Лекция: 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтары: 15 сағат Лабораториялық сабақтары: 15 сағат СӨЖ: 60 сағат



бет10/15
Дата25.04.2016
өлшемі2.69 Mb.
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Хаттама. «Керекті бейнені таңда»
Таблица 2.


Баланың аты: Жасы:

Зерттеуді өткізу уақыты:

Зерттеу мәліметтері:


Суреттің нөмері,

мазмұны.

Баланың сөздері (мысалдары).

Беттің түрі.



Көңілді Мұңды

33. Кішкентайлармен ойын

34. Бала, сәбиі бар ана

35. Ашулы кез.

36.Киіну.

37. Ересек балалармен ойын.

38. Жалғыз өзі ұйықтау.

39. Жуыну.

40. Сөгіс беру.
41. Қарап тұру.

42. Ашуланып шабуыл жасау.

43.Ойыншықтарды жинау.
44. Бөліп тастау.
45. Бала ата - анасымен бірге.

46. Жалғыз өзі тамақтану.



Оны орындықпен ұрғым келеді. Оның түрі мұңлы.

Оның балалары бар.
Мен үнемі ұйықтаған кезде,ойыншығымды аламын.

Өйткені ол жуынып тұр.

Анаммен серуендеуді жақсы көремін.

Өйткені бұл жерде сәби бар.

Өйткені ойыншығымды алып қойды.

Түрі мұңлы,өйткені анасы ойыншықты жинауға мәжбүрледі.

Анасы оны бір өзін тастағысы келіп тұр.

Әкесі мен шешесі онымен серуендеп жүр.

Мен сүт ішкенді ұнатамын.






3,5-7 жасар балалар КИ бойынша шартты түрде 3 топқа бөлінеді:

1. Күдіктіліктің ең жоғарғы деңгейі КИ 50 процент.

2. Күдіктіліктің орта деңгейі КИ 20 процент 50 процентке дейін.

3 Күдіктіліктің төмен деңгейі КИ 0 проценттен -20 процентке дейін.

Сапалық жағынан баланың әр жауабы( хаттаманың екінші қатары) бөлек талдаудан өткізіледі. Бұл талдаудың негізінде баланың айналадағылармен қарым қатынас жасаудың эмоциялық тәжірибесі туралы қорытынды жасалады. Әсіресе жобалау мағыналары жоғары 36, 38, 46 суреттер. Бұл жағдайларда теріс эмоциялық таңдау жасайтын балаларда КИ жоғары болады.Ал 34, 39, 41, 43 суреттер бойынша теріс эмоцияларды таңдау жасайтын балаларда КИ өте жоғары немесе орта болады.


3.Баланың ата- аналарымен тұлғалық өзара қарым -қатынас жасауын зерттеу.
Бұл мақсатта « Жанұялық сурет» жобалау тестін қолдануға болады.

1.Материал. ақ парақ 15х20 см. немесе 21х29 см. Ручка, карандаш, өшіргіш.

Нұсқау 1. суретке О: «Өзінің жанұяңды сал», «жанұя» дегенді түсіндірудің қажеті жоқ, егер сұрақ қойса, тек нұсқауды қайталаңыз. 30 минут уақыт беріледі. Топтық орындауға 15-30 минут беріледі.

Тестте қосымша тапсырмаларды орындауға болады, (нұсқауларда берілген)

Нұсқау 2. «Барлығы өзінің күнделікті жұмыстарын істеп отырған жанұяңды сал».

Нұсқау 3. «Сен жанұяңды қандай болу керектігін сал».

Нұсқау 4. «Фантастикалық түрде жанұя мүшелерін сал».

Нұсқау 5. «Жанұяңды ерекшелейтін бір бейне, символ ретінде сал».


Жеке тест өткізілген кезде, хаттамада белгілеу керек ;

А) бөліктердің салу кезектілігі ;

Б) 15 с. паузалар ;

В) бөліктердің (детальдарды) өшіру ;

Г) баланың спонтандық коментарилері ;

Д) баланың эмоционалдық реакциялары және бейнеленген мазмұнымен байланысты.


Тапсырманы орындағанда вербальдық жолмен максимум қосымша информация алуға тырысу керек.

Сұрақтар:

1. Айтшы, мына жерде кім салынған ?

2. Олар қай жерде тұр ?

3. Олар не істеп жатыр ? кім оны ойлап тапқан ?

4. Олар көңілді ма көңілсіз ба ? неге ?

5. Суреттегі салынған адамдардың қайсысы өте бақытты ? неге ?

6. Олардың ішінде кім ең бақытсыз ? неге ?

Соңғы екі сұрақ баланы сезімді ашық талқылауға шақырады, сондықтан, егер ол жауап бермесе, онда баланы қинамаңыз.

Сұраулық өткізген кезде психолог баланың әр жанұя-мүшесіне сезімдерін анықтап, түсіну керек. Тіке сұрақтардың лажы болса қоймауға тырысу керек, жауап аламын деп ықпал етпеу керек.

Өте тиімді болып мынандай сұрақтар болады :

Мысалы : «Егер құстың орнына адам салынған болса, онда ол кім болар еді ? »

Шешім қабылдау үшін 6 жағдай ұсыну керек; 3-жанұя мүшелеріне теріс сезімді анықтайтын, 3-позитивті.

1. Егер сенде циркке 2 билет болса. Сен кімді шақырар едің ?

2. Егер сенің жанұяң қонаққа баратын болса, бірақ біреуіңіз ауырып, үйде қалатын болдыңыз. Ол кім болады ?

3. Конструктордан үй құрастырып жатсың, бірақ істей алмай жатсың; кімді көмекке шақырар едің ?

4. Сенде ... билет бар (жанұя мүшелер санынан біреуі кем) Киноға кім бармайды ?

5. Ешкім тұрмайтын аралда тұрасыз. Кіммен тұрғыңыз келер еді ?

6. Сыйлыққа қызықты лото алдыңыз. Жанұяңыз түгел ойнауға отыырды, біреуі артық. Кім ойнамайды ?

Интерпретация үшін төменгі нәрсені білу керек :

А) баланың жасы;

Б) жанұя мүшелері, аға қарындастардың жасы ;

В) жанұяда, бала бақшада, мектепте баланың тәртібі туралы мәліметтерді білу.

«Жанұя суреті тесттің өңдеуі 1 схема бойынша жүргізіледі».






Анықталатын қасиеттері

Белгілер

1.

2.

3.



Суреттің жалпы ауданы

Жанұя мүшелеренің саны

Жанұя мүшелеріне сәйкес өлшемдер

анасы


әкесі

әпкесі


ағасы

атасы


әжесі

т.б.





4.

Жанұя мүшелерінің арасындағы ара-қашықтық .

Олардың арасындағы заттар.






5.

6.


Жануарлардың бары.

Бейне түрлері:

схемалық

реалисттік

эстетикалық

интерьерде, пейзажда

метафорлық бейне

іс-әрекетте, іс-қимылда






7.

Жағымды эмоциялардың анықтау дәрежесі (ұпайда 1,2,3 .... )

Теріс эмоциялардың (ұпайда 1,2,3 .... )

Орындау тиянақтылығы дәрежесі (ұпайда 1,2,3 .... )




Берілген нұсқаулар бойынша әр түрлі жағдайларда тапсырмаларды орындағанда біріктірілген күштердің бары жоғы бағаланады.

1. «Жанұяның суреті» О тесттің интерпретациясы.

Бейнелердің ерекшеліктері негізінде анықтауға болады.

1. Бейнелеу мәдениетінің даму дәрежесі, бала тұрған бейнелеу әрекеттілігінің стадиясы. Бейнелердің қарапайымдылығы, бейнелердің нақтылығы, эмоц. сұлулық – суреттерді ажырататын қасиеттер.

2. Сурет салу кездегі бала жағдайының ерекшеліктері.

Жиі-жиі штрихтер, кішкентай өлшеулер баланың жағымсыз физикалық жағдайы туралы, тұйықтық туралы мәлімдейді. Керісінше, үлкен өлшеулер, түрлі түсті суреттер баланың ашықтығы, шаршағандықтың жоқтығы туралы мәлімдейді.

3. Баланың жанұядағы эмоц. сезінуі, жанұяаралық қарымқатынастардың ерекшеліктерін жанұя мүшелерінің жағымды эмоцияларынан, олардың ара-қашықтықтарынан білуге болады.

Нәтижелерді интерпретациялаған кезде авторлар қандай жанұя салынғанына көп көңіл бөледі. Зерттелетіндер өте үлкен, немесе өте өз етіп салады. Неғұрлым сейкестіктер емес көп болса, соғұрлым бар жағдаймен қанағаттанбауын көрсетеді.

«Жанұя сұреті» интелектуалдық дамуы төмен балаларға түсінікті болады. Көмекші мектептің (арнайы) оқушыларымен орындалған суреттердің анализі анализі көрсетеді, балалар суреттерді белгілі бір эмоционалдық мазмұнын салып «оқиды». Олар өздерінің жалғыздығын жанұяда адекваттық сезінеді және бағалайды, симпатия мен антипатияларды сезеді. Олардың суреттерінде ата-аналардан алшақтығы байқалады. Бір суреттерде олар өзін шкафтың төбесінде, ал жанұяның қалған мүшелерін бірге бір бөлмеде салған. Өздерінің бауырларынан да алыс салады. Жағымсыз жанұя мүшелерінің (өгей әке, шеше, ағасы) бетін салмаған. Қатал ата-аналар өте үлкен етіп, ал баланың өзі-кішкентай етіп салынған.

Бұл техника клиникалық зерттеулерді қолданған. А.И.Захаров 2 тапсырмадан тұратын әдістеме вариантын ұсынған. Біріншісін орындау үшін, бала төрт «бөлмеге», «екі этажда» орналасқан жанұяның мүшелерін бір біреу етіп ( өзімен бірге) «орналастыру керек». Суретті интерпретациялаған кезде кім қай этажда және баланың қасында кім орналасқанын байқау керек. Екінші тапсырма – ешқандай нұсқаусыз еркін түрде сурет салу.

Бұл әдістеме психологиялық кеңес жағдайында өте пайдалы. Суреттерде балалар тілмен айта алмайтын, жеткізе алмайтын нәрселерді көрсете алады. Бұл әдістеме бала мен психологтың арасындағы эмоциялық контакт құруға көмектеседі.


Бақылау сұрақтары:

1. МДБ-ның тұлғалық қасиеттерінің психодиагностикалық әдістемелерін анықтау.

2. Психодиагностикалық тесттерді өткізу қиыншылықтары.

3. Тұлғааралық зерттеу әдістерін анықтау.


Студенттің өзіндік жұмыстарының тақырыптары:

1.Тұлғааралық зерттеу әдістерін анықтау.


Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003

2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985

3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001

4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003.

5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум ,1978.



21-тақырып.
Баланың мектепте оқуға дайындығын анықтау әдістері және оның таным процестерінің даму деңгейінің диагностикасы.

Қарастырылатын мәселелер.

1. Баланың мектепке оқуға психологиялық дайындығын анықтау.

2. Таным процестерінің даму деңгейінің диагностикасы.
Лекцияның мақсаты:

Тұлғалық дайындық, интелектуалдық дайындық, әлеуметтік-психологиялық дайындық ұғымдарымен студенттерді таныстыру. Таным процестерінің диагностикалық сұрақтарын беру.


1. Соңғы кезде мектепке дайындық мақсаттары психологиялық ғылымның дамуында жетекші орын алады. Баланың тұлға дамуының мақсаттарына жету, оқытудың тиімділігін көтеру, баланың мектепке қаншалықты дайын екенінің деңгейін неғұрлым дұрыс анықтауға тәуелді.

А.Анастази мектептік «ержетуді», «біліммен, қабілеттіктермен мотивациямен меңгеру және мектеп бағдарламасын оптималдық деңгейде қабылдау үшін қажет әрекеттік мінездемелерді меңгеру деп анықтайды» (А.Анастази т.2, 6-бет.)

И.Шванцара мектеп «ержетуін» тереңірек анықтап, оны дамудағы бала «мектепте оқуға қабілетті» болды деген дәрежеге жету сияқты көрсетеді. Мектепке дайындық компоненттер етіп И.Шванцара ойлы, әлеуметтік және эмоционалдық компоненттерді анықтайды.

Л.И.Божлович 60-шы жылдарда-ақ мектепке дайындық ой әрекеттерінің белгілі бір даму деңгейінен тұрады, тану процестерін, өзінің тану әрекетін еркін меңгеру мен оқушының әлеуметтік позицияға дайындығынан тұрады.

Осы сияқты көзқарасты А.И.Запорожец әрі қарай дамытқан. Ол мектепте оқуға дайындық деп «тұлғаның мотивациясының ерекшеліктерінен, тану, аналитико-синтетикалық әрекеттерінің дамуынан, іс-әрекеттердің жігерлік реттіліктің механизімдерінің қалыптасуының дәрежесінен тұратын бала тұлғасының өзара байланысты бірегей жүйесін» айтады.

Бүгінгі таңда практикалық түрде жалпы қабылданған анықтама мектепте оқуға дайындық-кешенді психологиялық зерттеулерді талап ететін көп компонентті білім алу.

Психологиялық дайындық жүйесінде төмендегідей компоненттерді анықтайды (Л.А.Венгер, А.Л.Венгер, В.В.Холмовский, Я.Я.Коломинский, Е.А.Пашко және т.б. мәліметтері бойынша ):

1. Тұлғалық дайындық.

Бала мектептегі жаңа іс әрекетке ғана емес, сонымен бірге өзінің құқы мен міндеттері бар оқушының жаңа әлеуметтік жағдайына да дайын болуға тиіс. Тұлғалық дайындық деген ұғым сондай ақ баланың мектепке, оқу іс-әрекетіне, жаңа мектеп ұжымына енуіне, әрбір ұжым жұмысына белсене араласуына мүмкіндік беретін: оқытушыларға, өз- өзіне көзқарасы,ықыластылық, ізгі ниеттілік, өзара көмек, ұйымдастыру шеберлігі сияқты моральдық сапаларды да қамтиды. Егер баланы жаңа білім алу, тану қызығушылығының дамуы( сөмке, оқулықтар, дәптерлер емес) қызықтырса, онда бала мектепке оқуға дайын деп есептеуге болады.Бала(болашақ оқушы) мінез- құлқын, танымдық іс- әрекетін өз еркімен меңгере білуі тиіс.Оқу іс- әрекеті еркін ықылас қоюды, мақсатты түрде есте сақтауды, өзінің мінез- құлқын бақылай білуді, тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ұйымшылдықты т.т. талап етеді.


2.Баланың мектепке интеллектуалдық дайындығы.

Баланың дүниеге деген көзқарасы, танымы кең болса, белгілі бір білімдердің қоры болса, онда оны мектепке дайын деп есептеуге болады. Сол сияқты балада жоспарлы қабылдау, зерттелетін материалда теориялық қатынастың элементтері, ойлаудың жалпылама формалары, негізгі логикалық операциялар және мағыналық есте сақтаулар болуы керек. Оқу әрекетінде баланың бастапқы қабілеттері қалыптасса, әсіресе оқу мақсатын анықтап, оны жеке мақсатқа айналдырса, ол интеллектуалдық дайындықтың негізгі элементі болып табылады. Сонымен интеллектуалдық дайындық мынандай элементтерден тұрады:

А) дифференциялық қабылдау;

Б) аналитикалық ойлау;

В) шындыққа рациональды қарау;

Г) логикалық есте сақтау;

Д) білімге қызығушылық, қосымша күштер көмегімен оларды алу процесіне;

Е) тілді меңгеру, ұрандарды қабылдауға және түсінуге қабілеті;

Ж) қолдың қимылдарының және көру- қимылдау бағытының дамуы.


  1. Мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық дайындығы.

Баланың басқалармен, оқытушымен белсене араласуға деген қасиетінің қалыптасу дайындығынан тұрады. Бала мектепке, сыныпқа келіп жұмыс істеп жатқан балаларды көреді, олармен қарым- қатынас жасау үшін көп күш- жігер керек, компромиске баруы, өзін- өзі қорғана білуі керек. Бұл жағдайлармен халыққа білім беру саласында жұмыс істейтін практикалық психологтар жиі кездеседі. Жыл сайын сәуір айынан бастап тамызға дейін 6-7 жасар балалар мектепке қабылдана бастайды. Әр мектепте балаларды қабылдау әртүрлі әдістермен ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда барлық жерде мектепке психологиялық дайындықтың деңгейі анықталуы тиіс. Бұл кезде психолог көбінесе топтық және жеке даралық психодиагностикалық зерттеулер өткізеді. Топтық зерттеулер барысында балаларда интеллектуалдық дамудың деңгейі, қолдың нәзік моторикасының дамуы, қол мен көз көру іс-қимылдарының координациясы, баланың үлгіні қайталауы жалпы түрде көрінеді. Бұл мақсаттарды іске асыру үшін Керн-Ирасектің «мектептік кәмелеттікті» анықтауға бағыттайтын тестін қолдануға болады. Оның бірнеше жетістіктері бар:

1.Тестке аз уақыт бөлінеді;

2.Оны жеке және топтық зерттеулерге қолдануға болады;

3. Үлкен таңдауда талданған тесттің мөлшерлері болады;

4. Тестті өткізу үшін арнайы құралдар мен жағдайлар талап етілмейді;

5.Психолог зерттеушіге бала туралы мәлімет алуға көмектеседі.



Тесттің қысқаша сипатталуы.

Я.Йирасиктің бағыттайтын тесті А.Керннің тестінің көшірмесі болып табылады. Ол үш тапсырмадан тұрады: ер адамның суретін салу, жазбаша әріптерді қайта жазу,(үш сөзден тұратын қысқа сөйлемнің көшіріп суретін сал «Ол нан жеді», т.б.),көп нүктелердің көшіріп суретін салу. Я. Йирасик төртінші тапсырманы енгізді, әр бала 20 сұраққа жауап беру керек.

Ер адамның бейнесін көз алдыңызға елестетіп, оның суретін салу керек. Әріптерді және геометриялық фигураға біріктірілген нүктелер тобын қайта жазған кезде бірдей жағдай туғызу керек. Әр балаға 2-3 тапсырмалары бар парақтар таратылады.

3 тапсырмаға нұсқау.

«Мына жерде нүктелер салынған, жанына тура осындай етіп сал».

Орындалған тестті бағалау.

1 тапсырмаға нұсқау. Ер адамның суреті.

1-ұпай мына жағдайда қойылады. Салынған фигурада бас, қол-аяқ, денесі болу керек, мойын болу керек. Басында шашы (немесе қалпақ, шляпа) болу керек. Құлақтар, көздер, мұрын, ауыз. Қолында 5 саусақ болады. Аяқтары қисық, ер адамның киімі салынған. Фигура синтетикалық әдіспен салынған болу керек ( қолды қағаздан алмай, бір контурмен айналып сызуға болады). Аяқ-қолдары денеден «өсіп» жатыр.

2 ұпай қойылады, егер 1 бөлімдегі (синтетикалық әдістен басқасы) талаптар орындалса. Егер синтетикалық әдіс сақталып бір жетіспеушіліктер болса (шашы жоқ, мойны, қолының бір саусағы және т.с.с.)

3 ұпай. Денесі бар өте қарапайым сурет. Аяқ-қолдар жай ғана сызық сияқты салынған (оның біреуі салынбауы да мүмкін)

5 ұпай. Дене оның салынбаған (басы және аяғы), немесе қол-аяғының нақты суреті жоқ.

Адамның бейнесін салу ең ескі диагностикалық әдістерге жатады. 1926 жылы Ф.Гудинаф адам суретінің сапасын бағалау стандарттық сипаттар шкаласын құруға әрекет жасаған. Бұл шкала интелектуалдық даму көзқарасымен сурет бағалауына бағытталған.

1963 ж. Д.Харрис, Ф.Гудинафтың оқушысы, берілген тапсырманың жаңа стандартизациясын өткізді. Гудинаф-Харрис шкаласы 10 информативтік қасиетінің 10 категориясынан тұрады:

1) дене бөліктері, беттің бөліктері;

2) дене бөліктерінің бейнелеуінің көлемділігі;

3) дене бөліктерінің қосу сапалығы;

4) пропорцияларды қосу;

5) киімді бейнелеудің детальдығы, дұрыстығы;

6) фигураны профильде салудың дұрыстығы;

7) карандашпен жұмыс істеу сапасы; түзу сызықтардың нақтылығы мен сенімділігі;

8) формаларды салуда карандашпен жұмыс істеудің еркіндік дәрежесі;

9) сурет салудың техникасының ерекшеліктері (тек үлкен балаларда, мысалы, штрихтеу)

10) фигураның қозғалу мәнерінің берілуі;
Балалардың бейнелеу әрекеті қазіргі таңда өте жақсы зерттелген, оның стадиялары мен информативті қасиеттер анықталған. М.Д.Барретто, П.Лайта, К.Маховер, И.И.Будницкаяның, Т.Н.Головинаның, В.С.Мухинаның, П.Т.Хоментаускаяның және т.б. зерттеулері графикалық бейнелердің ерекшеліктері балалардың ойдық даму деңгейімен корреляциялайды. П.Т.Хоментауская былай деп санайды. Психолог графикалық презентациялардың төмендегі нәрселерге көңіл бөлу керек:

1. Дене бөліктерінің саны. Басы, шашы, көзі, қарашығы, кірпіктері, қасы, мұрыны, екі беті, аузы, мойны, иығы, алақаны, саусақтары, аяғы, табаны бар.

2. Декоративтік (киімнің бөліктері және әшекейлері); қалпақ, жаға, галстук, банттар, қалта, белбеу, түймелер, прическасының элементтері, киімнің қиындығы, әшекейлер.

Фигуралардың абсолюттық өлшеулері деинформативтік болуы мүмкін: өз-өзіне сенімді балалар фигураларды үлкен етіп салады; кішкентай етіп қорқақ, күдікті балалар салады.

Егер 5 жастан жоғары балалар суретте беттің бір бөлігін (көз, ауыз) салмай қойса, бұл қарым-қатынас сферасында үлкен ауытқуларды, тұйықталуын, аутизмді көрсетеді.

Суреттің бөліктерге бөлу деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым баланың психикалық дамуының деңгейі жоғары болады.

Өскен сайын балалар суретті жаңа бөліктермен толықтырады. Сол үшін, егер 7 жасар бала дененің бір бөлігін салмай қойса, онда оған көңіл бөлу керек.

Бірақ, берілген тесттің жеке диагностикалық маңызы жоқ, яғни тек оған сүйенуге болмайды: ол үлкен зерттеудің бір бөлігі ғана болады.

2 тапсырма. Жазбаша әріптердіқайта жазу.

1 ұпай. Қайта жазу қанағаттанарлық күйде. Әріптер үлгіден екі есе үлкен емес. Бастапқы әріп үлкендеу жазылған сөз горизонтальды сызықтан 30о - тан көпке ауытқымайды.

2 ұпай. Үлгі анық қайта жазылған. Әріптердің өлшеуі және горизонталь сызықтардың сақталуы есептелінбейді.

3 ұпай. Сөз үш бөлікке бөлінген. 4 әріпін әрең түсінесіз.

4 ұпай. Үлгідегі сөзбен екі әріп сәйкес келеді.

5 ұпай. Түсініксіз бір нәрсе.

3 тапсырма. Нүкте тобын қайта жазу.

1 ұпай. Үлгіге өте ұқсас. Сурет кішілеу болуы мүмкін.

2 ұпай. Нүктелердің саны мен орналасуы үлгіге жауап беруі керек. Қатарлардың арасындағы кеңістіктің екінің жартысындағы үш нүктенің ауытқуы мүмкін.

3 ұпай. Бір бүтіндей үлгіге өте ұқсас. Биіктігі мен енінен үлкен емес. Нүктелердің саны 7 ден көп 20-дан аз болады, 180о - қа да бұрылыс болуы мүмкін.

4 ұпай. Контур бойынша сурет үлгіге ұқсамайды, бірақ нүктелерден тұрады. Суреттің үлкендігі мен нүктелердің санының маңызы жоқ. Басқа формалар қабылданбайды.

5 ұпай. Түсініксіз бір нәрсе.

Субтесттер орындалып болғанда, психолог бланкілерді жинап тест нәтижелері бойынша алғашқы топтау өткізеді. Балаларды төмен, орта, жоғары деңгейлері бойынша іріктейді.

Алынған нәтижелер баланы жалпы психикалық даму жағынан сипаттайды: моториканың дамуы, берілген үлгілерді орындай білу, яғни психикал ық әрекеттің еркіндігін сипаттайды.

2. Тану процестерінің даму деңгейінің диагностикасы. Мектептік ержетуінің ориентациялық әрекеттің еркіндігін сипаттайды.

1. Қай жануар үлкен – ат па ит пе?

Ат=0 ұпай, дұрыс емес жауап (-5) ұпай.

2. Таңертең сіз ертеңгілік ішесіз, ал күндіз .... түстейміз. Біз сорпа ішеміз, ет жейміз = 0 ұпай. Кешкі ас ішеміз, ұйықтаймыз, т.б. дұрыс емес жауаптар = -3 ұпай.

3. Күндіз – жарық, түнде ....

қараңғы = 0 ұпай, дұрыс емес жауап = - 4 ұпай.

4. Аспан – көгілдір, ал шөп ....

Жасыл = 0 ұпай, дұрыс емес жауап = - 4 ұпай.

5. Черешня, алмұрт, алма, қараөрік .... олар не ?

Жемістер = 1 ұпай, дұрыс емес жауап = - 1 ұпай.

6. Поездан бұрын шлагбаум неге түсіріледі ?

Автомобильмен соғыспау үшін. Басқалар поездің астына түспесін деп (т.б.) = 0 ұпай, дұрыс емес жауап = - 1 ұпай.

7. Москва, Ростов, Киев дегеніміз не ?

Қалалар =1 ұпай. Станциялар =0 ұпай, дұрыс емес жауап =-1 ұпай.

8. Сағат неше болды ? (сағат көрсету керек )

Жақсы көрсетеді =-4 ұпай, 1\4 бөлігі, бір сағат көрсетілсе дұрыс = сағатты білмейді = 0 ұпай.

9. Кішкентай сиыр – ол бұзау, кішкентай ит – ол ....? кішкентай қой – ол ....?

Күшік, қозы =4 ұпай

Екеуінің біреуін айтса =0 ұпай дұрыс емес жауап =-1 ұпай.

10. Ит тауыққа көбірек ұқсайды ма мышыққа ұқсайды ма? Қай жерлері ?

Мышыққа, өйткені оның да 4 аяғы бар, түгі, құйрығы, тырнағы =0 ұпай. Мышыққа (коментарисіз) =-1 ұпай.

Тауыққа =-3 ұпай.

11. Автомобильдердің барлығында неге тежегіш қойылған ?

Екі себеп: (дөңнен түскенде тежегіш беру, бұрылыста; біреумен соқтығыспау үшін, айдап болғаннан кейін тоқтау керек =1 ұпай, 1 себеп =0 ұпай.

12. Балға мен балта бір-біріне немен ұқсайды ?

2 жалпы ұқсастық =3 ұпай (олар ағаштан, темірден жасалған, олар құралдар, олармен шеге қағуға болады) 1 ұқсастық =2 ұпай, дұрыс емес жауап =0 ұпай.

13. Тыйын мен мышық немен ұқсайды ?

Олар жануарлар сияқты жауап немесе 2 жалпы қасиетті айту ( 4 аяғы бар, құйрығы, түгі, талдарға міне алады ) =3 ұпай.

1 ұқсастық =2 ұпай. Дұрыс емес жауап =0 ұпай.

14. Шеге мен винттің айырмашылығы ?

Егер сенің алдында олар жатса, оларды қалай ажыратасың ?

Винтте – резьбасы бар =3 ұпай.

Винт бұралады, шегені қағады =2 ұпай.

Дұрыс емес жауап =0 ұпай.

15. Футбол, теннис, биіктікке секіру – олар .... ?

Спорт, денешынықтыру =3 ұпай.

Ойындар (жаттығулар), гимнастика, жарыс =2 ұпай.

Дұрыс емес жауаптар =0 ұпай.

16. Транспорттық құралдарының қайсысын білесін ?

Жердің үстінде жүретін транспорт құралы; ұшақ немесе кеме =4 ұпай. 3 транспорт құралы, толық тізімі (оның ішінде ұшақ пен кеме), бірақ транспорт құрал не екенін түсіндіру керек =2 ұпай. Дұрыс емес жауап =0 ұпай.

17. Жас адаммен кәрінің арасында қандай айырмашылығы бар ?

Үш қасиеті (ақ шаш, шашының жоқтығы, әжімдер, жұмыс істеу қабілеті төмен, нашар көреді, нашар естиді, жиі ауырады, тез өледі) =4 ұпай.

1 немесе 2 айырмашылығы =2 ұпай. Дұрыс емес жауап (оның таяғы бар, ол темекі шегеді және т.б.) =0 ұпай.

18. Адамдар неге спортпен шұғылданады ?

2 себептен (дендері сау болу үшін, тіке жүру үшін, семіріп кетпеу үшін, жетістікке жету үшін және т.б.) =4 ұпай, 1 себеп =2 ұпай.

Дұрыс емес жауап (бір нәрсені істей алатын болу үшін) =0 ұпай.

19. Біреу жұмыстан қашқан кезде, неге біз ол жаман нәрсе дейміз ?

Ол үшін басқалар жұмыс істеу керек. Ол жалқау. Айлығы аз, оған ол ешнәрсе ала алмайды =2 ұпай. Дұрыс емес жауап =0 ұпай.

20. Конвертке не үшін марканы жабыстырады ?

Хатты жіберу үшін =5 ұпай.

Басқа штраф төлеу керек еді =2 ұпай.

Дұрыс емес жауап =0 ұпай.

Сұраулық өткізгеннен кейін ұпайлар санынан нәтижелер есептелінеді. Берілген тапсырманың сандық нәтижелер 5 топқа бөлінеді.

1. топ - +24, одан >

2. топ - +14-тен 23-ке дейін

3. топ - 0-ден 13-ке дейін

4. топ - -1-ден 10-ға дейін

5. топ - > -11-ден

Класификация бойынша бірінші 3 топ + болып есептелінеді. +24, +13-ке дейін ұпай жинаған балалар мектепке оқытуға дайын деп есептелінеді.

Тестілеу нәтижелердің жалпы бағасы мектепке оқытуға дайын деп 3 субтесттер бойынша 3-тен 6-ға дейін ұпай алса, есептелінеді. 7-9 ұпай алған балалар тобы орта деңгейді білдіреді. 9-11 ұпай алған балалар объективті мәлімет алу үшін қосымша зерттеуді қажет етеді. 12-15 ұпай жинаған балаларға ерекше көңіл бөлу керек, өйткені бұл көрсеткіштер нормадан төмен болып саналады.

Керн – Йирасик әдістемесі мектепке оқытуға дайындықтың даму деңгейінде алдын-ала бағыт береді.

Г.Г.Кравцов, Е.Е.Кравцова мектепте оқытуға дайындығы туралы айтқан авторлар баланың айналадағы өмірімен қарым-қатынас жүйесін қарастырады және мектепке психологиялық дайындығының көрсеткіштерін анықтайды. Сонымен балалардың мектепке психологиялық дайындықтың негізгі жақтары болып үш сфераны айтады: үлкендерге қатынасы, өзінің құрдастарына, өз-өзіне көзқарастары.

Үлкендермен қарым-қатынас сферасында маңызды өзгерістер болып еркіндіктің дамуы есептелінеді.

Бұл қарым-қатынастың арнаулы қасиеттері болып баланың тәртібі мен іс-әрекеттері белгілі бір нормалар мен ережелерге бағынуы, белгілі бір ситуацияға сүйену емес, оның контекстін тудыратын мазмұнына сүйену, үлкендердің позициясын түсіну, оның сұрақтарының шартты мағынасын түсіну.

Бұл қасиеттердің бәрі оқу мақсаттарын қабылдау үшін қажет В.В.Давыдовтың, Д.Б.Эльконинаның зерттеулерінде көрсетілген, оқу мақсаты оқу әрекеттерінің негізгі компоненттерінің бірі болып есептелінеді. Оқу мақсатында қарама-қайшылықтарды теоретикалық түрде шешетін оқу проблема жатыр.

Оқу мақсаты оқу іс-қимылдар көмегімен шешіледі – оқу әрекеттің келесі компонентімен. Оқу іс-қимылдар ізденіске бағытталған және бір топ есептерді шешу әдістерін анықтауға бағытталған.

Үшінші компоненті болып өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау іс-әрекеттері саналады. Бұл әрекеттерде бала өз-өзіне бағытталған сияқты болады. Олардың нәтижесі танылатын субъекттің өзгерісі болып табылады. Сондықтан, үлкендермен қарым-қатынасындағы еркіндік балаларға оқу әрекетін іске асыруға қажет.

Құрдастармен қарым-қатынасының белгілі бір деңгейінің дамуы бала үшін үлкендермен қарым-қатынасындағы еркіндіктің дамуына қарағанда маңызы кем емес. Біріншіден, баланың құрдастарымен қарым-қатынасының дамуының белгілі деңгейі оған ұжымдық оқу әрекеті жағдайында адекваттық іс-әрекет жасауға мүмкіншілік береді. Екіншіден, құрдастарымен қарым-қатынасы оқу іс-қимылдарының дамуымен тығыз байланысты.

Г.Г.Кравцова оқу іс-қимылдарын меңгеру балаға оқу есептердің бір тобын шешу жалпы әдісін қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті меңгермеген балалар мазмұны бірдей ғана есептерді шығара алады.

Бұл байланыс балалардың ситуацияға « басқа көзбен », қарауына негізделген. Балалар есепті шешудің жалпы әдісін анықтай алады, оқу іс-қимылдарын меңгеріп, тікелей және жанама есептерді шешеді. Ондай балалар есептердің екі түрін де шешеді, шешудің жалпы схемасын анықтай алады және олардың құрдастарымен қарым-қатынасының деңгейі өте жоғары.

Үшінші компоненті баланың өз-өзіне көзқарасы болып табылады. Оқу әрекеті бақылаудың жоғары деңгейінен құралады. Жоғарыланған өзін-өзі бағалау (мектепке дейінгі балаларға тән) басқаны «көру» қабілетінің даму нәтижесінде өзгереді, бір позициядан екіншіге өту шеберлігі арқасында.

Мектепке баратын балаларды диагностикалауды психикалық даму көрсеткіштері есебінен өткізу пайдалы.

Е.А.Бугрименко, А.Л.Венгер, Н.Н.Поливанова, Е.Ю.Сушкова осы диагностикалық процедурасы ретінде төмендегі механизімдерді сипаттайтын әдістеме кешенін ұсынады:

1. оқу әрекетінің элементтерінің даму деңгейі: үлкендердің тапсырмаларын нақты және тиянақты орындау қабілеттілігі, оны тапсырмасын өзінше орындау, тапсырманың шарттар жүйесіне ориентация жасау. («Графикалық диктант», «Үлгімен ережелер», әдістемелері)

2. бейнелеу – образдық ойлаудың даму деңгейі (бейнелеу - схемалық) оқу материалын меңгеру («лабиринт» әдістемесі)

Барлық әдістемелерді топтың зерттеу барысында өткізу керек, өйткені олар баланың үлкендердің айтқанына еру қабілеттілігіне қағытталған.

«Графикалық диктант» әдістемесі (Д.Б.Эльконин құрған) үлкендердің айтқанын нақты орындау және мұқият тыңдау қабілеттілігін анықтауға бағытталған, берілген сызықтардың бағытталуын дұрыс қайтасызуына, үлкендердің тапсырмасы бойынша өзінше әрекеттену қабілеттілігіне бағытталған.

Зерттеу үшін әр балаға тор көзді дәптердің парағы таратылады. Оған 4 нүкте салынады. Зерттеудің алдында психолог балаларға түсіндіреді: «Қазір біз әдемі ою саламыз. Олар өте әдемі және тиянақты болу керек. Ол үшін мені мұқият тыңдаңыз. Мен қанша торға, қай жағына сызық жүргізуін айтамын. Сендер тек сол сызықтарды сызыңдар, содан кейін тоқтап тұрыңдар. Келесі сызықты қолдарыңды парақтан алмай, сызықты үзбей, жалғастырыңдар. Оң қол есік жақтағы – оң қол (ориентир) оңға» деген кезде, есік жаққа жүргізесіңдер (тақтада бір торға есік жаққа қарай сызық жүргізеді) Ал қазір екі тор жоғарықарай. Енді сол қолды терезе жаққа созыңыз. (ориентир-терезе) Енді солға қарай үш торға сызық сызыңдар. Түсінікті ме ?

Осыдан кейін психолог жаттықтыру оюды салуға көшеді. «Бірінші оюды сала бастаймыз. Карандашты ең жоғарғы торға қойыңыз. Парақтан алмай, сызық салыңдар. Бір тор төмен, бір тор-оңға, біреуі-жоғарыға, біреуі–оңға, біреуі-төмен, біреуі-оңға, біреуі-жоғарыға, біреуі-оңға, біреуі-төмен. Ал енді тура осылай етіп өздерің сызып жалғастырыңдар».

Нұсқау берген кезде психолог ұзақ үзілістерді сақтау керек, (балалар алғашқы сызықтарды бітіру үшін). Оюды өз алдына салуға 1,5-2 минут беріледі. Балаларға оюды парақтың еніне бойы сызудың қажеті жоқ екенін ескертеді.

Процес барысында психолог мұқият бақылап отырады, балаларды мақтап отырады. Бірақ оюды салудың ешқандай нұсқаулар қайталанбайды.

Ою өздерінше салып болғаннан кейін психолог жұмысты тоқтатады: «Болды, енді бұл оюды салмаймыз, басқасын саламыз. Тыңдаңдар, үш тор-жоғары, бір-оңға, екі-төмен, бір-оңға, екі-жоғары, бір-оңға, үш-төмен, бір-оңға, екі-жоғары, бір-оңға, екі-төмен, бір-оңға. Ал енді өздерің жалғастырыңдар».

1,5-2 минуттан кейін соңғы оюдың диктовкасы басталады: «Карандашты ең төмен нүктеге қойыңдар. Тыңдаңдар, үш тор-оңға, бір тор-жоғары, бір тор-солға, екі тор-жоғары, үш тор-оңға, екі тор-төмен, бір тор-төмен, үш тор-оңға, бір тор-жоғары, бір тор-солға, екі тор-жоғары. Ал енді өздерің жалғастырыңдар».

Нәтижені бағалау.

Жаттықтыру оюдың нәтижелері бағаланбайды. Әр оюдың диктант орындалуы мен оюды жеке салуы бағаланады.

Бағалар шкаласы:

1) оюдың нақты қайта салу-4 ұпай (сызықтардың түзу еместігі, сызықтардың дірілдеуі есептелінбейді және бағаны төмендетпейді)

2) бір қатесі бар қайта салуы-3 ұпай

3) бірнеше қатесі бар – 2 ұпай, егер ою жай ұқсап тұрған болса – 1 ұпай.

4) бөлек элементтердің ұқсамайтындығы – 0 ұпай.

Өзінше ою салу үшін осы шкала бойынша баға қойылады. Сонымен, бала екі баға алады. Олыр 0-ден 4-ке дейін болады. Қортынды баға (диктант) әр бөлек оюға қойылған үш сәйкес бағалардың ең кішісі мен ең үлкенін қосындысынан шығады. Ол баға О-ден 8-ге дейін болуы мүмкін.

Осылай оюды өз алдына салған үшін қорытынды баға қойылады. Содан кейін екеуін қосып қосынды ұпай (ҚҰ) шығарады. Ол 0-ден 16-ға дейін болуы мүмкін.



Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет