Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45



бет3/5
Дата03.04.2016
өлшемі0.94 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5

Жоспары:


  1. Музыкадағы негізгі құрамдар. Мелодия. Метроритм.

  2. Тембр,гармония,полифония.

Музыканы мәнерлеу құралдарының жүйесінде өнердің кез –келген үрі секілді, музыкада өзіне ғана тән образды мәнерлеп суретьейтін құралдары бар. Музыкада негізгі құрамдар – мелодия (әуен), ырғақ (метроритм), гармония, тембр (бояу), полифония т.б.

Мелодия (әуен) – белгілі бір көркем ойды бейнелейтін , ырғақи пен ладтың-интонациялық жағынан жүйеге келтірілген түрліше жоғарылықтағы дыбыстар тізбеге. Әуен – музыкалық шығарманың негізі болып табылады. Ол жеке өзі көркем бейнені терең де жан-жақты көрсете алады. Біріңғай тұтас басқыштар бойымен қозғалып құрылған әуендер аз. Әуендік қозғалыс бағытының түрлері:


  1. Толықтырылған кішігірім аралық интервалдық секірістерден тұратын әуендер, оларды ұзақ жоғарылау мен төмендеу жоқ;

  2. Әуендік толқынымен айқын көрінген әуендер, мұндай әуендер ұзақ мерзімді жоғарылау мен төмендеудің бірігіп үйлесуінен құрылады;

  3. Әдетте бір қалыпты бейнелейтін бір ғана дыбысқа қайтып оралатын әуендер.

Әуендер қашанда өзінің ішкі құрылымы мен нақтылық логикасы арқылы

аяқталған белгілі бір түсінікті білдіреді. Әуеннің бөлшектену дәрежесі түрлі тарихи стильдерде әр қалай болды. Мысалы, полифониялық стильде үздіксіз даму басым түседі. Ал, гомофондық – гормониялық тұрғыдағы әуендерге керісінше , әуеннің формасын бөлшектеуге , яғни кезеңді (периодты) сөйлемге, сөйлемді – фразаларға, фразаны – мотивтерге бөлу тән қасиет, әуен дамуының ең жоғарғы сатысы – оның шиеленісу шыңы , кулминация деп аталады.

Метроритм (ырғақ). Метр – музыкалық ритмнің байланыс жүйесін, тепе-тең ұзақтықтағы уақыт үлесін өзара алмасу тәсілін реттейтін өлшем. Ритмде дыбыстардың уақыттық ара-қатынасы анықталады. Метрлік өлшемсіз дыбыстардың жүйелі түрде алмасуы мүмкін емес.

Кейбір музыкалық жанрлар белгілі бір өлшемді талап етеді, месалы, вальс- үш үлесті, марш екі немесе төрт үлесті өлшемді жазылады. өлшем музыкадағы жүйенің негізі ретінде оның кәсіби сипат алу барысында қалыптасты.

Тембр – дыбыстық сапасы («бояуы»). Ол әр түрлі аспаптарда немесе түрлі дыбыстарда орындалған белгілі бір биіктіктегі дыбыстарды ажыратуға мүмкіндік туғызады. Тембр арқылы дауыс ырғағын өзгерте отырып, сезім-күйді білдіруге болады. Тембр музыкалық аспаптық материалы, формасы, дыбыс шығару тәсілі т.б. әсер етеді.

Гармония – үндеу деген мағынада музыка теориясының аккордтардың құрылымын және олардың жалпы музыкалық даму барысында ара қатынасын зерттейтін бөлім. Гармония – музыкалық форма тудырудың негізгі факторы. Музыкалық шығармада тональдік, модуляция, каденция сияқты гармониялық құрамдар ерекше роль атқарады. Гармония мелодия (әуен), ритм (ырғақ) және асыруға қатысады.

Полифония – бір уақытта естілетін көп дауысты музыка. Мұнда көптеген дауыстардың әр-қайсысы жеке-жеке мәнерлі анық естіліп тұрады. Полифония заңы бір-біріне ұқсамайтын әуендерді біріктіріп, бір музыкалық арнаға әкеліп құяды. Полифониялық музыкалық аса көрнекті өкілдерді – немістің ұлы композиторлары И.С.Бах және Г.Ф.Гендель.
VІІ. Тақырыбы: Хор өнері. Дауыстар түрлері.

Хорға арналған шығармалар.
Жоспары:
1. Хор жайлы жалпы түсінік.

2. Хорда кездесетін дауыс түрлері және олардың дауыс диапазондары.

3. Хор музыкасының тарихи кезеңдерде байланысты әртүрлі функцияларды атқаруы.

4. Хордың дауыс диапазондарына қарай түрлерге бөлінуі.

5. Хор шығармалары
Хор жанры халық арасына кеңінен тараған жыл сайын қанат жайып дамып келеді. Хор –әр түрлі дауыста ән салатын адамдапрдан топтасқан вокалдық музыка орындаушылар коллективі (ұжымы). Дауыстар өзінің тембірлік және биіктігі жағынан опералық , яғни акдемиялық , халық әндерін айтатын , эстрада музыкасын айту үшін арналған дауыстар болып бөлінеді. Сопрано - әнші әйелдің ең жоғарғы дауысы. Диапазоны – бірінші октаваның до нотасынан үшінші октаваның до нотасына дейін (кейде ми, соль ноталарына дейін). Сопраноның негізгі түрлері: драматикалық , лирикалық және коллратуралық ; меццо-сопрано – орта регистрде шығатын әйел дауысы, диапазоны –кіші октаваның ля нотасы мен екінші октаваның ля нотасына дейін. Бұл дауыс үшін Марфаның («Хованщина» ) Любашаның («Царская невеста»), Амнерис, Кармен партиялары жазылған. Контрольто – тембрі төмен мәнді және анық шығатын әйел дауысы, диапазоны – кіші октаваның соль нотасы мен екінші октаваның соль нотасы арасында (шамамен ). Тенор – ер адамның жоғары дауысы, дияпазаны –кіші октаваның до нотасына дейін. Лирикалық және драматикалық болып бөлінеді. Баритон – ер адамның терон мен бастың аралығындағы регистрде шығатын қоңыр дауыс, диапазоны –үлкен октаваның ля нотасы мен бірінші октаваның фа нотасы. Бас дауысы ер адамның ең төмен регистрде шығатын жуан дауыс. Жоғары, төмен, сонымен қатар, буффондық (комикалық) бас болып бөлінеді.

Хор музыкасы тарихи кезеңдерде әртүрлі функция атқарды. ХІV-ХV ғасырларда 3-4 дауыстан , қайта өрлеу дәуірінде 6-8 және одан да көп дуыстардан тұрды.

Гомофонды-гармониялық стильге байланысты хордың, 4 дауысты түрі қалыптасты, олар (дауыстар) –сопрано, альт, тенор, бас.

Қайта өрлеу дәуірі көп дауысты хор өнерінің аса дамыған кезеңі мадригал. Хор музыкасының аса дамыған түрі – месса Нидерланд мектебінің композиторлары Дюфай, Окегем, Обрехт, Ж.Депре, Вилларт, Орландо Лассо шығармашылығында дамыды.

Хор ХVІІ ғасырда пайда болған опера жанырының негізгі компоненттерінің бірі болды. Хор каппелалары дамыды: Осы кезеңде оратрия, кантата жанырлары қалыптасты. Пассион, оратория, месса, магнификат, хорал сияқты жанырлар түрінде орын алған.

Глюк опера реформсында хордың драматургиялық мағынасын жоғары бағалады. Вена классиктерінің шығармашылығында хордың ролі орасан зор.

Хор дауыс құрамына байланысты біртектес (әйелдер, ерлер, балалар хоры) немесе аралас болып келеді. Аралас хор сопрано, альт (әйел дауыстары), тенор, бас (ерлер дауыстары) партияларын орындайтын төрт топтан құралады. Егер хор құрамында аталған партиялардың бірі болмаса, онда ол жартылай аралас хор делінеді. әрбір хорлық партия хор шығармаларының ыңғайына қарай бірнеше дара партияға бөліне алады. Аралас хор құрамында ең кемінде 12 адам, ал кәсіби хор құрамында 40-тан 160 адамға дейн болады. Шағын хор ұжымы камералық хор делінеді.

Хорға арнап бірнеше композиторлар шығармалар жазды. Романтик-композиторлардың хорға арналған шығармалары (Мендельсон, Шуман, Брамс, Малер, Верди т.б.). Орыс композиторлары М.Березовский, Д.Бортнянский (ХVІІІ ғасыр) - орыстың классикалық хор музыкасының негізін қалаушылар. Орыстың хор музыкасының жаңа дәуірі М.Глинкамен байланысты. Хордың М:Мусоргский, А.Даргомыжский, П.И.Чайковский шығармаларындағы маңызы өте зор. С.И.Танеев шығармашылығы хор өнерінде ерекше орын алады. Қазақстан композиторларынан хорға арнап А.Жұбанов, Б.Байқадамов, Д.Ботбаев , Е.Брусловский, М.Сағатов , Ғ.Жұбанова т.б. жазды.


VІІІ. Тақырыбы: Оркестр және оның түрлері. Музыкалық

аспаптар. Ансамбль және оның түрлері.

Жоспары:

1. Оркестр ұжымының құрылымы және онда кездесетін аспаптар.

2. Оркестрдің түрлері.

3. Музыкалық аспаптардың шығу тарихы.

4. Музыкалық аспаптардың орындалу жағынан түрлерге бөлінуі және оны орындаушылар.

5. Ансамбль жайлы жалпы түсінік.

6. Ансамбльде орындалатын шығармалар және оның ерекшеліктері
Оркестр – музыкалық шығарманы әр түрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар коллективі (ұжымы). Оның құрамына ішекті , ағаш және жез, сондай ақ соқпалы музыкалық аспаптар кіреді. . Оркестрдің бұдан басқа ішекті аспаптар оркестрі, үрлемелі аспаптар оркестрі, камаралық оркестр деп аталатын түрлері бар. Оркестрді орындаушы коллективтің өзіндік ерекшеліктеріне орай әскери оркестр, эстрадалық оркестр т.б. болып бөлінеді. Ұлт аспаптар оркестрінің сан алуан түрі бар – оның ішінде Қазақстанда атағы шыққан Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестрі, «Отырар сазы» т.б.

Оркестрдің жоғарғы формасы – симфониялық оркестр.

Симфониялық оркестрдің пайда болуы ХVІ-ХVІІ ғасырларға саяды. ХVІІІ ғасырдың аяғындасимфониялық оркестрдің классикалық түрі қалыптасты. Оның ХІХ ғасырда қанат жаюы үлкен симфониялық оркестрдің пайда болумен байланысты. ХVІІ ғасырға дейін ансамбльдер тек белгілі бір оқиғаға аспаптардың барлық түрі болды. Оркестрдің қазіргі заман түсінігінде пайда болу негізінен гомофондық музыканың аңа жанырлары опера, ораторияның шығуына байланысты. Оркестр сүйемелдеуші ролін атқарды.

Оркестрдің даму көпдеген әлеуметтік және көркемдік факторлірмен байланысты. Бірінші – жаңааспаптардың пайда болуы, ескірген түрлерінің қолднылмуы немесе жаңартылуы (реконструкция). Екінші фактор – оркестрдің орындаушылығының даму , аспатардың орналасуын өзгерту, оркестрді басқру өнерінің даму т.б. Үшінші фактор – композиторлардың оркестрге арнаған шығармаларының мазмұндық, көркемдік сипатының дамуы.

Оркестрдің тарихын жалпы үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең –1600-1750-ші жылдары, екінші кезің – ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы, үшінші кезең – оркестрдің ХХ ғасырдағы сипаты.

ХVІ-ХVІІ ғасырлар арасында шыққан гомофонды-полифониялық стильдің оркестрінің (Бах, Гекдель шығармашылығы) негізгі ерекшелігі – бас дауысеорындайтын аспаптардың болуы – олар орган, чембало, лютня, арфа аспаптары. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында оркестр құрамы тұрақты болмады. Лютня, виола орнына скрипка аспабы келді. Фагот, гобой аспаптары шықты, дауысының күштілігіне байланысты флейта т.б. аспаптар қолданыла бастады. Бұл процсс ХVІІІ ғасырға дейін созылды.

Ал ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысынада оркестрдің түрлері музыканың қоғамдық функциясына байланысты шіркеулік, опералық, камералық болып бөлінеді.

Оркестрдің құрамы орындайтын жеріне байланысты (опера театыры немесе маскарад, фейерверк кезінде ашық ауада) өзгеріп отырды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында оркестр аппараты гомофондық-гармониялық стильге байланысты вертикаль бойынша құрылды. Бетховеннің симфониялық шығармашылығында оркестрдің классикалық немесе Бетховендік түрі толық қалыптасты: шекті аспаптар, үрмелі ағаш аспаптардың қосарланған құрамы (2 флейта, 2 габой, 2 фагот т.б.).

Тоғызыншы симфониясында (1824 ж) Бетховен үлкен симфониялық оркестрдің түрін алғаш рет қолданды.

Романтизм дәуірі оркестрдің дамуының тағы бір белесі болып табылады. Романтик—крмпозиторлар оркестрдің тембірлік байлығын дамытуды іздестірді. Р.Вагнер оркестрдің үш-төрт еселенген құрамын пайдаланды.

Орыс композиторы Н.Римский-Корсаков, П.И.Чайковский оркестрдің бай мүмкіншілігін олдан әрі дамытты. Малер , стравинский, Скрябин оркестрдің аса ұлғайтылған түрін қолданды (Сверхоркестр). Малердің 8 симфониясында хордың бірнеше түрі, солистердің қатысумен 5 еселенген оркестр қолданылған.

Музыкалық аспаптар белгілі бір халыққа (ұлтқа) тән әрі өзіндік ерекшелігі болады. Музыкалық аспаптардың дамуы адамзат қоғамының , оның мәдениетінің музыкасының орындаушылық өнерінің өркендеу жолымен тығыз байланысты. Музыкалық аспаптар халық арасына кең тарағанда , бір қартары біртіндеп жойылып, олардың орнына жаңа аспаптар пайда болған. Осы кездегі симфониялық оркестірде қолданылып жүрген скрипка, флейта, гобой, кларнет, валторна, арфа, фортепьяно т.б. ертеден келе жатқан аспаптар. ХХ ғасырдағы оркестрлерге соқпалы аспаптар қолданылған – барабан, бубен, тарелкалар, үшбұрыштар (треугольники) , кастаньета, челеста т.б. сияқты аспаптар, сонымен қатар там-там, қоңырау, электро аспаптар қосылды.

Ал оркестрдегі ішекті аспаптар тобының құрамында виола мен лютня жоқ, жаңа түрінің (скрипка, альт, виолончель, контрабастан тұратын) қалыптасуы ХVІІ ғасырдағы оркестрдің аса үлкен жетістігі болды.

Оркестр мен аспаптық ансамбльдің арасында өзіндік айырмашылық бар. Ансамбльде әрбір партияны жеке музыкант орындайтын болса., оркестрде бір партияның өзін бірнеше бір текті аспаптар қосылып орындайды.

Ансамбль – француз тілінде бірлесу , үласу деген мағынаны береді. Музыкада екі немесе одан да көп музыканттардың (әншілер немесе музыка аспаптарында орындаушылардың ) музыкалық шығарманы қосылып орындауын және сол орындалған музыканың бірдей ұласып , әдемі мәнерлі болып шығуын ансамбль деп аталды. Ансамбльге хормен аркестірге кіреді. Ансамбльде орындалатын шығармалардың үндестігі өте үйлесімді бо.луды талап етеді.
ІХ. Тақырыбы: Қазіргі заманғы өнердің синтетикалық жанрларындағы музыка.

Музыкалық көркемсуретті фильмдердің түрлері.

Жоспары:

1. Музыка жанрының бір түрі – көркемсуретті фильмдерге арналған музыка.

2. Көркемсуретті фильмдерге алғаш арнап музыка жазған композиторлар.

3.Музыкалық кинокомедия, фильм – ревю, кинооперетто,киноопера, кинобалет.


Бүгінгі таңда музыка өнері жан жақты даму сатысында , солардың бірі кино өнеріндегі музыка жайлы толығырақ сөз қозғайық. Кино өнері - өнердің бір түрі, әдебиетпен театрдың бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер.

Қазіргі заманғы өнердің синтетикалық жанырларындағы музыка.

Музыка жанрының бір түрі- көркемсуретті филмдерге арналған музыка. Киномузыка – кино шығармасының құрамды бір бөлігі, негізгі бейнелеу құралдарының бірі. Алғашқы кезде музыка дыбыссыз киноматографиядан жалаң, қосалқы міндет атқарады. Пианист жүріп жатқан фильмді сүйемелдеумен ғана тынды. Дегенмен сол кездің өзінде әр фильм үшін жеке муз. жазуға әрекет жасалады (1908 ж. “Герцог Гизаның өлімі” атты фильмге кино Сен -Санс жазған музыка т.б.) . Дыбыс жаңғыртқыш аппараттың шығуына байланысты (1920 ж. соңы- 1930 ж. басы) әр фильм жеке паограммаға ие болады. Осы кезеңдегі киноның таңдаулы үлгілері Ч.Чаплин фильдерінен көрініс тапты.

Композиторлар, әншілер, музыканттар туралы түсірілген музыкалық фильмдерді муз. өте маңызды орын алады. Бұл фильмде ол не белгілі драматургиялық қызмет атқарады (егер муз. шығарманың тууы жайлы болса), не картинаға қосымша номер ретінде енгізеді. 60- жылдары Францияда киноопераның тың, соны жанрын жасауға әрекеттер (“Шер Бур” қолшатырлары”, 1964, реж.Д.Деми композиторлары М.Легран) жасалады. Мультипликациялық, документті және ғылыми көпшілік фильмдер міндетті түрде музыкамен сүйемеленеді. Мультипликайиялық киноларды музыкамен сомдастырудың өзіндік заңдары қалыптасады. Олардың ішінде, әсіресе кең тарағаны музыка мен бейненің жарыса қолдануы (әуен экрандағы іс-әрекетті нақпа-нақ қайталдап отырады). Бұл салада Американ кинорежиссеры

Уольт Диснейдің фильмдері елеулі табысқа жетті. Қазіргі киноматографияда фильмнің басқа да компоненттерімен қатар тұратын кино негізінен кино шығарманың мәнін ашар кілтіне айналды.

Қазақстанда киноның пайда болуы қазақ кино өнерінің тууымен тығыз байланысты. Алғаш киноға қалам тартқандар А.Қ.Жұбанов (“Аманкелді”, 1938 ж; М.Гнисенмен бірге), Л.А.Хамиди. (“Абай әні” , 1945), Е.Г.Брусиловский ("Дала қызы”, 1954), А.В.Зацепин (“Біздің сүйікті дәрігер”, 1958), С.Мұхамеджанов (“Жол айырығы”, 1962), Ғ.А.Жұбанова (“Ән қанаты”, 1966), Н.Тілендиев (“Қыз Жібек”, 1972), “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” 1967, “Ақсақ құлан”(1968) сияқты мультипликациялық фильмдерде к. Сәтті қолданылды. Алғашқы үлгілері 1920-шы жылдарының соңында А.Онеггер, Ж.Орик, Д.Мийо, Б.Бриттен, П.Хиндемит т.б. жазды. Осы жылдары музыкалық филмдердің негізгі түрлері қалыптасты, киноопера, кинобалет. Олар кейін теледидардан кеңінен орын алды.

Музыкалық фильмдердің тамаша үлгілері: «Веселые ребята» (1934), «Цирк» (1936), «Волг-волг» (1938, «Кубанские казаки» (1949), музыкасын жазған И.Дубаевский. киноға арнап музыка жазған композиторлар: Т.Хренников, А.Пахмутова, А.Перров т.б. Д.Шостакович «Золтые горы» (1931), «Встрчный» (1932), «Гамлет» (1964), С.Прокофьев С.Эйзенштейннің «Александр Невский» (1936), «Иван Грозный» (1945) атты филмдеріне жазған музыкасы симфониялық деңгейге көтерілді. Қазақстанда көркем фильмдерге музыка жазған композиторлар: М.Төлебаев, Ғ.Жүбанова, А.Бычков, Н.Тлендиев, С.Мұхаммджанов, Е.Рахмадиев т.б.

Музыкалы комедия – опереттаға , кейде комедиялық бағыттағы сахналық музыка шығармаларына (комедиялық опера, мьюзикл т.б.) қолданылатын термин. Ресейде кей бір оперетталық театырлар музыкалы комедия деп аталады. Қазақстанда 1972 жылы ашылған Қарағандының музыкалы комедия театры бар.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті

«Өнер» факультеті

«Ән және саз» кафедрасы
«Музыка өнеріне кіріспе» пәні бойынша

050106 «Музыкалық білім» мамандығының студенттері үшін

С Е М И Н А Р С А Б А Қ Т А Р Ы Н Ы Ң Ж О С П А Р Ы

9. Семинар сабақтарының мазмұны.


Р/с

Сабақтың тақырыбы,мазмұны

Әдебиеттер

1

Музыканың жалпы тарихы, адам өміріндегі ролі.

I.Музыканың сан қилы алуан түрлілігі.

II.Музыканың адам сезімін, ойын, іс-әрекетін дыбыстық формада суреттеуі


17.15.4.12.

2

Музыканың мазмұнына қарай бөлінуі.

I. Эпикалық шығармалар, белгілі бір тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын баяндайды.

II.ХVІІ ғасырдағы лирикалық музыка.

III.Драманың қалыптасқан түрлері: трагедия,драма, комедия



6.12.25.1.

3

Музыкалық образды топтастыру ретінде жанрдың көркемдік образды бейнелеуі.

I.Музыкалық жанрда кездесетін ірі топ – вокалдық музыка.

II.Музыкалық жанрда кездесетін ірі топ – аспаптық музыка


1.2.4.21.9

4

Музыкалық стиль композитордың өзіндік дара ерекшелігі және қолтаңбасы.

I. Музыкалық эстетикадағы стиль категориясы.

II. ХV-ХVІІ ғ. музыкалық стиль.


2.3.6.5.17

5

Әуендік қозғалыс бағытының түрлері.

I. Әуеннің бөлшектену дәрежесі.

II. Бір ғана дыбысқа қайта оралатын әуендер.


1.5.22.23.8

6

Хор өнерінің шығу тарихы.

Хор шығармаларын орындауда кездесетін дауыс түрлері.

I. ХVІІ ғ. хор өнері.

II. Хор капеллаларының даму кезеңдері.

III. Сопрано,альт дауыстарының диапазондары, орындалу ерекшеліктері.

IV. Тенор, баритон дауыстарының диапазондары, орындалу ерекшеліктері


5.4.8.9.14.16

7

Оркестрдің тарихына байланысты кезеңдерге бөлінуі.

I. ХVІ –ХVІІ ғ. арасында шыққан гомофонды - полифониялық стильдік оркестр.

II. Оркестр ұжымында орындалатын шығармалар, орындаушылар және композиторлар


4.7.8.9.11.16

8

Музыкалық фильмдердің тамаша үлгілері.

I. 1934 – 1944 жылдары шыққан музыкалық фильмдер, олардың шығу таризы және композиторлары.

II. Қазақстанда көркем фильмдерге музыка жазған композиторлар


15.16.18.19.20

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


«Сырдария» университеті

«Өнер» факультеті

«Ән және саз» кафедрасы

«Музыка өнеріне кіріспе» пәні бойынша

050106 «Музыкалық білім» мамандығының студенттері үшін

Студенттің өзіндік жұмысының жоспары.

( С Ө Ж )

10. С Ө Ж - Т А Қ Ы Р Ы П Т А Р Ы




Тақырыбы

Әдебиеттер

1

1-Т а п с ы р м а

Музыка өнерінің адам өміріндегі алатын орны.



Ә -1-8-16

2

2-Т а п с ы р м а

Музыка жанрының бір түрі – опера өнері, шығу тарихы.



Ә 7-11-13

3

3-Т а п с ы рм а

Аспаптардың шығу тарихы.



Ә -2-14

4

4-Т а п с ы р м а

Туысқан халықтар өнерімен музыкалық творчестволық байланыс.



Ә-5-10

5

5-Т а п с ы р м а

Қазақстанның қазіргі кезеңдегі музыка өнері.



Ә -17-18

6

6-Т а п с ы р м а

«Музыка өнеріне кіріспе» пәнінің болашақ музыка мұғалімдеріне әсері.



Ә -1-16

Каталог: CDO -> Sillabus -> BOS
BOS -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOS -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
BOS -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция: 30 сағат. Семинар: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат. Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> 2. Практикалық сабақты өткізу уақыты және орны
BOS -> Лекция 30. СӨЖ. 30. ОбсөЖ. 30 Барлық сағат саны. 90 с. Емтихан. 6-семестр. Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынш
BOS -> Лекция 5 сағ. Практикалық сабақтар: 40 сағ. СӨЖ. 45 сағ. ОбсөЖ. 45сағ. Барлық сағат 135 сағ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет