Лекция:: 30 Лабораториялық: 15 Обсөж 45 СӨЖ



бет15/24
Дата25.04.2016
өлшемі4.49 Mb.
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

Бақылау сұрақтары.

1. заттан қарап бейнелеу сабағы;

2 тақырыптық бейнелеу сабағы;
25-Лекция Таќырыбы: Оқу пәндері мазмұны түзілімінің теориялық негіздері және бейнелеу өнері сабағына мұғалімді дайындау.
Жоспары:


  1. Сурет салу сауттылығын үйрету

  2. Заттардың пропорциясын байқау

Лекция маќсаты: Оқу пәндері мазмұны түзілімінің теориялық негіздері және бейнелеу өнері сабағына мұғалімді дайындау туралы жалпы түсінік
Лекция мєтіні (ќысќаша) 1. Сурет салу сауттылығын үйрету Эскиз және нобай орындау - Кез келген суретші өзінің болашақ шығармасын жасауға кіріспе бұрын, оған керекті кейбір нәрселердің сырт нобайын тездетіп қағаз бетіне түсіріп алады.

Заттың өзіне қарап отырып шапшаң нобайлар салу суретшінің шығакрмашылық процесінде маңызды рөл атқарады.

Ұзақ уақыт салынатын суретен айырмашылығы сол, нобайларда бейнелеуші объектілердегі ең басты нәрсе, жалпы әсер беріледі. Сонымен бірге оларда заттың пішіні, пропорциясы, көлемі, бейнелеуші адамның психологиялық жай-күйі дұрыс, нанымды берілуге тиіс.

Нобайлар үйрену, танып-білу мақсатында жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда сурет заттың өзін, айналадағы өмірді зерттеп, танып-білудің, шеберлікті жетілдірудің құралы болып табылады.

Ал белгілі бір шығарманың бөлшектерін, жекелегн бейнені жасау мақсатымен нобайлар салған кезде суретшінің алдына басқаша шығармашылық мақсат қойылады. Нобайлардың бұл екі қызметі де бір-біріментабиғи байланыста.

Бірқатар жағдайларда нобайлар белгілі бір оқиғалардың тікелей әсерінен (немесе заттың өзіне қарап отырып) жасалады да, суретшінің қиялындағы болашақ тақырыптық композициямен, нақтылы сюжетпен байланысты болмайды.

Нобайлар салудың пайдасыф зор. Әсерлерді жинақтаумен қатар мұндай суреттер болмысты, заттар мен құбылыстардың өзіне тән ерекшеліктерін көре білуді дамытады. Нобайдың басқа да міндеттері бар. Белгілі бір қағаз пішініне натюрморт сала бастаудан бұрын, картина бетіне нәрселерді неғұрлым тиімді орналастыру үшін бірнеше нобай жасау қажет.

Жеке-жеке қағаздарға нобайлар салынып, композиция табылғанан кейін, яғни көру орталаға анықталып, соның айналасына натюрморт заттар орналасқаннан кейін, сурет салуға кірісуге болады. Алдымен тағы көру орталығы белгіленеді, ал натюрморт заттары суретке негіз етіп алынған нобайдағыдай салынады. Осы нобай оңай әрі шапшаң салынады, заттардың өзіне әзірше қарамаса да болады.

Сурет салған жұмысты жалпыдан бастап, ең әуелі нәрселердің жалпылама пішінін, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлеңкені дұрыс салып алу қажет.

Эскиз болашақ шығарманың түпкілікті өзі емес, тек нобайы болғанымен, мұнда суретші нобайға қарағанда көбірек еңбек сіңіреді. Эскиз көбіне ой-қиял бойынша, бірақ бейнеленуші объектінің өзін бақылау негізінде жасалады. Оны қарындашпен де, акварель бояулармен де, майлы бояулармен де, пастельмен де жасауға болады. Эскизде суретші композициялық міндеттерді шешеді: болашақ картинаның неғұрлым лайықты көлемін, оның композициялық және мағыналық орталығын, жарық түсу сипатын, түстер гаммасын және т.б. іздестіреді. Сондай-ақ ол жекелеген элементтерд: қандай да бір фигураның қимыл қозғалысын, бет-бейнесіндегі ым-ишараны егжей-тегжейлеп көрсетуге ұмтылады.

Кез келген елеулі көркем шығарманы жасауға кірісу үшін алдын ала көптеген нобайлар мен эскиздер жасап алу қажет.

Перспектива- «Перспектива» сөзін латын тілінен аударғанда «анық көремін» деген мағынаны білдіреді. Перспектива сурет салушыға кез келген бейнені өмірде қалай көрсек, дәл солай бейнелеуге мүмкіндік туғызады.

Қайта өрлеу дәуірінің суретшілер Пьеро делла Франческа, Леонардо да Винчи, А.Дюрер және т.б. перспектива жөнінде оқытуға көп үлес қосты.

Перспективаны түсіну үшін ең алдымен көкжиек сызығы жөнінде білу керек, өйткені, барлық перспективалық құрылыс осыған байланысты. Көбінесе көкжиек жөнінде айтқанда, аспан мен жердің шектескен сызығы жөнінде ой туындайды. Ал негізінен алып қарағанда географиялық көкжиек перспективалық көкжиекпен байланысты. Перспективалық көкжиек барлығын жоғары жағынан және төменгі жағынан көрінетін заттарға бөледі. Перспективалық көкжиек сызығы әр уақытта көз деңгейінде орналасқан. Оны қалай анықтауға болады? Ол үшін стаканға су құйып, оны көз деңгейіне жақындату керек. Егер де оған жоғарыдан немесе төменнен қарайтын болсақ су беті эллипс пішінді болады. Ал дәл көз деңгейінде болғанда, түзу сызық болып көрінеді.

Егер адам отырса перспективалық көкжиек төмендейді, егер жоғары қарай шықса жоғарылайды. Перспективалық көкжиектен төменде жатқан барлық көлденең сызықтар бақылаушыдан алыстаған сайын жоғарылайды, ал жоғарыда жатқан сызықтар төмендейді.

Барлық параллель көлденең сызықтар бақылаушыдан алыстаған сайын көкжиек сызығына жақындап, сонда түйісу нүктесі деп атайды. Бірнеше параллель сызықтар орналасқан жеріне қарамай барлығы бір нүктеде түйіседі. Мысалы, көкжиек сызығына қиғаш орналасқан үй суретін салса, оның әр екі қабырғасының өз түйісу нүктесі болады. Ал тік сызықтар әр уақытта параллель күйінде қала береді. Көлденең орналасқан шеңбер перспективада эллипс түрінде көрінеді.

Сурет салушыға көлеңке перспективасын да білу керек. Күн жерден өте алыста болғандықтан оның сәулелерін параллель ретінде қабылдаймыз. Жасанды жарықтан түскен заттардың көлеңкелері жан-жаққа түседі. Оның өлшемін жарықтан шыққан түзулер арқылы анықтайды.

Неғұрлым бейне жарыққа жақын болса, соғұрлым көлеңке үлкейеді.

Сонымен қатар, заттардың сәулелерінде де перспектива заңдылықтары бар. Суда өсіп тұрған ағаштың сәулесі дәл сол күйінде қарама –қарсы бағытта көрінеді. Бөлме ішіндегі заттар да перспективаның жалпы заңдылықтарына бағынады. Бөлмедегі көкжиек сызығы да көз деңгейінде өтеді. Адам денесін, басын салғанда да перспективалық өзгерістерді ұмытпаған жөн. Міне, бұл айтылғандар сызықтық перспектива туралы.

Сонымен қатар, сызықтық перспективамен бірге ауа перспективасы да сурет салуда үлкен орын алады. Заттар бақылаушыдан алыстаған сайын өзінің айқындылығын жоғалтып бұлдырай түседі. Қою түсті заттар алыстағанда салқын реңге /көбінесе көгілдір, кейде қою көк/, ал ашық түстер жылы реңге айналады.

Түстер мен көлеңкелер, заттардың материалы алыстаған сайын дұрыс көрінбей, тұтасып кетеді, силуэтке айналады. Егер заттарды ашық түстермен, бөлшектерін анық көрсетіп бейнелесе, жақын жерде тұрған сияқты көрінеді. Керісінше бұл қасиеттерді жоғалтса, олар бізден алыстайды.

Сурет салу кезінде осы екі перспектива заңдылықтары жүзеге асса, жұмыс өз дәрежесінде орындалады. Сол себептен перспектива қандай да болмасын суретте үлкен маңызға ие.

Композиция - Нақ нұсқаны қою, қай тұстан отырғаныңды анықтау, параққа суретті дұрыс орналастыру, бәрі де композицияның негізгі бастаулары. Бұл сөз әдетте музыкалық шығармаларға арналғандай, бірақ мұнда кең ұғым бар. Түсініктірек болу үшін, бұл туралы нақтылай сөз етейік.

Жазушы роман жазғысы келді дейік. Болашақ дүниенің негізгі ойлары басында пісіп-жетілген, ол шығармасының жоспарын жасайды. Ол жоспары, жазушының ойындағы дүниелері бірлік пен бірегейлікке жеткенше, әрқайсысы өз орындарын тапқанша, талай өзгерістерге ұшырап, сан рет қайта сүзгіден өтеді. Содан кейін ғана ол көркем сөзге көшеді. Архитектор да белгілі бір ғимараттың жобасын сызбастан бұрын, оның сырт көрінісі мен негізгі пропорциясын анықтағанша, бірнеше эскиздер жасайды.

Міне, алдын ала атқарылатын осы шаруаларды жобалау немесе қарапайым түрде жоспарлау деп атайды. Бұл жоспарлаудың мақсаты – жеке нәрселерді ( бөлімдерді) тұтас бір дүниеге айналдыру.

Композиция (латын тілінде «құрастыру», «тәртіпке келтіру» деген мағынаны білдіреді) – шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Суретшінің қолында композицтя – көркем құрал. Ол комподзиция арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашып бейнелеп отырған өмір құбылыстарынөз түсінігінше жеткізіп көрсетеді.

Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды.

Қарапайым тілмен айтқанда көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Жұмысты бастар кезде композицияның орны ерекше, ал қалған салалары соған байланыстылығын ұмытпаған жөн. Сондықтан да суретші, нақ нұсқаны қойып, өз орнын белгілегенсоң, салынар суретті қағаз бетіне қалайша әсерлі орналастыруды ойластырды.

Композицияның негізгі талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу. Шығарма авторы сурет, кескіндеме, роман, пьеса, симфония, т.б. болсын, солардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әр қилы дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек. Композицияның қалған бөліктерін соған байланысты құрады.

Көрерменнің көзіне бірден түсетін, көлемі жағынан үлкен немесе көп орын алмайтын, бірақ назарды бірден өзіне аударатын, шығармадағы сәулелі немесе күңгірт тұсты, өзінің айналасындағы ортадан айшықталған, автордың қалауымен ерекшеленген ортаны композициялық орталық (бір немесе бірнеше заттардың тобын) деп атаймыз.

Композициялық орталықты қандай тәсілмен анықтау әр суретшінің өз қалауы. Кейде кейбір картинаның шебер де, нәзік орындалғаны сондай, композициялық орьалықты табу оңайға түспейді. Ешқашан да картинаның композициялық орталығын оның геометриялық орталығымен топтастыруға болмайды. Көп жағдайда сәйкес келеді де. Сондай-ақ композициялық орталық тақырыптық орталықпен де қабыса бермейді. Ал геометриялық, композициялық, тақырыптық орталықтардың бір жерден шығуы сирек құбылыс. Мұндай қабысудың классикалық үлгісінен мысал келтірейік.

16 ғасырда Италияда әлемнің ұлы суретшісі Леонардо да Винчи өмір сүріп, жұмыс істеді. Бірнеше жылдар бойы ол «Құпия кеш» атты үлкен картина – фреска жасаумен айналысты.

Діни болжам бойынша бұл Христостың өлімнің жақындағанын сезген соң, соңғы рет шәкірттерін жинап сұхбат құру сәті еді. Леонардо да Винчи үшін фрескадағы тақырыптық орталық – Христос тұлғасфы. Бұл бейнені жасауға ол бірнеше ай шамасында еңбектенеді. Леонардо фресканың қатаң да ұлы қарапайымдылығын айшықтау үшін оны симметриялық тұрғыдан орналастырған еді. Христостың тұлғасы картинаның математикалық ортасында қалды.

Төбе мен қабырғалардың түзу де, анық сызықтары, перспектиалық түйісу де сол орталық бейнеде қиылысады. Мазасызданған шәкірттерінің толқын тәрізді қимылдарының бағыттары да көрермен назарын орталыққа түйістірде. Сөйтіп, Христос тұлғасы бұл жерде тек тақырыптық және композициялық қана емес, сонымен бірге фресканың геометриялық орталығы болып табылады.

Біз бүкіл әлемдік көркемөнерде осыншама ойлы композициялық құрылымы дамыған, орындалу жағынан кристалдай таза және кереметтей қарапайым пішінді өзге мысалды білмейміз.

Композиция суретші үшін негізгі мақсат емес екенін ескеру қажет, өйткені композицияның негізгі мұраты – суретшінің идеялық ойын көрсету. Осыдан композициялық құрылымының түйіскен жері ғана емес,сонымен қатар, шығарма мазмұнын анық көрсетуге қызмет етуі керек.

Композицияның өрнектелуі күші композициялықорталық бір уақытта тақырыптық орталық болған кезде арта түспек.

Сонымен, қандай да тақырыпты суреттің компоновкасын бастау, оның композициялық орталығын табудан басталатынын қайталап айтамыз. Суретте композициялық орталық не болатынын ойша болжағаннан кейін, сол зат немесе дененің шамамен сұлбасын, орнын қағаз бетіне түсіру керек. Өзге жұмыс осы нүктеден таралып, біздің қарындашымыздан туындаған, қалған сурет сол орталыққа бағындырылады.

Суреттегі денелердің көлемі, пішіні және орналасуы, композициялық орталық деп саналатын заттың немесе тұлғаның көлеміне, пішініне және орналасуына көп тәуелді. Бұл тәуелділікті композициялық ырғақ деп атауымызға болады. Бейнелеу өнеріндегі композициялық ырғақ, музыкалық шығармадағы ырғаққа ұқсас, әрі пайда болған дыбыс, өзінен бұрынға дыбыстың табиғи жалғасы. Осынау дыбыстардың сан түрлі гаммасы бірігіп, жалпы үндескен гармонияға ұласады. Жалғыз жалған нота осы бірлікті бұзған уақытта гармония ыдырап, берекесі кеткен дыбыстарға айналады.

Өйткені, қандай көркем шығарманың композициялық орталығы оның басты бөлімі болғандықтан, яғни бір суретте екі немесе бірнеше комрозициялық орталық болуға тиіс емес. Неге десеңіз, олар бір-біріне кедергі жасап, композициялық орталықтың көрерменге әсерінің күшін жояр еді.

Суреттегі композициялық ырғақ композициялық орталықтың басқа бөліктерімен арасындағы байланысқа ғана емес, сол бөліктерінің бір-бірімен байланысына да тәуелді. Композициядан алатын толық әсер, оның құрылымының қалыптасыуында. Суретші өз шығармасында жекелеген заттардың орналасуымен олардың бір-бірімен тығыз байланыстыруын қамтамасыз ету шеберлігінде немесе химиялық реакция кезінде жекелеген элементтердің бір-біріне байланысуы арқылы құрамы бір текті мүлдем жаңа заттың пайда болуы сияқты құбылыс.

Композициялық құрылымның дайындап қойған нұсқасы өмірде жоқ және болуға да тиіс емес, өйткені композициялық комбинацияның сансыз түрін санау тұрмақ, ойша елестетудің өзі қиынға соғады. Мысалы, барлық шахматтың комбинацияларынн, бір партия ойында санау және болжау мүмкін емес сияқты. Міне, суретші де шығармашылық жігер мен тақырыптық және ұшқыр ойлы қасиеттер болуы керек. Себебі композициялық құрылым, негізінен картинаның мазмұнына тәуелді және ешқашан да үйретуге болмайтын ішкі сезімге негізделген. Композицияның жалпы ережелері, жас талапкердің үлкен қателіктерге ұрынбауына көмектеседі.

«Суретші ең қызықты да, маңызды дүниелерді өзі бақылап үйренбейінше, композиция құруды да үйрене алмайды» (М.В.Крамской). Әсіресе алғашында өз бетімен көңілде түйген дүниелерден ойша композицияқұрып үйрену көп көмектеседі.

Ал, кейбір шығармаларда тек табиғат көріністері мен құбылыстарын сипаттап – ақ сол дәуірдің, заман ағымының тыныс-тіршілігін көрерменге жеткізіп, ілікті ой тудырған. Олардың жұмыстарында адам көбінесе көмекші, толықтырушы ретінде кескінделеді. Шығарманың айтар ойын ашатын немесе композициялық орталығы көпшілігінде табиғат денелері (ағаш, жартас, қамыс, т.б.), кейде түрлі аң-құстар болып келеді. Мұндай суреттер көбінесе ежелгі қытай, жапон, корей өнер шеберлерінің туындыларында көптеп кездеседі.

Ендігі сөз, осы атап өткен композициялар қандай негізде құралады, соған келейік. Кең танымал картиналар мен суреттедің көпшілігі үшбұрышты негізде құралған. Негізгі бөліктері ойша үшбұрыш болып құралып, орталық солардың жоғарғы ұшына немесе ортасына орналасқан кезін композициялық үшбұрышдеп атаймыз. Олар түзу немесе қисық бұрышты болып, ұштары не жоғары не төмен бағытталып, бүйірінен жатып немесе тіп-тік орналасуы мүмкін. Сонымен қатар, композиция мұқыл бұрышты, кейде өзге геометриялық фигуралар түрінде де (шеңбер, рома, трапеция, т.б.) құрылады. Сондай-ақ құрылымның негізі болып бірнеше параллель, тік немесе көлденең сызықтар қандай да бір иілгіш дене арқылы байланысқан күйде қызмет етеді. Ең соңында композицияны белгілі бір геометриялық денелерге сүйенбей-ақ, әртүрлі имек, қисық сызықтар негізінде де құруға болады.

Композициялық бірлік суретшінің зат көлемдері мен сызықтарды қалай таратуына, олардың кескіндерін және суреттегі орындарын қалай белгілегеніне ғана тәуелді емес, сонымен бірге жарық пен қараңғы тұстардағы бейнелерді қалай орналастыруына да байланысты.

Суретті салу барысында, суретші жарық және қараңғы бейнелердің орналасуын жарық пен көлеңкенің таралуын барынша жақсы ойластыруы керек. Өйткені ең соңында композициялық бірлік осыларға байланысты.

2. Заттардың пропорциясын байқау - Пропорция сөзі латын тілінен аударылғанда «арақатынас» немесе «шамалас» деген ұғымды білдіреді. Бейнелеу өнерінде «пропорция» деп бейнелеуші нәрсенің бөлшектерінің өлшемдік қатынасы, немесе туындыдағы бейнеленген жеке нәрселердің өлшемдік сәйкестілігін айтады.

Әр нәрсенің өзіндік пропорциясы, яғни нәрсеніңжекелеген өлшемдік қатынастарынан тұрады. Мысалға, әрбір келесі сан алдыңғы сандар бірлігінен тұратындығы секілді: 1,1,2,3,4,5,8,13, т.б.

Нәрсе көлемін пропорциялық өлшем бірлікке бөліп қарастыру ежелгі дәуірден «алтын бөліну» (золотое сечение) деген атаумен белгілі. «Егер адамның белінен табанына дейінгі өлшемі мен сол белінен төбесіне дейінгі өлшем адамның жалпы биіктігін құраса; сол сияқты, қолын жанына жіберіп тұрған адамның төбесінен ортаңғы саусағының ұшына дейінгі өлшем мен сол ортаңғы саусағының ұшынан табанына дейінгі өлшем адамның жалпы биіктігін құрайды. Сол бірінші өллшем бірлігіндегі адамның белінен табанына дейінгі арақашықтық, екінші өлшем бірлігіндегі адамның төбесінен ортаңғы саусағына дейінгі арақашықтыққа тең болады. Осыған орай адам табиғатындағы, немесе жалпы қоршаған ортадағы өлшемдік ара қатынасты эллиндіктердің білгенін ұлы математик Эвклид өз еңбектерінде жазды. «Бұл арақатынасты мен «алтын бөліну» деп атаймын» деген болатын Леонардо да Винчи.

Әр нәрсенің пропорциясы оның құрылысының ерекшеліктеріне тығыз байланысты. Сондықтан да жазықтық бетінде құмыраның дұрыс пропорциялық бейнесін тұрғызу үшін, оның көлемі қандай геометриялық фигураларға ұқсайтын бөлшектерден тұратындығын анықтап, олардың өзара өлшемдік қатынасын салыстыра отырып бейнелеу қажет. Ал туынды бірнеше нәрселерден тұратын болса, онда олардың бейнесін бір-бірінің өлшемдік ерекшеліктеріне байланысты салыстыра отырып бейнелейді.

Сурет салғанда заттың өзіне тән ерекшеліктерін, оның пропорцияларын: биіктігінің көлденеңіне, бір бөлігінің екінші бөлігіне шама қатынасын анықтап алу қажет.

Сурет саларда алдымен кескіннің қағаз бетіне дұрыс орналасуын, оның белгілі бір жағында тым көп ашық орын қалмауын ойластырып алған орынды. Бұл үшін суреттің жоғарғы және төменгі, оң жағы мен сол жағындағы шекараларын белгілеп алу керек. Бірақ шеттерінен қағаз жиектеріне жеткізбей, белгілі мөлшерде ашық орын қалдырған жөн. Өйткені, қағаз жиегіне тақап салынған сурет онша әдемі болып көрінбейді.

Салынатын суреттің бөліктерінің өзара қатысы дұрыс көрсетілмеген болса, перспектива құрылысы, жарық пен көлеңке, бояудың түсі жақсы берілгенімен сурет жақсы болып шықпайды.

Заттың пропорцияларын дұрыс беру – оның өзіне қарап сурет сала білудегі басты міндеттерінің бірі. Пропорциялық қатыстар дұрыс берілгенде ғана көрушілер салынған суретті нанымды қабылдайды.

Суреттегі өлшемдер қатысы нәрсенің өзіндегі өлшем қатысына тең болуы керек. Қарындашпен шаманы анықтағанда қолды алға барынша созып тұрып өлшеген жөн. Олай етпесе, дұрыс өлшенбейді. «Визирлеу» әдісіне онша көп әуестенбеу керек, өйткені бұл көзбен мөлшерлеуді дамытуға кедергі келтіреді.

Егер ұдайы жаттығудың арқасында көзбен мөлшерлеу күшті дамыған болса, визрилеп өлшеуге қарағанда көзбен мөлшерлеу дәлірек болып шығады.



Жарық, көлеңке заңдылықтары - Жарық, көлеңке – бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайыц көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады.

Егер геометриялық денелерді жазықтық бетіне тексызықтармен бейнелеп қойсақ, онда ол денелер сымнан жасап қойған тәрізді болады.

Осы денелер бейнесіне жарық, көлеңке реңін түсіріп бояу арқылы ол денелердің кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материалдан жасалғанын жазықтық бетінде көрсетуге болады.

Бейнеленетін обьектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Заттың жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтары меншікті көлеңке деп аталады. Жарық түсіп тұрған заттан екінші заттың бетіне түсетін көлеңкені түспе көлеңке деп атайды. Жарықтан көлеңкеге ауысар жері шала көлеңке деп аталады. Мөлдір нәрселерге жарықтың тікелей түсіп, шағылған бөлігі жылт деп аталады.

Меншікті көлеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Бұлар жақын тұрған заттардан шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңкеге түсуінен пайда болады.

Жылтыр немесе мөлдір заттардың бетіне түскен өте ақшыл дақтарын көру қиын емес. Бұл – заттың өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері. Бұл дақтар заттардың дөңе,с және ойыс бетінде, сондай – ақ олардың қырларында көбірек байқалады.

Бейнелеу барысында заттың қай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын дұрыс ажырату үшін жарық көзінің қандай екендігін, сондай – ақ жарық сәулелерінің бағытын анықтап алудың маңызы зор.

Суретте жарық пен көлеңке өң арқылы беріледі. Өңнің қоюлығы не бәсеңдігі заттың көлеңкелері мен оған түскен жарықтың арасындағы қатынастарға сәйкес болып шығуы тиіс.

Бейнелеуші объектінің түс қатынастары уреттегі өңдердің қатынастары арқылы берілуі керек.

Түстердің және жарық пен көлеңкенің үйлесімін берген кезде ақшыл нәрседегі (мысал гипстегі) көлеңке қара нәрседегі жарықтан ашығырақ болатынын есте ұстаған жөн. Өңі берілетін суреттерді салғанда өңдер қатысын салыстырып, анықтап алу керек.

Сурет салғанда ең алдымен заттың жарық түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгірт жерді тауып алуға тырысу керек, әлбетте рефлексті де ұмытып кетуге болмайды. Суреті салынатын нәрсенің жарық түсіп тұрған бөлігі рефлекстен әрдайым жарығырақ болуы тиіс.

Суретте өң тұтас берілуі керек. Суреттегі өң нәрсенің пішінін, түсін және жарықтың түсуін берудің құралы болып табылады. Заттың сыртқы бетінің түсі оның өңі деп аталады.

Пропорциялар мен негізгі пішіндерді анықтағанда түсіп тұрған көлеңкелердің шетінен бастамау керек, өйткені олар заттардың негізгі пропорцияларын да, бедерін де белгілемейді. Тіпті бұл көлеңкелер кейде заттың пішінін мүлдем бұзып, оның көзге түсіп тұрған пропорцияларын бұрмалап, өзгертіп, бүлдіріп те жібереді.

Көлемді пішінді салғанда оған түскен жарықты, ақ дақты, жартылай өңді, көлеңке мен рефлексті таба білу міндетті шарт екендігі әрдайым есте болу керек.

Жарық пен көлеңке арасындағы айқын қарама-қарсылық контраст деп аталады. Заттар бақылаушыға неғұрлым жақын тұрса, жарық түсіп тұрған беті мен көлеңке арасындағы контраст соғұрлым күңгірттеу болады. Сондықтан алдыңғы планда контрасттар мейлінше ашық болады да, екінші, үшінші, одан арғы планда контраст азая береді.

Сонымен, бақылаушыдан алыстаған сайын, нәрсенің жарық түсіп тұрған жерлері біртіндеп күңгірттене береді, ал күңгірт жерлері бұлдырлана түседі. Сурет салғанда нәрсенің көлемін барынша айқын етіп көрсетуге талаптану керек.

Жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру арқылы нәрсенің көлемін дәл беру, суреті салынып отырған заттың жарық жерлер мен күңгірт жерлерінің қатынасы зер салып қарауды қажет етеді. Жарық пен көлеңкені нәрсенің негізгі пішіндерімен бір мезгілде белгілеген жөн.

Сөйтіп біз жарық пен көлеңке жөнінде біршама түсінік алдық. Мұның бәрн есте сақтап, сурет салғанда дұрыс пайдалана білу керек. Суретін салып отырған зтымыздың жарық пен көлеңке шекараларын айырып алудан бұрын заттың жоғарыда атап өтілген анықтамасы бойынша пропорцияларын ескере отырып, оларды дұрыс сала білу керек.

Бейнелеу сабақтарында немесе сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар шетелдердің белгілі бейнелеу өнері шығармаларымен және көп ұлтты қазақстан бейнелеу өнерінің даму кезеңдерімен танысып, жекелеген белгілі бейнелеу өнері туындыларының композициялық шешім, түс ерекшеліктерін талап өз түсінігін, пікірін әңгімелейді. Бұл оқушылардың өнер танығыштыққа тәрбиелеп, комуникативті қабілеттерін арттырады. Осыған орай қазіргі кеездегі тәуелсіз еліміздің білім және ғылым жүйесін реформалау нәтижесінде алғаш жарық көрген бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерін оқыту бағдарламаларымен оқулықтарын батыс Еуропа, Ресей бейнелеу өнерінің кейбір белгілі суретшілері, сәулетшілері, мүсіншілерінің шығармалары, ұлттық қолөнері енгізілген. Соның ішінде, әрине, көп ұлтты қазақ бейнелеу өнері, ұлттық қолөнері кеңінен орын алған. ол оқушыларға басқа да елдердің бейнелеу өнерімен терезесі тең дамып келе жатқан өз елінің өнерін талап, танып, үлкен отансүйгіштік сезімге бөленуіне мүмкіндік жасайды.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің алдына қойған мақсат, міндеттерін жүзеге асару арқылы оқушылардың интелектуалдық, эсмоциналдық, эстетикалық, іскерлік, комуникативтік қабілеттерін дамытып, қоршаған ортамен өзара әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындауды жүйлеудегі оқу бағдарламасы мен мемлекеттік стандарттың және осы құжаттарға сәйкестендіріп жазылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің маңызы зор.

Бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламысында бейнелеу өнері аптасына 1,5 сағат есебінде қарастырылып, әр сыныпта бір оқу жылына жалпы 51 сағат оқыту жоспарланған. Онда өнер түрлеріне байланысты тарауларға бөлінген уақыт кестесі мынадай:

Бұл сабақтарда оқушылар заттан арап, есте сақтап және елестетіп сурет салуға үйренеді. Тақырып бойынша сурет салып, оқыған, тыңдаған аңыз-ертегілерді иллюстрациялайды. Көркем еңбек элементтері бар сабақтарда оқушылар түрлі-түсті қағаздардан, табиғи материалдардан көлемді бұйымдар құрастырып, сәндеп безендіреді. Сонымен қатар оқушылар грфика, кескіндеме, дизайн өнерлері бойынша біліктілік пен дғдыларын қалыптастырады. Ол өмір шындығынан, қоршаған заттардан әсемдікті көре білу және оны суремте әсемдік сезіммен бейнелей білу, жекелеген заттарды өзінен арап немесе есте сақтап бейнелеуде пропорция, құрылымдық құрылыс, түстік рең, композициялық дұрыс шешімін таба білу және әртүрлі көлемді бұйымдарды әсемдік талғаммен безендіре білу болып табылады.

Сонымен қатар осы жұмыстар барысында саланытан затты немесе құбылысты алдын Ала бақылау немесе зерттеу, эскиздер орындау, долбарлар және қысқа мерзімді суреттер орындау, заттарды бір-бірімен салыстыру, өэ жұмысын саланатын затпен немесе құбылыспен салыстыру, суретті бейнелеуде әртүрлі бейнелеу кезеңдерінің ережелерн пайдалану, бейнелеудегі жалпыдан біртіндеп жекеге көшу немесе жекенің жалпыға үйлесімі қағидаларын ұстану бліктілгін меңгертеді.

Сәндік суреттер салу, безендіру жұмыстары, көркем еңбек элементтері бар сабақтарда, мысалыға, “Өсімдік жапырақтарынан өрнек құрастырайық”, “Қағаздан шахмат фигураларын құрастырайық” т.б. осы сияқты сабақтарда оқушылар шынайы табиғи заттарды, көріністерді белгілі бір стилдендірген рәміздік белгілер бейнесіне айналдырып, оларды симметрия, ырғақ (ритм) түстік үйлесімдігін тауып, композиція жасау біліктілігін меңгереді.

Мұғалім әр сыныптар бойынша, бейнелеу өнері сабақтарының әрбір түрлері бойынша (заттан арап бейнелеу, тақырыптық бейнелеу, мүсіндеу, сәндік сурет салу, бейнелеу өнері туралы әңгіме) немесе сыныптан тыс шаралар бойынша білім стандартында көрсетілгендей меңгерілуге тиісті білім, біліктілік және іскерлік дағды деңгейін нақты анықтап білуі қажет. Өйткені оқушылардың заттан арап сурет салу сабақтарында меңгерген біліктілік және іскерлік дағдылары тақырыптық сурет салу және сәндік сурет сабақтарында одан әрі кеңіп, тереңдеп бекітіледі. Дәл сол секілді тақырыптық сурет салу немесе сәндік сурет салу сабақтарында меңгерілген білім, біліктілік және іскерлік дағдыларын заттан қарап сурет салу сабақтарында әрі тереңдетіп дамытуға болады.

Бейнелеу өнері сабағының бірін-бірі толықтыра оқытылу негіді-бейнелеу өнерін басқа да пәндермен тығыз пәнаралық байланыста оқыту қажеттігін де туындатады.

Заттан арап сурет салу сабағында бейнеленетін заттардың көлемін талап, зерттеудде үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, шеңбер немесе циліндр, куб, конус, шар секілді математикалық ұғымдар, табиғат көріністерін бейнелеуде табиғи құбылыстар, өсімдіктер, жануарлар туралы мезгілінің әсемдігін елестететін поэтикалық өлеңдер, музыкалық әуендер тыңдалуы пәнаралық байланыстың негізі бола алады.

Сөйтіп, бейнелеу өнері жалпы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің құрамдас бірі ретінде оқытылады.

Әйтсе де оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мен оқытудағы бейнелеу өнерінің ролі төмендегі көрсетілген талаптарға сай болғанда ғана тиімді болмақ.


  1. Бейнелеу өнері сабақтарында оқыту мен тәрбие беру мақсат-міндеттерін біртұтас шешу.

  2. Оқушыларға бейнелеу өнеріне оқытуда дидактикалық принциптерді сақтау.

  3. Бейнелеу өнері сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану.

  4. Бейнелеу өнері сабақтарында көрнекіліктерді және техникалық құралдарды кеңінен қолдану.

  5. Ана тілі, математика, дүниетану, музыка, еңбекке баулу т.б. пәндермен бейнелеу өнері арасындағы пәнаралық байланысты сақтау.

  6. Оқушылардың шығармашылығын, өзі жасаған өнердегі образдарға эмоциональды көзқарасын, жалпы бейнелеу өнері сабақтарында ойын, сайыс элементтерін пайдалану.

  7. Бейнелеу өнері сабақтарының сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстармен тығыз байланысын сақтау.

  8. Бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасының негізгі тараулары бойынша оқыту әдістемесін үнемі жетілдіру.

  9. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың жеке бас ерекшеліктері мен шығармашылық мүмкіндіктерін ескеру.

  10. Оқыту мен тәрбие барысында озық іс-тәжірибелерді пайдалану.

Бейнелеу өнерін оқыту мен тәрбие беру барысында озық іс-тәжірибелерді жинақтау, талдау, зерттеу мұғалімнің өз әдістемелік шеберлігін байытудың бірден-бір жолы.

Күнтізбелік тақырыптық жоспар-бағдарламаны және мемлекеттік стандарт бойынша шығарылған оқулықтарды, оқу кешендерін негізге Ала отырып құрылады. Бейнелеу өнері сабағына аптасына 1,5 сағат бөлінуіне байланысты күнтізбелік жоспарды екі түрлі бағытта құруға болады. Бірінші бағыт бойынша бір тоқсанда аптасына 1 сағат, келесі тоқсанда аптасына 2 сағаттан құрылады. Ал екінші бағыт бойынша бір аптада 1 сағат, келесі аптада 2 сағаттан құрылады. Бұл бағыт, оқулықтардағы тақырыптардың мазмұндық жүйелілігінің сақталуына мүмкіндік жасайды. Сабақ кестесіндегі сабақ сандары өзгермес үшін аптасына 1,5 сағат жүргізілетін музыка пәнімен үйлестіріп құруға болады.

Бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру және сабақты ұйымдастыру және сабақтың құрылысы

Оқыту мен тәрбиенің мақсат-міндеттерін нәтижелі шешу оқытуды білікті ұйымдастыруға және сабақты әдістемелік шеберлікпен өткізуге байланысты. Әрбір сабан мазмұнды, біртұтас, мұқият ойластырылған, толық аяқталған болуы тиіс, сонымен қатар жалпы осы пәннің ортақ мақсат-міндеттерін көздейтін сабақтар жүйесімен тығыз байланыста болуы керек.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабағының құрылысы басқа қатар оқытылатын пәндер сабақтарының құрылысынан аса айырмашылығы жоқ деп. айтуға болады. Ол ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақты түсіндіру, машықтық жұмыс қорытынды үйге тапсырма кезеңдерінен тұрады.

Осындай сабақ кезеңдері барлық сыныптарда сақталады, тек ол кезеңдерге бөлінетін уақытмөлшері сабақтың мазмұндық ерекшелігіне байланысты болады.

Сабан үнемі бір сарынды жоспарланбай әртүрлі әдіс-тәсілдермен түрлендіріліп, жаңа педагогикалық технологиялармен толықтырып отырылуы міндетті. Оған бейнелеу өнері пәнінің мазмұндық құрылымының әртүрлі жұмыс түрлерін қамтитындығы мүмкіндік жасайды. Өйткені оқушылар заттан арап сурет салу сабақтарында графика және кескіндеме жұмыстарымен шұғылданса; сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында әртүрлі өрнектер бейнелеп безендіру жұмыстарымен, қаріп, көркем жазу ережелерімен танысады; өнер туралы әңгіме сабақтарында сәулет, грфика, кескіндеме, Мусін, сәндік қолөнерлермен танысады.

Оқытудың ұжымдық түрі әсіресе, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында пайдалануға болады. Ол мысалы: түрлі-түсті қағаздардан ұзымдық көркем композиция құрастыру, немесе оригами тәсілімен бүктеліп жасалған әртүрлі гүлдерден гүлшоғаның композициясын орындау.

Бұл оқытудың ұжымдық түрі қозғалғыш жұп немесе ауыспалы жұп түрінде өтеді. Онда оқушылар бір-бірімен жай жұптасып қана қоймай, әр бала кезек бойынша әр баламен кездесіп жұмыс істейді. Демек, барлығы жұптасып жұмыс істейді, бірақ жұптардың құрамы үнемі өзгеріп отырады.

Бұл жағдай сабақ кезінде қалай іске асырылады?

Әр минут сайын балалардың ішінен біреуі тез жан-жаққа арап бір оқушыны табады, серігімен жұмысты аяқтаған немесе бітіре бастаған оқушы қолын көтеріп, оған белгі береді. Осыдан кейін екеуі бірігіп, жұмысты жалғастырады. Оқытуды ұйымдастырудың топтық түрі сабақта қолданылады. Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді, әр топта 4-5 оқушыдан болады. Мысалы: “Наурыз мерекесін бейнелейік” деген тақырыпқа көп фигуралы композиция құрау сабағы.

Шығарма композициясының эскизін топ мүшелері бірлесе отырып жобалайды. Осыдан кейін жазықтық бетіне келісім бойынша әрбір оқушы бір бей нені өз бетімен орындайды. Соңында әрбір топтық жұмыс қорытындысы ұжымдық түрде талқыланады. Жұмыстың нәтижесін жолдастарының ұсынысы бойынша бір оқушы баяндайды. Мұғалім жеке топтың жетістіктерін бағалайды және топтың әрбір мүшесінің бағасын жинақтайды.

Сабақта жұмыстың мұндай түрін пайдалану оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдеріне себепші болады. Ол жұмыс барысындағы топтық пікірлатас, ынтымақтастық, өзара жәрдем, өзара түсінісу нәтижесінде оқушылардың тұйық мінезділігін, ұжымнан бөлектену әдетін болдырмауға негізделеді.

Оқытуды ұйымдастырудың дербес түрі бойынша әрбір оқушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Бұл жұмыс негізінен 3-4 сынып оқушыларымен өткізіледі. Берілетін тапсырманың шамамен алынған түрлері: тақырыптық сурет салу сабақтарында табиғат көріністегі тәулік мезгілін /таң сәрі, тал түс, кеш/ көрсету, сәндік сурет сабақтарында белгілі бір ою-өрнектер топтамаларын пайдаланып композиція жасау немесе белгілі бір бұйымды безендіру, өнер туралы әңгіме сабақтарында белгілі суретшілер шығармаларының мазмұнына талдау жасау, тапсырмаларын орындау, үйірмелеріндегі дербес жұмыстарды, үйге берген оқу тапсырмаларын орындау т.б.

3-4 сынып оқушыларына осындай дербес орындайтын тапсырмаларды беру, оларды өздігінен ізденуге, зерттеу жұмыстарына бейімдейді.

Оқушылардың өзіндік жұмысы білімді, икемділікті берік игеруге ғана мүмкіндік жасамай, сонымен қатар, ол жеке адамның құнды қасиеттерін өзін-өзі басқарады, ізденушілікті, көздеген мақсатына жетуге ұмтылушылықты қалыптастырады.

Мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болатын болса, оны ұйымдастыру әрқашан жаңа заманның өскелең талаптарына сай үнемі ізденіске негізделуі қажет. Сабақты белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушының ұжымдық шығармашылық еңбегі деп. қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсат-міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңейеді, икемділік, іскерлік дағдылары дамиды, қоршаған ортаға эстетикалық көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Оқыту мен тәрбиені ұйымдастыруда жаңашыл озық іс-тәжірибелерді терең зерттеп, пайдалана білу мұғалім ісінің нәтижелі болуына әсер етеді.



Каталог: CDO -> 2013-2014
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат лбс: 15 сағат С¤Ж: 45 сағат обс¤Ж: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы Пән: Омыртқалылар зоологиясы
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат
2013-2014 -> Курс жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұСҚАУ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың Әдістемелік нұСҚауы пән Компьютерлік желілер Мамандық
2013-2014 -> Лекция Тақырыбы: Алфавиттер, тізбектер және тілдер
2013-2014 -> Бағдарламасы Жетісай 20 ж мемлекеттік емтихан бағдарламасы құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған
2013-2014 -> Лекция:: 15 Семинар: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ)- 60балл
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Лаборатория: 30 сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет