Курсы: 1 Семестр: 1 Астана 2012



Дата25.04.2016
өлшемі252.53 Kb.





«Астана медицина университеті» АҚ

С-07.1.5-1


Шығарылған күні: 1.09.2011



Биология кафедрасы

Қайта қаралған күні: 29.08. 2012


Қайта қаралды


бет



СИЛЛАБУС

Пәні: Молекулалық биология және медициналық генетика

Пән коды:МВМG 1201

Мамандығы: 051302 «Стоматология»

Сағат саны: 108

Курсы: 1


Семестр: 1

Астана 2012

Силлабус Қазақстан Республикасының білім беру жалпы міндетті мемлекеттік стандартқа сәйкес құрастырылған. Бакалавриат. (Астана 2006) 051302- Стоматология мамандығы үшін «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрылған.
Құрастырушылар: Сманова Г.Б.

Силлабус «Астана медициналық университеті» АҚ 051302- Стоматология мамандығы бойынша оқыйтын студенттер үшін арналған.


Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген.
№ ___ хаттама «___» ____________ 201_ ж.

кафедра меңгерушісі

м.ғ.к. доцент Б.С. Мамбетпаева
Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген.
№ ___ хаттама «___» ____________ 201_ ж.

кафедра меңгерушісі

м.ғ.к. доцент Б.С. Мамбетпаева
Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген.
№ ___ хаттама «___» ____________ 201_ ж.

кафедра меңгерушісі

м.ғ.к. доцент Б.С. Мамбетпаева

1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:

Кафедра меңгерушісі: Мамбетпаева Бахыт Смағұлқызы, медицина ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми қызығушылығы: Әртүрлі жануарлардағы стресстің кейбір формалары мен гипоксиялық жағдайлардағы өкпенің гормондық реттелуін оқып үйрену.

Орыс және қазақ тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.



Профессор Мироедова Эльвира Павловна, биология ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми қызығушылығы: Экстремальдық жағдайлар цитогенетикасы.

Орыс тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.



Кафедра доценті Алтаева Нұрсұлу Закирияқызы

Ғылыми қызығушылығы. Ақмола облысының уран өндіретін өңірлеріндегі сүтқоректілерді цитогенетикалық зерттеу

Қазақ тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.



Аға оқытушы Сманова Гульмира Бамадинқызы

Ғылыми қызығушылығы. Эволюциялық саты бойынша өкпе тінінің метаболизміне негізгі стресстік гормондардың әсер етуі.

Қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.



Аға оқытушы Абдрахманова Балқия Мұхамеджанқызы

Ғылыми қызығушылығы. Паразитология сұрақтары.

Аға оқытушы Жалмақанова Жанар Жұманбайқызы КарГУ, Биологиялық факультетті бітірді.

Оқытушы Қарагұлова Айжан Шишнұрқызы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰҰ бітірді.

Оқытушы Қалбаева Айнагүл Еркінқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, Биология факультеті.

Ғылыми қызығушылығы Оқу үлгеріміне сыртқы орта әсері.

1.8 Байланыстық ақпарат

Кафедраның мекен-жайы : Астана қаласы, . Бейбітшілік көшесі, 49, 3 этаж. «АМУ» АҚ оқу корпусы.


1.9 Пәннің саясаты

  • Дәрістер мен сабақтарға міндетті түрде қатысу,

  • Жіберілген сабақтарды өз уақытында қайта тапсыру,(екі апта аралығында)

  • Оқу тәртібін сақтау,

  • Құрал-жабдықтарды сақтау, техникалық қауіпсіздік ережесін білу және сақтау.

  • Ұялы телефондарды қолданбау

Халат, дәріске арналған дәптер, тәжірибелік сабақтарға арналған сурет альбомы болуы қажет.


2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Молекулалық биология нуклеин қышқылдарының және нәруыздардың құрылысы мен қасиеттерін, матрицалық синтездерді, генетикалық материалдың ұйымдастырылуын және қызметке асырылуын, сонымен қатар, жасушалардың және ондағы органеллалардың құрылысы мен қызметінің молекулалық негіздерін, жасушадағы өсу, көбею, бөліну және жойылу кезеңдерін зерттейді. Медициналық генетика тұқымқуалайтын аурулардың түзілуі мен даму себептерін, олардың диагностикасын, профилактикасын және емдеуді оқытады.

Медициналық жоғарғы оқу орындарында молекулалық биологияны оқытуда интегрирленген жүйеде білім беру, жасушаның құрылысы мен қызметінің молекулалық негіздерін, гендердің экспрессиялы реттелуін, матрицалық синтездердің реттелуін, сигналдардың берілу механизмдерін түсіну үшін, базалық білімді қалыптастырады. Сондықтан, медициналық генетиканың мазмұнын құрастыратын бұл білім, тіршіліктегі қалыпты кезеңдермен қатар, ондағы бұзылыстарды түсіну үшін, көптеген аурулардың түзілу себептерін анықтайтын, әсіресе хромосомалар мен гендердегі мутациямен байланысты тұқымқуалайтын ауруларға анықтама беру үшін қажет.

Мұндай қалыптасқан дайындық бірінші курстан бастап студенттерде клиникалық ойлау қабілетін түзуге мүмкіндік береді. Студент, молекулалық биологияны және медициналық генетиканы оқығанда, тіршілік кезеңдеріндегі молекулалық және жасушалық негіздердің бұзылу механизмдерін және олардың, патологиялық халдің түзілуі мен көрініс беруіндегі рөлін, сонымен қатар, диагностика мен профилактиканың қазіргі кездегі молекулалы-генетикалық әдістерін оқып, игереді.

Бұл игерілген білім биологиялық химия, гистология, физиология, патологиялық физиология, жалпы иммунология, фармакология, педиатрия, неврология, акушерлік және гинекология пәндерін оқу үшін теориялық база болып табылады.
2.2 Пәннің мақсаты:

Ағзадағы негізгі молекулалы-генетикалық және жасушалық механизмдер туралы қазіргі кездегі білімді студенттерде қалыптастыру және осы білімнің клиникалық тәжірибеде қолданылуы.




2.3 Міндеттері:

  • Кең тараған ауруларға эффективті диагностика, профилактика жүргізу және емдеу үшін, ағзаның қалыпты және патологиялық халдегі қызметтерінің молекулалы-генетикалық және жасушалық механизмдерінің рөлі туралы түсінікті қалыптастыру.

  • теориялық және тәжірибелік медицинада, қазіргі кездегі молекулалы-генетикалық әдістер мен технологияларды қолданудың негізгі принциптері туралы түсінікті қалыптастыру

  • кең тараған тұқымқуалайтын ауруларға қазіргі кездегі диагностика мен профилактиканы жүргізу үшін, тұқымқуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуді үйрету

  • медицинадағы молекулалы-генетикалық зерттеулер табыстарын қолданудың этикалық және құқықтық нормалары туралы түсінік беру

  • тұқымқуалайтын аурулар бойынша, ғылыми әдебиеттермен және электрондық мәліметтер базаларымен жұмыс істеу дағдысын үйрету


2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуге тиіс:

  • тіршілік ұйымдарының жасушалық және молекулалы-генетикалық деңгейіндегі айырмашылықтары;

  • тұқымқуалайтын материалдың гендік, хромосомдық және геномдық деңгейдегі құрылымды–қызметтік ұйымы

  • жасушааралық өзара әсерді қамтамасыз етудегі биологиялық мембрананың рөлін, қалыпты және патологиялық халдегі мембраналық тасымалдау мен сигнализация механизмдері

  • генетикалық және жасушалық гомеостаздың тұрақтылық сақтауының негізгі механизмдері;

  • тұқымқуалайтын өзгергіштіктің түзілу себептері мен механизмдерін және олардың, адамдағы тұқымқуалайтын патологиялар мен дамудағы туа біткен ақаулардың түзілуіндегі рөлі;

  • адамдағы тұқымқуалайтын патологиялардың негізгі белгілері;

  • тұқымқуалайтын аурулар диагностикасының; профилактикасының және емдеуінің негізгі принциптері;

  • молекулалы-генетикалық әдістер мен технологияларды медицинада қолданудың негізгі принциптері;

  • молекуларлы-биологиялық және генетикалық терминологияны халықаралық тілде;


  • Істей алуға тиісті:

  • молекулалы-генетикалық кезеңдер туралы білімін ауру дамуындағы механизмдерді түсіндіру үшін қолдану;

  • адамдағы негізгі, анағұрлым кең тараған тұқымқуалайтын ауруларды ажырата білу;

  • хромосомалардың әртүрлі түрлерін дифференцирлеу және адамның қалыпты және патологиялық кариотипін ажырата білу;

  • адамның тұқымқуалайтын ауруларына болжам жасау үшін, генеалогиялық әдісті қолдану;

  • арнайы сөздік материалын, молекулалы-биологиялық және генетикалық терминологияны, электрондық генетикалық мәліметтер базасын және т.б. қолдану;


2.5 Пәннің алғы реквизиттері: Жалпы биология, химия, медициналық биофизиканың мектептегі курсы

2.6 Пәннің кейінгі реквизиттері: биохимия, гистология, микробиология, физиология, патологиялық физиология, фармакология, ішкі аурулар, балалар ауруы, неврология, акушерлік және гинекология.
2.7 Сабақтың тақырыптық жоспары




Дәріс тақырыптары

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

1

Нуклеин қышқылдары, жіктелуі, құрылыс, қызметтері, биосинтезі

Жалпы шолу

1

2

Нуклеин қышқылының биосинтезі

Жалпы шолу

1

3

Нәруыз биосинтезі.

Жалпы шолу

1

4

Про- және эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуі.

Жалпы шолу

1

5

Геономның құрылымдық-қызметтік ұйымдасуы. Гендер, жіктелуі. Прокариот және эукариот геномының ерекшеліктері.

Жалпы шолу

1

6

Генетикалық гомеостаздың бұзылуы және оның адам патологиясында көрініс беруі.

Жалпы шолу

1

7

Молекулалы-генетикалық зерттеу әдістері және олардың медицинада қолданылуы

Жалпы шолу

1

8

Биологиялық мембрананың молекулалық құрылысы мен қызметі.

Жалпы шолу

1

9

Қалыпты және патологиялық жағдайдағы биологиялық мембрана қызметінің молекулалы генетикалық мезанизмі.

Жалпы шолу

1

10

Жасушааралық сигнализация және интеграцияның молекулалық механизмдері.

Жалпы шолу

1

11

Жасушалық цикл. Тіршілік және митотикалық цикл

Жалпы шолу

1

12

Жасушалық циклдің реттелуінің молекулалы-генетикалық механизмдері. Апоптоз. Канцерогенез.

Жалпы шолу

1

13

Даму генетикасы.

Жалпы шолу

1

14

Адамның тұқымқуалайтын аурулары.

Жалпы шолу

1

15

Тұқымқуалайтын аурулардың негізгі топтары.

Жалпы шолу

1

16

Тұқым қуалайтын ауруларды диагностикалау, профилактикасы және емдеу негіздері

Жалпы шолу

1

17

Популяциялық генетика негіздері

Жалпы шолу

1

18

Экогенетика және фармакогенетика негіздері

Жалпы шолу

1




Жалпы сағат саны: 18











Тәжірибелік сабақтың тақырыптары

Өткізу түрі

Сабақ

тың ұзақ


тығы

1

Молекулалық биологияға кіріспе. Нәруыздардың құрылысы мен қызметтері

семинар

3

2

Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметтері

семинар, ситуациялық есептерді шығару

3

3

Нуклеин қышқылдарының биосинтезі

семинарлар, ситуациялық есептерді шығару

3

4

Генетикалық код, түсінік, қасиеттері. Нәруыз биосинтезі

семинар, ситуациялық есептерді шығару

3

5

Жасушаның генетикалық аппараты

семинар, ситуациялық есептерді шығару

3

6

Мутациялар. Жіктелуі. Репарация.

Семинар

ситуациялық есептерді шығару



3

7

Молекулалық-генетикалық зерттеу әдістері және оларды медицинада қолданылуы

Семинар

3

8

Аралық бақылау – коллоквиум

Коллоквиум

3

9

Жасушаішілік органеллалардың құрылысы мен қызметі

Семинар

Препараттарды микроскоптан қарау



3

10

Цитоқаңқа. Жасушааралық байланыстар, жасушааралық адгезия, жасушаішілк матрикс

Семинар

3

11

Жасушаға сигналды берудің молекулалық механизмдері және негізгі этаптары

Семинар

3

12

Жасушалық цикл және жасушаның бөлінуі. Жасуша пролиферациясы реттелуінің молекулалық-генетикалық механизмдері

Семинар

Препараттарды микроскоптан қарау



3

13

Аралық бақылау – коллоквиум

Коллоквиум

3

14

Жеке даму генетикасы

Дамудың туа біткен ақауларының генетикасы



Семинар

3

15

Медициналық генетикаға кіріспе. Белгілердің негізгі тұқым қуалау типтері.

Семинар

3

16

Адамның тұқымқуалайтын аурулары, жіктелуі, медико-элеуметтік маңызы

Семинар

3

17

Тұқым қуалайтын ауруларды диагностикалау әдістері және профилактикасы. Емдеу әдістері.


Семинар

3

18

Аралық бақылау – коллоквиум

Коллоквиум

3




Жалпы сағат саны: 54








Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары


Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары


Тапсырма

1

Генетикалық инженерия негіздері.

1. Генетикалық инженерия маңызын оқып үйрену.

2. Рефераттар презентациясы



2

Ағзаларды клондау

Рефераттар презентациясы

3

Везикулалық тасымалдау

1. Құрамында мембраналық көпіршіктер – везикулалары бар мембрана арқылы жоғары молекулалық қосылыстар мен бөлшектердің везикулярлы ауысу әдістерін оқып үйрен.

2. Эндоцитоз – бөлшектердің жасушаға ауысу жолдары.

3. Экзоцитоз- -жасушадан бөлшектер мен ірі қосылыстардың шығарылуы


4

Қартаюдың молекулалы-генетикалық механизмдері

1. Қартаюдың теломерлік теориясының негізгі жағдайлары мен маңызын оқып үйрену.

2. Соматикалық және жыныс жасушаларына қолданылатын теломерлік теорияның жағдайларын оқып үйрену.

3. Рефераттар презентациясы


5

Гаметогенез. Оогенез. Сперматогенез.

1. Гаметогенездің цитологиялық және цитогенетикалық үрдістерін оқып үйрену.

2. Жыныс жасушаларының биологиялық құрамы мен құрылысын оқып үйрену.

3. Ұрықтану – аталық және аналық жыныс гаметаларының қосылуы.


  1. Гамета әрекеттесулерінің түрлері.

  2. Рефераттар презентациясы

6

Мейоз. Генетикалық материалдың рекомбинациясы.

1. Маңызы сәйкес келетін ерекше бөліну – мейозды оқып үйрену.

2. Мейоздың цитологиялық схемасын оқып үйрену:

4. Рефераттар презентациясы


7

Адамның жыныс генетикасы

1. Адам жынысының қалыптасуындағы хромосомалық механизмді оқып үйрену .

  1. Адам жынысының қалыптасуындағы молекулалы –генетикалық механизмді оқып үйрену.

  2. Адам жынысының екіншілік детерминациясын оқып үйрену.

  3. Рефераттар презентациясы

8

Бағаналық жасушалар, медициналық маңызы

1. Бағаналы жасушаның құрамын оқып үйрену

2. Медицинада бағаналы жасушаны қолдану туралы түсінктер құрастыру.

3. Реферат дайындау.


9

Адамның тұқымқуалайтын патологиясындағы тұқымқуалаушылық пен ортаның рөлі.

1. Адам патологиясындағы орта және тұқымқуалайтын факторлардың тәуелділігін оқып үйрену: Полигенді тұқымқуалау гендердің,пенетранттылығы,гендердің,экспрессивтілігі,генокопиялар,фенокопиялар,мутагенді ортафакторлары,канцерогенді орта факторлары.

4.Рефераттар презентациясы



10

Қазақстанның қоршаған ортасының ластануы нәтижесіндегі генетикалық зардаптар.

  1. Тақырыптың біреуіне реферат дайындау:

  • Иондаушы сәулелердің мутагенді әсері

  • Ультракүлгін сәулелердің мутагенді әсері

  • Химиялық қосылыстардың мутагенді әсері

Канцерогенез, ортаның канцерогенді факторы, ағзаға әсері

Қорытынды бақылауға қенес беру уақыты емтиханға екі күн қалғанда емтихан кестесі бойынша өтеді.




Оқытушылардың аты жөні

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жума

Мамбетпаева Б.С.







16.00







Мироедова Э.П.







17.00







Алтаева Н.З.

16.00













Сманова Г.Б.













16.00

Абдрахманова Б.М.




16.00










Жалмаканова Ж.Ж.




13.00










Калбаева А.Е.










13.00-15.00




Карагулова А.Ш.













10.00-14.00

Қорытынды бақылауға қенес беру уақыты емтиханға екі күн қалғанда емтихан кестесі бойынша өтеді.

2.8 Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • Дәрістер: жалпы шолу және мәселелік.

  • Тәжірибелік сабақ: семинарлар, ситуациялық есептерді шығару, мультимедийлық мәліметтер базасымен, компьютерлік модельдермен және бағдарламалармен жұмыс, препараттарды микроскопирлеу; кіші топтармен жұмыс (РBL): іскерлік ойындар, жағдайды талдау, ситуацияны модельдеу.

  • Студенттердің өзіндік жұмысы:

әдебиеттермен, электрондық мәліметтер базасымен және компьютерлік оқыту бағдарламаларымен жұмыс, ситуациялық есептерді шығару; глоссария, аурудың диагностикасы мен профилактикасының алгоритмін құрастыру, тесттік тапсырмаларды орындау, ғылыми баяндамаларды дайындау және қорғау, эссе
2.9 Білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

  • Күнделікті бағалау: тестілеу, жазбаша/ауызша сұрау, бағдарланған бақылау, ситуациялық есептерді шығару, жұмыстың орындалу нәтижелерін көрнекілеуді және т.б. тексеру, кіші топтардағы жүргізілген жұмыс бойынша, өзіндік және топтық бағалау.

  • Аралық бақылау: коллоквиум

  • Қорытынды бақылау: емтихан


2.10 Ұсынылатын әдебиет:

2.9 Әдебиет: негізгі және қосымша

Орыс тілінде:

Негізгі оқулықтар:

1. Биология. Оқулық / В.Н. Ярыгин редакциясында, 1-2 кітаптар, 2004 ж.

2. Қазымбет П.К. , Мироедова Э.П. Биология. Мед. вуздардың студенттеріне арналған оқу құралы, І – ІІ бөлімдер, Астана 2006-2007 жж.

3. Медициналық биология және генетика. / Е.Ө. Қуандыков редакциясында, Алматы, 2004ж.

Қосымша оқулықтар:

1. Биология. Медициналық оқу орындары студенттерне арналған оқу құралы (В.П. Иванов , Л.А. Гребенник, А.И. Кириленко), Курск 2003ж

2. Пехов А.П. Биология және жалпы генетика. Оқулық Санкт – Петербург. М Ростов, 2006ж.

3. Медициналық паразитология. Мед. оқу орындары студенттерге арналған оқу құралы (Е.Н. Барышников, / М, 2005)

4. Жалпы биология және жалпы генетика сұрақтары және есептері. / Мед. оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы (Иткес А.В. редакциясында, М, 2004).

Қазақ тілінде:

Негізгі оқулықтар:

1. Е.Ө. Қуандыков, С.А. Әбілаев. Медициналық биология және генетика. Алматы 2006

2. П.Қ. Қызымбет, Л. Аманжолова , Қ. Нұртаева Медициналық биология Алматы 2002

3. Медициналық биология және генетика. Қуандыков Е.Ө. редакциясында, Алматы 2004

Қосымша әдебиеттер:

1. Стамбеков Е.Ж. Генетика. Оқу құралы. Түз. Толық. Новосибирск, 2002

2. Медициналық паразитология. Оқулық / ҚҰМУ : С Әміреев; А. Жаханов, Құдайбергенұлы. Алматы Кітап, 2005

3. Генетика. Оқу құралы / Р. 1 Берсімбаев Қ.Қ. Мухаметжанов, Алматы, Қазақ Ұлттық университеті; 2002.

Ағылшынша оқулық:

1. J.H. Postlethwait, J.L. Hopson, R.C. Veres. Biology. USA – 1991.

2. Biology. Selvam J. – Deli. – 1992.

3. Mange E.J. Mange A.P. Basic Human Genetics Second Edition, -1998,

4. T.A. Brown. Genetics a molecular approach. -Chapman and Hall, 1990.



Студенттердің білімін бағалау қағидалары

Биология кафедрасында 1 курс студенттерін

пән бойынша бағалау критериі
Биология кафедрасындағы 1 курс студенттеріне «Стоматология» мамандығына «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәні бойынша білім беріледі.

1 курс студенттерінің пән бойынша кунделікті оқу үлгерімін, аралық бақылау қорытындысын, өзіндік жұмысы мен оқытушы мен студенттің өзіндік жұмысын, қорытынды бақылау білімінің көрсеткіштерін бағалау үшін сандық эквиваленттік шкала қолданылды.


Білім алушының оқудағы жетістігін төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес, әріптік жүйемен бағалау.


Әріптік жүйе бағасы

Балдардың сандық баламасы

Пайыздық мөлшер

Бағалаудың дәстүрлі түрі

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

1.2. Бағалау критериі


1 «Өте жақсы» бағасы «А» (4,0 немесе 95-100 ұпайына) және «А-» (3.67 немесе 90-94 ұпайына) сәйкес келеді.

«Өте жақсы» бағасы, «А» (95-100 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 95 пайыз болғанда қойылады. Студент қосымша әдебиеттерді қолданып, биологиялық терминдерді анықтап, медицинада молекулалық генетикалық процестердің мағынасын ашып меңгереді. Нәруыз синтезінің есептерін қатесіз орындап, тұқымқуалау белгілерін, ауруларына талдау жүргізеді. Студент өзіндік жұмысын, тест тапсырмаларын сапалы және уақытында орындай біледі.

«Өте жақсы» бағасы, «А-» (90-94 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 90 пайыз болғанда қойылады. Студенттің пән бойынша ауызша дайындығы өте жоғары, ситуациялық есептердді әр түрлі әдіс тәсілдермен шығарады. Қорытынды тест тапсырмалары мен есептері өте жақсы орындайды. Биологиялық терминдерді қолдануда, өзіндік жұмыстарды орындауда нақты жауап бере алмайды.

2 «Жақсы» бағасы «В+» (3,33 немесе 85-89 ұпайына) және «В» (3,0 немесе 80-84 ұпайына) «В- » (2,67 немесе 75-79 ұпайына) сәйкес келеді.

«Жақсы» бағасы, «В+» (85-89 бал)студенттің қорытынды тест көрсеткіші 85 пайыз болғанда қойылады. Студент пән бойынша білімді жақсы меңгергендігін көрсетеді. Тапсырмаға жауап беру барысында, күрделі қателіктер жібермейді, ситуациялық есептерді, СӨЖ,ОС
ӨЖ тапсырмаларын қатесіз, ұқыпты орындап, қорытынды тест тапсырмалары мен аралық бақылауды жақсы деген бағаға орындайды. Электрондық мәліметтер базасын қолданып, материалды жүйелей алады.

«Жақсы» бағасы, «В» (80-84 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 80 пайыз болғанда қойылады. Студент молекулалық биология мен генетиканың негізгі түсінігін меңгеріп, биологиялық терминдерді еркін игереді. Өзіндік жұмысты оқытушының көмегімен орындайды, тест тапсырмаларын және аралық бақылау тапсырмаларын жақсы бағаға орындайды, теориялық білімі мен тәжірибелік білімі орташа, жауаптарында қателіктер кездеседі және оқулық пен қосымша әдебиеттерді толық қолданбайды..

«Жақсы» бағасы, «В-» (75-79 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 75 пайыз болғанда қойылады. Студент молекулалық биология мен генетика бойынша жалпы түсінік пен тәжірибелік білімді ғана меңгереді. Тапсырмаларды оқытушының жетекшілігімен орындайды. Молекулалы генетикалық терминдерді меңгереді. Ситуациялық есептерді әр түрлі жолдармен қателіктермен орындайды, оқытушының көмегін қажет етеді. Аралық бақылауда қателіктер жіберіп, материалдарды меңгеру білім жеткіліксіз болады.

3 «Қанағаттанарлық» бағасы «С+» (2,33 немесе 70-74 ұпайына) және «С» (2,0 немесе 65-69 ұпайына) «С- » (1,67 немесе 60-64 ұпайына) сәйкес келеді.

«Қанағаттанарлық» бағасы, «С+» (70-74 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 70 пайыз болғанда қойылады. Студенттің теориялық білімі мен тәжірибелік сабаққа дайындығы төмен болады. Ситуациялық есептер мен тәжірибелік сабақ тапсырмаларын орындауда оқытушының көмегін қажет етеді.

"Қанағаттанарлық" "С"(65 - 69 бал), студенттің қорытынды тест көрсеткіші 65 пайыз болғанда қойылады. Студент бағдарламалық материалды меңгеруде, тәжірибелік және өзіндік тапсырмаларды орындағанда қиналады, жинақтап қорытынды шығара алмайды. Арнайы терминдерді, тәжірибелік сабақтарды және ситуациялық есептерді шешкен кезінде қиындықтан өтеді. Өзіндік жұмысты орындаған кезде жауаптарында қате және ескертулер алады. Қосымша әдебиетпен және оқулықтармен жұмысты аз істейді.

"Қанағаттанарлық" "С-" (60 - 64 бал), студенттің қорытынды тест көрсеткіші 60 пайыз болғанда қойылады.бағдарламалық материалдың мағына аралығын меңгеру, тәжірибелік және өзіндік тапсырмаларды орындағанда қиналады, аралық бақылау кезінде қорытынды шығара алмайды. Тапсырмаларды оқытушының көмегімен орындайды

«Қанағаттанарлық» бағасы, «Д+» (55-59 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 55 пайыз болғанда қойылады. Студент молекулалық биология мен генетика бойынша жалпы түсінігін, молекулалық генетикалық терминдерді төмен деңгейде меңгереді, тәжірибелік тапсырмалар мен ситуациялық есептерді орындауда қиыншылықтар туындайды. Өзіндік жұмыс орындауда оқытушының көмегін қажет етеді. Аралық бақылауды тапсыру өте төмен деңгейде болады.

«Қанағаттанарлық» бағасы, «Д» (50-54 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 50 пайыз болғанда қойылады. Студент ситуациялық есептерді орындауда қиыншылықтар туындайды. Өзіндік жұмыс орындауда қателіктер жіберіп, ескертулер алады. Теориялық және практикалық білімді меңгеру үшін оқытушының көмегін қажет етеді. Аралық бақылауды уақытында тапсырмай, қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау төмен деңгейде болады.

«Қанағаттанарлықсыз» бағасы «F» (0 немесе 49 ұпайына) сәйкес келеді.

Қанағаттанарлықсыз «F» (0- 49 бал) ) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 50 пайыз болғанда қойылады.Студент ситуациялық есептерді орындай алмай, молекулалық биология мен генетика бойынша жалпы түсінігі болмайды. Оқытушының көмегінсіз өзіндік жұмысқа қорытынды жасай алмайды. Мәнжазба жұмыстарында теориялық сұрақтарға жауап бермейді.

Әріптік жүйеден сандық эквиваленттік балдың коэффициенті.

1 Курс

Орташа күнделікті балы 0.3 коэффициент

Орташа ОСӨЖ 0.3 коэффициент

Аралық бақылау 0.5 коэффициент

СӨЖ 0.2 коэффициент

ҚББ 0.6 коэффициент

ҚБ 0.4 коэффициент
1.4 Білімді бағалаудың ережесі мен критерилері
Студенттің білімін бағалау мен бақылау 100 балдық рейтингтік жүйемен жүргізіледі.Студенттің күнделікті үлгерім бағасы, аралық бақылау, өзіндік жүмыс пен күнделікті баға қорытындысымен қойылады. Қорытынды бақылау пәннің күнтізбелік тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі.

Студенттің пән бойынша білімі РРБ арқылы анықталады: күнделікті аудиториялық бағалардың қорытындысы, аралық бақылау бағасы және студенттің өзіндік жұмысының бағалары бойынша қойылады.


РРБ =(АББ 0,3=МББ 0,5=СӨЖ  0,2)
АББ практикалық сабақтың орташа бағасы және СӨЖ

МББ межелік бақылаудың орташа бағасы

СӨЖ СӨЖ дің орташа бағасы

Әрбір пән бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейі анықталады.


ҚБ = РРБ 0,6+ҚББ 0,4

Сессияға жіберу рейтингісін бағалау РРБ пән бойынша білімнің қорытынды бағасының 60 пайызын құрайды.



Қорытынды бақылау бағасы ҚББ пән бойынша білімнің қорытынды бағасының 40 пайызын құрайды.
Қорытынды бақылау: емтихан

2.11 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер :

  1. Биология. Учебник. / Под ред.В.Н. Ярыгина. Кн. 2. М. Высшая школа.2004.

  2. П.К. Казымбет, Э.П. Мироедова. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. Часть II. Астана. 2006, 2007.

  3. Медицинская биология и генетика./ Под редакцией Е.У Куандыкова. Алматы, 2004.

4. Н.П. Бочков Клиническая генетика. М. 2006

Қосымша әдебиеттер:

  1. Биология: Учеб-метод. пос. для студ. мед. вузов /В.П. Иванов, Л.А. Гребенник, А.И. Кириленко. – Курск: Издательство Курск ГМУ, 2003. – 374с.

  2. А.П. Пехов Биология и общая генетика: Учебник. – Санкт-Петербург, Москва, Ростов: Лань, 2006. – 640с.

Каталог: student -> umkd training methodical package of disciplines -> 2013 -> biology-umkd
2013 -> 1 ші–тақырып. Құқық негіздері оқу курсының жүйесі. Мемлекет пен құқық туралы, мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар. Мақсаты
2013 -> Құқық негіздерімен сот медицина кафедрасы
2013 -> Презентация келесі талаптарға сәйкес болуы керек
biology-umkd -> Силлабус 051301- жалпы медицина мамандығы бойынша «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрылған
biology-umkd -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: молекулярлық биология және медициналық генетика пән коды: мвg 1201
2013 -> ЖҰмыс бағдарламасы дәрістер 15 сағат
biology-umkd -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: Даму ақаулықтары қалыптасуының биологиялық негіздері бойынша электив Мамандығы: 051301-«Жалпы медицина»
biology-umkd -> Биология кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет