Лекция: 30 сағ. Практикалық (семинар): 15 сағ. СӨЖ: 45 сағ. ОбсөЖ 45 сағ. Барлық сағат: 135 сағ


Балаѓа ат ќою рєсімініњ ырымдыќ мєні



бет10/16
Дата28.04.2016
өлшемі2.36 Mb.
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Балаѓа ат ќою рєсімініњ ырымдыќ мєні


Балаѓа ат ќою рєсімі, кµбінесе, шілдехан ойын-сауыќ кезінде орындалады. Ертеде нєрестеге ат ќою рєсімін, негізінен, жан±ядаѓы ењ ‰лкен ±лаѓатты кісі орындаѓан. М±сылман дінініњ рєсімі бойынша балаѓа “Азан шаќырып ат ќою” рєсімін ќарт діндардан ќажыѓа дейін ќ±дай жолына берілген, иманы кєміл, адал жанды, ардаќты адам орындайды. Т±рмыстыќ жєне єлеуметтік жаѓдайѓа байланысты, балаѓа ат ќою рєсімін ата дєст‰рінен аумай, салтанатты т‰рде µткізудіњ мєні зор,. Жан±яда балаѓа ат ќою рємімін орындаушылар кезегі: баба, ата, єке, ана, т.б. Егер баланыњ бабасы бар болса, ол-‰лкен баќыт. Батасын беріп, бабасы ат ќойѓан ±рпаќ, кейін бабасын маќтанышпен еске алады, оныњ бауырмашылдыѓы, ‰лкен адамды ќ±рметтеуі басќалардан басым болады.

Балаѓа ат ќоюда ќазаќ халќы, кµбінесе,атаќты адамдардыњ атын ќойды дєст‰рге айналдырѓан. Мысалы: елін с‰йген ерлердей болсын деп халыќ ±л балаларын: Алпамыс, Тµлеген, Бауыржан,Тоќтар деп атаса, ќыз балаларын: Мєнш‰к, Єлия деп атайды, мµлдір махаббат пен асќан с±лулыќты ќастерлеген халыќ ќыз балаларын кµбінесе: Баян, Жібек, Аќтоќты,Ќарашаш, Айгерім, Аќбала деп атайды.

Ертеде баласы т±рмай, шетіней берген соњ ата-ана ырым етіп, балаларына-Итбай,Байбµрі, Итемген, К‰шікбай, т.б. ат ќойѓан.

Аттыњ атау кезінде жан-ж‰йеге єсер ететін, єдептілікке бейімдейтін ќасиеттері сол аттыњ µз мєніне байланысты болады.

Балаѓа ат ќоюда ±лаѓаттылыќ пен жауаптылыќ ќажет. Кейде баланыњ бастапќы аты ол µсе келе т‰рлі себептерден “дуалы” ауыздардан шыќќан ќосымша атаулармен µзгеріп отырады (Єбілмємбет-Сабалаќ-Абылай, Ыбраим-абай, Сєдуаќас-Сєкен, т.б.).

Єрбір адам есімініњ µзіне лайыќ маѓынасы болатындыќтан, ат ќоюда сол ат ќоюшы есімініњ т‰пкі мєнін, болашаќтаѓы мањызын жаќсы білуге тиісті. Ќазаќ есімдерініњ кµбісі кµне т‰рік, араб сµздерінен болѓандыќтан, есімдердіњ мєнін кез-келген адам біле бермеуі м‰мкін (мысалы: Ыќлима-асыл, Ахмет-маќтаулы, Єбдікерім-мейірман,Баян-айќын, Ѓабит-Бас июші, Ѓали-бай, Зєкір-ес, Сєбит-берік, Перизат-єдемі, Лєззат-тєттілік, Мєрзия-с‰йкімді, Медет-жєрдем, Рахат-тыныштыќ, Уєли-єкім, Таѓай-наѓашы, Талѓат-µњ, рењ, т.б.).

Бесік тойы дєст‰рініњ ±лттыќ мєні

Ќазаќ баласыныњ бесігі-ќ±с тµсек, жастыќ, жаялыќ, жµргек, ќол бау, тізе бау, тізе жастыќ, бесік кµрпе, ш‰мегі мен т‰бегі тазалыќ ‰шін ыњѓайлы нєрселерден даярланѓан, екі басы доѓаша иіліп жасалынѓан, ќ±рау шабаќтары ныѓыз ќиюластырылѓан, екі ќос аяќтары дµњес табанды, арќалыѓы µрнектелген жан±я.

Бесікке салу рєсімі кµбінесе, баланы ќырќынан (ќырыќ к‰ннен соњ шілде шашын ќырќып, суѓа к‰міс тењге салып шомылдыру) шыѓарѓан соњ кішігірім той ретінде µтеді. Бесікке салу рєсіміне шаќырылѓан ауыл-‰йдыњ єйелдері шашуын, жол-жорасын ала келеді. Баланы алѓаш рет бесікке бµлеу рєсімі ±рпаќ µсірген ‰бірлі-ш‰бірлі єйелге тапсырылады. Бесікті жабдыќтау, Бесік шашуын жасау, т‰бек ‰стін отпен аластау, баланы бµлеу ырымдары мен дєст‰рлерін орындау мерйлі, µнегелі т‰рде ж‰ргізілуге тиіс. Баланы бесікке салушыѓа жєнге оныњ кµмекшілеріне ата-ана атынан кµйлек, жаулыќ сияќты сый тартылады. ‡лкендер батасын беріп, баланыњ ер жетуіне, ананыњ ‰бірлі-ш‰бірлі бола беруіне тілектестік білдіреді. Ана ќуанышы, аналар мейірімі, ырымдаѓы имандылыќ пен ізеттіліктер, бата беру дєст‰рі аналардыњ аналыќ махаббатын арттырып, мерейін тасытады.

Беташар.


Беташар-ќазаќ халќыныњ келін т‰сіру салтанаты кезінде, келінді ќ±рметтеп, оѓан тєлім бере айтылатын дєст‰рлі салт жыры. Беташар келін т‰сіру тойы ортасынан ауѓан кезде басталатын. (Ќазіргі салт бойынша беташар жыры жар-жар жырынан соњ айтылады). Б±рын той асы ішіліп,сауыќ ќызѓан кезде, б±ѓан дейін оњ жаќта шымылдыќ ішінде жања ж±рт алдынан ж‰з тасалап отырѓан келінді басына шєлі б‰ркеп, екі келіншек ( екі жењгесі) екі жаѓынан ќолтыќтап кµпшіліктіњ алдына алып шыѓады. Єуелі ‰шеуі ќоса келіп, ќалыњ кµпке тізе б‰гіп сєлем береді. Осы кезде келінніњ бетін ашатын кісі ( жыршы, аќын немесе ауылдыњ осындайѓа бейімі бар єнші жігіті) б±лардыњ ќасына барып т±рады. Келінніњ енесі аќша, тењге т‰йілген жібек орамалды ќамшыныњ сабына, немесе таяќтыњ ±шына байлап, бет ашатын кісініњ ќолына ±статады. Ол ќамшыныњ сабымен (таяќтыњ ±шымен) келінніњ кеудесіне дейін т‰скен шєліні желпіп т±рып беташар жырын айтады. Жања т‰скен келінніњ моралдыќ (µнегелік, адамгершілік) (зањы) кодексі іспетті болып табылатын б±л беташар жыры ‰ш бµлімнен т±рады. Бірінші бµлімде жыршы келінніњ кµрік келбетін маќтайды.

Беташардыњ екінші бµлімінде жыршы єндетіп т±рып келінді жања ж±ртпен – ауылдыњ аќсаќалдарымен, µзініњ атасымен, енесімен, ќайнаѓалары-мен, абысындарымен, ќайындарымен жеке-жеке (µлењмен) таныстырады.


Келін сєлем ќылатын єрбір адамныњ мінез-ќ±лќын суреттеп, єрќайсысына арнайы сєлем еткізеді. Бет ашушы “Пєленге бір сєлем!”

деген сайын екі жаѓындаѓы екі келіншек келінніњ бетін ашып, ќайта жабады, келін иіліп, аталѓан адамѓа таѓзым етеді. Сµйтіп, ол т‰скен жеріндегі адамдармен єрі танысып, єрі олардыњ жаќсы ќылыќтарынан

‰лгі-µнеге естіп, тєлім алады.

Беташардыњ ‰шінші бµлімінде жыршы келінніњ ж‰зін кµргендері ±шін ‰лкендерден кµмек с±райды.

Осы арада жыршы кейбіреулердіњ сарањдыѓын шенеп, єжуа-к‰лкіге айналдырып ж±ртты да, келінді де к‰лдіреді. Сµйтіп, ол келінге тойѓа келген ќалыњ кµптен мал жинасып береді. “Келінніњ бетін кім ашса, сол ыстыќ” деген мєтел осыдан туѓан. Беташар жыры арќылы халыќ жас келінді келін боп т‰скен к‰ннен бастап тєрбиелейді.

Сыњсу.

Сыњсу-ќазаќ халќыныњ ќыз ±зату дєст‰ріндегі рєсімніњ бір т‰рі. Б±л рєсім бойынша ±затылѓан ќыз ењ єуелі ±затылар алдында бір жаулыќ-ты жамылып, ењ жаќын жењгесімен, не сіњлісімен сыњсып (жылай ќоштасып) µзініњ м±њын айтады. Сыњсудыњ м±њлы єуені, м±њайып айтылатын сµздері, кµбінесе, ескі замандаѓы бойжеткенніњ “еріксіздігін” бейнелейді.¦затылѓан ќыз “ауылмен ќоштасу” рєсімінде туѓан туыс-ќандарымен ќоштасу ретінде µзініњ ќ±рбы-ќ±рдастары мен тетелес сіњлілерін жєне жас жењгелерін ертіп ж‰ріп, ауыл арасында (Сыњсу-ќимай жылау деген маѓынаны білдіреді.


Сыњсудыњ негізгі маќсаты ±затылѓан ќызды кµп жылатпай, оныњ ќоштасуы арќылы еліне, ж±ртына, ата-анасына деген с‰іспеншілігін бейнелеу, сол арќылы “µзі болѓан ќыз тµркінін танымас” болып кетпей ата-анаѓа, туѓан-туысќандарына мейір-шапаѓатын, саѓынышын арттыра т‰су, мейірімділікке, ќайырымдылыќќа тєрбиелеу.

¦затылѓан ќыз сыњсу арќылы ата-ананыњ, туѓатуысќандарыныњ, аѓа-жењгелерініњ жаќсылыѓын, ел-ж±ртыныњ ќайырымдылыѓын, туѓан жерініњ тамаша табиѓатын с‰йсіне жырѓа ќосып, к‰йіне єндетеді.

Сыњсуда ±затылѓан ќыздыњ жек басыныњ м±њы єлеуметтік мєселелермен ( “Бермедіњ єке тењіме”, “Сатылып кетіп барамын”) ±штасады да, ескі єдет-ѓ±рыптыњ келењсіз жайларын ашыќ айту жиі кездеседі.

Неке ќияр

Неке ќияр (неке ќию)-ќазаќ халќыныњ ‰йлену дєст‰рініњ міндетті рєсімі. Б±рын неке ќияр рєсімі діни (шариѓат) жолымен ж‰ргізілсе, ќазір єрі дін жолымен, єрі жања замандыќ ќ±ќыќтыќ жолмен ±йымдастырылады. Б±рынѓы т±рмыс-салттыќ рєсім бойынша ‰йленушілердіњ ата-аналарыныњ жєне неке ќиятын молданыњ тањдауымен ‰ш жігіт жас ж±байлар некесініњ куєгері болады.

Молда бір алланыњ атынан ‰йленушілердіњ ризашылыѓын с±райды. ‡йленуші жігіт: “Мен (µз атын атайды) µзім тањдаѓан (атын атайды) µзіме µмірлікке жар етуге ризамын, татулыќты б±збай, адал жар болып, µнегелі µмір с‰руге бейілмін” деп серт береді. Жар болуѓа келіскен ќыз: мен (атын атайды) µзім ±натќан (атын атайды) µзіме баспе етуге ризамын, єрќашан адал жарлыќ ќызмет етуге бейілмін” деп, некелік серт береді.

Куєлікке даярланѓан жігіттер, µздерініњ куєгер екендіктерін айтады.

Содан кейін рєсімдік д±ѓа оќылѓан неке суын молда жас-ж±байларѓа, куєгерлерге, ќатысып отырѓандарѓа бір-бір ±рттатып, неке суына салынѓан саќиналарын жас ж±байлардыњ ќолына салып, некені батамен бекітеді. Ата-ана батасын беріп, екі жастыњ некесімен ќ±ттыќтайды.



Жөн-жоралғы, кәде рәсімдердің тәрбиелік мәні.

Қазақ халқының әдептілігі тарихи қалыптасқан мәдени үлгі болып табылады әдептілік негіздері: әдеп, рәсім, дәстүр, әдеп-ғұрып, салт-сана . Халқымыздың салт-санасы-ұрпағына берген үлгі-өнегесі, мәдени мұрасы. Халқын сүген адам сол халқының салт-санасын қастерлеп, үйреніп, оны өнеге тұтуға тиіс.

Жақсы әдеттер дағдыға , дағдыдан әдепке айналады. Әдеп-әрбір адамның тәртібі мен инабаттылығын көрсететін салт-сананың ұлттық белгісі.

Әдет, әдет-ғұрып, әдеп, дәстүр, ғасырлар бойы қалыптасып жаңаша жақсылықтармен толысып, салт-санаға сіңген. Яғни мүлтіксіз орындалатын заңдылыққа айналып, халық санасына сіңіп қастерлі қасиетке айналған Мысалы, сен кіші адам екенсің, үлкен адамды құрметтей біл, инабатты болу-парыз, иманды болу-борыш, т.б. Айыпты мойындау, айып төлеу, жылу беру , сауға беру т.б. рәсімдер-елдің тәртіптілік салты.

Халықтың салт-дәстүрлері сан алуан ырымдар мен тыйымдар, кәделер мен жоралғылар арқылы іске асырылады. “Құдыққа түкірме”-ырым әрі тыйым сөз.

Ырым- жақсылыққа (игілікке)құштарлық, жақсылыққажету ниетімен жасалынған әрекет, игі сенім; тыйым –жамандыққа қарсы жасалынатын әрекет, тәлім-тәрбиелік заңды нұсқау, тәртіптілікке үйрету; сенім- дінге, болашаққа, игі іс-әрекеттің келешек жемісіне сену, көргендікке бейімделу; обал-әрбір заттың, тіршіліктің қадірін білу, оның бағасын ардақтап аялау, олай болмаса обалболатынын сезіну; сауап-игілікті нәрсеге, кіріптарлыққа қарт адамға, жан-жануарларға жақсылық жасауды міндет санап, ол міндетті орындау; ар-қасиетті сезім, жеке тұлғаның қозғаушы күші; намыс-арлы адамның намысы ата-тектік, ұжымдық рулық, ұлттық намыспен жалғасып, қоғамның қозғаушы күшіне айналады. Этнопедагогикаға сал-дәстүрлердің ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы-салт –сана деп аталады Ұлттық санаға сіңіп, қалаптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор.

8 тақырып

ОТБАСЫ – ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІ.

Қарастырылатын мәселелер:

1. Отбасының ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық педагогикада алатын орны.

2.Отбасы тәрбиесінде әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер.

3. Отбасында теріс әрекеттерді болдырмаудың жолдары.


Пайдаланатын әдебиеттер:
1. C.Қалиев. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы Алматы 2003.

2. Ә.Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы Алматы 2001.

3. Қ.Жарықбаев С.Қалиев Қазақ тәлім – тәрбиесі Алматы 1995

4. А.Жүнісов Бабалар дәстүрі Алматы 1992.

5. С.Қалиев, Ж.Базилов. Қазақ халқының салт – дәстүрлері және демократ - ағартушылары.

Алматы 1993.

6. С.Қалиев. М.Оразаев. М.Смайылова. Қазақ халқының салт – дәстүрлері. Алматы 1994

7. А.Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. Алматы 1998.


Мақсаты: Халықтық педагогиканы қалыптастыруда отбасының рөлі туралы түсінік беру.

Тірек ұғымдары: Отбасы, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық тәлім – тәрбие

1.Отбасының ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық педагогикада алатын орны.

Отбасы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Халықтың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан, отбасы тәрбиесі халықтың ой – арманымен, әр түрлі іс - әрекетімен, мол тәжірибнсімен және ұлттық дәстүрімен байланысты дамып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан тарихи мұра.

Отбасы туралы халықтың түсінігі бірнеше ғасырлар бойы күнделікті тұрмыс және өмір тәжірибесіне сүйену негізінде пайда болған.

Отбасы ең алғашқы жастарды тәрбиелеу ортасы. Оның негізгі мақсаты – балалар тәрбиесі. Отбасыдағы ең басьты тұлға ана мен әке, ата мен әже. Оларды қазақ халқы өте жоғары бағалайды, сыйлайды, ізет етеді. Мұның мәні – үлкен кісілердің даналығын, олардың ғасырлар бойы тұрмасын, өміріндегі еңбек және қоғамдық іс - әрекетінің барысында жинақталған мол тәжірибесін бағалау.

Қазақ халқының тарихы дәстүрге өте бай. Отбасы үшін ежелден келе жатқан тән қасиеттің бірі баласын жанындай көруі.

Әрбір отбасында балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, денесін шынықтыру, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа өкілдермен достық,ізгілік қатынастар жасау осының бәрі қазақ халқының салт джәстүріне байланысты болған. Отбасында әрбір ана өз баласын кірлі көйлек кигізбей, дәмсіз тамақ ішкізбей, ыстыққа күйгізбей, суыққа тоңғызбай, қатты жерге жатқызбай өсіріп, баласын өнегелі жігіт, озат мал өсіруші, он саусағынан өнер таматын шебер етіп тәрбиелеуді арман етті. Ал бала туу ана мен әке үшін үлкен оқиға, отбасылық салтанат болып, жақсы ниет, мерекемен аяқталу дәстүріне айналған.

Жастардың өнегелі тәрбиелілігінің басты бір белгісі – үй және мал шаруашылығының басқару тәсілдерін, жеке адамның ізгі қасиеттерін білу. Олар: ұйымдастырушылық қабілет, еңбеккерлік, табандылық, тапқырлық, қамқорлық, ерлік т.б.

Ата - аналардың әржақты іс - әрекекттерінің түрлерін талдап жинақтасақ, отбасында тәрбиенің екі саласы халықы педагогикасында үлкен орын алады. Олар: ана мен әке тәрбиесі, ата мен әже тәрбиесі.

Ана мен әке тәрбиесі – бұл өзара ынтымақтастық, тілектестік мақсатқа сәйкесті тәрбие, дене тәрбиесін іске асырудың жолдары мен тәсілдерін іздестіру арқылы ұлдары мен қыздарын адалдыққа, кішіпейілдікке, инабаттылыққа, қарапайымдылыққа, қайырымдылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұстамдылыққа,

төзімділікке, өмірдегі табиғаттағы сұлулықты сүюге, қазақ халқының ерлік дәстүріне тәрбиелейді.

Ана мен әке жасөспірімдерге әр уақытта толық сенімділікпен қарап, ер балалар мен қыздар арасындағы қарым – қатынастың, махаббаттың дұрыс дамуына басшылық етсе, онда жастардың өмірге деген көзқарасы, адамгершілік сезімі қалыптасып , қоғам алдындағы жауапкершілігі артады.

Халық педагогикасында отбасы тәрбиесінің екінші бір саласы - ата және әже тәрбиесі. Қазақ отбасында ана мен әкеден басқада тәрбие міндеттерін атқаратын және басшылық ететін дана адамдар ата мен әже.

Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский аталар мен әжелерді тәрбиені нәзік түсінетін «Табиға педагогтар » деп санады.

Ш.Айтматов өз әжесін үлкен тәрбиешім деп санайды.

Ата мен әже отбасының ұйытқысы, отбасы мүшелерінің тірегі, үлгісі өнеге көрсетуші, ақыл айтушы, балаларын, немерелерін өсіріп тәрбиелейді, өмірге еңбек етуге жолдама береді, дайындайды.

Қазақ халқы «Отан отбасынан басталады» дейді. Олай болса отбасы тәлім тәрбиенің негізгі көзі, түп қазынасы. Қанша заман өтсе де бабаларымыздың мол тәжірибесіне, тағлымы мен дәстүрлеріне және отбасы тәрбиесінің негіздеріне сүйене отырып әке мен ана, ата мен әже ұрпақтың шын азамат болып өсуіне қамқорлық жасаған.



2.Отбасы тәрбиесінде әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер.

Қазақстан Республикасының «білім беру туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық азыналар негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдай жасау туралы айтылған.

Отбасы тәрбиесінде толып жатқан ұлттық үдемелі дәстүрлерге тоқтаған жөн. Олардың бірі - еңбек және имандылық тәрбиесі.

Еңбек тәрбиесі – ескі заманнан келе жатқан халықтың қажеттігін қанағаттандырудың көзі. Осыған орайбалаларды еңбекке тәрбиелеу ата – аналардың парызы болған. Халық еңбекті адам үшін табиғаттың өте құнды таратуы деп атаған. Сондықтан да еңбекті және еңбек адамын құрметтеуді дәріптеген.

Қазақ және басқа да Шығыс халықтары еңбек тәрбиесіне үлкен мән берген. Әрбір қазақ отбасында баланы жастайынан еңбек етуге үйретіп, дағдыландарған. Баланы жастайынан кәсіптік жұмысқа үйрету ата – аналардың мақсатты ісі болған.

Халықтың еңбекке және еңбек тәрбиесіне көзқарасы қазіргі кезде педагогикалық принциптерге жуық. Бұл жөнінде атақты педагог ғалымдардың ойларын еске түсірген жөн.

Н.К.Крупская өзінің педагогикалық шығармаларында Кеңес өкіметінің лағашқы жалдарынан бастап, еңбек тәрбиесіне қойылатын бағдарламалық талаптарды қалыптастырады. Оқуды өнімді еңбекпен байланыстырудың қажет екендігін айтады.

А.С.Макаренко отбасында еңбек тәрбиесінің маңызын айта келіп мынадайц құнды пікірлерді ұсынды.


  1. Адамға әртүрлі еңбек қасиеттерін табиғат бермейді, олар оның бүкіл өмірінде, әсіресе жас кезеңдерінде тәрбиеленеді.

  2. Ескі заманда таптық теңсіздік жағдайында адам еріксіз жұмыс күші есебінде еңбек етті. Біздің елімізде әрбір адамды еңбекке үйретіп дағдыландыру - тәрбиешілердің ерекше міндеті.

  3. Баланың еңбек ету барысында басқа адамдарға дұрыс қатынасы тәрбиеленеді, - бұл енді адамгершілікке дайындық.

  4. Еңбек тәрбиесінде баланың бұлшық еттері, көру мүшесі, сезім, түйсігі, саусақтары т.б дамып қана қоймайды, еңбек тәрбиесі әсіресе, адамның рухани және психикалық дамуына зор әсер етеді.

  5. еңбектің қоғам - өндірістік маңызымен бірге, жеке адамның өмірінде де маңызы зор. Еңбекшіл адамның әр нәрсені орындау қолынан келеді, қызғылықты бақытты өмір сүреді.

В.А. Сухамлинскийдің пікірі бойынша еңбек тәрбиесін баланы күнделікті еңбек дағдыларына дарытудан бастау қажет. Оның анықтамасы бойынша «Еңбек тәрбиесі бұл, бейнелеп айтсақ үш ұғымның үйлесушілігі, керек, қиын және тамаша». Бұл үш ұғым отбасы және мектеп өмірінің негізі болуы тиіс.

Имандылық тәрбиесі - бұл халық педагогикасында дәстүрге, әдет – ғұрыпқа, байсалды мінез – құлыққа айналып адам баласының өмір заңдылығы, жарғысы болып қалыптасқан. Имандылық тәрбиесі адам бойындаға адамгершілік қасиеттердің жиынтығы.

Адам бойындағы ұнамды және қымбатты қасиеттердің бірі – достық.



Достық дегеніміз татулықтың, сенімділіктің, көзқарастың бірлігі, бір – біріне қайырымдылық, қамқорлық жасау, рухани және моральдық көмек көрсету.

Қазақ халқының ертегілерінде, ақын – жырауларының шығармаларында көптеген достық туралы мақал – мәтелдерді, өлеңдерді еске түсіруге болады:

«Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық» т.б.

имандылық тәрбиесі жеке адам бойындағы қасиеттердің жиынтығы. Жағымды қасиеттердің адамның рухани, психикалық дамуына болымды әсер ететіні белгілі. Солардың ішінде өз Отанын сүюшілік оны жан – тәнімен қорғау, халқына берілгендік – адамның өмірінде өшпейтін, имандылық қасиеттердің бірі.



3. Отбасында теріс әрекеттерді болдырмаудың жолдары.

Қазақ халқы өз ұрпағын инабаттылыққа, адалдыққа, жақсылыққа, қайырымдылыққа, еңбек сүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеген. Бұлар ата – бабаларымыздың тарихи дәстүрімен бірге жасасып келген имандылық қасиеттер.Осы сияқта жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, бала бойына егу отбасының борышы болды. Қазақ отбасын, атап айтсақ ата мен ана өз балаларын, керек десе немерелерін тәрбиелеуде бар күш – қуатын, бүкіл өмірін сарып еткен адамдар. «Баламды жанымдай көремін, баламның баласын баламдай көремін» деген нақыл сөздер босқа айтылмаған.

Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиенің табысты болуы ата – аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелерінің бір – бірін түсінушілігіне, өзара қарым – қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ата – аналар күнделікті өмірде балаларының мінез – құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударады, тәрбие процесінде теріс қылықтарды болдырмаудың жолдарын іздестіреді. Отбасында тәрбие процесін шебер басқару үшін ең алдымен ата – ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.

Теріс қылықтарды, әрекеттерді болдырмаудың қандай жолдары бар?

Отбпасында ата – аналар тарапынан үстемдік жағдайында балалардың өз бетімен іс - әрекетін жасауына жол берілмейді, өз өміріне немесе отбасына байланысты бірден бір мәселені шешуге үй – іші кеңесіне қатыспайды. Осының нәтижесінде бала отьасында болып жатқан әлеуметтік өмірге, еңбекке, білімге, мәдениетке, саясатқа байланысты мәселелерге қатыспай сыртта қалады. Бұл жағдай баланың танымдық қабілетін дамуына , рухани және адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына бөгет болады.

Теріс қылықтардың бірі – қақтығысулық. Бұл отбасы мүшелерінің арасындағы қақтығыстардан туады. Олар бір – біріне наразылық білдіреді. Кейде сәл нәрседен ашуланып, орынсыз сөгудің нәтижесінде бір – бірінің беделіне нұқсан келтіреді. Осындай шиеленісу, қақтығусылық пайда боладыОлардың бірлігі бұзылады. Бұлардың барлығы бала тәрбиесіне зарарлы әсер етеді. Сондықтан ересек отбасы мүшелері ұстаздық міндетті ұмытпай, бала алдындағы өзінің жауапкершілігін толық сезініп, егесуді болдырмаудың мүмкіншілігін жасайды.

Балалар тәрбиесіндегі әке мен ананың, ересек отбасы мүшелерінің тарапынан қойылатын біріңғай талаптың және көзқарастың маңызы өте зор. Барлық тәрбиені дұрыс басқармаудың негізінде кейбір отбасында бір – біріне қарсы көзқарастар, қарсылық қақтығыстар туады. Бұл отбасы мүшелерінің бірлігіне, тәрбие жөніндегі ынтымақтастығына кері әрекет етеді.

Отбасы тәрбиесінде кейбір әке мен ана өз балаларына үнемі жеткіліксіз көңіл аударады, жылы қамқорлық жасамайды. Ал жақсы салт – дәстүрлері қалыптасқан сәтті отбасы балалардың өміріне, ақыл ойының дамуына, іс - әрекеттеріне басшылық етеді.

Отбасында болатын маскүнемдік, ұрыс – керіс, неке бұзушылық сияқты теріс әрекеттердің болуы тікелей әке мен анаға байланысты. Осынлдвай өрескіл қылықтардың негізінде ата – ана бір –біріне дөрекілік өкпе сөздер айтады, бірін бірі кемсітіп абыройларын төгеді, өз қадірін түсіреді. Кейде олардың ұрыс – керісі төбелеске әкеліп чсоқтырады. Бұл жағдай балалардың жанын тебірентеді, өз үйінен жиіркенеді, ата – аналар үшін олардың сенімі болмайды.

Отбасы тәрбиесінде әр түрлі сәтсіздіктен мейірімсіздіктен, жауапсыздықтан туатын кешірілмейтін қателіктерден отбасы және мектеп өмірінде «тәрбиесі қиын балалар» кездеседі.

Қиын балалар – бұлар жаны шатынаған, жүрек сезгіштігі дертті, өзінше оларға басқа адамдардың әділетсіздік жасайды деп қарайтиын балалар. МҰндай балалар оқуға үй іші тіршілігіне және мектептегі сынып өміріне ықыласын жойған, нойыс, тәртіпсіз, түрлі дөрекілік істерге бейімді келеді.

Қазіргі білім және тәрбие беру жүйесінде қайта құру саласында кезек күттірмейтін мәселелердің бір «тәрбиесі қиын балалар » болып отыр.

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы «Білім беру туралы» Заңында: «Балардың отбасында тәрбиеленуі, олардың білім беру мекемелерінде тәрбипеленуімен ұштасып жатады» - деп жазылған.
9- тақырып

ҚАЗАҚЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

КАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет