Лекция: 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтары: 15 сағат Лабораториялық сабақтары: 15 сағат СӨЖ: 60 сағат


«Сюжеттік сызықтан ауытқу» категориясы



бет8/15
Дата25.04.2016
өлшемі2.69 Mb.
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

«Сюжеттік сызықтан ауытқу» категориясы.

Бұл категорияның қасиеті әңгіме бағытын бірден өзгертуі болып саналады. Анықтамалық және мемориялдық, ауытқулар болады. Анықтамалық ауытқулар – реонерство (өсиетшіл) көрсеткіштері. Мемориаялдық-эгонтризмнің көрсеткіштері. Жиеленіп кеткен ауытқулар идеялардың секірулері болып саналады.



«Қабылдау қателері» категориясы.

Қабылдау қателері деп суреттегі бейнеленген заттардың басқа түрлерін қосу және ойдан шығару емес, әншейін айту болып табылады.

Қабылдау қателері – мықты нұсқаулардың басымдылықтың қасиеттері.

«Әңгіменің жалпы уақыты» категориясы.

Тоқтаусыз әңгімелер әртүрлі ассоциациялармен бай сананы, фантазияға үйірлілігін сипаттайды. Бір суретке айтылған ұзақ әңгіме зерттелетін адамды ситуация мен сюжет өте қызықтырғандығын білдіреді. Егер әңгіме 30минутқа тоқталып қалса «ортасында» онда ол аффекттік реакцияның белгісі болады.



Эксперимент процедурасы.

Тест басталғанша зерттелетін адам көрсеткіштер жүйесі, тест бағалары туралы ешнәрсе білмеу керек. Тест карточкалары зерттелетінге кезек-кезек ұсынылады. Оған 5 бөліктен тұратын нұсқау көрсетіледі :

1) «Бұл суретте не көріп тұрсыз?» , «ситуацияны сипаттап беріңіз.»

2) «Бұл ситуация не туғызды?» , «Қандай себептер?»

3) «әрі қарай не болады сіздің пікіріңізше?»

4) «Суретте бейнеленген адамдардың ойлары қандай?»

5) «Адамдар қандай сезімде тұр?»

Жауаптар алғашқы хаттамаға (бағасыз) , мүмкінші , мүмкіншілігінше сөзбе-сөз жазылады.



Эксперименттік материалды өңдеу тәртібі :

1. Барлық жауаптар мен сипаттамалар , ойлар , алғашқы хаттамада жазылғандар, екінші хаттаманың пунктілеріне сәйкес жайғастырылу мақсатында анализден өткізіледі.

( Қосымша 1,2,3)

2. Жауаптар мен олардың қатынастарынан ( сәйкестік қарама қайшылық ) «проекцияның құрылымы» шығарылады.

3. Кез келген категория жауаптарының көпшілігінің негізінде тұлғаның психологиялық нақты тенденциясы шығарылады.

4. Тұлға туралы жалпы қорытынды құралады. Оның ішінде тұлға жасайтын орта туралы ойлар, позиция, сапа туралы мәліметтер , тұлғаның динамикалық сабы (строй) туралы , эмоциялық және жігерлік сфера туралы, іс-әрекет әдістері, тұлғаның бөлек қасиеттері және оның бағытталуы туралы қорытынды жасалады.

Экспериментатордың негізгі зейіні мәтінін өңдеу барысында қорытындыға, оның дәлелдеу жағына көп көңіл бөлу керек.

2.Тұлғаның өзін-өзі бағалау шкаласы.

Теоретикалық негізделуі. Ұсынылатын әдістеме А. М. Пригожин мен құрастырылған. Бұл Дембо – Рубинштейннің әйгілі әдістемесінің варианты ретінде талап деңгейлердің қосымша параметрлерді енгізген.



Мақсаты: Өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін зерттеу.

Нұсқау: Әр адам өзінің қабілеттілігін , мүмкіншіліктерін, мінезін бағалайды. Шарт түрінде адамның даму деңгейін вертикальды сызық етіп алып , төменгі нүктені – ең төмен даму , ал жоғарғы нүкте – ең жоғары даму нүктелері дейміз.

Мысалы « денсаулық » сызығындағы төмендегі нүкте адам ауру екенін, ал жоғары нүкте сау екенін білдіреді.



Өзін-өзі бағалау шкаласы.



1 2 3 4 5 6 7


Тест материалы. 7 сызық (вертикальды), ұзындығы 100 мм. Жоғарғы, төменгі жағы үлкен нүктемен белгіленген, ортадағысы кішкентай нүктемен.

Әдістеме. Зерттеу фронтальды (бір топпен) немесе жеке түрде өтуі мүмкін. Фронтальды зерттеуде әр қатысушы шкаланы қалай толтырғанын тексеру керек. Ол үшін аудиторияны аралап зерттелетіндердің сұрақтарына жауап беріп, белгілерді қалай қолданып жатқандығын тексеру керек. Содан кейін олар дербес жұмыс істеу керек. Шкаланы толтыруға нұсқауымен бірге 10-12 минут беріледі.

Зерттелетіндер тапсырманы қалай орындап жатқандығын бақылау керек. Олардың әртүрлі реакциялары нәтижелерді өңдеу үшін қосымша информация береді.

Нәтижелерді интерпретациялау. Өңдеуге 6 сызық жатады. «Денсаулық» шкаласы есептелінбейді. 100мм = 100 ұпайға тең.

1- этап. Әр 6 шкала бойынша - « ой қабілеттері », « құрдастар арасындағы авторитеті », « шебер қолдар », « сыртқы көрінісі», « өз өзіне сенуі » - анықталатын нәрселер:

а) берілген қасиетке қатысты талап деңгейі – төменгі нүктеден (0) – (х)-қа дейін;

б) өзін-өзі бағалау деңгейі- (0)-ден-(-)-дейін;

в) талап пен өзін-өзі бағалау деңгейлерін сипаттайтын өлшеулердің айырмашылығы (х)-тен (-)-қа дейін.

Егер талап деңгейі өзін-өзі бағалау деңгейінен төмен болса, онда нәтиже теріс санмен анықталады. Содан кейін әр көрсеткіш жазылады: талап деңгейі, өзін-өзі бағалау деңгейі және олардың арасындағы айырмашылығы (шкала бойынша ұпайларда).

2 -этап. Әр көрсеткіштің орта өлшеуі анықталады. Оны 6 шкала бойынша әр көрсеткіштің медианасы сипаттайды.

3- этап. Талап пен өзін-өзі бағалау деңгейінің дифференциация дәрежесі анықталады. Оларды зерттелетін адамның бланкілердегі барлық (х)-терді қосумен алады. Алынған профильдер зерттелетін адамның өз тұлғасының әртүрлі жақтарын бағалаудағы айырмашылығын көрсетеді. Дифференциацияның сандық мінездемесі керек болған кезде, максимальдық пен минимальдық сандармен айырмашылығын қолдануға болады.

Дифференциация көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, соғұрлым орта өлшеу шартты болып және соғұрлым маңызы аз болады.

Өте үлкен дифференциацияда зерттелетін өз тұлғасының кейбір жақтарын өте жоғары бағаласа, кейбіреулері өте төмен бағаланады, орта өлшемдік талдау шындығында мағынасын жоғалтады және тек бағыттау үшін қолданады.

IV. Әсіресе талаптар өзін-өзі бағалаудан төмен болса, кейбір шкалалар толтырылмай қалып, жауаптары шкаладан тыс шығып кетсе (белгілер жоғары сызықтан немесе төменгі сызықтан түсіп кетсе) нұсқауда ескерілмеген белгілер қолданылса, ал жауаптарға комментарий берілсе ерекше көңіл бөлу керек.


Бақылау сұрақтары:
1. Жастық шақтағы тұлғаның қалыптасуының заңдылықтарын көрсетіңіз.

2. Балалардың өзін-өзі бағалауының ерекшелігі.

3. Ұсынылған әдістеме өзін-өзі бағалаудың қандай факторларын анықтайды?

4. Ұсынылған әдістеменің ригидтық қандай ерекшеліктері диагностиканы жасайды?

5. Балалардың іс-қимылында ригидтық қалай көрінеді?

6. Баланың жоғары ригидтығы бар мотивациялық сфераны сипаттап беріңіз.

7. Баланың үлкендермен әрекет жасау мотивтерін атап беріңіз.

8. Баланың үлкендермен әрекет жасау мотивтерінің ерекшеліктерінің мағынасын көрсетіңіз.(баланың әлеуметтік дамуының ситуациясын талдау үшін).

9. Оқушының мотивациялық сферасында бала мен үлкендердің әрекет жасау мотиві қандай орын алады?
Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары:


  1. Үлкендермен әрекет жасау мотивтерін зерттеу әдістемесі.

  2. Үлкен адамдардың тұлғааралық қарым-қатынастарының педагогикалық зерттеу әдістері.



Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003

2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985

3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001

4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003.

5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум ,1978.



18- тақырып .

Тұлғалық қасиеттердің кең тараған әдістемелері .
Қарастырылатын мәселелер.
1. Миннесоталық көпфакторлы тұлғалық сұраулық(ММРІ)

2. Суретті пробалар, өткізу техникасы және нәтижелерді талдау.

Лекцияның мақсаты:

Студенттерді тұлғалық қасиеттердің кең тараған әдістемелермен таныстыру. Эксперимент өткізу техникасы және нәтижелер анализдері туралы анықтама беру.


1.Мини – Мульт сұраулық(опросник)

Мини – Мульт сұраулығы ММРІ-дің қысқартылған варианты. Ол 71 сұрақтан , 11 шкаладан (оның ішінде 3 – бағалық ) ( Адаптация Ф. Б.Березина және М.П.Мирошникова )

Бірінші 3 бағалау шкаласы зерттелетін адамның шындығын өлшейді. Қалған 8-і негізгі деп саналып тұлғаның қасиеттерін бағалайды. Бірінші шкала астено-невротикалық типті зерттелетіннің тұлғалық қасиеттерін өлшейді. Екінші шкала зерттелетіннің социопатикалық вариантты тұлғалық деңгейге басымдылығын көрсетеді. Бесінші шкала бұл вариантта қолданылмайды 4-тен кейін бірден 6-шы қолданылады.

6-шы шкала зерттелетіннің өкпелегіштігін сипаттайды.

7-ші шкала күдікті типті тұлғаны зерттеуге қолданылады.

8-ші шкала эмоциональдық алшақтықтың дәрежесін өлшейді.

9-шы шкала тұлғаның гипертимдік түріне жақындығын көрсетеді,белсенділікті өлшейді.

Сұраулықты өткізу уақыты шектелмеген.



Нұсқау.

Сіз денсаулығыңызға және мінезіңізге қатысты тұжырымдамалармен танысасыз. Әр тұжырымдаманы оқып , өзіңізге қатыстысын шешесіз. Көп ойлауға уақыт бөлмеңіз. Ең бірінші келген шешім – ең дұрысы болады.



Сұрақтар , тұжырымдамалар.

1. Сіздің аппетитіңіз жақсы ма?

2. Таңертең жақсы ұйықтап демалғаныңызды сезесіз бе?

3. Сіздің күнделікті өміріңізде көп қызық бар.

4. Сіз өте үлкен қуатпен жұмыс істейсіз.

5. Басыңызға кейде жақсы емес ойлар келеді, бірақ ол туралы ешкімге айтпау керек.

6. Сіздің ішіңіз сирек қатып қалады.

7. Кейде сіз үйіңізден кетіп қалғыңыз келеді.

8. Кейде сіз тоқтаусыз күліп немесе жылайсыз.

9. Кейде жүрегіңіз айнып , құсқыңыз келеді .

10. Сізді ешкім түсінбейді деп ойлайсыз.

11. Кейде сіздің ұрысқыңыз келеді.

12. Апта сайын сіз нашар түс көресіз.

13. Сіз қиын жиналасыз, басқаларға қарағанда.

14. Сізбен түсініксіз нәрселер болып тұрады.

15. Егер адамдар сізге қарсы болмағанда, өмірде көп нәрсеге қол жеткізетін едіңіз.

16. Балалық шағыңызда ұрлық жасадыңыз.

17. Кейде бірнеше күн , апта немесе айлап ешнәрсеге қолыңыз бармай , жұмыс бастай алмай отырасыз.

18. Сіз тынышсыз ұйықтайсыз.

19. Адамдардың арасында болған кезде , сізге біртүрлі нәрселер естіледі.

20. Сізді танитын адамдардың көбісі сізді жаман емес деп ойлайды.

21. Сізден аз білетін адамға жиі бағынатын ба едіңіз?

22. Адамдардың көбісі сізге қарағанда өмірге көбірек қанағаттанады.

23. Көбісі өзінің бақытсыздығын көбейтіп жібереді, өйткені басқалардан көмек күтеді.

24. Кейде сіз ашуланасыз.

25. Өз-өзіңізге сенімділік жетпейді.

26. Кейде сіз бір нәрсені дұрыс істемедім деп ойлайсыз.

27. Өз тағдырыңыз сізді қанағаттандырады.

28. Кейбіреулер өте көп бұрың беруді ұнатады, сіз олардың дұрыстығын біле тұра , оларға қасарысасыз .

29. Сіздің асқазаныңыз жиі ауырады.

30. Сізге қарсы бір нәрсе ұйымдастырылып жатқанын сезесіз бе?

31. Адамның көбісі пайданы « өте шың жолымен » табады.

32. Бір күн бұрын сіздің көңіл-күйіңіздің нашарлағандығын түсіндіре алмайсыз.

33. Сіздің ойларыңыз соншалықты тез , сіз оларды айтып үлгере алмайсыз.

34. Сіздің жанұялық өміріңіз басқалармен салыстырғанда жаман емес.

35. Кейде өзіңіздің жарамсыздығыңызға сенімдісіз.

36. Соңғы кезде сіздің денсаулығыңыз әдетте дұрыс болды.

37. Кейде сіз не істегеніңізді есте сақтай алмайсыз.

38. Сізді дұрыс емес сөккен деп ойлайсыз.

39. Сіз өзіңізді қазіргіден жақсы ешқашан сезінбегенсіз.

40. Сіз туралы басқалар не ойлайтыны сізге бәрібір.

41. Сіздің жадыңыз өте жақсы.

42. Сіз жаңадан танысқан адаммен бірден сөйлесе алмайсыз.

43. Көбінесе сіз өзіңізді нашар сезінесіз.

44. Сіздің басыңыз сирек ауырып тұрады.

45. Кейде сіз жүріп-жүріп құлап қалайын дейсіз.

46. Сіздің таныстарыңыздың кейбіреулері сізге ұнамайды.

47. Сіздің идеяларыңызды ұрлайтын адамдар бар.

48. Сіздің ойыңызша сіз кешірілмейтін нәрсе істемедіңіз.

49. Сіздің ойыңызша сіз өте жуассыз.

50. Сізді бір нәрсе үнемі уайымдатады.

51. Ата-анаңыз сіздің таныстарыңызды жиі жақтырмайтын.

52. Сіз аздап өсек айтасыз.

53. Сіз кейде шешімдерді оңай табатыныңызды сезесіз.

54. Сіздің жүрегіңіз кейде тез соғып , сізге дем жетпей қалады.

55. Сіз тез көтеріліп, тез басыласыз.

56. Сіз кейде бір нәрсені уайымдап , бір орында отыра алмайсыз.

57. Ата-анаңыз және жанұяңыздың басқа мүшелері сізге көп тиіседі.

58. Сіздің тағдырыңыз ешкімді қызықтырмайды.

59. Басқа біреудің қатесін өзінің мақсатында пайдаланатын адамды сіз айыптамайсыз.

60. Сіздің энергияңыз өте көп.

61. Соңғы кезде сіздің көзіңіз нашарлап кетті.

62. Сіздің құлағыңыз жиі шуылдайды.

63. Сізге гипноз қолданғандығын сезген уақыттарыңыз болды ма?

64. Кейде сіз өте көңілді боласыз (себепсіз).

65. Ортада болсаңызда , өзіңізді жалғыз сезінесіз.

66. Әр адам өтірік айтуы мүмкін.

67. Сіз басқаларға қарағанда өткіррек сезесіз.

68. Кейде сіздің басыңыз әдеттегіден баяу жұмыс істейді.

69. Сіздің көңіліңіз адамдардан жиі қалған.

70. Сіз алкоголь сусындарды ішесіз.

Сұраулыққа арнайы бланк беріледі, оның бір жағында зерттелетіннің жауаптары жазылады. Егер зерттелетін адам тұжырымдаманы мақұлдаса , онда + қойылады , мақұлдамаса – қойылады. Бланктың арғы жағында экспериментатор коррекция шкаласын есепке алып зерттелетіннің тұлғасының профилін құрайды. Бланкта бұл өлшеулер таблицада берілген.

Д шкаласының өлшеулері № 1,4,7,8,9 негізгі шкалаларға қосылады. Мысалы , егер Д шкаласы бойынша 9 ұпай жиналса , онда №1 шкаласының өлшеулеріне , таблицаға қарап 5 ұпай қосады, №4 ке -4 ұпай, №7 мен 8-ге – 9 ұпайдан , №9 – 2 ұпай қосады.

Шкалалардың сипаттамасы :

1. Өтірік шкаласы (L) зерттелетіннің шындығын анықтайды.

2. Шын шкаласы (F) өтірік жауаптарды анықтайды.

3. Kоррекция шкаласы (К) . Бұл шкала бойынша жоғары көрсеткіштері әрекетті санасыз бақылау туралы айтады.

Базистық шкалалар.

1. Ипохондрия (Нs) – зерттелетін адам астено-невротикалық типке «жақындығы». Зерттелетіндер жоғары бағаларымен өте баяу, пассивті, бағынышты , айналаны ауыстыруды нашар сезінеді, әлеуметтік конфликттерде тез жоғалады.

2. Депрессия (Д) – жоғары бағаны өте сезімтал , уайымға бейім , өте жуас адамдар алады. Олар кез келген істі өте жақсы орындап, оларды жоғары моральды болады, бірақ өздерінше ешқандай шешім қабылдай алмайды.

3. Истерия (Ну) – конверсиондық типті неврологиялық қорғау реакцияларға бейім адамдарды анықтайды. Барлық проблемаларды ауруға «кетіп қалумен» шешеді. Ондай адамдар өздерін жоғары санайды, өздеріне көңіл аударуды қалайды.

4. Психопатия (Pd) – бұл шкаланың жоғары бағалары әлеуметтік дезадаптацияны білдіреді , адамдар агрессивті , ұрысқақ әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды қабылдамайды. Олар өте өкпелегіш , ашуланшақ , сезімтал болып келеді.

5. Паранояльдық (Ра) – бұл шкала бойынша жоғары көрсеткіштері құнды идеялардың қалыптасуына бейімділігін анықтайды. Бұл адам бірбеткейлі , агрессивті және кешірімді емес. Кім олардың жағында болмаса , ол-жау . Өздерінің көзқарастарын біреуге мойындатқылары келеді. , сондықтан айналадағыларымен конфликтке кездеседі. Өзіңіздің кішкене жетістіктерін олар үнемі жоғары бағалайды.

6. Психастения (Pf) – күдікті адамдарың диагностикадан өткізеді.

7. Шизоидтық (Se) – бұл шкаланың жоғары көрсеткіштері іс-әрекеттіктің шизоидтық түрін сипаттайды. Ондай адамдар өте сезімтал болады және абстракттың бейнелерді қабылдайды, бірақ күнделікті қуаныштар мен реніштер оларда ешқандай эмоциональдық реакцияны туғызбайды.

8. Гипомания (Ма) – бұл шкала бойынша жоғары көрсеткіштер адамның жағдайларға байланысты емес жоғары көңіл күйдің белгісі. Ондай адамдар өзгерістері жиі болып тұратын жұмысты жақсы көреді, адамдармен тез тіл табысады, бірақ олардың қызығушылықтары терең және тұрақты емес.

Барлық шкалалар бойынша ең жоғары бағалар 70-тен жоғары болып саналады.Төмендері 40-тан төмен.



Сұраулықты жеке немесе топта өткізуге ұсынылады. Әр адамда сұраулықтың мәтіні және жауаптардың бланкісі болу керек. Экспериментатор міндетті түрде қатысу керек , өйткені зерттелетіндер оған сұрақ қояды.

Кілт


Шкала

Жауаптары

Сұрақтардың нөмірлері

1

2

3

1

Дұрыс емес(Н)

5,11,24,47,53

F

H

22,24,61,




Дұрыс(В)

9,12,15,19,30,38,48,49,58,59,8,71

K

H

11,23,31,33,34,36,40,41,43,51,56,61,65,67,69,70




Н

1,2,6,37,45

1(Hs)

В

9,18,26,32,44,46,55,62,63




Н

1,3,6,11,28,37,40,42,60,65,61

_2(D)

В

9,13,11,18,22,25,36,44




Н

I,2,3,И,23,28,29,31,33,35,40,41,43,45,50,56

^1(Hy)

В

9,13,18,26,44,46,55,57,62

-i(Pt1)

Н

3.^8,34,35,41,43,50,65

L-----,

В

7,10,13,14,15,16,22,27,52,58,71

1

2

3

6(Pa)

H

28,29,31,67

B

5,8,10,15,30,39,63,64,66,68

7(Pt)

H

2,3,42

В

5,8,13,17,22,25,27,36,44,51,57,66,68~^




H

3,42

8(Sc)

В

5,7,8,10,13,14,15,16,17,26,30,38,39,4бГ,57,63,64,66

9(Ma)

H

43

В

4,7,8,21,29,34,38,39,54,57,60

Тест мәліметтері бойынша зерттелетін тұлғаның профилі сызылады.


Жоғарыда сипатталған шкаланың бәріне жоғары болып «шикі» ұпайлардағы бағалар болады, олар Т шкаласы бойынша 70-көрсеткішіне сәйкес болады. Төмені болып Т шкаласы бойынша 40-тан көтерілмейтін бағалар саналады.

Төмен болып ипохондрия шкаласы бойынша (1) 3 тен жоғары болмайтын бағалар, психопатия көрсеткіші бойынша (2 шкала) 4-тен , истерия көрсеткіші бойынша (3 шкала) 7-ден, және т.б. Бұл көрсеткіштердің маңыздары. Т шкаласы бойынша 40 белгісіне сәйкес болады. Жоғары бағалар ипохондрия көрсеткіші бойынша (1 шкала) 11-ден жоғары болады, психопатия көрсеткіші бойынша (2 шкала) 11-ден жоғары, истерия көрсеткіші бойынша (3 шкала) 16-дан жоғары және т.б. Бұл көрсеткіштердің маңызы Т шкала бойынша 70-ке сәйкес болады.

Зерттелетіннің тұлға профилін құрастыру кезінде «шикі» ұпайларды негізгі шкалалар бойынша 1,4,7,8,9 шартты ұпайларға өзгерту керек.

Формула.

уБ=А+0,5К; уБ4=А4+0,5К; уБ7=А7+К; уБк=А8+К; уБ9=А9+0,2К

уБ= негізгі 1-ші шкала бойынша шартты ұпайлар.

Ах= «шикі» ұпайлар 1-ші шкала бойынша .

К – К бағалау шкаласының маңызы және т.б.

« Аяқталмаған сөйлемдер » әдістемесі.

Тест 60 аяқталмаған сөйлемдерден тұрып , 15 топқа бөлінуі мүмкін. Әр топ зерттелетіннің жанұядағы жұмыстағы қарым-қатынастар жүйесінің дәрежесін сипаттайды. Сөйлемдердің кейбір топтары адамның қорқыныштарына , өзінің кінәлі екендігін сезінуге қатысы бар , оның өткен шағы мен болашағын куәландырады, ата-аналар мен достары арасындағы қарым-қатынастарды зерттейді, өзінің өмірлік мақсаттарын.

Тест (өңдеусіз) 20 минуттан бірнеше сағатқа созылуы мүмкін (зерттелетіннің тұлғасына тәуелді).

Тест бланкісінде сөйлемдерді бір немесе бірнеше сөздермен аяқтау керек.



Тест бланкісі.

1. Мен ойлаймын , менің әкем сирек________ .

2. Егер маған бәрі қарсы болса , онда __________.

3. Мен үнемі бірнәрсе істегім келеді ________.

4. Егер мен жетекші қызметті атқарған болсам_________.

5. Келешек маған ________.

6. Менің бастығым_________.

7. Ия, ақымақтық екенін білемін , бірақ қорқамын _________.

8. Мен ойлаймын , шын дос_________.

9. Мен сәби болған кезде__________.

10. Әйелдің (еркектің) идеялы мен үшін_________.

11. Мен ең жақсы (кіммен)_________жұмыс істеймін.

12. Менің анам және мен_________.

13. ________ұмыту үшін бәрін істер едім.

14. Егер менің әкем _________ істегісі келгенде, ________.

15. Ойлаймын, менің қабілеттілігім жетеді_________.

16. Егер _________ , мен өте бақытты болар едім.

17. Менің қарамағымды біреу істесе,__________.

18. __________ үмітім бар.

19. Мектепте менің мұғалімдерім ________.

20. Менің _________ қорқатынымды достарымның көбісі біледі.

21. _______ адамдарды жек көремін.

22. Соғысқа дейін мен ________.

23. Мен ойлаймын бойжеткендер мен жігіттер ________.

24. Ерлі-зайыптық өмір маған _________.

25. Менің жанұям менімен ________ сияқты сөйлеседі.

26. Менімен жұмыс істейтін адамдар_______.

27. Менің анам ___________.

28. Менің ең үлкен қатем _________.

29. Менің ең үлкен әлсіздігім ___________.

30. Менің жасырын тілегім менің қол астындағылар_______.

31. __________ күн келеді.

32. Менің бастығым маған жақындаған кезде _________.

33. Мен қорыққанымды жеңсем ___________.

34. Бәрінен бұрын мен ________ адамдарды ұнатамын.

35. Егер мен қайтадан жас болсам ________.

36. Мен ойлаймын , әйелдердің (еркектердің) көбісі ________.

37. Егер менің жыныстық өмірім нормада болса _________.

38. Маған таныс жанұялардың көбісі ________.

39. Аналардың көбісі _________ деп санаймын.

40. Жас кезімде ________өзімді кінәлі санадым.

41. Менің әкем , мен ойлаймын________.

42. Менің жолым болмаса , мен _________.

43. Бұл өмірде мен___________.

44. Мен басқаларға тапсырма бергенде______.

45. Қартайған кезде мен_________.

46. Маған басымдылық ететін адамдарды _______.

47. Менің күдіктерім мені _______ мәжбүр етті.

48. Мен жоқ кезде , менің достарым_________.

49. Балалық шақтың ең жақсы естелік болып_______.

50. Маған ұнамайды еркектер (әйелдер) _________.

51. Менің жыныстық өмірім________.

52. Мен сәби болған кезде , менің жанұям________.

53. Мен анамды жақсы көремін , бірақ _______.

54. Мен істегеннің ең жаманы ________.

Әр топқа жақсы , жаман , бәрібір деп қатынастарды анықтайтын мінездеме беріледі.--


Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет