Лекция: 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтары: 15 сағат Лабораториялық сабақтары: 15 сағат СӨЖ: 60 сағат



бет9/15
Дата25.04.2016
өлшемі2.69 Mb.
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Мысалы:

Маған таныс жанұялардың көбісі.

1. Бақытсыз, ажырасып кеткен –2 .

2. Жүйкелері жұқарған,–1.

3. Бәрі бірдей – 0.

Келешегім маған:

1. Өте нашар , түсініксіз – 2.

2. Түсініксіз – 1.

3. Белгісіз – 0.

Кілт


_Nb’

п\п


Ұсыныстар топтары

№ тапсырма


1

Әкесіне көзқарасы

16 31 46

2

Өзіне көзқарасы

17 32 45

3

Іске асырылмаған мүмкіншіліктері

18 33 48

4

Қол астындағыларға көзқарасы

19 34 49

5

Келешекке көзқарасы

20 35 50

6

Жоғары қызметтегілерге көзқарасы

21 36 51

7

Қорқыныштармен күдіктер

22 37 52

8

Өткенге көзқарасы

23 38 53

9

Достарына көзқарасы

24 39 54

10

Басқа жынысты адамдарға көзқарасы

25 40 55

11

Секстік қарым-қатынасы

26 41 56

12

Жанұяға көзқарасы

27 42 57

13

Әріптестеріне көзқарасы

28 43 58

14

Анаға көзқарасы

29 44 59

15

Кінә сезімі

30 45 60



Бақылау сұрақтары :

1. Қандай тұлғалық қасиеттерді диагностикалау үшін Мини-мульт сұраулығы қажет?

2. Қандай тұлғалық қасиеттерді диагностикалау үшін «Аяқталмаған сөйлемдер » тесті қолданылады.

3. Тағы қандай әдістемелер бар ?


Студенттің өзіндік жұмыстарының тақырыптары:

1.Суретті пробалар , өткізу техникасы мен нәтижелерді талдау.

2. Дж.Буканың « Үй – ағаш – Адам » зерттеу әдістемесі.
Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003

2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985

3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001

4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003.

5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум ,1978.


19-тақырып .

Мектепке дейінгі балалардың психодиагностикасы
Қарастырылатын мәселелер.
1. Мектепке дейінгі балалардың психодиагностикасының ерекшеліктері.

2. Мектепке дейінгі балалардың қызығушылық процесінің психодиагностикасының әдістемелері.



Лекция мақсаты:

Студенттерді мектепке дейінгі балалардың (Мдб) психодиагностикасының ерекшеліктерімен таныстыру. Психодиагностикалық әдістемелердің стандарттық кешені туралы анықтама беру.



Мектепке дейінгі балалар (МДБ) психодиагностикасының

ерекшеліктері.
МДБ бірнеше психологиялық және әрекеттік ерекшеліктерге ие болады. Оларды білу психодиагностикалық зерттеу процесінде шын нәтижелерді алу үшін керек. Бұл ерекшеліктерге сананың төмен деңгейі қатысты.

Психодиагностика контекстінде сана туралы айтқан кезде, біз ішкі бақылау туралы, баланың негізгі тану процестерінің сөйлеу реттігін, оның қабылдау, зейін, жады, ойлау туралы айтамыз. Бұл процестер өте төмен даму деңгейде болады, өйткені бұл кезде когнитивтік даму әлі аяқталмаған. Баладағы тану процесінің еркіндігі 3-4 жастан басталып жасөспірім кезінің аяғына дейін барады. Сол үшін тест тапсырмалары баладан тану процестері жоғары дамыған және оны меңгеруді талап етеді. Бала жеткен даму деңгейі туралы дұрыс ой болу үшін тест тапсырмалары когнитивтік сфераның еркін және еріксіз деңгейге лайықты болу керек. Бұл нәрсе, бір жағынан, тану процестерінің еркіндік дәрежесін адекваттық бағалайды, екінші жағынан – егер олар әлі еркін болмаса, онда оларды реалдық деңгейін бағалайды.

3-6 жасар балалар туралы айтатын болсақ, онда оларда барлық тану процестерін меңгеруде еркіндік элементтері бар. Сонымен қатар, ондай балалардың үлкен бөлігінде еркінсіз тану процестері басым болады. Айналадағы нәрсені тану үшін, бала осы аталған процестерге сүйенеді. Осы жастағы балалардың психодиагностикасы екі жақты бағыттайды: табиғи(еркінсіз) тану процестерінің дамуының детальдық зерттеуіне және еркіндік когнитивті әрекеттер мен реакциялардың нақты сипаттауына және уақтылы оларды табуына.

МДБ-дың сана-сезімнің төмен деңгейі туралы айтқан кезде біз МДБ-дың , әсіресе 4 жасқа дейінгілер, өзінің тұлғалық қасиеттерін аз сезінеді және өздерінің тәртіптеріне дұрыс баға бере алмайды. Өздерінің жақсы жақтары мен кемшіліктері туралы ешнәрсе анық білмейді және өзін-өзі бағалау мен талап деңгейі әлі қалыптаспаған.

4 пен 6-ға дейінгілердің ондай мүмкіншіліктері бар, олар өздерін тұлға ретінде бағалайды, бірақ, көбінесе үлкен адамдар көңіл бөлген қасиеттерді.

Төрт жасқа дейінгі балалардың тұлғалық және әрекеттік психодиагностика әдістері баланың сана-сезіміне бағытталған тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Бұл ережені бұзу баланың қойылған сұрақтарға жауап бермеуге немесе сұрақтардың мағынасын түсінбей, жауап беруді көздейді.

Төрт-алты жасар балаларға адекваттық өзін-өзі бағалауға сүйенетін тұлғалық және әрекеттік сұраулықтарды ұсынуға болады. Бірақ юұл жастағы балалардың өзін-өзі бағалау мүмкіншіліктері шектеулі екенін есте сақтау керек.

МДБ-дың тұлғалық және әрекеттік психодиагностикасын өткізген кезде алынған баланы жақсы танитын, кәсіби дайындықтан өткен ересек адамдарды тәуелсіз эксперттер ретінде алып , сыртқы эксперттік бағалау әдісін қолдану керек. Мектепке дейінгі үлкен жастағыларға эксперттік бағаларға баланың өзі-өзіне беретін бағасын қ осуға болады, бірақ ол туралы үлкендердің тұжырымдамаларға көп көңіл бөлу керек.

Бұл жаста психодиагностика әдістемелерді қолдануға белгілі бір қиындықтар мен шектеулер бар. Бұлар үшін тұлғаулық сұраулықтар (тіке және жанама сұрақтары бар) жарамайды. Егер оларды қолдануға мәжбүр болсаңыз, онда әр сұрақты өте жақсы, қарапайым түрде балаға түсіндіру керек.

Тағы бір ерекшелік туралы айтайық. МДБ-лар тек егер психодиагностиканы өткізу уақыты бойы әдістемелер мен психодиагностикалық тапсырмалар оларды қызықтырса, сол кезде ғана олар өзінің қабілеттіліктерді, яғни психологиялық дамуының деңгейін дұрыс көрсететін нәтижелерді көрсетеді. Қалай қызығушылық өтеді, солай бала өзінің қабілеттерін көрсетпей қалады.

Балалардың психогендық факторларды еске алу керек. Ол үшін тест тапсырмаларды өте ұзақ етіп құруға болмайды. Оптималдық уақыт1 ден 5 минутқа дейін, баланың жасы не ғұрлым кіші болса, соғұрлым уақыт кем болу керек.

Жасына қарай МДБ-дың психодиагностикасының ерекшеліктерін айтып өтейік :

1.1 ден 3-ке дейін.

2.3 тен 5-ке дейін.

3.5 тен 6-ға дейін.

Ерте жастағы (1-3 жас) балалардың психодиагностикасы тек обьективті болу керек, яғни өзін-өзі бағалауға және анализге. Баланың сырттан бақылайтын әрекеттер мен реакциялардың эксперттік бағалаумен байланысты психодиагностикалық материал өте құнды болады. Балалар туралы мәлімет жинау құралы бақылау болады, ал негізгі психодиагностикалық әдіс – табиғи эксперимент болады. Бұл кезде балаға жақсы таныс өмірлік ситуация пайда бола бастайды. Психодиагностиканың ең, жақсы нәтижесін бір затпен ойнау барысын бақылығанда алуға болады.

3 тен 5-ке дейінгі жастағы балаларға психодиагностика өткізген кезде ойының түрін, әлеуметтік белсенділіктің жаңа түрінің пайда болуын ескеру керек.

Бұл жастағы балалар бірінші рет өзінің құрдастарына тұлға ретінде қарап, олармен бірге ойнай бастайды. Сол үшін психодиагностика әдістемелерді балаларды жеке ойын әрекетте және ұжымдық ойында бақылауға мүмкіншілік беретіндей құрастыру керек.

Бұл ойынға үлкендерге қатысуы мүмкін. Психологтың өзі де осы ойынды ұйымдастыра алады.

Бұл жаста балалардың санасезімнің мәліметтеріне және басқа балаларға , үлкендерге (ересектерге) беретін бағаларға негізделуге мүмкіншілік бар. Бұл әсіресе айналадағылармен қарым-қатынас жасауда әртүрлі жеке қасиеттерді көрсетуге қатысты.

5-7 жаста аталған әрекеттер түрлеріне ережелері бар ойындар қосылады, қарапайым рефлексивтік қабілеттер пайда болады. Бұл жастағы балалар білім алу немесе ойынмен қатар, өзінің іс-әрекетін анализ жасап, өзіне және айналадағыларға баға береді. Бұл нәрсе оқушылар мен ересектердің психологиясын зерттеуге қолданылатын психодиагностикалық әдістемелерін қолдануға мүмкіншілік береді. Ең бірінші бұл тану процестерін зерттеу әдістеріне қатысты.

Барлық ескертулер мен шектеулерді психодиагностикалық әдістемелердің стандарттық кешенінде көрсетілген.

2. МДБ-дың тану процестерінің диагностика әдістері. Стандарттық кешен деп әдістемелердің жиынтығын айтамыз. Бұл кешен белгілі бір жастағы балалардың психологиясын барлық қасиеттер бойынша жан-жақты бағалайды «Стандарттық» дегеніміз барлық әдістемелерге бір бағалау шкаласын қолдануды айтамыз.

Бұл бөлімде сипатталатын әдістемелердің көбісі психологиялық дамудың стандарттық , 10 ұпайлық шкалада көрсетілген көрсеткіштерді алуға көмектеседі.

8 ден 10 ға дейінгі көрсеткіштер баланың қабілеттерінің жақсы дамуын көрсетеді.

0 ден 3 ұпайға дейін – баланың психологиялық дамуында оқаулықтар барын көрсетеді.

Егер 4-7 ұпай болса, онда баланың психологиялық дамуы басқа балалардікіне сәйкес болғаны. Әр ұсынылған әдістемелер кешенінде, оның сипаттамасынан кейін, алынған нәтижелерді бағалау әдісі, алынған мәліметтер негізіндегі бала дамуының деңгейі туралы қорытындылар шарттары мен процедурасы беріледі. Ең соңында баланың психологиялық дамуының жеке картасы беріледі. Онда баланы кешенді зерттеудің жеке психодиагностикалық әдістемелер бойынша алынған көрсеткіштер болады. Бұл картаға қайта өткізілген психодиагностикалық зерттеулерге қатысты әр жылғы мәліметтерді кіргізуге болады. Көрсеткіштер - 5-6 жасар балаға қатысты, олардың жеткен даму деңгейін кескіндейтін , сипатталған әдістемелерде қолданған ұпайлар мен мінездемелер. Егер бала 5-6 жаста болса онда алынған көрсеткіштер бойынша оның психологиялық дамуының деңгейі туралы қорытынды жасауға болады. Бұл көрсеткіштер одан да жас балаларға қатысты болады, бірақ бұл жерде олар 5-6 жастағылардың даму деңгейімен салыстырмалы түрде қарастырылады.

Мысалы. 5-6 жастағы бала «Суреттерге не жетпейді?» деген әдістеменің психодиагностикасы бойынша нәтижесінде 10 ұпай алды. Осыған сәйкес оның психологиялық дамуының деңгейі өте жоғары деп бағалануы керек.

Егер 2-3 ұпай алған болса – төмен деп бағаланады. Бірақ осы методика бойынша 3-4 жасар 2-3 ұпай алған болса – төмен деп бағаланады.

Бірақ осы методика бойынша 3-4 жасар 2-3 ұпай алған болса, оның деңгейін төмен деп айтуға болмайды. Олай деп 5-6 жастағы бала туралы айтуға болады. Ол өзінің құрдастарымен салыстырғанда- орта болады. Сол үшін қорытындыда міндетті түрде «5-6 жасар балалармен салыстырғанда» деп жазу керек.

Ұсынылатын психодиагностикалық әдістемелердің кешенінде әртүрлі психологиялық қасиеттер үшін бір емес бірнеше әдістемелер бар (қасиеттерді жан-жақтан бағалайтын).

Бақылау сұрақтары:


  1. Кейбір психодиагностикалық әдістемелердің қолдану мүмкіншілігін шектейтін МДБ-дың психологиялық ерекшеліктері.

  2. Неге МДБ-ға тест сұрақтарды үнемі қолдануға болмайды.

  3. Әртүрлі жастағы МДБ-дың психодиагностикасының айырмашылығы неде?

  4. МДБ-дың психодиагностикалық әдістерге бейімделуі және ол не үшін керек?

  5. Психодиагностикалық әдістемелердің стандартизациясы дегеніміз не?


Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары:

  1. МДБ-ның зейінінің психодиагностикасын өткізіп, нәтижелерін өңдеп, интерпретациялау.

  2. Әртүрлі әдістемелер көмегімен МДБ-ның жадысын зерттеу


Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003

2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985

3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001

4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003.

5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум ,1978.



20-тақырып .
МДБ-дағы тұлғааралық қарым-қатынастардың және тұлғалық қасиеттердің психодиагностикасы.
Қарастырылатын мәселелер.


  1. Табысқа жету себебін зерттеу әдістері.

  2. Күдіктіліктің психодиагностикасы.

  3. Тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеу әдістері.


Лекцияның мақсаты:

МДБ-дың тұлғалық қасиеттері зерттеу үшін әртүрлі әдістемелерден студенттерді таныстыру. Тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеу әдістері туралы анықтама беру.




  1. МДБ-дағы тұлғааралық қарым-қатынастардың және тұлғалық қасиеттердің психодиагностикасы.

Белгілі тұлғалық тесттердің көбісі ересектерге қатысты және балаға қиын болатын өзін-өзі анализ жасауға негізделген. Сол үшін МДБ-ның тұлғасын зерттеу өте қиын. Сонымен қатар, МДБ-лардың тұлғалық қасиеттер әлі қалыптаспаған, тұрақсыз. Сол үшін ересектердің тесттер балалардың психодиагностикасында қолдануға болмайды. Балалық психодиагностика жобалық тесттердің арнайы варианттарды қолданады. Мысалы эксперттердің әдісі, мұнда эксперт болып ересек адам болады, ол баланы өте жақсы танитын болу керек.

Бұл әдістеме баланың жетістікке жету мативінің даму деңгейін бағалауға керек. Мотив (себеп) ретінде баланың әртүрлі ситуацияларда әрекеттерде, әсіресе оған қызықты, маңызды, баланың белсенді талпынуын айтамыз.

Жетістіктерге жетуге талпынуы баладағы ерекше қажеттілікке байланысты және осы қажеттілікпен функцианалдық және генетикалық байланысты тұлғалық жеке қасиеттерден- талап деңгейі, өзін-өзі бағалау, күдік, өзіне сенімділік және т.б.

Жетістіктерге жету қажеттілігі тума болмайды, ол мектепке дейінгі балалық шақта пайда болып, қалыптасады. Мектепке барғанға дейін бұл тұлғаның тұрақты қасиеті болады. 5-6 жаста осы қажеттіліктің даму дәрежесі бойынша балалардың жеке айырмашылығы өте үлкен болу мүмкін. Бұл айырмашылықтардан баланың тұлға ретінде дамуы тәуелді.



Әдістеме- 26. « Суретті еске сақтап, қайта сал ».

Балаға бірінен кейін бірін екі сурет көрсетеді (1 минуттан)

Экспозиция уақыттық ішінде бала суретті есіне сақтап, қайта салу керек (өлшемдері сақталу керек). Салған суреттер талдаудан өткізіліп ұпайлармен бағаланады. Баланың жетістікке жету қажеттілігінің дамуының сандық көрсеткішін алу талдау нәтижелері болып есептелінеді. Екі суретті салып жинаған ұпайлары осы қажеттіліктің көрсеткіші болады.
Суреттерді сапалық талдау.

Талдау мазмұнының категориялары рим, араб сандарымен, әріптерімен белгіленеді. Әр категория мәтінмен сипатталады. Сонымен қатар суреттің әрбір нәрсесі ұпайларымен бағаланады.

Графикалық мысалдардың оң жағындағы сызықшалар суреттерде бағаланатын ұпайлардан бөлінеді.


    1. Дискреттік – сурет сызықтарының қосылуы.

1 а. Әр бөлек, топқа қосылмаған сызық +1 ұпай.

1 б. Топқа біріктірілген әр сызық -1 ұпай.

Мысалы:

Сурет
2 а. Үш немесе одан көп паралель сызықтардан тұратын топ + 1 ұпай.

2 б. Бір бірімен байлаеысқан немесе айқасқан сызықтар тобы (үш немесе бірнеше сызықтардан тұратын) – 1 ұпай.

Мысалы: Сурет



Ескерту. Бөлек сызықтарды сызған кезде, бала қаламды қағаздан қайта – қайта алып сызады, ал аралас сызықтарды қағаздан қол алмай сызады. Дискреттік немесе аралас сызықтарды айыру үшін сызықтардың айқасып тұрғандығын көру керек.
3 а. Әр зигзак (ирек) немесе толқынды сызық екі немесе одан көп зигзактардан тұратын және бұл сызықтың ұзындығы үш есе оның биіктігінен ұзын болса, толқындар мен зигзактар айқаспаса онды ол +1 ұпайға бағаланады.

3 б. Егер керісінше болса, сызықтардың ұзындығы үш есе биіктігінен кем болса сызықтар айқасатын болса, онда -1 ұпайға бағаланады.

Мысалы: Сурет
4. Әр геометриялық немесе сол сияқты фигура +1 ұпайға бағаланады.

Мысалы: Сурет


5. Үш немесе одан көп геометриялық фигуралардан тұратын топ +1 ұпай.

Мысалы: Сурет


6 а. Әр шеңбер сияқты сызықтардан тұратын топ +1 ұпай.

6 б. Іші сызылған әр шеңбер сияқты сызықтардан тұратын топ -1 ұпай.

Мысалы: Сурет

Ескерту. Бұл жағдайды бесінші бөліктегіден айырмашылығы бар.
7 а. Әр бөлек нүкте +1 ұпай.

7 б. Әр үлкейтілген нүкте -1 ұпайға бағаланады.

Мысалы: Сурет

8 а. Үш немесе одан көп нүктелерден тұратын топ + 1 ұпай.

8 б. Айқасқан нүктелерден тұратын топ -1 ұпай.
Суреттерді талдап қабылдап сипаттаған бөлігіне жалпы ескерту.

1. Үш немесе одан көп паралель сызықтар бір бірінен бірдей арақашықтықтарда сызылып тұрған топ + 1 ұпай.

Мысалы: Сурет

Бірақ сурет: сурет

топ деп саналмайды, олар бөлек есептелінеді + 1 ұпай.
2. Әр зерттелетін адам үшін «дискреттік айқасу» критерийі суреттің әр сипатталған бөлігі бойынша ұпайлардың алгебралық қосындылар жолымен көрсеткіші алынады.
ІІ. Пайдаланбаған кеңістік.

Бала суретінің ешқандай суреті жоқ бөлігі өлшенеді. (31-32 суреттер) Суреттің төменгі жағынан жоғарыға қарай сантиметр саны ұпайға ауыстырылады ( 1см. - ұпай) «+» болады.


ІІІ. Диагоналдық конфигурациялар.

Диагоналдық конфигурациялар деп горизонталға қатысты бір бірімен 15о-тен 75о-қа дейінгі бұрышпен біріктірілген түзусызықтардан тұратын сызықтарды айтамыз. Диагоналдық сызық басқа фигураның бір бөлігі ретінде диагоналдық конфигурация деп бағаланбайды.


А С


В Д
АВ, СД сызықтары диагоналдық конфигурация деп есепке алынбайды, өйткені олар паралелограмманың бөлігі деп саналады.

Мына конфигурациядағы АВ, ВС, СД, ДЕ, сызықтарда диагоналдық конфигурация деп есептелінбейді.


В Д

А С Е
Әр диагоналдық конфигурация бөлек диагоналдық сызық емес есепке алынып бағаланады.


Мысалы. Сурет.
//+1 ұпайға бағаланады, //////////-да +1 ұпайға бағаланады. Бірақ //І +2 ұпайға бағаланады, өйткені сәйкес фигура екі бөлек конфигурациядан құралады.
IV. S-тәрізді сызықтар.

Екі майысып тұратын барлық сызықтар есепке алынып бөлек бағаланады. Мысалы Сурет.


Әр сызық талдаудан өтіп басқалардан бөлек бағаланады +1 ұпай. Егер S-тәрізді сызық басқа фигураныңм бөлігі сияқты есептелінсе, ол бөлек бағаланып бірінші төртінші бөлімдерде қарастырылған өлшемдерге сәйкес қарастырылады.

Мысалы сурет.
Бұл фигура IV-ші критерийге сәйкес бағаланады.

Ескерту. Диагоналдық конфигурациялардың айырмашылығында осы сияқты сызықтардың пайда болуы бөлек бағаланады.


V. Толқын тәрізді көптеген сызықтар.

Әр толқын тәрізді екі немесе одан көп сызықтардан тұратын бір бағытқа таралатын сызықтар бөлек бағаланады + 1 ұпай.

Егер толқын тәрізді сызық басқа фигураның бөлігі болса онда ол V критери бойынша емес, ол І – ІV критерилер бойынша қарастырылады.

Мысалы сурет.
Жалпы ескертулер.

1. Баланың суретінде әр сызықтың пайда болуы бөлек бағаланады.

2. Барлық сызықтар бөлек немесе аралас ретінде бағалануы керек. Әр сызық диагоналды S-тәрізді, толқын тәрізді бағалануы мүмкін. Бір сызық уақытта екі категория немесе бір ғана категория бойынша бағаланады. Бірақ сызықтың бірде біреуі екіден көп категорияға жатқызылмайды. Суреттерді талдаудан өткізу барысында алынған ұпайдың жалпы соммасы баланың жетістіктерге жету қажеттілігінің даму деңгейінің сандық көрсеткіші болады. Егер бұл сомма + болса, онда баланың жетістіктерге жету қабілеттілігі қиындықтарды жеңбей өтіп кетуден әлде қайда басым болғаны. Егер – болса онда керісінше.

Бірінші жағдайда баладан басқа адамдармен жарысуға талпынуынан барлық кезде жетістіктерге жету талпынысын күтуге болады. Екінші жағдайда ондай талпыныстар байқалмайды.


Әдістеме 27. «Керекті бейнені таңда»

Бұл әдістеме, америкалық психологтар Р.Тэммл, М.Дорки және В.Амен құрастырған балалық күдік тесті. Бұл тесттің мақсаты тұлғаның сапасы үлкен дәрежеде көрінетін өмірлік ситуацияда баланың күдіктігін зерттеу және бағалау. Күдіктің өзі психологиялық деңгейде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін функциясы бар тұлға қасиеті ретінде қарастырылады. Ол бала белсенділігінің баяулылығында көрінеді. Теріс эмоциялық тәжірибе баланың жайсыз, күдікті әрекеті және күдіктікті тұлға қасиеті, ретінде туғызады. Тұлғалық күдіктіктің жоғары деңгейі баланың өмірлік ситуацияларға (жайсыздық күдік тудыратын) жеткіліксіз эмоцияналдық бейімделуін адаптациясын бар екенін көрсетеді. Күдік психодиагностикасы белгілі бір баланың, белгілі бір әлеуметтік ситуацияларға ішкі қатынасын бағалайды, айналадағы адамдармен яғни жанұяда, бала бақшада пайда болған қарым- қатынастар туралы пайдалы мәліметтерді (информация) береді.

Бұл әдістемеде суретті психодиагностикалық материал 8,5х11см (33-46 суреттер) бірнеше суреттерден тұрады. Әр сурет баланың өміріне тән бір ситуацияны бейнелейді. Әр сурет 2 вариантта салынған: ер балалар үшін (баланың суреті салынған) және қыздар үшін(қыздың суреті салынған). Келбеті толық аяқталмаған, тек басының контуры ғана. Әр сурет қосымша 2 баланың басымен толықтырылған. Суреттегі баланың түрінің контуры нақты және өлшемі сай болу керек.
Біреуінде күліп тұрған, екіншісінде – мұңлы. Мысалы 33 сурет 37,45 суреттер жағымды эмоциялық түрде салынған. 35,40,42,44 теріс эмоциялар түрде салынған.38,39,41,43,46 екі жақты эмоциялық мағынасы бар, ол жағымды немесе теріс болуы мүмкін. Баланың бейнені таңдауы өзінің тест жүргізу барысындағы психолоиялық жағдайына тәуелді. Бала суретке қандай мағына беретін болса, өмірде де сондай эмоция жағдайының болатындығын көрсетеді. Психодиагностика процесінде балаға суреттер бірінен кейін бірі, жоғарыдағы тәртіппен көрсетіледі. Әр суретті көрсеткеннен кейін зерттеуші нұсқау беріп отырады.

І. (қыздың)келбеті қандай түрде болады, көңілді ма, мұңды ма? Ол кішкентайлармен ойнап жатыр». 34 сурет. Бала және сәбиі бар анасы: «мына баланың түрі қандай болады көңілді ма, мұңды ма? Оның анасы сәбимен серуендеп жүр». 35 сурет. (Агрессия) Ашуланған кез: «мына баланың түрі қандай болады көңілді ма, мұңды ма?»

36 сурет. Киіну: мына баланың түрі қандай болады? Ол киініп жатыр.

37 сурет. Ересек балалармен ойнау кезі: «мына баланың түрі қандай болады? Ол ересек балалармен ойнап отыр.

38 сурет. Жалғыз өзі ұйықтау. «мына баланың түрі қандай болады? Ол ұйықтаға бара жатыр.

39 сурет. Жуыну. «мына баланың түрі қандай болады? Ол жуынатын бөлмеде.

40. сурет. Сөгіс беру. «мына баланың түрі қандай болады?

41. сурет. Қарап тұру. «мына баланың түрі қандай болады?

42. сурет. Ашулы түрде шабуыл жасау. «мына баланың түрі қандай болады?

43. Ойыншықтарды жинау. «мына баланың түрі қандай болады? Ол ойыншықтарды жинап жатыр.

44. сурет. Бөліп тастап кету. «мына баланың түрі қандай болады? Баланың жалғыз қалуы.

45. сурет. Бала ата-анасымен бірге. «мына баланың түрі қандай болады?

46. сурет. Жалғыз өзі тамақтану: «мына баланың түрі қандай болады?

Баланың таңдауы хаттамада тіркеледі (екінші таблица) әрі қарай хаттамалары сандық және сапалық таңдаудан өткізіледі.

Сапалық талдау. Хаттама мәлімет негізінде баланы мазалау индексі (МИ) анықталады, ол эмоциялық теріс таңдау суреттерінің жалпы санына % қатынасына тең болады.

МИ=эмоциялық теріс таңдаулар х100 %


Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет