Лекция: 30 сағат Практикалық (семинар) сабақ: 8 сағат СӨЖ: 97 сағат Барлық сағат: 135 сағат Аралық бақылау: (АБ) -60 б



бет6/11
Дата02.05.2016
өлшемі2.07 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Баќылау с±раќтары:

1. Қазақстандағы психологияның ғылым ретінде қалыптасуының алғашқы кезеңі.

2.Психологияның Ұлы Отан соғысынан кейінгі дамуы, қазіргі жағдайы, даму перспективалары.


Лекция №9

Тақырыбы: Психологияның дербес ғылым ретінде дамуы.
Жоспары: 1. Психологияның дамуындағы әртүрлі бағыт-бағдарлар мен түрлі ағымдағы мектептер туралы.

2. Психологияның салалары туралы.
Лекция мақсаты:

Студенттерді иррационализм мен волюнтаризм, вульгарлық волюнтаризм бағыттары тұтынған қағидалардың теріс мақсатымен таныстырып, мұндай бағыттардың В.Вундт, Джемс, Бергсон, 3. Фрейд сияқты психолог ғалымдардың болашақтағы көзқарастарының қалыптасуына теріс ықпал еткендігін де айтып өту.


Лекция мәтіні:

1.XІХ – ғасырдың бірінші жартысы – психиканың даму тарихындағы елеулі кезең болды. Бұл кезеңде ассоциациялық бұрынғы тұжырым материалистік тұрғыдан нығая түсті. Т..Браун, Джеймс Милль, Дж.Ст.Милль сияқты зерттеушілер қолдады.

ХІХ ғасырдың ортасындағы психикалық іс-әрекет философиялық ілім жүйелеріне негізделіп психологияның өзіндік сипаты, зерттеу объектілері мен оның әдіс тәсілдері айқындалды. Сол кезеңге тән философиядағы позитивизм (Огюст. Конт—1798—1857), иррационализм (А. Шопенгауэр — 1788—1860), волюнтаризм, вульгарлық волюнтаризм бағыттары тұтынған қағидалардың мақсаты, түптеп келгенде, психикалық құбылыстарды идеалистік және кертартпа жолға салу еді. Мұндай бағыттар В.Вундт, Джемс, Бергсон, 3. Фрейд сияқты психолог ғалымдардың болашақтағы көзқарастарының қалыптасуына теріс ықпал етті. Вульгарлық материализм ағымы (Мелешотт, Бюхнер, Чольбе т. б.) деректі материализмді дәріптеп, адамның мидың қызметі түріндегі ойлауы бауырдың өтті бөліп шығаратыны сияқты қатынаста болады деген қате пікірді қолдады. Бұл зерттеушілердің психология саласына қатысты іргелі құбылыстарды қарастыруы сыңаржақты сипатта болып, адамның жан дүниесі жайындағы түбегейлі мәселелердің шындығын аша алмады. Адамның санасы мен жеке басына тән мінез-құлкының тарихи тұрғыда әлеуметтік өмірімен, қоғамның жағдайымен ұштаса қалыптасатындығын XIX ғасырда орыс-
тың революцияшыл демократтары В.Г.Белинскйй(1811—1848), А. И. Герцен {1812-1870), Н.А.Добролюбов (1836—1861), Н. Г. Чернышевский (1827-1889) бірыңғай материалистік негізде гуманистік жолмен зерттейді. Сөйтіп, адам психикасының қыр-сырын табиғи тұрғыдан
іздестірді.Осы дәуірде психика мен сананың дамуы туралы диалектакалық және материалистік ілім өріс алып, ол өткен дәуірлердегі саяси экономикамен социолизм жайындағы болжамдармен ұштасты, Г.Гегель (1770-1831) өз еңбектерінде сананың тарихи дамуы даралық ерекшеліктерімен байланысты түрде қарастырды.

Психиканың дамуы, адамның табиғи мәні, оның қоғамдық рөлі және тарихи дамудың негізгі субъектісі екендігі К, Маркс, Ф. Энгельс, Л. Фейербах шығармаларында материалистік тұрғыдан баяндалды, адам қоғам мен табиғат жағдайына бейімделіп, өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы барлық қажеттіліктерін өтейтін ақылды- ой иесі ретінде анықталды. Сөйтіп, XIX ғасырда адамның жан жүйесін зерттейтін ғылым сапалық жаңа мәнге ие болды, адамның табиғатпен, қоғаммен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделіп отыратындығы нақтылы іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, оның шынайы мәні айқындалды. Ғылымның мұндай жетістіктері психологияны дербес ғылыми пәнге айналдырды, оның өзіндік мақсат-міңдеттері мен зерттеу әдістерін анықтады.

2. ХІХ ғасырдың ортасында психологияның дербес және тәжірибелік пән болып қалыптасуы нәтижесінде адамның жан дүниесінің сырын әр тарапты зерттеу қызу жүргізіле бастады. Психологияның мұндай талаптары жаңа салалары мен тармақтарының өркен жайып дамуына қолайлы жағдай тудырды. Осы жағдайлар адамтану ғылымдары арасында психологияның жетекші орын алатындығын айқын аңғартты және сол кезеңде бұл пәннің мынандай салалары өрбіді: экспериментальдік психология, бұл сала қазіргі кезде жалпы психология деп аталады; дифференциалды психология, оның негізгі зерттеу обьектісі - адамның даралық ерекшеліктері; балалар мен тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы; жануарлар психологиясы; әлеуметтік және мәдени-тарихи даму психологиясы; психотехника. Психологияның дамуындағы осы кезеңде әртүрлі бағыт-бағдар мен түрлі ағымдағы мектептерде тарих сақынасына келіп бұл пәннің әртүрлі мәселелерін әрқили көз-қарастар тұрғысынан қарастырды. Олардың негізгілері мыналар:


  1. Құрылым психологиясы. Негізін қалаған Э.Титченер, көрнекті өкілі В. Вундт. Мақсаты сананың құрылымын тәжірибелік тұрғыдан іздестіру.

2. Вюрцбург мектебі Батыс Европада АҚШ-та кеңінен тарады. Бұл мектептің негізі Германияда қаланды. Мақсаты психикалық процестерді тәжірибелік зерттеу арқылы талдау. Көрнекті өкілдері К.Марбе, А.Майер, Г. Уотт, А. Мессер, К. Бюлер.
3.Американдық психологиядағы функционализм ағымы.

Негізгі мақсаты-психолгия ғылымының жетістіктерін тәжірибеде қолдана отырып адамның мінез-құлқын зерттеу.

Көрнекті өкілі Р. Вудвортс.( 1869-1949).

4.Бихевиоризм - XХ ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Ол адамдардың құлқын жете қарастырды да сананы негізгі зерттеу объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Терндайк (1874-1949).

5. Гештальт психологиясы – Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізін қалаған Макс Вертгеймер (1880-1943ж.ж). “Гештальт” немісше – түр, тұрпат, форма, құрылым – деген мағына береді. Бұл мектептің мақсаты-жеке психикалық процестердің құрылымын тәжірибе жүзінде зерттеу.

6.Фрейдизм- Бұл –Австрия ғалымы З.Фрейд (1856-1939 ж.ж) есімімен аталатын бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады. Бұл ілім адам өмірінің көп жақтарын қарастырып, бірсыпыра ғылымдармен байланыста болады. Фрейд “Жеке адам құрылымындағы санасыз әрекеттерге назар аударды және оны зерттеу объектісіне айналдырады ол адам өз мінез құлықтарының туу себебін түсіндіре алмайды. Оларды санамен аңғаруға болмайды. Бұлардың нақты себептері ғана түс көру, сандырақтау, ырықсыз қозғалыс сияқты құбылыстарды зерттеу арқылы анықтауға болады”-деді. Фрейдистер теориясының мәні мынада: ол жеке адамды оның қалыптасуының әлеуметтік жағдайларынан толық бөліп алу, санасыздықты биологиялық негізді алға қою. Фрейдизм жеке адам психологиясындағы ең реакцияшыл бағыттардың бірі. Санадағы әлеуметтік фактордың ролін жоққа шығара отырып, ол мұнысымен буржуазиялық қоғамдағы билеуші таптардың былығымен қылмысын ақтайды. ХІХ-ғасырдың ортасынан бастау альп ХХ ғасырдың басында өрістеген психология пєнінің ілгері дамуына неміс психологтары көп үлес қосты.

XX ғасырдың 30-40 жылдарында капиталистік елдерде бихевиоризмнің психология ғылымының даму тарихында өзіндік бағыт-бағдары және ғылыми маңызы бар когнитивтік бихевиоризм (адамның ішкі дүниесін зерттеп, танып білу), гипотезалық-дедукциялық бихевиоризм (психологияның даму қисынын зерттеу), операнттік бихевиоризм және неофрейдизм тәрізді жаңа ба-ғыттары пайда болды. Неофрейдизм (көрнекті өкілі -X. Корни, 1885—1953) — биологиялық еліктеудің әлеуметтік факторлармен байланысын психологиялық тұрғыдан зерттесе, ал американ психологі Курт Левин (1890—1974) адамдардың белгілі бір топтарының қозғаушы күштерін, ондағы адамдардың өзара қарым-қатынасын қарастырып, «өріс» теориясын жасады. Бала ақыл-ойының дамуын, оның ойлауы мен сөйлеуін т. б мәселелерді бір жүйемен қарастырған біздің заманымыздағы көрнекті психолог маман-швейцариялық Жан Пиаже (І896—1980).

Бүгінгі таңда психология пәнінің өрістеп, дамуы адамды зерттеп, оның жан дүниесіне терең бойлау қажеттігінің артып отырғандығын көрсетеді.

Баќылау с±раќтары:

1. Психологияның дамуындағы әртүрлі бағыт-бағдарлар мен түрлі ағымдағы мектептер.

2. Психологияның салалары туралы.

Лекция №10

Тақырыбы: Психологиядағы Х1Х – ХХ ғасыр шеңберіндегі теориялық тұжырымдамалар.
Жоспары: 1. Психологияның жеке ғылым ретінде дамуы.

2. Оның негізгі бағыттарының сипаттамасы.
Лекция мақсаты:

Студенттерді психологияның даму тарихымен, психологияның жеке ғылым ретінде дамуымен және оның негізгі бағыттарымен таныстыру.



Лекция мәтіні:

1. Психологияның ХІХ ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи-ғылыми негізі-физика мен химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психифизикалық зерттеулердің нәтижелері.

Психология пәнін өзге ғылыми пәндермен салыстыра келе, бұл пәннің тәжірибелік (эксперименттік) ғылым екендігін айқын сезіне аламыз. Бұл анықтаманың мәнісін әрбір психикалық кұбылыстар мен психологиялық сипаттардың сырын, мән-жайын арнайы тәжірибелер қолданып анықтауға болатындығымен түсіндірген жөн. Осы орайда, біз бұл пәннің тәжірибелік ғылым ретінде бой көрсетуі бірқатар зерттеулерге және теориялық көз-қарастарға сүйене отырып баяндаймыз.

Мәселен, 1) В. Вундт және Ф. Брентано(1838—1917)көзқарастарындағы психикалық құбылыстардың әуел бастан«өзінше пайда болуы» деген пікірлердің дәрменсіздігі;

2).И. М. Сеченев зерттеулерінде организм мен оның тіршілік ортасы өзара қатынасы — алғашқы, ал психикалық құбылыстардың сол қатынастардан туындайтыны - нәтиже деп саналуы.

Сөйтіп, Сеченевтың материалистік бағыт ұстап, оның сол кездегі қоғамдық тарихи жағдайға тәуелді деп қарастырылуы;

3) психологияның дербес тәжірибелік ғылым болып қалыптасуына тірек болған көзқарастардың философиялық және биологиялық негіздері;

4.) Әр кезеңде тарихи жағынан қалыптасқан, психологиялық бейнелеудің мәнін білдіретін организмнің биологиялық құрылымы;

5) организмнің бейнелеу қасиеті жайындағы аристотельдік, декарттық және дарвиндік зерттеу нәтижелері.

2.Психологияның жеке ғылым ретінде дамуы. Оның негізгі бағыттарының сипаттамасы

XVIII ғасыр ортасында ғылыми психология қалыптасты. Білімнің ғылыми формасы болу үшін зерттеу пәнін анықтап алған жөн. Қандай да бір психологиялық бағытта немесе ғылыми мектепте болмасын психологияда оның зерттеу пәні түсіндірілген және оның мәнін түсінуге болады.

XVIII ғасыр ғылыми психологияның құрылуы ағылшын эмпирикалық ассоциативті психологиясының өкілі Д.Гартлидің атымен байланысты. Бірақта оның ерекше гүлденуі XIX ғасыр ортасында болды. Бұл уақытқа Дж.Ст. Мильдің, А.Бэннің, Г.Спенсердің еңбектері сәйкес келеді.

Дж.Ст. Миль сананы ассоцианистік кесте арқылы қарастырады, бірақ оның логикадан нақты психологиялық қызмет етуіне тәуелділігін көрсетеді. Дж.Ст. Мильдің көзқарасы бойынша ақыл зандары бар, ол материя заңдарынан басқа, бірақ бір құбылыстан екіншісінің жалғасуындағы қажеттілікте, қайталануында, бірегейлігінде ұқсас болып келеді. Бұл құбылыстар бақылау және тәжірибе сияқты эмпирикалық мәліметтерді жинау әдістері арқылы ашылуы мүмкін. Сондықтан да "психикалық бір ізділікті" (сана феномендері) өз алдына бөлек зерттеу керек. Негізгі әдіс ретінде интроспекция болып табылады.

Александр Бэн өзінің назарын сананың ішкі жағдайынан қозғаушы, яғни ағза белсенділігін объективті бақылаушы мүмкіңдікке қарай аударады. Қозғаушы жауаптар А. Бэн бойынша барлық психикалық құбылыстардың түсіндірмелі принципі болады. Қателіктер негізінде "конструктивті ассоциация" механизмі көмегімен адекватты жауаптардың қалыптасуы жүреді, осы арқылы сана іс-әрекеті ағза іс-әрекетімен жақындайды.

Г. Спенсер үшін психология пәні ретінде ағзаның қоршаған ортамен байланысы болып табылады. Бірақта объективті психо-логия өзінің мәліметтерін субъектавті психологияда пайдалануы тиіс, яғни қаруы - «сананың өзінің ішке үңілуі» субъективтілігін жоғалтпауы керек. Басым әдіс ретінде интроспекция қалады.

Ассоционистік концепцияның өзегі ретінде жиілік заңды-лықтары анықталынып, бұл заңдылық бойынша байланыстардың нығаюы оның қайталану функциясын білдіреді. Бұл көбінде И.П. Павловтың, И.М. Сеченовтың, Э. Торндайктьщ, У. Джеймстің көзқарастарын анықтап берді.

Тікелей тәжірибе психология пәні ретінде. Психологияның жекеленген тәжірибелік ғылым ретінде құрылуында В. Вундтың бағдарламасы ерекше орын алады. Вундт бойынша психология пәні ретінде бақылау, интроспекция жолымен жеткен субъектінің тікелей тәжірибесі болып табылады. Вундт интроспекция процесін реттеуге ұмтылды. Ол физиологиялық тәжірибе, яғни объективті тікелей тәжірибені, яғни субъективтіні бөліп қарастыра алады, осылайша ғылыми түсініктерде индивид санасының архитектоникасын қайта құра алады. Тәжірибелік (физиологиялық) психологияны қалыптастырамын деген бұл идея оның ойында болған. Вундттың идеясы психологияда құрылымдық мектеп фундаментін қалап берді.

Сананың интенционалды актілері психология пәні ретінде.

Ф. Брентано өзінің зерттеу негізіне сананың белсенділік және объективтілік сияқты сапаларын жатқызады. Психология түйсік пен елестерді ғана емес, субъект жасайтын "әрекет" актілерінде (ойлау, талқылау жэне эмоционалды бағалау актілері) зерттеуі тиіс. Актсіз объект өмір сүрмейді. Өз кезегінде акт интенция деп аталатын бағытқа жүгінеді. Кейінірек функционализм деп аталған бағытта Брентано жұмыс жасаған.



Психикалық іс-әрекеттің пайда болуы психологияның пәні ретінде. И.М. Сеченов психикалық және физиологиялық пайда болулардың ұқсастығы туралы постулатты қабылдады. Сеченов үшін психикалық актінің нақты бастамасы бар, жалғасы және аяқталу уақыты бар процесс немесе қозғалыс деп түсіну негізгі ой болып саналды. Психологиялық зерттеудің пәні ретінде санада емес (немесе бейсана саласында) қатынастың объективті жүйелерінде таралатын процестер, мінез-құлық процестері болуы керек.

Бейсаналық психологияның пәні ретінде. XX ғасыр басында фрейдизм бағыты пайда болды. Зигмунд Фрейд психология пәні ретінде бейсаналықты сананың жасырын бөлігі деп есептеді. Қажеттіліктер мен мотивтер сирек ұғынылады, қажеттілік - бұл құштарлық, біз өзіміздің мінез-құлқымызды, бір нәрсені орындау тілегімізді, құштарлықты, бейсаналықты зерттеуді түсіндіре алмаймыз. Әрбір адам нені көргісі келсе, тек соны ғана көре алады. Ойлау да, ес те құштарлықпен бейсаналылық жетегіне еріп кетеді, адам әрекеттері терең ниеттенумен басқарылып отырады. Дәл осы терең ниеттену психологиялық ғылымның пәні болуы тиіс. Фрейд психоанализ әдісін ойлап тапты, бұл әдіс көмегімен адамның терең ниеттенуін зерттеуге және оларды басқаруға болады. Психоталдау әдісінің негізі ретінде еркін ассоциация, жаңылуды, түс көруді талдау болып табылады.

3. Фрейд бойынша адам мінез-құлқының тамыры - оның балалық шағында жатыр. Адам қалыптасуы мен дамуы проце-сіндегі негізгі рөлді сексуалдық инстинктер мен құштарлықтар алады.

Фрейд оқушысы А. Адлер әрбір тұлға мінез-құлқының негізінде сексуалды құштарлық емес, балалық шағында, яғни баланың ата-аналарынан, қоршаған ортаға тәуелділігі жоғары болған уақытта пайда болған өзін-өзі қанағатганбаушылық сезімі жатыр деп есептеген.

К. Хорнидің неофрейдизмдік тұжырымдамасында ішкі тұлғалық жанжалдар негізінде байқалатын әрбір адамға тән "негізгі мазалануда" мінез-құлық анықталады. Хорни әрбір адамның қажеттіліктері мен олардың қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтарға мән береді.

К.Г. Юнг психика тек ерте балалық шақтың шиеленістерінің әсерінен ғана қалыптаспайды, ол сонымен бірге сонау ғасырлар-дан келген үлгілерден мұра болып келуі мүмкін. Сондықтан да психиканы зерттеу кезінде "ұжымдық бейсаналық" ұғымын ескерген жөн.

Ақпаратты өңдеу процестері және осы процестердің нәтижесі психология пәні ретінде. Когнитивті бағыт теориясы адам білімі мидың сыртқы ортадан алған ақпараттарымен немесе тумысынан ондағы біліміне ұқсас келмейді деген ойға мән береді.

Когнитивті психология ойлау процестері мен ақпараттың өңделуі процестерінің жүзеге асу жолдарын түсіндіруге тырысады.



Адамның жеке тәжірибесі психология пәні ретінде. Гуманистік психология ғылыми психологиядан алшақтап, басты рөлді адамның жеке тәжірибесіне бұрады. Гуманистік психолог-тардың пікірінше, адам өзін-өзі бағалай алады және өзінің тұлға ретінде дамуына жол таба алады (өзін-өзі таныту). Бұндай тұрғыдан келудегі субъективтілік адамның өзі туралы ойы мен оның шын мәніндегі жағдайы арасында айырмашылықты орнатуды қиындатады. Осы тұрғыдан келу идеясы психологиялық тәжірибе үшін пайдалы болады, бірақ психология теориясына ешқандай үлес қоспады. Оған қоса, осы бағыт аясында зерттеу пәні тіпті жоғалып та кеткен.

Мінез-құлық психологияның пәні ретінде. Фрейдизммен қатар XX ғасыр басында бихевиоризм "Физиологиялық психо-логияның" сәтсіз тәжірибелік зерттеулеріне реакция ретінде пайда болды. Бихевиорюм немесе "мінез-құлыктың психологиясы" пәні - мінез-құлық болып табылады. Бихевиористердің (Уотсон, Торндайк) пікірінше, адамның өткен тәжірибесін ескере отырып және қоздырғыш күштерді біле отырып, адамдардың физиологиялық механизмдеріне мән бермей-ақ мінез-құлықтың жаңа формаларының қалыптасуы мен оны игеру процестерін зерттеуге болады.

Мінез-құлық ретінде сыртқы әрекеттер қарастырылған. Мінез-құлық - реакция соммасы. 8 - стимул (итермеші себеп), R. - реакция. Стимулдар жиынтығы сәйкесінше реакциялар жиынтығын туындатады: негативті стимул - негативті реак-цияны, позитивті стимул - позитивті реакцияны оятады. Емтиханнан "өте жақсы" деген баға алғанда реакция басқа да, "қанағаттандырылмаған" бағасын алғандағы реакция басқаша болады. Егер жануарлар баласын жаттықтыратын болсақ, онда олардың мінез — құлықтарында айтарлықтай өзгешеліктер байқалады. Мінез-құлықтың ішкі себептерін зерттеу мақсатында тышқандарға тәжірибелер жүргізілді.

Американ психологы Дж. Уотсон И.П. Павловтың зерттеулері негізінде игеруде сана ешқандай рөл атқармайды деген қорытыңдыға келді. Оған психологияда орын жоқ дейді ол. Мінез-құлықтың жаңа формаларын шартты рефлекстер ретінде қарастырған жөн. Олардың негізінде бірнеше тумысынан болатын немесе шартсыз рефлекстер жатыр. Уотсон және олардың қызметкерлері сынау және қателер арқылы игеріп-үйрену теориясын ұсынды. Одан кейін стимул әрекеті мен мінез-құлықтың реакциялар арасында келіп түсетін ақпараттардың белсенді қайта өңцеу процестері өтетіндігі белгілі болып, ол процестерсіз жануарлардың немесе адамдардың жеке стимул-дарына беретін реакцияларын түсіндіру мүмкін емес болды. Осылайша, необихевиоризм (Толмен және т.б.) мен оның ең басты түсінігі "аралық өзгермелілігі" пайда болды. Оның негізін кестелі түрде келесідей етіп көрсетуге болады:

8 —► О — R аралық өзгермелілік ендіріледі

О — аралық өзгермелілігі (қара жәшік)

Іс-әрекет психологияның пәні ретінде. Кеңес психология-сының негізінде іс-әрекеттік бағыт жатыр. Бұл бағыт іс-әрекеттің ерекше формасы ретінде және сыртқы тәжірибелік формаларынан туындайтын іс-әрекет сияқты психика мен сананы қарастырады. 1940 жылдары психологиялық мектептің зерттеу-шілері С.Л. Рубинштейн мен А.Н. Леонтьев ұсынған іс-әрекеттік бағыт қалыптасты. Қазіргі уақытта бұл екі нұсқаларда олардың ізбасарларының арқасында дамып отыр. С.Л. Рубинштейн іс-әрекет-тік бағыттың теориялық принципінің негізі немесе сана мен іс-әрекетгің бірлік принципін қалыптастырды. Психологияда іс-әрекетгік бағыт барлық саланы да қамтитын бағыт болып табылады. Мінез-құлықтан іс-әрекетке көшуге америкалық зерттеушілерде қосылды (Тулминнің 1987 жылғьі "Вопросы философии" журналындағы "Психологиядағы Моцарт" мақаласын қара).

Іс-әрекеттік бағыт тәжірибеге қандай үлес береді? Мәселен, А.Н. Леонтьевтің зертханасында қабылдау психологиясы зерттелген болатын. Осы зерттеудің негізінде қабылдау формуласы пайда болды. Қабылдау пассивті емес, ол белсенді процесс екендігі анықталды. Осылайша, қабылдаудың жаңа концепциясы пайда болды. Оның негізінде қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша жаңа оптикалық қолданыс құрылды, енді танкистің көздеп атуы танк қозғалсада іске асатыны мүмкін болды. Бұл зерттеулер іс-әрекеттік тұрғы теориясына негізделген.

Тағы бір мысал, Е.Н. Соколовтың зертханасында 5 курс студенті Чингиз Измайлов түсті көрудің психологиялық теориясын ойлап тапты. Осы теорияның негізінде түсті кинескоппен құру мүмкін болды. Кейінірек осы зерттеудің негізінде жапондықтар жаңа кинескоптарды жасау технологиясын құрастырды. Осындай ғылыми-техникалық творчестволық табыстардың негізінде қабылдаудың іс-әрекеттік концепциясы жатыр. Ол ракетаны басқару мәселесін шеше алады (инженерлік психологтардың жұмысы). Осылайша, психология ғылым ретінде прогреске тікелей әсер ете алады.

Баќылау с±раќтары:

1. Психологияның жеке ғылым ретінде дамуы.

2. Оның негізгі бағыттарының сипаттамасы.

Лекция №11

Тақырыбы: Х1Х – ғасырдың екінші жартысы мен XХ – ғасырдың басындағы эксперименттік психологияның дамуы.
Жоспары: 1.И.М.Сеченовтың тарихи ролі.

2. Кеңестік дәуірде психология ғылымын қалыптастыруда ерекше еңбек сіңірген психолог ғалымдарымыз туралы.
Лекция мақсаты:

Студенттерді XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында отандық ғалымдардың психологиялық көзқарастарымен материализм мен идеализмнің, ғылым мен діннің шиленіскен күресі жағдайымен таныстыру.


Лекция мәтіні:

1. Отандық ғылыми-педагогикалық ой-пікірдің ертеден қалыптасқан тарихы мен дәстүрі бар. Оның тарихи тамырлары өз бастауын XIX ғасырдан алады. Біздің елімізде психологияға деген қызығушылық тарихи тұрғыдан қоғамдық ғылыми білімнің дамуымен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік үрдістерді дұрыс түсінуде қоғамдық ұмтылыспен, адамгершілік, педагогикалық, діни, құқықтық сипаттағы проблемаларды қою және шешумен байланысты.

XIX ғасырдың екінші жарғысы мен XX ғасырдың басында отандық ғалымдардың психологиялық көзқарастары материализм мен идеализмнің, ғылым мен діннің шиленіскен күресі жағдайында қалыптасты. Біздің елімізде психология ғылымының жаңа бағытын талдауға алғашқылардың бірі болып сұраныс берген, сол кездегі әлемде үстемдік еткен бағыттардан өзгеше, аса көрнекті орыс физиологі И.М.Сеченовтың еңбектері болып табылады. Ол материалистік бағытты ұстана отырып, психикалық құбылыстар ағзаның рефлекторлық қызметінің құрамына кіретіңдігін көрсетті, рефлекстің бөлінбейтін бөлігін құрайды, сонымен қатар органикалық үрдістер ретінде мінез-құлықты басқарады.

XIX ғасырда кең тараған, үстемдік еткен ескі интроспективтік психологияны жақтаушылар психикалық құбылыстардың мәні мен рөлін осылайша түсіндіріп, түпкілікті жоққа шығарған болатын.

Өткен ғасырдың аяқ кезінде Ресейде И.М.Сеченовты жақтаушылар мен ескі психологиялық мектептің арасында өткен ғылыми пікірталас өте қызу түрде жүргізілді.

И.М.Сеченов интроспекция әдісін психикалық құбылыстарды тану әдісі ретінде жоққа шығарды, ал оның қарсыластары ол әдісті психикалық құбылыстардың мәнін түсінудің негізгі тәсілі ретінде қарастырды. Біздің елімізде психологиялық білімді одан әрі дамытуда, оның ішінде іс-әрекеттің психологаялық теориясын талдауда Сеченовтың идеялары В.М.Бехтерев және И.П.Павлов сияқты белгілі отандық ғалымдардың еңбектеріне ықпал етті. Сеченовтың ықпалымен ағзаның рефлекторлық қызметі туралы ілімді В.М.Бехтерев, И.П.Павлов сияқты талантты ғалымдар негіздеді. Олар орталық жүйке жүйесі жұмысының қызметін әртүрлі атаған болатын: Бехтерев "біріккен рефлекс", ал Павлов - "шартты рефлекс" деп атады. Олар алғаш рет психологияға мінез-құлықты (реакцияны) зерттеу пәні ретіңде енгізді. Бірақ бихевиоризмді жақтаушылармен сол кезде жұмыс істеген Бехтерев пен Павлов және мінез-құлықты зерттеген отандық физиолоттордың арасында ерекше қағидалық айырмашылықтар болды.

Бихевиористер сананы, психиканы жоққа шығарды. "Бехтерев пен Павловтың бихевиористерден айырмашылығы, - деп жазды М.Г.Ярошевский, - олар сананың да рөлін, субстракттылықтың да рөлін жоққа шығарған емес". Олар жаңа материалистік психологаяның қалыптасуы үшін ғылыми - жаратылыстану негіздерін қалады, оның қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісінен кейін іске асты.

Қазан төңкерісінен кейін психология ғылымының дамыған ақуалы қарама-қайшылықты және күрделі болды. Біріншіден, отаңдық физиологияда қалыптасқан жетістіктер мен дәстүрлер болды, оның негізінде жаңа психологиялық ілімді талдауды бастауға болар еді. Екіншіден, кәсіби психологтардың арасында субъективтік идеалистік психологая өз ықпалын күшті, әрі толық сақтаған. Үшіншіден, әлемдік психологияда бұл кезеңде басталған тоқырау өзін көрсете бастады. Төртіншіден, елімізде жаңа қалыптасып келе жатқан бағыттар ене бастады, (бихевиоризм, гештальтпсихология, фрейдизм). Тоқырау жылдарында қалыптасқан өлемдік психологияның үш бағыты отандық психология ғылымына әсерін тигізді. Бихевиоризмнің ықпалы, мәселен, К.Н.Корниловтың реактологиясында, М.Я.Басовтың ғылымдағы мінез-құлық туралы ілімдерінде айқын аңғарылды. Гештальтпсихология идеялары Л.С.Выготский бастаған бір топ психологтардың еңбектеріне ықпал етті. Олардың ішінде кейбіреулері, мәселен, А.Р.Лурия психоталдау идеясын зерттеуге әрекет жасады.

Бірақ әлемдік ғылымдағы жаңа бағыттарға еліктеу ұзаққа барған жоқ. Тез араның ішінде кеңестік психология ғылымы дамудың өзіндік жолына түсті, 20-жылдардың аяғына дейін жан-жақты толық ашылды, әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ерекше дами түсті.

XX ғасырдың екінші онжылдығының аяғына таман қалыптасқан бұл тенденцияларды практикалық іске асыру отандық ғылымға тән психологияның негізгі проблемаларын талдау ғылыми мектептер мен бағыттардың қалыптасуына себепші болды: Д.Н.Узнадзе ұстаным теориясы және мен соған ғылыми мектепті басқарды, психикалық үрдістердің қалыптасуы мен дамудың мәдени - тарихи теориясының негізін салушы Л.С.Выготский болды, ойлау теориясы СЛ.Рубинштейннің және оның ізбасарларының еңбектерінде одан әрі дамыды.

2. Кеңес психология ғылымының теориялық және әдіснамалық негіздерін қалаған бұл кеңес ғалымдарының аға буыны болып табылады, ал практикалық -эксперименталдық түрде оны талдау кеңес психологтарының келесі буынының еншісіне тиді, оның ішіңде аты әлемге танымал Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьеэ, А.В.Запорожец, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, Е.Н.Соколов, АА.Смирнов және т.б. есімдерін атауға болады. Олардың негізгі еңбектері 30-60 жылдардың арасында дүниеге келді. Кеңес психологиясы тарихының екінші кезеңін құрайды. Екінші кезеңге тән ерекшелік жекелеген мектептер мен бағыттардың төңірегіне ғалымдардың шоғырлануы тән, олар ұзақ мерзім салыстырмалы түрде бір-біріне бағынышты болмады, сонымен қатар зерттеушілік күш-жігер негізінен таным үрдістерін зерттеуге арналды: зейінді, қабылдауды, есті, ойлау мен сөйлеуді талдады.

Б.Г.Ананьев қабылдау, педагогикалық бағалау психологиясы, адамтанудың жалпы мәселелерін зерттеуге ерекше үлес қосты. Оның ерекше сіңірген еңбегі Ленинград университетінде психология факультетін құру және "Ленинград психологтарының мектебі" атымен біріккен белгілі ғалымдардың үлкен тобын даярлаумен байланысты.

С.Л.Рубинштейн мен А.Н Леонтьев Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінде психология бөлімі мен факультетін құруда ерекше ұйымдастырушылық рөл атқарғандығын айтпай кетуге болмайды, сонымен қатар А.Н.Леонтьев қабылдау, ес, сана, жеке тұлға және психикалық даму проблемаларын теориялық және эксперименталдік тұрғыдан зерттеуге, елімізде психология ғылымын дамьпуға орасан зор үлес қосты. Ол психологаялық "іс-әрекет теориясы" деп аталатын жаңа психологиялык теорияның негізін салды, соның нәтижесінде қабылдау, ес, ойлау, сана мен жеке тұлға үрдістері бүрын соңды болмаған ерекше шешімін тапты. Бұл теория өз төңірегіне психолог ғалымдардың аға буын өкілдерін топтастырды. А.Н.Леонтьевтің жетекшілігімен 40-50 -жылдары мен 60-70 жылдары өз беттерімен зерттеу жолына түсті.

Елімізде кеңестік дәуірде психология ғылымын қалыптасгыруда ерекше еңбек сіңірген қарымды да майталман психолог ғалымдарымыз Б.Г.Ананьев, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, А.В.Запорожец, А.Р.Лурия, Г.С.Костюк, А.Н.Леонтьев, СЛ.Рубинштейн, АА.Соколов, ААСмирнов, Б.М.Теплов, Д.Н.Узнадзе және т.б. ерекше айта аламыз. Москва, Киев және Тбилиси қалаларының психология ғылыми-зерттеу институттары және Москва, Ленинград Тбилиси, Перьм, Рязань, Владимир және басқа қалалардың университеттері мен педагогикалық институттары ғылыми-психологиялық ой-пікірдің орталығына айналды.

30-жылдардың орта кезінің өзінде кеңестік психология ғылымының негізгі қағидалары қалыптасты: детерминизм қағидасы, сана мен іс-әрекеттің бірлігі қағидасы, психиканың іс-әрекетте даму қағидасы.

Алдыңғы қатарлы кеңес психологтары психология ғылымының алдында тұрған міндеттерді айқындап берді, осы міндеттерді шешу негізгі педагогакалық проблемаларды іске асырудың нәтижесіне тікелей байланысты. Кеңес психологтары педагогикалық психология саласыңда біршама іс тындырды (Л.В.Занков, В.В.Давыдов, П.Я.Гальперин, НА.Менчинская, Д.Б.Эльконин, Ш.А.Амонашвили және т.б). А.В.Запорожец Д.В.Эльконинмен бірге балалар психологиясының негізін қалады. АВ.Запорожецтің ғылыми зерттеу саласына қабылдау, қозғалыс және эмоция проблемалары кірді. А.В.Запорожец КСРО Педагогикалық ғылым академиясының мектепке дейінгі тәрбие институтының ұйымдастырушысы және жетекшісі болды. Д.В.Эльконин ойың теориясы мен бала психикасы дамуының авторы ретіңде белгілі ғалым, сонымен қатар В.В.Давыдовпен бірге мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудың жаңа тұжырымдамасының авторы болды. Д.В.Эльконин — жұртшылыққа танымал балалар психологиясы оқулығының авторы, ол оқулық бойынша педагогтардың бірнеше буыны оқып-білім алды.



Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет