Лекция: 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтары: 15 сағат Лабораториялық сабақтары: 15 сағат СӨЖ: 60 сағат



бет7/15
Дата25.04.2016
өлшемі2.69 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Бақылау сұрақтары.

1. Интеллекттің анықтамасын беріңіз.

2. Интеллектуалдық коэффициент дегеніміз не?
Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары:

1.Тест көмегімен өзіңіздің интеллектіңіздің деңгейін тексеріп көріңіз.




Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003

2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985

3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001

4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003.

5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум ,1978.



16 - тақырып.
Ақыл – ой деңгейіне әсер етуші факторлар.
Қарастырылатын мәселелер.
1. EQ деңгейін көтеру.

2. Стресстен құтылу.

3. Көңіл – күйді басқару.

4. Өзін - өзі бақылау , өзінің көңіл – күйін басқарудың амалы ретінде.
Лекцияның мақсаты:

Студенттердің ақыл – ой деңгейіне әсер етуші факторлармен таныстыру. Көңіл – күйді басқарушы , ақыл-ой деңгейінің көтерілуіне ықпал етуші әдістемені көрсету.





  1. EQ деңгейін көтеру.

EQ-да стандартты , негізделген түрдегі тест болмайды. Сондықтан тестілеудің техникалық тәсілдерін меңгеріп алудың қажеті шамалы. Алайда эмоционалдық ақыл-ой өлшенетініне немесе өлшенбейтініне қарамастан жақсаруы мүмкін. Бұл жерде мынау маңыздырақ : эмоционалдық ақыл-ойдың (интеллект) өзгеруі сіздің бүкіл өміріңізге едәуір түрде ықпал етуі мүмкін.

Дэниел Гоулмэн өзінің әйгілі «эмоционалдық ақыл-ой» кітабында эмоционалдық ақыл-ойдың бес негізгі қасиетін сипаттайды. Олар эмоционалдық ақыл-ой ұғымын енгізген Мейер мен Салоуэй анықтаған бес « басымдыққа » негізделген. Олар:

– өз эмоцияларын білу;

– өз эмоцияларын басқару;

– өзінің бастапқы себептерін анықтау;

– өзге адамдардың эмоцияларын білу;

– өзара қарым-қатынастарды басқару;

Тұтастай бұл Говард Гарнердің классификациясы бойынша көп жақты ақыл–ойдың екі құрамдас бөлігі болып келетін ішкі және тұлғааралық ақыл–ой категорияларына сәйкес келеді. Алайда эмоционалдық ақыл–ойда өз эмоцияларын қарапайым түрде ұғынумен қатар оны басқару да болады. Бұл өз кезегінде тұлғаның ішкі ақыл– ойының маңызды қасиеттерінің бірі болып табылады. ( Эмоционалдық сана–сезім ) Ол ерекше принципиалды маңызы бар дағды ретіндегі өзіндік жеке себептерден де тұрады.

Эмоционалдық ақыл–ойдың өзге элементтері де өте жиі пайдаланылады. Сондықтан ендігі сөз солар жайында болмақ. Олар :


  • стрессті жою ;

  • импульстерді бақылау ;

  • көңіл–күйді басқару ;

Стрессті жою.

Стресс, жұмыста, үйде және әлеуметтік жағдайларда ауыртпалықтарды сезініп жүрген қазіргі заманғы адамның көбірек тараған ауруы болып отыр. Шапшаң технологиялық даму, бәсекелестікпен байланысты болып келетін күнделікті қысым мен эмоционалдық ауыртпалық , жұмыстың тұрақсыздығы , ұйымдардың құрылым келбетінің әрдайым өзгеріп тұруы, өзгерістердің тұтастай үздіксіз кезекпе–кезек болуы – міне осының бәрі елеулі роль ойнайды. Көптеген кітап осы мәселе жайында жазылғандықтан қажетті кеңестерді тауып алу оншалықты қиын емес. « Стресске шыдамдылық » – бұл ерекше бір зиян көрмей–ақ қолайсыз жағдайлар мен стресстік жағдайларға төтеп беру қабілеті. Бұл дегеніміз стресстен оң әсер ала отырып, оны оңтайлы басқаруды білдіреді. Бұл мынаны білдіреді :



  • Стресстің сізге зиян тигізбестен бұрын оны жеңілдету мен жоюдың жолдарын іздестіру қорларына ие болу.

  • Тіптен жарақат алу секілді келеңсіз жағдайларға тап бола отырып, жұмыста, үйде және жеке өмірде тиімділікті сақтай білу.

  • Әрдайым « су бетінде қалқып тұру »

  • Өмірдегі қиындылықтарды жеңе білу қабілетіне ие болу.

  • Жеке өміріңізде стресстік жағдай қалай пайда болатынын ұғынып алу, және де оларды жоюды үйреніп олардың сізге әсерін реттеп тұру.

  • ЭГО қуаты немесе « эмоционалдық жинақылық » дегеннің болуы.

  • Өзгерістерде міндетті болуы тиіс құбылыс ретінде қабылдау, олардың сіздің өміріңізге әсерін игілікке қолдануды үйрену.

EQ-дың осы аспектісінің жоғары деңгейі, сіздің қиындықтармен бетпе–бет кездесіп, қуатты эмоциялардың өзіңізді жеңіп кетуіне мүмкіндік бермейді. Сіздің ақыл-ойыңыздың баға жетпес бұл қасиеті өмірлік тәжірибе барысында дамуы мүмкін. Қазіргі аумалы – төкпелі кезеңде мұндай қасиеттер жұмыста да отбасылық өмірде де аса қажет болады. Өзгерістер – бұл біздің көпшілігіміз үшін өмір шарты, ал олардың келтірер қысымы – болмай қоймайтын құбылыс.

Алайда, адамдардың стресске қалай жауап беретіні мен оның сол адамдар өміріне қалайша ықпал етуінің арасында едәуір айырмашылық бар. Бір адам үшін стресстік жағдай ретінде қабылданатын әсер өзге біреу үшін – рақаттанудың көзі, әсерлердің алуан түрлілігі ретінде болуы мүмкін. Кейбір адамдар стресстік жағдайлар мен соған сәйкес мінез құлықты қажетсінумен болады. Біреулердің стресс жағдайында тасы өрге домалап , олардың жетістіктері тек сырттан жасалған қысымның әсері арқасында пайда болады.

Ақыл-ойдың осы аспектісі жоғары дәрежеде дамыған адамдар өмірдің қым-қуат тіршілігінен туындаған шиеленіскен жағдайдан қутыла біледі._

Олар өздеріне бағытталған ауыр соққыларды алаңсыз тосып алады. Олар жағдайды үнемі бақылауда ұстайды. Олар төмен қарай құлдырап құлағанымен , көп жатып қалмайды. Стресстің әсерін толық дәрежеде сезіне отырып (кейде олар өзгелерден гөрі ауыртпалықтарды көбірек қабылдайды). Олар өздерін толық күйреуге дейін жеткізбейді.

« Бұл – мен бе? » деп өзіңізге сұрақ қоя отырып , өзіңіздің стресстік жағдайға деген әсеріңізді тексеріп көріңіз. Сізге мынадай сұрақтар көмектесе алады.

– Сіз қолайсыз жағдайларға шыдай аласыз ба?



  • Сіз түсіп кеткен көңіл – күйіңізді тиімді түрде басқара аласыз ба?

  • Сіз өзіңізге артық ауыртпалықтарды болдырмай өмір сүре аласыз ба?

  • Сіз белгісіздік факторы үлкен роль ойнайтын жаңа жағдайға жақсы бейімдей аласыз ба?

  • Сіз жанжалды болдырмау үшін, өзіңіздің ашуыңызды баса аласыз ба?

  • Сіз әдеттегідей түнде жақсы ұйықтай аласыз ба?

  • Сіз стресстік қысымның өскенін сезе тұрып , өзіңіздің келіспейтініңізді айтпастан өзіңізді тежеп жүруге қабілеттісіз бе?

  • Сіз өзіңізді ашындырып жіберетін, күнделікті түрде жиі қайталанып тұратын құбылыстарға қалайша бейімделе аласыз ?

  • Достарыңызбен әріптестеріңіз сізге өзіңіздің ашу-ызаңызды тежей алатыныңызды айта ала ма ? Ал сіздің отбасыңыздың мүшелері де осыны айта ала ма?

  • Сіз өзгелердің өкпе-ренішін қабылдай аласыз ба?

Стресс – бұл біздің ішкі дүниемізде болып жататын бір құбылыс, оның тек сыртқы жағдайлар мен өмірдегі оқиғаларға қатысы болмайды. Бұл біз адамдардың бірдей жағдайларға қалайша әртүрлі жауап беретінін бақылағанда ғана айқын бола бастайды. Бұл жауап ойлаудың, әдеттің , қөзқарастардың , құндылықтар мен тұлғаның ішкі интеллектісінің компоненттеріне байланысты болып келеді. Біз стрессті оның тұрақты түрде бар екендігі мен келеңсіз әсерін сезінгеннен бастап басқаруға кірісе аламыз. Содан соң оны мақсат қою мен құндылықтарды бағалау жүйесіне енгізу қажет.

Көңіл – күйді басқару.

Эмоционалдық даму тыныштық сақтау қабілетінің болуын немесе ызаны, құлазуды немесе алаңдаушылықты болдырмауды көздейді. Демек, бұл өзіңізді эмоцияның жетегінен жібермеу дегенді білдіреді. Эмоцияналдық дамудың төмен денгейіндегі адамдар әрдайым жайбарақатсыздық пен өкініш сезімдеріне бейім болады. Ал жағымсыз сезімдерге берілмегендер өмірде көбірек табыстарға қол жеткізеді. Өз сезімдеріңді басқару – бұл өз эмоцияңды түсінуге негізделетін қабілет. Міне осылайша сана-сезім эмоционалдық интеллектінің шешуші сәтіне айналады.

Эмоцияны білдіру және оны басу.

Эмоцияны басқару дегеніміз сезімдерді бөлу дегенді білдірмейді. Мұндай басу психоаналитиктерге бай азық бере алады, алайда ол «емделушінің» асқан ақылдылығының көрінісі бола алмайды. Аристотель былай деген: «Әрбір адам ашулана алады – бұл оп-оңай. Алайда соған лайықты адамға , қажетті дәрежеде, және уақытында , ізгі мақсат үшін және лайықты түрде ашулану – бұл оңай шаруа емес ». Бірақ эмоцияларды басқару дегеніміз оларды үздіксіз білдіру дегенді білдірмейді. Мәселен «арқаға жасырып қою» деген сөз кейбір жекелеген жағдайларға сәйкес келгенімен , оның эмоционалдық интеллектінің көрінісі болуы екіталай. Керісінше көпшілік жағдайларда кері қауіпті эмоцияларды жасыруға тырысу түбінде жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Сезімдерді мүлдем басқаша түрде басқару қажет. Кейбіреулер ашу–ызадан арылу үшін, оны ашық түрде білдіру қажет дейді. Алайда тәжірибелер мен бақылаулар көрсеткендей , егер де сіз ашу–ызаға ерік берсеңіз , онда ол мұны күшейте түседі. Денені босаңсыту , медитация , терең тыныс алу, керек болса жай қарапайым онға дейін санау дағдылары тиімді әрі саналы эмоционалдарда да эмоциялар әмірші мен қожайын ретінде емес, қызметші ретінде пайдалы. Кейбір эмоционалдық жауаптар интенсивті болса да бір сәтте болады. Өзгелері көп жылдық әдетке ауысып, біздің кәдуілгі көңіл-күйіміз бен себептерімізді айқындайды. Көңіл-күй жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жақсы әрі қуат беруші көңіл-күй толыққанды өмір сүруге көмектеседі. Құлазыған көңіл-күй мен себептердің жетіспеушілігінің бізге тек қана зиянды әсері болуы мүмкін. Көңіл-күй бізге қалауымызға қол жеткізуге көмектесуі немесе керісінше кедергі келтіруі мүмкін. Ренішке де уақыт бар – үрей немесе жек көру үшін де орын табылуы мүмкін.

Өзінің сезімін өте әдемі білдіре алатын, бірақ оны басқара алмайтын үш жасар баланың даму деңгейі мен эмоциясын бақылауды сақтай отырып , өзіндік бір эмоционалдық жануар ретінде соған бола қалуға негіз жоқ. Интеллект адам психикасының осындай алғашқы міндетті қасиеттерін түсінуден, басқарудан және бақылаудан тұрады.

EQ-дың кең тараған анықтамасы әдеттегі өзіндік эмоциялардан тұрады. Мәселен олар «оптимизм» , «табандылық» , немесе «жылылық сезім» секілді жеке бастың қасиеттері бола алады. Жалпылама түрде , EQ жеке адамның JQ-ға қатысы жоқ параметрлерін сипаттайды, ал мұндай параметрлер өте көп. Мәселен Майер оң эмоциялардың бар болуын міндетті деп есептемейді. Ол адам депрессия жағдайында бола тұрса да, ( бұл адамның табиғи жағдайы, ол әрбір адамда бола береді.)

эмоционалдық интеллектінің жоғары деңгейін сақтай алады деп жауап береді. Ол (яғни еркек немесе әйел) өз жағдайының себептерін өте жақсы түсіне алады, ал өзін-өзі терең түсіну мен дамыған танымдылық қабілеттердің болуына қарай мұндай адамның ауыр психологиялық жағдайдан шығып кетуге мүмкіндігі болады. Осындай жағдайда өз қажетін дәл білу өте маңызды болып табылады. Біз өз ақыл-есімізді мақсатты қойып оған жету үшін пайдаланамыз. Соның ішінде оны «кері» эмоциялардан арылу үшін де пайдаланамыз (эмоцияларды бағалау әрқашан да оларды басынан кешіргендердің көзқарасы тұрғысынан жүргізіледі) – нәтижеде сіздің интеллектіңіздің сапасы артады әрі өсе түседі.

Өзіндік себептерді (мотивацияларды) анықтау.

Егер де сіз көңіл-күйді жинақтауға өз іс-әрекетіңіздің себептерін құруға және дағдыларды дамытуға, қол жеткізуге тырысып , шығарда өз мақсатыңызды қызметке қойсаңыз – ол жұмыстың қажетті бөлігі болып табылады. Өзін-өзі эмоционалдық тұрғыдан бақылау рахаттануды кейінге қалдыру мен артық сезімді (импульсивтілікті) тежеу қабілетінің болуын білдіреді, осыған орай кез келген жетістіктер баянды болып келеді. Ол сізге жағдайларға соңғы мақсат көзқарасы тұрғысынан қарауға мүмкіндік беретін, сізде қандай да бір нәтижеге қол жеткізуге себептің болуына жағдай жасауы немесе кедергі болуы мүмкін. Яғни ол қабілет алға қойылған міндетті сәтті түрде шешу үшін ең лайықты болып табылатын эмоционалдық жағдайда болады. Осындай қасиеті бар адамдар әдеттегідей жоғары өнімділікке ие болып , іс-әрекеттің кез-келген түрін тиімді түрде жүзеге асыра алады. Эмоционалдың интеллектінің бұл ерекшелігі жоғарыда сөз болған жеке бастың ішкі интеллектісінің даму деңгейімен тығыз байланысты.

Өзін-өзі бақылау өзінің көңіл-күйін басқарудың амалы ретінде.

Сіз өзіңізге өзіңіздің көңіл-күйіңізді басқаруға дайындығыңыздың дәрежесін ұғынуға көмектесетін мынадай келесі сұрақтарды қойыңыз.


  • Сізге келеңсіз жағдайға, ауыр тәжірибені түсіндіруге деген көзқарасыңызды өзгерту қаншалықты оңайға түспек?

  • Сіз бас тартуды реттей аласыз ба?

- Сіз өмірде оның жарық жағын көре білуге бейімсіз бе?

- Сіз келеңсіз жағдайларға жақсы қарсы тұра аласыз ба?

– Сізді қоршаған адамдар сізді жақсы адам деп айта ала ма?


  • Сіз бұлттардың арасынан күнді ажырата аласыз ба?

  • Сіз көпшілігінде өз өміріңізге ризасыз ба?

  • Сіз өзіңізді бақыттымын деп айта аласыз ба?

- Сіз өзіңізге және өзгелерге жақсы сезімде бола аласыз ба?

– Сіздің өміріңіздің қазіргі сәтінде ермек болар бір нәрсе бар ма?



  • Сізге өзіңіздің оң (жақсы) сезімдеріңізді білдіру қаншалықты оңай?

- Сізді қоршаған адамдар сіз туралы өмірлік қуаты толы адам деп айта ала ма?

Көңіл-күйді басқару, JQ деңгейін тексеруге ұқсас емес. Мұнда дұрыс және дұрыс емес жауаптар жоқ. Эмоционалдық интеллект өмірлік мақсаттарға қолдану контексінде қабылданады. Мұндай жағдайларға қарай батыл түрде әрекет ете білу мен қойылған мақсаттың мүддесіне қарай әрекет ете білу қабілеті «ақылдың» көрінісі ретінде есептеледі. Сондай-ақ эмоционалдық жағдайды бақылау эмоционалдық интеллектінің өзіндік жеке параметрі ретінде оқшаулана алмайды. Кейбір адамдар өз ашу ызасын бақылауда ұстай алғанымен, өз үрейін ұстай алмайды. Басқалары тіптен қуана білмейді және т.б. Бұл жағдайда адамның жеке басының ерекшеліктері мен нақты жағдайларға қарай әрбір эмоция жайлы жеке әңгіме еткен дұрыс. Асқақтықтың шегі ретінде біздің нақты жағдайға және сол нақты сәтке қатысты эмоцияларды анықтап және бақылауға алу қабілетімізді айтуға болады.

Біздің эмоционалдық интеллектіміздің дамуы екінші кезектегі міндет ретінде көрінуі мүмкін, алайда шын мәнінде тұлғаның осы жағы біздің бүкіл өмірімізге маңызды түрде жиі әсер етеді.

Эмоционалдық интеллект деңгейін өлшеуге арналған ешқандай да бір сәттік «он бір жылдық» тест жоқ. Автомобильді жүргізуді үйренгендегідей , біз бір уақытта бір-екі жағдайды өз назарымыздың шегінде ұстап отыра аламыз. Біз эмоционалдық дағдыларға кезең кезеңімен асықпастан үйренеміз, бірақ өз көңіл-күйімізді бақылау шеберлігіне қол жеткізу – осы саладағы ең маңызды міндеттердің бірі. Және де бұл процесс сіздің оқып, ойлана бастауыңыздан басталады.


Бақылау сұрақтары:

1. Эмоциялық интеллекттің базалық (негізгі) қасиеттерін бөліп көрсетіңіз.

2. Стресс ұғымына түсініктеме беріңіз, стрессті басқару дегеніміз не?

3. Көңіл-күй ұғымына түсініктеме беріңіз, эмоцияларды басқару дегеніміз не?



Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары:

1.Тест көмегімен өзіңіздің интеллектіңіздің деңгейін тексеріп көріңіз.

2.Айнала қоршағандармен қатынас орнату: тұлғааралық интеллект.

Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003

2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985

3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001

4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003.

5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум ,1978.




17-тақырып.

Тұлғалық психодиагностиканың қасиеттері.
Қарастырылатын мәселелер.
1. Тұлғаны зерттеудегі жобалау әдістері.

2. Тақырыптық апперцепциялық(қабылдауға қосымша) тест (ТАТ).

3. Өзін-өзі бағалаудың, мінездің, эмоциялық-сапаның, тұлғааралық қарым-қатынастардың психодиагностикасы .

Лекцияның мақсаты:

Студенттерді тұлғаны зерттеудегі жобалау әдістерімен таныстыру.Тестпен қалай жумыс істеу керек екенін көрсету.Ұсынған әдістері мен өзіңізді, досыңызды диагностикадан өткізуді ұсыну.


1. Тұлғаны зерттеудегі жобалау әдістері.

Жобалық әдістемелерінің саны өте көп және күннен күнге өсіп келе жатыр. Жобалау әдістемелері туралы әдебиеттердің саны 4000–нан да асып кетті. Индивидтің фантазиясын ояту үшін қысқа , жалпы нұсқаулар ғана беріледі. Сол үшін тест стимулдары нақты емес. Осыған ұқсас тапсырмалардан тұратын гипотеза индивидтың тест материалын немесе жағдай « құрылымын » қабылдау мен интерпретация әдісі оның психикасының функцияларының негізгі «фундаментальдық» аспектерін кескіндейді. Яғни тест материалы экран ретінде жұмыс істеу керек.

Жобалық әдістемелер жасырын тесттің әдістемелері болып саналады,өйткені зерттелетін адам психологиялық интерпретацияның түрі туралы сирек күдіктенеді.

Жобалық әдістемелер тұлғаны бағалауға терең қараумен сипатталады. Зейін тұлғаның бөлек қасиеттерін өлшеуде емес, жалпы суреттемесіне бағытталған. Жобалық әдістемелер тұлғаның жасырын жақтарын ашудағы тиімді процедуралар ретінде қарастырылады. Неғұрлым тест құрылымға аз негізделсе, соғұрлым ол жасырын материалға сезімді болады.

Жобалық әдістемелер клиникалық жағдайларда пайда болып, клиенттің құралы болып есептелінеді. Олардың кейбіреулері психикалық ауруларға қолданылған терапевтикалық әдістерден дамыған ( мысалы өнер шығармаларымен емдеу ). Жобалық әдістемелердің теориялық құрылысына психоанаметикалық концепциялардың ықпалы бар.

Жобалық әдістемелерге тән терең көзқарасына байланысты тек эмоциялардың , мотивациялық және тұлғааралық мінездемелер емес, тәртіптің кейбір интеллектуалдық аспекттері қарастырылады. Соңғысына жалпы интеллектуалдық деңгейді, стиль мен ерекшеліктілігін жатқызуға болады.


2. Тақырыптық апперцепциялық тест ( ТАТ )

Кіріспе.
ТАТ жобалық әдістемелер тобына жатады. Олар әлеуметтік ортада және қарым-қатынастарда көрінетін тұлғаның ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылады. Бұлар :

а) тұлғаның позициясының ерекшеліктері (әрекеттік , ?)

б) интерперсональдық байланыстардың ерекшеліктері ( симпатия, антипатия, үйреншікті )

в) басым тенденциялары ;

г) іс-әрекет әдістері ( іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері , практикалық ойлаудың ерекшеліктері , өмірлік есептерді шығару әдістері ).

д) тұлғаның динамикалық жағы ( іс-әрекеттің ритмі , эмоциялық лабильдік , реактивтік ).

Толық тест зерттелетін адамға ұсынылатын ситуациялық суреттердің бірнешеуінен тұрады (6 – 30- ға дейін). Тест үшін арнайы , салынған ситуациялар 2 негізді талаптарға сай келетін , суреттер алынған.

Егер заттар мен адамдар анық салынбаған болса, бұл ситуациялардың композициялары да дәл сол уақытты объективті анық емес болады. Бұл суреттерді өзінше қабылдағанды талап етеді. Зерттелетін адам әр қабылдауға өзінің білімін, жеке тәжірибесін, өзінің іс-әрекет әдістерін, өзінің бағаларын қолданады.

Әр суретті еркін әңгіме ретінде көрсету керек :

а) дәл осы кезде, оның ойынша, суреттегі нәрсені сипаттау .

б) осы жағдайдың тууына не себеп болды.

в) әрі қарай не болатынын болжап көру.

г) суретте салынған адам бейнелерінің сезімдері туралы абыл беру.

д) адамдардың ойын таба білу.

Омбреданоның пікірінше барлық жобалық тесттер сияқты ТАТ тұлғаның ерекшеліктерін оның жауаптарында кескіндейді. Бірақ, басқа тесттерге қарағанда , ТАТ бұл әртүрлі өмірлік ситуациялардағы тұлға іс-әрекетінің ерекшеліктерінің толық суретін көрсетеді.

ТАТ вариантында 28 суреттер бар.

Басқа тесттерге қарағанда ТАТ нақты стимулды негізге алып, іс-әрекет бағытты таңдаудың шексіз еркіндік береді. Мысалы, Г.Роршахтың тестінен айырмашылығын ТАТ схемасын төмендегідей көрсетуге болады «нақты стимул - еркін жауап». ТАТ жауаптары өте еркін және ешқандай шектері қойылмаған. Роршах тестінде тәжірибе әрқашан бейне шектеулері анықталған, ал ТАТ-та бейне бірнеше ассоциацияларды шығарады. Бұндай ассоциациялар жай өмірде тұлға қасиеттері туралы айтатын іс-әрекетте тәртіп жүйесінің ерекшеліктерін анықтайды.

Суреттердің интерпретациясы нәтижесінде алынған материал әртүрлі принциптармен өңделу мүмкін және әртүрлі эксперименттальдық есептердің қойылуын көздейді. Мысалы, Томкинс әр ұпайда есептелінетін көрсеткіштердің әртүрлі қатынастары бар және әр қатынасқа бағасы бар жүйені құрастырған. Бұл жүйенің кемшілігі бағаның критерийінің тым еркіндігінде. Мысалы 300 сөзден құралатын әңгіме норма деп саналып, одан ауытқу дұрыс емес деп саналса, онда шешендік пен ойдың нақтылы сияқты тұлғаның құнды қасиеттері байқалмай қалуы мүмкін. Мэррей басқа бір принципті «берілгенді табу» деп негіздеген. Мысалы эксперименттік материалда жұп болатын қасиеттерді іздеу керек: агрессия мен қорғау, маниактың қасиеттерімен немесе депрессия, оптимизм немесе пессимизм және т.б.

Тест сананың әртүрлі салалары мен деңгейлерін анықтау сияқты тапсырмаларды орындау мүмкін: саналы-санасыз, ашық-жасырын, шығарушы-орын басушы. Мысалы, нақтырақ тапсырмаларда беріледі: субъект іс-әрекеттілігінің дәрежесін анықтау: «бала ойлайды», «бала армандайды», «баланың орындағысы келеді», «бала бір нәрсе істеп жатыр» деген ойлаулар алдын ала іс-әрекеттіліктің әртүрлі стадиялары немесе дәрежелі есебінде бағалануы керек.

ТАТ әдістемесімен танысу үшін анализдің кең таралған принципі қабылданған-тұлғаның жүйелік кешенін анықтауға бағытталған материал беретін негізгі пунктілерді табу.

Жалпы әдістемелік нұсқаулар.

Анализдің негізгі категориялары ( қасиеттері мен көрсеткіштері )

« Кетіп қалу » категориясы.

Зерттелетін адамның керекті жауаптардан кетіп қалуға бағытталған іс-әрекет – « кетіп қалу » деп аталады.

Бұл кезде зерттелетін адам шын жауаптарды басқа жауаптармен ауыстырады. «Кетіп қалулар» саналы және санасыз болады.

«Кету» 4 түрге бөлінеді.

1.Сипаттау түрі. Әңгіменің 5 бөлігінің ішінен (суретте бейнеленген момент, бастамасы, бітуі, ойлары, эмоциялары) сынаушының бір сәтте қолдана алуы. Бұл сипаттама тым ұзақ немесе өте тым қысқа болуы мүмкін. Мысалыға: «бұл жерде бала отыр. Мынау скрипка. Бала скрипкаға қарап отыр. Мен басқа ешнәрсе білмеймін.»

2.Сюжетті құрудың формальдық түрі.(нақты мазмұны жоқ) Бұндай жағдайда зерттелетін сюжетті тек каркасдан ғана жасайды. Оның көрініп тұрған бейнесін пікірсіз, мінездемесіз толықтыруы. Мысалыға «бұл суретте баланың скрипкаға қарап отырғанын бейнелеген. Ол скрипкада ойнайды. Бұл сәтке не әкелді? Оның ойнай алуы. Егер ол оқуын жалғастырса, әрі қарай бұданда жақсы ойнай алады. Ол скрипкада ойнап отырғанын ойлап және жақсы ойнау үшін көп оқу керек екенін сезіп отыр».

3.Ауыстыру түрі. Өзінің жаратқан, сыналатын сюжетінің орнына, схемалық дайын материалға ұқсас нәрсе іздейді-әдеби шығарма, кинофильмнің сценарийі, тарихи эпизод, радио немесе телепередача және т.б. Мысалы бұл сурет «Бетховиннің концерті» кинофильмнің кадрына ұқсайды. Ол фильмнің кейіпкері де – музыкант бала. Оған байқауға қатысып бірінші орын алып келсең, Мәскеуге барасын деген кезде, ол...Одан кейін фильмнің шығармашылық мазмұнын айтып береді.

4.Кеңдік түрі. Бұндай жағдайда сынаушы сюжетті құрған кезде, әр бұрылыста барынша әртүрлі, түрлерді беруге тырысады. Мысалы, «бұл бала 12 немесе 13-те. Мүмкін одан да үлкен шығар...Мүмкін ол өзінің жасынан ересектеу көрінеді. Мүмкін ол 7-8 жаста шығар. Оның алдында скрипка жатыр. Оған біреу сыйлаған. Немесе оның скрипкасы емес. Мүмкін әкесінікі немесе ағасынікі шығар. Мүкін мүлдем үйінде емес шығар. Ол басқа біреудің скрипкасы. Ол скрипкада ойнайын деп жатыр. Мүмкін оның ойнағысы келмей жатқан шығар. Музыкалық мектепте емтихан тапсыру алдында толғануы мүмкін. Бәлкім скрипканы сындырып алып, қорқып отырған шығар» т.с.с.

«Кету» бұл төмендегідей барлық нәрселерге қатысты түр сипаттары:

а). Зерттеуден қорқу, тесттен қорқу, өзінің қызығушылығын, мақсатын, себептерін жасыру сипаты.

б). Қарым-қатынас жасаудың қиындықтары.

в). Интеллектуалдық шектеу.

г). Интеграция қабілетінің төмендігі.

«Персонаждардың позиция» категориясы.

Өмірлік позиция-өзін, суреттегі бейнеленген бейнемен салыстыру. Позиция көптеген өмірлік есептермен конфликттерді шешу үшін бастапқы нүкте болып саналады. Ситуацияны өзгертуге бағытты, одан активті шығуға бағытталуы іс-әрекеттің позицияда бақыланады, керісінше, пассивтік, іс-әрекетсіздік тәуелді позицияда «Үшінші адам» ретінде «жанынан қарау», бірақ ситуацияға қатыспау. Жоюға конфликтке бағытталуы агрессивтік позицияға тән.

Позициялардың барлық түрлері тұлғалық сәйкес тенденцияларының тіке көрсеткіштері болып саналады. Бұлардың бәрі тұлғалық іс-әрекетінің әдістері туралы сұрақтарды шешу үшін материал береді.

Әрекеттік позицияның қасиеттері: осы шақтық етістіктерін қолдану.

Тәуелдік позицияның қасиеттері ықпалдар мен әсерлер туралы ойлар болып табылады. Ойлар әсер ететін адамның атынан жүргізіледі. Зейін қудалау фактілерге тұрақталады.

Агрессивті позицияның қасиеттері императивтік конструкциялардың басымдылығы болып саналады. Басқа тұлғаға әсер етуге акцент қойылады. Әрекеттік позициядан айырмашылығы – белгілі бір мақсаттың, іс-әрекеттердің жоспарының жоқтығы.

Солидаризация дегеніміз басқа бір адамның сізді –түсінуі. Зерттелетін адам басқаның позициясын қабылдау мүмкін емес, сонымен қатар басқаның қабілеттері мен қасиеттері зерттелетін адамдікіне жағымды болуы мүмкін. Әдеттегідей, зерттелетін адам оларды бірден айтады.


Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет