Лекция: 15 сағат Семинар: 15 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат


Лекция № 5 Тақырыбы:Қызмет көрсетудің жан-жақты түрлеріне тән тұтынудағы ерекшеліктер



бет3/8
Дата25.04.2016
өлшемі1.45 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

Лекция № 5
Тақырыбы:Қызмет көрсетудің жан-жақты түрлеріне тән тұтынудағы ерекшеліктер.
1(сағат)

Жоспары:
1.Денсаулық сақтау және медициналық жәрдем беру.

2. Қызмет көрсетудің кейбір салалары мен түрлерін географиялық тұрғыдан зерттеу.

3.Тұтас саланы және олардың даму деңгейлерін кешенді тұрғыда зерттеп білу.

4.Қызмет көрсету салаларының тиімділік көрсеткіштері.




  1. Арынов Е.М. Казахстан и мировой опыт рыночной трансфармации. - Алматы, 1997г.

  2. Абрамов М.А. География сферы обслуживания. - М., 1977г.

  3. География сферы обслуживания: сборник статей. - М., 1972г. (Вопросы географии, сб. 91).

  4. Двоскин Е.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана. - Алма-Ата, 1986.

  5. Захарина Д.М. и др. Учителю о географии сферы обслуживания- М. Просвещение, 1980.

  6. Казахстан: 1991-2001 годы /Под реф. А.А. Смаилова. - Алматы, Агентстео РКпо статистике, 2001. - 432 с.

  7. Комаров М.П. Инфраструктура регионов мира. Учебник. С-Пб: Издательство Михайлова В.А., 2000. - 347 с.

  8. Проблемы географии сферы обслуживания: сборник статей /
    Ответ. редактор - Лухманов Д.Н. -М, 1974г.

  9. Типовые программы по дисциплинам социально-экономической и политической географии // Сб. программ для университетов и пед. институтов./Под. ред.- Т. О. Увалиева, 3. Н. Зевреевоп, Е. А. Ахметова. - Алматы, АГУим. Абая, 2001г. – 360с.

  10. Региональный статистический ежегодник Казахстана. 1997-2000 гг. -Алматы, Агентство РК по статистике, 2001. - 380 с.

  11. Сагинбаев С. С. Непроизводственная сфера Казахстана. — Алматы, І984г.

  12. Суверенный Казахстан и социально-экономическая география: сборник статей / Ответ. редактор - Увалиев Т. О. - Алматы, 1998г.

  13. Увалиев Т.О. «География сферы обслуживания» (учебная программа)
    /В сб. «Социально-экономическая география в Алматинском университете». -Алматы, АГУ, 2003г. -стр. 132-135.

  14. Увалиев Т.О. , Суюмбаева С.Т. «Основы районной планировки»
    (учебная программа) / В сб. «Социально-экономическая география в
    Алматинском университете». -Алматы, АГУ, 2003г. -стр. 119-125.

  15. Холина В.Н. География человеческой деятельности. —
    М.: Просвещение, 1995.

  16. Шокаманов Ю.К. Тенденции человеческого развития в Казахстане. - Алматы, Агентство РК по статистике, 2001. — 348 с. 18.Человеческое развитие в Казахстане: Учебник / Под. ред. - Н. К.

  17. Мамырова и Ф. Акчуры. - Алматы, Экономика, 2003 г.

  18. « Қазақстан - 2030 « стратегиялъщ даму багдарламасы. -Егемен Қазақстан.- 1997, 11 қазан.

  19. Региональная экономика. Учебник для вузов. (Под ред. Т.Г.Морозовой и др.). - М, Юнити, 2000. - 472 с.


Лекцияның мәтіні
Қызметкерлердің санаттары – негізгі қызметтегі қызметкерлердің кәсіпорындарда (фирмаларда, ұйымдарда) атқаратын міндеттеріне сәйкес бөлінетін топтары. Мысалы: материалдық өндіріс салаларында жұмысшыларға, басшыларға, мамандарға, техникалық орындаушыларға, т.б. бөлінеді.

Қызмет көсету салаларының бірі – денсаулық сақтау мекемесі. Қай мемелекет болмасын өз тұрғындарының денсаулығын нығайтып, олардың өмірлерін жақсартуға және ұзартуға ерекше мән беріп, қамқорлық жасауы тиіс. Дені сау адам ғана мықты, қоғамға лайықты қызмет етеді және оның гүлденуіне өз үлесін қосады.

Дәрігерлер қауымы қазіргі замана талабынан табылатын қондырғылар көмегімен сан түрлі сырқаттарды электронды жүйемен оп-оңай анықталатын болды. Сөйтіп, жетілдірілген медициналық құрал-жабдықтар, тың да тиімді тексеру тәсілдері қандай күрделі сырқат болмасын оларды дәл тауып, тіпті жүкті әйелдің құрсағындағы шарананың жүрек соғысын, жынысын анықтап, ағзадағы қан, зәр, лимфа басқа да табиғи сұйықтар арқылы тұқым қуалаушылық, эндокринді жүйке, ішкі органдар қызметіне баға беру дегеніңіз түкке де тұрмай қалды. Республика бойынша бір де бірегей маңдайалды типтік жобадағы емдеу ғимараты – диагностикалық кеңес беру орталығы бір ауысымда алты жүз адамның денсаулығын тексеруден өткіз-еді. Ересектерге мединицанық тексеруден 28, ал балаларға 12 сала мамандары қызмет көрсетеді.

Облыс көлемінде радиоиммунологиялық қызмет адамдар денсаулығы үшін 1993 жылдан бері жемісті жалғасып келеді. Клиникалық тәжірибеде маңызды роль атқарып келе жатқан бұл сала дәрігерлерге күрделі аурудың себебін анықтауға және патогенетикалық емдік шаралар жасауға көп көмегін тигізуде.

Гормондардың сандық мөлшерін анықтау мақсатында биологиялық сынама зерттеулер жүргізілді. Зертхана бөлімшесі заман талабына сай Микрогамма-НТ қондырғысымен жабдықталған.

Дамыған елдерде клиникалық – диагностикалық зертханалардың қызметін дамытуға бюджеттен 36% қаржы бөлінді.

Экономикалық жағынан клиникалық диагностикалық зертхана тиімді, оған емдеу мекемелерінен 60% қаржы бөлінуі қажет.

Негізінен зертханалардың зерттеу жабдықтарымен толық қамтамасыз етілмеуіне байланысты кешенді шаралар жүргізу қиынға түседі.

Дәрігерлердің сұранысы бойынша, ең алдымен дұрыс және тез нәтиже алу үшін медициналық нарықта алуан түрлі реагенттер болуы қажет.

1993 жылға дейін амбулатория болып, кейін 20 орындық учаскелік ауруханаға айналған шипа дарытар орнымыз негізінен тереңнен шығатын Сарыағаш емдік суымен құрамдас сумен асқазан, бауыр, бүйрек, өт, қуық аурулары бар науқастарды емдейді. Жылына 400-дей адам ем қабылдайды. Дәрі-дәрмек пен емдеу құралдары жеткілікті. Физиотерапия , инемен емдеу, үгу, бұлау, т.б. бөлімдері де бар.


Лекция № 6
Тақырыбы:Қазақстанның транзиттік потенциалын тиімді пайдаланудың алғы шарттары.

1(сағат)



Жоспары:

1. Қазақстанның транзиттік потенциалының дамуы.



2. Қазақстан жолдары желісі бойынша теміржол транзиті құрамындағы жүк құрайтын негізгі бағыттары.


Пайдаланатын әдебиеттері.

  1. Арынов Е.М. Казахстан и мировой опыт рыночной трансфармации. - Алматы, 1997г.

  2. Абрамов М.А. География сферы обслуживания. - М., 1977г.

  3. География сферы обслуживания: сборник статей. - М., 1972г. (Вопросы географии, сб. 91).

  4. Двоскин Е.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана. - Алма-Ата, 1986.

  5. Захарина Д.М. и др. Учителю о географии сферы обслуживания- М. Просвещение, 1980.

  6. Казахстан: 1991-2001 годы /Под реф. А.А. Смаилова. - Алматы, Агентстео РКпо статистике, 2001. - 432 с.

  7. Комаров М.П. Инфраструктура регионов мира. Учебник. С-Пб: Издательство Михайлова В.А., 2000. - 347 с.

  8. Проблемы географии сферы обслуживания: сборник статей /
    Ответ. редактор - Лухманов Д.Н. -М, 1974г.

  9. Типовые программы по дисциплинам социально-экономической и политической географии // Сб. программ для университетов и пед. институтов./Под. ред.- Т. О. Увалиева, 3. Н. Зевреевоп, Е. А. Ахметова. - Алматы, АГУим. Абая, 2001г. – 360с.

  10. Региональный статистический ежегодник Казахстана. 1997-2000 гг. -Алматы, Агентство РК по статистике, 2001. - 380 с.

  11. Сагинбаев С. С. Непроизводственная сфера Казахстана. — Алматы, І984г.

  12. Суверенный Казахстан и социально-экономическая география: сборник статей / Ответ. редактор - Увалиев Т. О. - Алматы, 1998г.

  13. Увалиев Т.О. «География сферы обслуживания» (учебная программа)
    /В сб. «Социально-экономическая география в Алматинском университете». -Алматы, АГУ, 2003г. -стр. 132-135.

  14. Увалиев Т.О. , Суюмбаева С.Т. «Основы районной планировки»
    (учебная программа) / В сб. «Социально-экономическая география в
    Алматинском университете». -Алматы, АГУ, 2003г. -стр. 119-125.

  15. Холина В.Н. География человеческой деятельности. —
    М.: Просвещение, 1995.

  16. Шокаманов Ю.К. Тенденции человеческого развития в Казахстане. - Алматы, Агентство РК по статистике, 2001. — 348 с. 18.Человеческое развитие в Казахстане: Учебник / Под. ред. - Н. К.

  17. Мамырова и Ф. Акчуры. - Алматы, Экономика, 2003 г.

  18. « Қазақстан - 2030 « стратегиялъщ даму багдарламасы. -Егемен Қазақстан.- 1997, 11 қазан.

  19. Региональная экономика. Учебник для вузов. (Под ред. Т.Г.Морозовой и др.). - М, Юнити, 2000. - 472 с.



Лекцияның мәтіні
Қазақстанда өзінің геосаяси жағдайына байланысты, экономикалық потенциалына байланысты халықаралық интеграциялық қарым-қатынастарының қатысушысы ретінде қарастыруға болады. Қазақстанның экономикасы Еуразия континентінің ортасында, Еуропа мен Азияның қарқынды дамып келе жатқан нарықтарының арасында орналасқандықтан мемлекеттің жоғары дәрежедегі транзиттік мүмкіншіліктерін тиімді пайдалану қазіргі таңда, әсіресе өзекті мәселе болып табылады. Халықаралық аналитикалық орталықтардың зерттеулеріне сүйенсек, Оңтүстік – Шығыс және Шығыс Азия – Еуропа бағыттары бойынша транзиттік ағындар 330 -400 млн АҚШ долл. құрайды. Ал оның 20% ын Ресей мен Қазақстан түрлі себептерге байланысты оның 10% на да жетпейтін бөлігін ғана пайдалануда.

Әлемдік тәжірибе көлік жүйесінің экономикалық басқа салаларының дамуына үлкен әсер ететіндігін көрсетеді. Осы орайда Қазақстанның транзиттік потенциалының дамуына мемлекеттік қолдауды қамтамассыз ету үшін келесі мәселелер шешілуі тиіс;

1) халықаралық көлік жүйесінің қатарына жататын көлік инфрақұрылымдық техникалық жарақаттауға қажетті инвестицияларды тарту:

2) транзиттік коридорлар бойында қызмет көрсету орталықтарын тез арада іске қосуды қамтамсыз ететін логистикалық орталықтар, жолаушылар және жүктер терминалы , байланыс құрылғылары, ремонт жасайтын және қажетті техникалық қызмкт көрсететін орталықтар және т.б.

3) Қазақстан Республикасындағы халықаралық әуе жайларда транзиттік зоналарды қалыптастыру;

4) Халықаралық көлік ұйымдарымен бірлескен қарым-қатынастар өрісін кеңейту және мемлекет аралық келісімдерді жүзеге асыру;

5) Қазақстан территориясындағы отандық және шетелдік операторлардың қызметін тексеруге құзіретті мемлекеттік жүйені қалыптастыру;

6) Сыртқы нарықтарда Қазақстандық тасымалдаушылардың қызметіне қолдау және қорғау мақсатында қажетті шараларды жүзеге асыру;

7) Халықаралық көлік экономикалық коньюктураның өзгерілуіне сәйкес Қазақстанның халықаралық көлік магистральдарындағы коммуникацияларды дамыту стратегияларына енгізу;

8) Қазақстан үшін басымдылығы зор халықаралық конвенциялар мен келісімдерге қол жеткізу.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Қазақстан үшін өзекті мәселе болып тұрған жағдай бүкіләлемдік сауда ұйымының қатарына ену. Бұл бағытта көптеген шаралар жиынтығы жүзеге асырылуда, әсіресе бүкіләлемдік сауда ұйымының ережелері мен принциптеріне сәйкестік бойынша. Мұнда көңіл бөлінетін шарттар мыналар:

Біріншіден, құрылысты қаржыландыруды ескере отырып, халықаралық көлік коридорларын дамытуда басымдылықтарды анықтау.

Екіншіден, Оңтүстік-Солтүстік, Солтүстік-Оңтүстік, және Шығыс-Батыс бағыттарындағы транзиттік коридорлардың ішінде Қазақстан үшін басымды ретін анықтау.

2. Қазақстанның темір жолдарының ұзындығы 14 мың км ден асады. Олар барлық өңірлерді байланыстырады. 15 тоғысу орындары Қазақстанның халықаралық байланыстарын қамтамассыз етеді, сондай ақ көрші мемлекеттерге транзиттік тасымалдауға мүмкіндік береді. Қазіргі күні халықаралық транзит жағынан қарасақ, ең негізгі шекаралық өткел бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы шекарадағы Достық –Алашанькоу өткелі. Ол Трансазиялық темір жолдың негізгі буыны болып табылады.

Қазақстан жолдары желісі бойынша темір жол транзиті құрамындағы келесі жүк құрайтын үш негізгі бағытқа тоқталатын болсақ, олар:

1. Ресей өңірі аралық қатынасы, сондай—ақ шығыс өңірлері мен Оралдың еуропалық елдерімен;

2. Орта Азия республикалары Ресей және басқа еуропалық елдерімен;

3 . Жаңа перспективасы жоғары еуроазиялық қатынас.

Тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен Ресейдің өңір аралық қатынасындағы Ресейлік жүк тасымалы негізінен бағытын қайталайтын Ресейлік темір жолдарына ауысты. Оны қалпына келтіру үшін ресейлік маршурттарымен салыстырғанда нақты ұйымдастырушылық технологиялық және тарифтік артықшылықтарды қамтамассыз еткен жағдайда ғана жүзеге асады.

Қазақстанның темір жол желісі арқылы Орталық Азия республикаларынан шығыс және батыс бағыттарына транзиттік ағынды өткізу өте тиімді және басымдылығы зор болып табылады.

Қазақстанның темір жол көлігі үшін аса назар аударатын мәселе азиялық және еуразиялық қатынастағы транзитті ағындар. Өйткені оның болашағы Еуропа мен Оңтүстік Шығыс Азия арасындағы тасымалдың орасан зор потенциалымен сипатталады. Сондай –ақ Қытайдың батысының қарқынды дамып келе жатқан экономикасымен ортаазиялық және еуропалық елдермен сыртқы сауда байланыстарының ұлғаюымен де әспеттес. Қазіргі уақытта Қазақстанның темір жол желісі арқылы Достық бекетінен еуроазиялық қатынастағы транзиттік тасымалдау мардымсыз, жылына 0.7 млн т ғана. 2010 жылға –дейін ол 2 млн т құрайды деп күтілуде.

Ал автомобиль жолдарының ұзындығы 86 мың км ден асады. Оның 13 мыңы халықаралық маңызы бар және Азиялық шоссейлік жолдар мен Еуропалық авто жолдар желісін байланыстыратын буын екендігі рас. Бірақ автомобиль жолдарының көп бөлігі қазіргі техникалық талаптарға жауап бере алмайды. Сондықтан барлық күш жол инфрақұрылымын реабилитациялауға, модернизациялауға және жаңадан салуға жұмсалуда.




Лекция № 7
1(сағат)

Жоспары:
Тақырыбы: Қызмет көрсету географиясындағы зерттеу әдістері.

Жоспары:


  1. Мұндай зерттеулердегі ақпараттың басты көздері: экспедициялық бақылау, статистикалық, картографиялық және кейбір математикалық әдістер.

  2. Халыққа қызмет көрсетуді ұйымдастырудың аумақтық үлгі модем

  3. Бұхаралық қызмет көрсету теориясы жайлы ұғым.


Пайдаланатын әдебиеттер


  1. География сферы обслуживания: сборник статей. - М., 1972г. (Вопросы географии, сб. 91).

  2. Двоскин Е.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана. - Алма-Ата, 1986.

  3. Захарина Д.М. и др. Учителю о географии сферы обслуживания- М. Просвещение, 1980.

  4. Казахстан: 1991-2001 годы /Под реф. А.А. Смаилова. - Алматы, Агентстео РКпо статистике, 2001. - 432 с.

  5. Комаров М.П. Инфраструктура регионов мира. Учебник. С-Пб: Издательство Михайлова В.А., 2000. - 347 с.

  6. Проблемы географии сферы обслуживания: сборник статей /
    Ответ. редактор - Лухманов Д.Н. -М, 1974г.

  7. Типовые программы по дисциплинам социально-экономической и политической географии // Сб. программ для университетов и пед. институтов./Под. ред.- Т. О. Увалиева, 3. Н. Зевреевоп, Е. А. Ахметова. - Алматы, АГУим. Абая, 2001г. – 360с.

  8. Региональный статистический ежегодник Казахстана. 1997-2000 гг. -Алматы, Агентство РК по статистике, 2001. - 380 с.

  9. Сагинбаев С. С. Непроизводственная сфера Казахстана. — Алматы, І984г.

  10. Суверенный Казахстан и социально-экономическая география: сборник статей / Ответ. редактор - Увалиев Т. О. - Алматы, 1998г.

  11. Увалиев Т.О. «География сферы обслуживания» (учебная программа)
    /В сб. «Социально-экономическая география в Алматинском университете». -Алматы, АГУ, 2003г. -стр. 132-135.

  12. Увалиев Т.О. , Суюмбаева С.Т. «Основы районной планировки»
    (учебная программа) / В сб. «Социально-экономическая география в
    Алматинском университете». -Алматы, АГУ, 2003г. -стр. 119-125.

  13. Холина В.Н. География человеческой деятельности. —
    М.: Просвещение, 1995.

  14. Шокаманов Ю.К. Тенденции человеческого развития в Казахстане. - Алматы, Агентство РК по статистике, 2001. — 348 с. 18.Человеческое развитие в Казахстане: Учебник / Под. ред. - Н. К.

  15. Мамырова и Ф. Акчуры. - Алматы, Экономика, 2003 г.

  16. « Қазақстан - 2030 « стратегиялъщ даму багдарламасы. -Егемен Қазақстан.- 1997, 11 қазан.

  17. Региональная экономика. Учебник для вузов. (Под ред. Т.Г.Морозовой и др.). - М, Юнити, 2000. - 472 с.

Лекцияның мәтіні.


Статистиканың –белгілі бір өзгешелігі бар және бұқаралық құбылыстар мен процестердің сандық жағын олардың сапалық жағы мен ажырамас байланыста зерделейтін ғылыми пәндердің (бөлімдердің) тармақталған жүйесі болып табылатын ғылым. Оның негізгі бөлімдері: статистика ғылымының жалпы санаттары, принциптері мен әдістері қарастырылады. Статистиканыңжалпы теориясы; экономикада болып жатқан құбылыстар мен процестердізерделейтін экономикалық статистика; әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерделейтін әлеуметтік статистика.

Қоғамдық өмірдің құбылыстары мен процестері туралы жаппай деректерді жинау, өңдеу, талдау, жариялау. Қоғамдық өмірдегі бұқаралық құбылыстар мен процестердің жай-күйін немесе олардың жиынтығын сипаттайтын сандық мәліметтердің жиынтығы.

Экономикалық жүйелерде заңдылықтар мен тиімділіктерді анықтау үшін математикалық үлгілеу мен әдістерді пайдаланатын теориялық экономика бағыты.

Демократиялық –журналистиканың негізгі шарттарының бірі. Онсыз БАҚ-тың да өмірі ұзақ болмасы белгілі. Әрине БАҚ-тың бәрі бірдей емес, оның да жекелеген тармақтарында өзінің шынайы жолынан алшақ кететіндері бар. Көрер көзге бұра тартатын кейде “қараны ақ деп, ақты қара ” деп жататын бұқаралық ақпарат құралдарын кездестіруге болады.

Ал қоғам дамуында тарихқа көз салсақ, талай нәрсеге қанығамыз. Бұл журналистикадағы қатысты нәрсе. Айталық сонау кезгі ойшылдар да, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар да, саяхатшылар мен ағартушылар да өздерін толғандырған мәселелерді жазып қалдырған, жариялап отырған. Осы орайда олардың еңбектері баспасөз арқылы болашақ ұрпақтың игілігіне айналғаны рас. Бір ғажабы баспа өнімдерінің адамзат тарихында алар орны ерекше екенін осыдан-ақ көруге болады. Тарих тегершігін қозғауға ақыл-ой жұмсаған тұлғалардың мұрасы бірден- бірге қоғамды дамытудың рухани бағдары болғаны мәлім. Алғашқы қиялшыл утопистердің өзі көп нәрсені армандады. Соның әсері де адамдар үшін аз болған жоқ. өзінен кейінгілерге ой салды. Көзқарас –пікірін қанағаттандырды. Ал ондай ойшылдықтың пайдасын әрқашан келер ұрпақ көріп жалғастырып көріп отырды. Содан да рухани құныдылықтар тоғысып, түрлі –түрлі ұнамды ұғымдар мен жаңа идеялар туындады.

Айталық соның бірі кәдімгі гуманистік идея болатын. Гуманизм мәселесі бірте-бірте өркен жайып, бүкіл қоғамдық болмысқа дендеп, ене бастады. Сөйтіп өзінің өміршеңдігін, алда да қоғамдық пікір ауқымында қалыптасатынын танытты. Бұған әдебиет, өнер, ғылым, саясат атсалысып, қаншама туындылар дүниеге келді. Соның бәрінде гуманистік идея, мән мазмұны арқау болды.

Демек, бұл жағдайда баспасөз де тыс тура алмайтын еді. Сондықтан баспасөз жүздеген ғасырлар бойы осынау гуманизм идеясын үнемі өзжарияланымдарында үгіт насихатқа ұштастырып отырды. Газет беттеріндегі қазіргі уақытта шығып жатқан мақалалар осыны айғақтайды.

Демократиялық қоғамда баспасөздің кейбір түрлері гуманистік позициядан ауытқып жататынын жасыруға болмайды. Шетелдердегі бульварлық басылымдар секілді тұрпайы мәнде шығатын қайсы бір газеттер бізде де жоқ емес. Әрине олардың ар- ождан мәселесі өздерінің журналистік этикасына байланысты.

Н.И. Конрад кезінде мынандай бір ой айтқан екен: “Гуманизм-адамзат ойлап тапқан ең бір маңызды идея болуы керек”. Орынды сөз. Көпшілік ғалымдардың айтқандарынан да осыны аңғарамыз.

Жалпы гуманистік құрылымға негізделген қоғамда адамзаттың жақсы жетістіктерге кенелген тұрмыстық өмірі көзделеді. Мұның өзі тіршілікте кедейшілік жойылып, жайлы тұрмысқа талпынуды туғызбақ.Соған орай әлемде баспасөздің атқарар ролі орасан. Экономика дамуы мен әлеуметтік табыстарды орнықтыру қай елден болса да алда тұрған міндеті болып саналады. Бұқаралық ақпарат құралдарының, оның әсіресе баспасөздің жүздеген жылдар қоғамда атқарып келе жатқан қызметі баршаға белгілі. Олай болса БАҚ-тың рөлі орасан зор екенін айтқан қайраткерлер баршылық. Солардың бірі саясатшы әрі публист Э. Берк 1776 жылы баспасөздің “Төртінші билік” ретінде санап, соңына айрықша пікір қалдырып кеткен. Міне содан бері баспасөздің, кейін бұқаралық ақпарат құралдарының атауына “Төртінші билік” деген қосымша анықтама айтылатын болған.

БАҚ—“төртінші билік” екенін сондықтан елдеде халықтарда әлдеқашан мойындаған, бағалаған. Кез келген елдің билігі де БАҚ пен ылғида санасып отырды, оған барынша мән берді. БАҚ арқылы қоғаммен байланыс орнатады.

БАҚ “төртінші билік” болғанда, ресми түрдегі үш билік заң шығарушы, атқарушы, сот билігі бар екені белгілі. Бірақ БАҚ-ты “төртінші билік” атаған –халық! Әрі бұл қоғамның қолдауымен ерік –жігерімен пайда болған ұғым.

Бұқаралық ақпарат құралдары сонымен бірге әлеуметтік институт ретінде қалыптасқан. Бұл ретте БАҚ ақпарат жинап, өңдеу, таратып, жариялап отыратын әжептеуір роль атқарады. Сондай идеялогиялық тұрғыда рухани өмірде кең қамтып, танымдық, білімділік, тәрбиелік, жайларды қозғайды. Сөйтіп журналистика қоғамда әлеуметтік жүйеде өте қатысты болды. Журналистикада әлеуметтік институт ретінде –ұйымдар мен мекемелердің қоғамдық міндеттерді атқаруы қарастырылса, мемлекеттік басқару мен саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің де қатысы бар. Осыған орай бұқаралық ақпарат құралдарына да үлкен жүк көтеруіне тура келді. Айналып келгенде осылардың бәрі өздерінің қызметінде әлеуметтік сипатқа ие болды.


Лекция № 8
Тақырыбы: Қызмет көрсету салаларын экономикалық географиялық зерттеулердің жағдайымен болашағы.

1(сағат)

Жоспары:


  1. Бірінші байлық денсаулық.

  2. Білім берудегі бірегей мәселелер.

  3. Манғыстау мұнайлы өлке.

Пайдаланатын әдебиеттер


  1. География сферы обслуживания: сборник статей. - М., 1972г. (Вопросы географии, сб. 91).

  2. Двоскин Е.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана. - Алма-Ата, 1986.

  1. Захарина Д.М. и др. Учителю о географии сферы обслуживания- М. Просвещение, 1980.

  2. Казахстан: 1991-2001 годы /Под реф. А.А. Смаилова. - Алматы, Агентстео РКпо статистике, 2001. - 432 с.

  3. Комаров М.П. Инфраструктура регионов мира. Учебник. С-Пб: Издательство Михайлова В.А., 2000. - 347 с.

  4. Проблемы географии сферы обслуживания: сборник статей /
    Ответ. редактор - Лухманов Д.Н. -М, 1974г.

  5. Типовые программы по дисциплинам социально-экономической и политической географии // Сб. программ для университетов и пед. институтов./Под. ред.- Т. О. Увалиева, 3. Н. Зевреевоп, Е. А. Ахметова. - Алматы, АГУим. Абая, 2001г. – 360с.

  6. Региональный статистический ежегодник Казахстана. 1997-2000 гг. -Алматы, Агентство РК по статистике, 2001. - 380 с.

  7. Сагинбаев С. С. Непроизводственная сфера Казахстана. — Алматы, І984г.

  8. Суверенный Казахстан и социально-экономическая география: сборник статей / Ответ. редактор - Увалиев Т. О. - Алматы, 1998г.

  9. Увалиев Т.О. «География сферы обслуживания» (учебная программа)
    /В сб. «Социально-экономическая география в Алматинском университете». -Алматы, АГУ, 2003г. -стр. 132-135.

  10. Увалиев Т.О. , Суюмбаева С.Т. «Основы районной планировки»
    (учебная программа) / В сб. «Социально-экономическая география в
    Алматинском университете». -Алматы, АГУ, 2003г. -стр. 119-125.

  11. Холина В.Н. География человеческой деятельности. —
    М.: Просвещение, 1995.

  12. Шокаманов Ю.К. Тенденции человеческого развития в Казахстане. - Алматы, Агентство РК по статистике, 2001. — 348 с. 18.Человеческое развитие в Казахстане: Учебник / Под. ред. - Н. К.

  13. Мамырова и Ф. Акчуры. - Алматы, Экономика, 2003 г.

  14. « Қазақстан - 2030 « стратегиялъщ даму багдарламасы. -Егемен Қазақстан.- 1997, 11 қазан.

  15. Региональная экономика. Учебник для вузов. (Под ред. Т.Г.Морозовой и др.). - М, Юнити, 2000. - 472 с.

Лекцияның мәтіні.


Салық, денсаулығы — мемлекет байлығы. Қай мемлекет болмасын өз тұрғындарының денсаулығын нығайтып, олардың өмірлерін жақсартуға және ұзартуға ерекше мән беріп, қамқорлық жасауы тиіс. Не дегенмен, бірінші байлық — денсаулық. Денсаулығы мықты адам ғана қоғамға лайықты қызмет етеді, оның гүлденуіне атсалысады.

Біздің республикамызда да денсаулық сақтау саласына әрдайын ерекше көңіл бөлініп келеді. Ол заңды да. Мемлекеттің барлық тыныс-тіршілігі адамды бақытқа бөлеп, оның алдында тұрған күрделі істерді барынша жеңілдету, арманына қиналмай қол жеткізуге жағымды жағдай жасау.

Қазақстан Республикасының Прсзиденті Н.Назарбаевтың ұсынысымен біздің елде «Денсаулық сақтауды дамыту мен реформалаудың 2005 және 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жасалып, ол Елбасының 2004 жылғы 13 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген еді. Бұл жаңа бағдарлама республи-камыздың медицина қызметкерлері алдына көптеген міндеттер жүктеген болатын.

Президентіміздің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында да халықтың денсаулығын сақтау ісіне ерекше мән берілген. Онда: «2005 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалау жөніндегі мемлекеттік багдарламаның іске асырылуы саланың тандап алынған стратегиялық даму бағытының негізінен дұрыс және тиімді екенін дәлелдеді. Бұған қоса, жаңа міндеттерді есепке алып, халықаралық стаңдарттарға көшуді ескеретін болсақ, биылғы жылы саланың заңнамалық және әкімшілік реформалар пакетін іске асыру жөніндегі жұмыстарды аяқтау керек деп санаймын.

Қазақстанда ең жоғары деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет.

Медициналық кызметкерлерге ақы төлеуде көрсетілген медициналық көмек-тегі еңбектің сапасын, көлемі мен күрделілігін, сондай-ақ біліктілік декгейін ескере отырып, жұмыстың соңғы нәтижесіне қарай жаңа қадамдар жүзеге асырылуға тиіс, - деп атап көрсетілген.

Бұл жолдарды оқи отырып: «ин-шалла, лайым алға қойған мақсаттарымыз орындалып, Елбасы көрсеткендей алдағы 10 жылдық ішіңде Қазақстанның ең дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясы іске асса, шіркін!» — деген ойға берілесің. Жолдауда көрсетілген әрбір жол серпіліс тудырып, жаңа биіктерге жетелейді.

Таяуда облыс орталығы Тараз қаласында болып өткен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінің кеңейтілген алқасында халық денсаулығын сақтау бағытыңдағы перспективалық даму, алда тұрған міндеттер және оны іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Облыстық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жаңа реформаға сәйкес біраз игілікті істер жоспарлап, бұл күндері оны іске асыруға бар күш-жігерін жұмсауда. Біз сол кеңейтілген алқада келтірілген кейбір басты фактілер мен негізгі цифрларға көңіл аударайықшы.

Бүгінде Жамбыл облыстық мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде 43 аурухана мен диспансер, 325 дербес амбулаториялық-клиникалық ұйым жұмыс істеуде. Облыс бойынша мемлекеттік ауруханалар мен диспансердегі төсек саны 58030-ға жетті. Алдағы жылдары ауылдық жерлерде бірнеше ауруханалар, диспансерлер ашылып, сырқаттар емделетін төсек саны анағұр-лым өсе түседі. Инвестициялық жоба бойынша. 2007-2010 жылдары Аса, Меркі, Төлеби, Сарыкемер және Қордай ауылдарында туберкулез ауруха-наларының құрылыс жұмыстары жүргізіледі. 2005-2007 жылдарға арналған

Елбасымыздың қай жылғы Жолдауы болмасын «Қазақстан — 2030 стратегиясын іске асыру жолындағы жүйелі іс-шараларды анықтайды, пысықтайды. Осы Жолдауда дамушы елден дамыған елге айналудың ақи-қаттары айтылып отыр. 40 жылға жуық оқу, білім және ғылым саласыңда жүргеннен кейін мені толғандырары. Әрине. жолдаудың 17-18 бағыттары.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ құрамында әл-Машани атындағы Жаратылыстану-гуманитарлық инсти­туты бар. Әрине біздің ұжымның мақсаты мамандандырылған кафедраларға қарағанда сәл өзгешелеу. Біздің басты міндетіміз мектеп бітіріп келген жасөспірімге фи­зика, математика, химия, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақстан тарихы, философия, саясаттану, мәдениеттану. құқық негізлерінен жеткілікті деңгейде білім және тәлім-тәрбие беру. Бұл Жолдау баптарымен үйлесіп тұр. Айтпақшы, Елбасы биылғы Жолдауда да жаратылыстану пәндерінің рөліне аса көңіл бөлген. Сонлықтан жоғары оқу орындарында математикалық бағыттағы қолданбалы кафедраларда дәріс беру деңгейін сапалық, тұрғыда өзгерту керек. Мәліметтерді талдаудың математикалық әдістерін бәрі де - инженерлер. экономистер, заңгерлер, құрлысшылар, мемлекет қайраткерлері меңгеруі тиіс.

Манғыстау мұнайлы өлке ғой. Бұл өңірдегі өндіріс алыптары да аз емес. Бірақ солармен арадағы көлік қатынасы жолдарының жағдайы қалай?

-Қала үшін, соның ішінде, тіршілігі қайнап жатқан Ақтау сынды қала үшін көлік жолы - басты мәселе. Осы тұрғыда тіршілікте маңызы бар автомобиль жолдарының қалтқысыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі аймақтық бағдарламаны орындау және көлік-инфрақұрылымын дамыту барысында бірқатар ірге-шаралар жүзеге асырылды. Өткен жылы автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз етуге, ағымдағы жөндеу жұмыстарынa 46,6 млн. теңге игерілді. Егер, таратып айтар болсақ, Ақтау қаласының және елді мекендегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 240,9 шақырым, оның ішінде, қалалық жолдар 60,6 шақырымды, шағынаудандардағы жолдар 17,5 шақырымды, жергілікті жол­дар 118,5 шақырымды, ауылдардағы жол­дар 44,0 шақырымды құраса, 0,3 шақырым жол малта тастардан жасақталған.


Каталог: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет