Ұлан ауданының әкімі С. Т. Туленбергеновтың ауданның 2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі бюджет



Дата28.04.2016
өлшемі259.64 Kb.


Ұлан ауданының әкімі С. Т. Туленбергеновтың ауданның

2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық

дамуы туралы есебі
БЮДЖЕТ

Ауданның бюджеті 2012 жылы 3203,8 млн. теңгені құрады, соның ішінде трансферттер көлемі 2485,3 млн. теңге, меншікті кірістің көлемі 718,5 млн. теңгені құрады.

2012 жылы аудандық бюджеттің 2011 жылмен салыстырғанда 379,4 млн. теңгеге өсуі байқалады немесе 125,7%, соның ішінде 2012 жылы меншікті кірістің өсімі 2011 жылға қарағанда 94,1 млн. теңге немесе 132,6% құрады.

Бірінші жартыжылдықта аудандық бюджеттің меншік түсімдер 104,2 пайызға орындалды, есепті кезеңге жоспардағы 364,9 млн. теңгенің орнына 42,5 млн. теңгеге орындалды, 37,5 млн. теңге болжамнан артық түсті.

2012 жылға арналған аудандық бюджеттің шығысы аудандық мәслихаттың сессиясымен 3203,2 млн. теңге , есепті кезеңге жоспрадағы 1829,7 млн. теңгенің 1810,9 млн. теңгісі игерілді, игерілмеген сомма 19,3 млн. теіге

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Аудандағы 960 мыңнан астам гектар жердің 500 мыңнан астам гектары ауыл шаруашылығына бағытталған жерлер. Олар, 1 акционерлік қоғамға, 1187 шаруа қожалықтарына, 110 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігіне және 7 өндіріс кооперативтеріне бекітіліп берілді.

2012 жылы ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқабы 114,6 мың гектарға өсті, ол өткен жылмен салыстырғанда 9,6 мың гектарға немесе 9,1 пайызға артты. Оның ішінде дәнді дақылдар- 2,9 пайызға, картоп - 5,7 пайызға, мал азығы дақылдары 25,6 пайызға көбейді.

Ауданның мал шаруашылығы көпсалалы болып табылады, онда ет және сүт бағытындағы ірі қара малы, қой, жылқы, шошқа, марал, құс және ара өсіріледі. Өткен жылмен салыстырғанда жылқы - 8,3 пайызға, құс 45,1 – пайызға, түйе- 2,0 пайызға, ара -30 пайызға, марал-3 пайызға өсті. Сонымен қатар, ІҚМ өсімі 1,2 % - ға және ҰҚМ 2,8 % - ға төмендеді.

Бүгінгі күні ауданда 26 ірі қара малды бордақылау алаңы жұмыс істейді. 2012 жылы 2 ірі қара мал бордақылайтын алаң салынды («Агро-Бам» ш/қ және «Кунжура» ш/қ), онда 400 бас мал бордақылануда.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында, 2012 жылы төмендегі іс шаралар жоспарланған:


  1. «Герасимовка ауылында жылына 5000 тонна дайын өнім шығаратын ет комбинатын салу».

Жобаның басшысы Рахимбаев Серик Жумадилович, «Ертіс Агропродукт» ЖШС директоры. Жобаның жалпы құны 1,5 млрд. теңге, қаржыландыру көздері «Аграрлық несие корпарациясы» АҚ арқылы жоспарланып отыр. Жоба іске асырылған жағдайда 140 адам жұмыспен қамтылады. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстырына 600,0 млн. теңге жұмсалмақ.

2. «Тарғын ауылында «мәрмер» тектес жоғары сапалы ет өндіруге мүмкіндігі бар асыл тұқымды репродукторлы шаруашылық құру».

Жобаның басшысы Мусина Кауа Рахимбердиновна, «Болашақ» шаруа қожалығының басшысы. Жобаның жалпы құны 470,7 млн. теңге, қаржыландыру көздері - өз каражатынан және несие қаражатынан («Казагрофинанс» АҚ). Герефорд тұқымды 423 бас ұрғашы тайншаларды Даниядан сатып алу жоспарланды. Жоба іске асырылған жағдайда 19 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі күні 200 басқа арналған бордақылау алаңы және мал сою алаңы салынды. Мал сою аланына Германия және АҚШ елдерінде жасалынған құрал жабдықтар сатып алынды. 2013 жылдың мамыр айында Дания мемлекетінен мал әкелінеді.



  1. «Бозанбай ауылында 400 басқа сүт тауарлы фермасын салу».

Жобаның басшысы Мухаметкалиев Талгат Шаймарданович «Сібе» шаруа қожалықтың басшысы. Жобаның құны 150,0 млн. теңге, қаржыландыру көздері өз қаражатынан және қарыз қаражатынан. Жоба іске асырылған жағдайда 12 жұмыс орны ашылады.

Ағымдағы жылы «Казагрофинанс» АҚ арқылы 7,2 млн. теңгеге 2 трактор сатып алынды. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 21,0 млн. теңге несие бөлінді. Бүгінгі күні ірі қара малдың жалпы мал саны 120 басты құрайды, қосымша 150 бас сүт бағытындағы асыл тұқымды сиырларды сатып алу жоспарланған (Павлодар қаласы, «Луганск»асыл тұқымды шаруашылық). 400 гектар егістік жерді игеру, 2 мал қорасын қалпына келтіру, астық салатын қойманы және машина тракторлық паркін салу жоспарланған. Ағымдағы жылы 91,0 млн. теңге инвестиция жұмсалады.

2013 жылы ірі қара малдың санын 500 басқа жеткізу жоспарланған.


  1. «Айыртау аулында 1000 басқа бордақылау алыңын салу».

Жобаның басшысы Режабалиев Илханжан Мамадалиевич «Режабалиев» шаруа қожалықтың басшысы. Жобаның құны 100,0 млн. теңге, қаржыландыру көздері өз қаражатынан және қарыз қаражытынан. Жоба іске асырылған жағдайда 15 жұмыс орын ашылыды.

Бүгінгі күні 3,0 млн. теңгеге мал қорасы сатып алынды. Мал қорасының жөндеу жұмыстары басталды, 10 адам жұмыс істеуде. Биылғы жылы 20,0 млн. теңге жұмсалады.

2013 жылы ірі қара мал сатып алынады.


  1. «Айыртау және Азовое ауылдық округтерде 10200 гектар ауыл шаруашылық жерлерін игеру».

Жобаның басшысы Жолдасбаев Ермек Каимович «Альжан агротрейд» ЖШС директоры. Жалпы құны 200,0 млн. теңге, қаржыландыру көздері өз қаражатынан және қарыз қаражытынан. Жоба іске асырылған жағдайда 30 жұмыс орын ашылыды.

Жер бөлініп және құжаттары әзірленді, ағымдағы жылы көп жылдар бойы пайдаланбаған жерлерді игеру жоспарланған. 100 гектар жерге картоп салынды, 10 адам жұмыс істейді, 500 гектар жерге күздік дәнді дақылдарды егу жоспарланған. Және де, шетелдік маркалы 4 трактор, МТЗ-82, егістік комплекс және барлық ауыл шаруашылық жабдықтар сатып алынды. Биылғы жылы 60,0 млн. теңге жұмсалады.



  1. «Аблакетка ауылдық округте 400 гектар ауыл шаруашылық жерді игеру».

Жобаның басшысы Бакин Амантай Кабдешович «Балауса» шаруа қожалығының басшысы. Жобаның құны 5,0 млн. теңге, қаржыландыру көздері өз қаражатынан, 5 жұмыс орыны ашылды.

Жер бөлініп, құжаттары әзірленді, 185 гектарға көп жылдық шөптер және 200 гектарға бидай егілді.



  1. «Қасым Қайсенов кентінде көкөністерді өңдейтін және консервілейтін цехін салу».

Жобаның басшысы жеке кәсіпкер Аупаев Бекболат. Жалпы құны 21,0 млн. теңге, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы қаржыландырылады. Жоба іске асырылған жағдайда 12 жұмыс орны ашылады.

2 гектар жер бөлініп, құжаттары әзірленді. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы 21,0 млн. теңге қарастырылған. Жобаның қуаттылығы тәулігіне 1000 банка шығарады. 2012 жылдың маусым айында құрлыс жұмыстары басталады.



  1. «Мамай батыр ауылында көкөністерді өңдейтін және консервілейтін цехін салу».

Жобаның басшысы жеке кәсіпкер Мукажанов Марат Кусманович. Жалпы құны 40,0 млн. теңге, қаржыландыру көздері өз қаражатынан және қарыз қаражытынан. Жоба іске асырылған жағдайда 10 жұмыс орын ашылыды.

Цехті және қойманы салу үшін ғимараттар бар. «Жол картасы бизнес 2020» бағдарламасы арқылы несие алу үшін Ресей Сбербанкіне құжаттар тапсырылды.



  1. «Мамай батыр ауылында 10 мерзімдік жылыжайды және 1000 тоннаға дейін көкөніс сақтайтын қойманы салу.

Жобаның басшысы Гасанов Намик жеке кәсіпкер «Гасанов». Жобаның құны 180,0 млн. теңге, қаржыландыру көздері өз қаражатынан және қарыз қаражатынан. Жоба іске асырылған жағдайда 55 жұмыс орны ашылады. Жоба 2011-2015 жылдары іске асырылады. Жылыжайды салу үшін 12,2 гектар және ашық жерде көкөністерді салу үшін 55 гектар жер бөлінді.

2011 жылы бір жылыжай салынды. 2012 жылы 2 жылыжайдың және көкөніс сақтайтын қойманың құрылысын салу жоспарланған. 2012 жылы 50,0 млн. теңге қаражат жұмсалмақ. Жылыжайда және ашық жерде қызанақ, кияр, баялды, тәті бұрыш, картоп, қырыққабат, сәбіз, қызылша, қарбыз және үрме бұршақ дақылдары егілді. Сондай-ақ, жылыжайда 50,0 мың дана гүлдер салынып, содан аудандағы елді мекендерде отырғызылды. Өскемен қаласындағы «Дина», «Ивушка» сауда орындарында күнделікті 150-160 кг сәбіз сатылуда. Шілде айында жылыжайда сәбіздің жаңа тұқымы салынды.


КӘСІПКЕРЛІК

2012 жылғы 1 қаңтарға ауданда 2 мың. 287 шағын кәсіпкерлік субъектілер тіркелген.

2012 жылы ауданда шағын және орта бизнес дамытуда төмендегі іс шаралар атқарылуда:

- Қасым Қайсенов кентінде арнайы жасақталған техникаларды шығаратын автокөлік зауытының құрылысы басталды. Жобаның құны 150,0 млрд. теңге. 1500 жаңа жұмыс орындарының ашылуы жоспарлануда. Үстіміздегі жылы 3 млрд. теңге құрылыс жұмыстарына жұмсалмақ. Бүгінгі күнге 20,0 га жер телімі, сондай-ақ офис пен жұмысшылардың тұруына ғимарат бөлінді. Зауытты жобалауға техникалық құжаттарды дайындау, тіркеу және миграция мәселелерін шешуге аудан әкімішілік тарапынан қолдау көрсетілуде;

- Қасым Қайсенов кентінде ауылшаруашылық өнімдердің сату орнының құрылысы (рынок) жүргізілуде. Сонымен қатар, биыл кентте жанармай құю станциясы, ветеринарлық дәріхана ашылды;

- Айыртау ауылында дәмхана ашылды, сонымен қатар Ұлан ауылында дәмхананың құрылысы жүргізілуде;

- Асубұлақ кентінде және Тарғын ауылында наубайханалардың ашылуы жоспарланған, үстіміздегі жылдың наурыз айында І. Айтықов ауылындағы наубайхана өз жұмысын бастады;

- Гагарино ауылдық округінде демалыс базасының құрылыс жұмыстары басталды;

- Жантас ауылында 500 басқа құс фермасы ашылды. Құны 1,0 млн. теңге;

Жоғарыда көрсетілген шаралар негізінде 3 млрд. 66 млн. теңге инвестиция көзі тартылып, 233 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.


ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

2012 жылға жоспарлануда:

1) Қасым Қайсенов кентіндегі 600 орындық мектептің құрылысын аяқтау, жобаның құны 709,4 млн. теңге. Оның ішінде 2011 жылы - 270,0 млн. теңге, оның 269,7 млн. теңге игерілді. 2012 жылы – 660,0 млн. теңге, оның 522,1 млн теңге игерілді.

2) Ново-Одеское ауылындағы 130 орындық мектептің құрылысы, жобаның құны 430,6 млн. теңге. 2011 жылы 102,6 млн. теңгеге жұмыс атқарылды, ағымдағы жылы 197,6 млн. теңге игерілді;

3) Алағабас ауылындағы 80 орындық мектептің құрылысы, жобаның құны 249,8 млн. теңге. 2011 жылы 99,5 млн теңгеге жұмыс істелінді, ағымдағы жылы 96,1 млн. теңге игерілді;

4) Қасым Қайсенов кентінде көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы, жобаның құны 498,0 млн. теңге. «Дакар групп» ЖШС-пен келісім шарт жасалды. Ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 205,6 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі күнге алғы төлем түрінде 61,2 млн. теңге бөлінді;

5) Бозанбай ауылында 80 төсек-орынды психоневрологиялық медициналық арнайы мекеменің құрылысы, жобаның құны 487,8 млн.теңге. Ағымдағы жылы 205,5 млн. теңге қаражат игерілді. Тапсыру мерзімі – қараша 2012 жыл;

6) Жалпы құны 159,5 млн. теңгені құрайтын Ново-Азовове ауылындағы су құбыры желілерінің қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау. Бүгінгі күнге 154,2 млн. теңге игерілді;

7) Жалпы құны 183,5 млн. теңгені құрайтын Ұлан ауылындағы су құбыры желілерінің қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау. Бүгінгі күнге 177,3 млн. теңге игерілді;

8) Донское ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту, жобалық құны 256,0 млн. теңге. «Тасымал Көлігі» ЖШС-пен келісім шарт жасалды. Соттың шешімінің негізінде су құбыры желілері жеке меншік иесінен аудандық коммуналдық меншікке өткізілді. Ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 84,0 млн. теңгені құрайды. Мердігермен келісім-шарт жасалды. Бүгінгі күнге алғы төлем түрінде 25,0 млн. теңге бөлінді;

9) Привольное ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту, жобалық құны 299,0 млн. теңге. «Тасымал Көлігі» ЖШС-пен келісім шарт жасалды. Ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 94,0 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі күнге алғы төлем түрінде 28,0 млн. теңге бөлінді. Жұмыс ауқымы басталып кетті;

10) Тарғын ауылында 200 орынға ауылдық клуб құрылысын бастау, жобаның құны 181 млн.тенге. Ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 20,0 млн. теңгені құрайды;

11) Сағыр ауылында 200 орынға ауылдық клуб құрылысын бастау. Жобаның құны 189,0 млн теңге. Ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 20,0 млн. теңгені құрайды;

12) Бозанбай ауылында 80 төсек-орынды психоневралогиялық медициналық арнайы мекеме құрылысы, жобалық құны 487,8 млн. теңге, оның 205,5 млн. теңге игерілді;

13) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу шеңберінде жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға 61,7 млн. теңге қарастырылды.



Келесі жобалық сметалық құжаттама дайындау жұмыстары жүргізілуде:

- Қасым Қайсенов кентіндегі сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы (жеке тұрғын үйлер ауданы), құны 5,0 млн. теңге;

- Қасым Қайсенов кентіндегі элетрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы (жеке тұрғын үйлер ауданы), құны 5,0 млн. теңге;

- Қасым Қайсенв кентіндегі көп пәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылым құрылысы (су құбыры, канализация), құны 4,0 млн. тенге;

- Қасым Қайсенов кентіндегі Р. Марсеков атындағы орта мектебі ғимаратын спорттық-сауықтыру аланыңы мен бассейнге айналдыру, құны 5,0 млн.тенге;

- Саратовка ауылына 150 орынға арналған мәдениет үйі құрылысы (жобаны қайтадан қолдану) (2,4 млн теңге);

- Қ. Қайсенов кентіндегі мектепті қосымша білім беру мекемесіне қайта жаңарту жұмыстарына 2,0 млн. теңге қарастырылды;

- 3 мектептің құрылысы: І. Айтықов және Украинка ауылдарында 80 орынға арналған, Привольное ауылында 180 орынға арналған, Герасимовка ауылында 140 орынға (3,0 млн теңге) балабақша құрылысына, сонымен қатар Жаңа-Қаңай ауылында 80 орынға арналған мектеп құрылысына Жобалық сметалық құжаттамасын түзету (2,0 млн теңге);

- Мамай Батыр ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту (5,0 млн. теңге);

- Қасым Қайсенов кентінде көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы (5,0 млн. теңге);

- Бозанбай ауылының құрылысының жүйесін жасау (3,5 млн. теңге).

Сонымен қатар, әлеуметтік жауапкершілік негізінде Бозанбай, Герасимовка, Асубулақ елді мекендерінде су құбырлары жүйесінің қайта жаңартуға жобалық сметалық құжаттарды дайындауға меморандумдарды жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.



АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ, СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ

2012 жылы аудандық бюджеттен жергілікті автомобиль жолдарын ұстауға және ағымды жөндеуден өткізуге 57,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде 19 млн. теңге жолдар мен көшелерді қыста тазалауға, ал 38 млн. теңге ағымды жөндеуге жұмсалады.

Ағымдағы жылы Жол картасы бағдарламасы бойынша облыстық және аудандық бюджеттерден Таврия ауылындағы Песчаная көшесін күрделі жөндеуге 167,059 млн. теңге қаражат бөлінді. 2012 жылғы 1 шілдеге 106,6 млн. теңге қаражат игерілді.

Республикалық бюджет есебінен «Таврическое-Каменка-Завидное-РД» автокөлік жолын күрделі жөндеу өткізілуде. Жобаның ортақ сметалық құны 717,0 млн теңге құрайды.

Қазіргі уақытта Герасимовка және Тоғанас ауылдарында көпір құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалары аяқтау үстінде.

2012 жылы облыстық және республикалық бюджеттен елді мекендерді санитарлық тазалауға 4,3 млн теңге, көріктендіру және көгалдандыруға 35,8 млн теңге, көшені жарықтандыруға 36,4 млн теңге, сумен жабдықтауға - 4,4 млн теңге қарастырылған. «Аумақты дамыту» бағдарламасы аясында Макеевка, Жоғары Таинты, Жанұзақ ауылдарының көшесін жарықтандыруға 5,3 млн теңге сомасында қаражат бөлінді. Жұмыстары аяқтау үстінде.

Ауданның тірек ауылдарын (Айыртау, Бозанбай, Таврия) дамыту аясында көше жарықтандыру және аббатандыру жұмыстарын өткізуге республикалық бюджеттен 54173,0 мың теңге, облыстық және аудандық бюджеттен 56219,0 мың теңге қаражат бөлінді:

Таврическое ауылындағы Т. Тохтаров пен Песчанная көшелерінің жарықтандыру жүйлерін жөндеу. Жобаның құны 17,9 млн. теңге. «ГЭН» ЖШС-пен келісім шарт жасалды. Бүгінгі күнге алғы төлем түрінде 5,3 млн. теңге бөлінді.

Айыртау ауылының Жанабекова көшесін жарықтандыру. Жобаның құны 1,6 млн. теңге. Қазіргі уақытта потенциалдық мердігерлердің конкурстық өтінімдері қарастырылуда;

Айыртау ауылының Абай көшесін жарықтандыру. Жобаның құны 2,2 млн.теңге. Қазіргі уақытта потенциалдық мердігерлердің конкурстық өтінімдері қарастырылуда;

Бозанбай ауылының канализациялық желілерін тазалау. Құны 10,8 млн. теңге. Қазіргі уақытта байқаудың қорытындылары тұжырымдалуда;

21,8 млн. теңге сомасы Таврия ауылындағы сыртқы канализацияны ағымдағы жөндеуiне 5,2 млн. теңге, Таврия ауылындағы сумен жабдықтау жүйесінің ағымдағы жөндеуіне 11,2 млн. теңге және Айыртау ауылындағы сумен жабдықтау жүйесінің ағымдағы жөндеуіне 5,5 млн. теңге бағыттауға жоспарлануда.

Тірек ауылдарын дамыту бойынша алгоритм шеңберiнде облыстық және аудан бюджеттерінен 56,2 млн. теңгетөмендегі іс-шараларға бөлінді:

Бозанбай ауылында абаттандыру жұмыстарын жүргізу (бұзылған үйлдердің орындарын тазалау), жобаның құны 2,0 млн. тенге. Қазіргі уақытта Бозанбай ауылындағы 3 бұзылған үйлердің орындарын тазалау жұмыстары жүргізілген: қоқыстартардан тазаланды, беті тегiстелді, қалпына келтiрiлетiн жерлерге топырақтың құнарлы жiгi әкелінді;

Таврия ауылындағы стадионды абаттандыру. Жобаның құны 46,1 млн. теңге. «Восток Асфальт» ЖШС-пен келісім-шарт жасалды, 13,8 млн. теңге алғы төлем түрінде бөлінді, жұмыс ауқымы басталды;

Бозанбай ауылындағы Аманжолов көшесін жарықтандыру. Жобаның құны 8,1 млн. теңге. «ГЕН» ЖШС-пен келісім-шарт жасалды, 2,4 млн. теңге алғы төлем түрінде аударылды.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттен бөлінген 2,5 млн. қаражатқа Асубұлақ кентінің бұзылған мектеп пен тұрғын үйдің орындары тазаланды, Саратовка ауылындағы Отрадная көшесін ағымды жөндеуден өкізуге 3,7 млн. теңге сомасы қарастырылған. Қазіргі таңда мердігерлердің конкурстық өтінімдері қарастырылуда.

Қасым Қайсенов кентіндегі көшелерді абаттандыру жұмыстары жүргізілді: тратуарлар салынды, кентке кіреберіс жолда гүлзарлар отырғызылды, суару құралғылары орнатылды.



ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің №473 2011 жылғы 30 сәуірдегі қаулысына сәйкес, «ҚР 2011-2020 жыл аралығында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасын бекіту туралы» 2012 жылы Ұлан ауданы бойынша Қасым Қайсенов кентінде «Термомодернизация бағдарламасы» бойынша көпқабатты 6 тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары жоспараланған. Бүгінгі күнде № 8-60 пәтер, № 9-45 пәтер үйлердің жөндеу жұмыстары басталды. Екі үйдің құрылыс жұмыстарының сметалық соммасы 19,0 млн. теңгені құрады.

№7, № 10, № 6, №14 үйлердің сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Мемлекеттік сараптамадан кейінгі құрылыс жұмыстарының жобалық соммасы 40,0 млн. теңге.

2013-2015 жылдарға № 18, № 17 және Айтыков көшесіндегі № 7 үйдің құрылыс жұмыстары жоспарланып отыр.



БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Ұлан ауданында 39 білім беру мекемелері жұмыс атқаруда: соның 35-жалпы білім беру мектептері, 1 мектептен тыс мекеме (Балалар музыка мектебі) және 4 мектепке дейінгі мекеме. Жалпы білім берумен оқу жылының аяғына 4358 бала қамтылған.

Ұлттық біріңғай тестілеуге 2012 жылы мектеп бітірген 358 түлектің 210-ы қатысып, аудан бойынша орташа балл 72,2 құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 14,3 балға төмен. Аудандағы ҰБТ нәтижесі облыс көлемінде 8-ші орында (2011 жылы – 13 орын). Аудан бойынша Р. Марсеков атындағы және Асубұлақ кенті орта мектебінің 3 оқушысы «Алтын белге» ие болды.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2012 жылы 208,616, млн. теңге қарастырылған. Осы бағдарлама шеңберерінде 6 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде:

- «Айыртау ауылының «Ю. Гагарина атындағы орта мектеп» ММ сырт келбетін күрделі жөндеуден өткізу», жобаның құны 31,9 млн. теңге. Бүгінгі күнге жұмыстары аяқталу кезеңінде;

- «Каменка ауылындағы «Каменка орта мектебі» ММ шатырын қайта жаңарту», жобаның құны 29,3 млн. теңге. «НТ-ДОС» ЖШС-пен келісім-шарт жасалды. Жұмыстары толық аяқталды;

- «Ұлан ауылының «Аманжолов атындағы орта мектеп» ММ шатырын қайта жаңарту», жобаның құны 36,1 млн. теңге. «Пласт-МКМ» ЖШС мердігермен 21,8 млн. қаражатқа жұмыстар істелінді;

- «Донское ауылындағы «Т. Тоқтаров атындағы орта мектеп» ММ шатырын қайта жаңарту», жобаның құны 46,6 млн. теңге. «НТ-ДОС» ЖШС-пен келісім-шарт жасалды. Жұмыстары толығымен аяқталды;

- «Таргын ауылының «Айтыков атындағы орта мектеп» ММ шатырын қайта жаңарту», жобаның құны 24,5 млн. теңге. «Дороги востока» ЖШС мердігермен 24,5 млн. теңгеге жұмыстар атқарылды.

- «Алмасай аулының «Абай атындағы орта мектеп» ММ шатырын қайта жаңарту», жобаның құны 28,1 млн. теңге. «Өскемен-Пласт» ЖШС-пен келісім-шарт жасалды. Жұмыстары толық аяқталды.

2012 жылдың 1 жартыжылдығында Айыртау және Мамай батыр ауылдарында 100 орындық 2 жеке меншік бала-бақшалары ашылды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 15112,0 мың теңге бөлінді. «Балапан» бағдарламасы бойынша Қасым Қайсенов кентіндегі «Аленушка» бала-бақшасында мемлекекеттік мекемелердің бала-бақша ғимаратын босатуларына байланысты 75 балаға арналған 3 топ ашылды. Жергілікті бюджеттен ата-аналардың өтініші негізінде Бозанбай ауылындағы «Айгөлек» бала-бақшасында 15 балаға арналған 1 сәбилер тобы ашылды.

Сонымен қатар республикалық бюджеттен үйде оқытылатын 10 мегедек балаларды құрал-жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етуге 7350,0 мың теңге бөлінді.



ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Аудан бойынша 1 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухыны, 11 дәрігерлік амбулатория, ЖК «Кусаинов» жеке тіс емдеу клиникасы бар.

2012 жылы 5 жас мамандармен еңбек келісім шарты жасалынған.

Қазіргі уақытта Бозанбай ауылдық аурухана уақытша интернат ғимаратына көшірілді, тәулік бойы істейтін стационар уақытша жабық, жедел жәрдем қызметі мен күндізгі стационар, емхана өз қызметтерін жалғастыруда. Бұрынғы әкімшілік ғимараты күрделі жөндеуден өткізілгеннен кейін (қайта жаңарту жұмыстарына 80,0 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлінді) аурухана қызметі толығымен іске қосылады.

Асубұлақ және Таврия ауруханаларында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жыл басынан туу көрсеткіші жоғарылады. Статистикалық есеп бойынша жыл бойы 394 -10,2 бала туылды, 2011 жылға қарағанда (239 -6,0), 2012 жылы (291-7,5)өлім көрсеткіші өсті. Өсу көрсеткіші 2012 жылы +2,7, 2011 жылы -1,5. Бала өлімі 5 -18,8-ден 9 -40,5-ке дейін өсті. Ақырғы 5 жылда ана өлімі болған жоқ. Туберкулезбен аурушаңдық 29 -72,2 –ден 18 - 44,6-ға дейін төмендеді.

Ауданда туберкулезға қарсы USAID халықаралық компаниясы жұмыс істеуде. Жобаның мақсаты мультирезистенциялық туберкулез түрін үздіксіз емдеу. Сондай ауруларға ай сайын социалдық пакеттік тағамдар беріледі. Аудан әкімшілігімен туберкулезбен ауырған 21 ауруға 5 000 теңгеден ай сайын ақша бөлінеді.

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ

Ауданның аумағында дене шынықтыру және спорт бойынша 57 ұжым жұмыс жасауда. Оның ішінде 8900 адам спортпен айналысады, бұл аудан тұрғындарының жалпы алғанда 21% көрсетеді.

Спорттың 9 түрінен («Самбо», «дзюдо», «қазақша-күрес», «тоғызқұмалақ», «армрестлинг», «гир спорты», «көкпар», «аударыспақ», «бәйге» ) спортшыларымыз аудан құрама камандаларымен облыс, республика аралық жарыстарға қатысуда.

2012 жылы 1-ші жарты жылдықта аудан әкімінің жүлдесіне арналған XVI халықтық спорттық ойындары өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды Айыртау, 2-ші орынды Т. Тохтаров және 3-ші орынды Тарғын ауылдық округтерінің құрама спортшылары иеленді.

Үстіміздегі жылдың 19 шілдеден 23 шілдеге дейін XVI халықтық спорт ойындары бағдарламасына байланысты Шығыс Қазақстан облыс әкімі жүлдесіне аудан құрама камандасы спорттың 20 түрімен сайысқа түсіп, аудан құрама камандасы камандалық 4-ші орын алды. Бұл жарыстарда Ж. Жапишев бастаған аударыспақ спортының құрама командасы 2-ші орынды, армрестлингтен 2-ші орынды, көкпардан 4-ші орынды, волейболдан ерлер құрама командасы 4-ші орынды иеленді.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

Аудандық мәдениет мекемелерінің жүйесіне 1 аудандық мәдениет үйі, 2 ауылдық мәдениет үйі, 18 ауылдық клубтар және 9 кітапханалар кіреді.

2012 жылы аудандық мәдени мекемелерге 89,260 млн. теңге бөлінді, оның 50,743 млн. теңге игерілді.

Аудан көлемінде «Халықтық» атағы бар 8, «Үлгілі» атағы бар 1 шығармашылық ұжым халыққа қызмет көрсетеді. 2012 жылдың І-жарты жылдығында 887 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, тұрғындардың 60 пайызын қамтыды.

Ағымдағы жылдың 2-25 сәуір аралығында аудандық мәдениет үйінің «Бескөл» халықтық фольклорлық ансамблінің өнерпаздары концерттік бағдарламамен Монғол Халық Республикасының Баян Өлгий аймағы мен Ресей Федерациясының Таулы Алтай аймағында болып қайтты. Сонымен қатар, аудандық мәдениет үүйінің өнерпаздары гастрольдік сапармен Катонқарағай, Ұлан аудандарының елді мекендерінде болды. Риддер, Зайсан, Тарбағатай аудандарына концерттік сапармен шығу жоспарлануда.

Үстіміздегі жылы Қасым Қайсенов кентіндегі аудандық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Бүгінгі күнге жобалық сметалық құжаты жасалынды (2,0 млн. теңге). Сонымен қатар, аудан көлеміндегі 7 клуб ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жобалық-қаржылық құжаттарын жасауға 1,0 млн. теңге қаражат бөлінді.

Герасимовка ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалық құны 17415,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 15613,0 мың теңге игерілді.

2012 жылдың І-жарты жылдығында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарына 416,0 мың теңгеге сахналық киімдер тігілді. Асубұлақ ауылдық клубына 160,0 мың теңгеге, Жаңа Қанай клубына 110,0 мың теңгеге музыкалық дыбыс күшейткіш аппаратурасы алынды.


ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар саны 2012 жылдың 1 шілдеге 168 адамды құрайды.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 2012 жылы 460 жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жоспарланған, нақты 548 адам жұмыспен қамтылды.

2012 жылы 525 жұмыс орнын ашу қаралған болса, нақты 263 жұмыс орны ашылды. Биылғы жылы 50 жұмыссыз тұлғаларды оқуға жіберу жоспарланса, жарты жылдықта 47 жұмыссыз тұлға оқуға жіберілді, оның ішінде газбендәнекерлеуші-6 адам, шаштараз-6, аспаз-5, электрик-20, 1 С есепші-6 адам. 26 жұмыссыз тұлғалар оқуды аяқтады. Тұрақты жұмысқа 21 адам орналасты.

Сондай-ақ, осы жылы «Жастар-іс тәжірибесін өткізу» бағдарламасы бойынша 11 адам жоспарланып отыр. Арнаулы оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектерді, жұмыспен қамту бөлімі арқылы келісім-шарт бойынша мамандықтарына сәйкес жұмысқа жіберіледі. Бүгінгі күнге 9 адам жіберілді.

15 әлеуметтік жұмыс орны жоспарланып, нақты 14 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды.

Нақтылы жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға жұмыспен қамту бөлімі тарапынан ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу ұсынылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 2012 жылы 635 адам жоспарланған, нақты 372 жұмыссыз тұлға жіберілді.

«Жол карта» бағдарламасына сәйкес ауданда 8 жоба бойынша 194 жаңа жұмыс орындары жоспарланды. Бүгінгі күні 8 жоба бойынша барлығы 169 жаңа жұмыс орны ашылып 47 адам жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмысқа тартылды.

Ағымдағы жылы Таврия ауылының Песчаная көшесін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1 жоба 63 жаңа жұмыс орны ашылып, 31 адам жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмысқа тартылды.

Герасимовка ауылындағы ауылдық клуб күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде 1 жоба 4 жаңа жұмыс орны ашылып, 4 адам жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмысқа тартылды.

Айыртау ауылындағы Ю. Гагарин атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.1 жоба 18 жаңа жұмыс орыны ашылып, 4 адам жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмысқа тартылды.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі арқылы:

Каменка ауылындағы Каменка орта мектептің шатырын жөндеуге 10 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ұлан ауылындағы С. Аманжолов атындағы орта мектептің шатырын жөндеуге 25 жаңа жұмыс орны ашылды.

Донское ауылындағы Т. Тохтаров атындағы орта мектептің шатырын жөндеуге 18 жаңа жұмыс орны ашылды.

Алмасай ауылындағы Абай атындағы орта мектептің шатырын жөндеуге 15 жаңа жұмыс орны ашылды.

Тарғын ауылындағы І. Айтыков атындағы орта мектептің шатырын жөндеуге 16 жаңа жұмыс орны ашылды. 8 адам жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмысқа тартылды.

«Жол картасында» белгіленген бағдарламаларды орындау мақсатында жұмыстар ары қарай жалғасуда.

2012 жылдың 6 наурызында Саратовка ауылында ШҚ ауыл шаруашылық колледжінің түлектерімен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Бұл жиынға «Төртқара», «Агро-Бам», «Солтанбек» шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Биылғы бітіретін 61 түлектен 59 түлегі жәрмеңкеге қатысты. Оның ішінен 30 адам Ұлан ауданының тұрғындары.

Жәрмеңкеге қатысқан барлық түлектер өздерінің көкейтесті сұрақтарына тиісті жауап алды.Бүгінгі өткен жәрмеңке нәтижесінде Саратовка ауылындағы Шығыс Қазақстан Ауыл Шаруашылық колледжінің түлектері бұл бағдарлама бойынша насихат алды. 2 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

2012 жылдың 1 шілдеге атаулы әлеуметтік көмекке 82 отбасы 261 адамға ұсыныс жасады, осыған 3636,3 мың теңге төленді.

18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы алу үшін 495 отбасы 1235 балаға ұсыныс берді, оларға 10157,3 мың теңге төленді.

Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетуге 608 отбасы ұсыныс берді, 7034,6 мың теңге төленді.

Ұлан ауданында зейнеткерлер саны – 5580 адам, олардың ішінде Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлер саны 24 адам, Ұлы Отан соғысына қатысқан мүгедектер саны - 4 адам, 1 және 2 топ мүгедектер саны – 762 адам, 3 топ мүгедектері – 560 адам, мүгедек балалар саны 82.

Жыл басынан 101 мүгедектерді оңалту бағдарламасы қабылданды. Оның ішінде мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша 33 мүгедекке гигиеналық құралдар берілді.

2012 жылы мүгедектерге 2000,0 мың теңге гигеналық құралдарға бөлінді.. 2012 жылы Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан мүгедектерге арналған 3 арбаша бөлініп, жеке оңалту бағдарламасы бойынша 3 мүгедекке берілді.

2012 жылы жеке оңалту бағдарламасы бойынша протез – ортопедиялық көмекке мұқтаж 17 мүгедек азаматтардың істерін дайындап, құжаттары облыс басқармасына жіберілді.

Үйден тәрбие алатын және үйден оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетілуде. Жағдайлары шектеулі, үйден оқитын 19 балаға ай сайын жәрдемақы алып отырады. Биыл жыл басынан 674,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.

Әлеуметтік қорғау бөлімінде мүгедектерге үйде қызмет көрсететін 1 бөлім жұмыс істейді. 43 әлеуметтік жұмыскер 221 жалғыз басты зейнеткерлерге, 41 мүгедекке және 33 мүгедек балаға үйде қызмет көрсетеді.

„Күміс -Алқа”,”Алтын -Алқа”, „Материнская Слава ”1 және 2 дәрежелерімен марапатталған аналарға, сонымен қатар 4 және одан жоғары 18 жасқа толмаған көп балалы аналарға 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне материалдық көмек барлығы 4065,0 мың теңге төленді.

Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек бойынша 108 адамға ай сайын 5000 теңгеден 1511,0 мың тенге берілді. Соғыс мүгедектеріне теңестірілген мүгедектерді, Чернобыль АЭС- дағы апат зардабын жоюға қатысқан мүгедектерге 73 адамға 2000 теңгеден 439,0 мың теңге берілді.

Қазақстан Республикасына ерекше еңбек еткен зейнеткерлердің саны- 3 адам, облыстық дербес дәрежесі бар зейнеткерлер- 27 адамға материалдық көмек көрсетіледі.

Ауған соғысының 49 жауынгерлеріне 5000 теңгеден 245,0 мың теңгеге материалдық көмек төленді.

Әлеуметтiк жаңғыртудың тиiмдiлiгін жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «Болашақты бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетіліп, Ұлан ауданында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының І бағытын «Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл бағыт еңбек потенциалын дамыту, тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесу арқылы тұрғындарды тұрақты және тиімді жұмыспен қамтуға бағытталған. 2012 жылға кәсіптік оқуға 83 адамды жіберу жоспарланған, оның ішінде:

- қайта даярлауға 68 адам,

- біліктілігін арттыруға 15 адам.



Нақты 56 қатысушы жіберілген. Оның ішінде:

- қайта даярлауға 49 адам келесі мамандықтар бойынша жіберілген: «В,С» санатындағы жүргізуші, ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы, электрогазбен дәнекерлеуші, тырнақ шебері, көгәлдандырушы, есепші және омарташы. Соның ішінде, ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы мамандығы бойынша оқыған 15 адам, көгәлдандырушы мамандығы бойынша –5 адам, омарташы мамандығы бойынша – 2 адам, электрогазбен дәнекерлеуші мамандығы бойынша – 1 адам оқуды аяқтады.

- біліктілігін арттыруға 7 адам жібірілді және оқуды аяқтады (ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы).

Қазіргі уақытта оқуды аяқтаған 30 адамның ішінен 19 адам тұрақты жұмысқа орналасты және 3 адам әлеуметтік жұмыс орындары бойынша жұмыс істеуде.

Ұлан ауданы бойынша «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына 70 адамға 17 млн. 628 мың теңге жоспарланған. 05.07.2012 жылға нақты 82 адам жіберілді, игерілген сома 2610,0 мың теңгені құрайды.

Жастар іс-тәжірибесіне 29 түлектерге 5 млн. 389 мың теңге жоспарланды. Бүгінгі күні жастар іс-тәжірибесіне 19 адам жіберілді, игерілген сома 1200,0 мың теңгені құрайды.



Екінші бағыт

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты аясында өз ісін ашуға және кеңейтуге несие алу үшін жұмыспен қамту орталығына барлығы 282 адамнан бизнес-ұсыныс түсті. Несиенің жалпы сомасы – 733,7 млн. теңгені құрайды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша Ұлан ауданына шағын несиелендіруге - 125,0 млн.теңге және инфрақұрылымды дамытуға – 57 млн. 513 мың теңге қаражат бөлінді:

1. «Ұлан несие 2020» кредиттік серіктестігіне шағын несиелендіруге –21,0 млн.теңге, инфрақұрылымды дамытуға – 10,0 млн.теңге бөлінді. Серіктестіктің құрамында 7 адам бар.

2. «СҰР» кредиттік серіктестігіне шағын несиелендіруге – 21,0 млн.теңге, инфрақұрылымды дамытуға – 10,0 млн.теңге бөлінді. Серіктестіктің құрамында 7 қатысушы бар.

3. «Бажалар А & Е» кредиттік серіктестігіне шағын несиелендіруге – т6,0 млн.теңге бөлінді. Серіктестіктің құрамында 2 адам бар.

4. «Сібе» кредиттік серіктестігіне шағын несиелендіруге – 21,0 млн.теңге, инфрақұрылымды дамытуға – 10,0 млн.теңге бөлінді. Серіктестіктің құрамында 7 адам бар.

5. «Aduchin kz» кредиттік серіктестігіне шағын несиелендіруге – 13,0 млн.теңге, инфрақұрылымды дамытуға – 10,0 млн.теңге бөлінді. Серіктестіктің құрамында 5 қатысушы бар.

6. «Сапа» кредиттік серіктестігіне шағын несиелендіруге – 43,0 млн.теңге, инфрақұрылымды дамытуға – 17 млн 513 мың теңге бөлінді. Серіктестіктің құрамында 19 қатысушы бірінші траншта несие алады.

Үшінші бағыт

«Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» атты бағдарламаның үшінші бағытын іске асыру азаматтардың экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық даму орталықтарына көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейді.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сұрыпталған көрсеткіштері нәтижесінде аудан көлемінде экономикалық әлеуеті төмен 2 елді мекендер анықталды. Олар – Южное ауылы және Төменгі Тайынты ауылы. Жалпы халық саны – 33 адам. Соның ішінде 12 адам өзін-өзі қамтыған.

Төртінші бағыт

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыру ауылдық елді-мекендердің инфрақұрылымын дамытуда қарасытрады.



Таврия ауылында келесідей жұмыстар жоспарланды:

  • Тохтаров және Песчаная көшелерінде дала жарығын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 17908,0 мың теңге және 3 жұмыс орнын ашу.

Айыртау ауылында келесідей жұмыстар жоспарланды:

  • Жанабаев көшесінде дала жарығын жөндеу үшін – 2155,0 мың теңге және 2 жаңа жұмыс орнын ашу;

  • Абая көшесінде дала жарығын жөндеу үшін – 1548,0 мың теңге және 2 жаңа жұмыс орнын ашу;

Бозанбай ауылында келесідей жұмыстар жоспарланды:

канализация желiлерiн тазарту және тазарту құрылыстарының қою үшін - 26262,0 мың теңге және 7 жаңа жұмыс орнын ашу.



ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

2012 жылдың 1 жартыжылдығында қабылданған ұйымдастыру және тәжірибелік шаралар аудан көлеміндегі криминогендік ахуалды тұрақтандаруға жағдай жасады. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде тіркелген аса ауыр қылмыстардың деңгейі 83,3 % (6-дан 1-ге дейін), ауыр қылмыстардың саны 40% азайды.

Қылмыстықты болдырмау және алдын алуға бағытталған жұмыс нәтижесінде кісі өлтіру 4-тен 0-ге дейін, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасқана зұлым келтіру 3-тен 0-ге дейін, қарақшылық 1-ден 0-ге дейін, қорқытып алушылық 4-тен 0-ге дейін, тонау 40 % 5-тен 3-ке дейін азайды.

Қылмыстық деңгейін талдау Ұлан ауданында жасалған жалпы қылмыстық қылмыстардың өсуі кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарға байланысты – 94,5 % (172 қылмыс).

2012 жылғы 11 сәуірде аудан әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өткізілді. Отырыс қорытындылары бойынша тапсырмалар беріліп, келесідей жұмыс атқарылды.

Ауданның ауылдық округ және кент әкімдерімен аумақтарда ортандандырылған мал жаю ұйымдастырылды, шаруа қожалықтарының жұмысшыларының профилактикалық тексеру қамтамасыз етілді, шаруа қожалықтарының басшыларымен еңбек шарттарды міндетті түрде жасаудың қажеттілігі туралы әңгімелесулер өткізілді, кіші және ірі малға ең салу ауылдық бойынша жұмыс жалғастырылды, округтер мен кенттерде «Көршілес қарау» бағдарламасы бойынша ағартушылық жұмыс жүргізілді, қоғамдық кеңестердің жұмыстары қайта жалғастырылды.

Ауданда «Көршілес қарау» бағдарламасы енгізілді, бұл бағдарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қамтамасыз етілді.

Учаскелік инспекторларды қызметтік пәтерлермен қамту бойынша жұмыс жалғастырылды.

Қазақстан Республикасы Мәжілісіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын қоғамдық құрылымдардың мәртебесі, оларды көтермелеу, сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізуді ұсыну жөнінде хат дайындалып, жіберілді.

Ауданның медициналық бірлестігімен ауылдық округ және кенттердің медициналық қызметкерлерімен медициналық куәландыру құқығын беретін сертификаттарды алу мәселесі бақылауға алынды.

Асубулақ, Таврия, Тарғын, Алмасай елді мекендерінде учаскелік инспекторларға аудандық бюджеттен үйлер сатып алынды. Сонымен қатар, Донское ауылында үй сатып алуға жұмыстар жүргізілуде.
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ

Ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы, ақпараттық-насихат жұмыстар, азаматтық қоғам институттарымен бірлескен өз-ара іс-қимыл, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың нығаюына, әлеуметтік ахуалды сақтауға әсерін тигізуде.

Жыл басынан аудан аумағында ақпараттық-насихат топ мүшелері барлық ауылдық округтер мен кенттерде Жолдауды насихаттау бойынша 61 кездесу және 49 дөгелек үстел өткізді. Жолдауға қатысты үгіт-насихат құралдарының саны: 22, бұқаралық ақпарат құралдарында 145 мақала жарияланған.

Ауыл-аймақтарды абаттандыру, көркейту мақсатында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон-эстафетасы ұйымдастырылды. Аталған шараға облыстық бюджеттен 2 млн. 379 мың теңге бөлініп, оған 108 оқушы және 29 жас аралығындағы жастар қатысты. Марафон – эстафета аясында 1000 жуық жасыл желектер отырғызылып, 900-ден аса ағаштар мен көшеттер әктеліп, елді мекендердің аумақтары, өзен-көлдердің жағалаулары, автожол бойлары тазартылып, гүлзарлар мен саябақтарды суару мен күту жұмыстары жүргізілді.



Ақпараттық-насихаттау қызметі үш бағытта: ақпараттық-бейнелеу – «Қазақстан-Өскемен» телеарнасы арқылы, бұқаралық ақпарат - облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» және аудандық «Ұлан таңы» газеттері арқылы және облыс, аудан әкімдерінің сайттары арқылы жүргізілді. 2012 жылы теледидар арқылы 22 ақпарат-хабар беріліп, 12 мыңнан астам тұрғындардың газет-журналдарға жазылуына қол жетті. Аудан әкімінің ресми сайтында 763 ақпарат жарияланды.

«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша жыл басынан жоспарланған жобалар 75, оған 155 млн. 304 мың тенге қаражат бөлініп, 21 жобасы орындалды. Оның ішінен атап көрсетсек, Өскемен құс фабрикасы» АҚ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде 40,0 млн теңгеден тұратын аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде жасанды футбол алаңы бар 500 орынға арналған стадионды халыққа пайдалануға берілді, ауданның тұрғыны К. Мусинның қолдауымен мешіт алдында фонтан салынды (9,2 млн. теңге), сондай-ақ «Жаңа-Аймақ» ЖШС-тің бастамасымен құны 6,8 млн. теңгені құрайтын Қасым Қайсенов кентінің кіре берісінде арка салынды.


Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет