Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет52/53
Дата25.04.2016
өлшемі11.42 Mb.
түріКодекс
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53

Қазақстан Республикасының Заңы

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Жариялануы:  «Егемен Қазақстан» 2009 ж. 21 ақпан № 70-71 (25468)


1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

3. 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 19 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі):



1) 12-баптың 1-тармағында:

3) тармақша «пайлары» деген сөзден кейін «, ис­лам бағалы қағаздары» деген сөздермен толық­тырыл­сын;

14) тармақшаның бірінші абзацы «мүлікті бөлуден түсетін табыстар;» деген сөздерден кейін «исламдық қатысу сертификаттары бойынша төлеуге жататын табыстар;» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

«20-1) ислам бағалы қағаздары – ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары;»;

1 тармақшаның 6 абзацы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді

31) тармақшадағы «адам» деген сөз «дара кәсіп­кер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның ішінде рези­дент емес заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;

39) тармақшаның сегізінші абзацындағы «түріндегі барлық төлемдер» деген сөздер «түріндегі» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

«исламдық жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер;»;

2 тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді

2) 59-баптың 3-тармағындағы «дауазымды» деген сөз «лауазымды» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 60-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) ислам бағалы қағаздары бойынша табыстарды есепке алу саясаты.»;

4 тармақша  2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді

4) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) халықаралық қаржылық есептілік стандартта­ры­на және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының та­лаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндет­теме мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндетте­ме­нің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтер­лік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс.»;

5) 85-баптың 1-тармағында:

18) тармақша «сыйақылар» деген сөзден кейін «, ислам жалдау сертификаты» деген сөздермен толық­тырылсын;

мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

«22-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;»;

6 тармақша  2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді

6) 92-бап «құндық балансынан» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ салық кезеңінде жұмсалған және осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес ескерілетін кейінгі шығыстардан» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 99-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы «сомасы алып тасталуға жатады.» деген сөздер «сомасы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:

«13) инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақша­ны басқару процесінде ислам банкі алған, осы инвес­тиция­лық депозиттер депозиторларының шоттарына арналған және соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұн­дай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды;

14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетін табыстар алып тасталуға жатады.»;

8-15 тармақшалар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді

8) 102-баптың 2-тармағындағы «бабына сәйкес айқындалатын еңбекке ақы төлеу түріндегі» деген сөздер «баптың 2-тармағында көрсетілген салық салуға жататын қызметкердің табыстары бойынша жұмыс берушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 110-баптың 1-тармағының төртінші абзацы «қоспағанда,» деген сөзден кейін «салық салуға жататын» деген сөздермен толықтырылсын;

10) 117-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Кодекстің 122-бабына сәйкес салық кезеңінде жүргізілген түзетулерді ескеретін, салық кезеңінің бас кезіндегі кіші топтардың құндық балансы І топтың тіркелген активтерінің қалдық құны болып табылады.»;

7-тармақтың бесінші абзацындағы «қосу немесе» деген сөздер алып тасталсын;

8-тармақта:

жетінші абзацтағы «немесе алу» деген сөздер алып тасталсын;

сегізінші абзацтағы «122-бабына» деген сөздер «122-бабының 3-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 133-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) салық салынатын табыстың 3 процентінен аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:

нақты шеккен шығыстардың осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) табыстардан асып түскен сомасын;

коммерциялық емес ұйымдарға және қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға өтеусіз негізде берілген мүліктің құнын. Өтеусіз орындалған жұмыс­тардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұ­мыс­тарды орындаумен, қызметтер көрсетумен бай­ланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;

көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі демеушілік және қайырымдылық көмекті;»;

12) 134-баптың 2-тармағына өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі;

13) 141-баптың 2-тармағының 1) тармақшасын­дағы «тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюд­жет туралы» деген сөздер «алдыңғы қаржы жылы­ның алдындағы қаржы жылына арналған респуб­лика­лық бюджет туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;

14) 143-баптың 1-тармағында:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төлейтін сыйақы;»;

15) 154-баптың 1-тармағындағы «бойынша» деген сөзден кейін «осы тарауда және» деген сөздермен толықтырылсын;

16) 156-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын:

«40) ислам банкінде орналастырылған инвести­ция­лық депозит бойынша табыс.»;

17-21 тармақшалар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді

17) 161-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

«Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері салық агенттері ретінде қаралуы мүмкін.

Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша салық агенттері болып танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаттары үшін әлеу­меттік салықты дербес төлеушілер болып танылады.»;

18) 166-бапта:

2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Салық кезеңі ішінде жұмыс орны өзгерген жағдайда осы тармақтың ережелері қызметкердің жаңа жұмыс орны бойынша қолданылмайды.»;

3-тармақтағы «он бес жұмыс күнінен» деген сөздер «күнтізбелік он алты күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;

19) 179-баптың 1-тармағы «орналасқан» деген сөзден кейін «(тұрғылықты)» деген сөзбен толықтырылсын;

20) 186-баптағы «тұрғылықты» деген сөз «орналасқан (тұрғылықты)» деген сөздермен ауыстырылсын;

21) 191-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «алты айдан» деген сөздер «күнтізбелік жүз сексен үш күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;

22) 192-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:

«28-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;»;

23) 201-баптың 8-тармағының 11) тармақшасын­дағы «табыстар салық салуға жатпайды.» деген сөздер «табыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) ислам банкінде орналастырылған инвести­ция­­лық депозит бойынша табыс салық салуға жатпайды.»;

24 тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді

24) 220-баптың 3-тармағындағы «резидент еместің есебіне жазылған табыстарының және төлеуге жататын салықтардың сомалары көрсетілген салық есептілігінің тиісті нысанын резидент емес және (немесе) салық агенті табыс еткеннен кейін» деген сөздер «мынадай күндерден неғұрлым кеш:

өтініш берілген күннен;

резидент еместің есебіне жазылған табыстарының және төлеуге жататын салықтардың сомалары көрсетілген салық есептілігінің тиісті нысанын резидент емес және (немесе) салық агенті табыс еткен күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;

25) 250-бапта:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) ислам банкінің қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары:

жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін процентсіз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;

банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;»;

мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықты­рылсын:

«4. Ислам банктерінің мүлікті беруі Қазақстан Рес­публикасының банк заңнамасына сәйкес коммерциялық кредит бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру шеңберінде ислам банкі алуға тиіс табыс бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақтың мақсатында ислам банкі алуға тиіс табысқа сатып алушыға өткізілетін тауарға үстеме баға сомасы жатады, ол ислам банкінің Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жасалған коммерциялық кредит туралы шартының талаптары­мен айқындалады.

Осы тармақтың ережелері сатып алушы коммерция­лық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде ислам банкінің тауарды үшінші тұлғаға өткізуі жағдайларына қолданылмайды.»;

26) 262-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Есепке жатқызудың барабар әдісін пайдала­натын ислам банктерінің Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес коммерциялық кредит бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру шеңберінде мүлікті сатып алумен және берумен байла­ныс­ты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдісін қолдануға құқығы бар.»;

27-29 тармақшалар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді

27) 355-бапта:

«резидент еместер» деген сөздер «резидент емес заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша әлеуметтік салықты дербес төлеушілер болып танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі салық агенттері болып танылады.»;

28) 357-бапта:

2-тармақтағы «қызметкерге күнтізбелік ай үшін есептелген табысының жалпы сомасы» деген сөздер «күнтізбелік ай үшін осы Кодекстің 357-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған салық салу объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың 4) және 5) тармақшаларындағы «өтемдер», «өтемдері» деген сөздер «өтемақы төлемдері» деген сөздермен ауыстырылсын;

29) 359-бапта:

1-тармақта «бабының 1-тармағына» деген сөздер «бабына» деген сөзбен ауыстырылсын;

3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеумет­тік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.»;

30) 365-баптың 3-тармағының 6) тармақшасын­дағы «Халық қаhарманы» атағына ие болған» деген сөздер - «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған» деген сөздермен, 403-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы, 545-баптың 4) тармақшасындағы, 546-баптың 1) тармақ­шасының бесінші абзацындағы, 6) тармақшасының үшінші абзацындағы және 7) тармақшасының екінші абзацындағы «Халық қаhарманы» атағын алған» деген сөздер «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған» деген сөздермен ауыстырылсын;

31-43 тармақшалар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді

31) 367-баптың 1-тармағындағы кестенің 5-жолы 3-бағанының екінші абзацындағы «1» деген цифр «10» деген цифрлармен ауыстырылсын;

32) 368-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі, 2-тармағының бірінші абзацы мен 2) тармақшасын­дағы «оралымды» деген сөз «жедел» деген сөзбен ауысты­рылсын;

33) 369-баптың 1-тармағындағы «оралымды» деген сөз «жедел» деген сөзбен ауыстырылсын;

34) 373-бапта:

3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе мыналар:»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы баптың 3-тармағының 3)-7) тармақшала­рында аталған салық төлеушілер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады.»;

35) 406-баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде «қа­­лаған» деген сөз «қаланған» деген сөзбен ауыстырыл­сын;

36) 416-баптың 2-тармағының 3) тармақшасын­дағы «25 000» деген цифрлар «2 500» деген цифрлармен ауыстырылсын;

37) 419-баптың 2) тармақшасындағы «ойнауға» деген сөз «ойынына» деген сөзбен ауыстырылсын;

38) 422-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Тіркелген салықтың ставкалары»;

1-тармақтың бірінші абзацы «салық салу» деген сөздерден кейін «объектісінің» деген сөзбен толықты­рылсын;

2-тармағындағы «атқарушы» деген сөз «өкілді» деген сөзбен ауыстырылсын;

39) 426-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Патент – төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.»;

40) 446-бапта:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Әлеуметтік салықты және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.»;

41) 447-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декла­рацияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер беті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем­ақының, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрініс табады.»;

42) 456-баптың 1-бағанына өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

43) 471-бапта:

кестенің 1.45 жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тірек-қимыл мүшесі бұзылған балалар үшін арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну»;

мынадай мазмұндағы 1.45-1, 1.45-2, 1.45-3, 1.45-4, 1.45-5 жолдармен толықтырылсын:

 


1.45-1

мүгедектер, оның ішінде психоневроло­гиялық патологиялары бар мүгедек балалар үшін психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну

5

1.45-2

қарттар мен мүгедектер үшін жалпы үлгідегі медициналық- әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну

5

1.45-3

қарттар, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін аумақтық күндіз болатын орталықтарда арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну

5

1.45-4

қарттар, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін оңалту орталықтарында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну

5

1.45-5

қарттар, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін үйде күндізгі күтім жасайтын арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну

5

 

44) 495-бапта:

 

3-тармақтың кестесі мынадай редакцияда жазылсын:



 

Рет


Ластағыш заттардың

түрлері


1 тонна үшін төлем ақы ставкалары (АЕК)

1

2

3

1.

Көмірсутектер

2,23

2.

Көміртегі тотықтары

0,73

3.

Метан

0,04

4.

Күкірт диоксиды

10

5.

Азот диоксиды

10

6.

Күл

12

7.

Күкіртті сутегі

62

8.

Меркаптан

9966

 

6-тармақта:

кестенің 1.3.5 жолының 3-бағанындағы «0,033» деген цифрлар «0,33» деген цифрлармен ауыстырылсын;

кесте мынадай мазмұндағы 1.3.7 жолмен толықтырылсын:



1.3.7

техникалық және элементарлық күкірт 

3,77

 


45-47 тармақшалар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді

45) 511-баптың 5-тармағында:

бірінші бөліктегі «, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе,» деген сөздер алып тасталсын;

екінші бөлік алып тасталсын;

46) 603-баптың 2-тармағында «салық кезеңінің соңында» деген сөздерден кейін «, қосылған құн салы­ғының қайтарылуға жатпайтын асып кеткен сомасын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

47) 635-баптың 10-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «бұзушылықтарды жойған» деген сөздерден кейін «немесе бұрын жіберілген расталмаған сұрау салулар бойынша мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын уәкілетті орган растаған» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап. Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 1) тармақша­сының алтыншы абзацын, 2), 4), 6), 8) - 15), 17) - 21), 24), 27) - 29), 31) - 43), 45) - 47) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Заңы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы»


Жариялануы: «Егемен Қазақстан» 2009 ж. 21 ақпан № 70-71 (25468)

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңна­малық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

3. 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 19 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі):



1) 90-баптың мәтіні бойынша «банк немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым», «банкке немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға», «банктің немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздер тиісінше «осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші», «осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге», «осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 106-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«106-бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер

1. Банктер және лицензия негізінде банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған банк операцияла­ры­ның жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді қоспағанда (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа), мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге:

1) басқа банктерде орналастырылған корреспон­денттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;

2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда);

3) құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;

4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттеме­лерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.

Активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу тәртібін уәкілетті органмен келісе отырып қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Сақтандыру резервтерін құру тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

3. Микрокредиттік ұйымдардың салық кезеңінің ішінде берілген микрокредиттер сомасының 15 процентінен аспайтын мөлшерде өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тарап­тардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген микрокредиттер мен микрокредиттер бойын­ша шартты міндет­темелерді қоспағанда, күмәнді және үмітсіз микрокредиттерге, беріл­ген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы резерв­терді құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.

Микрокредиттерді және берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіздер санаттарына жатқызу тәртібі, сондай-ақ резервтерді құру тәртібі микрокредиттік ұйымның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талапта­рына сәйкес әзірленген есепке алу саясатында айқындалады.

3-бап. Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 9-тармағының 7) тармақшасын, 13-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет