Лекция: 15 сағат Практикалық (семинар): 15 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30сағат Барлық сағат саны: 90 сағат



бет3/4
Дата28.04.2016
өлшемі0.87 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4

Лекция мәтіні:

Кемелденген тұлға тәрбиелеу ісі ең алдымен оған қажетті алғы шарттар мен жан-жақты тәрбиелеу құралдарына тікелей байланысты.Осындай парасаттылыққа,ізгілікке,және әсм талғамға тәрбиелеу құралдарының бірі өнер болып табылады.

Өнердің жас ұрпақты қалыптасуына әсері ұшан-теңіз.

Баланың өзін қоршаған ортаны танып-білуіне ұшқыр қиялы мен нәзік сезімдерінің дамуына ғибрат пен саналыққа,биік адамгершілік сезімдерге,рухани жағынан дамып,жан-жақты жетілуіне ықпал етеді.

Өнерге жаны құштар,өз ісінің білгірі,терең ойлы бала жүрегін ұға алатын педагог өз кезегінде бала тәобиесінде өнердің маңызы жете түсініп,өз мамандығын шығармашщылық еңбекпен ұштасуы сөзсіз.Түрлі өнер саласы бойынша хабардар болып, жалпы көркемдік бағыттағы тәрбие туралы мәліметтер жинақтауы педагог беделін арттыра түседі.

Түрлі халық шеберлерінің асқан таланты мен биік талғамдарының шынайы көрінісі болып табылатын түрлі бұйымдарды көріп,терең қабылдап сол арқылы халқымызға тән өнердің негізгі бағыттармен танысуға болатыны анық.Осы халық өнерінің туындылары көріп,көкірек зердесіне түйе отырып бала қазақ халқының ұлттық өнер ерекшеліктерінен оның түр-сипатымен мол мағлұмат алып төл өнерге деген мақтаныш сезімдер қалыптасады көркемдік талғамы ояна бастайды.Көркемдік талғам ең алдымен өнер туындысын айналадағы не табиғаттағы құбылыстар мен заттарда біртұтас көрініс беретін құбылыстар.Бағалау әрине жеке тұлғаның әсемдік талғампаздығының негізгі белгісі болып табылады.

Әсемдік талғам барынша сезімталдықпен ұштасса ғана соғұрлым қоршаған ортадағы объектілердің эстетикалық қасиеттерін терең талдап,әділ бағалауға мүмкіндік туары сөзсіз.Әсемдік талғам дамыған жағдайда нақты бір заттар мен құбылыстардың сыртқы түрі мен мазмұндағы гармония ішкі үндестік пен үйлесімділікке талап та күшейе түсері сөзсіз.

Бейнелеу іс-әрекеті бағытындағы шаралардың мақсаттарының бірі де осы балалардың бойындағы көркемдік талғамдары мен әсмдікке атаулыға талғампаздықтарын қалыптастыру.

Көркемдік эстетикалық білім мен тәрбие беру мәселесәінің методологиялық жағына назар салудың бір жағына пәнді оқыту үйрету әдістерін жасау негізінде алға шығады.Әдіс танымдық үрдістердің тәсілдері мен жолдарының жүйесі ретінде өнерді оқытуда маңызды ролъ атқарады,оның нәтижелері көбінесе қолданатын әдістердің жетілген дәрежесімен айқындалады.Өнер адам жанының тереңінде тебіреніс әсерін көрсетуі жайлы Гегелъ өзінің эстетикалықө тұжырымжамасында көркемдік шығармалар өзінің мазмұны мен құрылымында тиянақты бір әлем көрінісі құраса да ол өзімен-өзі бір шеттегі шындық объект ретінде өзі үшін емес, көркемдік шығарманы сырттай бақылаушы және одан ләззат алушы біз үшін ,көпшілік үшін қолданады.Жалпы білім мазмұны жаңартушы ғылыми негізінде мектеп оқушысын белгілі бір қажетті біліктіліктер мен дағдылардың иесі оқу әрекетінің субъектісі әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап,еңбектенетін бала деп қарастыратын осыған орай көп қырлы құрылымды білім-тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін.Бейнелеу өнерінің мазмұны мен құрылымы анықтауда дамыта оқыту идеясынан басқа білім мазмұнының интегративті сипватын қамтамасыз ету оқушының адамгершілігін,эстетикалық талғамын,мәдени-көркем білімін халықтың озық салтдәстүрі,рухани-мәдени мұрасы негізінде тәрбиелеу сияқты ұстанымдар басшылыққа алынды.

Бейнелеу өнері көру,шолу арқылы қабылданған шындықты көрсететін көркем шығармалар түрлерінің тобы.Бейнелеу өнерінің шығармалары уақытта да кеңістікте өзгермейтін заттық форма.

Бейнелеу өнеріне кескіндеме,мүсін,графика,сәндік өнері жатады.Бейнелеу өнері өмірдегі шындық түрінде сондай-ақ заттың материалдық формасы ретінде объективті қасиетіне және заттың көлемі түсі,жарықтығы,фактурасы және кеңістік ортаға байланысты шығарылады.Көркем-эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызды тиімді әдісі –эстетикалық көркем сипатқа бейнелеу әрекеті түрінде ойын болып табылады.

10-Лекция



  1. Бейнелеу өнерін дәстүрлі емес сабақ түрінде өткізі тәсілдері


Қарастырылатын мәселелер:
1.Әдіс-тәсілдер.

2.Бейнелеу өнері сабағына эстетикалық көзқарас.
Әдебиеттер:

  1. Б.Әлмухамбетов, Ж. Балкенов «Сурет салу және істеу әдістері.»

  2. Б.Байжігітов «Өнер тарихы мен теориясы». А. 1981 ж.

  3. Е. Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай.» А., 1981 ж.

  4. Қ. Ералин, Қ. Тастемиров «Бейнелеу өнерін сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру.» А., Мектеп 1987 ж.

  5. Ө. Жәнібеков «Қазақ қол өнерінің мәдениеті. » А., «Өнер» 1982 ж.


Лекция мәтіні
Сапалы білім беру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану ұстаз алдына қойылап отырған талап.Барлық адам өмірге шынайы көзқараспен қарай отырып, сол өмірдің әсемдігінен,көркем келбетінен рахат табады.Әлі санасы қалыптаспаған жас баланың өзін айналадағы әсемдік атаулы бояулардың әдемі үйлесімі,күн сәулесінің ,табиғаттың құбылыстары тірі жанның көркем мүсіндері мен пішіндері өзіне тән етіп отфырады. Әсемдікке,сұлулыққа іңкәрлік адам баласына табиғат әу бастаен еншілеп берген рухани сыбағасы.Өмір есігін жаңадан ащқан сәбиді сұлулық әлемі өзіне еріксіз тарта отырып, оны тәрбиелей бастайды.

Жақсылықтың бір нышаны жас адам осы сұлулық құбылысынан табады.Ол қандай данышпан болса да әдепкі кездерде әсемдіктің қыр-сырын тылсым құдіретін тереңдетіп жете алмайды.Адамның эстетикалық көзқарасын қалыптасуы сол жолда іштей дұрыс бағытпен тәрбиеленуі қашанда күрделі құбылыс.Алғашқы бейнелеу өнері сабағында кездесетін қиындықтар балалар карандашты қалай ұстауды,қылқалам мен қалай жұмыс істеуді ,бояуларды қосу арқылы түстерді табуды,нәрсені қағаз бетіне орналастыруды білмейді.

Олардың тәжірибесі жоқ,реніш,өзіне-өзі сенбеуі мен адамның бейнесін сала алмайды,ертедегі кейіпкерлерді ойлап таба алмаймын,мүсіндеу қолымнан келмейді деген қиындықтар туындайды. Балаларлың бәрі ойынды,ертегіні жақсы көреді. Сондықтан ойын ,ертегі,дәстүрлі емес сабақ түрлерін енгізе отырып,жоғарыда айтылған қиындықтардың басым көпшілігі артта қалдыруға баланың жұмыс істеуіне себебін тигізеді.Барлық баланың өзінше суретші,балаға өз ойлауына,өзінің қарауынша салуына,еркіндік сезіміне жол беру қажет. Елестеу,ойлау қабілетін арттыру үшін мынадай түрлері енгізу көп септігін тигізеді.Дақтар, образдар табу.Бұл сабақ ертегі ,оқушының шығармаларындағы кейіпкерлерді бейнелегенде көп көмек береді.Суретші ертегі кейіпкерлерінің елестете бейнелегенде кейде ол өзіне қажетті бейнені таба алмай көптеген нобайлар жасаса өз ойынан шықпай жатады.

Бір сәт аспанға қарап бұлттардан өзі іздеген бейнені көруге болады.

Кездейсоқ ағаш,тас көлеңкелерін ертедегі түйеге ,ұзын сақалды шалға немесе сиқыршыға ұқсататын кездері болады.

Қағаз бетіне қара тущъ бояуын тамызып,одан шыққан дақтардың образдвары табу.

Қара туштың пайда болған дақтың үстінен гуаш бояуымен елестете отырып көзін мұрын денесін бояймыз.Осылайша көптеген образдар жасалынады.Түрлі кейіпкерлер пайда болады.Олардың ішінен оқушылар ертегілеріне кейіпкерлер тауып жатады.Түсті сезіну,қабылдау түстерді көре білу қабілеті арттыру үшін жылы және суық түстерге байланысты музыкалық фрагменттер ойнаиатамыз.Балалар жылы және суық түстер көрсетілген карточкаларды көтереді.Осылайша бояумен көрсетілген карточкалар арқылы жыл мезгілдерін.табиғат құбылыстарын көрсетуге болады.Карточка түрлері:көңіл-күйге байланысты,көңілді,көңілсіз,ашулы.

Жыл мезгіліне байланысты:көктем,жаз,күз,қыс.

Табиғат құбылысына байланысты:ашық,тұманды,жаңбырлы,бұлтты.

Бейнелеу өнері сабағынан алған білімдерін тексеру мақсатындағы сабақта көркем –эстетикалық білікті дамыту және өнер шығармаларын қабылдаудағы көркем бейнелі ойлауды қалыптастыру көзделді. Ал міндеті оқушының өз бетімен ойлау қабілетін, көркем және логикалық ойлауын, банымдық беосенділігін дамыту болды. Өнер туындыларын талдау түріндегі сабақтың әдісі әңгіме, сұрақ-жауап, суретшілер шығармалары туралы пікір алмасу, ойтарын ортаға салу. Жабдықтары, орыс суретшілерінің шығармаларынан репродукциялар, сәндік өнер, живопись және графикалық жұмыстар.

Бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлерінде салыну техникасы және мұғалім жұмысы көрсетіледі.Оқушылар олардың түрлері мен жанрларын анықтайды.

Шығарма авторы туралы бірде Репин базар аралап келе жатып,оқыс көрініске тап болады.Базарда адамдардың көп болатыны белгілі.Үсті-басы кір киімдері жыртық аш адам көпшіліктің аяғының астында домалап бара жатқан алманы көріп қалады да оны жалма-жан қойнына тыға қояды.

Бұл бір жағынан қуанышты екінші жағынан біреу көріп қоймады ма екен деген сұрақпен көзі шарасынан шығып кетердей үрей мен қорқыныш қас қағым сәтте Репиннің ойынан осы оқиға шықпай қояды.Сол бейнені бейнелейді.

№11-Лекция Бейнелеуөнері туралы сыныптан тыс жұмыстар әдістемесі


Қарастырылатын мәселелер:

1.Бейнелеу өнері бойынша үйірме сабақтарының программасымен танысу.

2. Тиісті методикалық шығармаларды оқумен түстердің психологиялық қасиетері.

Әдебиеттер:


  1. Б.Әлмухамбетов, Ж. Балкенов «Сурет салу және істеу әдістері.»

  2. Б.Байжігітов «Өнер тарихы мен теориясы». А. 1981 ж.

  3. Е. Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай.» А., 1981 ж.

  4. Қ. Ералин, Қ. Тастемиров «Бейнелеу өнерін сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру.» А., Мектеп 1987 ж.

  5. Ө. Жәнібеков «Қазақ қол өнерінің мәдениеті. » А., «Өнер» 1982 ж.

  6. Н.Н.РРостовцев «Методика преподавания изоб. Искусства в школе.» М. «Просв.» 1980 ж.

  7. Т.Мусалинов, М.Самылтыров «Бейнелеу өнерінің негіздері.» А.»Рауан» 1996 ж.

Лекция мәтіні

Сюжетті суреттерде балалар жаңа құрылыстардан алған әсерлерін көрсетіп түрлі еңбек процестерін

бейнелейді.Көбінесе балалардың апликация құралдарын көкөністерден,жемістерден,гүлдерден жасалған декоративті ою-өрнектер құрайды.Педагог осы тақырыптар бойынша өткен сабақтарда бейнеленіп отырған объектілердің конструкциясы,формасы,олардың түсі жөнінде ғана емес сонымен бірге адамның жаңа үйлер салуға ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруге және тағы басқа жұмсауына тура келетін үлкен еңбегі туралы бала ұғымын кеңейту үшін әңгімелеп береді. Мұның бәрі адамның еңбек қызметі туралы бала ұғымын анағұрлым кеңейтіп көркем шығарма дегеніміз қоршаған ортаны болмысты тану мен образды күрделі процесі болып табылады. Шығарманың ең бастапқы кезеңінде бейнелеу формасы өте қарапайым болған кезде бала образды жанды нақты әрекет етуші түрде ойлайды.

Бұл кезеңде бейнелеу құралдарын жеткілікті дәрежеде

игере алмай ол осы әректті дыбыстармен қимылмен білдіреді.Қажетті дағдылар бар болғанның өзінде кейде

образдың әсерлігімен күшейту үшін сөзді пайдаланады.

Тек педагогтың басшылығымен бала біртіндеп қана бейнелеу құралдарын меңгереді. Балалардың бейнелеу шығармашылығы зертеушілер – Е. А Флерина, Н. П. Сакушина, Т. С Камарова, Т Г . Казакова, Н. Б. Халезова және

басқалар живописпен скульптурада суретші пайдаланатын көптеген әсерлі құралдарға белгілі бір дәрежеде (мектеп) шамасы келетін атап айтады.

Зертеулерде ең алдымен балалар жасаған барлық образдардың негізінде нақты шындық бар екені атап көрсетіледі. Тіпті бала фантастикалық образ жасаған кездің өзінде нақтылыққа көбірек бой ұрады. Мыс. Тоты құстың қиял ғажайып бейнесін көз алдына елестетіп , бейнелеу үшін оған шын мәнінде тіршілік ететін құстар туралы дұрыс түсінігі болуы , ал содан соң тоты құстың қиял-ғажайып бейнесі әдеттегі құстардан немен ерекшеленетінін ойлап алуы, яғни нақты белгілерді тылсымды белгілермен біріктіре отырып , біртұтас образ жасау керек .

Бала жасаған тұтас образға оның жас мөлшерін ескере отырып қарау қажет. Жас бала заттың толық бейнесін барлық бөліктерімен детальдарын , олардың ара қатынасын сақтай отырып

Алғашқы суреттерде, мүсіндерде көбіне елеулі детальдар болмайды.

Бейнеленетін кейіпкерлердің психологиялық жай-күйін балалар оңайлатылған , қарапайым детальдармен беруі мүмкін : жылауды көз жасымен , күлкіні – жоғары көтерілген екі езумен , қорқуды жоғары көтерілген қолдармен және т.б күйзелісті білдірудің неғұрлым күрделі құрлдарына көздің кейпін білдіруге , бейнелеу өнерінде живописте, графикада түс көркем онды , шығарма идеясын білдірудің маңызды құралы болып табылады. Оны райдаланылуы шығарма мазмұнымен тығыз байланыста боллады, оның өзіндік маңызы жоқ. Түс контрастары картинадағы басты нәрсені бөліп көрсету үшін пайдаланылады: түс көңіл күйді білдіреді, қара , күңгірт өң-мазмұны терең мұңды , ашық, қызылды-жасылды, өң-қуанышты картиналарда басым. Бала карандаштың бояудың қандайда бір түрінен ләззат алып , онымен бәрін қатар бояп шығады. Бірақ ол заттың образы мен байланыстыра алады – кейде түс ассосациясы жағынан қиялында әлде қандай образ тудырады: қызыл-жалау , жидектер: жасыл – шөп, шырша. .

Суретшілер композициялық ізденістер мен туындысының құрылысы ұғымды шешіліп тұтастық, заңдарық негізінде аяқтауын көздейді. Оның негізінде аяқтауын мақсаты бірден көрермендердің сезімі мен ойын билеп мәнерлеу құралымен

тілік пайдалана отырып , көркемдік образды шығарма тудыру болып табылады. Сол мақсатпен суретші көркемдік шығармасын мәнерлеу, оның эмоциональді түрде қабылдай отырып көркем образды шығарманы өмірге әкелді. Суретшінің эмоциональді қабылдау оның ақыл ойының біліміне өмірден алған тәжірибесіне байланысты болады.


12-Лекция Бейнелеу өнері сабағында түр мен түсті тәрбиеде қолдану.



Қарастырылатын мәселелер:

1.Өнер шығармаларының әсері.

2.Түр мен түстердің психологиялық қасиеттері.
Әдебиеттер:


  1. Б.Әлмухамбетов, Ж. Балкенов «Сурет салу және істеу әдістері.»

  2. Б.Байжігітов «Өнер тарихы мен теориясы». А. 1981 ж.

  3. Е. Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай.» А., 1981 ж.

  4. Қ. Ералин, Қ. Тастемиров «Бейнелеу өнерін сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру.» А., Мектеп 1987 ж.

  5. Ө. Жәнібеков «Қазақ қол өнерінің мәдениеті. » А., «Өнер» 1982 ж.

  6. Н.Н.РРостовцев «Методика преподавания изоб. Искусства в школе.» М. «Просв.» 1980 ж.

  7. Т.Мусалинов, М.Самылтыров «Бейнелеу өнерінің негіздері.» А.»Рауан» 1996 ж.


Лекция мәтіні:

Эстетикалық тәрбие негізінен жеке адамның эстетикалық талғамының қалыптасуына өнер шығармаларында бейнеленген ақиқат құбылыстарды эстетикалық тұрғыдан ұғынуды дамытуға көркем өнерпаздық қабілеттілікке және өнер саласындағы өнерпраздыққа дербестікке бағыттайды.

Балалар эстетикалық көркемдік білім берудің нәтижелі болу үшін мұғалімнің өзі бейнелеу негіздері мен өзіндік ерекшеліктерін жетік білуі керек.Балалардың түс туралы түсінігін қалыптастыру мұғалімнің неізгі міндеті олардың табиғат әлеміндегі әр алуан түстерді көре білуді дағдыландыру.Олардың байқау қабілетін дамыту.Өнер арқылы балалар бойындағы сезімталдық қабілетін ояту,түс,реңк туралы білімдерін әр түрлі жағдайда тиімді пайдалануға үйрету,түр мен түс туралы оның қасиеті мен ерекшелігі көптеген пәндерде айтылады.Сабақ кезінде бұл мәселеге таза пәндік тұрғыдан көңіл бөлінсе ал тәрбие мақсатында аз көңіл аударылады.Соның салдарынан кез келген бала өнер туындыларын түрлі-түсті бояулармен бейнеленген көрністі түсіне бермейді.

Ондағы әрбір түстің қандай мағына беретіні ажырата білмейді.Өнер шығармалары сурет ойын дұрыс түсінбейді,қызықпайды.Түр мен түстер адамның психикасына әсерін тигізеді.Бұл түстердің психологиялық қасиеттері.

1.Физикалық аналогиялық (түстердің жылы-суық,жеңіл-ауыр,алыс-жақын,ашықжәнебұлынғыр,баяу-жылдам,ылғалды-құрғақ болуы).

2.Нерв жүйесіне әсері (белсенді-енжарлық,сергіту-шаршату,сабырлы-сабырсыз) .

3. Көңіл-күйге әсері (мерекелік-күнделікті,көңілді-көңілсіз).

Түстер адам көзіне визуалъдік әсерін тигізеді.Бояулардың символдық мәндеріне ортақ көптеген болжамдарды мыал ретінде келтіреміз.

Қазақ халқының тұрмысында ,өмірінде түстердің символдық мәні олардың бір-бірімен үйлесімділігі үлкен мағына білдіреді.Мысалы,ақ пен күрең қызыл түс,ержүректілікті,ақ пен жасыл түс-рақымшылдықты, көгілдір мен сұр тұрақсыздықты, көгілдір мен қызыл берік махаббатты,солғын сары мен сарғыш-әлсіздікті ,сап-сары мен сұр қызғаншақтықты теріс ниеттілікті сап-сары мен қып-қызыл қатаңдықты,ашық көк пен көгілдір білімге құштарлықты білдіреді.

Әрбір елде түр мен түсті қабылдау және қолдану ерекшеліктері де әр түрлі болып келеді.Мұның себебі, әр халықтың табиғи ортасы климаты,тұрмыс-тіршілігі әр алуан болуына байланысты.Қазақтың төрге ілінетін кестелеріндегі өрнектердің түр-түсіне өзі сөйлеп тұратын болған. Өрнектердің ақ түспен берілуі ақиқаттың ,қызыл түс пен қуаныштың нышаны ,кесте арасындағы шеңберленген сары түстер-жігерді аңғартады екен.

Қазақта қызыл-жасыл түстерді тек жастарға байланысып отырған мысалы,қыздарды қырмызы гүлгетеңеуі, олардың қызыл орамал тағып,қызыл камзол киіп жүруінен шығар.

Қоршаған табиғатымыз түрлі түсті әсем бояуға бай. Күз мезгілінде құлпырған ағаштардың жапырағы әр түрлі түске боялады,мұны біз өз көзімізбен көріп тамашалайық.

Балаларды далаға шығарып, көңілімізді бір сергітіп алып, қызыл, сары,жасыл,қоңыр, күлгін деп әңгіме жүргіземіз.

Бояу түстерінің басым болып келуі байланысты натюрморт орындап көру.

Бояу түстерінің реңдік қатынастарының орналасу ерекшелігіне назар аудару қажет. Бояу түстерінің сұйықтан қою реңдерге дейін көшу тәртібі.Натюрморт құрастырғанда негізі мұғалім басы жылы және суық түстерге назар аударуы керек.

Біз табиғат көрінісінен неше түрлі әсем түсті көреміз.Бұл суретшілер үшін түрлі әсем түс ең әсерлі көрініс болып табылады. Ұлы суретшілер де бояу түстерін таңдауды табиғаттан үйренген. Олар өсімдіктердің тамырынан сан алуан бояулар жасаған. Табиғат өзгерісіне байланысты бояу түстері әр түрлі сипатқа ие болады. Мұны біз табиғат аясында серуендегенде жақсы байқай аламыз.

«Табиғат –суретші »-деген халық нақылының шығуы соған байланысты.

Жалпы бояу түстері екі топқа бөлінеді. Түсті бояулар және түссіз бояулар.

Түсті бояулар:қызыл, қызыл сары,сары.

Түссіз бояулар:қара,сұр,ақ.

Мысалы қызыл алма, қызыл сары алмұрт, сары жапырақ,қара сиыр,сұр қоян,ақ мақта. Міне, бір заттың атын атап қана қоймай, сонымен қатар түстің бояуын ажырата білеміз.

Нәрсенің өзіне өңі «негізгі түс»деп аталады.Жалпы бояу түстерін құрайтын негізгі бояу түрлері:қызыл, сары,көк.

Бояу түстерін салыстырмалы түрде атап көрсек ,қызыл күн,сары дала, көк аспан.Күннің қызыл екендігін таң сәріден және кешқұрым айқын байқай аламыз.

Жылы түстер мен суық түстердің бір-біріне үйлесімді болып келуі заттың өңін,пішінін көлемін кеңістікте көрсетуге ықпалын тигізеді.

Бояу түсінің жарасымды болып келуі живописътің басты құралы болып табылады.Сондықтан бастауыш сыныптан бастап оқушыларды бояу түстерін дұрыс ажыратып,меңгеруге үйреткен жөн.

13 -Лекция Бейнелеу өнері сабағында оқушыларға ою-өрнекті салдыру жолдары.



Қарастырылатын мәселелер:

1.Ою-өрнек салдыру жолдары

2.Безендірілген заттың ою-өрнек түрімен байланысы.

Әдебиеттер:


  1. Ө. Жәнібеков «Қазақ қол өнерінің мәдениеті. » А., «Өнер» 1982 ж.

  2. Н.Н.РРостовцев «Методика преподавания изоб. Искусства в школе.» М. «Просв.» 1980 ж.

  3. Т.Мусалинов, М.Самылтыров «Бейнелеу өнерінің негіздері.» А.»Рауан» 1996 ж.


Лекция мәтіні:
Көркем шығарманы толық мәнді түйсіне білуге тәрбиелейтін пәндердің бірі – өнер тарихы және теориясы. Себебі осы өнер тарихы сабағында ғана студенттер бейнелеу өнерінің тарихи және теориялық даму процесі жөнінде тереңірек білім алып көркем шығарманы талдауға және ол туралы өз пікірін сауатты жеткізе білуге үйренеді.

Өнер – рухани - мәдени саланың , эстетикалық көзқарастың , философиялық танымның шығу көзі және көрініс обьектісі.

Сондықтан оның құндылықтарының бағалану , оған айтылатын сыни көзқарасқа, әлеуметтік сураныс талап – тілектерге , қоғамдық не индивидуальді позицияға байланысты айқындалады. Онымен қоғамның рухани мәдени жетістіктері де байланысты. Бұлар көркемдік бағамен ғана шектеліп, пассивті қызмыт атқармайды. Ол суретшінің көркемдік іс - әрекетіне де тікелей әсерін тигізеді. Сонда көркемөнер ізденіс – тәжірибелері мен көркем образды түйсіну мүмкіндіктеріне рухани, мәдени, тарихи, табиғи, гносеологиялық, психологиялық және әлеуметтік алғы шарттар рухани тұғыз қызметін атқарады екен.

Сонымен бірге бейнелеу өнері – индивидуальды өнер. Образды сомдау және оны қабылдау барысында суреткердің нешесе көрерменнің рухани – мәдени болмысы, көркем – эстетикалық философиялық көзқарасы, мәдени деңгейі, табиғи дарыны жетекші орында шығады. Жеке адам үшін әлеуметтік сұраныс та мәнді рөл атқаратынын айтуымыз керек. Реалистік өнердің өзінің арасындағы айырмашылықтар да осыларға байланысты.

Бұл көзқарас бойынша кез келген зат, құбылыс, табиғат – символ. Оның мазмұны заттың өзінен тыс жатыр ». Сондықтан қазақтың дәстүрлі өнеріндегі бояу түсі өзінің рәміздік мағынасында сын есім емес, негізгі , зат есім Яғни бұйымның , заттың , ою-өрнектің , т.б. нәрселердің бояу түсін ғана айқындамайды, оның мазмұндық мәніне жауап береді.

Қазақ ою-өрнектеріндегі басты бояудың түрі-көп түс Ш.Уалихановтың айтуынша бұл түстің заттық мағынасы бар. Ол - көк Тәңірі, Құдай. Қазіргі кезінде өзіндік қазақ «көкке қара» деп аспанды айтады. Көк – сәулеттік құрылыстардыкүмбез фасадтағы өрнектер.

Бұрын қариялар біреуге ренжігенде «көгі жаман неме» деп ұрсатын Болмаса Махмуд Қашқари жазғандай біреудің ататегін білмекші болғанда «оның көгі кім?», «көгінде еш нәрсе болған ба?» деп сұрайтын. Осыған қарағанда «көктемеген» қарғыстың жаман түрі. Ал , «көк соқыр»- «Құдайдан, Тәңірден қорық» деген мағына береді. Осы жағдайларға байланысты көк түстің рәміздік мазмұны ерекше сапаға ие деп айтамыз, оны төсенішке пайдаланбаған.

Екінші жағынан, көк түс қазақ үшін жасыл түстің синонимі Жерден «көк» - жайлау. Себебі қазақта бұрын «жасыл жайлау» дегеннің орнына «көк майса жайлау» деп түсінікті әрлендірсе содан кейін малды «көкке шығар», «көкке өрбіт» немесе «көктеп жатыр» дейді. Әжелеріміз де осы күнгі дейін жасыл түсті бұйымдарды «көк» деп атайды.

Бұл кездейсоқ болмауы мүмкін. Оған мысал, америкадан үндістеріміз хони тайпасының тілінде «жасыл» деген сөз бар екен де, «көк» деген түсінік жоқ екен. Сондықтан олар көк пен жасылды айырмай айтады. Ал, ағылшын тілін жақсы білетіндері екі түсті де жақсы ажыратады екен. Бұл мәселе біздің психологтар мен философтар үшін әдейі назар аударатын жағдай. Мысалы,, «көк» сөзінің мағынасын «көктем» түсінігі арқылы тіршілік береді, «өмір реңі» деп түсіндіруге де болады. Жалпы алғанда, қалыптасқан тұрақты түсінікіктер, мейлі ол ою-өрнекке , оның бояу түсіне қатысты болсын немесе кеңістік пен уақытқа байланысты халық ұғымында қалыптасқан тұрақты өлшемдерді білдірсін ол тиянақты ықшамдаолған сөйлеу тілінің біртұтас образды нақыштарын бейнелейді. Осының негізінде «ақниет», «ақбота», «қырықтың қызылды- жасылды», «сары уайым, «сарғайған жетер мұратқа» секілді рәмізді түсініктер қалыптасты.

Қызыл – оттың, күннің рәміздік белгісі, көне түркі тілінде «қызыл»- оңтүстікті, «қара»- солтүстікті, «ақ» батысты, «көк» шығысты білдіреді. Ал , адам өлгенде кәріге ақ , орта жасқа қара, жас адамға қызыл жасау тіккен,

Қызыл сөзі әдемі, әшекей немесе алтын мағынасында да қолданылады. Живописьте, поэзияда қызыл – романтикалы, көтеріңкі эмоционалды түс.

Қазақтың «қара» деген сөзі де заттар мен құбылыстардың түсін ғана білдіріп қоймайды. Оның мағынасы байырғы көне ескі, мәңгі түсініктеріне сәйкес келеді.

Сонымен бірге қара – жердің түсі, берекенің белгісі. Адамның өзімсініп атайтын табиғи төл түс. Ол философиялық ұғым тұрақтылықты, стастикасын білдіреді. Осыдан «қара жер», «қара бала», «қара өлең», «қара сөз» деген терең мағыналы ұғымдар қалыптасқан болу керек. «Жеті жарғыда» кек алуға беретін рәміздік нәрселер – «қара қазан», «қара нар», «қара мылтық», «қара күң», «қара ат». Мұның барлығы «құн дауымен» байланысты ережелер. Ал, «қара нардың» мәнісі: өлген кісімен сүйегін қара нарға артып, көп қоныстаған қыстаудың төңірегінен апарып қоюдан шыққан. Қазақтар кей жағдайда киіз үйді «қара үй» деп те атайды.

«Басы қараның – бәрі игі» дейді қазақ.


14-Лекция Оқушыларды бейнелеу өнері шығармаларымен таныстыру әдістемесі

Қарастырылатын мәселелер:

1..Бейнелеу өнері шығармаларымен таныстыру әдістемесі

2. Суретшілер шығармалары
Әдебиеттер:


  1. Б.Әлмухамбетов, Ж. Балкенов «Сурет салу және істеу әдістері.»

  2. Б.Байжігітов «Өнер тарихы мен теориясы». А. 1981 ж.

  3. Е. Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай.» А., 1981 ж.

  4. Қ. Ералин, Қ. Тастемиров «Бейнелеу өнерін сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру.» А., Мектеп 1987 ж.

  5. Ө. Жәнібеков «Қазақ қол өнерінің мәдениеті. » А., «Өнер» 1982 ж.

Лекция мәтіні:
Оқушылардың танымдық шығармашылығының дамуына бейцнелеу өнері сабағының ықпал ететін үлкен мүмкіндігі бар., бейнелеу өнері сабағы бір жағынан, белсенділікөз беттілік қиял оймен жұмыс істецук сияқты шығармашылық іс әрекеттер талап етеді. Екіншің жағынан эстетикалық бағыт бейнелеу өнері сабағына тән қасиет.

Кіші мектеп жасындағы балалардың танымдық шығармашылық белсенділігін тәрбиелеп, ең алдымен олардың әлемді тану қажеттілігімен және алған білімін өз шығармаларында пайдалануын дамытуымыз тығыз байланысты.

Атақты психолог Б.М.Теплов қажеттілік негізінде өмір процесінде сезім тәрбиеленеді, қызығушылық туындайды, көзқарастар және тұжырымдар дүниетаным қалыптасады деген. Ал бұл жердегі сезімде қызығушылықта тұжырымда адамның дүниетанымында оқушы іс- әрекетінің мотив ретінде көрінеді.

Бейнелеу қөнерін оқыту барысында балалардың өз беттілігіжәне белсендәлігін жақсы дамыту үшін біршеше ьалаптар ескеру керек.

Мұндай талаптардың бірі сурет салуда шебер түсіндіру, суреттің салу кезеңдерін айқын көрсету, оқушылар салатын нұсқау өз бетінше талдыу жасап оның ерекшеліктерін анықтайды.

Әсіресе кіші мектеп жасындағы балалар сәндік композиция мен тақырыптық суреттерді өз бетінше шешкені маңызды. Балалардың зейін сурет салудың мұндай түріне тарту олардың шывғармашылық ойын белсендіруге алдын ала жасалатын жұмыстарға жұмылдыру пәрменді ықпал жасайды. Мысалы, нобайлар, эскиздер т.б.

Балаларға еркңн тақырыпта сурет салуға тапсырма көбірек беру керек. Бұл тапсырсма оқушыларға шығармашылықты, қайсарлықты, тұрақтылықты дамыиуға жағдай жасайды. Балалардың зейінін сурет салудың мұндай түріне тарту, олардың шығармашылық ойын белсендіруге алдынг ала жасалатын жұмыстарға джұмылдыру пәрменді ықрпал жасайды. Мысалы, нобайлар, бақылау, эскиздер т.б.

Балаларға еркін тақырыпта сурет салуға тапсырма көбірек беру керек. Бұл тапсырма оқушыларғашығармашылық қайсарлықты дамытуға жағдай жасайды. Балалардың бойында алға қойған мақсатқа қол жеткізе білу соған жету үшін кенздескен қиындықтарды жеңу сияқты қасиеттерді тәрбиедейді. Бұл жерде өз беттілік шыдамдылық және қайсарлық әр қашан бірге жұреді.

Бейнелеук өнерінің өзіне тән ерекшелігі үнемі шыдамдылықпен сурет салу процесі кезіндегі белсменділік талап етеді. Баланың танымдылық шығармашылық белсенділігі оның бақылауына негізделген. Сонымен қатар бақылау тұлғаның қоршаған әлемді тануының белсменді формасы екеені белгілі. Белгілі психологтар Л.С.Виготский мен С.Л. Рубинштейіннің ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбьие меноқыту барысындағы жетіледі. Оқу және жеке адам таным қабілетін дүниетанымын мақсатқа сәйкес дамыта және тәрбиелей отырып жетілдіреді. Таным қабілетін дамыту туралы ресей ғалымдарының тұжырымды ұсыныстары мен пікірлері бар. Олвардың идеялары мынадай:

1. Таным қабілетін дамыту-бұл барлық мұғалімдердің барлдық пәндер бойынша оқыту барысында оқушыларды дамытуға бағыитталған мақсаттылыңқ іс әрекеті.

2. Оқушыларға білім беру және обьективті шындықты тану мәселелері жайындағфы оқулқтар ерекше маңызды роль атқарады.

3. Оқытудың әдістерімен форсмалары әрдайым жетілдіріп отыру.

Мұғаләімнің теориялық дайындығы педагогикалық шеберлігі білімдарлығы оқушылардың таным іс әрекетін дамытудың шашуші құралдырының бірі. Донателло творчествосының ауқымы кең. Ол нағыз асқақ драмалық образдар жасады, сол сияқты мейірімді лирикалық нәзік дауылды динамикалық тұлғада дүниеге әкелді. Оның шалқар шабыты мен шеберлігі әрбір тақырып үшін нағыз көркем уақытында ешкім асып кете алмаған бейнелер таба білді. Оның ғажайып шығармаларының бірі Флоренция шіркеуіндегі әншілерге арналған билеп жүрген періште сәбилердің бедерлі суреттермен әшекейлеген атақты кафедра Муратов өзінің «Италия образдары»деген кітаюбында былай жазған.Бұл фигураларды жасаған суреткердің тұла бойында телегей теңіз өміршеңдік күш қайнап жатқан болса керек.Ренесанстың үш атасының 15 ғасырдағы бірінші жартысындағы Флоренцияның үш кемеңгер суретшілерінің арасында Мазаччо ең алдымен өте жастай дүние салды, достары Донателло өз заманының өнеріне тіпті бүкіл әлемдік өнерге баға жетпес әрі ұмытылмас үлес қосты.Өйткені композициялық Вазари айтқандай бірінші болып,композицияны тік тұрғызды.Мүсін өнері 15 ғасырда жүзеге асты.Бізге белгілі аса тамаша шебер Вероккио квартроченто кезеңінде Донателлодан кейінгі шын мәніндегі аса ірі мүсінші саналады. Онымен терезесі тең емес одан кейінгі үздік шыққан суреткер.Венеция алаңдарында аспанмен таласып тұрған «Коллеони»атты қола мүсінінде Вероккио даңқы шыққан кондотъерге орнатылған ескерткіш қаһарлы қолбасшы ат үстінен әлемге көз тігіп,тұрған бейнесін көрсеткен.Бұл монумент өнердің өте әсерлі туындысы екендігін күмән жоқ.

15 -Лекция Бейнелеу өнері сабағында оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.



Қарастырылатын мәселелер:

1. Өнерге деген қызығушылығын дамыту жолдары.

2.Суретшілер шығармалары
Әдебиеттер:


  1. Е. Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай.» А., 1981 ж.

  2. Қ. Ералин, Қ. Тастемиров «Бейнелеу өнерін сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру.» А., Мектеп 1987 ж.

  3. Ө. Жәнібеков «Қазақ қол өнерінің мәдениеті. » А., «Өнер» 1982 ж.

  4. Н.Н.РРостовцев «Методика преподавания изоб. Искусства в школе.» М. «Просв.» 1980 ж.

  5. Т.Мусалинов, М.Самылтыров «Бейнелеу өнерінің негіздері.» А.»Рауан» 1996 ж.


Лекция мәтіні:

Мектепте баланың сыныптан тыс жұмыспен айналысуға ұстаздың әсері мол.Сыныптан тыс жұмыс баланың көркем мәдениетке деген ынтасын арттыратын баланы дұрыс та сауатты оқуға дағдыландыратын өз ойы мен түсінігін жүйелі айтып беруге үйрететін ең керекті әдіс.Баланың сабаққа деген қызығушылығын екі түрлі жолмен жүргізуге болады.Оның біріншісі оқушының белгілі тақырыпқа қызығушылығын зорлау міндеттеу жолымен емес оқушының өз еркі деп түсінуі керек.

Сондықтан тақырыпқа байланысты қызықты ойындар арқылы,ертегілер айту арқылы баланың қызығушылық сезімі мен ынтасын арттыру керек.Алайда қызықты материалдардың сыныптан тыс уақыттағы орнының ерекше екендігі даусыз.Екінші қолданған әдіс баланың жас ерекшелігіне баса назар аудару керек.Баланың жас ерекшелігіне назар аудару сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың түрі мен формасына көлемін,мазмұнын түрлендіріп отыру да баланың жасына тікелей байланысты.

Сондықтан тақырып пен ойын түрлері шағын ғана баланың түсінігіне ықпал ететіндей болуы шарт.

Сапалы білім беру бірнеше мақсатты көздейді.

Атап айтқанда оқушыны өз бетімен қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау мен ғылыми істерге бейімдеу.Өз бетімен қоғамдық еңбекке дағдыланған бала келешекте ғылыми жұмысқа бейімді келеді.Сондықтан сыныптан тыс өтілетін жұмыстар баланың келешекте қоғамдық істерге деген іскерлігін арттырады.Жас кезінен бастап,ғылыми іске қалыптастырады.Оқушыларды суретшілер шығармасымен танысу тобы,,шығарма талдау тобы,сурет салу живописъпен жұмыс істеу тобы.

Оқушылардың ой-өрісін дамытуда өткізілетін сыныптан тыс оқушылар конференциясының орны ерекше.Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу барысында мына талаптар іске асырылатыны байқалады.

1.Оқу үрдісінде алған білімдерін ары қарай дамыта алады.

2.Оқушының қоғамдық белсенділігі артады.

3.Шығармашылық ізденіс ,өзіндік қабілет,қоғамдық қарым-қатынас қалыптастырады.

Сондай-ақ мұғалімнің мыналарды есте ұстағаны жөн.Өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың жоспары жасалып,бекітілуі керек.

Оқушылардың сыныптан тыс жұмысы Отан,табиғат, жануар,жыл мезгілдері сурет өнерінің көптеген сан-қырлы дүниелермен танысады.Соның нәтижесінде баланың оқуға деген ынтасы белгілі бір мамандыққа деген құмарлығы артады.Оған қоса сыныптан тыс оқудың мынадай түрлеріне көңіл аудару керек.Сабақтан тыс уақытта мұғалімнің ұлы суретшілер шығармаларымен ,ұйымдасқан түрде қала аралап сурет салу Міне,осылардың барлығы сапалы етіп өткізу тек мұғалімге ғана байланысты.

Тақырып бойынша сурет салу болмысты мейлінше толық және терең бейнелеп көрсетеді, оның мүмкіндіктері шексіз әрі әр алуан: ол тым үлкен және өте кішкентай болуы, сан қилы техникалық құралдармен жасалуы, аса ұлы әлемдік оқиғалар туралы тұлғалы баяндауы немесе тұрмыстық көріністі бейнелеуі мүмкін.

Натюрморт та, пейзаж да, портреттер де тақырыптық композицияның құрамдас бөлігі болуы мүмкін.

Мазмұнының бағыты жағынан тақырыптық картиналарды өткен заман оқиғаларын баяндайтын тарихи картиналар, шайқастар мен әскери жорықтарды бейнелейтін батальдық картиналар және суретшілер өтіп бара жатқан өмірдің күнделікті көріністерін кейіптейтін тұрмыстық картиналар деп бөлу қабылданған Өмірдегі бар шындықты айнытпай көшіріп беру яғни картина бетінде дәл көрсете немесе бояу түрлерімен нақты көрсете білу немесе бояу түрлерімен өнерге жата бермейді. Живописъ тілінде жазылу дегеніміз ол бояулар көмегімен шын өмірдің мәнін ашу оның сәндік әсемдік адамның рухани байлығын көтерудегі маңызды мәселелеріне арналған туындылар. Живописъ деген термин орыс тілінен алынған тірі жазу немесе дәл шын жазып көрсету деген мағынаны береді. Суретші әрбір жұмысында оның дарын болмаса болашақ туар туындының мәні болмайды нашар шығуы мүмкін. Творчестволық дарынға мына мәселелерді жатқызуға болады. Өмірден жинаған бай тәжірибенің арқасында суретшінің өз көзқарасы оның жазу әдістері тақырыпты ашу барысындағы түрлі-түсті бояуларды таңдап алу қасиеттерін бір колориттік шешімде жазуы тиіс. Айша Ғалымбаева, Г.Исмайлованың еңбектерімен салыстыруға болады.

Живописъ сурет пәні сияқты ол да шындыққа өмірдің заңдылық

қасиеттеріне сүйенеді. Живописъті үйрену ол түрлі әдістерді

меңгеру яғни әсем сәнді бояу түстері арқылы нағыз бейне түрін

көрсете білу. Оған үйренуде ең басты міндеттердің бірі алдымен дұрыс көре білу қасиетін түсте болады. Шөп жасыл,қар ақ помидор қызыл.Осы түстер живописъ өнерінде дене түстер деп аталады. Жұмыс барысында суретші осы дене түстерін таза күйінде пайдаланбайды. Бұндай қасиет суретшілерге үлкен тәжірибенің арқасында келеді. Дене түстері жарыққа байланысты жиі өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы, қызыл түсті қызанды жасыл шөптің үстіне орналастырсақ қызанның дене түсі әлде қайда өзгеріске ұшырайды. Ашық қызыл түсті бояуының түрі төмендейді.осындай өзгерістерді құбылмалы дене бояу түрлері деп атайды. Құбылмалы дене бояу түрлері дене бояу түріне қарағанда әлде қайда күрделі болып келеді.Табиғи ортаның өзгеруіне байланысты жарық, сәуле құбылмалы дене бояу түрлері де өзгеріске ұшырап отырады. Бұндай жағдайды табиғат көрінісін бейнелеп жатқан суретшілердің жұмыстарынан

жиі байқаймыз егерде табиғаттың белгілі бір көрінісін суретші екі мезгілде таңертең түсте жазатын болса онда жазылған екі картинадағы көріністер екі түрлі болады.

Алғашқы картинада суық бояулар түрі басым соңғы картинада жылы бояулар түрі көп болады. Сол себептен де осы өзгеріске орай суретшілер табиғи көріністі бір мезгілде бейнелеуге

тырысады. Табиғи орта жарық күші ауа райы осы мәселелерді толық меңгергеннен кейінжазылар картина эстетикалық жағынан әсем болады. Шынында да көп нәрсе әсіресе денелер мен денелер мен орта қайткен күнде де табиғи немесе физикалық химиялық байланыстарда болып отырады. Себебі күннің түсуі әсерінен жарқын жатқан бояу түстері бір-біріне әсер етсе яғни бір бояу түрі екінші бояу түрін өзіне жатады. Бір жылдың ішінде төрт мезгіл белгілі өздеріне сай бояу түстері бар. Қыс мезгілі үлпе ақ қардың түсіне сай табиғат көрінісіне ақ бояуға бөленсе жаз мезгілі жасыл жапырақтарға шалғындарға көмілген жайма шуақ жасы-көк бояу түсіне енгендігін байқаймыз немесе

күзде сары алтынға қапталған күз мезгілін еске аламыз.Міне осыған байланысты суретшілердің қызметінде көп кездесетін бір терминнің түрі ол колорит.колоритті меңгермеген суретші өз маманының беделді азаматы бола алмайды.колорит-дегеніміз бірнеше бояу түсі. Колоритті ажырата білу өте сирек кездесетін қабілет. Орыс сурешілері арасында бұл жағынан Суриков айрықша көзге түскен. Суреткер өмір шындығының ақиқаттығына әсемдік арқылы береді десек де адамды жан-жақты жарасымды дамытып жетілдіру мұраты алдыменен ақылды орындалмақ.

Балалардың түс туралы түсінігін қалыптастырудағы мұғалімнің негізгі міндеті оларды табиғат әлеміндегі әр алуан түстерді көре білуге дағдыландыру. Бұл нұсқаға көптеген түс дақтарын байқау, оларды қолда бар бояу арқылы қағаз бетіне түсіру деген сөз. Түсті игерудегі алғашқы қадам

қылқаламды дұрычс ұстап , оған бояуды жұқтыра білуден басталады .

Екіншісі- түрлі түс қопасын жасайтын түр тапқышты ( палитра ) қолдана білуді меңгерңу . Композиция латынның «ойлап шығару» немесе «құрастыру» деген сөзінен шыққан. Дәлірек айтар болсақ, композиция – суретшінің бейнелегелі отырған натюрмортын немесе картинасын дұрыс, әсерлі құруы, ондағы заттарды, кейіпкерлерді белгілі бір ретпен ыңғайластырып орналастыруы болып табылады.

Әдетте әсіресе үлкен живопистік шығармаларда суреттерде оқиғаның өзегі немесе басты кейіпкері орналасатын белгілі бір орталығы болады. Оны композициялық орталық деп атайды. Композициялық орталық суретшінің шешіміне қарай картинаның кез-келген жерінде болуы мүмкін. Кейбір суретшілердің туындысын композициялық орталығы тура ортасында орналасса, ал кейбіреуінде ол не оң жағында не сол жағында орналасады.

Социалистік құрылыс тәжірбиесі халықтың мәдени өмірінің гүлденіп, оның арнасының кеңінен құлаш жайғанын, бұл бағыттағы мүмкіндіктердің болашақта бұдан да зор болатынын дәлелдеп отыр. Әсемдік әлеміне ден қойған еңбекшілер қатады жыл сайын көбейіп келеді. «Халықтың мақсат – мүдесіне сай өмір сүру, қуаныш пен қайғыны олармен бірдей ортақтасу, өмір шындығын, біздің адамгершілік мұраттарымызды орнықтыру, коммунистік құрылысқа белсене атсалысу-міне, өнердің нағыз халықтығы, нағыз партиялылығы денегіміз осы».

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті


«Филология» факультеті



«Педагогика және психология» кафедрасы

«Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы »- пәні бойынша

050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері үшін


Студенттің өзіндік жұмысының жоспары

(С Ө Ж)

С Ө Ж – Т А Қ Ы Р Ы П Т А Р Ы

1кредит




СӨЖ тақырыптары, мазмұны

әдебиеттер

Бақылау түрі.

Сағат саны

Өткізілу

мерзімі

1

Суретші шығармасын талдау

1-11.

Коллоквиум

3

1-2апта

2

Бояулар әлеміне саяхат

2-10

Реферат

3

3-4 апта

3

Тақырыптық композиция

3-9

Сурет салу

4

5-6 апта

4

Бейнелеу өнері сабағының эстетикалық тәрбиелік мәні,

5-9


Реферат

5

7-8 апта




Барлығы







15






2-кредит




СӨЖ тақырыптары, мазмұны

әдебиеттер

Бақылау түрі.

Сағат саны

Өткізілу

мерзімі

1

Композиция және оның мақсаты

1-8

Сурет салу

6

9-10 апта

2

Бейнелеу өнерін еңбекке баулу әдістемесінің негізгі кезеңдері

5-11

Реферат

4

11-12 апта

3

Қазақстан суретшілер шығармаларын жинақтау

6-12

Сурет

жинақтау


5

13-15 апта




Барлығы






15



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті
«Филология» факультеті

«Педагогика және психология » кафедрасы

«Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы»- пәні бойынша
050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері үшін

Оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмыс жоспары.

(ОБСӨЖ)

ОБСӨЖ- жоспары. 1-кредит




Тақырыбы.

Бақылау түрі

әдебит-р

Сағат саны.

Өткізу мерзімі

1

Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы

Коллоквиум

1-9

2

1 апта


2

Қазақтың дәстүрлі өнеріне шолу

Реферат

2-10


2

3

Ежелгі Қазақстан бейнелеу өнері

Глоссарий

3-8

2

2 апта

4

Қазақстан кәсіби суретшілердің қалыптасуы

Коллоквиум

1-9

2

3 апта

5

Дәстүрлі қазақ өнерінің қалыптасуы мен дамуы

Тест

2-10


2

4 апта

6

Қазақстан бейнелеу өнерінің өрлеу кезеңдері

Реферат

3-8

2

5 апта

7

Қазіргі заман бейнелеу өнері

Коллоквиум

1-9

2

6 апта

8

Кеңес дәуірі кезеңіндегі бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесінің дамуы

Реферат

2-10


1

7 апта




Барлығы.





15




Каталог: CDO -> Sillabus -> BOS
BOS -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOS -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
BOS -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
BOS -> Лекция: 30 сағат. Семинар: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат. Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> 2. Практикалық сабақты өткізу уақыты және орны
BOS -> Лекция 30. СӨЖ. 30. ОбсөЖ. 30 Барлық сағат саны. 90 с. Емтихан. 6-семестр. Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынш


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет