Лекция:: 30 Лабораториялық: 15 Обсөж 45 СӨЖ



бет5/24
Дата25.04.2016
өлшемі4.49 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

2. Канондық жүйе - Адамның басын салудың, мыңдаған жылдар бойғы қалыптасқан салу жолдары бар. Әр заманда, кезеңде сурет өнерін оқып-үйренуде айшықты із қалдырған, тіпті қазірге дейін қасиетін жоймаған методикалық жолдар, жеке суретшілердің өз заманында жазып кеткен оқулықтары бар. Олардың өзіндік тарихы және бүкіл өнер әлеміне үлесі ұшан-теңіз.

Адам баласы сонау ерте заманнан айналадағы қоршаған табиғатты, жануарлар дүниесін және өз болмыс-тіршілігін бейнелеуге әршқашан ынтық болды, соған қызықты. Соның ішінде адам бейнесін салу ерекше қарқынмен дамыды. Оған осыдан 30-40 ғасыр бұрын Пасха аралының тұрғындары жасаған тас мүсіндер немесе Мысырдағы фараондардың мүсіндері, тас бедеріне қашалған ежелгі суреттер дәлел бола алады.

Қазіргі заман өнері немесе сурет салу жолдарының түп тамырының өзі осы өнер туындыларынан басталғанына күмән жоқ.

Сонау елу ғасырдай тарихи жолы бар Пасха аралының тас мүсіндері, яғни ондағы адам бейнесі жалпылама пішінде жасалған, әсіресе бастың пропоционалдық өлшемдерінің жалпы пішіні өте дәлдікпен алынғанына қайран қаласын. Яғни, ол кензбдегі суретшілердің де өзіндік мектебі, сурет салу жолдары болғанға ұқсайды. Бірақ, бір өкініштісі олардың әдістемелері бізге жетпеген.

Ал, Мысыр суретшілерінің өзіндік мектебі, сурет салу жолдары болғаны бізге белгілі. Олар ада бейнесін бейнелегенде немесе алып мүсіндер жасағанда өзіндік әдіс – «канонға» сүйеніп жасайтын болған.

Онда адам мүшелері мен пропорционалдық өлшемдері өте дәл математикалық есепке негізделген болатын.

Олар ортаңғы саусақтың ұзындығын адам бейнесінің өлшемі етіп алған. Осы өлшем арқылы бастың пропорциялық көлемін тауып, жүздеген жыл бойы пайдаланып келді.

Мысыр мектебінің методикалық әдістерін негізге сала отырып, Еуропада грек және итальян суретшілері оны әрі қарай дамытты. Б.д.д. 432 жылы әйгілі мүсінші Поликлет өзінің «Пропорциялық заңдылық» еңбегін жазды және бірінші рет бейнелеу өнерінде адамның қимыл-қозғалысын, психологиясын көрсететін Дорифор мүсінін өмірге келтірді.

Бұл өнер әлемінде жаңа бетбұрыс жасаған әдістеме еді. Осыдан кейін, ондаған ғасырлар бойы адам пішіні, жансыз тас сияқты бейнелеуден шыншылдығы мол табиғи көрініске ие болды. Енді көптеген грек суретшілері бейнелеуді табиғи натурадан салуды мақсат етіп қойды.

Адам бейнесін шыншылдықпен бейнелеуде, сол кездегі итальян суретшілері біршама табысқа жетті. Олар өздерінің еңбектерінде ешқандай әсерлеуге бармай, асыра сілтеме, тек табиғи бейнесін, табиғи адам мінез-құлқын берді.

Бірақ ертедегі итальян суретшілері сурет әдістемесіне айтарлықтай ештеңе қоспалы, олар тек грек өнерін қайталап жалғастырушы болды.

Ал, орта ғасыр дәуірінде өнердегі шыншылдық пен әседік, ұлы өнер туындылары христиан дінінің келуіне байланысты, соның құрбаны болды. Тамаша өнер туындылары із-түссіз жоғалып қиратылды немесе отқа жағылды. Ертедегі бай методикалық еңбектер күл-қоқысқа айналды. Осыдан өнер қайта өрлеу дәуіріне дейін ғылыми тұрғыда дамымады.

Бұл дәірде суретшілерге бұрынғыдай натурадан салуға, табиғат аясында еңбек етуге тыйым салынды.

Қайта өрлеу дәуірінде өнер қайтадан жанданып, ең жоғары шарықтау шыңына жетті. Өнер дамуының жаңа дәуірі басталды. Талай ғасырдан кейін өнер ғылыми әдістемелік тұрғыда дами бастады.

Осы кезде қазіргі өнер тануының негізін салушылар: Альберти, Леонардо да Винчи, Альбрехт Дюрер, Рафаэль, Микеланджело т.б. ұлы суретшілер өмірге келді. Олар сурет өнерін бұрын-соңды болмаған биікке көтерді.

Альберти - Флоренцияның ұлы суретшісі, тұңғыштардың бірі болып сурет салудың теориясын жазды, сонымен қатар сурет өнерін ғылыммен байланыстырып, байытуды алғаш ұсынды.

Ал, Леонардо да Винчи талай ғасырлар бойы рұқсат етілмеген адам ішкі құрылысын зерттеп, адам анатомиясын оқып үйренуде тамаша жетістіктерге де жетті және көптеген әдістемелік еңбектер жазды. Ол өзінің еңбегіне былай деп жазды: «Суретті салғанда ұсақ бөлшектерден емес, оның жалпы пішінін бейнелеп –сызудан бастауц керек», -деді. Оның бұл теориясы сурет салуда заңдылық болып қалыптасады.

Қайта өрлеу дәуірінің аса ірі теоретик-суретшісінің бірі – Альбрехт Дюрер перспективалық кеңістіктің қыр-сырын зерттеп, оның сурет салудағы маңызын алғаш жазғндардың бірі болды. Сонымен қатар А.Дюрер алғаш рет адам баласының стильдік пішінін (формасын) жасап, басты салуды жеңілдетудің тамаша үлгісін өмірге әкелді. Бұл үлгі обрубовка деп аталады. Ол өзінің методикалық тәжірибесінің жинақтай келіп, адам басының пропорциялық жалпы құрылымын (конструкциясын) ойлап тапты.

Альбрехт Дюрердің бұл ойлап тапқан сурет салуда классикалық үлгі болып қалды, оны қазірге дейін барлық оқу орындарында пайдаланды.

Бұлардан кейін сурет теориясына өз үлесін қосып, оны дамытқан: П.Рубенс, А.Ивона, Жюльен т.б. суретшілері болды.

Ал орыс суретшілерінің ішінде: А.П.Лосенко, А.Е.Егоров, А.П:Сапожников, И. Н.Крамской және П.П. Чистяков көп еңбектеніп, біраз жаңа әдістер енгізді. Бейнелеу өнерінде нақты бір адамның ( немесе адамдар тобының) сыртқы кейпін бейнелеуді портрет деп атайды. әрбір портрет суреті салынып отырған адамға (немесе суретшілердің тілімен айтқанда, модельге) ғана тән, өзіндік ерекшеліктерді береді.

Алайда портреттің көркемдік құндылығы сыртқы ұқсатықпен ғана бағаланбайды. Портрет өнері адам бейнесіндегі сыртқы ұқсастықпен қатар оның рухани мүдделерін, әлеуметтік жағдайын, өз өмірін сүріп отырған дәуірге тән белгілерді бейнелеуді талап етеді. Оның үстіне портрет автоары, әдетте, портреті салынып отырған адамның сыртқы кейпіндегі және ішкі жан дүниесіндегі ерекшеліктерді жай ғана көрсете салмайды: суретшінің ол адамға деген жеке көзқарасы, оның дүниетанымы, шығармашылық мәнері шығармаға өз таңбасын қалдырды.

Портрет салуда немесе белгілі бір үлкен тақырыпта композициялық шығарма жазуда суретшіге адам анатомиясын жетік білу өте қажет. Ол суретшіге адам денесінің құрылысы жайында ең қажетті мәліметтер береді. Суретшінің назарын адамның кейпі мен қозғаласын байқап, ұға білуге, осы кейіпке тән ерекше белгілерді екінші дәрежелі бөлшектерден (деталь)айыра білуге көмектеседі.

Мәселен, портрет салып үйрену үшін әуелі адам баласының суретін салып, жаттығу қажет. Бұл үшін суретші бастың құрылысын: бас сүйекті, бас сүйектің бұлшық ететрінің орналасуын, олардың атауларын және бас сүйектің пропорциясын жеткі білуі қажет.

Суретші бастың суретін салуға кіріспе бұрын ең алдымен бас сүйек қорабының құрылысына, бұлшық еттердің орналасуының анатомиялық заңдылығына назар аударып, беттің сұлбасын (схема) зерттеуі тиіс. Мұны білу басты дұрыс бейнелеу үшін ғана емес, сонымен бірге адамның мінезін, сезімдері мен қуаныш-күйінішін де беру үшін қажет.

Сөйтіп, натураны мұқият қарап болғаннан кейін, оны түрлі бұрылыстар мен ракустарда зерттеп, басты бейнелеуге мейлінше қолайлы қалыпты таңдап алғаннан соң, жұмысқа кірісуге болады.

Ол үшін көптеген көмекші сызықтарды пайдалана отырып, бастың сұлбасы қағаз бетіне түсіріледі де, содан кейін мұрынның үстіңгі қырын қуа, бетті қақ жарып, төмен қарай тік ортақ сызық жүргізіледі. Бастың жасалған сұлбасы көлденең сызықтр арқылы бірдей

Ежелгі римде де өнерге, соның ішінде бейнелеу өнеріне өте үлкен сүйіспеншілікпен қарады. Ауқатты адамдар грек суретшілерінің туындыларынан коллекциялар жинап, тіпті ақсүйектер мен үкімет қызметкерлері сурет және кескіндемемен (живопись) айналысты. Суретке оқыту Римдегі жалпы білім беру мектерінде жүргізілді.

Бірақ Римдіктер грек суретші педагогтарының жасаған бейнелеуге оқыту әдістемесін одан әрі дамытып жетілдірмеді, керісінше, кейбір оқыту әдістерін олар сақтай алмады. Грек суретші-пелагогтары бейнелеу өнерінің басты мәселелерін шешуге талпынып, өз шәкірттерін бейнелеуге оқуды ғылым арқылы игеруге шақырып, бейнелеуге ұсақ кәсіп ретінде емес үлкен шығармашылық ретінде қарау керектігін түсіндірсе , ал Рим империясының суретші –педагогтарын бейнелеу өнерін оқытуды одан әрі дамыту мәселелері көп алаңдатпады. Олар бейнелеу өнеріне ұсақ кәсіп ретінде қарап, бейнелеуге оқытуда тек үлгіден көшіру әдісімен шектеліп, ұлы грек шеберлерінің жұмыс тәсілдерін қайталады.

Сөйтіп римдік суретшілер гректер жасаған бейнелеуді оқыту әдістемелерін біртіндеп жоғалта бастады.

Ұлы Рим империясы құлаған соң орта ғасырда шынайы өнер жетістіктері мүлдем жоққа шығарылды. Суретшілері бейнені жазықтық бетінде тұрғызу ережелерін, гректер жасаған оқыту әдістерін (император Константин және папы Сильвестр тұсында) білмеді. Ағарту ісіне қарсы болған христиан шіркеулері грек шеберлерінің теориялық еңбектерін, сонымен қатар бейнелеу өнерінің аса құнды туындыларын аяусыз құртып талқандады. Өнерге деген сүйіспеншілік, өнерге табынушылық деп танылып қудаланды.

IX-XI ғасырлардағы дағдарыс-тоқыраудан кейінгі қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің және оны оқыту әдістемесінің даму тарихына үлкен әсерін тигізді.



Бақылау сұрақтары:

  1. Канондық жүйе

  2. Қайта өрлеу дәуірі суретшілерінің ісі

8 - лекция. Таќырыбы: Қайта өркендеу дәуіріндегі академиялық білім беру жүйесіндегі бейнелеу әдістемесі және оның құрылуы.
Жоспары:

  1. Бейнелеу әдістемесінің дамуына үлес қосқан суретшілер

2. Дюрерьдің „Көлемді жалпылау“ әдістемесі

Лекция маќсаты: Қайта өркендеу дәуіріндегі академиялық білім беру жүйесіндегі бейнелеу әдістемесі және оның құрылуытуралы жалпы түсінік

Лекция мєтіні (ќысќаша)
1. Бейнелеу әдістемесінің дамуына үлес қосқан суретшілер Бейнелеу мәселелерімен Ченнини Ченнино, Альберти, Леонардо да Винчи, Дюрер және т.б. бейнелеу өнерінің шеберлері айналыса бастады. Олар табиғи құбылыстар заңдылықтарын түсіну мақсатындағылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, бейнелеу өнерін ғылыммен байланыстырды. Жұмыстың нәтижелі болуына археологиялық қазбалардан табылған өнер үлгілері және Ежелге Грекияның ұлы өнері жөніндегі тарихшылар қалдырған деректер көмектесті. Қайта өрлеу суретшілері антикалық өнерүлгілерін зерттеу барысында игерген теориялық білімдерін өздерінің шығармашылық жұмыстарында пайдаланды және перспектива, анатомия, пропорция ілімдерін зерттеп жетілдіруді басты мақсат етіп алды.

Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бейнелеуді оқыту әдістеріне байланысты біршама құнды пікірлер айтты. Олар бейнелеуді оқытудың негізі заттан қарап бейнелеу болу керек деді. Мысалға, Ченнино өзінің кескіндеме туралытрактатында «Байқасаң , салтанатты қақпа арқылы жетелеп өнерге апаратын ең жетілген жетекші – ол заттан қарап бейнелеу» деп жазған. Ченнино бейнелеуді оқытуда теориялық білім негіздерін игеру үшін мұғалімнің жүйелі басшылығы қажет деп санады.

«Живопись туралы үш кітап» еңбегінде Леон Баттиста Альберти бірқатар құнды әдістемелік ережелер ұсынды. Ол бейнелеуді маңызды ғылыми пән ретінде қарастырды. Өнерге оқытудың нәтижелі болуы ғылыми біліктілікке байланысты деп жазды. Альберти оқыту әдістемесіне ғылыми негіздеме бере отырып сурет салу тек қолды жаттықтыру емес, ақыл –ойды жаттықтыру деп қарастырды. Бұл қағиданы басшылыққа алып кейіннен Микеланджело «суретті қолмен емес баспен салады» деген болатын.

Альберти оқыту процесінің барлығын заттан қарап бейнелеуге байланысты құрауды ұсынды. Оның ұсынған әдістемелік оқыту жүйесіне көңіл аударсақ: бірінші нүктелер және түзу сызықтармен танысу, содан соң әр түрлі бұрыштар, жазықтықтар, соңында көлемді денелермен таныстыруды ұсынған. Осыған орай «бейнелеуді енді ғана үйренуге кіріскен жастар бірінші әріптің бейнесін жеке-дара, яғни бұрынғылардың айтуынша элементтерін оқиды, содан соң буындарды оқиды,тек осыдан кейін сөзді құрастыруды оқиды» деп жазды.

Альберти бірізділікті сақтай отырып, оқушыны сызықтық перспективаның негізгі қағидаларымен таныстырып ауа перспективасы жөнінде де әңгіме етеді. Оның жасаған кейбір ережелері әлі күнге дейін бейнелеу өнерін оқытуда қолданылып келеді. әрине нәтижесінде Альбертидің бірқатар әдістері қате деп табылды. Ол екінші кітабындағы суретсалуда ілмені (завес) пайдалануды ұсынуы еді.

Ілмені пайдалану әдісіне дәлірек тоқталатын болсақ, бейнеленетін зат пен суретшінің арасына кергішке керілген мөлдір қағаз (калька) немесе жұқа мөлдір мата (кисея), кей жағдайда жіптерден торлапкерілген кергіш қойылды. Суретті нәрсені әдейі әзірленген көздеу құралы арқылы нысанаға ала отырып ілме бетіне түсірді. Бұл әдіс перспектива заңдылықтарын дәл сақтап бейнелеуге мүмкіндік жасады, сонымен қатар айтарлықтай кемшілігі де болды: ол суретсалуды механикалық жобалауға айналдырды.

Дегенмен XV ғасырда бейнелеу әдістемесінің дамуына суретші-ағартушы Альбертидің қосқан үлесі зор болды. Бейнелеу әдістемесінің дамуыне үлкен әсерін тигізген Леонардо да Винчидің «Живопись туралы кітап» еңбегін айтуға болады. Альберти сияқты Леонардо да Винчи де бейнелеуге негізгі ғылыми пән ретінде қарады. Леонардо «ілме» арқылы бейнелеу тәсілі оқушыларға зиян екенін айтып: «Бұл ойластырылған құралдан бас тарту керек, өздігінен сурет сала алмайтын адамдар үшін бұл бағыт ақыл –ойларына зиян келтіреді және оның көмегінсіз ешбір жақсы дүние жасай алмайды» деп жазды.

Леонардоның болымды әдістерінің бірі өткен жаңа материалды бекіту мақсатында есте сақтау арқылы суретсалу болды. Ол: «Егер сен жаңа танысқан нәрсені жақсы есіңде сақтағың келсе, онда мына тәсілді пайдалан: бір нәрсені бірнеше мәрте көшіріп салған соң, ол есіңде қалды деп ойласаң, онда оны үлгіден қарамай бейнелеп көр», -деп жазды. XX ғасырда Ресей бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Кеңес үкіметіне дейінгі ғылыми ізденістердің аясында болды. Оған мысал ретінде Г. В . Беданың «Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздері» еңбегін келтіруімізге болады.

Бейнелеу өнері мұғалімдерінің кәсіби деңгейлері мен дайындығын көтеру болып табылад. Реалистік бейнелеу өнерінің сауаттылығы мен суретті көріністен салудың композициялық принциптерінің теориялық және практикалық сұрақтары қарастырылады.

Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып оны көз алдымызға елестете аламыз.Бейнелеу өнерінің ерекшілігі суретшінің өз көзімен көріп түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде . Сонау ерте заманда адам айнала қоршаған ортасын қызықтырған табиғат құбылыстарын топыраққа балшыққа тасқа түсіріп бейнелеген сол арқылы табиғат сұлулығын ұқты.Жан-жануарлардың әрекетін мінезін зертттейді.Атам заманда жартастарға үңгірлерге қашап салынған суреттер өздерінің шыншылдығымен әсерлігімен көрерменді тамсандырды. Археолог Марселено Алътамира үңгіріндегі ертеден қалған өнер туындылары бар. Осы үңгірде бейнеленген түрлі хайуанат суреттерінің мұнан 40 мың жыл бұрын салынған екен. Сондықтан олар қазіргі заманға жеткен ең ескі өнер туындысы болып табылады. Осындай суреттер Сахара, Мексика,Амазонка өзенінің айналасы\нда өзіміздің елімізде Кавказ тауларында Сібірде Қазақстан аймағында Қапшағай маңайында Шығыс Қазақстан таулы аймақтарында тағы басқа Жерлерде кездесіп жүр. Қола, темір дәуірлерінде осы аймақта мекендеген біздің ата-бабаларымыздың қолынан шыққан өнер шығармалары өзінің бейнелігілімен айтар ойының тереңдігімен ғалымдар суретшілер назарын аударып отыр. Шығыс Қазақстан обл. Бұғытас жартасынан табылған сурет. Бұл сурет өзінің көмегімен үлкенділігімен өте шебер әдемі салынуымен көзге түседі.

Бұғының жалпы келбетін оның дене мүшелерінің салыстырмалы өлшемдерін дәл бере білген. Олардың шеберлігі соншалық жануардың кейбір мінез-құлқын көрсететін дене мүшелерін дәл сала білген. Ерте дүние адамында шыншылдық пен байқампаздық қасиеті цивилизациясы жоғары елдердің адамдарына қарағанда әлеқандай дамыған сондықтан біз ерте дүние өнерін жай кеддейсоқтықтан туған деп қарамай оған көп көңіл бөліп қастерлеу қажет. Өйткені өнердің бастауы бұлағы. Келе-келе сурет өнерінің дамуы арқасында сәулет өнері мүсін живописъ өмірге келді. Енді адамдар сәулетті сарайлар қалалар ірі қорғаныс құрылыстарын салды. Ғажайып мүсіндер туғызды. Жартастан адам таңданарлық өнер кереметтерін туғызды. Әлем өнерін айтқанда оған өзінің үлесін қосқан тамаша өнер туындыларынқалдырған ата-баба өнері өнер мәдениеті жағынан сол кездегіесік ,алтын адамы алтыннан тігілген алтын адам киімі сирек кездесетін өнер туындысы.Сурет салу үшін үйрену өзімізге ұнаған табиғат денелерін көріністерін түрлі-түсті бояулар арқылы бейнелеуде алдыменен табиғат денелерінің сәнділігін әдемілігін тану денелердегі әдемілікті көру. Сол әдемілікті көру оны халыққа көрсету суретшінің міндеті.

Сурет пен бейнелеу өнері бұған қол өнерді қоспағанда қазақ халқында кеш дамыған кәсіптің бірі. Ерте заманда шариғатты қатты ұстаған мұсылман елі бейнелеу өнерін әсіресе сурет салуды оның ішінде адам бейнесін салғызбаған.Сол кезбегі өнерге ұмтылған азаматтарға кінә тағылаиын болса егер де салынған адам бейнесін көретін болсақ ол адамды жазаға тартқан соққыға жыққан болар еді. Шариғаттың тәртібі бойынша адам бейнесін салуға қатал тиым салынған. Сол себептен қазақ халқының өнері Ұлы Октябръ революциясынан кейін дамыды. Живописъ өнеріне алғаш жол тартқан 20-30 жылдары Ә.Қастеев. болды.Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшіліктерін танытуды оқушылардың табиғат сұлулығын халық өмірінің көріністерін тұрмыс салтын мерекелерін еңбек түрлерін жүйелі түрде қабылдауы және мүмкіндігінше өзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білу. Машықтарын қалыптастыруды көздейді. Бейнелеу өнері сабақтары оқушылардың практикалық білім мен көркемдікті түсінуін үйлесімді ұштастыра білген, өнердегі әсемдікті сезіне білген,шыңдалу биіктігіне көтерілді. Әсіресе мүсін өнері көне грек дәуірінде дамыды. Солардың бірі екі қанатты қыз баланың бейнесі апалы-сіңлілі оларды муза деп атады. Өнер мен ғылымды мәңгі жастық шақты паш ететін өнер туындысы болды. Жалпы бейнелеу өнері , суретші қауымы арасында үлкен дағдарысты әңгімелер туғызды. Әсемдік, біздің жан дүниеміз деген болатын Леон Баттиста Алъберти қолдан салынған пейзаждар мен портреттер балық пен аң аулау шомылу бақташылар ойыны мен жапырағы шешек атқан ағаштар бейнеленген әр түрлі көріністерді көргенде ерекше шаттыққа кенгеледі.Алъберти квартроченто дәуірінің ең көрнекті және жан-жақты дарынды қайраткерлері бірі болды. Даңқты сәулетші және өнер теоретигі живописъ, мүсін, архитектура жөніндегі трактаттардың авторы болған ол сонымен бірге ақын, музыкант, философ, шешен, математик, физик болды. Ертедегі Қайта дәуірлеу кеіндегі италъян суретшілері ондай болған жоқ.Олар сарайлар мен шіркеулердің қабырғаларын әшекейледі, орасан зор монументтер тұрғызды дін басылары мен императорларға кардиналдарға ірі саудагерларге қызмет етті.Халық перзенттері болған соң халық мүддесіне өмір сүрді.



2. Дюрерьдің „Көлемді жалпылау“ әдістемесі Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне енгізген Дюрердің «көлемді жалпылау» әдісі аса құнды жетістік болды. Сол кездегі ағартушы-суретшілер кеңінен пайдаланған бұл әдіс қазіргі кезде де бейнелеуге оқытудың классикалық әдістерінің бірі ретінде қолданылып жүр.

Қайта өрлеу дәуірінің ұлы неміс суретшісі Альбрехт Дюрер бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі жөнінде, сондай-ақ жалпы өнер мәселелері жөнінде аса құнды теориялық еңбектер қалдырды. Ол өзінің «... кімде-кім өзі нені болса да білсе, қажет еткен өзгелерге соны оқыту керек» деген гуманистік көзқарасымен де ерек де ерекшеленеді.

Осыған дәлірек тоқталатын болсақ: адам саусақтарын білезік буынына дейінгі бейнесін перспективада дұрыс бейнелеу өте қиын, ал оқуды жаңа бастаған адамға мүлдем алынбайтын қамал тәрізді. Осы қиындықты жеңілдету үшін қол саусақтарын бірінші қарапайым геометриялық пішінге айналдырып, яғни «көлемді жалпылап» бейнелеуді ұсынды. Күрделі пішінді адам басын бейнелеуді жеңілдету мақсатында Дюрер бейнелеудің алғашқы сатысында қолданылатын әр түрлі геометриялық пішіндерден тұратын, ағаштан шабылып жасалған тәрізді адам басының үлгісін жасады. Ол үлгі обрубовка деген атпен әлі де көптеген оқу орындарында пайдаланылып келеді.

Дюрердің күрделі пішіндерге талдау (анализ) жасау және адам басының құрылысын зерттеу ережелері қазіргі кездегі бейнелеу өнерін оқытуға арналған әдістемелік әдебиеттердің барлығында дерлік кездеседі. Ол жалпы педагогика және оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жөнінде де бірқатар пікірлер қалдырды.

Қайта өрлеу дәуірі суретшілерінің ісін қорытындылай келіп, олардың біріншіден, бейнелеу ережелерінің ғылыми теориялық негіздерін жасаудағы шексіз еңбектерін атауға болады. Олардың перспектива заңдылықтары жөніндегі еңбектері кеңістіктегі үш өлшемді нәрселерді жазықтық бетіне бейнелеудегі қиындықтарды жеңуге көмегін тигізді.

Кейбір қайта өрлеу дәуірінің суретшілері барлық уақытын перспектива,жарық,көлеңке,пропорциялық заңдылықтарды ғылыми тұрғыдан зерттеуге арнады. Қайта өрлеу дәурінің шеберлері практик-суретшілерге ғана емес, сонымен қатар педагогтарға бейнелеу өнерінің аса құнды үлгілерін, ереже заңдылықтарын қалдырғанмен, олар өз алдарына оқыту мен тәрбие жүйесін жасауды мақсат етіп қоймады.

Бұл маңызды жұмыспен XVI ғасырдың аяғында ашылған Көркем Академия айналыса бастады. Осы уақыттан бастап бейнелеуге оқыту арнаулы оқу орындарында жүргізілді.

XVII ғасыр бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихындағы жаңа педагогикалық жүйе академиялық жүйенің қалыптасу кезеңі болды. Жаңа жүйе тек оқушыларға ғанаемес, сонымен қатар педагогке де нақты талаптар қоя бастады. Оқыту әдістемесі және тәрбие ғылыми негіздерге сүйене отырып құрылуы керек деп табылып, академия ұстаздары «өнер,суретші жетістігі –ол құдайдың сыйы емес, еңбек пен ғылыми танымның нәтижесі» деп уағыздады.

Академилық жүйемен оқытудың ерекшелігі өнерге оқыту, ғылыми ағарту және биік мақсаттарға тәрбиелеумен қатар жүргізіледі.

Академтялық жүйе бойынша бейнелеуді меңгерген оқушы қоршаған ортаға ғылыми көзқарасы қалыптасып, әлемді таныды. Бұдан, бейнелеуге оқу барлық адамға пайдалы деген ойды тек өнер адамдары ғана емес, сонымен қатар халық ағарту ісінің қайраткерлері де насихаттай бастады.

Бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пайдалы пән ретінде тану жөнінде чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670 ж.ж.), ағылшын педагогы және философы Джон Локк (1632-1670 ж.ж.) «Тәрбие туралы ойлар» кітабында, француз философ –энциклопедистті Жан Жак Руссо (1712-1778 ж..ж.) «Эмиль» еңбектерінде жазды. Руссо қоршаған орта шындығында тану үшін балалардың сезім мүшелерін нәрсеге қарап суретсалу арқылы дамытуға болады деп жазды. Ол сурет салуды табиғатаясында өткізу керек, өйткені, оқушы перспективалық заңдылықтарды өз көзімен көріп түсінеді, сонымен қатар табиғатты байқау арқылы ол өзінің талғамын тәрбиелейді, табиғатты сүюді үйренеді, оның әдемілігін түсінеді. Бейнелеуге оқыту тек қана нәрседен қарап бейнелеуге негізделуі керек. Баланың табиғаттан басқа оқытушысынемесе нәрсенің дәл өзінен басқа көшірмесі болмауы тиіс, үйден үйден, теректі теректен қарап бейнелеуі керек деген болатын.

Бірақ, осындай белгілі адамдардың қолдауы бола тұра XVII-XVIII ғасырларда бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектептерге өз алдына жеке пән ретінде енгізілмеді. Тек XIX ғасырдың басында Швейцария педагогы Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1827 ж.ж.) ықпалымен бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енгізіле бастады. Песталоцци сурет салуға оқытудың, әсіресе бастауыш сыныптарда маңызы зор екендігін айтты. Оның айтуынша жазуға үйренбес бұрын сурет салуға үйрену керек, өйткені сурет салу дағдысы жазуды меңгеруді жеңілдетеді.

Дұрыс ойлану үшін қоршаған ортадағы табиғатты дұрыс көре білу керек. Ол біліктілікке жетудің бірден бір тәсілі- суретсалу деді.

Песталоцци суретсалуға оқыту әдістемесі туралы көзқарасын өзінің «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?» кітабында жазды. Песталоцци өзі суретші болмағандықтан, сурет салу әдістемесінің кәсіби ережелерін жасамады, бірақ сурет салуда көз мөлшерді дамытуға, нәрсе көлемін түсінуге, сурет салу әдісін меңгеруге жеке-жеке әдістеме жасау қажет екендігін айтты. Осы жұмыстарды оның шәкірттері мен ізбасарлары жалғастырды. Песталоццидан соң бейнелеу жалпы білім беретін пән ретінде барлық бастауыш мектептерге енгізіле бастады. Сонымен қатар орта білім беретін мектептерге де арналған бейнелеу әдістемесіне байланысты еңбектер көптеп басылып жарық көрді. Соның ішінде Песталоццидің шәкірті Иосиф Шмидттің еңбектері аса жоғары танымал болды.

И. Шмидтің ойынша бейнелеуге оқыту барысында арнаулы жаттығулар дайындау қажет:

1. Қолды дамытуға және оны сурет салуға дайындау жаттығуы ;

2. Әдемі пішінді табу және жасау жаттығуы;

3. Елестетуді дамытуға арналған жаттығу ;

4. Нәрселерді геометриялық бейнелеу жаттығуы ;

5. Перспективада бейнелеуге жаттығу.

XIX ғасырдың бірінші жартысында ағайынды Александр және Фрединанд Дюпюилердің жасаған әдістемелері ерекше танымал болды. Сол олар жасаған әдітеме дұрыс, жаңа және алдыңғы қатарлы деп табылып, дүние жүзінің көптеген оқытушыларының тәжірибесінде қолданылды. 1835 жылы Парижде олар қолөнершілерге және оқушыларға арнап ақысыз бейнелеу мектебін ашты. Ағайынды Дюпюилер өздерінің әдістемелерін осы мектепте пайдаланды. Фрединанд алғашқы оқыту сатысының әдістемесімен жұмыстанды, ал Александр адам басын және адам денесін бейнелеуді оқыту әдістемесін жасады.

Ресейде бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өте ертеде қалыптасты.

XI ғасырда кітап графикасы мен миниатюра өзінің жоғарғы дамуында болды. Осы кездегі үлгілер бейнелеу өнерімен шұғылданған оқушылардың суретсалу сауаттылығын меңгергенін байқатады. Бұл кездегі суретті жалпы ұштықпен салу дами отырып, бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесі көшіріп сурет салумен шектелді. Ресейде сурет салу жалпы білім беру пәні ретінде XVIII ғасырдың басында бірінші рет дами бастады.

Сурет жалпы білім беру пәні ретінде кең өріс алып, 1732 жылы Кадет корпусында, 1747 жылы Ғылым академиясы жанындағы гимназияда, 1764 жылы Воскресенск монастыріндегі кішігірім сурет шеберханасында өрбіді.

Осы оқу орындарының бәрі кәсіби –суретшілер дайындауды алға мақсат етіп қойған жоқ, олар өз тәрбиеленушілеріне қарапайым білім беретін мақсатты ұстанды.

1735 жылы неміс және орыс тілінде И.Д. Прейслердің «Негізгі ереже немесе көркем сурет салудағы қысқа жетекшілік» атты сурет туралы оқулық жарық көрді. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосқан Сурет Академиясының суретші-педагогтары А.П. Лосенко және В.К. Шебуев көп еңбек сіңірді.

XIX ғасырдың басында Орыс көркем академиясы Батыс Еуропа көркем академияларының алдыңғы қатарынан орын ала бастады. Орыс көркем академиясының алғашқы түлектерінің бірі-О. А. Кипренский.

XVIII ғасырдың бірінші жартысы мен XIX ғасырда Орыс көркем академиясы сурет мектебінің Ресейдегі ең үздік әдістемелік орталығы болып саналды.

1834 жылы А. П. Сарожниковтың «Сурет салу курсы» атты жалпы білім беретін оқу орындарына арналған алғашқы оқулық жарық көрді. А. П. Сапожников әдістемесінің мақсаты көріністен, яғни тұлғадан қарап суретсалудың негізін қалайды.

1804 жылы училище, гимназияларға орта мектептерде суретпән ретінде қабылданды. 1879 жылы Строганов мектебінде сурет мұғалімдерін даярлайтын курс ашылып, Ресей мектебін бейнелеу өнері маманы бойынша мұғалімдермен қамтамасыз етіп отырды.

Жалпы алғанда, бейнелеу өнеріне сабақ ретінде көңіл аударылуы және оның әсіріесе тәрбиелік мәнінің зерттелуі 1970 жылдардың аяғы, 1980 жылдардың басынан басталды. Мысалы, 1978 жылы Я.Я. Чарнецкийдің «Преемственности в изобразительной деятельности дошкольников и младших школьников как фактор формирования художественных интересов учащихся» атты зерттеуі жарық көрді. Онда балабақша жасындағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қызығушылық сезімін қалыптастыру жөнінде айтылады. Келесі бір зерттеу жұмысы В. Т. Тихомировтың «Восприятие произведений изобразительного искусства как средство общего и нравственногоразвития младших школьников» /1983/ деп аталады. Бұл жұмыста бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы туралы айтылады. Осы тұрғыдан бұл жұмыс біз зерттеп отырған мәселемен үндесіп жатыр. Тақырыпта көрсетілгендей автор бейнелеу өнері пәніндегі қабылдаудың жалпы тәрбиелік ықпалы мен әсіресе, адамгершілікке тәрбиелеудегі ықпалын тәптіштеп ашуға ден қояды.

Алъбрехт Дюрер (1471-1528) бұлар өмір сүрген кезең Германия тари хында елеулі кезеңдерді бастан кешірді.Ол қолөнер,өнеркәсіп, сауда-саттық істермен аты шыққан Нюренберг қаласында дүниеге келді.Алъбрехт әке өсиеттерін бұлжытпай орындап ол әсіресе сурет,графика, өнеріне ерекше назар аударады.Дюрер салған суреттер “Автопортрет””Әке портреті”

“Адасқан ұл”т.б.болды.Ол портрет жанрының шебері еді.Лукас Кранах (1472-1553)Солтүстік Франкониядағы Кронах деген шағын қалашықта өмір сүрді.Портре жанрымен шұғылданды, және кескіндеме саласында пейзажбен көп шұғылданды.Германияда қайта өрлеу дәуірі Италиядағыдай ұлы өзгеріс, ескінің бәрінен шынайы тазару процесін келмеді. Онда орта ғасырдағыдай ой- өріс, сана –сезімі әлі күшті сақталды.

Сәулет өнерінде готикалық әсер күшті болды. Оның бір айғағы – фасадтары көшеге қараған инедей үшкір шпилдердің көптігі.Бірақта ел билеушілері ең ақсүйектердің әсем сарайлары Ренесанс әдісі құрылысқа бет бұрды.Осындай баяу дамыған өзінде Германияда Қайта өрлеу өзіндік белгі із қалдырды.әсіресе неміс сұңғатының бұрын-соңды болмаған биікке көтерілді Бірақ та сұңғаттың бұл ағымы көпке ұзамады, оның өмірі қысқа болды.Небәрі жиырма отыз жылға созылды.15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында елде жүргізілген діни –«Сенімді тазалау»реформациясы және ішкі тап күресі, шаруалар күресі Германияда жағдайды шиеленістіріп өркендеп келе жатқан тамаша Ренесан с өнері біржолата құртты. Германияда қайта өрлеу дәуірі сұңғаты Италия суретшілері сұңғаты өзіндік ерекшелігі болды. Италия сұңғатында өмірге деген құлшыныс қуаныш сезімі басым болса неміс өнерінде қайғы-мұң, қатаңдық,өшпенділік сезімдер белең алып жатты.Неміс сұңғатын тілге тиек етіп алсақ ең бірінші еске түсетінні –Матияз Грюнвалъд.»1470-1528)

Бұл суретшінің аты да жұмыстары да жүздеген жылдар бойы айтылмай келді, халық көзінен тысқары сақталды. Бұл шығармалары күшті драматизмге толы, ашық шындықты жеріне жеркізе білген,әсерлі суретші болды.Ең атақты жұмыстарының бірі – «Колмара»»Франк»

Қаласындағы Изейнгеиск алътарындағы туындылары.Соның бірі –майлы бояуумен жазылған биіктігі үш метрлік ағаш атанған Хайса пайғамбардың бейнесі.Суретші көп қиналған жан түршігерлік азаптауды басынан өткізген қансыраған пайғамбар бейнесін керемет әсерлі бере білген.

Қолтумадағы қара қошқыл фонт-аспан қайғылы уақиғаны одан әрмен қоюландыра түседі. Осы дәуірдегі ұлы суретшінің бірі әлем өнер ілімінде өзіндік жол салған ғұлама ғалым, график Алъбрехт Дюрер (1471-1528) Ол бұрын-соңды болмаған қайталанбас график суретші болды. Ғалыс суретші алғаш рет сурет салудың ілімін толық қанды етіп, жазды.Алғаш рет бас салудың ықшам , дұрыс әдістемесәін сызып ойлап тапты.Тағы бір тамаша суретшінің бірі Лукас Кранах тың үлкені болды. 1472-1559)

Бұл суретші көбінесе портреттер мен үлкен қолтумалар алътардағы жазумен айналысты. Оның қолтумаларының негізгі арқауы діни аңыздағы қиял ғажайып құбылыстар.Оюлары көбінесе ашық жарқын түсті болып келеді, жұмыстарындағы тағы бір ерекшелік әсіресе адам бейнесін жазғанда кейіпкердің бастарын домалақтау етіп, көздерін ұзыншақ қыли қиықтау етіп алады.Осы ерешелігімен ақ Лукас жұмыстарын тез тануға болады.



Каталог: CDO -> 2013-2014
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат лбс: 15 сағат С¤Ж: 45 сағат обс¤Ж: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы Пән: Омыртқалылар зоологиясы
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат
2013-2014 -> Курс жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұСҚАУ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың Әдістемелік нұСҚауы пән Компьютерлік желілер Мамандық
2013-2014 -> Лекция Тақырыбы: Алфавиттер, тізбектер және тілдер
2013-2014 -> Бағдарламасы Жетісай 20 ж мемлекеттік емтихан бағдарламасы құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған
2013-2014 -> Лекция:: 15 Семинар: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ)- 60балл
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Лаборатория: 30 сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет