Лекция:: 30 Лабораториялық: 15 Обсөж 45 СӨЖ



бет18/24
Дата25.04.2016
өлшемі4.49 Mb.
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

2.Түсілтануға оқыту Түсіндіру-жаңа білімді, ереже –заңдылықтарды, бейнелеу құралдары, материалдармен жұмыс істеу ережелерін ауызша айтып көрсету немесе бейнелеу өнеріне байланысты жаңа бейтаныс сөздердің (терминдерді) мағынасын ашып айту болып табылады.

Мысалы, заттан қарап бейнелеу сабағындағы натюрморт жанры туралы әңніме барысында “натюрморт” француз сөзінен алынған “өлі табиғат” деген ұғымды білдіретіндігін түсіндіреді.

Түсіндіру, әсіресе жаңа сабақ мазмұнын ауызша әңгімелеу барысында жиі қолданылады, бірақ бұл түсіндірулер ауызша әңгімелеу жүйесін бұзбай кезеңімен қолданылғаны жөн. Сонымен қатар түсіндіру сабақтың машықтық кезеңінде де орын алады.

Түсіндіру мынадай талаптарға сай болуы керек:



  • жүйелі түсіндіру;

  • дәлелдер келтіру;

  • өлшемдік, түстік салыстыру, мысалдар келтіру;

  • сұрақтарды нақты тұжырымдау.

Әңгімелесу-ол оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім тақырыпқа байланысты әңгіме туындататын сұрақты мұқият ойластырып дайындайды. әңгімелесу жаңа білімді, іс-әрекетр ережелерін жеңіл меңгеруге жол ашады. Проблеманы түсінуде, шешуде мұғалім мен оқушының іс-әрекетін ынтымақтастықта ұйымдастыруға мүмкіндік туады.

Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімдік қорын тексеріп байқауына болады.

Әңгімелесу арқылы оқушылардың ой-өрісі, өзіндік жеке пікір құрастырып, оны жариялау, комуникативтік қабілеттері дамиды, яғни сөйлесу, пікірлесу мәдениеті қалыптасады.

Әңгімелесу нәтижесі көбінесе қойылатын сұрақтардың мазмұнына байланысты. Мұғалім оқушылардың әңгімелесу барысында жауаптары толық, аяқталған болуын қадағалауы тиіс.

Әңгімелесу бейнелеу өнері пәнінің заттан арап бейнелеу сабағында заттардың көлемін, құрылысын, түстік ерекшелігін талдауда, жекелеген өнер туындыларын, композициялық, мазмұндық құрылымына талдау жасауда, оқушылардың аяқталған практикалық жұмыстарын талдауда кеңінен өткізіледі.

Оқу-тәрбие барысында дидактикалық талаптарға сай жоспарланған әңгімелесудің мынадай мүмкіндіктері бар:



  • ой-өрісті, тілі дамыту;

  • оқушылардың білімін тексеру;

  • оқуғы ынтасын арттыру;

  • сөйлеу, сөйлесу мәдениетін дамыту;

  • тәрбие беру;

  • оқытуды ізгілендіру.

Бейнелеу өнері сабағында көрнекілік әдісі демонстрациялау, иллюстрациялау, экранды бейнелеу, дыбыстық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

Демонстрациялау-ол заттың сыртқы пішінін, ішкі құрылысын зерттеу, қатар тұрған нәрселердің пропорциялық қатынасын, кеңістікте орналасуын көрсету, табиғат көрінісін, көңіл-күйін көрсету. Демонстрациялау кезіндегі бақылау, талдау, зерттеуді жүйелі жүргізу керек. Ол заттардың немесе табиғаттың жалпы бейнесін жекелеген ерекшеліктеріне көшу.

Оқушылардың демонстрациялаған көрініс немесе заттар туралы өздері әңгімелеуі өте маңызды. Ол оқушылардың қоршаған орта туралы өз пікірін, көзқарастарын қалыптастырады, коммуникативтік қабілеттерін арттырады. Демонстрациялау кезінде мұғалім әңгімесі басты рол атқармай жетекші рол атқаруы қажет.

Иллюстрациялау-ол заттың, құбылыстың көріністің суреттік бейнелері, яғни бейнелеу ережелері, суретшілер шығармаларының репродукциялары, фото суреттер, кестелер, технологиялық карталарды көрсетужәне сабақ барысындағы мұғалімнің тақтаға орындаған түсіндірме суреттері болып табылады. Бұл тәсіл бейнелеу өнері сабақтарының барлығында дерлік қолданылады. Иллюстрациялау тәсілі мен демонстрациялау тәсілдері бір-бірімен өте тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, сабақта перспектива заңдылықтарын әңгіме еткенде оны алғашында шынайы кеңістікте демонстрациялап көрсетсек, содан соң оны жазықтық бетінде бейнелеу ережелерін ілме көрнекіліктерден немесе тақтада иллюстрациялап көрсетеміз. Иллюстрациялау тәсілінің нәтижелі болуы ол, мұғалімнің көрсету әдістемелік шеберлігіне баланысты. Ол үшін мұғалім көрсетілетін көрнекіліктің сабақ барысындағы дидактикалық маңызын, танымдық ролін анықтап білуі қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай сабан барысында шамадан тыс көрнекіліктер оқушылардың көңілін негізгі мәселеден ауытқуы мүмкін. Сондықтан да мұғалім Алдан Ала дайындаған көрнекіліктерді әңгіме болатын мәселе кезінде ғана бастап көрсеткені дұрыс.

Экранды бейнелік тәсілі мәселені, көріністерді, репродукцияларды, т.б. мәліметтерді кодоскоп, эпипроектор, киноаппараттар, бейнемагнитафон, теледидар, компьютер арқылы көрсету болып табылады. Бұл тәсіл оқушылардың сабаққа ерекше қызығушылығын артырады, танымдық деңгейін көтереді, мәлімет алудағы техникалық құралдардың орнын көрсетеді. Осы техникалық құралдарды, оларға салынатын мәліметтерді мұғалім алдын ала әзірлеп, диафильм, кинофильмдердегі жетекші мәтіндер мазмұнымен танысады. Бұл тәсіл көбінесе суретшілер шығармашылығымн, бейнелеу өнерінің түрлерімен танысу сабақтарында кеңінен қолданылады. Экранды бейнелік тәсіл тек жаңа мәлімет беру ғана емес, сонымен қатар тексеру, бекіту, қорытындылау, яғни дидактикалық іс-әрекеттердің барлығында пайдаланылады.

Бұл тәсілдің тағы да бір ерекшлігі қоршаған ортадағы немесе жұмыс барысындағы ұзақ мерзімді процесті тездетіп көруге болады.

Мысалы, жазғы табиғат көрінісінің күзге айналуын, соған байланысты аспан, жердің өсімдіктердің түстерінің өзгеруі барысын немесе қас-қағымды тез орындалатын жұмыс барысын баяу көтсетуге болады.

Дыбыстық тәсілдерде сабақ барысында оқушылардың жаңа материалды меңгеруіне, қиялдануына, шығармашылық образды елестетуіне мүмкіндік жасайды. Бұл тәсіл грампластинкалар, магниттік таспалар, әртүрлі музыка аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, “Ертегілер кейіпкерлерін бейнелейік” тақырыбындағы сабақта белгілі бір ертегіні толық немесе үзіндісін грам пластинка, магниттік таспа арқылы тыңдатып, оқиға желісін, мазмұнын оқушыларға талдатуға болады. “Табиғат көрініс бейнелейік” деген тақырыпта өткізілетін сабақта өзен-көлдердегі құстардың, терек жапырақтардың шулы немесе музыкалық шығармалар пайдаланып оқушылардың қиялына, елестеуіне көмектссуге болады.

Сонымен көрнекілік әдіс-тәсілдер педагогикалық процестің барлық кезеңінде қолданылады. Олар жан-жақты образды қабылдауға және ойлануға негізгі тірек болады.

Практик алық әдіс теориялық білімді белгілі бір іс-әрекетте жүзеге асару, меңгеру үшін қолданылады. Ол жаттығулар, нобайлар, эскиздер және сабан тақырыбы бойынша суреттер орындау, көркем жобалау (дизайн) жұмыстары болып табылады.

Бейнелеу өнері пәнінде практикалық әдіс басты әдістердің бірі болып саналады, өйткені онда көру, сезініп қабылдаудан басқа барлық дерлік сабақта машықтың іс-әрекет арқылы икемділік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру орын алады.

Жаттығу ол қарындашпен штрих түсіру (тік, көлбеу, доға), қылқаламмен бояу (құрғақ қағаздарды бояу, сулы қағаздарды бояу) жұмыстарына машықтану арқылы сапалы іскерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

Нобайлар, эскиздер орындау заттан арап немесе тақырыптық бейнелеу алдында орындалады, ол болашақ салынатын бейненің композициялық шешімін, тақырыптың мазмұнын, перспективалық көрінісін дұрыс табу мақсатында орындалады.

Машықтық әдіс барысында мұғалім оқушылардың жаңа материалды қалай қабылдағаны және оған байланысты іскерлік дағдыларды қалай меңгергенін де бақылап байқауына болады.

Машықтық әдісті сабан барысында екі түрлі негізде жүргізуге болады, ол жаңа сабақ материалы,жұмыс ережелері түсіндіріліп болған соң оқушылар толық өз бетімен жұмыс істейді, мұғалім бақылаушы,қажет болған жағдайда бейнелеу іс-әрекетінің әрбір кезеңдерін жеке-жеке түсіндіріп,бейнелетіп, мұғалім оқушыларды машықты жұмыс барысында жетелеп отырады.Оқушыларды сабақ барысындағы машықтық іс-әрекеттерді жоспарлы,жүйелі, саналы жүргізуге дағдыландыру керек. Ол оқушыларды кез келген жұмыс барысын жүйелі, ұқыпты ұйымдастыруға тәрбиелейді.

Ол белгілі бір берілген білімді немесе мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекеттің тәсілін қайталау, еске түсіру болып табылады. Мұғалім бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың алдына ұсынылған жаңа білім, жаңа іс-әрекеттерді өткен сабақтардағы біліммен іс-әрекеттерді бірнеше рет еске түсіру арқылы оқытуды ұйымдастырады.

Репродуктивтік әдіс өткен білімді, іс- әрекетті үнемі қайталап еске түсіре отырып жаңа білімді, іс-әрекетті жүйелі бірізділікпен қабылдауды көздейді.

Мысалы,1-сыныптағы “Ұлттық киімдерді әшекейлік” тақырыбындағы сабақта өткен сабақтардағы танысқан ою-өрнектер түрлерін және жолақ ішін безендіру әдістерін сұрақтар қою арқылы еске түсіріп, сол ою-өрнектерді безендіру әдісін қайталап,осы сабақтағы безендіу жұмысына тірек етіп алуға болатындығын айтуға болады.

Репродуктивтік арқылы мұғалім оқушылардың білімдік қорының деңгейін тексеріп, бақылап отыруына қол жеткізеді және оқушылардың өздері меңгерген іс-әрекеттер мен білімдердің өзара тығыз байланысты екендігін танула мүмкіндік жасайды.

Бұл әдісті әр оқу тоқсанның немесе оқу жылы аяғындағы сабақтарда кеңінен қолдану нәтижелі болады.

Пробемалық әдіс-оқу тәрбие барысында оқушылардың алдына тақырыпқа байланысты дүниетанымдық, іс-әрекет проблемалық жағдайлар туғызу. Ол сабан мазмұнына байланысты белгілі бір проблемалық сұрақтар, тапсырмалар, оқушылар сол проблеманы ғылыми, шығармашылық тұрғыдан ізденістер жасап, зерттеп, салыстырып, ойланып шешуге талаптанады.

Проблемалық тапсырмалар жеке оқушыларға немесе ұжымдық, топтық шешу мақсатында беріледі. Ұжымға немесе топтарға қойылған проблемаларды шешу барысында оқушылар бір-бірімен ақылдасып, пікірлесіп, ойланып шешуге әркет жасайды. Ол әрекет оқушыларды ұжымдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар ол әдіс оқушының логикалық ой-өрісін, қиялын, дүниетанымын молайтып, сабаққа ынтасын арттырып, өз ой-пікірлерін дәлелдей білуге үйретеді.

Мысалы, 2-сыныпта “Көктем келді” тақырыбына табиғат көрінісін бейнелеу сабағында оқушыларға мынадай проблемалық сұрақ қоюға болады. Табиғат көрінісіндегі шөптердің, ағаш жапырақтардың жасыл түсі алыстап көкжиекке барған сайын неге көгілдік түске айнала береді?

Көктемгі жылғалардан аққан суға, қағаздан жасап жіберген қайығымыз неге батып кетпейді?

4-сыныптағы “Затқа қарап сурет салу” тақырыбындағы сабақта көк құмыраға түскен сары алманың сәулесі қандай түс болады? Немесе К.Муллашев “Жер және уақыт” шығармасында көкжиек сызығын неге төмен алған? Деген секілді проблемалық сұрақтар қоюға болады. Проблемалық әдіс оқушыларды тек сол қойылған проблема төңірегінде ғана емес, сонымен қатар соған ұқсас проблемаларды да еске түсіріп ойлануға, болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім қабылдауға үйретеді.

Бұл әдіс оқу-тәрбие процесінде оқушылардың алдына қойылған проблемаларды бірте-бірте өз беттерімен шешу үшін алдан ала зерттеу жолдарын ұйымдастыруды үйретеді. Мұғалім оқушылар алдына қойылған проблеманы шешу жолдарын өздерімен бірігіп жоспарлайды. Мысалы, жоғарыда айтылған К.Муллашевтың “Жер және уақыт” шығармасында көкжиек сызығын неге төмен алған? деген проблемалық жағдайды шешу үшін керектігін, екіншіден оған өз бетімен болжам айту керектігін, үшіншіден ол өз болжамын деректермен қорытындылап дәлелдеу керектігін, төртіншіден оны тексеру жолдарын құрыстыру керектігін айтады. Мұғалім осындай жүйе бойынша проблеманы шешуге әкелетін сұрақтар қояды және іздену кезеңдеріне оқушылардың тегіс қатысуын қадағалап ұйымдастырады. Оқушылар осыған дейін алған білімдерін пайдаланып ізденеді.



Бақылау сұрақтары.

1. Түсіндіру талаптары.

2. Дәстүрлі әдістерді ата

29- Лекция Таќырыбы: Педагогикалық тәсіл және түсіл тануға оқыту
Жоспары:

  1. Ауызша және көрнекілік әдістер

  2. Практикалық және репродуктивтік әдістер



  1. Лекция маќсаты: Ауызша және көрнекілік әдістерге , практикалық және репродуктивтік әдістерге тұсінік беру


Лекция мєтіні (ќысќаша)

Ауызша және көрнекілік әдістер - Ауызша әдіс – сабақтың қандай кезеңінде болса да, сұрақ-жауап, әңгімелесу, пікірлесу, нұсқау беру тәсілдерін құрайды. Бұл әдіс көбінесе сабақтың жаңа сабақ кезеңінде басым орын алады.

Мұғалім ауызша баяндайтын материалын алдын ала дидактикалық талаптарға сай дайындайды, ол мәтіннің анық оқушыларға түсінікті болуы көзделеді. Егер де мәтінде оқушыларға жаңа терминдік сөздер ұсынылса, онда лның мән-мағынасы ашылып түсіндірілуі керек. Оқушылардың тақтаға жазылып көрсетілген жаңа терминдік сөзді жұмыс дәптерлеріне түсіріп алғаны жөн. Мұғалімнің әңгімесіндегі мәліметтер белгілі деректермен, ғылыми дәлелдермен бекітілуі керек.



  • Сабақтың ауызша әдісіне бөлінетін уақыт сабақтың тақырыбына байланыстыатқаратын іс-шара мазмұнына немесе сабақтың бейнелеу өнері түрі бойынша қаралуына байланысты.

Мысалы, 1-2 сыныптардағы заттан қарап бейнелеу сабақтарында жаңа сабақты баяндауға 8-10 мин.уақыт бөлінуі мүмкін. Ал өнер туралы әңгіме сабақтарында сабақтың көптеген уақыты (30-35 мин.) ауызша әдіске беріледі. Әрине бұл сабақтарда ауызша әдістен басқа әдіс-тәсілдер пайдаланбайды деген сөз емес, ауызша әдіс көбінесе көрнекілік әдіспен жетеленіп отырады.

Ауызша әдісте сұрақ-жауап, пікірлесу, әңгімелесу сабақты қызықты ете түседі, оқушылар тек тыңдаушы ғана болып қалмай, өзін сол мәселеге қатысушы, араласушы ретінде сезінеді. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талпындырады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа шабыттандырып өздеріне сенімін молайтады, мәселе туралы жеке пікірлерін құрау дағдыларын қалыптастырады. Ауызша әдісте оқушылардың болашақ машықтық жұмысына шығармашылық көзқарасын, қиялын, шабытын ояту үшін тақырып мазмұнына байланысты поэтикалық шығармаларды мәнерлеп оқып, оны қысқаша талдату үлкен нәтиже береді.

Түсіндіру – жаңа білімді, ереже-заңдылықтарды, бейнелеу құлдары, материалдарымен жұмыс істеу ережелерін ауызша айтып көрсету немесе бейнелеу өнеріне байланысты жаңа бейтаныс сөздердің (терминдерді) мағынасын ашып айту болып табылады.

Мысалы, заттан қарап бейнелеу сабағындағы натюрморт жанры туралы әңгіме барысында «натюрморт» француз сөзінен алынған «өлі табиғат» деген ұғымды білдіретіндігін түсіндіреді.

Түсіндіру, әсіресе жаңа сабақ мазмұнын ауызша әңгімелеу барысында жиі қолданылады, бірақ бұл түсіндірулер ауызша әңгімелеу жүйесін бұзбай кезеңімен қолданылғаны жөн. Сонымен қатар түсіндіру сабақтың машықтық кезеңінде де орын алады.

Түсіндіру мынадай талаптарға сай болуы керек:



  • Жүйелі түсіндірлу;

  • Дәлелдер келтіру;

  • өлшемдік, түстік салыстыру, мысалдар келтіру;

  • сұрақтарды нақты тұжырымдау.

Әңгімелесу – ол оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім тақырыпқа байланысты әңгіме туындатады сұрақтарды мұқият ойластырып дайындайды. Әңгімелесу жаңа білімді, іс-әрекет ережелерін жеңіл меңгеруге жол ашады. Проблеманы түсінуде, шешуде мұғалім мен оқушының іс-әрекетін ынтымақтастықта ұйымдастыруға мүмкіндік туады.

Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімдік қорын тексеріп байқауына болады.

Әңгімелесу арқылы оқушылардың ой-өрісі, өзіндік жеке пікір құрастырып, оны жариялау, коммуникативтік қабілеттері дамиды, яғгни сөйлесу, пікірлесу мәдениеті қалыптасады.

Әңгімелесу нәтижесі көбінесе қойылатын сұрақтардың мазмұнына байланысты. Мұғалім оқушылардың әңгімелесу барысында жауаптары толық, аяқталған болуын қадағалауы тиіс. Әңгімелесу бейнелеу өнері пәнінің заттан қарап бейнелеу сабағында заттардың көлемін, құрылысын, түстік ерекшелігін талдауда, жекелеген өнер туындыларының кңомпозициялық, мазмұндық құрылымына талдау жасауда, оқушылардың аяқталған практикалық жұмыстарын талдауда кеңінен өткізіледі.

Оқу-тәрбие барысында дидактикалық талаптарға сай жоспарланған әңгімелесудің мынадай мүмкіндіктері бар:




  • ой-өрісті, тілді дамыту;

  • оқушылардың білімін тексеру;

  • оқуға ынтасын арттыру;

  • сөйлеу, сөйлесу мәдениетін дамыту;

  • тәрбие беру;

  • оқытуды ізгілендіру.

Көрнекілік әдісті әсіресе бастауыш сыныптардың алғашқы сатысында кеңінен қолдану өте маңызды. Ол оқушылардың құбылысты, оқиғаны, мәселені, оны шешу жолдарын көріп сезініп қабылдауына, түсінуіне, есінде сақтауына, заттардың құрылысын, қасиеттерін өз беттерімен немесе оқытушының көмегімен зерттеп тануына мүмкіндік жасайды. Көрнекілік әдіс сонымен қатар оқушының байқампаздық, есте сақтау, салыстыру арқылы талдау қасиеттерін дамытады.

Бейнелеу өнері сабағындағы көрнекілік әдісі демонстрациялау, иллюстрациялау, экрандық бейнелеу, дыбыстық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.



Демонстрациялау – ол заттың сыртқы пішінін, ішкі құрылысын көрсету, қатар тұрған нәрселердің пропорциялық арақатынсын, кеңістікте орналасуын көрсету, табиғат көрінісін, көңіл-күйін көрсету. Демонстрациялау кезіндегі бақылау, талдау, зерттеуді жүйелі жүргізу керек. Ол заттардың немесе табиғаттың жалпы бейнесінен жекелеген ерекшеліктеріне көшу.

Оқушылардың демонстрацияланңан көрініс немесе заттар туралы өздері әңгімелеуі өте маңызды. Ол оқушылардың қоршаған орта туралы өз пікірлерін, көзқарастарын қалыптастырады, коммуникативтік қабілеттерін арттырады. Демонстрациялау кезінде мұғалім әңгімесі басты рөл атқармай жетекші рөл атқаруы қажет.



Иллюстрациялау – ол заттың, құбылыстың, көріністің суреттік бейнелері, яғни бейнелу ережелері, суретшілер шығармаларының репродукциялары, фото суреттер, кестелер, технологиялық карталарды көрсету және сабақ барысындағы мұғалімнің тақтаға орындаған түсіндірме суреттері болып табылады. Бұл тәсіл бейнелеу өнері сабақтарының барлығында дерлік қолданлады. Иллюстарциялау тәсілі мен демонстрациялау тәсілдері бір-бірімен өте тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, сабақта перспектива заңдылықтарын әңгіме еткенде оны алғашында шынайы кеңістікте демонстрациялап көрсетсек, содан соң оны жазықтық бетінде бейнелеу ережелерін ілме көрнекіліктерден немесе тақтада иллюстрациялап көрсетеміз. Иллюстрациялау тәсілінің нәтижелі болуы ол, мұғалімнің көрсету әдістемелік шеберлігіне байланысты. Ол үшін мұғалім көрсетілетін көрнекіліктің сабақ барысындағы дидактикалық маңызын, танымдық рөлін анықтап білуі қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай сабақ барысында шамадан тыс көрнекіліктер оқушылардың көңілін негізгі мәселеден ауытқуы мүмкін. Сондықтан да мұғалім алдын ала дайындаған көрнекіліктерді әңгіме болатын мәселе кезінде ғана бастап көрсеткені дұрыс.

Экранды бейнелік тәсілі мәселені, көріністерді, репродукцияларды, т.б. мәліметтерді кодоскоп, эпипроектор, киноаппарттар, бейнемагнитофон, теледидар, компьютер арқылы көрсету болып табылады. Бұл тәсіл оқушылардың сабаққа ерекше қызығушылығын арттырады, танымдық деңгейін көтереді, мәлімет алудағы техникалық құралдардың орнын көрсетеді. Осы техникалық құралдарды, оларға салынатын мәліметтерді мұғалім алдын ала әзірлеп, диафильм, кинофильмдердегі жетекші мәтіндер мазмұнымен танысады. Бұл тәсіл көбінесе суретшілер шығармашылығымен, бейнелеу өнерінің түрлерімен танысу сабақтарында кеңінен қолданылады. Экранда бейнелік тәсіл тек жаңа мәлімет беру ғана емес, сонымен қатар тексеру, бекіту, қорытындылау, яғни дидактикалық іс-әрекеттердің барлығында пайдаланылады.

Бұл тәсілдің тағы бір ерекшеліігі қоршаған ортадағы немесе жұмыс барысындағы ұзақ мерзімді процесті тездетіп көруге болады.

Мысалы, жазғы табиғат көрінісінің күзге айналуын, соған байланысты аспан, жердің, өсімдіктердің түстерінің өзгеру барысын немес қас-қағымда тез орындалатын жұмыс барысын баяу көрсету болады.

Дыбыстық тәсілдерде сабақ барысында оқушылардың жаңа материалды меңгеру, қиялдауына, шығармашылық образды елестетуіне мүмкіндік жасайды. Бұл тәсіл грампластинкалар, магниттік таспалар, әр түрлі музыка аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, «Ертегілер кейіпкерлерін бейнелейік» тақырыбындағы сабақта белгілі бір ертегіні толық немесе үзіндісін грмпластинка, магниттік таспа арқылы тыңдатып, оқиға желісін, мазмұнын оқушыларға талдатуға болады. «Табиғат көрінісн бейнелейік» деген тақырыпта өткізілетін сабақта өзен-көлдердегі құстардың, терек жапырақтардың шуылы немесе музыкалық шығармалар пайдаланып оқушылардың қиялына, елестетуіне көмектесуге болады.

Сонымен көрнекілік әдіс-тәсілдер педагогикалық процестің барлық кезеңінде қолданылады. Олар жан-жақты образдық қабылдауға және ойлануға негізгі тірек болады.



2. Практикалық және репродуктивтік әдістер - Практикалық әдіс теориялық білімді белгілі бір іс-әрекетте жүзеге асыру, меңгеру үшін қолданылады. Ол жаттығулар, нобайлар, эскиздер және сабақ тақырыбы бойынша суреттер орындау, көркем жобалау (дизайн) жұмыстары болып табылады.

Бейнелеу өнері пәнінде практикалық әдіс басты әдістердің бірі болып саналады, өйткені онда көру сезініп қабылдаудан басқа барлық дерлік сабақта машықтың іс-әрекет арқылы икемділік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру орын алады.

Жаттығу ол қарындашпен штрих түсіру (тік, көлбеу, доға), қылқаламмен бояу (құрғақ қағазды бояу, сулы қағазды бояу)жұмыстарына мащықтану арқылы сапалы іскерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

Нобайлар, эскиздер орындау заттан қарап немесе тақырыптық бейнелеу алдында орындалады, ол болашақ салынатын бейненің композициялық шешімін, тақырыптың мазмұнын, перспективалық көрінісін дұрыс табу мақсатында орындалады.

Машықтық әдіс барысында мұғалім оқушылардың жаңа материалды қалай қабылдағаны және оған байланысты іскерлік дағдыларды қалай меңгергенін де бақылап байқауына болады.

Машықтық әдісті сабақ барысында екі түрлі негізде жүргізуге болады, ол жаңа сабақ материалы, жұмыс ережелері түсіндіріліп болған соң оқушылар толық өз бетімен жұмыс істейді, мұғалім бақылаушы, қажет болған жағдайда нұсқау беруші ретінде болады. Ал келесі жағдайда бейнелеу іс-әрекетінің әрбір кезеңдерін жеке-жеке түсіндіріп, бейнелетіп, мұғалім оқушыларды машықты жұмыс барысында жетелеп отырады. Оқушыларды сабақ барысындағы машықтың іс-әрекеттерді жоспарлы, жүйелі, саналы жүргізуге дағдыландыру керек. Ол оқушыларды кез келген жұмыс барысын бжүйелі, ұқыпты ұйымдастыруға тәрбиелейді.



Бақылау сұрақтары

  1. Ауызша және көрнекілік әдістер

  2. Практикалық және репродуктивтік әдістер


30- Лекция. Таќырыбы: Сабақтың дидактикалық бөлімін жұмыстың толық бағытын меңгере отырып игеріп алу
Жоспары:

  1. Мектепте бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі дидактикалық принциптері

  2. Бейнелеу заңдылықтары

Лекция маќсаты: Сабақтың дидактикалық бөлімін жұмыстың толық бағытын меңгере отырып игеріп алу туралы жалпы түсінік
Лекция мєтіні (ќысќаша)

1. Мектепте бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі дидактикалық принциптері

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің мазмұны педагогика ғылымына негізделіп құрылады. Соның ішінде бейнелеу өнерін оқытуда педагогика ғылымы зерттеп, көрсетіп берген дидактиткалық принциптерді басшылыққа ала отырып, жұмысты ұйымдастыру үлкен нәтиже береді, оқыту мен тәрбие беру процесін ғылыми тұрғыда жүйелендіреді. Алдымен дидактикалық принцип тер жөнінде айтпас бұрын педагогика ғылымындағы дидактика туралы әңгіме етейік.

Дидактика- бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos- үйретуші, didaktikos- мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика-білім беру мен теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактика жалпы немесе жекеленген пәндерді оқыту ерекшеліктерін зерттеп, білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады.

Педагогика ғылымының даму тарихында дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670ж.ж.) өзінің “Великая дидактика” кітабында оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабан жүйесі туралы баяндаған. ХҮІІ ғасырда швейцария педагогы Иоганн Генрих Песталоци (1746-1827 ж.ж.) дамытып оқыту принциптерінің жэүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістері жүйесінің негізін жасады.

ХІХ ғасыр неміс педагогы Фридрих Вільгельм Адольф Дистервег (1790-1866 ж.ж.) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процес інде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнекілік, еліктегіштік, жергілік, оқытушылардың дербес ерекшеліктерін, ескеру, жақыннан қашықтыққа, оңайдан күрделіге көшу т.б.

Ресейде орыс дидактикасының дамуына үлес қосқан педагог ғалым К.Д.Ушинський, ал Кеңес үкіметі кезінде осы педагогика саласының ілгерілеуіне алкен әсерін тигізген Н.К. Крупская, П.П. Болонский, С.Т. Шамкий еңбектері болды.

Педагогика ғылымының “Дидактика” саласына белгілі қазақ педагог-ғалымджары, азарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Мәржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әлжанов т.б. шығармашылықпен еңбектеніп, өз үлестерін қосты.

Соның ішінде қазақтың ұлттық педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.) қазақ балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми-әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері-бұл балалардың сабаққа, ғылымға, өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін оятатын жол.

Оқыту және тәрбие беру барысында осындай дидактикалық озық тәжірибелерді зерттеп, жинақтап, оларды педагогикалық өз іс-тәжірибесінде орынды пайдалана білу педагогикалық жетістіктің негізі, жетекшісі болатындығы сөзсіз.

Ал енді оқыту мен тәрбие берудегі дидактикалық принциптерге келетін болсақ, ол оқытуға қойылатын талаптардың белгілі жүйесі. Оқыту жүйесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Принцип-латын сөзі “негізгі”, “бастапқы”деген ұғымды білдіреді.

Сонымен, мұғалім өзінің педагогикалық тәжірибесінде мынадай дидактикалық принциптерді ұстанады.

Оқу барысында игерілетін әр тақырып, әр мәселе ғылыми дәлелдерге негізделіп берілуі керек, ол оқушылардың қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы шынайы көзқарасының, дүниетанымдық және адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді. Сондықтанда оқыту әдістемесінің негізінде ғылымилық принцип орын алуы тиіс.

Бейнелеу өнері мұғалімінің міндеті-бейнеленуші табиғат көрінісінің немесе құрылысының заңдылықтарын және оларды жазықтық бетінде бейнелеу заңдылықтарын түсіндіріп көрсету арқылы оқушылардың сурет салу барысында ойлау дағдысын қалыптастыру. Ол оқушылардың бейнелеу өнері пәнін басқа да математика, дүниетану сияқты адамның жан-жақты дамуына әсер ететін ғылыми танымдық пән ретінде тануына мүмкіндік жасайды. Мектептегі бейнелеу өнері оқушылардың Алдана бірнеше оқу міндеттерін қою қажет, ол оқушылардың қоршаған ортаны зерттеу арқылы танымдық көзқарасын, білімін тереңдетіп дамытады, өз бетімен ізденіске тәрбиелейді. Бұл міндеттер бейнелеу өнеріне оқытудың негіді болып табылып, ол оқушылар Алдана белгілі бір жүйемен, бірізділікпен қойылады.

Бейнелеудің ғылыми негіздері перспектива, түстану, жарық-көлеңке, анатомия және т.б. ұғымдарға бағытталады.

Суретті тұрғызудағы перспектива заңдылықтарын әңгімелей отырып, оқушылардың жұмыс барысында сызықтық, кеңістіктік перспективалардың сақталуын қадағалап, талап етеді. Заттардың құрылысына талдау жасап, оқушылардың оны бейнелеуде пайдалана білуі қадағаланады. Оқушылардың сурет салу мақамы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ бей нені қағаз беті не орныластыру, кеңістікті, көлемді көрсету, пропорцияны сақтау талаптары сақталуы тиіс, өйткені ол сурет салудың ғылыми дәлелденген негіздері болып табылады. Қоршаған орта шынайлылығын көркем қабылдау барысын ғылыми негізсіз ұйымдастыру мүмкін емес. Осыған орай П.П. Чистияков “Жоғарыда, шынайы живопись өнері ғылымсыз күнелтуі мүмкін емес, ғылымның ең биік көрсеткіші өнерге айналады”,-деп жазған болатын. Белгілі суретшілердің өз іс-тәжірибесінде ғылымды кеңінен пайдаланғандығын тарихтан білеміз, оған Леонардо да Винчи, Дюрер т.б. әйгілі суретшілердің перспектива, пропорция, анатомия жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын атап атйға болады. Олардың бейнелеу өнерінде ашқан кейбір ғылыми жетістіктері қазіргі кездегі оқыту әдістемелерде кеңінен пайдаланып келеді.

Танымдық ғылыми мәліметтер, әсіресе, тақырыптық бейнелеу, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында оқушылардың композиція жасауда шығармашылық жұмыстарын ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, ойланып бейнеленуіне мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын оятып, тек оны бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар сол мәселе жөнінде қосымша ізденіп білуге талаптандырады.

Мысалы, “Ғарышқа саяхат” тақырыбында сурет салу сабағында ғарыш әлемі, ғарыш денелерінің атаулары, олардың орналасуы жөнінде ғылыми дәлелді әңгімелер айталады. Ғарыш кемелері, олардың құрылысы жөнінде мәліметтер біріледі. Бұл мәліметтер оқушыларға танымдық білім беріп, өзденрінің тақырыптық композицияларын ойластырудағы ғылыми негіздерді пайдалануға көмектеседі.

Графикалық суреттер салуға қарағанда кескіндемелік жұмыстарға оқыту үлкен қиындықтар туғызатындығы бейнелеу әдістемесінен белгілі.

Мысалы, көк құмыра мен сары алмадан тұратын оқу натюрмортын бейнелеу сабағында оқушы гуашь бояуымен көк құмыраға сары алмадан түскен қызғылт-сары рефлекс түсіріп жалпы үйлесімді әдемі жұмыс шығаруы мүмкін. Мұғалім жұмысты қарап алғашқы пікір бойынша “өте жақсы” деген бағаға бағалауы да мүмкін. Бірақ ол жұмысты ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талап қарайтын болсақ, оқушы жұмысынан кемшіліктер табуна болады, өйткені ол жұмысты түстанудың береже-заңдылықтарын дұрыс сақтамай орындаған.

Түстану заңдылығы бойынша көк құмыраға сары алмадан түскен “шағылыс жарағы” (рефлекс) қызғылт сары емес,, жасыл түс болуы тиіс. Оқушы көк құмыраға қазғылт сары шағылыс жарығын тек көк гуашь бояуының өзіндік қасиетіне байланысты түсіру арқылы қол жеткізген, егер жұмыс акварель бояуымен орындалса, онда көк түстің үстіне жағылған қызғылт сары бояу кір түс шығарар еді.

Бұл жағдайда мұғалім оқушыларға түстану және қосымша түстану заңдылықтарын түсіндірмеген. Оқытудың ғылыми принциптілігін сақтай отырып, мұғалім оқушыларға бояулардың негізгі қасиеттерін, қосмымша түстер заңдылықтарын көрнекі кестелер арқылы көрсетіп түсіндіруі керек еді.

Өкінішке орай, кейбір жағдайда өнердегі ғылыми негізсіз, білімсіз яғни санасыз іс-әрекеттер қоршаған ортаны, заттарды шығармашылық тұрғыдан бейнелеу деп танылып бағаланады. Әрине оқушыларды соның ішінде бастауыш мектеп оқушыларын тек заңдылықтарға ғана жүгіндіріп, олардың сезімдік әсерін шектеуге де болмайды.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінде оқушының сезімдік әсерімен ғылыми дәлелдерінің жігін үздіксіз ұштастыра білу мұғалімнен үлкен әдістемелік шеберлікті талап етеді.

Бейнелеудегі ғылыми дәлелсіз, ғылыми мәліметтерсіз тек сезімдік әсерге сүйену оқушылардың қоршаған орта жөніндегі жалған көзқарастарын қалыптастыруы мүмкін.

Осыған орай П.П. Ростовцев: “Заттар сезімінің арқасында пайда болмайды, сезім заттар арқылы пайда болады” деген болатын.

Бейнелеу өнерін ғылыми негізсіз оқыту оның басқа пәндермен қатынасын, байланысын ажырата түседі, яғни мектептегі оқыту мен тәрбие процесінің бірізділігін жояды.

Өнер туралы әңгіме сабағында белгілі классикалық бейнелеу өнерінің композициялық шешімін, түстік үйлесімін, тақырыптық мазмұнын өнертану ғылымының заңдылықтары бойынша талдау жүйесін түсіндіріп көрсетеді. Сонымен қатар бейнелеу өнерінің әр кезіңіндегі кубизм, сюреализм, абстрактизм секілді ағымдар туралы түсінік беріліп, осы ағымдарда орындалған шығармашылық жұмыстардың философиялық мағынасын оқып қабылдауды үйретеді.

Ол оқушылырдың бейнелеу өнері туындыларын қандай ағымда орындалмасын оларды тек қызықтаушы ролінде емес, үлкен ғылыми қағидаларға негізделген көзқараспен арап қабылдауға тәрбиелейді, эстетикалық талғамдарын арттырады, философиялық дүниетанымын қалыптастырады.

Өнер тарихында белгілі орын алған П.Пикассо, С.Дали т.б. дәстүрлі емес бейнелеу өнері нақыштары мен әлемге әйгілі шығармалар қалдырған суретшілердің тақырыпты ашудағы компзициялық шешімі мен бейнелеу нақышын таңдап алудағы әсер етуші сыртқы (қоғамдық сана, идеологоия, тарих) және ішкі (суретшінің философиялық дүниетанымы, шығармашылық шеберлігі, таланты т.б.) күштер жөнінде ғылыми зерттелурді әңгіме етуге болады.

Осы секілді Қазақстан бейнелеу өнеріндегі “қазақ сюрреализмін” дүниеге әкелушілердің бірі Е. Төлепбаевтың шығармалырындағы ұлттық психология және философиялық көріністерін ашып көрсетіп өнертану негіздерін меңгертеді.

Заттан қарап сурет салу сабақтарында оқушылар затты байқап, танып жазықтық беті не сыртқы бейнесін бейнелеп қана қоймай, оның қаңқасының құрылысын да зерттеп таниды. Мысалы, текшенің (куб) бейнесін жазықтық беті не бейнелеместен бұрын оқушы бір інші оның көлемін анық байқап, оның негізгі қырларын және сол қырлар құрап тұрған жазықтық беттердің кеңістікте орна ласу бағытын дұрыс арап жалпы текшенің сызықтық құрылысын елестетіп, тек содан кейін ғана жазықтық беті не көмекші сызықтар арқылы бейнелей бастайды.

Мұғалім осылай тек шені сыныпқа көрсетіп, оның құрылысымен танысып, зерттеге мүмкіндік жасаған соң оны бейнелеуді тапсырса, онда оқушылар өз мүмкіндігінше жазыықтық бетінде текшенің көлемін көрсетіп бейнелеп шығады.

Ал егер оқушыларға ешқашан көрмеген нәрсені бейнелеу тапсырылса, онда оқушылардың көпшілігі зат бейнесін жазықтық бетінде дұрыс көрсете алмайды. Өйткені олардың санасында көрмеген затқа байланысты образдық елесті құрастыру қиынға түседі. Кез келген зат бейнесін жазықтық беті не дұрыс түсіру үшін, алдымен бейнелеуші сол заттың құрылысы, көлемі, қоршаған ортадағы орны, дүниетанымдық мәні жөнінде білікті болуы қажет екендігін айтуға болады. Бейнеленуші зат жөніндегі біліктілік оқушының сол затты жазықтық беті не бейнелеуді саналы түрде ойланып, заттың сыртқы бейнесін ғана емес, сонымен қатар ішкі құрылысын да елестете сезінуіне мүмкіндік жасайды. Осыған орай Микеланджело “Суретші қолмен емес, бас пен салады” деген болатын

Сонымен, адам баласы бейнелеу арқылы қоршаған әлемді таниды және оны зерттейді. Қоршаған орта шындығын тану, қабылдау ғылымға және өнерге негізделуі қажет.

Бейнелеуге мектепке дейінгі және төменгі сыныптар оқушылары үнемі үлкен құлшыныспен, ынтамен танысып, ал сынып сатысы жоғарылаған сайын бейнелеуге ынталы балалардың қатары біртіндеп азая бастайтындығы белгілі. Бұл жағдайдың себебі сабақта оқушылардың алдына сыныптар сатысы жоғарылаған сайын ұсыналатын оқу материалдарының ғылыми дүниетанымдық негізсіз берілуі.


Каталог: CDO -> 2013-2014
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат лбс: 15 сағат С¤Ж: 45 сағат обс¤Ж: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы Пән: Омыртқалылар зоологиясы
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат
2013-2014 -> Курс жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұСҚАУ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың Әдістемелік нұСҚауы пән Компьютерлік желілер Мамандық
2013-2014 -> Лекция Тақырыбы: Алфавиттер, тізбектер және тілдер
2013-2014 -> Бағдарламасы Жетісай 20 ж мемлекеттік емтихан бағдарламасы құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған
2013-2014 -> Лекция:: 15 Семинар: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ)- 60балл
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Лаборатория: 30 сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет