;

3) акцизделетін тауарларға бақылау;

4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;

5) мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына бақылау;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функция¬ларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысаны шеңберінде:

1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;

2) салықтық нысандарды қабылдау;

3) камералдық бақылау;

4) ірі салық төлеушілердің мониториигі;

5) салықтық зерттеп-қарау жүзеге асыры¬лады.

5. Салықтық тексеруді жүргізудің жалпы тәртібі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Рес¬публикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі мен мер¬зімінің ерекшеліктері осы Кодексте ай¬қындалады.



7. Уәкілетті орган «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтаның нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

8. Кеден органдары осы Кодекске және Қазақстан Респуб­ли­касының кеден заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде Қазақстан Рес­публикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуімен бай­ланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орын­далмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге тиісті салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

557-бап. Салық құпиясы

1. Мына мәліметтерді:

1) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы туралы;

2) салық төлеушіге есептелген салық сомасынан есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығы сомасының асып кетуін бюджеттен қайтару сомасы туралы;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомасы туралы;

4) әрекетсіз салық төлеушілер және соттың заңды күшіне енген үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған салық төлеушілер туралы;

5) салық төлеушінің таратылуымен (қызметін тоқтатуымен) байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш беруі туралы;

6) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы;

7) осы Кодекстің 197-бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес салық төлеуші ретінде тіркеудің бар (жоқ) екендігі туралы;

8) салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай тіркеу деректері:

сәйкестендіру нөмірі;

жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;

салық төлеушіні (салық агентін) тіркеу есебіне қою күні, тіркеу есебінен шығару күні, тіркеу есебінен шығару себебі;

қызметті тоқтата тұруының басталған және аяқталған күні;

салық төлеушінің резиденттігі туралы;

9) салықтық тексеру жоспары туралы мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді, басқа тұлғаға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз бере алмайды.

3. Салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан мынадай жағдайларда:

1) салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған тұлғалардың осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін, салық агентінің міндеттерін орындауы туралы сауал салу бойынша, олардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына;

2) салық төлеушінің салықтық міндеттемесін, осы Кодексте белгіленген тәртіппен салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша салық агентінің міндеттерін айқындау немесе салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік туралы істерді қарау барысында соттарға;

3) сот санкциясымен, ал заңды күшіне енген сот актілерінің негізінде жазылған атқару құжаттары бойынша соттың санкциясынсыз атқару құжаттарын орындау барысында оның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде сот орындаушысына береді.

Осындай мәліметтерді беру тәртібін атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді;

4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға береді.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган салық құпиясы болып табылатын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың тізбесін бекітеді;

5) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді.

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;

6) салық тексеруін жүргізуге маман ретінде тартылған тұлғаға;

7) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға береді;

8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салық есептілігін қамтитын мәліметтер бөлігінде береді.

4. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ осы бапта белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары салық құпиясын жария етпеуге тиіс.

5. Салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, салық қызметі органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, аталған органдарда жұмыс істеген кезеңде де, сондай-ақ өзі қызметтен босағаннан кейін де мұндай мәліметтерді жария етуге құқылы емес.

Салықтық тексеруді жүргізуге тартылған мамандар, салықтық тексеруді жүргізу кезінде өздерінің міндеттерін орындау кезінде де, сондай-ақ оларды орындауды аяқтағаннан кейін де салық құпиясын жария етпеуге тиіс.

6. Салық құпиясы болып табылатын мәліметтері бар құжаттарды жоғалту не осындай мәліметтерді жария ету Қазақстан Респуб¬ли¬касының заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.



558-бап. Салықтық зерттеу

1. Салықтық зерттеу - тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша салық төлеушінің нақты бар болуын немесе жоқтығын растау үшін, сондай-ақ осы Кодекстің 637-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайда салықтық тексеру актісін тапсыру үшін салық қызметі органдарының жүзеге асыратын іс-шарасы.

Салықтық зерттеуді жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартылуы мүмкін.

2. Салықтық зерттеу жұмыс уақытында салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

3. Салықтық зерттеудің нәтижесі бойынша салықтық зерттеу актісі жасалады, онда мыналар көрсетіледі:

актінің жасалған орны, күні мен уақыты;

актіні жасаған салық қызметі органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);

салық қызметі органының атауы;

тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;

салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;

салықтық зерттеудің қорытындысы туралы ақпарат.

4. Салықтық зерттеу нәтижесінде салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмау фактісі анықталған жағдайда, мұндай салық төлеушіге салық қызметі органы салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы хабарлама жібереді.

5. Осы баптың 4-тармағының ережесі мынадай жағдайларда:

1) салықтық тексеру актісін тапсыру мақсатында;

2) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша жоқ болуы себебі бойынша салық қызметі органы жіберген хабарламаны почта немесе өзге де байланыс ұйымының қайтаруы негізінде жүргізілген салықтық зерттеу нәтижелері бойынша қолданылмайды.

6. Салық қызметі органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық қызметі органына келу тәртібімен салық заңдарын орындамаудың себептері туралы жазбаша түсіндірме беруге міндетті.

Аталған талап орындалмаған жағдайда немесе салық қызметі органы жіберген хабарламаны почта немесе өзге де байланыс ұйымының қайтаруы негізінде жүргізілген салықтық зерттеу нәтижелері бойынша, салық төлеушінің орналасқан жерінде жоқ болуы себебі бойынша салық қызметі органы осы Кодексте белгіленген әрекеттерді жүзеге асырады.

559-бап. Куәгерлердің қатысуы

1. Салық қызметі органдарының лауазымды адамдары өздерінің талап етуі немесе салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша жасайтын мынадай іс-әрекеттер:

1) салық қызметі органы лауазымды адамының салық міндеттемелерінің орындалуы жөнінде хабарламаны, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді, мүлік тізімдемесінің актісін, салық тексеруін жүргізу туралы хабарландыруды, нұсқаманы, салықтық тексеру актісін және осы Кодексте көзделген салық қызметі органдарының өзге де құжаттарын тапсыруы;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу;

3) нұсқаманың негізінде жүргізілетін, салық салу объектісі және (немесе) орналасқан жеріне қарамастан салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеу;

4) нұсқаманың негізінде салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен арнайы құралдарды (сурет-, аудио-, бейнеаппаратураларды) қолдана отырып түгендеу жүргізу;

5) салықтық зерттеу куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылады.

2. Куәгерлер ретінде салық қызметі органдарының лауазымды адамы мен салық төлеуші (салық агенті) іс-әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем емес, кез келген кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті азаматтар шақырылуы мүмкін.

3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен өзіне қатысты іс-әрекет жүргізіліп жатқан салық төлеуші (салық агенті) қызметкерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.

4. Куәгерлер іс-әрекет жасалған кезде өздері қатысқан, салық қызметі органдарының лауазымды адамы жасайтын хаттамада (актіде) тіркелген, салық қызметі органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеуші (салық агенті) іс-әрекеттерінің фактісін, мазмұнын және нәтижелерін куәландырады.

5. Куәгер жасалған іс-әрекеттер жөнінде ескерту жасауға құқылы. Куәгердің жасаған ескертуі салық қызметі органдарының лауазымды адамы жасаған хаттамаға (актіге) енгізілуі тиіс.

6. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы куәгерлердің қатысуымен жасайтын хаттамада (актіде) мыналар көрсетіледі:

1) хаттаманы (актіні) жасаған салық қызметі органдары лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

2) салық қызметі органының атауы;

3) іс-әрекеттер жасалған орын мен күн;

4) іс-әрекетке қатысқан немесе оны жүргізген кезде болған әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі;

5) іс-әрекеттің мазмұны мен оны жүргізудің сабақтастығы;

6) іс-әрекеттің басталған және аяқталған уақыты;

7) іс-әрекет жасалған кезде анықталған фактілер мен мән-жайлар.

7. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы іс-әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған адамдарды хаттамамен (актімен) таныстыруға міндетті. Хаттамамен (актімен) таныстырғаннан кейін салық қызметі органдарының лауазымды адамы, сондай-ақ іс-әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған барлық адамдар хаттамаға (актіге) қол қояды.

8. Хаттамаға (актіге) іс-әрекет жасалған кезде орындалған фотографиялық түсірілімдер мен негативтер, бейне жазбалар немесе басқа да материалдар (олар болған кезде) қосылады.

9. Салық қызметі органдары лауазымды адамның осы бапта белгіленген тәртіппен жасаған хаттамасы (актісі) осы баптың 1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасау фактісін тіркейді және растайды.



81-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНДА ТІРКЕУ

560-бап. Жалпы ережелер

Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру жолымен салық төлеушілерді есепке алуды жүргізеді.

Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасы – салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.

Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру:

1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу;

2) салық төлеушіні:

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде;

қосылған құн салығы бойынша;

электрондық салық төлеуші ретінде;

қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырушы салық төлеуші ретінде;

салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне алу болып табылады.

4. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін салық төлеуші ретінде тіркеу:

1) аталған тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізуді;

2) салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасындағы тіркеу деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды;

3) салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастауды қамтиды.

5. Салық төлеушіні тіркеу есебі салық төлеушіні осы баптың

3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қоюды, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығаруды қамтиды.

6. Салық қызметі органдарына салық төлеуші туралы:

1) уәкілетті мемлекеттік органдар;

2) осы Кодекстің 581-бабының 1), 4) тармақшаларына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

3) салық төлеушілер берген немесе мәлімдеген мәліметтер салық төлеушінің тіркеу деректері болып табылады.

7. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:

1) жеке тұлғаның тұрғылықты жері – азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны;

2) дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жері – салық органында дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есе¬біне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, ад¬во¬каттың тұрғылықты немесе қызметінің басым бөлігін жүзеге асыратын орны;

3) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жері – құрылтай құжаттарында немесе құрылымдық бөлімшенің есептік тіркеу туралы куә¬лігінде көрсетілген оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері;

4) филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның орналасқан жері – салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жері;

5) резидент емес жеке тұлғаның болатын жері – резидент емес жеке тұлғаның көші-қон карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы уақытша болатын жері деп танылады. Егер халықаралық шарт ережелеріне сәйкес көші-қон карточкасының болуы көзделмеген болса, онда салық органына резидент емес жеке тұлға мәлімдеген Қазақстан Республикасында басым уақыт орналасқан жер болатын жері деп танылады.


Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет