Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет53/53
Дата25.04.2016
өлшемі11.42 Mb.
түріКодекс
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53

Қазақстан Республикасының Заңы

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Жариялануы:  "Егемен Қазақстан" 2009 ж. 14 шілде № 236-237 (25634)


1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюд­жетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар):



1) - 16) тармақшалар 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

1) мазмұнында:

39-баптың тақырыбы «тұлға» деген сөзден кейін «қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен» деген сөздермен толықтырылсын;

40-баптың тақырыбындағы «орындау ерекшеліктері» деген сөздер «орындауы» деген сөзбен ауыстырылсын;

2) 39-бапта:

тақырыбы «тұлға» деген сөзден кейін «қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен» деген сөздермен толықтырылсын;

1 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша хабарлайды.

Тапсыру актісі немесе бөліну балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға сонымен бір мезгілде орналасқан жері бойынша салық органына:

1) таратудың салық есептілігін;

2) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойыл­ғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлін­ген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені (қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда) табыс етеді.

Таратудың салық есептілігі қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша осындай есептілікті тапсыру міндеті туындаған салық кезеңі басталған сәттен бастап оны салық органына табыс ету күніне дейінгі кезең үшін жасалады.»;

«5. Қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға уәкілетті мемлекеттік орган аталған тұлғаны Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарып тастаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына сонымен бір мезгілде уәкілетті мемлекеттік органның заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы бұйрығының көшірмесін табыс етеді.»;

6-тармақтың бірінші бөлігінде:

бірінші абзацта «көрсетілген құжаттарды» деген сөз­дер «көрсетілген құжатты» деген сөздермен ауысты­рылсын;

3) тармақша алып тасталсын;

4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4) бөлініп шығу – жаңадан туындаған заңды тұлға­ны бөліп шығарған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны жаңадан туындаған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша бөліну балансы негізінде береді.»;

3) 40-бапта:

тақырыбындағы «орындау ерекшеліктері» деген сөздер «орындауы» деген сөзбен ауыстырылсын;

1 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша түрде хабарлайды.

Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде бөліну балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша салық органына сонымен бір мезгілде:

1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салық есептілігін;

3) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойыл­ғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлін­ген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені (қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда) табыс етеді.»;

«5. Бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін қайта ұйым­дастырылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жері бойынша салық органына сонымен бір мезгілде:

1) бөліну балансын;

2) банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етеді.

Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада бюджет­ке артық төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар со­малары болса, аталған сомалар осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу есебіне жатқызылады.

Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада бюджет­ке қате төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары болса, онда аталған сомалар осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есебіне жатқызылады.

Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салық берешегі жоқ болса, онда:

1) бюджетке қате төленген салықтар және басқа да міндетті төлемдер сомалары осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады;

2) бюджетке артық төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады;

3) бюджетке төленген басқа да міндетті төлемдер сомалары осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады.

Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік ауда­рымдар бойынша берешегі болмаған жағдайда, осы тар­мақта көрсетілген құжаттарды құжаттық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.»;

мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

«6. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды табыс еткеннен және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерін өтегеннен кейін салық органы осы тұлғаға осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама беруге міндетті.

Салық органы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаға салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы осы тармақта көзделген анықтаманы берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 595-бабына сәйкес бөліну балансы негізінде жаңадан туындаған заңды тұлғалардың орналасқан жері бойынша салық органына бөлінген заңды тұлғаның жеке есепшоттары бойынша сальдоны береді.

7. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) оның салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуге негіз болып табылмайды.»;

4) 43-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «түсініктемені табыс етеді» деген сөздер «түсініктемені;» деген сөзбен ауыстырылып, осы тармақ мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

«4) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені (қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда);

5) дара кәсіпкердің қызметін тоқтатуы туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты табыс етеді.»;

5) 118-бапта:

4-тармағындағы «көрсетілген активтерді қабылдап алу-беру актісінің деректері бойынша айқындалатын құн» деген сөздер «алынған активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Салық төлеушінің қосылу, бірігу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылуына байла­нысты тіркелген активтерді алу кезінде, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, алынған активтердің беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген баланстық құны осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.

Қосылу жолымен құрылған, жаңадан туындаған заңды тұлғаның немесе оған басқа заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы осы Кодекстің 119-бабының 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес беру актісінде осындай құн көрсетілген жағдайда салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркелген активтердің құнына арттырылады.»;

6) 119-баптың 4 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Тіркелген активтерді өтеусіз беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша берілген активтердің баланстық құнына азайтылады.»;

«6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосу, бірікті­ру, бөлу немесе бөліп шығару жолымен қайта ұйымдас­тыру нәтижесінде тіркелген активтердің шығып қалуы кезінде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген, берілген активтердің баланстық құнына азайтылады.

Қосу, біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру кезінде салық төлеушілер салықтық есепке алу мақсаттары үшін қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаны салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркелген активтердің құнын:

1) І топтағы тіркелген активтер бойынша – осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген, тіркелген активтердің қалдық құнын;

2) ІІ, ІІІ, ІV топтардағы тіркелген активтер бойынша топтың барлық тіркелген активтерін беру шартымен – осы Кодекстің 117-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құндық балансының шамасын беру актісінде көрсетуге құқылы.

Қосу, біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген салықтық есепке алу деректері бойынша тіркелген активтердің құнына азайтылады.»;

7) 239-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерін түзету осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған салық кезеңінде жүргізіледі.

Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын түзету сомасы өткізу айналымы жасалған күнге қолданыстағы ставка бойынша айқындалады.»;

8) 247-баптағы «басқа да міндетті төлемдердің» деген сөздер «кеден төлемдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 258-бапта:

4-тармақтың бірінші абзацындағы «Осы тармақта» деген сөздер «Осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтағы «1) тармақшасында көрсетілгенді» деген сөздер «1) және 6) тармақшаларында көрсетілгендерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 260-бапта:

1-тармақ «қосылған құн салығы» деген сөздерден кейін «, осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу жөніндегі айналымдары салық салудан босатылатын объектілер құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші салық салудан босатылатын айналымдар мақсатында және басқа да мақсаттарда пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер есебін бөлек жүргізуге міндетті.

Сонымен бір мезгілде салық салудан босатылатын ай­на­лымдар мақсатында және басқа да мақсаттарда пай­даланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша есепке жатқызудың барабар әдісі пайдаланылады.»;

11) 263-бапта:

5-тармақта:

1) тармақшадағы «цифрлық мәні бар» деген сөздер «араб цифрларымен көрсетілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы «, сондай-ақ осы баптың 18-тармағында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толық­тырылсын:

«3-1) осы баптың 18-тармағында көзделген жағдай­лар­да өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;»;

5) тармақшадағы «өнім берушінің» деген сөздер - «өнім беруші-қосылған құн салығын төлеушінің» деген сөздермен, «куәліктің» деген сөз «куәлігінің» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші немесе алушы болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі:

осы тармақтың 3), 3-1) және 4) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында осындай заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің деректемелерін көрсетеді;

осы тармақтың 5) тармақшасының талаптарын орындау мақсатында өзі құрылымдық бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның - қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәліктің нөмірін көрсетеді.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, шот-фактура өнім берушінің басшысы мен бас бухгалтерінің қолдарымен, сондай-ақ салық төлеушінің мөрімен куәландырылады.

Шот-фактура қосылған құн салығын төлеушінің шешімімен өкілеттік берілген қызметкердің қолымен куәландырылуы мүмкін.

Қосылған құн салығын төлеушінің шешімімен шот-фактура «шот-фактуралар үшін» деген арнайы деректемесі бар оның мөрімен куәландырылуы мүмкін.

Қосылған құн салығын төлеушінің шешімімен заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі ол жазып берген шот-фактураларды заңды тұлғаның осындай құрылымдық бөлімшесінің, оның ішінде осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мөрімен куәландыруға құқылы.»;

мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:

«19. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші осы Кодекстің 265-бабында көзделген тәртіппен қосымша шот-фактураны бір мезгілде мынадай шарттарға сай болған:

тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші шот-фактураны осы бапта көзделген жағдайларда осындай шот-фактура жазып берілген күнге қолданыстағы салық ставкасы бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасын көрсете отырып, өткізу айналымы жасалған күнінен бұрын жазып берілген;

шот-фактура жазып берілген күнге қолданыстағы қосылған құн салығы ставкасы осындай шот-фактура бойынша өткізу айналымы жасалған күніне қолданыстағы қосылған құн салығы ставкасынан өзгеше болған кезде жазып береді.»;

12) 265-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «реттік» деген сөз «араб цифрларымен көрсетілетін реттік» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 270-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

Шот-фактураның нөмірін көрсетуге арналған ұялардың саны электронды түрде мыналарды:

1) есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-факту­ралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары);

2) есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактура­лардың тізілімін табыс ету кезінде шектелмейді.»;

14) 342-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Су шаруашылығы жүйесі саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің өндірген жерасты суларының көлемі бойынша осы баптың бірінші бөлігінің кестесіндегі 4-тармақта белгіленген пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкасына 0,3 коэффициенті қолданылады.»;

15) 398-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнының 0,5 процент ставкасы бойынша мына салық төлеушілер:

1) дара кәсіпкерлер;

2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар есептейді.»;

3-тармақтың 7) тармақшасындағы «объектілерін пайдаланатын заңды тұлғалар» деген сөздер «объектілері бойынша заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;

16) 399-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлем­дер салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап са­лық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айла­рының санына көбейтілген, келіп түскен күніне бухгалтер­лік есеп деректері бойынша айқындалған, келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-іне са­лық ставкасын қолдану жолымен айқындалады. Ағымдағы төлемдер көбейтілуі тиіс сома осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдер бойынша тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, ағымдағы төлемдер салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, шығып қалған салық салу объектілерінің құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады.

Бұл ретте мыналар:

келіп түскен күнге бухгалтерлік есеп деректері бойынша бастапқы құны – ағымдағы салық кезеңінде келіп түскен салық салу объектілері бойынша;

салық кезеңі басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құны – басқа салық салу объектілері бойынша шығып қалған салық салу объектілерінің құны болып табылады.

Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдерді төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.»;

17) 450-бапта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық төлеуші арнаулы салық режимін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді. Салықтық өтініш арнаулы салық режимін қолдануға арналған өтініште көрсетілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.»;

жетінші бөліктегі «20 ақпаннан» деген сөздер «ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;

18) 471-баптың кестесіндегі 1.90.-жол алып тасталсын;

19) - 20) тармақшалар 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

19) 569-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің төртінші абзацындағы «бойынша құқығы жоқ.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

«резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің құқығы жоқ.»;

20) 611-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «бастап он жұмыс күні ішінде» деген сөздер «кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1) - 16), 19), 20) тармақшаларын және 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

Қазақстан Республикасының Заңы

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Жариялануы:  "Егемен Қазақстан" 2009 ж. 18 шілде № 241 (25638)

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар):



1) 236-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «жалпыға ортақ телекоммуникациялық желілердегі веб-сайттарда» деген сөздер «интернет-ресурста» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 263-баптың 11-тармағындағы «Жалпыға бірдей қол жетімді телекоммуникациялық желілердегі веб-сайтта» деген сөздер «Интернет-ресурста» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 621-баптың 2-тармағындағы «веб-сайтында» деген сөздер «интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Заңы

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  денсаулық сақтау мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Жариялануы:  «Егемен Қазақстан» 2009 ж. 12 тамыз № 267 (25664)

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем­дер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар):



1) 455-баптың 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;»;

2) 456-баптың кестесінің 2-бағанының 7., 7.1., 7.2.-жолдары «заттарды» деген сөзден кейін «, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 471-баптың кестесінің 2-бағанында:

1.43.-жолдағы «, дәрігерлік» деген сөз алып тасталсын;

1.44.-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Фармацевтикалық қызмет»;

4) 582-баптың 3) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеуді;».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Заңы

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Жариялануы:  "Егемен Қазақстан" 2009 ж. 28 шілде № 248-249 (25646)

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

8. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Респуб­ликасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар):



1) 556-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салықтық бақылау – Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық қызметі органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.

2. Салықтық бақылау:

1) салықтық тексеру нысанында;

2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

3. Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:

1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;

2) бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуына бақылау;

3) акцизделетін тауарларға бақылау;

4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;

5) мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына бақылау;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функция­ларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысаны шеңберінде:

1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;

2) салықтық нысандарды қабылдау;

3) камералдық бақылау;

4) ірі салық төлеушілердің мониториигі;

5) салықтық зерттеп-қарау жүзеге асыры­лады.

5. Салықтық тексеруді жүргізудің жалпы тәртібі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі мен мер­зімінің ерекшеліктері осы Кодексте ай­қындалады.

7. Уәкілетті орган «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтаның нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;

2) 557-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының жетінші абзацындағы «туралы мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) салықтық тексеру жоспары туралы мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.»;

3) 625-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

4) 627-бапта:

2-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«мынадай:

салық органдарында тіркеу есебіне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

этил спиртін босатуға лицензияның, рұқ­сат­тың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көр­сетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер кезінде – нұсқамада көрсетілген аумақтың учаскесінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші;»;

4-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

5-тармақта:

2) тармақшаның он үшінші абзацындағы «орындалуы мәселелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салық қызметі органы жүргізетін тексеру.» деген сөздер «орындалуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он төртінші – жиырма сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

«салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша шағымын қарау;

төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға резидент еместің салықтық өтінішін қайта қарау туралы өтінішін қарау;

мемлекет меншігіне айналдырылған (айнал­ды­руға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, ба­ғалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтау;

уәкілетті мемлекеттік және жергілікті ат­қарушы органдардың Қазақстан Республика­сының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігіндегі қызметі;

салық органдарында тіркеу есебіне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсат­тың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;

бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін сақтау;

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін лицензиялау қағидалары мен оларды өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;

касса бойынша шығыс операцияларын тоқ­тата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау мәселелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салық қызметі органы жүргізетін тексеру.

Мынадай:


салық органдарында тіркеу есебіне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсат­тың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көр­сетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектері бірлестіктерінің өкілдері осындай бірлестіктермен келісім бойынша тартылуы мүмкін.

Жеке кәсіпкерлік субъектері бірлестіктерінің өкілдері көрсетілген тақырыптық тексерулерді жүргізуі кезінде салық төлеуші құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Тақырыптық тексеру актісінде жеке кәсіпкерлік субъектерінің бірлестіктері өкілдерінің қатысу фактісі тіркеледі.».

3) тармақшадағы «және кешенді» деген сөздер «, кешенді» деген сөзбен ауыстырылып, «және қосымша» деген сөздер алып тасталсын;

4) тармақша алып тасталсын;

6-тармақ алып тасталсын;

9-тармақта:

1) тармақшадағы «салық қызметі органы тоқсан сайын» деген сөздер «уәкілетті орган жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын.

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жоспардан тыс тексеру – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген, оның ішінде:

салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша;

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша;

салық төлеуші (салық агенті) бұрын тек­серілген салық кезеңіне қосымша салық есептілі­гін осындай қосымша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында табыс еткен жағдайда;

салық қызметі органының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы салықтық тексеру барысында келіп түспеген жауап алынған жағдайда;

осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеуші (салық агенті) орындамаған жағдайда;

резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;

резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына байланысты;

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат қызметінің тоқтатылуына байланысты;

салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты;

жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімінің өтуіне байланысты;

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша;

Қазақстан Республикасының салық заңна­масына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелері бойынша;

қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау бойынша салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген талаптары негізінде;

резидент еместің төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтініші негізінде;

Қазақстан Республикасының салық заңнама­сында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Рес­публикасының өзге де заңдарында белгіленген міндеттерді банктердің және банк операция­ларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы мәселелері бойынша;

соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;

сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;

салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағымын – осы шағымда көрсетілген мәселелер бойынша;

резидент еместің төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ере­желеріне сәйкес шартты банк салымынан қай­таруға салықтық өтінішін қайта қарау туралы өтінішіне байланысты;

олар бойынша лицензиар лицензия қолда­нысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәселесі бойынша;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның шешімі негізінде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.

Осы баптың 9-тармағының 2) тармақша­сын­да көрсетілген жоспардан тыс тексерулер бұрын тексерілген кезең үшін жүзеге асырылады.»;

5) 628 және 630-баптар алып тасталсын;

6) 632-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мынадай:

салық органдарында тіркеу есебіне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексеру тағайындалған кезде нұсқамада аумақтың тексерілетін учаскесі, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тармақта көзделген мәліметтер көрсетілуге тиіс.»;

4-тармақтың екінші бөлігіндегі «және рейдтік салықтық» деген сөздер алып тасталсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мынадай:

салық органдарында тіркеу есебіне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсат­тың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көр­сетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.»;

7-тармақ алып тасталсын;

7) 633-бапта:

3-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Салық қызметі органының салықтық тексеру жүргізуші лауазымды адамы, мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу кар­точкасының болуы мәселелері бойынша тақырып­тық тексерулерді қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың түпнұсқасын тапсырады.»;

4-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәсе­ле­лері бойынша тақырыптық тексерулер жүргізілген кезде салық төлеушіге немесе оның тауарларды өтк­ізуді жүзеге асыратын және қызмет көрсететін қызметкеріне танысу үшін нұсқаманың түп­нұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі тапсырылады.»;

8) 637-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «және қосымша» деген сөздер алып тасталсын;

9) 670-бапта:

2-тармақтағы «қосымша» деген сөз «тақырыптық» деген сөзбен ауыстырылсын;

5-тармақтағы «қосымша» деген сөз «тақырыптық» деген сөзбен ауыстырылсын;

10) 672-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «қосымша» деген сөз «тақырыптық» деген сөзбен ауыстырылсын;

11) 675-баптағы «Қосымша», «қосымша» деген сөздер тиісінше «Тақырыптық», «тақырыптық» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 685-баптағы «Қосымша», «қосымша» деген сөздер тиісінше «Тақырыптық», «тақырыптық» деген сөздермен ауыстырылсын.



2-бап. Осы Заңның 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 56-тармағының 15) тармақшасын және осы Заңның 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 32-тармағының үшінші абзацын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап алты ай ішінде мемлекеттік органдар тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, міндетті ведомстволық статистикалық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын әзірлеуге және бекітуге міндетті.

Белгіленген мерзім өткеннен соң осы баптың екінші бөлігінің талаптарын орындағанға дейін мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жоспарлы тексерулер жүргізуіне тыйым салынады.
Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет