Лекция : 30 сағат Семинар: 15 сағат обсөЖ: 45 сағат СӨЖ : 45 сағат Барлық сағат саны : 135 сағат



бет3/13
Дата28.04.2016
өлшемі1.82 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Жетісай – 2006




  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

1-кредит
1- Лекция.

1. Тақырыбы: Әдебиет туралы ғылымның тууы және қалыптасуы.

Жоспары:

  1. Әдебиет ғылымы туралы.

  2. Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасуы туралы.

Қазақ топрағында әдебиет туралы ғылым туу, қалыптасу дәурінен әлдеқашан өтті. Бұл ғылым бүгінде күрделі (әрі қиын, әрі қызық) даму - өсу, өркендеу езеңдерін бастан кешіріп отыр.

Атап айтсақ, қазақ әдебиетінің тарихын түгендеу бағытында жаңа дәуірге сай біршама батыл адымдар жасалады. Орта мектепке, жоғары оқу орындарында арналған оқулықтар мен оқу құралдары, әр арнаулы зерттеулер мен монографиялар, әсіресе “Ақтаңдақтар ақиқатына” байланысты толғаныстар мен талдаулар – осының айғағы.

Осы реттен алынып қарағанда, біздің әдебиеттануда күні кешеге дейін кенже қалып келген сала - әдебиет теориясы. Әдебиееттең тарихы мен сыны оның теориясымен тығыз байланысты екенін ескерсек, белгілі қазақ әдебиетшілерінің қай-қайсысы болса да өздерінгің ірі, іргелі зерттеулері мен сын еңбектерінде әдебиет теориясын орағытып өтпегені, оның бір жайы болмаса бір жайын қозғап байқағаны даусыз.

Республикамыздың жоғары оқу орындары үшін әдебиет теориясынан алпысыншы жылдардың аяғына дейін(“Сөз өнерінің” бірінші басылымы 1970 жылы шықты) қазақша оқулық жазылмайкелген.

1926 жылы Ахмет Байтұрсынав өзінің “Әдебиет танытқышын” кітап қып бастырып шығарды. Бұл біздің жыл санауымыздан үш ғасыр бұрынЭллада елінде жарық көрген Аристотельдің “Поэтикасы” тәрізді сөз өнерінің болмысы мен бітімін жүйелі байыптайтын қазақ құоғамындағы тұңғыш теориялық зерттеу еді.

Аралары тым алшақ жатқанына қарамастан бұл екі кітапты өзара салыстыра, қатар атауымыздың мәнісі – екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы “әліп - билері”. Асылы үздік қасиеттербір –бірінен қанша ерекше болса, бір-біріне сонша ұқсас болады.

Бірақ, амал не , Ахаң “тағдыр тәлкегіне” түскен тұста “Әдебиет танытқыш” та автормен бірге жойылып кетті. Бұл еңбекпен пайдалану былай тұрсын, оның атын атаудың өзі қылмыс боп есептелді. Ахаң ашқан әдеби терминдерді қолданған Есмағамбет Ысмайылов пен Зейін Шашкиннің жазбалары да “Әдебиет танытқыштың ” аяғын құшты.

Сонымен, жетпісінші жылдарға шекті студент-филологтар мен журналистердің қолында жүрген бірден-бір құрал­­ Қажым Жұмалиевтің орта мектепке арналған “Әдебиет теориясы” ғана болғаны мәлім.

Әрине, Қ.Жұмалиев кітабының қазақ әдебиеттануындағы орнын да, тек мектеп оқушылары ғана емес, қалың көпшіліктің эстетикалық талғамын қалыптастыруда ондаған жылдар бойы атқарған рөлін де ешкім жоққа шығармайды.Алайда бұл әдебиет теориясының түбірлі, түбегейлі мәселелерін кеңірек және тереңірек зерттеу міндетін күн тәртібінен түсірген жоқ, қайта бізді сол әрекетке мегзей берді.

1961 жылы біз тұңғыш рет мемлекеттік университеттер мен педагогикалық институттарға арнап “ Әдебиеттану негіздерінен ” бағдарлама жасадық. Ол бірнеше мәрте басылып шықты. Бірақ ұстаздар үшін де , шәкірттер үшін де тек бағдарлама ғана емес, сол программалық проблемаларды байсалды пайымдайтын, сөйтіп жоғарыда көрсетілген ол қылықтың орнын толтыратын арнаулы еңбек жазу қажеттігін өмірдің өзі талап етті.

Қолыңыздағы кітап, міне, дәл осы мүддеден туды.

Әдебиет теориясынан жзылған монографиялар , оқулықтар орыс тілінде бірқыдыру. Жоғарғы оқу орындарында осы кезде пайдаланылып жүрген оқу құралдары , негізінен, Г. Л. Абрамович пен Л. И. Тимофеевичтің кітаптары. Бұлардан басқа Ф. М. Головенченконың, Н. А. Гуляевтің, Г. Н. Поспеловтың , Л. В. Щепиловтың және басқалардың кітаптарын атап айтуға болады. Ал А. М. Горький атындағы дүние жүзілік әдебиет инститтутының ғылыми қызметкерлері дайындап, жарыққа шығарған үш томдық “ Әдебиет теориясы ” аталмыш саладағы адым іргелі еңбек. Бұл үш кітаптағы көптеген нақты тарауларда ғалым авторлар теориялық проблемаларды тексерудегі тарихи көзқарастың (историзмнің) маңызын іс жүзінде ұтымды танытады; бай әрі бағалы әдеби деректер негізінде нұсқаулы талдаулар жасап дәлелді түйіндер шығарады. Осы айтылғандардың өзі аталған томдардың , толып жатқан даулы тұстарына қарамастан, әдебиеттанудың кеңестік кезеңіндегі әжептәуір әдемі құбылыс екенін аңғартатса керек.

Әдебиет теориясынан жоғары оқу орындарына арналып жазылған кітаптардың әрқайсысы әр сипатта болып келеді. Айталық, Г. Л. Абрамовичтің “Әдебиеттануға кіріспесінде” әдебиет теориясның алғы шарттары мен тұңғыш түсініктері, ең қажетті детальдары мен қарапайым жайлары сараланса, Л. И. Тимофеевтың “Әдебиет теориясының негіздері” ең алдымен көркем туындыларды, ағымдар мен жалпы әдеби процесті талдап – тексерудің принциптері мен методикасын қарастырады; ал авторлар коллективі жазып шығарған үш томдық “Әдебиет теориясы” жалпы әдеби дамудың тарихи заңдылығын іздеп табуды көздейді.
Әдебиеттер:


  1. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б.

  2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б.

  3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А., 1969.

  4. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992, 2002

  5. Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.

  6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996.

  7. Кәкішев Т. Қазақ әдеби сыны тарихы. А., 1994.

  8. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. А., 2000.

  9. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., Ана тілі, 1995.

  10. Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы. А., 1969.

  11. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. А., 1966.

  12. Горький М. Әдебиет туралы. А., 1954, 1984.

  13. Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. А., 1994.

  14. Мәшһүр-Жүсіп К. Өлең – сөздің патшасы. А., 1991.

  15. Майтанов Е. Суреттеу мен мінездеу. А., 1995.

  16. Қабдолов З. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. А., 1996.


2- ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Әдебиеттануға кіріспе пәнінің салалары

Жоспары :

1.Әдебиеттануға кіріспе пәнінің мәні.

2.Басқа ғылымдармен байланысы.

3.Әдебиеттану ғылымының салалары.
Әдебиеттану –сөз өнерін зерттейтін ғылым. Бұл ғылымға бет ашар тәрізді әдебиеттің таьиғатына тән ең бір қарапайым қағидалар, ілкі түсініктер “” Әдебиеттануға кіріспе деп аталатын арнаулы пән арқылы талданып, тексеріледі. Одан арғы күрделі мәселелердің бәрі әдебиеттанудың өзге салаларының үлесіне қалады. Ал әдебиет туралы ғылым, негізінен, мынадай үш түрлі ғылыми салаға бөлінеді: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны.

Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдіс әдіс мәселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясынан ғана танып-білуге болады.

Сонымен, әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатынасын білу, әдебиеттің өсіп өрбуіндегі заңдылықты ұғу, керек десеңіз, бүкіл ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатын тану мүмкін емес.

Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары-әншейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең талдау, пайымдау нәтижесінде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар.

Әдебиет тарихы, сөйтіп, жек алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Қай халықтың болсын, атамзамандағы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігені, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті туып, дамығаны мәлім. Әр халықтың осындай көркемдік даму сапарын саралайтын да, сын көзіме сұрыптап, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы. Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байланыстыра тексереді. Олай етпей, ауыз әдебиетінің нұсқалары болсын, жеке жазушылар творчествосы болсын, әділ бағаланып, әдеби дамудағы өзіне лайық орнын алуы мүмкін емес. Әдебиет тарихын зерттеушілерге ең басты талап дәл осы тұрғыдан қойылады.

Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық – көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстэтикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творчестволық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандардың байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ – ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ бұл аз. Сыншы – қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой – пікірдің озғын өкілі.

Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда сөз болған негізгі салаларынан басқа жанама тараулары да бар. Олар – текстология, историография және библиография.

Текстология - әдеби туындылардың тексін (мәтінін) зерттеп, танудың принциптерін мен әдістемесін жинақтайтын арнаулы ғылыми пән. Текстология көркем шығарманың тұрақты тұпнұсқасын белгілейді, оның автор қолымен жасалған ақтық редакциясын анықтайды, әр алуан вариантын өзара салыстырады, әр басылымын автографпен салыстырады, текстің автор еркінен тыс қысқарған жерлері немесе бөгде қолмен орынсыз өзгертілген тұстары болса, қалпына келтіреді, тұпнұсқаны көшіріп басқандар мен әріп терушілер тарапынан кеткен, ең арғысы, емле қателері болса да ұқыппен түзеп отырады.

Историография - әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен материалдар жинағы. Мұның өзі, көбіне, бырыңғай ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиеттің теориясына, тарихына, не сынына қатысты қандай арнаулы мәселе болсын, оны зерттеудің көлемі мен тереңі, мәні мен маңызы сол мәселенің историографиялық материалының мөлшері мен мазмұнына қарап белгіленеді.

Библиография – көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл да, көбіне, ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиет пен әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын, оған қажет нақты материалдардың – текстер мен тексерулердің, сын – мақалалар мен зерттеу еңбектерінің бәрін библиографиялық көрсеткіштер мен анықтамалар арқылы іздеп тауып, пайдалануға болады.


Әдебиеттер:

    1. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б.

  1. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б.

  2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А., 1969.

  3. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992, 2002

  4. Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.

  5. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996.

  6. Кәкішев Т. Қазақ әдеби сыны тарихы. А., 1994.

  7. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. А., 2000.

  8. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., Ана тілі, 1995.

  9. Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы. А., 1969.

  10. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. А., 1966.

  11. Горький М. Әдебиет туралы. А., 1954, 1984.

  12. Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. А., 1994.

  13. Мәшһүр-Жүсіп К. Өлең – сөздің патшасы. А., 1991.

  14. Майтанов Е. Суреттеу мен мінездеу. А., 1995.

  15. Қабдолов З. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. А., 1996.


3 ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ : Көркем әдебиет туралы ой-пікірлердің қалыптасуы

Жоспары :

1.Алғашқы эстетикалық көзқарастар.

2.Көне дүние ойшылдарының көркем өнер туралы пікірлері.

3.Орыс ғұламалары әдебиет туралы.

4.Қазақ ақын-жазушыларының пікірлері.
Сөз өнері жайлы топшылаулардың туу тарихын, жалпы өнерге тән қасиет (әдемілік) хақындағы қағидалардың қалыптасу тарихын әдебиет пен өнер зерттеуші ғалымдар біздің эрадан бұрынғы VI ғасырдан, яғни Пифагор тұсынан бері қарай тұтастыра жүйелей жүр. Дұрысында адам баласының көркемдік талғамының алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын, Нил мен Нигер, Хуанхэ мен Янцзы, Инд пен Ганг, Тигр мен Евфрат жағалауларын мекендеген көне халықтардың рухани өмірі мен өнерінен пайда болған.

Байырғы вавилон жұртының “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастаны немесе көне үнді халқының “Ригведа”, “Махабхарата”, “Рамаяна” жырлары тәрізді еңбекші бұқараның жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерге бақсақ, адам баласының сөз өнері, соған сабақтас көркемдік пен көріксіздік, ерлік пен ездік, жақсылық пен жамандық, білімдарлық пен надандық туралы талаптары мен талаптары мен талғамдары тіпті біздің эрамыздан бұрынғы 3 – 2 мыңыншы жылдарда туып, тұрлаулы ұғымға айнала бастағанын аңғарамыз.

Эллада эстетикасы да бірден школаға айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б. э. б. VI ғ.) дүниедегі зат атаулының түп мәнін санға сайған аңқау аңғарымдарынан басталады. Мәселен, олар музыка сазы үн шығаратын шектің ұзын – қысқалығана байланысты (ұзындық екі есе қысқарса, дыбыс – октаваға, екіден үшке қысқарса – квинтаға, үштен төртке қысқарса – квартаға көтеріледі) деп біледі де, музыканың математикалық негізі туралы өзгеше бір ілім туғызады. Бұл – идеалистік түсінік.

Бұған керісінше, диалектикалық түсінік Гераклит Эфесский (б. э. д. 530 – 470 жж.) толғамдарында жатыр. Пифагоршілер секілді, Гераклит те әдемілік дегенде негіз болатынын мойындайды, бірақ ол – сан емес, сапа деп біледі. Оның ұғымынша әдемілік тек қана нақты, затты нәрсеге тән.

Атомдық материализмнің негізін салушы Карл Маркс гректер ішіндегі тұңғыш энциклопедиялық ақыл иесі деп атаған атақты Демокрит (б. э. б. 460 – 370 жж.) әр нәрсенің әсемдігі оның мөлшерінде деп біледі : “мөлшерінен артық кету де, кем түсу де” оған ұнамаған. Күллі грек ойшылдарының ішінде бірінші болып Демокрит адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастарға айырықша назар аударған : адамдар өнер – білімді тірі табиғатқа еліктеумен тапқан деп көрсетеді. Оның ойынша, адам баласы өрмекшіден тоқуды үйренсе, қарлығаштан үй салуды, бұлбұлдан ән салуды үйренген. Бұл қызық топшылау.

Әйгілі Сократ (б. э. б. 469 – 399 жж.) ойлыларының Гераклит пен Демокрит пікірлерінен өзгешелігі, әрине, оның идеалистік сипатында. Дегенмен, мұның эстетикалық түсініктерінде де назар аударар жайлар көп. Мәселен, Сократ әр нәрсенің ажары оның қажетке жарамдылығында, ал ажарсыздығы жарамсыздығында деп түсінген. Бұл ретте, Сократтың сұлулық жөнінде Критобулмен айтысы әсіресе қызық.

Өнер мен эстетика мәселелерін өзінше байыптаған көне дүние ойшылдарының бірі – Сократтың шәкірті Платон (б. э. б. 427 – 347 жж.). Әдемілік туралы Платон теориясының философиялық негізі оның бұлжымас, бақи “идеялар” жайлы идеалистік және мистикалық ілімімен тығыз байланысты. Сөйте тұра, жалпы эстетикалық қисын-қағидалардың қалыптасуында Платонның орны айырықша деп білген жөн.

Платон өзінің “Үлкен Иппий” диалогында әдеміліктің анықтамасы ретінде мынадай уағыз ұсынады : жарамды нәрсе – пайдалы нәрсе; пайдалы нәрсені тәуір көресің ; тәуір көрсең – қуанасың ; қуаныш дегеннің көз бен құлақ арқылы келетін рахатты түйсік : әдемі адамдар, әр алуан әшекейлер, ұлағатты сөздер, әсерлі әңгімелер, музыка, сурет, зергерлік іс, зерделі әрекет, тағы басқа осылар секілділердің бәрін көресің де естисің, қуанасың да рахаттанасың. Ал ішу, жеу, тағы сондай түйсіктерадамды қанша рақаттандарғанымен әдемі емес, әшейін ұнамды ғана нәрсе ! Бұдан шығатын қорытынды “сұлу нәрсе – сүйкімді нәрсенің көзге көрінер, құлаққа естілер бөлігі”.

Аристотельдің “Поэтикасы” - өнер туралы тұңғыш философиялық – эстетикалық трактат. Сонымен қатар “Поэтика” өз кезегіндегі әжептеуір жүйеге түскен бірден – бір әдебиет теориясы екені де даусыз. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Көркем шығарманың көп – көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия, т. б. жайларын талдап – тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Аристотель еңбегінің ең құнды жері тарихта тұңғыш рет дұрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап ашуында деп білу керек.

Көне дүниеде туған өнер жөніндегі терең толғам мен адам таң қалғандай тамаша талғам әйгілі Рим ақыны Квинт Гораций Флакктың (б. э. д. 65-8 жж.) “Поэзия ғылымы” деген теориялық поэмасында бар. Бұл шығарма алғашқы нұсқасында “Пизондарға хат” деп аталған-ды. Пизон деген ақсүйектің екі ұлы болған, үлкені дарынсыздау драматург екен. Гораций “Поэзия ғылымында” соларға айтқан ақыл түрінде өзінің бүтін бір эстетикалық жүйесін саралап ұсынады.

Әл-Фараби – дана философ қана емес, майталман математик,, үлкен дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болған адам. Әдебиет пен өнерге байланысты данышпан ғылымның бүкіл әлем эстетикасына айтулы үлес болып қосылған “Музыканың ұлы кітабы” атты көлемді, күрделі зерттеуін, “Музыка ғылымына кіріспе”, “Музыка жайлы талдау”, “Ырғақтарды топ-топқа бөлу” т. б әр алуан ғылыми еңбектерін атауға болады. Бұлардың қай – қайсысы болсын, әл – Фарабидің ірі эстетик, іргелі теоретик екеніне айғақ. Ал оның “Поэзия өнерінің канондары туралы трактат” мен “Поэзия өнері туралы” еңбегі өлең жайлы, жалпы ақындық өнер хақындығы аса бағалы байыптаулар болып табылады.

Данышпан сыншы, даңқты философ Виссарион Григорьевич Белинский (1811 - 1848) самодержавиелік-крепостниктік правоның қатал айыптаушысы, езілген шаруалардың мұң – мүддесі мен ой – арманының жалынды жыршысы болды. Оның “Әдеби арманнан” басталып, “Александр Пушкин шығармаларына” дейін өрлеп келетін, одан саф таза саяси өсиеті “Гогольге хатқа” шалқып шығатын барлық “қимыл қозғалыс үстіндегі эстетикасының” өткен ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихынан алатын орны орасан зор.

Кемеңгер жазушы – философ, ғылым – сыншы Николай Гаврилович Чернышевский (1828 - 1889) өткен ғасырдың екінші жартысындағы орыс революционер-демократтарының көсемі болды. Ол әдебиет пен өнердің қоғамдық қызметі туралы Белинский пікірлерін одан әрі өрістетіп, өзінің тамаша эстетикалық ілімін ұсынды. Чернышевский жауынгер матералистік философияның праграммалық дакументі ретінде танылған “Өнердің болмысқа эстетикалық қарым - қатысы” атты тамаша диссертациялық еңбегінде көркем әдебиеттің өмірдегі орнын, мақсаты мен міндетін белгілеп берді. Оның пікірінше, суреткер өмірдің тек күнгей бетін, жақсылық жағын ғана суреттеп тынбайы керек. Өмірдің өзі қандай жан - жақты болса, өнер де сондай жан – жақты болуы тиіс. Өнер адамға керек нәрселерді, адамды қызықтырар құбылыстарды толық қамтуға және дұрыс көрсетуге міндетті. Шындықты адамдарға ғылым қандай дәрежеде түсіндіп танытса, өне де солай етуі керек. Өнер “өмірдің оқулығы” болуы шарт. Ол үшін, Чернышевскийше, өмірдегі кез келген ұсақ – түйекті жіпке тізе бермей, жинақтау тәсілі қолданылуға тиіс. Бұл арада сыншының тип туралы ұғымы жатыр.

“Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыққан” (Веселовский) Ш. Уәлихановтың сөз өнері жайлы ғылымға қатысты еңбектері екі сала (ауыз әдебиетін жинау және жианаған нұсқаларын өзінше парықтау) екені мәлім. Бұл ретте, Шоқанның өзі “Дала Иллиадасы” деп бағалаған әйгіліі қырғыз эпосы “Манастың” бір тарауын (“Көкетайханның асы”) тұңғыш жазып алуы, өз халқының ұланғайыр өлең – жырларын ел аузынан іздеп тауып, талдап – тексеріп, оларды араб поэзиясымен салыстыра келіп : “Дала өмірін жырлаған поэзия болғандықтан, бұл екі елдің поэзиясы бір –біріне өте – мөте ұқсас, екеуінің де сюжеті дала өмірі тәрізді үнемі біркелкі болып келетінін”, бірақ қазақ поэзиясы – саф таза сұлу поэзия екенін, қазақ тілі араб тіліндей бояма . күлдібаламнмес, татаусыз төгілген, мөлдір тіл екенін дәлелдеуі – соншалық байсалды, парасатты, ғылым тұрғысынан әбден піскен, кәмілетті пікір.

Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай Құнанбаев, әрине, өзінің эстетикалық көзқарасын жүйелейтін ғылыми трактат жазып қалдырған зерттеуші де, сыншы да емес. Әйтсе де, оның тамаша творчестволық принциптері, сөз өнері хақындағы ұғым – түсініктері мен ой – пікірлері барлық көркем шығармаларындағы өн бойында желі тартып жатыр.
Әдебиеттер:


      1. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б.

      2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б.

      3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А., 1969.

      4. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992, 2002

      5. Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.

      6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З.

      7. Шаңбаев А. 1996.Кәкішев Т. Қазақ әдеби сыны тарихы. А., 1994.

      8. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. А., 2000.

      9. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., Ана тілі, 1995.

      10. Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы. А., 1969.

      11. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. А., 1966.

      12. Горький М. Әдебиет туралы. А., 1954, 1984.

      13. Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. А., 1994.

      14. Мәшһүр-Жүсіп К. Өлең – сөздің патшасы. А., 1991.

      15. Майтанов Е. Суреттеу мен мінездеу. А., 1995.

      16. Қабдолов З. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. А., 1996.


4- ЛЕКЦИЯ.


Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет