Лекция:: 30 Лабораториялық: 15 Обсөж 45 СӨЖ



бет14/24
Дата25.04.2016
өлшемі4.49 Mb.
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

Бақылау сұрақтары.

1. Қазақ сәндік өнері дәстүрін сабақта, үйірмелерде пайдалану

2Сәндік сурет сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі
23- Лекция Таќырыбы: Қазақ сәндік өнері дәстүрін сабақта, үйірмелерде пайдалану.

Жоспары:


  1. Дизайн жұмыстары

Лекция маќсаты: Дизайн жұмыстарын өнерін сабақта, үйірмелерде пайдалану туралы жалпы түсінік

Лекция мєтіні (ќысќаша) 1. Дизайн жұмыстары Дизайн жасау жұмыстарына сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны қазақ халқының, сонымен қатар басқа да туысқан халықтардың дәстүрлі тарихи өнерімен танысып, олардың көркем безендірілу технологиясын меңгеруге және әртүрлі материалдар пайдаланылып негізделген.

Бұл жұмыстар оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қиялын дамытып, ұлттық өнерге қызығушылық пен сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастырады. Өзін қоршаған ортаны эстетикалы қабылдап қана қоймай, оны өз қолынан шығармашылық тұрғыда ұйымдастырып жасауға дағдыланады. Осы уақытқа дейін дәстүрлі бейнелеу өнеріне оқытуда көп орын алмай келген қағаздан көркем бүктеу (оригами), жапсырмалау (аппликация, колаж), өсімдік жапырақтарынан, гүлден композиція құрастыру (икебана), түрлі-түсті бояулармен матаны безендіру, бейнелеу (батик) жұмыстарымен танысып, олардың васалу береже заңдылықтарын меңгерді.

Бұл жұмыстар баланың жеке бас тұлғасын қалыптастырып, жан-жақты тәрбие берудегі бейнелеу өнерінің мүмкіндік аясын кеңейте түседі. Сонымен қатар оқушылар бейнелеу өнерінің күнделікті өмір салтымызда, тұрмысымызда, өндірісте үлкен орын алатындығын сезінеді.

Әр істің маманы өз жұмысын көркемдік, шығармашылық тұрғыда орындау үшін бейнелеу өнерімен соның ішінде көркем құрастыру, дизайн өнерімен ұштастыра білу керектігін түсінеді.

Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында оқушылар сәндік қолөнер түрлерімен: ағаш өңдеу, металл аңдеу, тері өңдеу, тоқымашылық өнерлерімен танысып, осы аталған қол өнерінің көркемдік негіді болып табылатын ұлттық ою-өрнектерге, олардың шығу тарихына, мән-мағынасына байланысты бірнеше топтарға бөлінетіндігі жөнінде мәлімет алады.

Бұл сабақтарда жергілікті сәндік қолөнерін және оған байланысты ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану оқушылардың бойында отаншылдық сезімді оятып, өз ұлтының өнерін мақтанышпен қабылдайды. Ұлттық қолөнер шеберлердің еңбегіне құрметті көзқарасы қалыптасады.

Дайын болған жұмысты безендіруге мұғалім бірнеше қарапайым ою-үлгілерін ұсынғаны жөн, ол жекелеген оқушылардың өз мүмкіндік деңгейінде жұмыс істеуіне жадай жасайды. Сол секілді “Анамызға сыйлық жасаймыз” тақырыбындағы сабақта машықтық жұмысқа әр түрлі бейнелеу материалдары мен (түрлі – түсті қағаз, акварель, гуаш т.б.) сыйлық жасау үлгілері көрсетіліп, жұмыс мазмұнын таңдап алу оқушылардың өздеріне қалдырылады. Жұмыс барысында тазалық, қауіпсіздік ережелерінің үнемі сақталуын қадағалап, ұқыптылыққа мән берулуі тиіс.

“Жануарлар өрнегі”тақырыбында ою-өрнектердің мән-мағынасына, атауына қарай төрт топқа бөлінетіндігі жөнінде айтылып, жануарлар тектес өрнек элементтерінен жолақ ішінде өрнек құрастыру тапсырылады. Жолақ ішінде өрнектелген оюлар мен сәндік қолөнерге ыдыс-аяқ ернеулері, киім-кешектердің етек-жеңдері, төсеніш, түс киіздердің жиектері безендірілетіндігі көрнекіліктер арқылы көрсетіліп әңгімеленеді.

Оқушылардың көркемдік талғамын тақыптастырып дамытуда тірі гүлдерден немесе кепкун гүл кетперлерінен, ағаш жапырақтарынан композиция құрап, икебана жасау өнерінің де ролі зор. Ол эстетикалық тәрбиемен қатар табиғатты қорауға, сүюге де тәрбилейді. Бұл сабаққа алдын ала табаға материалдар жинақтап кептіріліп, тазартылып дайындалады.

Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында бірқатар жұмыстарды ұжымдық әдіспен орындату ды да жоспарлауға болады. Ол оқушыларды ұжымдық, шығармашылық бірлікке тәрбиелейді. Осындай сабақтарда орындаған жұмыстарды сынып бұрышы қабырғасын безендіруге пайдаланған жөн.

ІІІ-ІҮ сыныптарда сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны күрделене түседі. Соның ішінде бау-бақша өсімдіктерінің жапырақтары мен дақылдарынан өрнек құрастыру, үй жиһаздарын ою-өрнектермен безендіру, қағаздан дизайн орындау, оригами тәсілімен түрлі-түсті қағаздардан көлемді бұйымдар бүктеу, батик тәсілімен матаға бейнелеу, аппликациялық жұмыстар орындауға негізделген. Оқушыларды күрделі безендіру жұмыстарын алдымен эскиз түрінде орындауға дағдыландырған дұрыс.

Ал түрлі-түсті қағаздардан көркем бүктеу, дизайн жұмыстарын орындауға көрсетілген үлгі бойынша материалды үнемі пайдалану мақсатында алдымен керексіз қағаздармен жасап машықтануы қажет.

Мүсіндеу сабақтарының мазмұны классикалық мүсін өнері, мүсіндеу құралдарымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін мегеру мен оқушылардың кеңістікте көлемді бейнелер жсасуы арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделеді. Сабақ барысында қарапайым саз балшық, ермексазбен көлемді бейнелер жасап, мүсіндеудің алғышқы ереже заңдылықтарын меңгереді. Мүсіндеу өнерінің бейнелеу мүмкіндігін танып, өз шығармашылық қиылын, елестетуін мүсін материалдары арқылы жүзеге асырады.

Сабақта мүсіндеу өнерін дөңгелек мүсін және бедерлік түрлерімен танысып, олардың жеке-жеке теориялық және технологиялық білімдерін меңгереді. Сонымен қатар мүсін өнерінің тарихын саралап, даму кезеңдері туралы мағлұмат алады. Соның ішінде қазақ даласында табиғат жағдайлары мен уақытқа төтеп беріп, қазіргі бздің заманымызға дейін жеткен ескерткіштермен танысып мақтаныш сезімге бөленеді. Қазіргі қазақ мүсін өнерінің дамуына үлес қосқан Х.наурызбаев, Е.Сергебаев, Ш.Уалиханов, Б.Әбішевтердің, Е.Мергенов шығармашылықтарымен танысады. Осындай мүсіншілердің сомдаған Қазақстан қалаларында мүсіндік туындылардың атауларын, тақырыптың мазмұнын талап, көркемдік идеяларын ашады.

Сыныпта мүсіндеу сабағын өткізу үшін арнаулы құрал-жабдықтар алдын ала жинақталып сақталғаны жөн, олар: мүсіндеу станоктары, тақтайшалар, қалақшалар /стека/, су құятын ыдыстар, оқушылардың жұмыс барысында гигиеналық тазалықтарды сақтау мақсатында киетін арнаулы киімдер болғаны жөн.

Көркем шығармаларды танып қабылдау мен бағалау біліктілігі қарапайым тақырыптық суреттер мен танысып, оның мазмұнын түсінуден бастап күрделі көркем шығармалардағы суретшінің ой-мақсатына жету үшін пайдаланған әдіс-тәсілдерін танула дейін біртіндап дамытылады.

Бақылау сұрақтары.

1. Дизайн өнері

24- Лекция Таќырыбы: Оқу пәндері мазмұны түзілімінің теориялық негіздері және бейнелеу өнері сабағына мұғалімді дайындау.

Жоспары:


  1. Бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру және сабақтың құрылысы

  2. Бейнелеу өнері сабағына мұғалімді дайындау.

Лекция маќсаты: Оқу пәндері мазмұны түзілімінің теориялық негіздері және бейнелеу өнері сабағына мұғалімді дайындау туралы жалпы түсінік
Лекция мєтіні (ќысќаша)

1. Бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру және сабақтың құрылысы Бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру және сабақты ұйымдастыру және сабақтың құрылысы , оқыту мен тәрбиенің мақсат-міндеттерін нәтижелі шешу оқытуды білікті ұйымдастыруға және сабақты әдістемелік шеберлікпен өткізуге байланысты. Әрбір сабан мазмұнды, біртұтас, мұқият ойластырылған, толық аяқталған болуы тиіс, сонымен қатар жалпы осы пәннің ортақ мақсат-міндеттерін көздейтін сабақтар жүйесімен тығыз байланыста болуы керек.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабағының құрылысы басқа қатар оқытылатын пәндер сабақтарының құрылысынан аса айырмашылығы жоқ деп. айтуға болады. Ол ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақты түсіндіру, машықтық жұмыс қорытынды үйге тапсырма кезеңдерінен тұрады.

Осындай сабақ кезеңдері барлық сыныптарда сақталады, тек ол кезеңдерге бөлінетін уақытмөлшері сабақтың мазмұндық ерекшелігіне байланысты болады.

Сабақ үнемі бір сарынды жоспарланбай әртүрлі әдіс-тәсілдермен түрлендіріліп, жаңа педагогикалық технологиялармен толықтырып отырылуы міндетті. Оған бейнелеу өнері пәнінің мазмұндық құрылымының әртүрлі жұмыс түрлерін қамтитындығы мүмкіндік жасайды. Өйткені оқушылар заттан арап сурет салу сабақтарында графика және кескіндеме жұмыстарымен шұғылданса; сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында әртүрлі өрнектер бейнелеп безендіру жұмыстарымен, қаріп, көркем жазу ережелерімен танысады; өнер туралы әңгіме сабақтарында сәулет, грфика, кескіндеме, Мусін, сәндік қолөнерлермен танысады.

Оқытудың ұжымдық түрі әсіресе, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында пайдалануға болады. Ол мысалы: түрлі-түсті қағаздардан ұзымдық көркем композиция құрастыру, немесе оригами тәсілімен бүктеліп жасалған әртүрлі гүлдерден гүлшоғаның композициясын орындау.

Бұл оқытудың ұжымдық түрі қозғалғыш жұп немесе ауыспалы жұп түрінде өтеді. Онда оқушылар бір-бірімен жай жұптасып қана қоймай, әр бала кезек бойынша әр баламен кездесіп жұмыс істейді. Демек, барлығы жұптасып жұмыс істейді, бірақ жұптардың құрамы үнемі өзгеріп отырады.

Бұл жағдай сабақ кезінде қалай іске асырылады?

Әр минут сайын балалардың ішінен біреуі тез жан-жаққа арап бір оқушыны табады, серігімен жұмысты аяқтаған немесе бітіре бастаған оқушы қолын көтеріп, оған белгі береді. Осыдан кейін екеуі бірігіп, жұмысты жалғастырады. Оқытуды ұйымдастырудың топтық түрі сабақта қолданылады. Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді, әр топта 4-5 оқушыдан болады. Мысалы: “Наурыз мерекесін бейнелейік” деген тақырыпқа көп фигуралы композиция құрау сабағы.

Шығарма композициясының эскизін топ мүшелері бірлесе отырып жобалайды. Осыдан кейін жазықтық бетіне келісім бойынша әрбір оқушы бір бей нені өз бетімен орындайды. Соңында әрбір топтық жұмыс қорытындысы ұжымдық түрде талқыланады. Жұмыстың нәтижесін жолдастарының ұсынысы бойынша бір оқушы баяндайды. Мұғалім жеке топтың жетістіктерін бағалайды және топтың әрбір мүшесінің бағасын жинақтайды.

Сабақта жұмыстың мұндай түрін пайдалану оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдеріне себепші болады. Ол жұмыс барысындағы топтық пікірлатас, ынтымақтастық, өзара жәрдем, өзара түсінісу нәтижесінде оқушылардың тұйық мінезділігін, ұжымнан бөлектену әдетін болдырмауға негізделеді.

Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында бейнелеу өнерін оқуды мен тәрбилеудің негізгі міндеттері:


    • оқушыларға бейнелеу өнерінің құралдарын жүйелі меңгерту арқылы айналадағы өмір шындығына эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;

    • өмір шындығы көріністеріндегі, табиғаттағы және өнердегі бояу түстерін, оның сезімдік әсерін оқушылардың көре, сезіне білу ін, бейнелеу іс-әрекеті барысында олардың кеңістік туралы түсінігін, қиялық, елестету қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • көркем мәдениет және оның қоғамдағы алатын орны туралы түсінікті дамыту;

    • оқушылардың бойында халықтың дәстүрлі өнерін, тарифи ескерткішлерін эстетикалық тұрғыдан бағалай білуге баулитын жүйелі білім, шығармашылық икемділік пен дағдыны қалыптастыру;

    • бейнелеу өнері сабақтары барысында дамып қалыптасқан көркемдік білімдерін, икемділік дағдыларын тұрмыс жағдайында, еңбек процес інде, қоғамды жұмыста пайдалана білуге баулу.

Қазіргі кезде жасөспірім жеке тұлғаны тәрбиелеуде өнердің, соның ішінде бейнелеу өнерінің ықпалы зор екендігін педагогика, психология ғылымдары дәлелдеп берді.

Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушылардың ойлау қабілеті, көргенін есте сақтау, шығармашылық қиялы, көркемдік икемділігі, адамгершілік және сұлулық сезамі дамиды, әрине бұл қасиеттер жеке тұлғаның жан-жақты дамуына негіз болары сөзсіз.бейнелеу сабақтары оқушылардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру арқылы сұлулық сезімін оятады, дүниетанымын қалыптастырады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Сонымен қатар жеке тұлғаны ұқыптылыққа, дербестікке, еңбек сүйгіштікке бейімдейді.

Бейнелеу іс-әрекеті барысында сурет салу біліктілігі мен іскерлігін меңгеріп, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды байқап зерттеуді үйренеді. Демек, бейнелеу қоршаған ортаны тану, кеңістікті қабылдау, есте сақтау, қиял, сезім сияқты тағы басқа психологиялық процесттердің дамуына көмектеседі.

Көбінесе бейнелеу іс-әрекеті барсында оқушының ерекше белсенділігін байқауға болады. Ол әсіресе танымдық, шығармашылық белсенділік тұрғысында байқалады. Бұдан жеке тұлға өз белсенділігн ортамен сезімдік қарым-қатынас, жұмыс (қоршаған ортаны бейнелеу) процес інде арттыратындығын көруге болады. Педагогтың ұйымдастыруымен өткізілген сабақтағы немесе сыныптан тыс шаралардағы танымдық, эстетикалық тәрбие оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады. Сондықтан да педагогика ғылымының оқыту мен тәрбиені ажыратпай тұтас қарастыруы бейнелеу өнерін оқытудың негізі болып табылады.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері дәстүрлі бейнелеу өнерінің түрлерімен, жанрларымен бірге дизайн, оригами, коллаж т.б. бейнелеу, жапсырмалау жұмыстарын да қарастырады. Бұл жұмыстар оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін дамымумен қатар, олардың санасында бейнелеу өнерінің адам тіршілігінде, қоршаған ортада үлкен орын алатындығын дәлелдейді. Түрлі материалдардың көркемдік қасиеттерімен танысып, оларды өңдеу тәсілдерін меңгереді.

2.Бейнелеу өнері сабағына мұғалімді дайындау.

Бейнелеу сабақтарында немесе сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар шетелдердің белгілі бейнелеу өнері шығармаларымен және көп ұлтты қазақстан бейнелеу өнерінің даму кезеңдерімен танысып, жекелеген белгілі бейнелеу өнері туындыларының композициялық шешім, түс ерекшеліктерін талап өз түсінігін, пікірін әңгімелейді. Бұл оқушылардың өнер танығыштыққа тәрбиелеп, комуникативті қабілеттерін арттырады. Осыған орай қазіргі кеездегі тәуелсіз еліміздің білім және ғылым жүйесін реформалау нәтижесінде алғаш жарық көрген бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерін оқыту бағдарламаларымен оқулықтарын батыс Еуропа, Ресей бейнелеу өнерінің кейбір белгілі суретшілері, сәулетшілері, мүсіншілерінің шығармалары, ұлттық қолөнері енгізілген. Соның ішінде, әрине, көп ұлтты қазақ бейнелеу өнері, ұлттық қолөнері кеңінен орын алған. ол оқушыларға басқа да елдердің бейнелеу өнерімен терезесі тең дамып келе жатқан өз елінің өнерін талап, танып, үлкен отансүйгіштік сезімге бөленуіне мүмкіндік жасайды.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің алдына қойған мақсат, міндеттерін жүзеге асару арқылы оқушылардың интелектуалдық, эсмоциналдық, эстетикалық, іскерлік, комуникативтік қабілеттерін дамытып, қоршаған ортамен өзара әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындауды жүйлеудегі оқу бағдарламасы мен мемлекеттік стандарттың және осы құжаттарға сәйкестендіріп жазылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің маңызы зор.

Бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламысында бейнелеу өнері аптасына 1,5 сағат есебінде қарастырылып, әр сыныпта бір оқу жылына жалпы 51 сағат оқыту жоспарланған. Онда өнер түрлеріне байланысты тарауларға бөлінген уақыт кестесі мынадай:





Өнер түрлеріне

байланысты тараулар

Сыныптар бойынша жылдық сағат

І

ІІ

ІІІ

ІҮ




1

Жазықтықта бейнелеу

23

18

15

14




2

Сәндік қолданбалы өнер

20

23

20

21




3

Мүсін

8

10

8

8




4

Сәулет өнері

-

-

8

8







Барлығы

51

51

51

51




Бағдарламадағы көрсетілген әрбір бейнелеу өнері саласы бойынша оқыту негізгі екі бөлім арқылы қарастырылады:

  1. Өнерді қабылдау.

  2. Машықтық көркем іс-әрекет.

Өнерді қабылдау ол оқушылардың өнер түрлерін, өнер шығрмалары мазмұнын, өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы оқытушымен, сыныптағы жолдастарымен пікірлесе отырып танысуды көздейді.

Ал машықтық көркем іс-әрекет барысында оқушылар заттан арап, есте сақтап, елестетіп бейнелеу, мүсіндеу, сәндік сурет салу, көркем құрастыру, безендіру береже заңдылықтарымен (композиція, пропорція, перспектива т.б.) танысып, іс жүзінде меңгереді.

Бағдарламада көрсетілген бейнелеу өнерін оқытудың мақсат, мәіндеттерін мынадай сабан түрлері арқылы жүзеге асыруға болады. Ол:


    • заттан қарап бейнелеу сабағы;

    • тақырыптық бейнелеу сабағы;

    • сәндік сурет және көркем құрастыру сабағы;

    • мүсіндеу сабағы;

    • өнер туралы әңгіме сабағы.

Бұл сабақтарда оқушылар заттан арап, есте сақтап және елестетіп сурет салуға үйренеді. Тақырып бойынша сурет салып, оқыған, тыңдаған аңыз-ертегілерді иллюстрациялайды. Көркем еңбек элементтері бар сабақтарда оқушылар түрлі-түсті қағаздардан, табиғи материалдардан көлемді бұйымдар құрастырып, сәндеп безендіреді. Сонымен қатар оқушылар грфика, кескіндеме, дизайн өнерлері бойынша біліктілік пен дғдыларын қалыптастырады. Ол өмір шындығынан, қоршаған заттардан әсемдікті көре білу және оны суремте әсемдік сезіммен бейнелей білу, жекелеген заттарды өзінен арап немесе есте сақтап бейнелеуде пропорция, құрылымдық құрылыс, түстік рең, композициялық дұрыс шешімін таба білу және әртүрлі көлемді бұйымдарды әсемдік талғаммен безендіре білу болып табылады.

Сонымен қатар осы жұмыстар барысында саланытан затты немесе құбылысты алдын Ала бақылау немесе зерттеу, эскиздер орындау, долбарлар және қысқа мерзімді суреттер орындау, заттарды бір-бірімен салыстыру, өэ жұмысын саланатын затпен немесе құбылыспен салыстыру, суретті бейнелеуде әртүрлі бейнелеу кезеңдерінің ережелерн пайдалану, бейнелеудегі жалпыдан біртіндеп жекеге көшу немесе жекенің жалпыға үйлесімі қағидаларын ұстану бліктілгін меңгертеді.

Сәндік суреттер салу, безендіру жұмыстары, көркем еңбек элементтері бар сабақтарда, мысалыға, “Өсімдік жапырақтарынан өрнек құрастырайық”, “Қағаздан шахмат фигураларын құрастырайық” т.б. осы сияқты сабақтарда оқушылар шынайы табиғи заттарды, көріністерді белгілі бір стилдендірген рәміздік белгілер бейнесіне айналдырып, оларды симметрия, ырғақ (ритм) түстік үйлесімдігін тауып, композиція жасау біліктілігін меңгереді.

Мұғалім әр сыныптар бойынша, бейнелеу өнері сабақтарының әрбір түрлері бойынша (заттан арап бейнелеу, тақырыптық бейнелеу, мүсіндеу, сәндік сурет салу, бейнелеу өнері туралы әңгіме) немесе сыныптан тыс шаралар бойынша білім стандартында көрсетілгендей меңгерілуге тиісті білім, біліктілік және іскерлік дағды деңгейін нақты анықтап білуі қажет. Өйткені оқушылардың заттан арап сурет салу сабақтарында меңгерген біліктілік және іскерлік дағдылары тақырыптық сурет салу және сәндік сурет сабақтарында одан әрі кеңіп, тереңдеп бекітіледі. Дәл сол секілді тақырыптық сурет салу немесе сәндік сурет салу сабақтарында меңгерілген білім, біліктілік және іскерлік дағдыларын заттан қарап сурет салу сабақтарында әрі тереңдетіп дамытуға болады.

Бейнелеу өнері сабағының бірін-бірі толықтыра оқытылу негіді-бейнелеу өнерін басқа да пәндермен тығыз пәнаралық байланыста оқыту қажеттігін де туындатады.

Заттан арап сурет салу сабағында бейнеленетін заттардың көлемін талап, зерттеудде үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, шеңбер немесе циліндр, куб, конус, шар секілді математикалық ұғымдар, табиғат көріністерін бейнелеуде табиғи құбылыстар, өсімдіктер, жануарлар туралы мезгілінің әсемдігін елестететін поэтикалық өлеңдер, музыкалық әуендер тыңдалуы пәнаралық байланыстың негізі бола алады.

Сөйтіп, бейнелеу өнері жалпы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің құрамдас бірі ретінде оқытылады.

Әйтсе де оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мен оқытудағы бейнелеу өнерінің ролі төмендегі көрсетілген талаптарға сай болғанда ғана тиімді болмақ.



  1. Бейнелеу өнері сабақтарында оқыту мен тәрбие беру мақсат-міндеттерін біртұтас шешу.

  2. Оқушыларға бейнелеу өнеріне оқытуда дидактикалық принциптерді сақтау.

  3. Бейнелеу өнері сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану.

  4. Бейнелеу өнері сабақтарында көрнекіліктерді және техникалық құралдарды кеңінен қолдану.

  5. Ана тілі, математика, дүниетану, музыка, еңбекке баулу т.б. пәндермен бейнелеу өнері арасындағы пәнаралық байланысты сақтау.

  6. Оқушылардың шығармашылығын, өзі жасаған өнердегі образдарға эмоциональды көзқарасын, жалпы бейнелеу өнері сабақтарында ойын, сайыс элементтерін пайдалану.

  7. Бейнелеу өнері сабақтарының сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстармен тығыз байланысын сақтау.

  8. Бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасының негізгі тараулары бойынша оқыту әдістемесін үнемі жетілдіру.

  9. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың жеке бас ерекшеліктері мен шығармашылық мүмкіндіктерін ескеру.

  10. Оқыту мен тәрбие барысында озық іс-тәжірибелерді пайдалану.

Бейнелеу өнерін оқыту мен тәрбие беру барысында озық іс-тәжірибелерді жинақтау, талдау, зерттеу мұғалімнің өз әдістемелік шеберлігін байытудың бірден-бір жолы.

Күнтізбелік тақырыптық жоспар-бағдарламаны және мемлекеттік стандарт бойынша шығарылған оқулықтарды, оқу кешендерін негізге Ала отырып құрылады. Бейнелеу өнері сабағына аптасына 1,5 сағат бөлінуіне байланысты күнтізбелік жоспарды екі түрлі бағытта құруға болады. Бірінші бағыт бойынша бір тоқсанда аптасына 1 сағат, келесі тоқсанда аптасына 2 сағаттан құрылады. Ал екінші бағыт бойынша бір аптада 1 сағат, келесі аптада 2 сағаттан құрылады. Бұл бағыт, оқулықтардағы тақырыптардың мазмұндық жүйелілігінің сақталуына мүмкіндік жасайды. Сабақ кестесіндегі сабақ сандары өзгермес үшін аптасына 1,5 сағат жүргізілетін музыка пәнімен үйлестіріп құруға болады.

Оқытуды ұйымдастырудың дербес түрі бойынша әрбір оқушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Бұл жұмыс негізінен 3-4 сынып оқушыларымен өткізіледі. Берілетін тапсырманың шамамен алынған түрлері: тақырыптық сурет салу сабақтарында табиғат көріністегі тәулік мезгілін /таң сәрі, тал түс, кеш/ көрсету, сәндік сурет сабақтарында белгілі бір ою-өрнектер топтамаларын пайдаланып композиція жасау немесе белгілі бір бұйымды безендіру, өнер туралы әңгіме сабақтарында белгілі суретшілер шығармаларының мазмұнына талдау жасау, тапсырмаларын орындау, үйірмелеріндегі дербес жұмыстарды, үйге берген оқу тапсырмаларын орындау т.б.

3-4 сынып оқушыларына осындай дербес орындайтын тапсырмаларды беру, оларды өздігінен ізденуге, зерттеу жұмыстарына бейімдейді.

Оқушылардың өзіндік жұмысы білімді, икемділікті берік игеруге ғана мүмкіндік жасамай, сонымен қатар, ол жеке адамның құнды қасиеттерін өзін-өзі басқарады, ізденушілікті, көздеген мақсатына жетуге ұмтылушылықты қалыптастырады.

Мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болатын болса, оны ұйымдастыру әрқашан жаңа заманның өскелең талаптарына сай үнемі ізденіске негізделуі қажет. Сабақты белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушының ұжымдық шығармашылық еңбегі деп. қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсат-міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңейеді, икемділік, іскерлік дағдылары дамиды, қоршаған ортаға эстетикалық көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Оқыту мен тәрбиені ұйымдастыруда жаңашыл озық іс-тәжірибелерді терең зерттеп, пайдалана білу мұғалім ісінің нәтижелі болуына әсер етеді.


Каталог: CDO -> 2013-2014
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат лбс: 15 сағат С¤Ж: 45 сағат обс¤Ж: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы Пән: Омыртқалылар зоологиясы
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат
2013-2014 -> Курс жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұСҚАУ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың Әдістемелік нұСҚауы пән Компьютерлік желілер Мамандық
2013-2014 -> Лекция Тақырыбы: Алфавиттер, тізбектер және тілдер
2013-2014 -> Бағдарламасы Жетісай 20 ж мемлекеттік емтихан бағдарламасы құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған
2013-2014 -> Лекция:: 15 Семинар: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ)- 60балл
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Лаборатория: 30 сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет