Лекция: 30 сағат Семинар 10 сағат СӨЖ: 95 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)



бет2/9
Дата25.04.2016
өлшемі1.5 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Лекцияның қысқаша курсы

Жетісай – 2010 ж




9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
I-лекция. Кіріспе

Жоспар:

1. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Басқа тарихи және қоғамдық пәндермен байланысы.

2. Тарихнамалық зерттеулердің негізгі принциптері.

3. тарихнама кезеңдеріне жалпы шолу.

4. Тарихи кезеңдер мәселесі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер

1.Историография истории нового времени стран Европы и Америки. Учебное пособие для студентов ВУЗов обучающихся по специальности «История» . Под ред.И.П. Дементьева.-М., 1990

Историография истории нового времени стран Европы и Америки.- М., 1967

Қосымша әдебиеттер:

Репина Л.П.Зверева В.В.Парамонова М.Ю. История исторического знания. М., 2004



Лекцияның мақсаты:Тарихнама туралы түсінік қалыптастыру.

Лекцияның мәтіні:
Тарихнама студенттерді оқыту барысындағы негізгі пән болып табылады. Тарихи зерттеу әдістерінің дамуымен байланысты тарихшылардың алдында жалпы тарихи үрдісте өз халқының орнын анықтау мәселесі тұратынын ұмытпау керек.Бұл пәнді оқыту барысында студент Европа мен Американың, Қазақстанның тарихи ғылымының даму эволюциясын зерделейді.Түрлі тарихи дамуда үлкен рөл атқарғған мемлекеттермен және ғылыми бағыттармен танысады.Тарихнама пәні ғылыми-тарихи білімдердің пайда болуы және жинақталуы, тарихи ойдың дамуы, әр кезеңдегі тарихи таным мен ойлаудың заңдылықтарын ашады.

Пәнді оқыту мақсаты. Нақты тарихи жағдайларда тарихи ойдың негізгі бағыттары мен ұстанымдарын анықтайтын тарихи танымның әлеуметтік негіздерін көрсету.Тарихнамалық мәдениетті қалыптастыруда студенттерді тарихнамалық зерттеуде историзм принципін үйрену.Тарихнамашылардың басты обьектісіне тарихшылар еңбектері жатады.Тарихи ғылыми мекемелер, мерзімді баспасәз ұйымдары, тарихи ғылым саласында кадрлар дайындау тарихнамашылардың зерттеу жүйесіне кіреді.

Пәнді оқыту міндеттері.

-жаңа заманда тарих ғылымының дамуына әсер еткен қоғамдық жағдайды көрсету

-XVIIғ. Француз ағартушыларының тарихи көзқарастарын түсіну үшін табиғи құқық теориясы туралы түсініктің болуына назар аудару

-тарихи мектептердің қалыптасуын, жағдайларын айқындау, позитивизм принциптерін анықтау

-методологияның қалыптасуына жаратылыстану ғылымдарының әсерін көрсетіп, тарихитанымның теориялық методологиялық принциптерін талдау

-XIXғ. Тарихшылар мен философтардың еңбектеріне талдау жасап, романтикалық тарихнаманың бағыттарын көрсету

-XIXғ. екінші жартысындағы философиялық жүйедегі тарихи үрдісті сипаттау

-XIXғ. екінші жартысы-XXғ. басындағы кәсіби тарихнаманы талдау.

-Қазақстан тарихшыларының жаңа замандағы шетел тарихы ттуралы еңбектеріне сипаттама жасау.

Тарихнама деген термин гректің екі сөзінен құрастырылған. Тарих-өткен заман туралы, графо-жазамын. Алғашқы уақыттарда бұл термин тарих терминмен мәні бірдей қолданылған. Қазіргі күні бұл терминнің екі мағынасы кең таралған.



  1. Тарихнама дегеніміз-тарих ғылымының тарихын зерттейтін ғылыми пән.

  2. Тарихнама дегеніміз-белгілі бір мәселе бойынша тарихи еңбегінің жиынтығын талдау болып табылады. Тарихнамалық зерттеулердің негізгі аспектілері.

1 Әр-түрлі кезеңдерде тарих ғылымының дамуын қоғамдық жағынан анықтау. Өткен кезеңдердің әр-түрлі проблемаларын зерттеу. Тарихи дамудың белгілі тұжырымдарын жасау, әр түрлі қоғамдық топтардың позицияларын айқындау.

2 Әр түрлі кезеңдерде өмір сүрген ғылыми мекемелермен ғылыми білім беру тарихи материалдарды қолдану жағдайы оны басып шығару мүмкіншілігін де зерттеу қажет.

3 Тарихнамалық зерттеулердің негізгі мәселелерінің бірі теориялық дамуын және өзгеруін зерттеу. Тарих танымының теориялық методологиялық принциптерін талдау. Әсіресе философия, саяси экономика, әлеуметтану және жалпы қоғамның мәдени даму дәрежесімен байланысты. Сондықтан ХVІІІ ғасырдың француз ағартушысы тарихи көзқарастарын түсінігі үшін жаратылыстану құқықтары теориясын білу керек. Методологияның қалыптасуына үлкен ықпал ететін жаратылыстану ғылымы болып табылады.

4 Тарихнаманың негізгі мәселелері қайнар көздері немесе дерек сипаттамасы. Мұнда тарихи мектептердің тарихи қайнар көздер жиынтығы қарастырылды.

5 Тарихнаманың тағы бір маңызды мәселелерінің бірі тарихи зерттеулердің проблематикасын қалыптастырыуын зерттеу.

Бақылау сұрақтары:

1.Тарихнама дегеніміз не?

2.Тарихнама пәнінің мақсаты мен міндеттері

3.Тарихнамалық зерттеулердің негізгі мәселелері


Лекция 2 Антика тарихнамасы

Жоспары:

  1. Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер.

2.Грек прозасының туылуы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История древней Греции. М., 1958

Қосымша әдебиеттер:

Методологические и историографические вопросы исторической науки- Томск., 1982

Репина Л.П. Зверева В.В. Парамонова М.Ю. История исторического знания –М., 2004



Лекцияның мақсаты:Антика тарихнамасының пайда болуын, дамуын қарастыру
Лекцияның мәтіні:

Тарих деректері жөніндегі білімнен басқа тарихшы өз ілімінің тарихын, яғни тарихнаманы білуге міндетті, оның қазіргі замандағы жай-жағдайынан хабардар болуға тиіс. Жоғарыда айтылып кеткеніндей, ежелгі гректер сол кезде –ақ өз тарихын оқып үйрене бастады. Бірақ ежелгі грек тарихшыларының шығармалары әдетте сақталған антик деректерінің бір түрі ретінде оқып үйренілді. Антик уақыттан кейінгі Европа халықтарының ежелгі Греция тарихына деген құштарлығы орта ғасырда пайда болады, Византиямен байланыс жасаудың арқасында ежелгі Греция туралы Киев Русі кезінде-ақ білуге құштарлық білдірілген. Батыс Европа ертеректегі Қайта өркендеу дәуірінде ежелгі Грецияның тарихын білуге құштарлана бастады.

Тарих –идеологиямен және қоғамдық дамумен байланысты қоғамдық ғылым. Ежелгі дәуірден бастап тарихшылар тарихи процесті, оның себептерін, ерекшеліктерін, өздері болжаған нәтижелерін нақты сипаттауға және ой елегінен өткізуге тырысты. Қайта Өркендеу дәуірінде алдыңғы қатарлы ойшылдар ежелгі Греция тарихының материалдарын орта ғасырлық схоластикаға және феодалдық идеологияға қарсы күресте пайдаланып отырған. Ең алдымен Италияда табылған ежелгі грек өнері мен тілі зерттеле бастайды. Соның өзінде ежелгі Греция қоғамы дәріптеліп келген. Бұл қоғамның жетістіктері орта ғасырлық кемшіліктерге қарсы қойылып отырған.

ХVІІ ғасырдың басында біздің Отанымыздың территориясында, Киевте, Киев-Могилян коллегиясы негізделді. Онда латын тілінен басқа ежелгі грек тілі, ежелгі Грецияның әдебиеті, тарихты және философиясы оқытылды.

ХVІІ ғасырдың аяғында Москвада Славян-грек-латын академиясы құрылды.

ХVІІІ ғасырдың –ағарту ғасырының –басынан бастап ежелгі Греция тарихын оқып үйрену ісіндегі жаңа кезеңді байқауға болады. өткен уақыт жайлы едәуір тарихи материал жинақталып жүйеге келтірілді. Мұның өзі тұңғыш ғылыми жинақтаулар жасап, ежелгі грек хорнологиясын анықтауға мүмкіндік берді.

ХVІІІ ғасырдың басында Италия ғалымы Джанбаттсто Вико ежелгі Греция мен Рим тарихын келер заман халықтарының тарихымен салыстырды. Ол Гомер дүниеде болған жоқ. «Илиада мен Одиссия» эпикалық поэмалары халық творчествосы нәтижесінде жасалды. Деген болжам айтты.

ХVІІІ ғасырдың орта шенінде аса көрнекті француз ағартушыларының бірі Ш.Монтескье ежелгі Грецияның мекемелерін сол кездегі Францияның абсалютизміне қарама-қарсы қойды.

Антик заман тарихын зерттеу ісіндегі маңызды кезең- ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Германияда И. Винкельманның «Көне заман өнерінің тарихы» атты кітабының шығарылуы болды, онда автор знердің қоғамдық дамумен тығыз байланысын көрсетіп берді. Кітаптың едәуір бөлігі ежелгі Грецияға, ежелгі грек мүсіндеу өнеріне арналды.

ХVІІІ ғасырдың аяғында Ф.А. Вольф кең таралған «Гомерге кіріспе» деген зерттеуін бастырып шығарды, онда ол, Дж. Викоға қарағанда, неғұрлым елеулі материал негізінде, гомер эпосы халықтан шыққан деген қорытындыға келді, оның үстіне Гомерді «Илиада» мен «Одиссеяны» жасаған өз тыңдаушыларына ерекше кең танылған, кезіп жүрген көп жыраулардың бірі деп санады. Гомерді «Илиада» мен «Одиссияның» авторы деп санаған, поэмалардың тұтастығын жақтағандар бұл пікірге қарсы шықты. Поэмалардың шығуы жөніндегі айтыс күні бүгінге дейін аяқталған жоқ. Ғылыми әдебиетте ол –«Гомер мәселесі» деген атпен мәлім. Гомердің авторлығы жөніндегі мәселені түбегейлі шешпегенімен, айтыс тым ежелгі Грецияны зерттеу жөніндегі ғылымға пайда келтірді, өйткені мұның өзі ғалымдардың назарын осы дәуірге ерекше аударды.



Бақылау сұрақтары:

1.Гомер және оның «Иллиада», «Одиссея» поәмалары

2.Гесиод «Теогония» поәмасы

3.Теократиялық тарих және тарих



ЛЕКЦИЯ 3 Грек тарихнамасы

Жоспары:

1.Тарихи білімдердің пайда болу және даму шарттары.

2.Грек тарихи әдісі.

3.Публицистикалық шығармалар.



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История древней Греции. М., 1958

Қосымша әдебиеттер:

Методологические и историографические вопросы исторической науки- Томск., 1982

Репина Л.П. Зверева В.В. Парамонова М.Ю. История исторического знания –М., 2004



Лекцияның мақсаты:Грек тарихнамасының пайда болуын, дамуын қарастыру
Лекцияның мәтіні:

Ежелгі Греция тарихын білуге құштарлық орта ғасырларда да, жаңа заманда да байқалса да, ежелгі Грецияға назар аудару көрнекті жекелеген еңбектерден басқа ежелгі грек тарихын елеулі түрде зерттеу іс жүзінде жүргізілген жоқ. Түп деректерді зерттеуде дәйектілікпен талдау жасалған әдіс жетіспеді, ол әдісті ХІХ ғасырдың басында тұңғыш рет Дания ғалымы Б. Нибур (1776-1831) ұсынған болатын. Өзінің Рим тарихы жөніндегі курсында, ал кейінірек ежелгі Греция тарихы жөніндегі бірқатар лекцияларында сол кезде белгілі әдеби, археологиялық және этногрфиялық деректердің бүкіл жиынтығын сын көзімен салыстыра талдау әдісін пайдаланды, мұнда ол өткен оқиғаларды және бүтіндей тарихи процесті неғұрлым дәлелді түрде анықтау мақсатын көздеді. Тарихи зерттеудің Б. Нибур ұсынған сын көзімен салыстыру әдісінің тәсілдері кеңінен таралды да, антик заман жөніндегі тарихи ғылымның оннан әрі даму негізінде алынды.

ХVІІІ ғасырдың аяғында Ұлы француз буржуазиялық революциясынан кейін Батыс Европада феодализмнің біржолата күйреуі тарих ғылымының прогресіне, атап айтқанда, ежелгі Греция мен Рим тарихының республикалық кезеңінде деген құштарлықтың жандануына себепкер болды. ХІХ ғасырдың басы мен бірінші жартысындағы ежелгі Греция тарихы жөніндегі материалдар-деректердің аса маңызды жаңа түрі –антик жазбаларымен толықтырыла түсті, мұны Элладаның тас архиві деп те атайды.

ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде неміс тарихшысы А. Бек жазба материалы негізінде «Афинылықтардың мемлекеттік шаруашылығы» деп аталатын қызықты зерттеу кітабын басып шығарды. Ол басқа елдерден, соның ішінде Россиядан да, ғалымдарды тарту арқылы ежелгі грек жазбаларын жинауды ұйымдастырып, басып шығарды. Бұл жазбалар түсіндірмесімен сол уақытқа дейін Европадан шыққан жинақтар мен журналдарда басылған болатын. «Грек жазбалар корпусы» деген төрт томдық үлкен коллективтік еңбекті А. Бек қайтыс болғаннан кейін оның шәкірттері аяқтаған болатын.

Егер Б. Нибур, А. Бек және басқа да антик тарихшылар ХІХ ғасырдың басы мен бірінші жартысында ежелгі Греция тарихын зерттеумен Гомерден бастап Александр Македонскийге дейін ғана шектелген болса, ал олардың өздерінен жасы кіші із басары –орыстың ерте қайтыс болған тарихшысы В.Ф. Цых пен неміс тарихшысы И. Дройзен –эллинизм дәуірінің тарихын зерттей бастады. «Эллинизм», яғни «гректерге еліктеу» деген терминнің өзін И. Дройзен ұсынған болатын. ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары И. Дройзен Александр Македонскийдің, диадохтар мен эпигондар тарихына арналған үш том шығарды. Автор үшінші томды б.э. дейінгі 221 жылға дейінжеткізді.

Германияны қарудың күшімен біріктіруге тырысқан неміс буржуазиясының өкілі –И. Дройзен, Александр Македонскийдің агрессиясын «күні өткен Шығыс халықтарының» жарылқаушысы ретінде, И.Дройзенге заманалас буржуазиялық неміс саясатшылары үшін үлгі ретінде дәріптеді. Ол тарихи процесс «әлемм рухының» бір халықта, енді бірде басқа халықтарда өз-өзінен дамуы болып болып табылады деп пайымдап, Г. Гегель дәлелдеген реакцияшыл пікірдің жақтаушысы болды.тарихты «әлем рухын» іске асырушы халықтар жасайды. Алғашында «әлем рухы» ежелгі Шығыста содан соң ол Грецияда жүзеге асты, сондықтан грек-маедон жаугершілігі «әлем рухы» қызметінің белгісі ретінде ақталып отырды.

Кейінірек И. Дройзен өз зерттеуін қайта өңдеп, барлық үш томды «Эллинизм тарихы» деген жалпы атпен шығарды. Эллинизм дәуірін И. Дройзеннің түсінуі ғылыми емес, бірақ бұл терминге үйреніп кеткендіктен, басқа мазмұнмен байыта отырып, оны осы уақытқа дейін пайдаланады.

Ежелгі Греция тарихы жөніндегі егжей-тегжейлі еңбек Англияда ХІХ ғасырдың орта шенінде басылып шыққан Дж. Гроттың (1794-1871) 12 томдық «Ежелгі Грецияның тарихы» болды. Оның авторы банкир және вигалар (либералдар) партиясының солшыл тобының саяси қайраткері еді.

Ежелгі дүие тарихын модернизациялауды француз тарихшысы Фюстель де Куландж (1830-1889) қарсы шықты. Оның Греция мен Римге арналған «Антик дүниенің азаматтық қоғамы» деген жинақталған еңбегінің ХІХ ғасырдың екінші жартысында зор маңызы болды. Алайда антик дүниенің қоғамдық қатынастарының жаңа дәуірдің қоғамдық қатынастарынан негізгі айырмашылығын Фюстель де Куландж дінде, антик адамының жан-жақты шырмаған ата-тегінің әдет-ғұрпына негізделген қатынастар да деп білді. Сонымен барлығы дін арқылы анықталған антик қатынастарды жаңа дәуірің қатынастарымен салыстыруға болмайды.Фюстель де Куландж тарихты адамзат қоғамының бірте-бірте стихиялық дамуы туралы ғылым ретінде түсінді. Ол позитивизм көзқарасында –ХІХ ғасырдың бірінші жартысы мен орта шеніндегі француз идеалист-философы, өзінің идеяларымен буржуазия тарихнамасына зор ықпал жасаған. О. Конттың тарихи-философиялық концепция көзқарасында болды. О. Конт тарихи процестің мәнін танып білуге болмайды деп емептеді, сондықтан тарихи құбылыстардың себептерін анықтап білуден бас тарту керек және олардың үстірт байланысын жете пайымдаумен шектелу керек деп ұсын

Бақылау сұрақтары:

1.Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер

2.Ежелгі греция тарихы бойынша заттай ескерткіштер

3.Ежелгі Греция тарихы бойынша жазбаша құжаттар


ЛЕКЦИЯ 4 Эллинистік римдік кезең.

Жоспары:

  1. Тарихнамадағы эллинихм түсінігі.

  2. Компиляциялық жаңа метод және оның тарихи зерттеулердегі орны мен дамуы.

  3. Александр Македонскийді суреттеудегі екі әдіс.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История древнего Рима. Учебник для студнтов вузов обучающихся по специальности «История». М., 1994

Қосымша әдебиеттер:

1.Древнеримские мыслители. Свидетельства, тексты, фрагменты./ Сост. А. Аветисьян. Киев, 1958

2. Хрестоматия по истории древнего Рима. / Под ред. В. И. Кузищина. М., 1987



Лекцияның мақсаты:Тарихнаманың эллинистік римдік кезеңін қарастыру
Лекцияның мәтіні:
ХІХ ғасырдың аяғында –ХХ ғасырдың басында Египеттегі грек папирустарының орасан көп материалы жарияланды, оны шетел және орыс эллин тарихшыдлары мұқият зерттеді. Ғылымның жаңа саласы-грек папирологиясының аса көрнекті өкілдері арасынан Батыс Европадағы неміс зерттеушісі У. Вилькенді (1862-1944) атау керек.

Орыс буржуазиялық тарихнамасы ХІХ ғасырдың соңғы үштен бірінде –ХХ ғасырдың басында негізінен орыс буржуазиясының таптық мүдделерін білдіре отырып, орыстың буржуазияшыл антик тарихшысы, бірқатар батыс европалық антик тарихшыларының позицияларынан айырмашылығы бар, кейбір жеке сипаттарға ие болды. Россиядағы самодержавие жағдайлары буржуазияның антик тарихнамасына мына ретте ықпал етті: өйткені орыс либерал тарихшылары Афиныға және ежелгі Грециядағы өзге де демократиялық режимдерге Батыс Европадағыдан гөрі үлкен дәрежеде іш тартты. Мұның өзі феодалдық қалдықтары бар патша режиміндегі кейбір оппозицияның бір түрі болды.

Орыс буржуазиялық тарихнамасы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы орыстың антик тарихшылары арасынан бірқатар кабинеттік аса көрнекті ғалымдары – Куторганың шәкірттерін атап өтуге болады. Орыстың антик эпиграфиялық мектебінің іс жүзіндегі негізін қалаушылар Ф.Ф. Соколов (1841-1909) көрнекті эпиграфист, кейіннен папиролог те болды. Ол негізгі назарды эллинизм дәуіріне аударды. Ф.Ф. Соколов –грек жазбаларының, мұқият жүзеге асырылған шағын зерттеулердің авторы. Ол неоканттықтың ықпалында болды. Документтерді ерінбей- жалықпай зерттеп, жоғалып кеткен тексті көз жеткізердіктей етіп қалпына келтіре отырып, Ф.Ф. Соколов өткен және келесі оқиғалар арасындағы байланыстың болғанын мойындаса да, қорытындылар жасаудан аулақ тұрды. Ол ежелгі гректердің бостандықты тұңғыш сезген, бірақ құлдықтың болуы салдарынан жалпыға бірдей теңдік дегенді түсінбегендер есебінде сипаттады.

Ф.Ф. Соколовтың шәкірттері арасынан аса көрнекті эпиграфист В.В. Латышевті (1855-1921) атап өту керек. Ол Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы ежелгі грек отарларын зерттеді. В.В. Латышевтың неғұрлым маңызды ғылыми еңбектері «Евксин-Понтының солтүстік жағалауындағы ежелгі грек және латын жазбалары» және «Скифия мен Кавказ туралы грек және латын ежелгі жазушыларының хабары» деген жинақтары болды.

Орыстың археологтар қоғамы мен басқа да археологиялық ұйымдардың жүзеге асырған қазба жұмыстары европалық археология ғылымында орыстың антик археологиясын алдыңғы қатарлы орындардың біріне алып шықты. Қырымдағы –Севастопольге жақын жердегі Херсонесте, Керчь ауданындағы Пантикапейде көп жыл жүргізілген қазба жұмыстары, тамань түбегіндегі қазба жұмыстары бай археологиялық материалдар берді. Днепро –Буг су жайылымының жағасындағы ежелгі Ольвияны көп жылдық қазу жұмыстары Б.В. Фармаковскийдің (1870-1928) басшылығымен 1901 жылы басталды. Бұл жұмыстар өзінің алдын ала ойланғанымен, жүйелілігімен, процестің егжей-тегжейлі суреттелуімен, отандық антик археологиясының дамуында тұтас кезең болып ерекше көзге түсті.

ХІХ ғасырдың басы мен ортасында да және оның аяғында –ХХ ғасырдың басында антик тарихшыларының бүтіндей ұрпағы Петербург пен Москвада ғана емес, сонымен бірге Казанда, Киевте, Харьковте және басқа да ғылыми орталықтарда жұмыс істеді. Олардың арасынан Киевте де, Казанда да жұмыс істеген либерал ғалым Ф.Г. Мищенконы (1848-1906) атап өту керек болады. Ол ежелгі грек қоғамының қоғамдық және саяси өмірін позитивизм тұрғысынан егжей-тегжейлі зерттеді және ежелгі грек авторларының тамаша аудармашысы болды.

Қызметінің кемелденуі ХІХ ғасырдың аяғында және ХХ ғасырдың алғашқы екі он жылдарына тұстас келетін антик тарихшылар арасынан Харьков зерттеушісі В.П. Бузескулды (1858-1931) атап өту керек. Оның ынтасы классикалық және арханкалық Грецияға –Афины тарихына ауды. Сол кезде Египетте грек папирустары ішінде жаңа ғана ашылған. Аристотельдің «Афины политиясын» ол алғашқылардың бірі болып егжей-тегжейлі зерттеп шықты және Аристотельдің «Афины политиясы» деген үлкен монография жазды. Оның неғұрлым әйгілі өзге зерттеулері «Афины демократиясының тарихы », «Греция тарихына кіріспе» (ежелгі заманнан бірінші дүние жүзілік соғысқа дейінгі түп деректер мен тарихнамаға егжей-тегжейлі шолу) болды.
Бақылау сұрақтары:

1.Тарихнамадағы эллинизм түсінігі

2.Шығысқа гректер мен македондар жорығы туралы қысқаша мағлұматтар

3.Полибийдің өмірі мен еңбектері

4.Диоген еңбектеріндегі басты философиялық көзқарастар
ЛЕКЦИЯ 5 Римдік тарихнама

Жоспар:


  1. Ерте Рим тарихының деректері.

  2. Ерте жазба ескерткіштері.

  3. Үлкен анналистер еңбектері.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История древнего Рима. Учебник для студнтов вузов обучающихся по специальности «История». М., 1994

Қосымша әдебиеттер:

1.Древнеримские мыслители. Свидетельства, тексты, фрагменты./ Сост. А. Аветисьян. Киев, 1958

2. Хрестоматия по истории древнего Рима. / Под ред. В. И. Кузищина. М., 1987


Лекцияның мақсаты:Римдік тарихнаманың пайда болуын, дамуын қарастыру
Лекцияның мәтіні:

Революцияға дейінгі біздің тарихнамамызда эллинизм дәуірінің де аз өкілдері бар. Олардың арасында көрнекті модернизациялаушы Петербург университетінің профессоры М.И. Ростовцев (1870-1952) болды. Германияда неміс тілінде шығарылған үлкен монографияның «Рим колоноатының тарихы жөніндегі зерттеулер» деген бірінші бөлімі эллинизм дәуіріне арналған. Грек папирус материалдары негізінде М.И. Ростовцев эллиндік Египетте жерге жеке меншік болмағандығын көз жеткізе дәлелдеп, маңызды жаңалық ашты. Бірақ модернизациялаушы болғандықтан ол жерге жеке меншіктің болмағандығын ежелгі египет феодализмінің ерекшеліктерінен деп қате түсіндірді. Революциядан кейін М.И. Ростовцев АҚШ-қа эмиграцияланды.

Енді аса көрнекті эллиндік папиролог Қазан университетінің профессоры М.М. Хвостов (1872-1920) болды. Оның басты еңбектері модернизация бағытымен жазылған, бірақ түп деректердің мол материалы жинақталған «Грек-Рим Египетінің шығыс сауда тарихы» және «Грек-Рим Египетіндегі тоқыма өнеркәсібі» деген екі монографиясы болды.

Өз еңбектерін ежелгі Греция тарихына арнаған орыстың көне мектебінің аса көрнекті антик тарихшыларының тізімін академик С.А. Жебелев (1867-1941) есімімен аяқтау орынды-ақ. Аса білімді тарихшы, көрнекті эпиграфшы ол алғашында позитивистік бағытта жазылған екі монографиясымен көзге түсті. Бұлар эллиндік және римдік заманның Афины тарихы мен Грецияның Рим провинциясы ретіндегі тарихына арналған болатын. С.А. Жебелев Аристотельдің «Саясат» деген тарихифилософиялық еңбегінің аудармашысы ретінде көрінді және Ф.Г.Мищенко жасаған Фукидидтің «Тарих» аудармасын жөндеді. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін С.А. жебелев совет ғылымында антик тарихшылар қатарында белсенді жұмыс істей берді. Оның совет заманындағы басты еңбектері Солтүстік Қара Теңіз жағалауына арналды. Өзінің зерттеу әдістерін жетілдіре отырып, ол бірте-бірте маркстік бағытқа көшті, жоғары оқу орындарына арналған ежелгі Греция тарихы жөніндегі совет оқулықтары авторларының бірі және редакторы болды. С.А. Жебелев эллиндік Боспор патшалығында Савмактың басшылығымен болған құлдар көтерілісі туралы маркстік тұрғыдағы белгілі зерттеудің авторы болып табылады.

Батыс европалық және отандық буржуазияшыл антик тарихнамасының қысқаша шолуынан көрінгеніндей, ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың басында оның үлкен жетістіктері болды. Алайда реакцияшыл таптық тар шеңберлі жалпы тарихтың және философиялық концепциялар ғалымдарының тарихи процестің мәніне терең бойлауына бөгет жасады.

Ал ХІХ ғасырдың орта шенінде-ақ тарих ғылымындағы осы аса маңызды да негізгі проблеманың дұрыс шешімі марксизим негізін қалаушы ұлы адамдар –Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің еңбектерінде талданып ұсынылған болатын. Олардың ашқан жаңалықтарының маңызы мен мәнін В.И. Ленин былай деп сипатаған-ды: «маркс те қоғамды жеке адамдардың, бастықтардың еркі бойынша (болмаса, бәрібір, қоғам мен үкіметтің еркі бойынша) түрлі өзгерістерге келіп, кездейсоқтықпен пайда болатын және өзгеретін механикалық агрегат деген көзқарасты мүлде жойды, сөйтіп социологияны бірінші рет ғылыми негізгі салды, қоғамдық –экономикалық формация дегеніміз сол өндірістік қатынастардың жиынтығы деген ұғым деп анықтады және бұл формациялардың дамуы табиғи-тарихи процесс екендігін анықтады».

Ежелгі дүние тарихы жөнінде сол кезде мәлім болған барлық материал арқылы К.Маркс пен Ф. Энгельс Жерорта теңізінің ежелгі қоғамын өзінің құл иеленушілік қоғамына негіздей отырып Греция мен Римде ерекше қарқынмен дамыған құл иеленушілікті анықтады. Тікелей Грецияға үндей отырып, олар сол кездегі ежелгі грек материалын зерттеп, Балқан түбегінің оңтүстігіндегі рулық құрылыстың ерекше сипаттарын және оның ыдырау процесін анықтады, әскери демократия деген ұғымды енгізді, ежелгі гректік антик қала –мемлекеттің (полистің) таптық табиғатын жан-жақты ашып көрсетті. К.Маркс пен Ф. Энгельс полистің экономикалық негізі ауыл шаруашылығы болғанын, полис-жер мен құлға бірдей ие болған жеке меншіктілер –құл иеленушілердің коллективі болды.


Каталог: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет