Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64



бет7/9
Дата25.04.2016
өлшемі1.91 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Ольвии


Ольви қаласы б.э.д. ҮІ ғ. Буга өзенінің жағасындағы қойнауда қалыптасты. Бійік жотаның басына орналасқан қала жоғарғы және төменгі деңгейлерден тұрды. Археологиялық қазба кезінде жоғарғы деңгейде орналасқан көптеген тұрғын ұйлер мен қол өнері шеберханалары ашылған. Қазба жұмыстары қаланың б.э.д. ІҮ ғ. едәуір кеңейгендігін көрсетеді. Қалан қоршаған мұнаралы қорғаныс қабырғаларының солтүстік бөлігінде басты қақпа орналасқан. Қаланың ортасында храм мен мәрмәр тасқа ойып жазылған декрет ілінетін тұғыр және базар алаңы орналасқан. Осы маңдағы грек театырының да орны ашылған.

Қазба барысында астық сақтайтын арнайы қоймалар Ольвидің скифтермен негізгі саудасы астық болғандығын білдіреді. Милет. Родос және Самос аралдарымен тығыз сауда қатынаста болған. Үлкен құрлықтағы қалалардың ішінде Ольвиимен тығызсауда жасаған Коринф қаласы. Ольвиліктердің б.э.д. Ү ғ. Аттикамен де тауар алмасқандығын қазба материалдары көрсетеді. Грек қалаларынан қыш ыдыстармен бірге шарап, май, мата және басқада қол өнері туындылары секілді

заттар әкелінсе, грек қалаларына астық, мал, балық және құлдар шығарылды.

Ольвиден Грецияның қалалары мен Қара теңіздің жағалауындағы Геракли, Херсонеспен тығыз сауда қатынастарын баяндайтын тас тақта табылған.

Б.э.д. ҮІ ғ. Ольвия ірі қолөнері орталығына айналды. Әсіресе металл өндіру мен ыдыс жасау кәсібі жоғары дамыды. Ольвиде жасалғанқарулар мен әшекей бұйымдары аса бағаланды. Көптеген әшекей заттары скиф ақсүйектерінің тапсырысымен жасалды. Қазба кезінде ыдыс және қол өнері шеберханаларымен қатар орташа көлемдегі кемелерді жөндейтін ұстаханалардың орындары да ашылған.

Қалаға б.э.д. ІҮ ғ. А. Македонский әскерлері, б.э.д. ІІІ ғ. көрші скифтар мен батысқа қарай жылжыған сарматтар тарапынан жиі қауіп төніп тұрды. Қаланың амандығына мүделі ірі құл иеленушілер мен қаланың қалталы тұрғындары қорғаныс сыртқы қорғаныс құрылыстарын салдыруға өздерінің жеке қазынасынан қаржы бөлгені жазылған деректер табылған. Сондықтан да Ольвии саяси – экономикалық жағынан қала ақсүйектерге тәуелді еді.

Б.э.д. ІІ ғ. Ольвиде скиф патшасы Скилурдың бейнесі салынған теңгелердің таралуы қаланың скиф мемлекетіне тәуелділігімен түсіндіріледі. Кейіннен қаланы жаулап алған фракиялық гот тайпасы оны аяусыз тонады. Осындай ұрыстардың және ауыр жағдайға төзбей қоныс аударған саудагерлердің есебінен қала тұрғындарының саны кеміп, қаланың көпшілік бөлігі қирап, бос қалды.

Дегенмен археологиялық қазба материалдары қаланың бірсыпыра бөлігінің біздің заманымыздың бірінші ғасырына дейін тіршілігін жалғастырғанын көрсетеді. Бұл тұста Ольвидің негізгі тұрғындары гректермен сауда байланысын жасауға ықыласты скиф тайпалары болды.



3. Херсонес

Солтүстік Қаратеңіз жағалауларындағы антикалық қалалардың ішіндегі ең кекейін қалыптасқаны (б.э.д. Ү ғ.) Херсонес. Қырым жарты аралының оңтүстік – батысында қалыптасқан бұл қаланың негізін қалаушылар Қара теңіздің оңтүстік жағалауындағы Понтилік Геракли қаласынан келген гректер болатын. Бұл жергілікті тағы халықтың мәдениетінің ықпалына ал іліккен қала болатын. Осындай ерекшелікті қалаға жақын орналасқан тұрмысы аса кедей таулық таврлар тайпасы тарапынан грек өнімдерін сұраныстың жоқтығымен түсіндіруге болады. Оның үстіне ол тайпалар қала тіршілігіне қастандықпен қарады. Б.э.д. ІҮ ғ. басында қаланың сыртынан салынған күрделі қорғаныс қабырғалары осының куәсі. Оның текше тастардан қаланған мұнаралары мен айбынды қабырғаларының жалпақтығы 4, биіктігі 10 метірге дейін жететін. Алуан түрлі тәсілмен қаланған қабырғаладың бойындағы оқ ататын ойықтар қаланың талай шабуылға төтеп бергенін көрсетеді . Антикалық дәстүрде безендірілген орталық алаңда құдайлар мен қалаға еңбегі сіңген әйгілі адамдардың мүсіндері және қоғамдық ғимараттар мен храмдар салынған. Қол өнері шеберханалары қаланың шет жақтарында орналасқан.

Херсонес өзінің ауылшаруашылық өнімдерімен сауда жасады. Теңіз жағалауларындағы ауылшаруашылығы алқаптары Херсонеске қарайтын. Мемлекеттің меншігіндегі бұл жерлер қаланың жекелеген тұрғындарына жалға берілді. Геракли жарты аралынан ауыл шаруашылығымен айналысқан мекендердің орындары табылды. Олар жекелеген усадьбалардан тұрады. Онда тұрғын үйлер астық пен еңбек құралдарын сақтайтын қоймалармен қоршалған. Усадьбалардың маңындағы жерлер жүзім бақтарына бөлінген.Әрбір мекен уақытша қоғаныс қабырғаларымен қоршалған.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінен Херсонес астық пен жүзімді мол өсірілді. Шарап негізінен сату үшін өндірілген. Шарап өндірісі жайлы жүзім бақтарынан басқа жүзім езетін бөлмелер мен шырын тұндырғыштар, шарап сақтайтын және тасмалдайтын алуан түрлі ыдыстардан байқауға болады.

Херсонес пен оның маңындағы мекендерден табылған анфоралар мен сәнді жасалып, қара түсті лакпен сырланған ас ыдыстары, теракота мүсіндері қол өнерінің ішінде құмыра жасаудың жоғары дамығандығын білдіреді. Сондай – ақ қол өнерінің тоқыма, зергерлік және қару жасау секілді салалары да жақсы жолға қойылған.

Херсонес құлиеленуші демократиялық мемлекет еді . Онда құлдар қолөнері мен үй шаруасында пайдаланылды. Басы бос және азаматтық құқы бар тұрғындар саяси құқыққа ие болды. Қазбадан табылған Мәрмар тасқа қашап жазылған Херсондықтардың анты б.э.д. ІІІ ғ. қаланың қақ ортасында тұрса керек. Онда әрбір херсондық азаман өз қаласының демократиялық құрылымын қорғауға алланың атымен ант беруі тиіс екендігі жазылған. Херсондықтар негізінен қыз құдайға табынған. Қалада оған арнап салынған храм мен құрбандық орны ашылды. Херсондықтардың басқа да гректік құдайларға табынғандықтары белгілі. Херсондықтардың өмірі таворлар мен скифтер тарапынан болған шапқыншылықтан қорғанумен өтті. Әрдайым төнген қауіптен мезі болған Херсондықтар б.э.д. ІІІ ғ. соңы мен ІІ ғ. басында Понти патшалығымен көмек шартына қол қоюға мәжбүр болды. Соңында осы шарт қала тәуелсіздігінің түбіне жетті. Б.э.д. ІІ ғ. соңында скифтердің шабуылын тойтаруға жіберілген Митридаттың қолбасшысы Диофант скифтерді талқандап, олардың астанаыс Неапольмен бірге Херсонесті Понтиидің құрамына күштеп қосты. Ол туралы қазбадан табылған, Диофанның құрметіне жазылған эпиграфиялық ескерткіштерден білміз.

Херсонес І ғ. бастап Римнің қол астына өтті. Қазба барысында ашылған балық тұздауға арналған ірі ыдыстар мен тұздалған балықтар сақталатын қоймалар көптігі Херсондықтардың сыртқы саудасында балық сатудың негізгі кәсіп болғанын көрсетеді. Қаланың жергілікті скиф, тавор, меот, синд, сармат секілді т.б. тайпаларға бастапқыда гректік сосын римдік мәдени ықпалды таратқан орталықтардың бірі болғанын да қазбадан табылған материалдарыдан баиқаймыз.

Баќылау с±раќтары:

16- лекция. Таќырыбы:

Орталық Азиядағы ежелгі мемлекеттер.

Жоспары:


  1. Орта Азияның құл иеленуші және феодалдық қоғамдарының археологиялық ескерткіштері

  2. Құл иеленуші Урарту мемлекеті

Лекция маќсаты: Орта Азияның құл иеленуші және феодалдық қоғамдарының археологиялық ескерткіштер

Лекция мәтіні

1. Антикалық Орта Азияда егінші тайпалардың бірнеше мәдени орталықтары қалыптасты. Кеңес дәуірінде жүргізілген қазба жұмыстары б.э.д. І мыңжылдықтың екінші жартысында Орта азия жерін мекендеген халықтар шаруашылық құрылымы жағынан екі топқа бөлінді. Ежелден егіншілік қалыптасқан аудандарда отырықшы, қалған аймақтарда көшпелі малшы тайпалар мекендеді.

Жергілікті табиғат ерекшеліктеріне қарай егіншілер мен малшы тайпалар өзара тығыз байланыста дамыды. Дегенмен малшы тайпалар тарапынан егіншілік аймаққа үнемі қатер төніп тұрды. Олар бір – бірімен бірде дөстық , енді бірде соғыс жағдайында болды. Осындай қатынас Орта Азия тайпалары тарихының өзіндік ерекшелігін көрсетеді.

Амударияның төменгі ағысында орналасқан ежелгі Хорезім мемлекеті қазіргі Өзбекстанның Хорезім облысы мен Қарақалпақстанды және Түркіменстанның солтүстігін қамтыды. Одан оңтүстікте бірнеше егіншілік аудандар дамыды. Олар Өзбекстан мен Тәжікстанның оңтүстігіндегі – Бактрия; Өзбекстан мен Тәжікстанның орталық аудандарындағы – Соғда; Түркіменстандағы Парфия мен Маргияна.

Қала тектес мекендер мен суғармалы егіншілік Орта Азия жерінде сонау жаңа тас дәуірінде қалыптаса бастаған. Б.э.д. ҮІІ – ҮІ ғғ. Орта Азия тұрғындарының қоғамдық өмірінде, шаруашылығы мен мәдениетінде қола ғасырымен салыстырғанда елеулі өзгеріс болды. Археологиялық материалдар құлдық қатынастардың дамып, суғармалы егіншіліктің кеңейгендігін байқатады. Қола ғасырындағы суғармалы егіншілік өзен суларының табиғыи тоолысымен байланысты болса, Антикалық дәуірде қолдан салған каналдар арқылы суғарылатын егістік алқабы көбейді. Амударияның оң жағалауында ашылған Қой-қырылған қала, Жамбас қала каналдарының магистралдары мен олардан тараған үлкенді – кішілі көптеген арықтар суғармалы егіс алқаптарының өзен атырауын тұтас қамтығандығын көрсетеді. Б.э.д. ІҮ ғ. Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысындағы суғармалы егістік даласы 3.5 млн. гектарға жетті. Егіс даласында арпа, бидай, тары егіліп, бақтарда өрік, жүзім, алхор және шабдалы өсірілді. Ежелгі егіншілердің мекендерінің қираған қалдықтары ірі каналдар мен олардың салаларының бойынан табылып, зерттелген. Солардың ішіндегі ең елеулілері Жамбас қала Қой-қырылған қала, Топрақ қала, Қызыл қала т.т.

Осы өңірдің ең ерте егіншілік мекендері Парсы одағының гүлденген дәуірі, б.э.д. ҮІ-Ү ғғ. жатады. Сыртқы қорғаныс қабырғасының ішкі жағында қалыңдығы 4 м. келетін коридор тәріздес бөлмелерден тұратын Кюзелигыр сол заманның қалашығы. Осы бөлмелердің арасында ішінде екі камералы ошағы бар адамдар тұруға арналған баспаналар кездеседі. Сақ заманында кең таралған ыдыстардың сынықтары мен жебенің қоладан жасалған ұштарының көп кездесетіндігіне қарағанда қалашық б.э.д. ҮІ ғ. жатады. Қалашықтың орта тұсында үлкен ғимарат орталасқан. Оның орталық сарайының көлемінің өзі 285 шаршы метр. Сәулетті үйлер мен қатар қарапайым үйлердің қатар кездесуі олардың тұрғындарының әлеуметтік деңгейінің әркелкі болғандығын білдіреді.

Қалалы-ғыр қалашығы ахеменидтер әулетінің Орта Азияда билік жүргізген дәуірдің соңына сәйкес келеді. Оны ғалымдар б.э.д. Ү ғ.-соңы мен ІҮ ғ. басында ахемениттік намесниктердің ордасы болған дейді. Бұл Хорезімнің көлемі жағынан ен ірі қалаларының бірі. Оның сыртқы қорғаныс қабырғаларының бойында көптеген күзет мұнаралары болған. Сыртқы қақпалары шытырман коридорлар мен оқ ататын ұуыстармен қалқаланған. Бекіністің ішкі жағында үлкен сарай ғимараты орналасқан. Сол сарайдың қабырғалары кей тұста жеті метрге дейін сақталған. Сарайдың жалпы көлемі 10500 шаршы метрді қамтиды. Қалашықтың қорғаныс қабырғасы секілді ғимараттың қабырғалары да ірі блоктардан тұрғызылған. Салтанат сарайының қақпасының екі жағына үстінде қырынның басы бар қолоналар орнатылған. Осындай құрылыс ерекшелігі мен көлемі жағынан қалашық парсы астанасы – Персополге ұқсас.

Қой-қырылған-қала бекінісі б.э.д. ІҮ ғ. классикалқ ескерткіші. Қазба барысында бекініс сыртынан тоғыз мұнаралы дөңгелек қабырғамен қоршалған, цилиндр тәріздес ғимарат екендігі анықталған. Бекіністің ортасында төбесі күмбезделіп жабылған бөлмелерден тұратын дөңгелек ғимарат орналасқан. Оның сырт жағындағы көптеген бөлмелер қызметкерлер мен құлдар тұруға және қойма ретінде пайдалануға арнап салынса керек. Мұндағы бірсыпыра бөлмелерден түрлі азық сақтауға арналған адам бойы келетін ірі хұмдар табылды.

Қой-қырылған қала әрі орда, әрі әкімшілік орталығы міндетін атқарумен қатар жерлеу орны болуы да мүмкін. Археологиялық материалдардың ішінде ең көп кездесетіні керамика. Саздан жасалған ыдыстар өздерінің көлемі мен қолдану аясы жағынан сан түрлі – үлкен хумдардан кішкене ыдыстарға дейін бар. Шарап және астық сақтауға арналған үлкен хумдар полихромды спираль өрнегімен безендірілген. Арыстанның басы түрінде жасалған тұтқасы бар құмғандар мен шарап құятын керамикалық ритондар кең таралған. Түйе мен есекке теңдеп су тасуға қолайлы бір бүйірі тегіс флягалар Орта Азияда осы тұста пайда болды. Ыдыстардың сырты қызыл түсті бояумен өрнектелген. Кейбір ыдыстардың сыртында арамейлік әріптермен тушта орындалған жазулар кездеседі. Үш мүйізді қалпақ киген еркектер мен салтанатты кйінген әйелдердің мүсіндері көп.

І ғ. соңында Хорезім мемлекеті жаңа қалыптасқан Кушан империясының құрамына кірді. Орталығы сол кездегі Үндістанда болған бұл құлиеленуші мемлекет Соғда мен Бақтрияның оңтүстік аудандарын және Ауғанстан мен Шығыс Иранды қамтыды.

Кушан қалалары үйлері түзу кварталдарға бөлінген , айналақоршаған бекініс дуалдардан тұратын мекендер. Олардың қорғаныс дуалдары балшықтан жасалған ірі кірпіштермен тұрғызылған. Мұнаралары төрт бұрышты және дөңгелек келеді. Осы дәуірдің гүлденген қалалары Термез (Деметрия), Дальверзин және Айыртам, Топрақ-қала.

Жеті гектар жерді алып жатқан Дальверзин қалашығын қорғаныс дуалы мен терең ор қоршаған. Оның оңтүстік шетінен 1000Х800 м, көлемдегі қаланың негізгі бөлігі жалғасады. Осы бөлікте құмырашылардың кварталдары, қаланың қарапайым және бай тұрғын- дарының үйлері мен моншаның орны қазылды. Бай үйлердің бірі тұрғын бөлмелер мен қабырғалары суреттер, мүсіндермен безендірілген салтанатты сарай- дан тұрады. Осы жерден қазіргі шахматтың бастапқы түріне ойынның бейне тастары табылды. Кішігірім бөлмелердің бірінің еденінің астынан құйма және сым түріндегі алтындар мен әшекей бұйым- дарынан тұратын көмбе табылды.

ІІІғ. басында Хорезім Кушан империясының қырсауынан босайды. Негізі б.э.д. І ғ. қаланған Топрақ-қала Хорезім билеушілерінің ордасы болған. Оны қоршағвн үш мұнараның қабырғалары 25 м биіктікте сақталған. ІІІ –ІҮ ғғ. сарайдың орны храмдық кешеннің маңында орналасқан. Көпшілік бөлігі екі қабаттан тұратын сарайды тұрғын үйлер кварталы қоршаған. Сарайдың бірсыпыра салтанат бөлмелері аршылды. Солардың бірінде қабырғаға жалғстыра салынған биік сыпалардың үстінде қамқоршы құдайлар мен ағайын-туысқандарының арасында тұрған Хорезім патшалары мүсіндерінің тобы орнатылған. Қабырғаларына патшалардың бедерлі суреттер салынған ңжеңіс және алебастор залдары ң ашылды. Қара түсті гвардияшылар залы үстіне балықтың қабыршағы тәріздес сауыттар, бастарына биік қалпақ киген қара түсті жауынгерлердің мүсіндерімен безендірілген. Сарайдың қоймасынан арпа, бидай, тарының көп дәндері менжүзім, өрік, сабдалының сүйектері табылған. Қару жарақтардан темір найзалар мен жебенің ұштары жиі кездеседі. Көне хорезім алфавитімен ағаш және былғарыға жазылған шаруашылық есептері 116 құжаты шықты.

Б.э.д. ІҮ ғ. феодалдық қатынастардың дамуына байланысты диқандардың жерге қоныс тебе бастауы нәтижесінде көптеген жеке усадьбалар салына бастады. Орталық билік әлсіреп, суғару жүйелері мен сауда құлдырады. Арнайы шарықта жасалған ыдыстар азайып, қолдан жапсырған ыдыстар көбейеді. Хорезімнің құдыреті құлдырап, кошпелі тіршіліктің ролі артты.

Хорезм мәдениетінде Персия, Греко-Бактрия және Индияның ықпалы байқалады. Олардың ықпалы негізінен қолданбалы өнер мен сәулеткерлік туынды ларда байқалады. Дегенмен ежелгі Хорезімнің матер иалдық мәдениетінің қаймағы жергілікті ерек шеліктер негізінде қалыптасып дамыған.

Хорезімнің оңтүстігінде Бактрия мен Маргияна, Парфия мен Соғда елінің бай даласы жатты.

Антикалық дәуірдің едәуір ертедегі түрлері Мургаб өзенінің бойындағы Маргиянада қалыптасты. Онда егіншілік оазистері б.э.д. І мыңжыл. басында болған. Яз-депе мен Арват-депе бекіністері сол дәуірдегі егіншілік орталықтары. Яз-депеде жүргізілген қазба жұмыстары 16 га жерді алып жатқан қалашықтың цитаделі күйдірілмеген кірпіштерден тұрғызылған сегіз метірлік тұғырдың үстіне салынған. Цитаделдің ішкі жағында айнала ұзын бөлмелер қоршаған төрт бұрышты салтанат сарайының орны ашылды. Олардың төбесі күмбезденіп жабылғандығы анықталған. Бұл жергілікті билеушінің сарайы болуы мүмкін. Оның мңында көптеген шаруашылық құрылыстары салынған. Керамикалық ыдыстардан тұратын тұрмыстық заттар мен қатар қалашықтан жебенің қоладан жасалған ұштары, балшықтан және өңделген тастан жасалған ядролар көп табылған.

Б.э.д. ҮІІІ ғ. Орта Азияның оңтүстік аудандары мен қазіргі Ауғаныстан жері Бактрияның құрамында болатын. Көп ұзамай Бақтрияның өзі Персияның қоластына өтті. Ал 329 ж. бұл ауданды А. Македонскидің армиясы жаулап алды.

Грек-Бактрия патшалығы жергілікті мәдени дәстүрді сақтап қалды. Қазбалардан табылған археологиялық материалдарда жергілікті ыдыстар басым. Дегенмен бірнеше жүзжылдықтар бойы қалыптасқан жергілікті қала салу дәстүрі жаңа мәдени әлеммен кездесті. Сондықтан да элиндік мәдениеттің толқыны өз ізін қалтырмауы мүмкін емес еді. Қала мәдениетінің дамуында гректік ықпал айқын байқалады. Грек- Бактрия археологиялық материалдарының ішінде теңгелер көп. Артқы бетінде Зевс, Артемида, Посейдон және Геракл секілді құдайлар мен грек пантиондарының батырлары бейнеленген теңгелер Бактрияға да таралды.

Бақтрия қалаларынан солтүстікте Орта Азияның кіндігінде ежелгі Соғды елі жатты. Ол туралы жазба деректер парсы патшаларының сына жазбаларында, грек және араб авторларының шығармаларында көп кездеседі. Сол деректердің хабарлауынша онда диқандар, қолөнері шеберлері мен саудагер көпестер, тамаша музиканттар менбишілер тұрған. Б.э. басында соғда тілі Хорезімнен Солтүстік Индия мен Монғолстанға дейін таралды. Ежелгі Соғда мәдениеті толық зерттелмеген.

Басында Маракан кейіннен Афрасиаб аталған Соғданың астанасының қйраған қалдығы қазіргі Самарқанның маңында. Оның территориясынан табылған заттардың ең ертесі б.э.д. ҮІ-ІҮ ғғ. тән. Олардың көпшілігі саздан жасалған ыдыстар мен темір бұйымдар. Афрасиабтың орнында жүргізілген қазба кезінде грек-македондықтардың шапқыншылығынан қираған құрылыс қалдықтары анықтлды. Дегенмен олардың Соғды жерінде тұрақты үстемдік құрғаны жайлы дерек кездеспейді. Археологиялық материалдардың арасында элинистік ықпал өте әлсіз. Керісінше жергілікті билеушілердің атынан соғылған теңгелер жиі кездеседі. Ыдыстар мен терракоталық керемет мүсіндер де жергілікті сипатта. Отбасын қорғайтын періштелер мүсіндерінің арасында әйел бейнелері жиі кездеседі. Әйел мүсіндерінің ішінде грек дәстүрінде киінген бейнелер де кездеседі. Соныман қатар сыбызғы, немесе дауылпаз ойнап тұрған элинистік нысандағы еркек мүсіндері табылады.

Римнен Қытайға дейін апаратын сауда жолының Соғда арқылы өтуі де қала мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті. Қазбадан табылған Рим теңгелері мен сыртан әкелінген ыдыстар осыны көрсетеді. Бірінші ғасырдың басында Мараканның айналасында Соғда ақсүйектері түрған ондаған бекініс сарайлар пайда болған. Ол жерлерден алынған археологиялық материалдар Соғды ақсүйектерінің дәулетті тұрғандығын көрсетеді.

Оңтүстік Түркіменстан мен оған көршілес Солтүстік-Шығыс Иран жерін ежелгі Парфия алып жатты. Б.э.д. ҮІ-ІҮ ғғ. Орта Азияның басқа жерлері секілді ол да Парсы державосының құрамында болды. Б.э.д. ІІІғ. Парфияда жергілікті аршакидтер әулеті (Аршак патшадан тараған) билікке келді. Парфия билеушілері дәуірлеп тұрған кезде Иран, Месопатамия, Ауғаныстан мен Арменияның жерлерін өзіне бағындырды. Сөйтіп күшейген патшалық Римнің Шығыстағы бақталасына айналды. Римдіктердің Парфияға қарсы талай жорықтары сәтсіз аяқталған.

Парфияның солтүстік жерлерін қамтыған Түркіменстан жерінде сол дәуірдің мәдени қабаты сақталған қырықтан астам қоныстар белгілі. Парфия патшаларының бірнеше орталық қалалары болғана белгілі. Ашхабаттың маңында орналасқан Ниса аршакидтердің астаналарының бірі болуы ықтимал. Мұндағы қирандылардың арасында екі қаланың орны сақталған. Оның бірі Жаңа Ниса – қаланың өзі, екіншісі Ескі ниса – Сарайлар мен хырам ғимараттарынан тұрады. Жаңа Нисаның орнында парфияндық қабат кейінгі дәуірлерде қалыптасқан көп қабатты мәдени қыртыстың астында көміліп қалған. Ескі Нисада тіршілік сол заманда тоқтағандықтан оның мәдени қабаты толығымен парфиян дәуіріне жатады. Патшалардың ордасы болған Ескі Нисаның қалың қорғаныс қабырғасының ішкі жағынан археологтар храмдардың, сарай кешендерінің, патша қазынажайлары мен астық қоймаларының орындарын тапқан. Сарай ғимараты ішкі тұйықталған алаңмен жалғастырыла салынған тоғыз бөлмеден тұрады. Солардың ішіндегі ерекшесі салтанат сарайының аумағы 400 ш\м. Оның шаңырағын төрт сегіз метірлік діңгектер (колона) ұстап тұрған. Патша тағы орналасқан осы сарайдың ішкі құрылысында эллинистік дәстүрдің іздері байқалады.

Тақ орналасқан сарай мен көршілес қазынажайдың есігі бекітіліп, мөр салынып, оның сыртынан кірпішпен қаланған күйінде ашылды. Солай бола тұрсада оның ішіндегі қазына кезінде тоналып кеткен. Тонаушылардан қалып қойған заттардың қатарында күміс ыдыстардың сынған тұтқасы, қоладан жасалған денелер, күміс теңгелер, піл сүйегінен жасалған ритондар секілді бұйымдар кездеседі. Олар патшалықтың гүлденіп тұрған дәуірі б.э.д. ІІІ-І ғғ. жатады. Тонаушылардан қалып қойған заттардың ішінде ерекше көзге ілігетіндері піл сүйегінен жасалған қанатты сфинкс, Эрот пен Афиннің және қыранның күмістен жасалған мүсіндері. Мүйіз тәріздес етіп жасалған ритондар таза шығыстық зат болғанымен ондағы жалаңаш денелі әйел құдайлар мен кентабрлардың (жартылай адам, жартылай ат түріндегі мифтік тіршілік иесі) бейнесі таза антикалық тақырыпта жасалған. Жергілікті шеберлердің қолымен жасалған гректік бейнелер мен сюжеттер шығыс өнерінің ерекшелігі мен дәстүрін сақтаған. Осындай екі көркем стилдің қосындысын ритондардан біз көреміз.

Мәрмар тастан гректік тәсілде жасалған мүсіндер қазынажайдың жеке тобын құрайды. Солардың ішінде киімі төмен қарай сыпырылып бара жатқан әиел құдайдың бейнесі жақсы сақталған. Осыған ұқсас бірсыпыра мүсіндер табылды.

Қазба кезінде ашылған қоймалардың ішінде орналасқан ірі хумдар мен қабылданған астықтың есебі жазылған тізім Ескі Нисаның ірі ауылшаруашылық ауданның орталығы болғандығын байқатады.

Қазбадан табылған екі мыңнан астам ыдыс сынықтарына салынған жазбалардың ішінде парфиндық таңбалардан басқа грек жазбалары да кездеседі. Оларда шараптардың мөлшері және қашан, қайдан әкелінгендігі жазылған. Сол құжаттарда он жеті ауылшаруашылық аудандары мен он елді мекен көрсетілген. Бұл Нисаның төңірегіндегі ауыл шаруашылық аудандардың үлкендігін көрсетеді. Ниса қоймаларында жарты миллион литрге дейін шарап бір мезгілде сақталына алатындығы анықталды.

Парфияның Солтүстік – Шығысында жүздеген күзет мұнаралары бар қорғаныс қабырғасы қоршаған Мерв қаласы орналасты. Ол қол өнері шеберлері мен саудагерлердің қаласы еді. Мервтің Нисадан басты айрмашылығы да сонда. Қаланың ішкі құрылыс қалдықтарынан оның тұрғындарының таптық оқшаулануы анық байқалады. Құл иеленушілердің бай үйлері жеке орналасқан. Олардан оқшаулау жерде ұсақ қол өнері шеберлерінің үйлері мен оған жалғастыра салынған кішігірім шеберханалары жалғасады. Қорғаныс қабырғасын қоршай ауылдық иеліктер мен бау, бақшалық алқаптар жатыр. Қаланың бұл бөлігі де қорғаныс дуалымен қоршалған.


2. Құл иеленуші Урарту мемлекеті

Б.д..д. І мыңжылдықтың басында қалыптасқан Урарту құлиеленуші мемлекеті Алдынғы Азия елдері арасында жетекші орын алды. Кавказ бен Алдынғы Азияның көптеген халықтары саяси және мәдени ықпалында болды.

Урарту ескерткіштерін зерттеу ХІХ ғ. Екінші жартысынан басталады. Б.д.д. ҮІІІ ғ. Рус І патшаның әмірімен жасалған урарту жазбасы алғаш Севан өзенінің жағасынан табылды. Ереванның маңындағы Кармир-Блур жотасында орналасқан қалашық б.д.д. 675-650 жылдары арасында Рус ІІ патша Тейшебаини бекінісінің орны екендігі анықталды. Сол жерде жүргізілген қазба жұмыстары қаланың саяси және шаруашылық өмірінен сыр шертеді. 4 га жерді алып жатқан орталық бекіністің қабырғалары тұрпайы өңделген ірі тастар мен балшық текшелермен салынған. Оны қоршай қала кварталдары орналасқан. Цитаделде урартудың аймақтық әкімінің сарайының орны ашылды. Қырқаны қуалай қам кірпіштерден салынған сарай кешені жүзден аса бөлмелерден тұрады. Осы кешеннің төменгі қабатында орналасқан түрлі мақсатта пайдаланылған қоймалар жақсы сақталған. Урарту өнерінің әйгілі туындылары сол жерлерден шықты. Олар арыстан және бұқалар бейнесінде жасалған безендірулер, Аргишти және Сардур патшалардың қола дулығасы, салт және арбаға жегілген аттардың бейнесі бедерленіп салынған қорамсалар т.т. Дулығалардың біріне ңХалду құдай Аргиштидің ұлы Сардур әміршіге өмір силайдың, -деп жазылған. Көп қоймалардың бірінен сыртында жазуы бар қола саптаяқтар табылды. Сына жазуы бар балшық тақталар да көп шықты. Кармир-Блур жотасында елдің солтүстік бөлігінің әкімшілік орталығы орналасып, әкім тұрған бекіністе әскери бөлім тұрған.

Қазбадан табылған түрлі археологиялық материалдар бұл қаланың өңірдің шаруашылық орталығы да болғандығын көрсетеді.Үлкен қоймалардың бірінде еденге жартылай енгізіп орналастырылған алып құмыраларда арпа, бидай, тары және түрлі жемістер сақталған. Бөлмелердің бірінен сыра қайнатуға негізделіп жасалған үлкен құм табылды. Жеке қоймаларда көп мөлшерде шарап та сақталған. Шарап сақтайтын алып құмдардың сиымдылығы 1500 л жетеді. Сондай-ақ шаруашылық құралдары орақ, кетпен, астық үгіткіштер шықты. Бекіністі қоршай орналасқан қарапайым тұрғындардың үй орындарында жүргізілген қазба олардың күнделікті өмірінен сыр шертетін материалдар берді. Ондағы жеке үйлер екі-үш бөлмелерден тұрады. Үйлердің ішінде ешқандай жиһаздың іздері байқалмайды. Археологиялық заттар қарапайым тұрмыстық құралдар.

Закавказьеде урартулық басқа да бекіністер белгілі. Осындай екі бекіністің қалдығы Севан өзенінің жағасында сақталған. Аракс өзенінің бойындағы Армавир қырқасынан урартудың ежелгі астаналарының бірі Аргиштихинилидің орны табылған. Осы жерде жүргізілген қазбадан қамалдың, храмдардың салынуы, су жүйелерінің жасалуы жайлы айтылған сына жазуы бар балшық тақталар шықты. Тау қырқасында орналасқан ел үшін қолдан суғарылатын егіншілікпен айналысуда ірі каналдар жүйесін салу маңызды орын алған.

Аргишти патшаның тұсында (б.д.д. 783 ж.) көне қалалардың бірі Эребунидің (Ераван) негізі қаланды. Оның қираған орны Ераван қаласының шетінде орналасқан. Қазбадан табылған сына жазуда ңХолда құдайдың құдыретімен Менуа ұлы Аргишти осы бекіністі салып, бітірді, Биайны (Урарту) елінің құдыреті мен дұшпан елдерді түршіктіру үшін оны Эребуни атадың делінген.

Бізге белгілі урарту бекіністерінің жобасы бір-біріне ұқсас: бекіністерден, қоймалардан, храмдар мен тұрғын үйлер құрылыстарынан тұрады. Сондай-ақ аймақтық шаруашылық орталығы да осында шоғырланған.

Жүргізілген қазбалар урарту қалаларында қол өнері, оның ішінде металл өңдеу жоғары дамығандығын көрсетеді. Семсер, дулыға, сауыт, найзамен жебенің ұштарын жасау металл өңдеудің негізгі саласына жатқан.

Урартудың өнер туындылары ассириялық өнерге өте жақын. Бұл олардың түп-тегінің ортақ Ежелгі Шығыс өнерінен бастау алатындынан болса керек. Урарту мемлекетік және саяси бірлестік ретінде өз өз тіршілігін б.д.д. ҮІ ғ. Мидия тарапынан болған жорықтар мен скифтердің жойқын шапқыншылығ салдарынан тоқтатты. Осы оқиғаларды археологиялық материалдар да растайды. Мысалы, Тайшебиани бекінісін қазу барысында скифтік жебенің ұштары көп табылған. Олардың көпшілігі бекіністің сыртқы қабырғаларына қадалып тұрған күйінде сақталған.

Урарту мемлекеті Закавказье халықтарының, әсіресе Армиян халқының қалыптасуында елеулі роль атқарды.



Баќылау с±раќтары:

1 Урартудың өнер

2 Орта Азияның құл иеленуші және феодалдық қоғамдарының археологиялық ескерткіштер

3 Құл иеленуші Урарту мемлекеті


17- лекция. Таќырыбы:

Ғұн, үйсін және қаңлылардың археологиясы

Жоспары:

1.Ерте кездегі ғұндардың негізгі археологиялық ескерткіштері.

2. Үйсін тайпаларының обалары мен қоныстары

3.Қаңлы мәдениеті,



Лекция маќсаты Ерте кездегі Үйсін Қаңлы ғұндардың негізгі археологиялық ескерткіштерін анықтау

Лекция мәтіні

1. Ерте кездегі ғұндардың негізгі археологиялық ескерткіштері.

Әлемдік тарихта әйгілі із қалдырған Ғұн тайпалық одағы бастапқыда (б.д.д. ІІІ ғ.) Монғолстанның орталық және солтүстік аудандарынан Солтүстік Қытай, Оңтүстік Бурятияға дейінгі аралықты мекендеді. Ел мен елдің арасында мәдени байланысқа ұйтқы болған Ғұн (Қытайша Сюнну) тайпасы халықтардың ұлы қоныс аударуының бастаушысы еді. Кезінде Қытайға қрғидай тиіп Ұлы Қытай қорғанын салуға себепкер болды. Осынау жаужүрек көшпелі тайпаның этникалық тегі жайлы мәселе ғылымда шешімін таппаған. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді. Ғұндардың құрамына көптеген тайпалардың кіргенін ескерген кейбір ғалымдар ңҒұнң терминіне этникалық тұрғыдан емес саяси мағынада қараған жөн деген ой айтады.

Ғұн империясының өрлеуі Мөде шаньюдің есімімен байланысты. Оның тұсында Ғұндар көптеген көршілес тайпаларды өзіне қаратты. Қытай үшін әрдайым тосыннан туатын қауіп болған ғұндармен арадағы қатынас туысқандық неке арқылы шешіліп отырған. Хан империясы ғұндарға салық төлеп, ханшасын Мөдеге әйелдікке берген.

Дегенмен Ғұн империясының құрылымы өте әлсіз еді.Ішкі қайшылықтар, билік үшін күрес және сыртқы жорықтардағы сәтсіздіктер б.д.д. І ғ. ғұндардың құлдырауына алып келді. Б.д.д. 59 ж. Ғұндардың ішінде өзара соғыс басталды. Нәтижесінде 47 ж. державо Оңтүстік және Солтүстік Ғұндар болып екіге бөлінді.

Чжичжи бастаған Солтүстік Ғұндар батысқа қарай ойысып, Қаңлылармен қатар қонды. Белгілі бір уақыт аралығында олар достық қатынаста болды. Бұл ғұндардың Қазақстан жеріне алғаш енуі еді.

Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны б.д. І ғ. басталды. 93 ж. Хан әскерімен болған қақтығыстан кейін Ғұндардың бір бөлігі жолындағы тайпалардың бірін бағындырып, екіншісімен одақтасып, үшіншілерін ығстыра отырып батысқа қарай жылжыды. Балқаштың Оңтүстік Шығыс бөлігін мекендеген Юебань тайпасының пайда болуы ғұндардың осы қоныс аударуымен байланысты. Жергілікті тайпалармен ассимиляцияға түсе отырып жылжыған Ғұн көші Солтүстік Қазақстан арқылы ІҮ ғ. Орал өңіріне жетті. Сол жерде құрамына көптеген жергілікті тайпаларды сіңірген үлкен одақ Ғұн деген атпен Еуропаға дейін барды.

Халықтардың ұлы қоныс аударуы сол кездегі Қазақстан мен Орта Азияның тіпті Еуропаның саяси картасының өзгеруіне әкелді. Ғұндар Қазақстан тайпаларының нәсілдік жағынан ассимиляцияға түсіп, түрік тілінің қазақ жеріне таралуына себепші болды.

Археологиялық зерттеу нәтижелері ғұн көшінің негізгі бағыттары мен оның әсерімен болған этникалық, антропологиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

Ғұндардың археологиялық ескерткіштерін кезінде Кеңес ғалымдары жақсы зерттеген. Олардың негізгі ескерткіштері Селенгі өзені мен оның сағалары Орхон, Жиде және Чикая өзендерінің бойында орналасқан. ХІХ ғ. Қияқты қаласының маңынанЮ.Д. Талько-Гринцевич ежелгі зиратты тауып, қима мен табыттардан тұратын 100 ге жуық қабірлерді қазған. 1924-1925 жылдары П.К.Козловтың экспедициясы Монғолстандағы әйгілі Ноинулинск қорымын қазды. Ежелгі ғұн ескерткіштері сңғы кезде Қияқты қаласы мен Дәристуй ауылыныңмаңында да зерттелген. Селенгір өзенінің сол жағалауындағы Улан – Удэге жақын орналасқан Иволгинск қалашығын зерттеу ғұндар жайлы көп құнды материалдар берді. Қазіргі кезде ғылымға белгілі 1500 ге жуық ғұн қорымдарының үштен бір бөлігі зерттелген. Олар көп жағдайда аса үлкен емес, төрт бұрышты, немесе дөңгелек келген тас үйінділеріне тұрады. Қарапайым ғұндар ағаш табытқа салынып, қима тағанға жерленсе, билеуші тап өкілдері екі қатар етіп салынған қима тағанға қойылған. Солтүстік Монғолстандағы Нойн – Ул тауындағы қорымнан ғұн шаньюлерінің қорымдары қазылған. Қабірлерден табылған алтын, күміс және асыл тастардан жасалған заттар, жібек маталар мен кілем қалдықтары ғұндардың дәулеті мен құдіретінен хабар береді.

Жерлеу заттарының ішінде ең көп кездесетін үш қанатты жалпақ жебенің ұштары. Олардың сүйектен жасалған құрамалы садақтары да белгілі. Ыдыстары балшықтан және ағаштан жасалған құмыралар, құмғандар, саптыаяқтар,қасықтар т.т. Сонымен қатар қола айналар мен сүйектен жасалған бұйымдар да кездеседі

. Ғұндардың қоныстары да жақсы зерттелген. Зерттеу материалдары ғұндардың тұрмыс тіршілігі мен әлеуметтік құрылысынан мол мәлімет береді. Төменгі – Иволгинск қалашығында жүргізілген қазбадан астық қалдықтары, тас дән үгіткіштер, жерден қазылған астық қоймаларының орындары табылған. Руда балқытатын пештің (Сыродубное горн) орны да сол жерден табылды. Оның маңынан темір қортпалары мен темірден жасаған заттардың қалдықтары шыққан.

Ғұн әйелдерінің қабірлерінен диядемалар, сырғалар, білезіктер, белдіктің қапсырмалары және моншақтар жиі кездеседі. Олардың бас және аяқ киімдері былғарыдан тігілген.

Қарапайым ғұндар былғары және жүннен жасалған киім кисе, ақсүйектер жібектен, мақта матасынан және жоғары сапалышерістен тігілген киімдер киген. Қазақстан жеріндегі ғұндардың ескерткіштері өте аз зерттелген. Оңтүстік Қазақстандағы Ақтобе 2 қонысы мен Жамантоғай зираты бірсыпыра ғұндық материалдар берген.

Мөдэ шаньюдің тұсында ғұндардың Хакасск-Минусинск қазаншұңқырын мекендеген тағар мәдениеті тұрғындарына жасаған шапқыншылық жорықтарының нәтижесінде жаңа этникалық қауымдастық қалыптасты. Ол қауымдастық археологияда таштық мәдениеті деп аталады.

Осы мәдениеттің едәуір маңызды ескерткіштерінің қатарына Хакасск-Минусинск қазаншұңқырының оңтүстігіндегі Уйбат, Сыр және Изых зираттары жатады.

Осы ескерткіштерді зерттеу таштык дәуірінде жерлеу құрылыстарының әртүрлі болғандығын көрсетті. Жерлеу құрылыстарының алуан түрлі болуы мүлік теңсіздігі қалыптасу кезеңінде Хакасск-Минусинск қазаншұңқырында этникалық процесс пен әлеуметтік қатынастардың күрделі болғандығын білдіреді. Ең көп таралған үстінде ешқандай белгісі жоқ қарапайым жер қабірлер. Олар ішкі жағынан бөрене қималарымен нығайтылып, беткі жағы да бөренелермен жабылып, үстіне ағаш қабықтары төселген. Бұдан басқа кең көлемді сағаналар да салынды. Осындай сағаналар топырақ үйіндісінен және оны жиегінен қоршаған таш шеңберден тұрады. Сонымен қатар кейінгі таштық зираттарында жердің бетіне төрт бұрышты тас қабырғалар тұрғызылып, олардың ішкі жағы топырақ араласқан ұсақ тас сынықтарымен толтырылды. Олардың астындағы жерлеу шұңқырлары тік бұрышты және асатерең емес. Шұңқырдың түбіне әдетте балшық ыдыстар, ұсақ заттар мен адамның шала жанған қаңқалары қойылады.

Аса үлкен көлемдегі сағаналар ерекше назарға ілігеді. Олар жоғарыдағы қабірлерден тіпті ерекше. Бұл үлкен тең бұрышты 9х9 м.көлеміндегі, арнайы түсетін жолы бар шұңқырлар. Сағананың қабырғалары ағаштармен нығайтылып, сыртынан жалпақ қабықтармен қапталған. Үстіңгі жағы да жұмыр бөренелермен бекітілген.

Осындай сағаналардың құрылысы мен жерлеу дәстүрінде алдыңғы тағар мәдениетінің көп белгілері сақталған. Сонымен қатар тек таштық мәдениетіне ғана тән ерекшеліктері де аз емес.

Таштық қабірлерінде археологиялық заттар аз кездескенімен тагардыкінен өзгеше. Мысалы Оглахтинск зиратында мәйітпен бірге үлкен қуршақтар жерленген. Бұлғын баскиім мен былғары шуба және етік сақталған



2. Үйсін тайпаларының обалары мен қоныстары

Үйсіндердің территориясы жайлы жазба деректер. Үйсіндердің негізгі археологиялық ескерткіштері. Қалқан-1, Бесшатыр-4, Ақшоқы-3,Ақтасты-5,Үсек-2. Қараталаң кезеңі.Археологиялық және палеонтропологиялық деректер. Қаратал,Қапшағай-3, Шелпек жән басқалар. “Жетісу” кезеңі. Талғар-1,3, Бастау-2,3. Сарторғай,Қараша обалары мен т.б. Тұрғын жай. Тұрмыс-тіршілігі.Қолөнері. Қыш ыдыс жасау және оның ерекшеліктері. Тігіншілік.Темір,мыс, қола және Алтын диадема.




  1. Қаңлы мәдениеті

Қытай деректері бойынша Қаңлы мемлекеті. Қаңлылардың территориясы.Қауыншы мәдениеті.Шәушікім, Жаматоғай,Төребайтұмсық обалары. Жетіасар мәдениеті.Отырар-Қаратау мәдениеті. Ақтөбе қонысы,билеуші сарайы.Көк-Мардан.Қостөбе. Көк-Маран, Қыркескен Мардан. Шаруашылығы. Көшпелі және жартылай мал шаруашылығы мен егіншілік. Зах, Ханарық каналдары. Шаруашылық мүлік. Балықшылық. Қолөнер. Металл бұйымдар. Метлургия ошыктараы. Зергерлік өнер. Сауда-саттық. Нумизатика – қаңлылардың экономикалык байланысының дерек көзі ретінде.

Баќылау с±раќтары:

1 Ғұндардың негізгі шаруашылығы

2 Ғұн туралы кең көлемдгі дерек көздері қашаннан пайда болды

3 Археологиялық деректер бойынша Ғұндар қашан екіге бөлінгені белгілі болып отыр

4Ғұндар негізінен неге сенді

5Ғұн туралы жаңа көзқарас неліктен қайта пайда болды

6.Үйсін обаларына сипаттама.

7.Үйсін тайпаларының өмір сүрген уақыты.

8.Үйсіндердің ескерткіштері.

9.Үйсін тайпаларының қолөнері.

10.Үйсіндердің шаруашылығы.

11.Ақтас қонысы.

12.Қапшағай2,Үтеген3, Қызылауыз, Қызыл-Қайнар ескерткіштері.

13.Қаңлы тайпаларының өмір сүрген уақыты.

14.Жетіасар мәдениеті.

15.Қауыншы мәдениеті.

16.Қаңлы тайпаларының шаруашылығы мен қолөнері.

17.Жалпы қаңлы тайпаларының ескерткіштеріне сипаттама.

18Шаушықұм, жаман тоғай обалар.


18- лекция. Тақырыбы: Ортағасырлар археологиясы

Орталық Азиядағы қалалар.

Жоспары:

Орталық Азиядағы қалалар.

Европа археологиясы.

Славяндардың археологиялық мәдениеті.

Ежелгі Киев.

Ежелгі Новгород

Ежелгі Рязань

Мәскеудің археологиясы.

Еділ Булгариясы мен Алтын Орда археологиясы.

Лекция маќсаты Ежелгі славяндардың тұрғын жайлары мен жерлеу орындарының зерттелуімен таныстыру

Лекция мәтіні

1. Орталық Азиядағы қалалар

Сасанидтер мемлекеті мен Түркі қағанаты тұсындағы мәдениеттің дамуы. Пенджикенттегі қазба жұмыстары. Бұхара маңындағы Варахша қалашығы қалашығы және ондағы Бұхар – Худаттар сарайы. VI- VII ғасырлардағы “Кешки” бекіністері. Ислам өркениетінің енуі және әсері. Самарқанд, Хорезм, Бұхара калаларының өркендеуі. Қала махаллары мен архитектурасы. Калян, Гүр-Әмір, Шахи – Зинда ескерткіштері



2. Европа археолиясы

Германдықтардың ерте кездегі тарихи мен этногенез мәселесі. Герман тайпаларына қатысты Рим терминологиясы. Неміс археология ғылымының қалыптасу тарихы. Германдықтардың археолгиялық деректер негізіндегі шаруашылығы мен өмір мен тұрмысы



3. Славяндардың археологиялық мәдениеті.

Славяндардың тегі мен ертедегі тарихын зерттеу мен тарих, археология, этнология және лингвистика секілді түрлі ғылымдардың мамандары айналысуда. Славян қалықтарының қалыптасуы мен мәдени дамуы бірнеше кезеңнен өткен. Ең алғашқысы славяндыққа дейінгі кезең. Ол б.з.д. бірінші мыңжылдықты қамтиды. Сол кезде Еуропаның орталығы мен шығысының едәуір бөлігін өзара туысқан тайпалар мекендеген. Бұл кезеңді славян тайпаларының қалыптасуының басы деуге болады.

Екінші кезеңді ежелгі славяндық дәуір деуге келеді. Б.з. бастапқы кзеңі ежелгі славяндардың археологиялық мәдениеті қалыптаса бастаған тұс. Сол тұстағы Славян тайпалары туралы жанама мәліметтер жазба деректерден де кездеседі. Халықтардың бір-бірін ығыстыра отырып, батысқа қарай қоныс аударған аяқ алған осы тарихи кзеңде Шығыс Славяндар мәдениетінің қалыптасу процесі жүріп жатты.

Слвян мәдениетінің қалыптасуының үшінші кезеңі феодалдық дәуірде жүрді. Бұл кезең орталығы Киев болған ежелгі Славян мемлекетінің қалыптасуымен байланысты. Жалпы славян халықтарының тарихы әлемдік өркениеттің бір бөлігі саналады.

Ежелгі грек тарихшысы Герадоттың ңтарихң атты кітабында Скифтердің солтүстігі мен шығысында егіншілікті кәсіп еткен бірнеше тайпалар жайлы айтылады. Ал, б.з. басында өмір сүрген римдік тарихшы Тацит ежелгі Слаяндарды Венеттер деп жазған. Византиялық авторлар сол венеттердің ұрпағы анттар мен склавиндер деп көрсеткен. Дегенмен бұл деректер анттар мен венеттердің нақты мекені жайлы толық мәлімет бермейді. Осы тұста археологиялық материалдар ерекше маңызға ие болады.

Археологиялық мәліметтер бойынша б.з.д. ХІІ ғ. Висла мен Одер өзендерінің аралығында лужицкі мәдениеті қалыптасқан. Сол мәдениеттің ескерткіштері солтүстікте – Балтық теңізінен, оңтүстікте – Висла мен дунайдың жоғарғы ағысына, батыста – эльбаның ортаңғы ағысынан, шығыста – Буга мен Припяттың жоғарғы ағысына дейінгі аралыққа таралды.

Б.з.д. І – мыңжылдықта аумағы бірнеше гектарды алатын лужайскілік қоныстар пайда болады. Олардың ішінде жақсы зерттелгені Познань қаласына жақын жердегі Бескупе көлінің маңында орналасқан кейінгі лужицкі қонысы. Мұнда бөренелерден салынған құрылыстардың қалдықтары ылғалды топырақта жатқандықтан жақсы сақталған. Мекен айнала үш қатардан тұратын қима бөренелерден қаланған қорғаныс қабырғасымен қоршалған. Бөренедердің арасы балшықпен толтырылған. Табанына бөренелер төселген қатар-қатар көшелер мен оларды жағалай орналасқан ағаштан салынған үйлердің орындары қазылған. Үйлер тігінен қағылған бөренелердің үстіне салынған. Бір үй бірнеше жеке бөлмелерден тұрады. Қазбадан көптеген ыдыстар мен ағаш соқаның қалдығы, мүйізден жасалған кетпен, темірорақтар тас дәнүгіткіштер табылған. Бескөпе қонысында арпа, бидай, ноқаттардың дәндері жиі кездеседі. Қоныстың жерлеу ескерткіштері де жақсы белгілі. Өлген кісіні өртеп, күлін арнайы құмыраға (сауыт) салып, бетін ыдыс сынықтарымен жапқаннан кейін қабірге қойған. Қасына кейбір заттар да салынған. Осындай зираттарды ңжерлеу алаңың немесе ңжерлеу сауыттары алаңың деп атаған. Осындай жерлеу дәстүрі б.з.д. І – мыңжылдықтың бірінші жартысында Шығыс Еуропаның көпшілік тайпаларында кең таралған.

Скиф дәуірінде Днепрдің ортанғы ағысы мен Буганың жоғарғы ағысы аралығын жайлаған чернолескі, Оңтүстік Беларуссия мен Днепрдің оң жағалауына таралған милоград археологиялық мәдениеттері өкілдерінің ежелгі Славяндарға қатысы қаншалықты екендігі анық емес. Бұл археологиялық мәдениеттердің де шаруашылығының негізі егіншілік пен бақташылықтан тұрды. Қоныстары мен жерлеу ескерткіштерінде жүргізілген қазба жұмыстары оларда темір өндіру мен қол өнерінің жақсы дамығандығын көрсетеді. Славяндардың этногензінде б.з.д. ІҮ ғ. Ерекше белес болып есептеледі. Осы уақытта лужицкі мәдениетінің түрлі топтарының негізінде Полша, Беларуссия және Украинаның территориясында клешті жерлеу мәдениеті қалыптасты (клеш – төңкерілген қоңырау ыдыс). Осы мәдениетке тән ерекшелік өлген кісіні өртеп, күлін жерлеу сауытына, яғни клешке салып жерлеу. Мұнда жерлеу заттарының ішінде әшекей бұйымдары жиі кездеседі. Қоныстарының сыртында ешқендай қорғаныс құрылыстары болмайды.

Б.з.д. ІІ ғ соңы мен б.з. ІҮ ғ. Аралығында клешті мәдениетінің орнында Пшевор мен Оксыь мәдени қауымдастықтары қалыптасты Құрамына ежелгі славяндар кірген венедтердің ескерткіштері соларға жатуы мүмкін. Пшеварлықтардың қоныстары биік жерлерге орналасқан. Мәдениеттің тұрғындары жертөлелер мен мазанкаларда (мазанка – қабырғасы жіңішке ағаштардан тоқылып сырты балшықпен сыланған үйлер) тұрған. Негізгі шаруашылығы егіншілік пен бақташылық. Пшеварлық қоныстардың мәдени қабатынан темірден жасалған орақтар, балталар, шоттар, түрендер және көптеген жапсырма ыдыстар табылады. Ежелгі кельттер мен германик тайпаларында да дәл осындай құралдар болған. Жерлеу дәстүрінде мәйітті өртеу, сауытқа салып және сауытсыз жерлеу басым. Қабірлерге жапсырып жасаған ыдыстар мен жерлеу салтына сай әдейі бүлдірілген, кесілген немесе майыстырылған құралдар қойылады.

Б.з.д. І мыңжылдықтағы жоғарыда айтылған мәдениеттер ежелгі славяндардың қалыптасқан территориясын шамалауға мүмкіндік береді.

Батыс Буганың жоғарғы сағсы мен Днепрдің ортанғы ағысы аралығында, яғни Оңтүстік Беларуссия мен Солтүстік Украйна жерінде б.з.д. ІІ ғ. зарубинец мәдениеті қалыптасқан. Осы мәдениеттің орталығы айтылған территорияның батыс бөлігі деп есептелінеді. Еуропаның шығысындағы ежелгі славяндар қалыптасқан аймақта Зарубинецтіктер төрт жүз жылға дейін ең көп таралған тайпа болған. Бұл бірнеше туысқан мәдениеттердің дәстүрін бойына сіңірген тайпар. Олардың қоныстары өзендердің қиын қырқаларына орналасқан, сыртында қорғаныс құрылыстары жоқ мекендер. Қоныстар ағаш қабырғалар тындармен (тын – бөренелерден тұрғызылған дуалдар) қоршалған. Үйлері тік бұрышты мазанкалар. Б.з. басында үйлердің басым көпшілігі аумаға 10-15 м кв. келетін жартылай жертөлелер түріне көшкен. Шатырлары ортасынан екі жағына қарай құлама. Қоныстардың мәдени қабатынан қолдан жапсырып жасалған қыш ыдыстардың сынықтары, гарпундар, темірден жасалған орақтар, пышақтар, найзалар, жебенің ұштары, дәнүгіткі, қолдирмен және ігіш секілді түрлі заттар көп табылады. Шаруашылықтың негізі кетпенді егіншілік пен мал өсіру. Осы мәдениеттің қоныстарының ішінде белгілілері Гомелдің қасындағы Чаплин мен Киевке жақын жерде, Днепрдің жағалауында орналасқан.

Мәдениеттің өзіндік ерекшелік белгісі – жерлеу сауыттары алаңдарында. Бұл дәстүр осы мәдениет тұсында кең таралды. Киевтің маңында екі үлкен мола Корчеватов пен Зарубинец жақсы зерттелген. Жерлеу қабірлерінен жартылай жанған сүйектер қыш ыдыстар шығады. Археологиялық материалдардың ішінде темір пышақтар, қоладан жасалған ілмектер, түйреуіштер, білезіктер көп. Зарубинец мәдениетінің этникалық тегі жайлы мәселеде ортақ көзқарас жоқ: зерттеушілердің бір бөлігі олардан славяндарды, екінші бір бөлігі балттарды көреді. Ғалымдардың үшінші бөлігі осы екі көзқарасқа да қарсы.

ІІ – ІІІ ғғ. Халықтардың Ұлы қонысаударуына байланысты Еуропаның көпшілік аудандарында саяси, мәдени және этникалық байланыстар жүрді. Осындай қатынасқа Зарубинец мәдениеті де түскен.Ұдайы қоныс аудару мен өзара ассимиляция ІІІ ғ. басында Зарубинец мәдениеті өкілдерін Днепрден Донға қарай ығысуға мәжбүр еткен.

Төменгі және ортанғы Днепр, Оңтүстік Буга мен Днестірден Қара теңізге дейінгі аралықта Черняхов мәдениеті пайда болды. Осы мәдениеттің археологиялық негізгі ескерткіштері болып ашық типтегі үлкен мекенжайлар есептеледі. Жерлеу ескерткіштерінде ңжерлеу сауыттары алаңың мен бірге қабірге мәйіттің сүйегін қою дәстүрі де кездеседі. Жерлеу дәстүрінің әр түрлі болуы черняхов мәдениеті өкілдерінің этникалық аралас сипатын білдіреді. Олардың мекендерінде сыртқы қорғаныс құрылыстары жоқ. Қоныстар егіншілікке қолайлы кіші өзендердің жағалауларында орналасқан. Тұрғындар мазанка үйлерде тұрған.

Жерлеу дәстүріндегі кейбір сыртқы ұқсастықтарына қарап кейбір ғалымдар оларды славяндардың арғы тегімен атт тайпасымен байланыстырады. Мамандардың екінші бір бөлігі оларды готтармен байланыстырады. Черняхов тайпасында қол өнері, сауда байланыстары, жыртпалы егіншілік, шарықта ыдыс жасау кәсіптері жоғары қарқынмен дамыды.

375 ж. Донды кесіп өткен Ғұндардың шапқыншылығынан Черняхов мәдениеті ыдырап, қоныс аударушы және көршілес тайпалармен сіңісіп кетті. Олардың орнында Гот тайпалық одағы қалыптасады.



4. Ежелгі Киев

Андреев тауындағы қоныстар. Десятиналық шіркеу. София соборы. Ұсталық көзелік, ағаш өңдеу, зергерлік,шыны жасау, сүйек тілу және басқада қолөнер түрлері



5. Ежелгі Новгород

Тұрғын үй. София соборы. Қолөнер бұйымдарын жасау. Қару-жарақ. Қанжарлар мен қылыштар. Төрт қырлы қылыштар. Ерте және кейінгі ортағасырлық новгород архитектурасы. Успения шіркеуі. Волотов шіркеуі. Фрескалы бейнелеу



6. Ежелгі Рязань

Қалалықтар тұрғын жайы. Бөренелі құрылыс. Жартылай жертөле. Спаск соборының жобасы. Археологиялық олжалар



7. Мәскеудің археологиясы

Қол жазбаларда айтылғандай Көне Рязанда үш тастан жасалған шіркеу болған екен.Борисаглеб,Скай –спас және Успенский шіркеулері.Археологтар тарапынан олардың қалдықтары табылған.Борисоглеб соборының ірге тасы XIXғ басында Көне Рязань қаласының батыс бөлігінде ашылған болатын.Бұл шіркеу үш иілген апсидтен тұратын,кресті мекеме.Үстіңгі жаппасын алты баған ұстап тұрған.Қабырғалары аң тастан,ал жан қабырғалары жақсы күйдірілген әртүрлі өлшемдегі кірпіштерден қаланған.Едені түрлі-түсті кірпіш плиталарынан тұрған.Екінші шіркеу қаланың солтүстік батысынан табылған.Бұл көне орыс сәулет өнерінің ғажап құрылысы.Рязанда салынған шіркеулер XII-XIIIғғ жатады.Қиыншылықтар бұлардың атауларын анықтауға болады.

Көне Русьте,Монғол кезеңіне дейін Көне Рязань маңызды сауда және кәсіби орталығы болды.Қаланың аумағында көптеген кәсіби шеберханалар болды.Олар тұрғындардың ең маңызды кәсіби өндірісі болды.Қазбалардың нәтижесінде мұнда металлургия өндірісі,темір,ағаш,түлі-түсті металдар,тастар,сүйектер қайта өңделген.Олжерде сазбалшықтан жасалған ыдыс-аяқтар кең тараған.Рязань ыдыстары Көне Русьте өте жиі кездесіп тұрады.XIғ Рязандық кәсіпкерлер болатты игеруді қолға алды және оларды қару-жарқтар, еңбек құралдарын жасауда қолданған.Ең жиі табылған олжасы темірші кәсібіндегі бұйымдар болды.Мұны екі себептен түсіндіруге болады.1)өндіріс саласында кең дамыған.2)темірші кәсібіндегі заттар жер бетінде сақталған.Ең көп жасалған теміршілердің пышақтары болды,олардың 1500 жуығы табылған.Рязаньдық теміршілер орақтар,балталар, қару-жарақтар, таразылар жасаған.Мұндай заттарды жасау олардан жоғары техникалық мәдениетті талап етті. Рязаньда және орыс қалаларында жасалған сарайлар тек қана Русьте емес,шетелдерде де кең тараған атаққа ие болды.Көне Рязаньда қымбат бағалы зергерлік бұйымдардан тұратын 4 қазына орны табылған.Оның екеуі татар шапқыншылығы уақытында қиратылған.Уйлердің, пештердің іштерінен табылған.Олардың ішінен алтыннан, күмістен өте әдемі әулиелердің мүсіндері зергерленген медальондар,моншақтар және басқа бұйымдар бөлініп тұрады.

Москвада археологиялық зерттеулерден алдын адамдар қалада салпыншақтар(алқалар), ескі ақшаларды шишадан жасалған білезіктер, тарақтар тапқан.Олар Москваның көнелігіне куәлік етеді. Бірінші археологиялық зерттеулер өткен ғасырдың XX жылдары Москвада басталған. Алайда, 100жыл өте 1926-1927жж көне қаланың көлемді зерттеулері басталған. Москва метросының құрылысында көптеген көне заттар табылып жиналған зерттеулер нәтижесінде көптеген соның қатарында XYI ғ жанып кеткен Шах Грозный сарайы құрылысының қалдықтары ашылған. 40 ж аяғында 50ж басында біздің ғасырда Кремльдің жанында зарядьеде қазба жұмыстары жүргізілді.

Төменгі бөлінген үйлер қалдықтары кәсіпкерлер шеберханалары ашылған. Сонымен көне кәсіпкерлік және сауда орталығы Неглинная өзенінің сағасына жақын жерде орналасқаны айтылған. Осындай мәдени қабаттар Кремльдің батыс бөлігінде, Тройын мұнарасының жақын жерлерінде де табылған.Алайда ұзақ уақытқа дейін көне Москва қай жерде пайда болғаны сұрақ болып қала берді.Біреулер, Москваның басталуы Яуза сағасындағы биік төбеде қойылған, енді басқалары Москва зарядье аумағында пайда болған деп болжам жасайды. Үшіншілері қала өте жоғарыда, биікте,қазіргі Дзерженси алаңында пайда болған деп ойлайды.

8. Еділ Булгариясы мен Алтын Орда археологиясы.

ҮІІ ғ. Еділдің ортанғы ағысы мен Каманың төменгі сағасында түрік тілдес тайпалық бірлестік болгарлар пайда болды. Олар Хазарлардың қысымынан Азов маңындағы мекендерін тастап келген болатын. Еділдің бойына қоныстанған болгарлар жергілікті тайпалармен араласып дербес материалдық мәдениет құрды. Кейіннен осы жерде Еділ Болгариясы деп аталған ерте феодалдық мемлекет қалыптасты. Ортағасырлық Еуропаның мәдени орталықтарының біріне айналған ол қазіргі еділ халықтарының, әсіресе татар және чуваш ұлтының қалыптасуына елеулі үлес қосты.

Болгарлар келгенше еділдің осы бөлігін егіншілікпен кәсіптенген горедецкі археологиялық мәдениетінің өкілдері мекендеген. Олармен көршілес жартылай көшпелі сарматтар да тіршілік кешті.

Болгарлар келгенге дейін жергілікті егіншілер мен жартылай көшпелі және көшпелі тайпалардың арасында алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау процесі жүріп жатқан. Х ғ. орта тұсына дейін Еділ болгарлары Хазар қағандығына тәуелді болатын. Болашақ Болгар мемлекетінің қалыптасуына көптеген тайпалар қатысты. Археологиялық материалдарға қарағанда жаңа мемлекеттің құрамына ананин және пьянеборскі, гороцов мәдениеттерінің өкілдері мен Алан-сармат және болгар көшпелілері кірген. Оның территориясы Каманың төменгі ағысы мен оның оң жағалауындағы Чувашиядан Еділдің оң жағалауындағы Самара иініне деиінгі жерлерді қамтыды.

Еділ Болгариясын құрған тайпалар Х ғ. дейін бытыраңқы тіршілік кешіп, Хазар қағанатына бағынды. Уақыт өте болгарлар мен көшпелі тайпалар отырықшы тіршілікке көшіп, егін салып, қол өнерімен және сауда ісімен айналысты. Болгар, Сувар, Биляр, Ошель, Керменчук қалаларының ірге тасы осы кезде қаланды.

Халқаралық сауда жолының Еділ арқылы өтетін қиылысында орналасқан Болгар қаласы жедел дамыды. Болгар қаласы біздерге А.П. Смирновтың зерттеулері арқылы белгілі. Каманың сағасында орналасқан Ұлы Болгар қаласы археологиялық жағынан басқаларына қарағанда жақсы зерттелген. Көне атауын осы күнге дейін сақтаған қаланың орнында бүгінде Болгар селосы тұр. Селоның маңындағы қалашықты қорғаныс дуалы мен ор қоршаған. Негізгі дуалдың оңтүстік шетінің сыртқы жағында жеке дуал мен ор қоршаған кіші қала жалғасып жатыр. Осы бөліктің ішкі жағында тастан қаланған түрлі құрылыс қалдықтары сақталған. Бұл жерде қаланың оңтүстік қақпасын қорғаған әскери күзет түрған казармалар болған деген пікір бар. Қалашықтың төменгі мәдени қабаты Х-ХІ ғғ., ал жоғарғы қабаты ХІҮ ғ., яғни моңғол дәуіріне жататындығы анықталды. Қала үйлері тастан қаланған және ағаштан тұрғызылған. Керамика құбырлардан жасалған су жүйелері де табылды.

Сәулеткерлік ескерткіштердің кейбірі осы күнге дейін сақталған. Солардың қатарына екімонша, Қара палата деп аталатын мешіттің қалдығы және үш кесене жатады. Ақ палата деген ат алған монша орта ғасырлық сәулеткерлік ескерткіштердің ерекше үлгісі ретінде аса маңызды. Көлемі 12Х12 м бұл ғимарат төрт бұрышты орталық және шеткі бөлмелерден тұрады. Тастан қаланған бассейін де осы жерде. Қалған бөлмелердің бірі шешінетін екіншісі демалатын орын. Ыстық және суық сулар көрші бөлмеден арнайы құбыр арқылы беріледі.

Қаланың орталық бөлігінен тастан және ағаштан салынған тұрғын үйлердің орындары ашылды. Мұнда жиі өткізіліп тұратын жәрменкеге Орыс, Хазар, Хорезім және Армян көпестері келетін. Қазба барысында Орыс, армян, грек келімсектері тұрған кварталдар табылған.

Х – ХІ ғғ. Болған өзара қырқыс соғыстары барысында қала бірнеше дүркін тоналған. Ал ХІІ ғ. Болгардың астанасы Биляр қаласына ауысты.

Сувар қаласы Болгарияның көлемі жағынан үшінші қаласы болғандығы жайлы Х ХІҮ ғғ. Тарихи құжаттарынан белгілі. Ол Еділден 40 км жердегі кішкене өзеннің бойында орналасқан. Қала құрылысы балшықтан жасалған кірпіштер мен бөренелерден тұрғызылған. Осындағы көлемі 7 х 7 м келетін үй ағаш еденнен және подвалдан тұрады. Шеткі қабырғаға жақын орналасқан пештің екі шетінен азық сақтаған үралар қазылған. Үйдің қабырғалары ағаш бұтақтарынан өріліп, екі шетінен сыланған. Бөренелерден тұрғызылған үйлер де табылды.

Қаланың орталық бөлігінде кезінде бірнеше дүркін қайта салынған үлкен сәулеткерлік кешен орналасқан. Бірнеше қосалқы құрылыстары мен мұнарасы бар, екі қабаттан тұратын төрт бұрышты ғимараттың орны көне сарайдың қалдығы болуы мүмкін. Оны кірпіштен қаланған қорғаныс қабырғасы қоршаған. Оның ішкі жағында орташа көлемдегі аула бар. Ауланы жағалай бастырмалар салынған.

Болгар қалаларын зерттеу негізгі үй құрылыстарының қауымдық таптық қоғамға дейінгі түрлерінің мемлекет қалыптасқанша қалай дамығындығын анықтауға мүмкіндік береді. Үйлердің бастапқы жергілікті түрі жертөлелер болғаны анықталды. Дияметірі 9 м шамасындағы сондай дөңгелек үйлердің жоғарғы жағы тастан қаланды. Үйдің ортасындағы тіреу шаңырақты ұстап тұрған. Қабырғаның ішкі жағын жағалай сәкі-төсектер орнатылған, ошақ сыртқа шығатын есіктің қасында. Кейіннен жердің бетіне балшықтан және бөренелерден салынған үйлер қалалардың қалыптасуының бастамасы. Х ғ. бастапБолгар қалаларында кірпіш пен тастардан соғылған зәулім ғимараттар пайда болды. Олардың пайда болуы мемлекеттің қалыптасып, қала өмірінің көркейуімен ұласты. Тас құрылыстардың екі түрі: қоғамдық ғимараттар монша, ақсүйек феодалдардың сарайы және қарапайым тұрғын үйлер.

Еділ Болгариясы қалалары қол өнері мен сауданың ірі орталығына айналды. Болгар қалашықтарынан темір ұсталарының құралдары мен саймандары көп табылған. Табылған заттардың ішінде шойын қазан кездеседі. Металл қорытудың ең күрделі түрі шойын өндіру Болгар қалаларында ХІҮ ғ. соңында игерілді.

Металл өндіру мен темір ұсталығының дамуы шаруашылық құралдары мен қарудың жаңа түрлерінің дамуына жол салды. Ауыл шаруашылығы еңбек құралдарының жаңа түрлерімен жабдықталды. Балта мен кетпеннің түрлі мақсатта пайдаланылатын түрлері көбейді. Астық темір орақпен орылды. Темірден жебенің ұштары, соғыс балталары, (айбалталар) жасалған. Жебенің жалпақ, үш қанатта, көп қанатты, айыр, ұнғасы қуыс және тұтас түрлері көп кездеседі. Археологиялық материалдар Болгар қалаларында қол өнерінің зергерлік, құмыра жасау, тас қашау секілді салалары жақсы дамығандығын көрсетеді. Қолдан үлкен қазандар, айна, түрлі әшекей бұйымдары мен аспалы құлыптар жасалды. Қола құлыптар әртүрлі жануарлар бейнесінде жасалып, сырты арапша жазулармен өрнектелген. Сондай-ақ білезік, сақина, сырға, қапсырма секілді зергерлік бұйымдар да жиі кездеседі.

Қыш ыдыстарды кәсіби құмырашылар мен қатар қарапайым тұрғындар да жасаса керек. өиткені қазбадан арнайы шарықта жасалған сапалы да әдемі ыдыстармен қатар қолдан жасалған өте тұрпайы бұйымдардың сынықтары да жиі кездеседі. Ыдыстары формасы мен қолдану аясына қарай әртүрлі. Олар құтылар, көзелер, түрлі құмғандар, қызыл-сары, сұр және қара түсті саптыаяқтар т.т. Ыдыстардың сыртқы өрнегінен Орта Азия өнерінің ықпалы айқын байқалады. Балшықтан түрлі жануарлардың бейнесі мен қоңыраулар да жасалған. Су құбырлары, кірпіш және безендіру кірпіштері секілді құрылыс материалдары да балшықтан.

Еділ Болгариясы Х ғ. бастап өзінің төл теңгесін соға бастаған. Сыртқы көрінісі жағынан олар араб дирхеміне өте ұқсас және жазулары да арабша. Археологиялық мәліметтер Болгарлардың араб, Хорезім, орыс және армян княздарымен саяси және сауда қатынасында болғанын көрсетеді. Қазбалардан Византия мен Ираннан келген заттар да кездеседі.

Қалалардың кең қанат жайғанына қарамай Болгар халқының басым көпшілік бөлігі ауылдық елді мекендерде тұрып, егіншілікпен айналысты. Болгарлық елді мекендер археологиялық тұрғыдан аз дерттелген. Жерлеу ескерткіштерінен көбіне әшекей бұйымдары табылады. Қабір басына қойылатын белгі тастарда өсиет сөздер жазылған.

Жазба деректер мен археологиялық материалдар Еділ Болгар мемлекеті негізінен монғол шапқыншылығынан күйрегенін білдіреді.



Баќылау с±раќтары:

1 Орталық Азиядағы қалалар.

2 Европа археологиясы.

3Славяндардың археологиялық мәдениеті.

4 Ежелгі Киев.

5 Ежелгі Новгород

6 Ежелгі Рязань

7 Мәскеудің археологиясы

8 Еділ Булгариясы мен Алтын Орда археологиясы.



19- лекция. Таќырыбы:

Ұлы жібек жолы.

Жоспары:


  1. Жібек жолы сораптары мен сауда саттық және тауарлары.

  2. Ñàóäà ñàòòûº æәíå òàóàðëàðû.

  3. Діни нанымы.

3.Лекция мақсаты:

1. Қытайдан бастау алған Ұлы Жібек жолы оның маңызы жайлы толық мәлметтер беру.

4.Лекция мазмұны:


  1. Жібек жолы сораптары мен сауда саттық және тауарлары.

Æiáåê æîëû äåãåíiìiç íå, îë қàøàí ïàéäà áîëûï, қàíäàé êәäåãå æàðàäû, қàé æåðëåðäi áàñûï ¼òòi.

Á½òқà òàáûíóøû қàæû Ñþàíü-Öçàí 629 æûëû ‘’Áóääàíûң қàñèåòòi қàëäûºòàðûí ê¼çáåí ê¼ðó æәíå äií iëiìií øûíäàï çåðòòåó ¾øií Қûòàéäàí Үíäiãå ñàïàð øåêòi. Îë Қûòàéäû Áàòûñïåí áàéëàíûñòûðûï æàòқàí æәíå òåõíèêàëûқ æàңàëûºòàðнà äiíè ì½ðàòòàð -әäåíè æåòiñòiêòåðãå ì½ðûí метірдей ,ені äûқ áîëûï ò½ðнàí îñû õàëûқàðàëûқ æîëìåí æ¾ðäi.

Æiáåê æîëûíûң æåêåëåãåí á¼ëiêòåðiíiң ñûңàðëàðû æ¼íiíäå àéòàð áîëñàқ, îíäàғû қàòûàñòàð ìåí çàò àëìàñó áàéëàíûñòàðäû á.ä.ä. III-II ìûң æûëäûқòûàðäà áàñòàëғàí. Æiáåê æàñàï øûғàðó æәíå îíûìåí ñàóäà æàñàó êåçåңi ê¾íi êåøåãå äåéií á.ä.ä. 1 ìûңæûëäûº ñàíàëûï êåëåäi. Àëàéäà ×çåíöçÿí ïðîâåíöèÿñûíäà Òàéõó ê¼ëiíå òàÿó ìàңäà қàçáà æ½ìûñûí æ¾ðãiçãåí Қûòàé àðõåîëîãòàðû íåîëèò äәóiðiíå æàòàòûí æiáåê ìàòàëàð, áåëäiêòåð ìåí æiáåê æiïòåð òàïòû. Á½ë ìàòàëàð æàñû á.á.ä. 2750-100 æ. Îëàðäû òàëäàï àíûқòàó æ½ìûñû ñîë êåçäiң ¼çiíäå - àº, ÿнíè á½äàí áåñ ìûң æûë á½ðûí äåðëiê, æiáåê æàñàï øûнàðó êәñiái ºàðàïàéûì әäiñòåð êåçåңií áàñòàí êåøiï ¾ëãåðãåíií ê¼ðñåòiï áåðäi.


  1. Ñàóäà ñàòòûº æәíå òàóàðëàðû.

Á.ä.ä. VI-V ғ.ғ Қûòàé æiáåãi áàñқà åëäåðãå, îíûң iøiíäå Áàòûñқà äà øûнàðûëà áàñòàäû. Àëòàéäàғû Ïàçûðûқòûң ‘’ïàòøà’’ қîðғàíäàðûíûң áiðiíåí á.ä.ä. V н. ê¼ðñåòåòií ôåíèêñòåð қîëû ¼ðíåêòåëiï òiãiëãåí æiáåê æàìûëғû òàáûëäû. Ñîíäàé-ຠÎңò¾ñòiê æәíå Áàòûñ Åâðîïà àóäàíäàðûíàí á.ä.ä. VI-V ғ.ғ-нà æàòàòûí қàáiðëåðäåí æ¾ííåí æàñàëнàí á½éûìäàðнà òiãiëãåí æiáåê ìàòàëàð ìåí øàøàқòàð äà òàáûëғàí.

Қûìáàò áàғàëû æiáåêòåðäi òàðàòó iñiíå ñàқòàð ìåí ñêèôòåðäiң ê¼øïåëi әóëåòòåði äå àò ñàëûñòû. Ñîëàðäûң қàòûíàñ àðàëûқ ê¼ìåãiìåí ñîë êåçäå қàñқàëäàқòûң қàíûíäàé қûìáàò òàóàð Îðò. Àçèÿ ìåí Æåðîðòà òåңiçiíå äåéií òàðàäû.

Á.ä.ä. VI-III ғ.ғ, оë æåðëåðäå ê¼øïåëi æәíå æàðòûëàé ñàқòàð ìåêåíäåäi. Àë ê¼ïòåãåí қîðғàíäàðäàғû қàáiðëåðäåí, îíûң iøiíäå Áåñøàòûð, Åñiê, Ò¾ãiñêåí, Бәéтеðеê қàáiðëåðiíåí òàáûëғàí қàçáàëàð áîéûíøà îëàðäûң ìәäåíèåòi æîғàðû áîëғàíû áàðøàғà ìәëiì. Ñîë êåçäiң ¼çiíäå ຠñàқòàðäûң Қûòàéìåí, Үíäiìåí, Òàÿó æәíå Îðòà Øûғûñïåí áàéëàíûñû áîëғàí. Á½ғàí ñàқ òàéïàëàðûíûң қàáiðëåðiíåí òàáûëғàí Қûòàé àéíàëàðû Îðòà Àçèÿ ìåí Èðàííàí әêåëiíãåí àñà ê¼ðêåì áåéíåëåíãåí øåòåëäiê á½éûìäàð äà êóә áîëà àëàäû. Á.ä.ä. II æәíå I ìûң æûëäûқ îðòà øåíiíäå ¾éñiíäåð ìåí қàңëûëàðäûң ìåìëåêåòòåði ¼ìið ñ¾ðiï, Æiáåê æîëû æ½ìûñ iñòåï ò½ðғàí êåçäå ì½íäà Ðèìäiê әéíåêòåð ìåí òåңãåëåð, Қûòàé æiáåãi ìåí àéíàëàðû, ñûðëû ûäûñòàð Èðàííàí әðò¾ðëi ì¼ð òàñòàð æåòêiçiëiï ò½ðғàí.

Àðõåîëîãòàð Åñiê Ò¾ðãåí, Øåëåê (àðқûëû Iëå ¼òêåëiíå, îäàí әði Iëåíiң îң æàнàëàóûìåí қîðғàí àðқûëû) қàëàñûíûң қàëäûқòàðûí òàïòû.

Ñàóäà ñàòòûқ æәíå òàóàðëàð.

Îòûðàðäû қàçғàí êåçäå òàáûëнàí çàòòàðäûң iøiíäå ÕIII-ÕIV ғàñûðäûң қîëà àéíàëàðû áîëғàíûí àéòóғà áîëàäû. Îëàðäûң áiðқàòàðû Æiáåê æîëû ìåí Қûòàé ìåí Ïàðñûäàí êåëiï, қàëғà òàï áîëғàí àéíàëàðäàí ò¾ñiðiï àëнàí ¾ëãiëåð áîéûíøà қ½éûëғàí Ìәñåëåí ñûðòқû æàғûíäà қóàëàñқàí

Õàéóàíäàð áåéíåñi ìåí 12 ì¾øåë æûëäàðûң ê¼ðñåòåòií õàéóàíäàð ìåí ìàë áåéíåëåði ñàëûíғàí æәíå îëàðäûң èåðîãëèôïåí òàңáàëàíғàí àéíàëû ê¼ðñåòiëãåí Қûòàé àéíàëàðû îñûғàí æàòàäû.

Æiáåê æîëûíäàғû ò¾ðëi åñêåðòêiøòåðäi қàçғàí êåçäå ìóçûêà æәíå òåàòð ñàëàñûíäàғû äàìó áàðûñû ìåí ¼çàðà áiðií-áiði áàéûòûï îòûðғàíûí äәëåëäåéòií ê¼ïòåãåí àéғàқ çàòòàð òàáûëäû. Á½ғàí òàñ äәóiðiíäåãi ñàçäàí ê¾éäiðiï æàñàëғàí ò¾éå áåéíåñií қîñ¼ðêåøiíiң àðàñûíà ñûéғûçûï ñàëûíғàí áèøi æiãiòòåð ìåí қûçäàðäûң áåòêåï êèãåí àêòåðëåðäiң, ìóçûêà àíñàìáëüäåðiíiң áåéíåëåð ñàғàòû æàòàäû. Çåðòòåóøiëåðäiң ïiêiðiíå қàðàғàíäà Áóääà äiíi Қûòàéғà Үíäiäåí Îðòà Àçèÿ àðқûëû åíãåí. Á½ë äiíè нàнûì á.ä.ä. I ғ. îðòà øåгiíäå òàðàғàí.



3. Діни нанымы.

Àðõåîëîãòàðäûң ñîңғû òàáûñòàðû қàòàðûíà Îðòà ғàñûðäàғû àòàқòû қàëàëàðäûң áiði Èñïèäæàá, Ñàéðàì ¾éiíäiñiíå æàқûí æåðäåí òàáûëғàí æåð àñòû ñîïûõàíàñû (ìîíàñòûðü) æàòàäû. Òàó á¼êòåðiíäåãi ñàðû òîïûðàқòû îáàëàð àñòûíàí áiðíåøå ½çûíøà æiңiøêå æàéëàð òàáó ì¾ìêiíäiãiíå қîë æåòòi. Îëàðäûң ê¾ìáåç ò¼áåëåði VI-ÕIII ғ.ғ òәí òiê ò¼ðòá½ðûøòû қàì êiðïiøòåðäåí ¼ðiëiï æàñàëғàí. Ñîë êåçäåãi æåð ¾ñòi қ½ðûëûñòàðûíà òәí қàáûðғàëàðûíûң әð æåðiíå қîéûëнàí қûø òiðåóëåð қàðà áîÿóëàðìåí ñûðëàíғàí. Æiáåê æîëûìåí áóääèçììåí қàòàð Áàòûñòàí Øûғûñқà қàðàé Õðèñòèàí äiíi òàðàëûï æàòòû.

Æåòiñó ìåí Îңò¾ñòiê Қàçàқñòàí қàëàëàðûíàí íåñòîðèàíäàðнà áàéëàíûñòû òàáûëғàí îëæàëàð æàçáà åñêåðòêiøòåðäåãi ìәëiìåòòåðäi àíûқòûғûí æåòêiëiêòi ò¾ðäå àéқûí ò¾ñåäi. Á½ғàí åñêi Àó-Áåøiì қàëàñû æ½ðòûíàí àøûï àëûíғàí õðèñòèàí øiðêåóiíiң қàëäûқòàðû æàòàäû. Îíûң қ½ðûëûñû òåң ò¼ðòá½ðûøòû æîáàìåí ñàëûíûï, ò¼áåñi ê¾ìáåçáåí æàáûëғàí òiê á½ðûøòû àóëàñû áàð.

Àðõåîëîãòàð òàïқàí IÕ-ÕIII ғ.ғ. қàçáà åñêåðòêiøòåði îñû ¼ëêåäå қàëàëûқ ì½ñûëìàíäûқ ìәäåíèåò қàëûïòàñқàíûí äәëåëäåé ò¾ñåäi. Òàðàç áåí Ìåðêåäåãi øiðêåóëåð ìåøiòòåðãå àéíàëғàí. Æåòiñóäûң iði қàëàëàðûíûң áiði-áàëàñàғ½íäàғû ìåøiò қ½ðûëûñû Õ-ÕI ғ.ғ æàòàäû.

Бақылау сұрақтары:


  1. Жібек жолының бастауы.

  2. Діни нанымы.

  3. Жібек жолы сораптары.

  4. Сауда саттық және тауарлары.


20- лекция. Таќырыбы:

Қазақстан жеріндегі кесенелер.

Жоспары:

1. Ахмет Яссауи

2. Арыстан баб

3. Ұзын Ата кесенесі.

Лекция мақсаты:Қазақстан жеріндегі көне ата-бабамыздан қолған мұралар жайырда мағлұматтар беру.

Лекция мазмұны:



1. Ахмет Яссауи

Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты Орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші.Ол XII ғасырда өмір сүрген,бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны ,софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің бейітінің басына орнатылған.

Ахмет Яссауи ескеркіші-Орта азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат.Оның көлденеңі –46,5м де,ұзындығы 62,5 метр.

Сыртқы көрінісі симетриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді –кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр.Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізден және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады.Ахмет Яссауи ғимаратының құрылымындағы тағы бір ерекшелік Қазандықты қоршаған блок тар-залдар мен бөлмелер күмбезді мызғытпай Остап тұратын тіреу іспетті.Қабырғаның қалыңдығын белгіленгенде де уйдің бер ік тұруы көзделген Үйдің берік тұруы көзделген .Үйдің қаңқасы түрліші қиюластырғандағы немесе күмбез тәрізді элементерден құрылады, бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан архетиктурасында одан әрі дамытылды.

Ғимарат негізгі Орталық зал болып табылатын қазандықтың айналасына топтасқан әр түрлі мақсаттағы бірнеше жайлардан тұрады.Бұл Ахмет Яссауи беміті немесе қабірхана, мешіт, Кіші және Ақсарай, кітапхана ,құдықхана ,асхана , қызметшілері бөлмелері.

Қазандық комплекстегі ең сәулетті зал.Бұл діаметрі 18,2 метрге жуық шар конус формалы асқақ күмбезбен жабылған. Залдың нақ ортасында аңыз бойынша Түркістаннан 25 шақырым жерделі Қарнақ қыстағанда жеті металдың қосындысынан құйылған алып тай қазан тұрған.

Ғимаратың кірер бас қақпаға қарам –қарсы төргі бетте орналасқан. Бұл төртбұрышты 7,5х7,5м қабырғаларында таяздау қуыстары бар кең бөлме.Ортасында ақ жасыл асыл тастармен 3,25х1,2х2,2м тысталған биік сағана тұр.Кезінде бұл жерге ешкім жіберілмеген.Кітапхана ,Кіші Ақсарай секілді қазандықтың екінші жағынан,яғни батыс бөлігіне орын алған.Ал,құдықхана мен асхана кіре беріс қақпаның екі қанатында орналасқан.

Ахмет Яссауи мовзолей-мешіті мейлінше тамаша қолөнер шығармаларының үлкенбір қоймасы іспеттес .Мәселен,қазандар, құйма майшамдар,шырағдандар,алкен ту,алтин күміс жалатылған,ағаш люмен әреленген үлкенді –кішілі есіктерді айта аламыз.



2. Арыстан баб

Арыстан баб ---- күмбез, ескі Отырар қаласының орындағы көнет Архит ескерткіш.Арыстан баб--- Мұхаммед Пайғамбардың замандасы.Ахмет Яссауидің ұстазы пірі делінеді. Арабтардың Орта Азияны жаулай бастаған кезінде (VII-VIIIғ) шыққан кісі. Діни аңыздар бойынша Арыстан баб Мұхаммед Пайғамбардың аманат қалдырған киелі құрмасын финики тілінің астына сақтап келіп,Ахмет Яссауиге тапсырған.Хронология тұрғысынан қарағанда Мұхамед Ахмед Яссауиден 600жыл бұрын өмір сүрген. Демек, бұл аңыз Арыстан бабтың беделін арттыру үшін дін адамдарының ойлап тапқан әдісі болуға тиісті. Арыстан баб мовзолейінің салынған уақыты белгісіз, Алайда оны Отырар қаласының гүлденіп тұрған кезінде (IX-Xғ)тұрғызуы ақылға сыйымды. 1218 жылы Отырар қаласын Шыңғысхан әскері талқандалған да қирауы да мүмкін. Темір тұсында жаңадан жөнделген мовзолейдің нұсқасы 1905-1909 жылдарға дейін жетіп, осы жылдары тағы да жөнделген.Мовзолейге жалғастырып салынған мешіт осы жылдардан соң қаланған.Мовзолей қабірғаларындағы ескі кірпіштер оның Темір заманында байта жөнделгенін растайды.Дегенмен,қай кезде жөнделсе де оған керек кірпішті отырар қаласының бұзылған қабірғасынан алып отырған.Қазіргі кмавзолей екі бөлмеден тұрады. Ортасында ұзынша дәліз.Негізгі бөлмелердің төбесі күмбезбен өрілген. Алдыңғы жағындағы кейінен қосылған мұнаралы қабырғалар көріксіз ,соңғы кездегі әр стиль үлгісінде жасалған.Бұл мовзолей- Отырар қаласының орнын білдіретін тарихи құнды мұра.



Ұзын Ата кесенесі

Көне Қызылқұмның қойнауы –Шардара өңірінде ,сырлы да шерлі Сырдың Орта ағысының сол жағалауында бұл күндерде алыстан мұнартып ,ескі дүние жәдігерліктің соңғы тұлғындай болып Ұзын-Ата күмбезі мен мұндалайды.Бүкіл сыр бойындағы Орта ғасыр ескерткіштерінің арасындағы бүтіндей сақталып қалған санаушы күмбездердің бірі осы Ұзын-ата кесенесі.Ол Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы бұрынғы Комсомол күріш кеңшарының орталығынан сегіз шақырымдай жерде орналасқан.Кесене ішінде ,ескіше қарама –қарсы, күмбездің тікелей астында Ұзын-Ата ның мүрдесі жерленген .Ұзындығы үш метрдей ,ені жетпіс-сексен сантиметр, биіктігі бір метрге жуықтайтын тұтас құлыптас қойылған Оң жақ қабырғада бір есік бар.

Ежелгі аңыз-әңгімелерде Ұзын-Атаның шын аты-Асан Ата деседі.Атақонысы Ұзын-Ата –тайпақ екен.Әрі сөзі даулы.Асан қария Ақсақ темірдің бас кеңесшілерінің бірі болса керек.Ұзын-Ата сыр бойын мекендеген халықтардың ыстық-ықыласына бөленгендіктен ,әруақты қария ,ел атасы -әулие кісі атанған көрінеді. Ол зеңгі Атадан бата алған екен деген.де сөздері ел аузында әлі күнге айтылып жүр.Ұзын-Ата күмбезі қай уақытта салыныпты дегенге келсек,біздіңше ,олXIV ғ соңына немесе XV ғ бас кезінде болуына сәйкес келеді.Өйткені Ақсақ Темірдің өзі жылы дүниеден бас кешкен.Бұған қоса Ұзын-Ата күмбезінің маңдайшасындағы керамикалық тақтайшада араб тілімен Шермұхамед Хәлім Дұрманұлы деген кісінің цихра бойынша 77б ж,ал,біздің жыл санауымызбен 1377ж қайтыс болып,осында жерленгендігі айтылғанын.Бұл тақтайшадағы дерек Ұзын-Атаның азан шақырып қойылған шын Сімі немесе әулетті болуы да мүмкін.Қызылқұм қойнауына мұсылман дінін себуші,жақсылығымен тұрғылықты халықтың ықылас-пейіліне кенеліп,Әулие ата атанған пайғамбардың үмбеті деп. атануға тиіспіз.

Бақылау сұрақтары:



  1. Арыстанбаб кесенесі

  2. Ахмет Яссауи.

  3. Ұзын ата кесенесі.

  4. Айша Бибі.




Каталог: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет