Лекция: 10 Жетісай, 2009 Силлабусты дайындаған: Бекпенбетова Қ. Т



бет1/3
Дата02.05.2016
өлшемі0.78 Mb.
түріЛекция
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ



“Филология және психология” факультеті

“Шет тілдері” кафедрасы

Шет тілін оқыту психологиясы пәнінен

5B011900 “Шетел тілі екі шетел тілі”мамандығының студенттері үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(силлабус)

Оқу түрі: сыртқы




Практикалық:4

СӨЖ: 31

Барлық сағат саны: 45



Аралық бақылау( 1,2 АБ) 60 б

Қорытынды бақылау: емтихан 40 б
Курс: IV

Лекция:10

Жетісай, 2009

Силлабусты дайындаған: Бекпенбетова Қ. Т



Силлабус Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігі 23. 12



2005_жылғы №779 бұйрығымен Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және ҚР БҒМ 11.05 2005_жылғы №289 бұйрығымен бекітілген пәннің типтік оқу бағдарламасының орнына енгізілген.





Силлабус кафедраның мәжілісінде қаралды

Хаттама № « ____» _________ 200_ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ _______________

қолы аты-жөні, ғылымти атағы


Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.

Әдістемелік бюро төрағасы/төрайымы/ ______________ ___________________

қолы аты-жөні, ғылыми атағы


Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.


Ғылыми Кеңес хатшысы ______________ ___________________

қолы аты-жөні, ғылыми атағы



МАЗМҰНЫ.




  1. Алғы сөз ….…………………………………………............................

  2. Жалпы мәліметтер………………………….………...........................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….....

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.………….....................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……...............................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы………………………..........................

  7. Студентке арналған ережелер..............................................................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .………........................................................

  1. Лекция сабақтары.................................................................

  2. Практикалық сабақтарының жоспары........................................................

  3. СӨЖ жоспары ..................................................

  4. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі...................................

  5. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б)...........................................

  6. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі..........


1. Алғы сөз
“5B011900-Шет тілі: екі шет тілі” мамандығының сыртқы бөлім 4-курс студенттерін

« Шет тілін оқыту психологиясы» пәніне оқу жоспарына сәйкес 1 кредит (45 сағат) берілген. Оның 10 сағаты лекция, 4 сағаты практика, 31 сағаты СӨЖ-ге бөлінген.

Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастыру маңызды орны алады. Оқытушылардың СӨЖ ұйымдастырудағы негізгі функциялары:



  • студенттерге бағыт-бағдар беру;

  • студенттерге консультатциялық көмек, кеңес беру;

  • студенттердің білім бақылау,бағалау.

Студенттердің өзіндік жұмысты орындау барысындағы негізгі міндеттері:



  • сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау;

  • оқытушының кеңесін негізге алып, өз бетінше дайындалу, өздеріне қатаң талап қоя білу;

  • күрделі, ауқымды, проблемалық ситуацияларды, мәселелерді меңгеруде оқытушыдан дер кезінде түсініктеме, кеңес, көмек алу.

Студенттердің өзіндік жұмыстарын өткізуде келесі мәселелерге көңіл бөлінуі тиіс:



  • СӨЖ нақты жоспарлау;

  • әдістемелік қамтамасыз ету;

  • СӨЖ тапсырмаларының күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес орындалуын студенттен талап ету.


2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.





Оқытушының аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Бекпенбетова Қ.Т

Уақыты- 8.30-17.30
Ауд -39


Уақыты 8.30-17.30

Ауд -39


Тел:___________

Каб:39_________

Корпус:_1_______




3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ

Курстың мақсаты: студентерге шетел тілінің психологиялық ерекшеліктерін оқу пәні ретінде көрсету, қазіргі заман технологияларын меңгерудегі олардың психолингвистикалық біліктілігін қалыптастыру және жас ерекшелігіне сай шетел тілін үйрету әдістерін қолдану.
Курстың міндеттері

  • студенттерді шетел тілін оқытудағы психологиялық және психолингвистикалық мәселелерімен таныстыру,

  • жас ерекшеліктеріне байланысты шетел тілін меңгерудегі психологиялық және педагокикалық білім, іскерлік, дағдыны жүйелендіру,

  • қазіргі заманның психолингвистиканың жетістіктеріне негізделген кәсіби маңызды іскерліктің жүйесін қалыптастыру,

  • болашақ шетел тілі ұстазының шығармашылық, аналитикалық іс-әрекеттерінің теориялық болжамдарын белсенді түрде қалыптастыру,

  • кәсіби педагокикалық іс-әрекеттегі студенттердің шетел тілін иновация технологиялар арқылы үйрену барысындағы танымдық қызығушылықтарын дамыту.


4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні

1


Тіл біліміне кіріспе


Екінші шетел тілді үйрету әдістемесі.

Шет тілдерi



Хаттама №



2

Жалпы педагогика


Шет тілін оқытудың әдістерінің тарихы

3

Этнопедагогика

Шетел тілді оқытудағы арнайы бағытталған әдістері.







4

Жас ерекшеліктер психологиясы













  1. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ






Кредит саны


Курс

Жалпы сағат саны



Аудиториялық сабақтар


Аудиториядан тыс сабақтар


Қорытынды бақылау

лекция

прак

сөж




1

4

45

10

4

31

емтихан



6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.



7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы, реті


Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

лекция

практикалық

СӨЖ




1

1.1.Шет тілдерін оқыту психологиясының пәні мен мазмұны.

1



3




2

Шетел тілдерін оқыту психологиясының пәні, психологиялық ғылым жүйесіндегі орны.

1

1

3



3


1.2.Оқу процесінің психологизациясы және шетел тілдерін оқытудағы қазіргі заманғы үрдістер.


1




3



4


Шет тілдерін оқытудың дәстүрлі жолы –оқытудың ассоциативті теориясы.


1

1

3




5


2.1. Сөйлеу әрекетінің психологиялық ерекшеліктері және оқытудың әр кезеңіндегі шетел тілді меңгеру.

1




3




6

Тіл дамытудағы жеке тұлға.Сөйлеудің дамуы.


1

1

3




7

2.2.Сөйлеу әрекетінің психологиялық мінездемесі және шетел тілді әр жастық кезеңде меңгерудегі шетел тіліндегі дағды, іскерлікті қалыптастыру ерекшеліктері.


1




3




8

Шетел тілін оқыту процесіне психологиялық түсініктеме беру.


1




3




9

3.1. Шет тілі мұғалімінің психологиялық біліктілігі. Шет тілі мұғалімінің педагогикалық жұмысының психологиялық негіздері


1

1

3




10

3.2. Сабақты жүргізу мен ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері.Шет тілі мұғалімінің сабаққа психологиялық талдау жасауы.


1




4







Барлығы

10

4

31






  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ


1-ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ: ШЕТ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ПӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ.
Жоспары:

1. Шет тілін оқытудың психология пәнінің мақсаты мен міндеті.

2. Пәнді оқытудың жолдары.

Лекция мақсаты: Шет тілін оқыту психологиясының ғылым ретінде алатын орнын түсіндіру.

Лекция мәтіні:

1. Шет тілін оқытудың психология пәнінің мақсаты мен міндеті.

Білім берудің тарихи қалыптасуына байланысты барлық ғылым салалары белгілі бір бағыттар бойынша пәндер көлемінде салаларға бөлінеді.Қарастырылатын мәселелері, зерттеу проблемаларына байланысты әр пәннің міндеті де белгілі. Осыған орай әрбір пәнді оқыту әдістемесі пайда болады. Айтарлық әдебиет пәнінің әдістемесі, шет тілін оқыту әдістемесі т.с.с . Бұларда оқыту нысаны болып отырған мектеп оқушылары, орта кәсіптік орындары, жоғарғы оқу орындарының конпоненттінің басты ерекшелігі, білім деңгейіні байланысты кезеңдерге бөлініп оқыту мен тәрбиелеудің ұстамдылығына негізделе отырып білім, білік, әдет, дағдылар қалыптастыру жолдары, оқушылардың іскерлік, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, тың мәліметтер жинау және және оны орынды пайдалана білу т.б. зерделенеді. Шет тілі пәні оқыту мен тәрбиелеу үрдісі болып, ал нысаны мектепке дейінгі тәрбиеленушіден бастап, оқушы, студент, ересек адамдар, болашақ маман , кәсіп иесі т.б. болып айқындалады.

Шет тілін оқыту әдістемесі- осы пәнді оқытудың теориясы мен практикасының тоғысуынан туындап, осы үрдістің бірлігі болып саналады. Оқыту әдістемесі оқыту мен оқудың мазмұны формасы, әдістері, тәсілдерінің бірлігін көсетеді. Шет тілін оқытудың заңдылықтарын қарастыру мен бірге оқу- тәрбие үрдісін басқарудың үнемі тың жолдарын іздестіреді.

2. Пәнді оқытудың жолдары.

Пәнді оқытудың жолдары, тәсілдері қазіргі кезде технологиясы мен жаңартылған әдістерін оқыту мәселелерін қарастырады.

Ғылыми білімнің барлық салалары бойынша жалпы әдіснама гноселогия – таным теориясы болып ол қоғам, табиғат және ойлау құбылысының диаектикалық заңдылықтарын, оны танып білудің жолдарын қамтиды. Қай ғылым саласы болмасын ол диалектиканың жалпы заңдылықтарын

өз пәні тұрғысынан зерттеуде пайдаланады, негізге алады. Диалектиканың басты заңдылықтары – тұтастық және қарама – қарсылық арасындағы қайшылықтар болып әрқандай құбылыстың ішкі қимыл, қозғалыстары мен даму себептерін ашуға көмектеседі. Белгілі бір ереже не қағиданы, тұжырым, ұғым не түсініктерді, формулалар т.б.көп рет – он, он бес, қайталау арқылы жаттау, жаттағанын еске түсіру, практикада тексеріп көру арқылы ол түбегейлі білімге айналып адам санасын байытады. Бұл өз кезінде сол адамның білім, біліктілігі ретінде бағаланып сапалық деңгейін көрсетеді.Бұл сапа өз кезінде жұмыстың нәтижесіне ықпал етіп оның тиімді коэффициенттін көтереді.



Бақылау сұрақтары:

1. Шет тілдерін оқыту психологиясының мазмұны.

2. Шет тілін оқыту психологиясы пәнінің мақсаты мен міндеті.

3 Шет тілі пәні оқыту мен тәрбиелеу үрдісі

4. Шет тілін оқытудың заңдылықтары

5, Диалектиканың басты заңдылықтары:

6. Пәнді оқытудың жолдары:
2-ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ: ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ПӘНІ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ.
Жоспары:

1.Психологияның оқыту теориясы туралы ұғым

2. Ш е т е л т і л і н о қ ы т у д а г ы к о м м у н и к а т и в т і к б ағд а р

п р и н ц и п і.



Лекция мақсаты: Психологиядағы оқыту теориясы жайлы кеңінен түсінік беру.

Лекция мәтіні:

1.Психологияның оқыту теориясы туралы ұғым.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге еніп нәтижелер беруде. Әсірісе бастауыш сынып мұғалімдері мектептегі жаңару процесін қызу қолдап, жаңалықтарды жылдам бесенділік танытуда. Қазіргі күнгі мектеп бағдарламасына мұғалім балаға білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл- ойын, қабілеттін дамытуы, оқу алуға үйретуі керек деген міндеттер қояды. Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар.Ерте кезден бастап –ақ ойшылдар білім мен ақыл- ой тәрбиесінің ара – қатынасын, олардың дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактиканың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың келбетіне , ақылының қасиеттеріне , мінез құлық- ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған. Баланың ақыл- ойын дамыту үшін қабілетін дамыту олардың білімге құштарлығын оятып, лаулата түседі. Көп білгенімен ешқандайда шығармашылық қабілеттін, байқалуы мүмкін, яғни тіпті өзі өте жақсы білетін ғылым саласында да жаңа жағдайлардың , құбылыстардың шешімін өз бетінше таба алмай қиналатын сәттер адамдар адамдар басынан жиі өтеді. Бұл қалыптан тыс ойлай алмаудың салдары.

2.Ш е т е л т і л і н о қ ы т у д а г ы к о м м у н и к а т и в т і к б ағд а р

п р и н ц и п і бойынша шетел тіліндегі оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы, мақсатқа багдарлауы, жүзеге асырылуы нәтижесінде оқушылар багдарламада белгіленген тақырыптар көлемінде шетел тілін

қатынас құралы ретінде пайдалану іскерліктері мен дағдыларын игеруге тиіс. Коммуникативтік бағдар принципі бойынша тілдік материалды (фонетиканы, лексиканы, грамматиканы) меңгеруге арналған жұмыс шетел тілінде катынас жасау үшін сол материал қалай қолданылатынын көрсетумен аяқталуы керек. Аталған принцип ауызша сөзге үйретуде де, жазбаша сөзге үйретуде де, яғни оқу жөне жазу процесінде де қолданылуға тиіс.

Ана тілінің ерекшеліктерін ескеру принципінің шетел тілін оқытудағы маңызы үлкен. Шетел тілі сабагы үстінде тек шетел тілінде ғана жаттығулар жасау арқылы сабақтан ана тілін аластауға болғанымен, оны оқушылардың санасынан аластау мүмкін еместігін академик Л. В. Щерба жаксы айтқан. Олай болса, шетел тілін оқытуда ана тілін аластау емес, қайта оқушылардың ана тілін меңгерудегі тәжірибесіне сүйену керек. Сөйтіп, ана тілінің тиімді ықпалын барынша пайдаланып, оның тиімсіз ықпалы болатын материалды бекітуде көптеген жаттығулар жасау арқылы интерференцияны жою керек. Онын үстіне орыс тілінің де тиімді ықпал ететін жерлерін толық пайдалану керек.

Шетел тілін меңгерудің барлық салаларында жаттығудың басымдылык, принципі зор маңыз атқарады. Жана сабақты түсіндіру жұмысын әркашан тиісті материалды қалай қолдануды көрсететін жаттығумен аяқтап отыру керек.

Шетел тілін оқытудың жекелеген принциптеріне мына принциптерді жатқызуға болады: 1) шетел тілін үлгі сөйлемдер арқылы оқыту принципі, 2) тіл материалын жаттығтыруды сөз практикасымен ұштастыру принципі, 3) әр түрлі сөз әрекетінің бір-бірімен байланыстылық принципі, 4) оқу мен жазуға үйретуде тілдік материалды алдын ала ауызша менгеру принципі, 5) апроксимация принципі, 6) шетел тілін оқытудын төменгі сатысында оқытудың интенсивті принципі.

1) Шетел тілін үлгі сөйлемдер арқылы оқыту принципі казіргі кезде тілді игерудін ең ұтымды жолы болып табылады. Бұл принцип бойынша тіл және сөз материалы мұкият іріктеліп алынып, олардың улгілері жасалады да, оқушыларға жиі қолданылатын фонетикалық, лексикалык және грамматикалық материал мен улгі сейлемдер беріледі. Оларды игеру нәтижесінде оқушылар ауызша сөзде де, жазбаша сөзде де коммуникативтік актіні аткаруға мумкіндік алады.


Бақылау сұрақтары:
1.Психологияның оқыту теориясы туралы ұғым.

2.Бізге белгілі алғашқы дидактиканың бірі.

3.Қазіргі күнгі мектеп бағдарламасында мұғалімнің алатын орны.

4. Шетел тілдерін оқытудағы қазіргі заманға сай үрдістері:


3-ЛЕКЦИЯ

ТАҚЫРЫБЫ: ОҚУ ПРОЦЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҮРДІСТЕР.
Жоспары:

1. Оқу процесінде шет тілдерін оқытудың үрдістері.

2. Шетел тілдерін оқыту процесінде көрсету әдісі.



Лекция мақсаты: Оқу процесінде қазіргі заманға сай үрдістерді шет тілі сабағында тиімді пайдалану.

Лекция мәтіні:

1.Оқу процесінде шет тілдерін оқытудың үрдістері.Психологияда адамның психикалық қызметін зерттейтін алуан түрлі әдістер қолданылады.Белгілі бір әдісті таңдауда зертеу жұмысының алдына қойған мақсатына байланысты, қандай жағдайда болмасын жоғарыда айтылған принцптерді басшылыққа алған абзал. Шет тілі сабағында әңгімелесу әдісін қолданғанда әңгіменің мақсатын алдын- ала анықтау негізгі сұрақтарды әзірлеу өте маңызды. Әңгіме барысында сұрақтардың негізгі мазмұны мен бағытын сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет.Әңгіменің бүкіл барысында жайма-шуақ , ықыласты жағдайды сақтаудың маңызы өте зор. Әңгімелесу әдісінің негізгі кемшілігі сол, мұнда сыналатын адамның психикалық ерекшеліктері туралы тұжырымды оның өзі берген жауабы негізінде жасауға тура келеді. Сондықтан бұл әдісті өз алдына жеке пайдаланбайды, басқа әдістер мен толықтырып отырады. Шет тілін оқытудағы әңгімелесу іс-әрекетің ролін анықтау.



Шетел тілдерін оқыту процесінде көрсету әдісі ерекше орын алады. Басқа пәндерді оқытуда бұл әдіс дербес әдіс бола алмай, тек басқа әдістермен қосарлана қолданылса, шетел тілін оқытуда ол дербес әдіс міндетін атқарады.Шетел тілін іс жүзінде меңгеруде, оңы мектеп
бағдарламасы көлемінде қолдануда к ө р с е т у әдісінің маңызы зор. Мұнда заттарды, суреттерді, түрлі кестелер мен схемаларды көрсетумен қатар, одан да мәндірек сөз технологиясын көрсету, ауызша және жазбаша сөздің
қалай жүзеге асырылатынын көрсету басым орын алады. Шетел тілінде сөйлейтін ортаның жоқтығы сол тілдегі сөзді көрсетудің маңызын арттыра түседі.

Т ү с і н д і р у шетел тілдерін оқыту процесінде қазіргі кезде қарапайым орын алады. Шетел тілін оқытуда түсіндірудің маңызы едәуір болғанмен, бұл әдіс тек тіл материалын меңгеру, кезеңінде қолданылады да, сөзді
игеруде қолданылмайды. Сөйтіп, түсіндіру көмекші қызмет атқарады. Оны оқушыларға тіл құбылысының мәнін түсіну қиын болған жағдайда қолданады.

Ж а т т ы ғ у әдісі шетел тілін оқып-үйренуде басым роль атқарады. Мұғалімнің қолданатын барлық әдістері мен тәсілдері шетел тілін қатынас құралы ретінде қолдану практикасында жаттығуларда өз орындарын табуға тиіс. Сөз әрекетінін қандай түріне үйретсек те сабақтың негізгі бөлігі жаттығу болады. Жаттығу аз болған жерде сабақтан нәтиже шықпайды, оқушылардың пәнге қызығушылығы төмендейді. Керісінше, сабақта түрлі-түрлі белсенді жаттығулар мол болса, оқушылар сөз әрекетіне тез мaшықтанады. Сонымен мектепте шетел тілін оқытудың барлық сатыларында жаттығулар мықтап орын алуға тиіс
Бақылау сұрақтары:

  1. Психологияда адамның психикалық қызметін зерттейтін әдістердің пайдаланылуы.

  2. Шет тілі сабағында әңгімелесу әдісін қолданғанда әңгіменің мақсатын алдын- ала анықтаудағы негізгі атқаратын ролі.

3. Әңгімелесу әдісінің негізгі кемшілігі.

4. Әңгімелесу мен сөз шеберлігін меңгеру.


4-ЛЕКЦИЯ
ТАҚЫРЫБЫ: ШЕТ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЖОЛЫ –ОҚЫТУДЫҢ АССОЦИАТИВТІ ТЕОРИЯСЫ.
Жоспары:

1. Оқу - білімді , дағдыны және білгілікті жүйелі игеру процессі.



2. Көрнекілік-жетекші тәсіл ретінде.

Лекция мақсаты: Шет тілін оқып үйренудің өзіндік психологиялық ерекшеліктерін кеңінен түсіндіру.

Лекция мәтіні:

1. Оқу - білімді , дағдыны және білгілікті жүйелі игеру процессі .Оқу дегеніміз еңбек әрекетін орындауға қажетті білімді , дағдыны және білгілікті жүйелі игеру процессі. Оқу ісіне міндетті екі адам, оқытушы және оқушы қатынасады. Алайда мұны бір адамның екінші адамға білім беруі деп қарауға болмайды. Бұл ең алдымен, оқытушының басшылығы мен білімді, білгірлікті және дағдыны белсенді игеру процесі.Оқу дамытқыш құрал болу керек. Оқушыларға білімді хабарлай отырып, оқытушы оларды ойлауға және бағдарлауға, ұққандарын өз сөзімен айтып беруне үйретеді. Оқушы тек қана білімді игеріп қана қоймай, сонымен қатар өздігінен ойлау, білім алу әдісін үйренеді. Жақсы ұйымдастырылған оқу тәрбиелеуші рөль атқарады. Оқу процесінде болашақ адам, оның бағыттылығы, мінезіндегі еркін қырлары, қабілеті және т.б. қалыптасады. Мектепке бару бала өмірінің жауапты кезеңі. Оқи бастаған соң оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Онда мектепке уақытында бару, үй тапсырмаларын орындау, жолдасына көмектесу сияқты көптеген жаңа міндеттер пайда болады. Сөйтіп мектепке алғашқы барған күннен бастап баланың айналасы мен қарым-қатынасы міндеттілік принцпымен реттеледі. Жақсы оқу парызы – тек ата-ана алдындағы парызы ғана емес, сыып, мектеп, бүкіл Отан алдындағы, өзінің ар-ожданы алдындағы парызы. Мектеп оқу процесінде оқу мативі қалыптасып, өзгеріп отырады. Ол төменгі сынып оқушыларындағы қарапайым мотивтен басталады. Жоғарғы сынып оқушыларында парыз сезіміне дейін көтеріледі. Алғашқы жылдары балалар үйде ата-аналарын ұрыспауы үшін, жақсы баға алу үшін оқиды. Осыған орай ғылым проблемаларының білуге құмарлық, жеткіншектің танымдық қажетін қанағаттандырарлықтай білім алу мотиві пайда болады. Мінез –құлықтың жоғары сатылы реттеушісі болып табылатын парыз бен арды қалыптастыру, оқу мотивінің сферасына жоғары моральдық сенімдерді қосады. Шет тілін оқу кезінде бала дамудың ұзақ жолынан өтеді. Бастауыш сыныпта ол сауаттылық негізін, өзінің шамасы жетерлік шет тілін игереді. Экспериментальды оқытулар балалар бастауыш сыныпта қарапайым әріптерді, сандарды меңгере алатынын көрсетеді. Олар өз ана тілін және шет тілін жап-жақсы біліп алады. Орта мектепте оқу ісін ұйымдастыру оқушыдан үлкен жауапкершілікті және оқуға саналылықпен қарауды талап етеді. Сабақ пән бойынша жүргізілуі мұғалімнің оқушы үлгерім мүмкіндігін азайтады. Ой қызметінің сапасына талап арта түседі. Оқушыдан мұғалімнің айтқандарын, кітаптан оқығандарын жай ғана есте сақтағаннан гөрі, оны ұғыну, ой елегінен өткізе білу талап етіледі.

2. Көрнекілік-жетекші тәсіл ретінде.

Оқытудың техникалық құралдары сабақта әр түрлі мақсатқа қолданылады. Олардың көмегімен тіл материалын түсіндіруге, оны бекітуге, сондай-ақ сөз іскерліктері мен дағдыларын қолдануға болады. Техникалық құралды фонетикалық дағдыларды дамытуда оқушылар мен мұғалімге үлкен көмек көрсетеді. Мұнда негізінен күйтабақ ойнатқыш пен магнитофон оқушылар шетел тілінде диктордың үлгілі сөзін тыңдап, дыбыстардың қалай айтылатынын, сөздердің екпінін, сөйлемдердің интонациясын естиді де, оған еліктеу арқылы шетел тілінің дыбыстарын дұрыс айтуға, сөздердің екпінін дұрыс қоюға, сөйлемдерде дауыс ырғағын, интонациясын бұлжытпай айтуға дағдыланады. Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру үшін күйтабақ ойнатқанан гөрі магнитофон тиімдірек, өйткені магнитофонға мұғалім өзі жаза алады, мұнда әр дыбыстан, сөзден кейін үзіліс жасауға мүмкіндік бар. Сөз шапшаңдығын да мұғалім, өз оқушыларының шама-шарқына мөлшерлеп өзгертіп отырады.

Магнитофонның көмегімен фонетикалық дағдыларды қалыптастыр-ғанда, мұғалім таспаға жеке-жеке дыбыстарды арасына үзіліс қалдыра отырып жазады. Сондай-ақ құрамында жаттықтырылуға тиісті дыбыстар бар сөздер мен сөйлемдерді де үзіліспен жазып алады. Оқушылар әуелі жеке дыбыстарды тыңдап, арасындағы үзілісте сол дыбыстарды дұрыс айтып жаттығады. Сосын сөздер мен сөйлемдерді тыңдап, үзілісте оларды қайталап айтады. Сөйтіп, оқушылар жеке дыбыстардың айтылуын ғана емес, сөздердің айтылуын, дауыс екпінін, сөйлемдердің интонациясын меңгеріп алады. Магнитофон әсіресе шетел тіліндегі тақпақтар мен өлеңдерді үйренуде үлкен көмек береді.
Бақылау сұрақтары:

1.Шет тілі сабағындағы оқушылардың іс-әрекеті.

2.Сөйлеу әрекетінің психологиялық мінездемесі

3.Шет тілін оқу кезінде баланың дамуының жолдары.

4.Оқу ісіне міндетті екі адам:

5.Шетел тіліндегі дағды, іскерлікті қалыптастыру ерекшеліктері .



5-ЛЕКЦИЯ
ТАҚЫРЫБЫ: СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘР КЕЗЕҢІНДЕГІ ШЕТЕЛ ТІЛДІ МЕҢГЕРУ
Жоспары:

1.Психологиялық анализ және синтез.

2.Оқытушының сабаққа анализ жасауы.

Лекция мақсаты: Шет тілі мұғалімінің педагогикалық жұмысының

психологиялық негіздерінің мазмұнын анықтау.



Лекция мәтіні:

1. Психологиялық анализ және синтез. Сабақтың оқу – тәрбие жұмысының мақсатын жоспарлау бағасы:



    • Оқыту,

    • Тәрбиелеу,

    • Оқушылардың ақыл-ойын, ерік, сезім және танымдылық үрдістерді дамытуы.

Сабақ мазмұнының психологиялық-пеагогикалық бағасы:

    • Оқу материалының психологиялық сапасы ( сурет немесе түсіндіру, олардың көрнекік, нақтылық, абстрактілік, талап қорытындылау дәрежесі ).

    • Оқушылардың танымдық іс-әрекетінде осы тақырыптың қабылдауы қай жағынан белсенді түрде қажет ( бейне немесе сөздік-логикалық есте сақтауы, абстрактілік ойлауы, елесі ). Қандай сезімдер тууы ықтимал?

    • Берілген оқу материалдар оқушылардың танымдық іс-әрекет барысында жас ерекшелікгіне, өмір тәжірибесіне және білім деңгейіне сәйкес келе ма?

    • Меңгерілген білім мен біліктіліктің мазмұндылығын, түйінін мұғалім қалай бөле алады?

    • Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып,қиын тақырыптарды қабылдауына мұғалім түсінігі, қызықты, айқын,әрі қарапайым жеткізу, көрінекті мысалдардың, аналогияның, салыстырудың болуы ( көрнекі құралдарды пайдалану, өмір мен байланыстыру және т.б. ) қалай жүреді?

Берілген материалдық тәрбиелік мәні ( моральдық, эстетикалық, дін т.б )
2.Оқытушының сабаққа анализ жасауы.

Оқу материалының тәрбиелік мүмкіндіктерін мұғалім қаншалықты орнықты анықтайды.

сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқарудың әдістері мен құралдары.

1 Зейінді ұйымдастыру:



    • Сабақтың барлық кезеңінде есте сақтауды ұйымдастырудың жолдары ( сабақта оқушылардың ырықсыз көңіл бөліуіне, назар аударуына үндеу жасау, іс-әрекеттің қажеттілігін көрсете білу, нақты мақсатты қоя білу).

    • Сабақ барысында зейіннің түрлері және олардың кейбір оқушылардың бойынан көрінуі.

    • Оқушылардың назарын бір іс-әрекееттен екіншісіне аударуды ұйымдастырудың тәсілдері.

    • Мұғалім ұсынған іс-әрекеепттің қандай қиын түрі болсада, оқушылардың назарын аударуға талап қоя білуі,әрі бұл жағдайдан қалай шықты?

Қабылдауды ұйымдастыру және оның ерекшелігі:

  • Оқушылардың қабылдау объектісі не болып табылады ( мұғалімнің сөйлеуі, кітаптың мәтіні,әртүрлі көрнекі құралдар)?

  • Көрнекі құралдарды қолдануы, олардың сабақтағы қызметі.

  • Материалды қабылдау тиянақтылығы.

Ес және оның дамуы:

  • Сабақты әр кезеңінде оқулардың есте сақтауына мұғалімнің арнайы үндеу жасай білуі.

  • Сабақта естің қай түрі жиі байқалады?

  • Сабақта мұғалім есте сақтаудың ең тамаша қандай тәсілін қолданады?

Оқушылардың ойлау іс-әрекетінің белсенділігін артыру:

  • Мұғалім оқушыларға ғылыми түсінікті қалай қалыптастырады?Осыған орай көрнекі құралдарды қалай қолданылады?

  • Түсініктерді бір-бірімен қалай байланыстырады, әрі қандай пікір қалыптастырады?

  • Түсініктер мен пікірлері оқушылардың меңгеруіне мұғалім қандай жолдарды( индуктивті немесе дедуктивті ) таңдады?

  • Мұғалім оқушылардың түсініктері мен пікірлерді меңгеруіне қажеттілікті тудыра білді ма?

  • Сабақта түсініктерді меңгерудің деңгейі, түсінікерді анықтау барысында жіберілген қателіктер

  • Оқушылардың өзінің шығармашылық ойының белсенділігі.

  • Ұжымдық таным іс-әректінің ұйымдастыруы.

Сабақта репродуктивті және шығармашылық елестің белсенділігі.

Мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін қалай ескереді.

Мұғалімнің кері байланысты ұйымдастыруы:

Мұғалім сабақтың қай кезеңінде (сұрақ-жауап, жаңа материалмен таныстыру, пысықау барысында), қандай мақсатпен оқушыларға сүйенеді(сұрақ қойды)?

Сабақта оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтауы.

Кері байланыс тек бақылау мен ғана шектелмей, үйрету ерекшелігі болады ма?

Сабақта оқушыларға қойылған бағаларды қалай қабылдады, әрі оларға қалай түсінік береді

Оқушылардың берген жауаптарының ерекшеліктері мұғалімнің әрекетінде, сөзінде ескеріді ме?

Мұғалімнің тәжірибелік ықпалы:

Оның сыртқы келбеті, сөйеу, әрі оқушылармен қарым-қатынас үлгісі. Сабақтағы эмоциялық жағдай.

Оқушылардың құнды ерікті ар-ұждандық қасиеттерін қалыптастыруға мұғалімнің талап қоя білуі және оқушылардың осы талапқа көзқарасы әсері.

Сабақта қолданған тәсілдер мен әдістердің тәрбиелік маңызы.

Үй тапсырмасының көлемі, ерекшелігі, жекедаралығы.

Сабақ мақсатына жеткендігі жайлы қандай психологиялық көрсеткіштер арқылы нақтылауға болады.


Бақылау сұрақтары:

1.Берілген оқу материалдар оқушылардың танымдық іс-әрекет барысында жас ерекшелікгіне, өмір тәжірибесіне және білім деңгейіне сәйкес келе ме?

2.Меңгерілген білім мен біліктіліктің мазмұндылығын, түйінін мұғалім қалай бөле алады?

3. Қабылдауды ұйымдастыру және оның ерекшелігі.

4. Берілген материалдық тәрбиелік мәні неде?

5. Кері байланыс тек бақылау мен ғана шектелмей, үйрету ерекшелігі болады

ма?

6. Сабақта естің қай түрі жиі байқалады?



7. Сабақта мұғалім есте сақтаудың ең тамаша қандай тәсілін қолданады?

8. Сабақтың оқу – тәрбие жұмысының мақсатын жоспарлау бағасы:


6-ЛЕКЦИЯ

ТАҚЫРЫБЫ: ТІЛ ДАМЫТУДАҒЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒА.СӨЙЛЕУДІҢ ДАМУЫ.
Жоспары:

1.Шет тілін оқытудың психологиялық негіздемесі.

2. Шәкірт пен ұстаздың ортақ іс-әрекеті

Лекция мақсаты: Шет тілін оқыту процесінің әртүрлі қырларын жекелеген методикаларын қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Шет тілін оқытудың психологиялық негіздемесі.

Шетел тілін оқыту оқушылардың жан-жақты дамып, жетілуіне: дүниеге көзкарасының, ойы мен есінің, сезімі мен эмоциясының, рухани және эстетикалық, көзқарасының, мінезінің қалыптасуына, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдыға айналдыруға әсер етіп, олардың жан-жақты дамыған азамат болуына ықпал жасауды мақсат етеді. Шетел тілі пән ретінде оқушыларды ұлттық патриотизм, интернационализм рухында тәрбиелеуге зор мүмкіндіктерге жол ашады. Шетел тілін оқып-үйрену барысында окушылар әр түрлі текстерді оқиды, тыңдайды, мазмұнын айтып береді. Олардың мазмұны оқушыларға өз халқын сүюді, өзге халықтарды сыйлауды үйретуге тиіс. Шетел тілін оқу оқушылардың бойында еңбекке деген дүрыс көзкарасты қалыптастырып, дамытуға тиіс.

Оқушылардың жан-жақты дамуына, олардың дара тұлғалар болып қалыптасуына тілдік материалды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгерудің маңызы үлкен. Лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділік, өз бетінше жұмыс істеуге қабілеттілік көрсетіп, корытынды жасауға дағдылануға тиіс. Шетел тілін оқып-үйрене отырып, оқушылар өз ойын жүйелі түрде айтып жеткізе білу, шетел тілінен алған білімін, үйренген іскерліктері мен дағдыларын жаңа ситуацияларда шығармашылықпен қолдану іскерлігін меңгереді.

Оқыту–шәкіртпен ұстаздың өзарабірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ іс-әрекеті.Оқыту-мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті болса, оқу шәкіртің дүниені танып білуге басты әрекет болса, оқу шәкірттің дүниені танып білуге бағытталған өзіндік әрекеті. Оқыту процесінің әртүрлі қырларын жекелеген методикалар қарастырады.

2. Шәкірт пен ұстаздың ортақ іс-әрекеті.



Шәкірттердің оқу мазмұнын ұғынып, әртүрлі тапсырмалаарды қалайша орындай алу мүмкіндіктерін зерттейді. Шәкірттердің оқуға талпынысы мен ынтасын қалыптастыру жолдарын, оның түрлі білім , дағды, әдеттерді қалайша меңгеріп отыратындықтарын әртүрлі мазмұндағы материалдарды игеру ерекшеліктері нәтижені жоғарылату объектісі болып табылады. Оқу материалдары адам психологиясына зор талап қоятыны белгілі. Шындықтағы құбылыстардың сыр сипатын, мән жайын ұғыну өте күрделі әрекет. Мұның өзі қазіргі заманда бірнеше кезеңнен тұратыны белгілі. Мәселен оқушының сабақта материалды ұғынудың алғашқы кезеңінде шәкірт нені қалай оқу керектігі жайлы жалпы мағлұмат алады. Содан соң тәжірибеде сынап көреді. Үшінші кезеңде ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды. Төртінші кезеңде оларын ойына ұстап тұрады да, бесін,ші кезеңде шәкіртте зат пен құбылыс туралы белгі ұғымы қалыптасатын болады. Ақыл ой амалдарын меңгеру арқылы оқушы шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын меңгереді, бір затты екіншісімен салыстырып, дәлелдей алуға, олардың айырмашылық бірлестіктерін үйренеді. Мұғалім шәкірт ойлауындағы талдау тәсілінің қалыптасуына жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, ондай оқушы материалдың бір-бірі мен байланысының жеке жақтарын ғана меңгереді. Сондай ақ мұғалім сабақ беруде жинақтау тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, берілген мағлұмат бұрынғы материалмен дұрыс байланыспай қалады. Материалды өз күйінше жаттап алу , оның ішкі мәніне бара бермеу, балада жаттампаздық, яғни оны құрғақ жаттап алуға әуес болуға жетелейді. Шәкірттің білімді меңгеруі , мұғалімнің сабақ оқуы, екеуі де инемен құдық қазғандай қиын нәрсе. Мәселен мұғалім оқушыға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, осы жағдайда ақыл ой кернеуалығын, кейде оқудан жиренушілікті туғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әт шәкірттің рухани тілектерін, таным белсенділігін, оны ұдайы қанағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге құштарлығын дамыту қажет. Мынандай кез әрқашан есте болуы керек. Егер жас баланың потенциалдық мүмкіндіктері жете бағаланбаса, яғни оның рухани тілектері қанағаттандырылмаса, бұл жағдай айналаны танып-білуге құштарлығының біртіндеп сөнуіне , самарқаулыққа салынуына себеп болуы ықтимал. Шәкірт ақыл ойын жүйелілік пен дамыту үшін оқытудың тым жеңілдетудің де қажеті жоқ. Шәкірттерің ойлау қабілетін дамытуға оқытудың проблемалы сипата болуы ерекше әсер етеді.Проблемалық оқу оқушыға беретін білімнің бәрін мұғалімнің өзі баяндап бермей, олардың алдына сұрау салып, мәселе қойып, соны өздерінше шешуге бағыттау. Білім жүйелерін меңгеру күрделі ой жұмысының нәтижесі.Бұл ойлау формалары мен тәсілдері арқылы жүзеге асады. Осылайша ойлау тәсілдерін тиімді пайдалануда шәкірттердің өздері ұғынуға тиісті заттар мен факторларды саралап, салыстырып , жекелеген құбылыстадың не себептен туындайтынын, себебін іздестіретін болады. Еліміздің озат, жаңашыл ұстаздары өз тәжірибесінде методика, педагогика,психология ғылымдарының соңғы жетістіктерін тиімді пайдалану арқылы сабақ процессін жетілдіре түседі Атап айтқанда бұл біріншіден –ұстаздың сабақты терең және жан-жақты түсіндіруі, екіншіден- оқу материалын тірек плакаттарына ойластыра қысқаша баяндай білу. Оның арқасында шәкірт тірек белгілері бар беттерінің мәнісін ұғынады. Осылайша балалардың барлық қырларын зерттеп, сабақтарды қызықты өткізу арқылы балаларды қызықтыра түсеміз. Тәрбиелік және жетіктіру мақсаттары
Бақылау сұрақтары:

1.Шет тілі мұғалімінің кәсіпкерлігі.

2.Проблемалық оқу оқушыға беретін білімнің бәрін мұғалімнің баяндамастан, соны өздерінше шешуге бағыттау.

3.Тәлім-тәрбие берудегі басты әрекет.

4. Шет тілін нәтижесінің жоғарылауы.

5. Оқу нәтижесін тиімді ұйымдастыру.

6. Материалды өз күйінше жаттап алу дегеніміз не?

7. Жаңашыл ұстаздардың өз тәжірибесінде методика, педагогика,психология ғылымдарының пайдалануы.


7-ЛЕКЦИЯ

ТАҚЫРЫБЫ: СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕСІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТІЛДІ ӘР ЖАСТЫҚ КЕЗЕҢДЕ МЕҢГЕРУДЕГІ ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕГІ ДАҒДЫ, ІСКЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Жоспары:

1. Сөйлеу кезіндегі адамның өзіндік ерекшелігі.

2. Балаларға қойылатын сұрақтардың түрлері.

Лекция мақсаты: Мұғалімнің шет тілі сабағында оқушылармен жұмыс істей білуі.

Лекция мәтіні:

1. Сөйлеу кезіндегі адамның өзіндік ерекшелігі Баланың жан дүниесінің ерекшеліктерін ажырату үшін жүргізілетін әдістемелік тәсілдер мүмкіндігіне қарай қысқа тұжырымдамаларды шапшаң жолмен құралғаны түсінікті болу керек. Баланың жеке басының даму үрдісін жылдам зерттеп білуі үшін ыңғайлы жас кезеңіне сәйкес болуы керек. Баланы оқытуда қарым-қатынас жасауда әңгіме, сұқбат жүргізу мақсатты түрде жоспарланып жазылуы керек. Ол барлық тақырыпқа қатысты. Сабақтың дамуын жан- жақты қамтитындай болуы керек. Оқытуда тест жүргізетін адам немесе психолог өзі жүргізетін сынақтың методикасын жақсы меңгеру керек. Баламен жүргізілетін әңгіме одан алатын жауап құрылысы жағынан мынандай болу керек:



  • Кіріспеде баланы бірлестікке шақырып ынтымақтастықтағы әңгімеге тарту.

  • Егерде бала өз сөзіне есеп беріп өзіне-өзі басшылық жасай алмайтын болса, сөзге тартып жетекші сұрақтар қойып бағыт беріп отыру.

  • Жалпы алғанда балаға қойылатын сұрақтар мына тұрғыда болады.

    1. Сен маған өзің туралы айтып бере аласың ба?

    2. Бір-бірімен шамалы таныс болған соң, сен өз құрбыңмен қалай ойнап қарым-қатынас жасайтыныңды білгім келеді.

    3. Баланы жан-жақты толық зерттеу.

    4. Баланың қызығушылығын, мақсат – мүддесін, бейімділігін байқау.

    5. Қай жас кезеңінде болсада қарым – қатынас жасау керек.

    6. Балаларға қойылатын сұрақтардың өзі 3 түрлі болады:

      • Жалпылама шолу

      • Нақты мақсатты сұрақ

      • Күтпеген көлденен сұрақтар.

Әртүрлі оқу әдістерін қазіргі уақытта кәсіби білім беруде пайдалануда. Педагогикалық мінездемеге бағыт-бағдар беруде психологиялық негізге , тақырыптың мақсатық құрылыма, оқу мазмұны, олар өздері бір-бірімен ерекшеленеді. Түсіндіру – илюстрациялық әдіс, беховеральді – техникалық, ақыл ой іс-әрекетің кезеңдері, проблемалы контексті болуы мүмкін. Оқу әдісінде сынды қолдау, оған жауап, дәстүрлі әдістерде теориялық, практикалық принцптер қызмет жасамайды. Кәсіби міндетті болашақ мамандар қабілеттерін шешуде ажырамайды; студенттердің тәртіпсіздігі пассивтілігі осындай пробламаларды өздері шешуде кәсіби іс-әрекетке міндеттеу; адамдардың ішкі құрылымын және сыртқы жағдайын, мінезін және іс-әректін оқу контекстінде жалғастыру қабалдауға ықпал ету, түйсіну және білім беудегі айқын ситуациялар, білінің мақсаты және мазмұнының қосылуы, бұлардың барлығы жеке компоненттері. Ең алдымен контексті кәсіби практикалық әрекетті жасауда, студенттер оқу ақпаратын меңгеруде және орындауды болжау. Жекетұлғалық және бірлескен анализ және кәсіби ситуацияны шешуде маманның рұқсаты мен жүргізу, оқу контекстінде А.А. Бербицкийдің формулировалды 7 негізгі принцпі бар:

    • Студенттердің оқу әрекетіндегі жеке қорытындысы.

    • Кәсіби әрекеттің түрлері және жағдайы, әдістемелік оқу әрекетіндегі мазмұнның мақсаты.

    • Оқу әрекетіндегі процесс және проблемалық принцптер және мазмұ.ны.

    • Оқу мақсатының адеквтты қалпын ұйымдастыру

    • Бірлескен іс-әрекеттегі тиімді әдістердің рөлі.

    • Оқудың жеке принцпі және кәсіби тәрбие.

Бербицкийдің формулировалды 7 негізгі принцпі және көптеген кезеңдері бар:

  1. Оқу іс-әрекетіндегі академиялық тип. Болашақ кәсіби іс-әрекетке контекстің араласуы.

2.Кәсіби квазиялық іс-әрекет жұмыс ойны.Контекстті кәсіби іс-әрекет ойыны аудиториялық сабақ түрінде қалса сабақтарды қайт жаңғырту, кәсіби мамандардың әлеуметтік және психологиялық мазмұнының шығармашылығы.

3.оқу кәсіби іс-әрекет студенттердің мамандарының қызметінің орындалуы. Бұл практиканы жасаушы, курстық жұмысты жасау және диплом жұмысы.т.б.


2.Балаларға қойылатын сұрақтардың түрлері. Сөз әрекеті белгілі тақырыптар төңірегіне құрылады. Мысалы, лингвистің математика тақырыбына сөйлеуі өте қиын. Сондықтан мектепте оқытылатын тақырыптарға белгілі мөлшерде шек қойылып, ең негізгілері іріктеліп алынуға тиіс. Сөйтіп, орта мектепте шектелген тақырыптар көлемінде ауызша сөз бен оқуға дағдыландыру керек. Осыған орай мектеп бағдарламасына «Сөйлеуге және оқуға арналған тақырыптар» деген бөлім кіреді. Үшіншіден, мектепте меңгерілуге тиісті тіл материалы (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материал) шектеледі. Мысалы, орта мектепті бітірушілер бағдарлама бойынша 1000 сөзді меңгеруге және сол тілде сөйлеу үшін қажетті грамматикалық құбылыстарды білуге тиіс.

Сонымен орта мектепте шетел тілін оқытудың практикалық мақсаты дегеніміз оқушылардың ауызша сөздегі (сөйлеу мен тыңдап-түсінудегі) және оқудағы іскерліктері мен дағдыларын дамыту. Жазу — оқытудың мақсаты емес, ол оқыту мақсатына жетудің кұралы ғана.

Мектепте оқытылатын пәндердің оқушыларға жалпы білім беруде өзіндік үлесі бар. Шетел тілі де оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеруге атсалысады. Шетел тілі пәнінің оқушыларға жалпы білім берудегі маңызын академик Л. В. Щерба тамаша көрсетіп берді: “Шетел тілін оқу нәтижесінде адам ойды тіл арқылы жеткізудің әр түрлі тәсілдері барына көзі жетеді, бір ойды ана тілінің өзінде әр түрлі тәсілмен беруге болатынын түсінеді, сөйтіп ой мен тілдің арақатынасын дұрыс ұғады; шетел тілін оқи отырып, өз ана тілін тереңірек түсінеді, оны жақсы меңгеріп алады; өзі бұрын білмейтін тіл жүйесі туралы, тілін оқып отырған елдің тарихы, географиясы, әдебиеті, мәдениеті туралы жаңа мағлұматтар алады”.
Бақылау сұрақтары:

1. Балаларға қойылатын сұрақтардың түрлері:

2. Бербицкийдің формулировалды 7 негізгі принцпі.

3. Баланы оқытуда қарым-қатынас жасауда не істеу керек?

4. Шет тілі мұғалімінің сабаққа анализ жасауы.
8-ЛЕКЦИЯ

ТАҚЫРЫБЫ: ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ПРОЦЕССІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРУ.
Жоспары:

1. Шет тілі сабағында психологиялық әдістерді қолдану.



2. Көрнекіліктің психологиялық принципі

Лекция мақсаты: Шет тілін оқытудағы жеке -даралық тәсілдерді тиімді пайдалану.

Лекция мәтіні:

1. Шет тілі сабағында психологиялық әдістерді қолдану Л.С.Выготскийдің айтуынша жоғарғы психологиялық функциялар жасанды характерге ие. Белгінің пайда болуы және оның қолданылуы адамның санасына дамуындағы тәрбиенің жаңа сатысы болып табылады.Педагогикалық психологияда «көрнекілік» сөзді көп пайданылады.Адамның қабылдау санасында психологоиялық образдар орын алады: қабылдауы, елестеуі, ойлауы. Сондықтан белгілі бір заттың анық көрінуі және абстрактылы бейнелігі- символикалық моделіне дейін оқыту.Бірақ барлық затты көре алмайды. Көрнекіліктің психологиялық принцпы туралы А.Н. Леонтьев былай дейді: Нақты бір зат анық: егер оқушының жұмыс барысында көрнекі материал мен танысу, міне осы білім алу процесін құрайды. Нақты бір объектіні көру методикасында психологияны мынандай түрге бөледі:

    • Табиғи

    • Бейнелеу тәсілі

    • Белгімен, бедермен

Пәннің дерексіздік күшінде психологиялық ғылымда білім беруде табиғи тәсілдер қолданылмайды. Бейнелеу көрнекілік тәсіліне мыналар жатады:

  • Суреттер, фотосуреттер.

  • Суретшілердің еңбектері.

  • Плакаттар

2.Көрнекіліктің психологиялық принцпі. Психологтың кабинетінде атақты психологтардың протреттері болуы тиіс.Мүмкіндігінше олардың қысқаша биографиясыда болуы керек. Сезімді үйрену барысында фотосуреттерді орынды пайдалану. Бір жағдайда адам әртүрлі сезімді қабылдауы мүмкін. Мысалы: бір адам әңгіме жүргізгенде оңай, екінші адаммен қиын болады. Олар әртүрлі қабылдайды.Бұл жағдайда психотерапевт немесе психиатор сезімді жақсы сезе білуі керек. Мұндай процесте адамның әдісі үлкен рөл ойнайды. Студенттердің опытты көбеюі үшін бейнеленген фотосуреттер жәрдем береді. Фотосуреттер мұғалімнің негізгі методикалық көрнекілігі болып қала бермейді. Суреттердің кескіндері, картиналары, фотосуреттері әрқилы тақырыптарда әрқилы жастар мен жұмыс алып баруда көмек береді.Жеке адамның, тұлғаның характерін, темпераменттін, сезімталдығын анықтауға мүмкіндік береді.

Психологияны үйретуде мұғалім модельді пайдалана отырып, студенттердің ойлау қабілетін көтеру керек. Психологияны оқыту әдістемесілік функцияның графиктік әдістері материалдарды кеңінен таныстыруға жәрдем береді. М.М. Сеченов былай деген: адамның ой-пікірі ішкі санасы арқылы өтіп, тіл арқылы жеткізеді. Атақты психолог Т.С.Абрамова, Л.С.Выготскийдің пікірін дамыта отырып, үлкен адам басынан үлкен өмірлік қиыншылық өткізген болса , оның өзін басқаратын жүйесі нашар болады. Сондықтан психолог мұндай кезде,өзін менге сезіндіре білу керек. Адам өзге адамдардың арасында ситуацияны басқару үшін жұмыс алып бару.Психолог клиентпен жұмыс істегенде «мен» моделін пайдаланғаны дұрыс. Мысал келтірейік: 1 – сынып оқушысының ата-аналар мен мектептегі қиыншылықтарды шешу.Ата – аналарына дұрыс консультация кеңес берген соң, олар оқу барысындағы қиыншылықтарды түсінеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Нақты бір объектіні көру методикасында психологияның түрлері

2. Шет тілі сабағында психологиялық әдістерді қолдану

3. Көрнекіліктің психологиялық принцпі

4. Көрнекіліктің психологиялық принцпі туралы А.Н. Леонтьевтің пікірі.

5.Бейнелеудің көрнекілік тәсілдері.


9-ЛЕКЦИЯ

ТАҚЫРЫБЫ: ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІ. ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ПСИХОЛOГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
Жоспары:

1. Шет тілі мұғалімінің педагогикалық жұмысының жалпы мінездемесі.



2 Сөз және сөйлеу.

Лекция мақсаты: Шет тілін оқытудағы жеке -даралық тәсілдерді тиімді пайдалану.

Лекция мәтіні:

1. Шет тілі мұғалімінің педагогикалық жұмысының жалпы мінездемесі.

Тілдің дамуында монологты сөйлеудің маңыздылығы : Адамның ең жақын ерекшеліктерінің бірі – оның сөйлеу қабілеттілігі. Сөз адам психикасының өмір сүруінің аса тиімді факторы.Іс-әрекетсіз қоғам ыдырап кетеді. Іс-әрекет жасауда мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Біздің миымыздың белсенділігі екінші сигнал қызметімен байланысты. Сондықтан адамның барлық психикалық ерекшеліктері сөйлеу арқылы ғана көрініп, өмір сүреді. Адам іс-әрекеті таным және еңбекиен қатар жеке адамды қалыптастыратын аса маңызды түрі болып табылады.

Сөйлеу дегеніміз тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау. Психологиялық зерттеу объекті рухани мәдениет құбылысына жататын сөйлеу болып табылады.



Таным процессінің негізгі түрінің бірі- сөйлеу, адамдардың дыбысты тіл арқылы өзара қарым-қатынас процессін “сөйлеу” деп атаймыз. Бұл қарым-қатынасты әр адам өзінше, тіл құралдары арқылы іске асырады. Ал тіл болса сол құралдың (дыбыс, сөз , сөйлем) осылардың арасындағы байланыс жүйесі, яғни дыбыс қоры сондай-ақ граматикалық формалары болып табылады. Тіл қоғамдық даму барысында, адамдардың өзара сөйлеу, қарым-қатынас жасау процесінде пайда болған, сөйтіп адам сөйтіп дайын тілді үйренген. Ойлау мен сөйлеу бір-бірімен тығыз байланыста.Адам ойлағанда, әдетте өз ойын іштей сөз және сөз тізбегі арқылы құрап, іштей сөйлеу деп аталатын түрді береді. Іштей бір-екі сөз құрап алмай бір нәрсені ойлап алмаймыз. Кей де адам өз ойын сөзбен жеткізіп, айтып бере алмайтын жағдайлары да болады.
2. Сөз және сөйлеу тек адам баласына ғана тән құбылыс. Адамда сөз байлығының бір себебі адамдардың өзара сөйлеуі үшін жоғары дамыған және өте нәзік анатомиялық-физиологиялық сөйлеу мүшесінің аппараты болуында. Бұл аппарат ата-бабамыздың біртіндеп адамға айналу процессінде пайда болған. Егер түйсік, қабылдау және ес бірінші сигнал системасына жатса, ал адам баласына тән сөйлеу екінші сигнал системасына жатады. Сөйлеудің түрлері- сыртқа естіртіп сөйлеуді сыртқы сөйлеу дейміз, әрадам ойлаған кезде ішкі сөйлеуді пайдаланады. Сыртқы сөйлеудің өзі ауызша сөйлеу және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Ауызша сөйлеу монологты және диалогты түрде болады. Монологты сөйлеу- бір ғана адамның сөйлеуі (лекция, баяндама, әңгіме, жиналыста сөз сөйлеу) басқа адамдарға, тыңдаушыларға қаратып айтылатын сөйлеуді монологты сөйлеу дейміз, әрі бұл сөйлеудің түрі тыңдаушы жоқ жерде де адам өзінен өзі дыбыстап сөйлеуі мүмкін. Бастауыш сыныптарда монологты сөйлеудің түрін шамадан тыс қолдана берудің қажеті шамалы, себебі төменгі сынып оқушыларынасабақты лекция түрінде түсіндіргеннен гөрі өзара, әңгіме ретінде түсіндірілсе, анағұрлым жақсы тыңдалып, меңгеріп алады.Ал екі адамның немесеодан да көп адамдардыңөзара әңгімелесуін диалогты сөйлеу дейміз.Сөйлеушілердің сөздер үнемі алма кезек келіп отырғандықтан, диалогты сөйлеу , монолог сияқты ұзақ болмайды. Диалогты сөйлеу қай кезде диспут, пікірталас түрінде болып келеді, соның барысында кейбір шешілм ей шешілмей жүрген мәселелер анықталуы мүмкін. Бірінші сынып оқушыларының сөздерінің мағаналық жағы әліде болса жетіле қоймайды, сөздің мәнін түсіну көп жағдайда дәл болмайды.Төменгі сынып оқушыларының сөйлу әрекеті, жас ерекшелігіне байланысты кемшіліктер кездесіп қана қоймады, айналасындағы адамдардың саутсыздықтан қисық айтылған сөздерін тез қағып алу сияқты теріс қылықтар кездеседі. Балалар еліктеуге, біреудің кемшілігін, кемістігін тез көруге өте жақын тұрады, сондықтан бастауыш сыныптың мұғалімі бірінші күннен бастап –ақ балалардың сөз бен сөйлемді өз мәнінде дұрыс қолдануын бағалануы тиіс, баланың тілініің дұрыс дамуына, шығарм аш ылық қиялының өрістеуіне көп әсерін тигізеді. Тілдің дамуында монологты сөйлеудің пайдасы мол, оқушының ойын, сөзін бөлмей аяғына дейін тыңдап, сөңынан әңгіменің кемшіліктерін түзетіп отынрса тиімді болады. Ал тілдің дамуында және лексикалық қорды байытуда кітап оқудың маңызы өте зор. Сондықтан баланың мектепке алғаш келген күнінен бастап, олардың кітап оқуға деген құмарлығын арттыруға тәрбиелеу қажет. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда әртүрлі техникалық құралдар: диафильм, оқу киносы, магнитафон т.б. керекті құралдардың пайдасы өте зор. Бірінші сынып оқушыларының тілінің әр қарай дамуына, сөздік қорының жаңа сөздермен толығуына әріп, сөз, дыбыс, буын, сөйлем т.б. әсері көп. Сонымен қатар жазбаша сөйлеу баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше ықпал жасайды. Баланы жазу сөзіне үйрету- бастауыш мектептегі оқуды процентке шаққанда жартысына жуығын алады. Өйткені жазу техникасын игеру психологиялық тұрғыдан өте күрделі процесс. Сөздік қоры дұрыс дамыған баланың жазу жұмыстары да жоғары дәрежеде болады. Баланың жас ерекшелігіне сәйкес тілінің дамуын психологиялық тұрғыдан қарастырған Л.С. Выготский мен Швейцария психологы Жан Пиаже болды.
Бақылау сұрақтары:

1. Адамның ең жақын ерекшеліктерінің бірі:

2. Сөйлеу дегеніміз не?

3. Сыртқы сөйлеудің түрлері.

4. Таным процессінің негізгі түрінің бірі

5. Адамда сөз байлығының бір себебі не?

6. Тілдің дамуында монологты сөйлеудің маңыздылығы.


10-ЛЕКЦИЯ
ТАҚЫРЫБЫ: САБАҚТЫ ЖҮРГІЗУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМІНІҢ САБАҚҚА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУЫ .

Жоспары:

1. Шет тілін оқыту психологияның негізгі бағыттары.

2. Жеке тұлғаның жеке теориясындағы әртекті білімі мен жеке интеграциясы.

Лекция мақсаты: Оқытушылардың танымдық қабілетін дамыту.

Лекция мәтіні:

1. Шет тілін оқыту психологияның негізгі бағыттары. Шет тілін оқыту психологиясының зерттеу обьектісі қазіргі уақытта жеке белгі болып табылады, мысалы мазасыздану, қабылдау өткірлігі, кәсіпке бейімделу, ал кейде жалпы жеке тұлғалық . В.Штерн жеке тұлғаның психологиялық айырмашылықтар дамуы мен көбеюінің жалғаса жұмыс істеуін 4 бағытқа бөлді. Егер зерттеуді қаншалықты вариантты жүргізсек, сұрыптау барысында қарастырып жатқан қасиеттеріміз соншалықты кең өрісті мағынаға ие болса, біз бірінші бағыттағы зерттеулерді жүргіземіз. Ал анықтау қызық болып қарастырып жатқан қасиетімізбен қатар бізді қызықтыратын белгі көрінсе біз басқа зерттеу жүргізіміз.

Сонымен біз бірінші және екінші жағдайдағыдай генезис пен болжау ретіндегі сұрақтармен қалмаймыз, бір уақыттық шешімге тоқталамыз . Егер жеке тұлғаның бір тұтас ретінде көрінуіне келсек, бізге қызықты қасиеттер дамыуының себептері мен кезеңдерін ашуымыз, тарихи тәсілді сақтауымыз қажет. Тарихи жағдайда болу үшін, жеке тұлғаның көп деңгейлілігі мен көп факторлылығын ашуға тырысқанда, ненің немен қай уақытта көрінетінін білмегендіктен өзімізді типологиялық тәсілді қолдану мүмкіндігімен қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан екінші және үшінші зерттеу түрінде көлденең емес ұзына бойына қиылыс жүргіземіз.

.Шет тілін оқыту психологияның негізгі бағыттары:

1. Бір немесе бірнеше жеке тұлғаның вариациялы (бір нәрсенің өзгеше немесе өзгерген түрі)

2. Екі немесе оданда көбірек тұлғаның корреляциалы (өзара қатысты, байланысты) белгісі

3. Бір жеке тұлғаның көптеген белгілер қатынасындағы психогеографиялық және вертикальды индивидуальдылығы

4.Екі немесе оданда көбірек жеке тұлғаның көптеген белгілер қатынасындағы салыстырмалы индивидуалдылығы.
2. Жеке тұлғаның жеке теориясындағы әртекті білімі мен жеке интеграциясы.

Сонымен қазіргі уақытта жекелік айырмашылықтар психологиясы жеке психологиялық теорияларының басқалар ортасында басымдылығы байқалып өзінің біріңғай еместігін сақтап қалды. Мысалы үшін ақыл-ой қабілетінің теориясы жыныстық эволюциялық теориямен практикалық түрде байланысы жоқ, ал темперамент теориясының жекелік ерекшеліктер теориясымен ешқандай байланысы жоқ. Сондықтан қазіргі шет тілін оқыту психологияның негізгі тенденциясы- бұл

Өкінішке орай, қазірде В.Штерн дифференциалды психология жеке қызметі және әйел психологиясы, суретші психологиясы, тағы басқалар монографияда талқылау тақырыбы болып қалуы тиіс деген тұжырымдамасы шындыққа сай келіп тұр болып


Бақылау сұрақтары:

1.В.Штерн жеке тұлғаның психологиялық айырмашылықтар дамуы мен көбеюінің жалғаса жұмыс істеуін неше бағытқа бөлді?



2. Шет тілін оқыту психологияның негізгі бағыттары.

3. Оқушылардың сапалы іс-әрекетін қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері.




Каталог: CDO -> Sillabus -> Til
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл
Til -> Учебно-методический комплекс составлен на основе типовой программы
Til -> Практикалық фонетика пәні бойынша
Til -> Лекция: 15сағ. Семинар: СӨЖ: 15 сағ. ОбсөЖ : 15 сағ. Барлығы: 45 сағ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет