Лекция: 30 сағат Семинар 10 сағат СӨЖ: 95 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)



бет3/9
Дата25.04.2016
өлшемі1.5 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары:

1.Ертедегі Римнің материалдық мәдениет ескерткіштері

2.Үлкен анналистер еңбектері

3.Кіші анналистер еңбектері


ЛЕКЦИЯ 6 Римдегі тарихнаманың қалыптасуы

Жоспары:


  1. Анналдар –тарихи шығарманың бірінші түрі.

  2. Орта анналистер

  3. Шешендік, мемуарлық және тарихи философиялық проза

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История древнего Рима. Учебник для студнтов вузов обучающихся по специальности «История». М., 1994

Қосымша әдебиеттер:

1.Древнеримские мыслители. Свидетельства, тексты, фрагменты./ Сост. А. Аветисьян. Киев, 1958

2. Хрестоматия по истории древнего Рима. / Под ред. В. И. Кузищина. М., 1987


Лекцияның мақсаты:Римдегі тарихнаманың қалыптасуын қарастыру
Лекцияның мәтіні:
ХVІІІ ғасырдағы француз революциясы ХVІІІ ғасырдың 90 жылдарында ғана емес, сондай-ақ ХІХ ғасырдың алғашқы он жылдығында да Рим тарихын зерттеуді дамытуға зор ықпал етті. Егер де ХVІІІ ғасыр тарихшылардың зерттеу обьектісі негізінен алғанда Рим империясының дәуірі болса, енді ХІХ ғасырда Рим империясының зерттеушілері республиканың ертеректегі кезеңін зерттеуге көңіл бөлді. Бұл құбылысты сипаттай келіп К.Маркс былай деп жазды: «Рим республикасының қатаң классикалық дәстүрлерінде буржуазиялық қоғам гладиаторлары өз күресінің буржуазиялық шектеулі мазмұнын өзінен-өзі жасыру үшін, өзінің шалқыған шабытын ұлы тарихи трагедиясының шырқауында ұстау үшін өздеріне қажетті мұраттар мен көркем формаларды, иллюзияларды тапты.

Зерттеулердің жалпы бағыты өзгереді француз ағартушыларының ыққпалымен ХІХ ғасырдың ғалымдары әміршілерінің дамуына, олардың тұрмысына, мәдениетіне көңіл аударды. ХІХ ғасырдың зерттеушілері антик авторлардың шығармаларынан алған мәліметтерді археологиялық қазындылар мен этнографиялық материалдармен толықтырылып, нақтылай отырып, түп деректерді зерттеуге сын көзбен қарай бастады.

Ежелгі Рим тарихын зерттеуге осындай жолмен келген тұңғыш дат Б. Нибур (1776-1831) болды. Рим тарихының ежелгі кезеңі туралы ол антик тарихшылардың айтқандарының дұрыстығын жоққа шығарып қана қойған жоқ, сондай-ақ этнографиялық деректерге сүйеніп, оқиғалар дамуының көрінісін аналогия әдісімен қалпына келтіруге тырысты. Нибурдың негізгі еңбегі «Рим тарихы» аяқталмай қалған болатын. Нибурдың тарихи сын әдісі оның замандастары мен кейінгі зерттеушілерге өте зор ықпал етеді.

Нибур зерттеулерін жалғастырушы, 1500-дей баспа жұмыстың авторы, неміс тарихшысы Т. Моммзен (1817-1903) болды. Европа тілдерінің көпшілігіне аударылған «Рим тарихынан» басқа Т. Моммзеннің ең маңызды еңбектері- «Рим мемлекеттік правося», «Рим қылмыстық правосы», «Рим күміс ақша ісінің тарихы», «Цезарьға дейінгі Рим хронологиясы» еді Т. Моммзеннің басшылығымен 1863 жылы 16 томдық латын үскі жазбалары басылымы қолға алынады. Бұдан басқа Т. Моммзен Рим тарихының жеке мәселелері жөнінде көптеген мақалалар мен заметкалар жариялайды.

Т. Моммзеннің еңбектерінің әйгілісі «Рим тарихы» болып қала берді. Ежелгі кезеңді баяндаудан бастап Т. Моммзен үшінші томында оны Тапс түбіндегі ұрысқа дейін (б.э. дейінгі 46-жыл) жеткізді. Едәуір кейінірек шыққан төртінші том б.э. 68 жылына дейінгі Рим империясы тарихының қысқаша очеркі болып келді. Б.э. І ғасырындағы Рим империясы провинцияларының тарихы бесінші томда баяндалған.

«Рим тарихының» алғашқы үш томы көпшілікке арналған кітап болып саналады. Т. Моммзен өзінің шығармасын 1848 жылғы революциялық оқиғалардың ықпалымен жазды. Буржуазиялық революцияның саяси мақсаттарының бірі Германияның ұлттық бірлестігі еді. Неміс буржуазияшыл интелегенциясының кейбір топтарының арасында неміс буржуазиясының саяси ой-арманын жүзеге асыратын «демократиялық монарх» деген біреуге үлкен үміт артылады. Т. Моммзен рим тарихының бастапқы дәуірін қысқаша суреттей отырып, мұны Италияның бірігуі деп атап, римдіктердің Апенин түбегін жаулап алуы туралы әңгімені егжей-тегжейлеп айтып шығады. Ол өзінің баяндауын қандай да болсын шамадан тыс жоғары мадақтаған Юлий Цезарьдың «демократиялық монархиясының» пайда болу заңдылығын дәлелдейтіндей етіп құрады. Т. Моммзен рим нобилитетін гермен юнкерлігі мен салт аттыларды буржуазиямен салыстырумен шектеліп қалмай Римдегі қолөнер мен сауданың дамуынан капиталистік қатынастарды көрді. Құл иеленудің дамуын жоққа шығара отырып, әрі құлдардың көтерілісіне тоқталып жатпай Т. Моммзен б.э. дейінгі 74-71 жылдардағы көтеріліс көсемі Спартакты «қарақшылар кемеңгер атаманы» деп санады.

Т. Моммзеннің еңбегі өте-мөте субьективті, оның нәсілдік, модернизм, әрі асыра сынау элементтері күшті. Бірақ Т. Моммзеннің басқа еңбектерінде де буржуазияшыл ғалымның шектеулігі, әсіресе шектен шыққан немістік шовинизм көрінетіндігіне қарамастан, оның қызметі тарихи ғылымның кейінгі дамуларына өте күшті ықпал етті.

Неміс тарихшысы К.Нич (1823-1880) б.э. дейінгі ІІ ғасырдың аяғындағы Рим республикасында аграрлық заңдардың айналасындағы күресті зерттеумен шұғылданды. «Гракхтар мен олардың ең жақын бастамашылары» деген еңбегінде ол рим шонжарының қасиеттерін атап көрсетіп, Гракхтар қызметінің кезеңін Рим мемлекетінің ең дамыған уақыты деп санайды.



Бақылау сұрақтары:

1.Марк Тулий Цицерон - өмірбаяны және саяси жолы

2.Корнелий Тацит оның тарихи еңбегі «Анналы»

3.Христиан шіркеуінің ресми мойындалуы және оның әлеуметтік және саяси өмірдегі ролі


ЛЕКЦИЯ 7 Ортағасыр тарихнамасы

Жоспары:


1.Ежелгі дәуір тарихнамасының әсері.

2. Ерте орта ғасыр тарихнамасы

3.Орта ғасырлық жылнамалар

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Ванштейн О. Л. Историография средних веков. М-Л., 1940

Вебер Б. Г. Историографические проблемы. М., 1974

Қосымша әдебиеттер:

Афанасьев Ю. Н. Историзм против эклектики. М., 1980



Лекцияның мақсаты: Ортағасыр тарихнамасының қалыптасуын, дамуын қарастыру

Лекцияның мәтіні:

Орта ғасырлық жазба төркін –деректер бінеше түрге бөлінеді: документальды материалдар (жария актілер, жеке адамдардың актілері, шаруашылық мәні бар документтер, әкімшілік, финансы, әскери т.с.с. мемлекеттік өкімет документтері), заңдық ескерткіштер («правдалар», яғни герман және басқа халықтардың әдет-ғұрып правосы жөніндегі жазбалары, азаматтық, қылмыстық істер және шіркеу праволарының кодекстері, жеке заңдар мен указдар, қала хартиялары, сот протоколдары, заң трактаттары), хабар беретін төркін-деректер (анналдар, яғни жылнамалар, шежірелер, өмірбаяндар, әулиелер тіршілігі, ресми емес тұрғыда хат жазысу, публицистика), фольклор, әдеби шығармалар т.с.с.

Әдетте, документальдық және заңдық төркін-деректер феодалдық құрылыстың дамуындағы шаруашылық, әлеуметтік және праволық қатынастар тарихы жөнінде мол материалдар береді. Хабар мәліметті беруші төркін-деректерде саяси тарихқа қажетті деректер көбірек болады. Алайда, кейбір көне, өте аз, сондықтан да ерекше құнды документтерінде (мысалы, феодализмнің алғашқы ғасырларындағы корольдің сыйлық тарту грамоталары) феодалдық жер меншіктенуге байланысты қатынастарды сипаттайтын өзінің негізгі мазмұнынан байланысты қатынастарды сипаттайтын өзінің негізгі мазмұнынан тыс, сондай-ақ право тарихы жөнінде де маңызды мағлұматтары бар, ал кейде саяси тарихтың фактілері де кездеседі. Екінші жағынан, ерте дүниенің тұтастай дерлік саяси тарихқа арналған анналдары мен шежірелерінде әлеуметтік-экономикалық қатынастар тарихы туралы кейбір мағлұматтар табылып қалады.

Төркін-деректердің басқа барлық түрлерінің ішінде документальдық материалда өмірдің әр түрлі жақтары еғұрлым тікелей жазылады және сондықтан да сенімділігі де анағұрлым күшті болады.

Заң ескерткіштері үстем тап мүдделерін нығайта түсуді мақсат етті. Оған деген сенімділік те әрқалай: кәдуілгі правосы мен сот протоколдары, әдетте, заңдар мен заң трактаттарына қарағанда, тарихи шындыққа неғұрлым жақынырақ келеді.

Хабарлап баяндаушы төркін-деректерде оқиғалар, документтер мен право ескерткіштеріне қарағанда, олардың авторларының сана –сезімі арқылы көбірек бейнеленген. Сондықтан төркін-деректердің мұндай түрлерінің бәріне субьективті түрде үндемей қалу немесе тіпті бұрмалап бейнелеу де кездеседі. Орта ғасырлардың шежіре жасаушыларының, әсіресе халық көтерілісі туралы пайымдағанында, оған деген таптық сана айқын байқалады, әрі, әдетте, дұшпандық көзқараспен қарайды. Сондықтан баяндаушы төркін-деректер, ондағы хабарланып отырылған фактілер арнайы мұқият тексеруді қажет етеді.

Алғашқы кезеңдегі орта ғасырлар төркін-деректері, бізге мүлде толық жеткен жоқ, сондықтан да оның әрқайсысы аса бағалы. Олар ертеден бері-ақ тарихшылар назарын аударуда, сондықтан да бірнеше рет басып шығарылды. Дамыған феодализм дәуірінің төркін-деректері, тұтас алғанда, аз зерттелген; Х-ХV ғасырлардың шежірелері түгел дерлік баспадан шығарылды, бірақ та документті материал толық зерттелген емес, әрі бірлі-жарымы ғана жарияланды.

Бұрынғы Батыс Рим империясы жерінде варварлар мемлекетінің пайда болуы және феодалдық құрылыстың қалана бастауы гермен халықтарында қолданылып келе жатқан әдет-ғұрыптарды және олардың бағынышты халықтармен қатынасын үйлестіретін заңдарды жазба түрінде реттеп отыруды талап етті. Сондықтан V ғасырдың өзінде Батыс Рим жерінде орналасқан герман халықтарында жазба заңдар пайда болды, олар феодализмнің жаңа құрыла бастаған алғашқы сатысындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды бейнелейтін документтерінде маңызды ғана емес, тіпті бірден-бір түп-төркін болып табылады. Әдет-ғұрып правосы туралы бұл жазбалар сот билігіне, яғни әр түрлі қылмыс немесе теріс әрекет үшін төлем алу және басқа жаза берудің тізім-түсінігіне арналса да қауымның ыдырауы және феодалдық құрылыстың туып келе жатқан кезеңіндегі өндігіш күштердің дәрежесін, меншік формаларын, әлеуметтік жеке-дараланудың басталуын, рулық-қауымдық құрылыс қалдықтарын, сот жүргізу формаларын т.с.с. зерттеуге қажетті бай және өте құнды материалдар береді. Бірақ екінші жағынан, өзінің сипатына орай, бұл сот биліктері өмірдің сот істері мен әдет-ғұрыппен тікелей байланысты емес жақтары туралы үнсіз қалады да, одан басқа қасиеттері жайында тек жанама мағлұматтар береді.



Бақылау сұрақтары:

1.Августиннің тарихи-философиялық көзқарастары

2.Ортағасырлық жылнамалар

3.ХІ-ХІҮ ғ тарихының теологиялық



ЛЕКЦИЯ 8. Ерте буржуазиялық революциялардағы идеологтар мен гуманистердің тарихи көзқарастары(XV-XVIIғғ)

Жоспары:

1.Ғылыми революция және XVII ғ. тарихи білім

2. Ағарту дәуіріндегі "философиялық тарих"

3. Т. Гоббстың тарихи монархиялық тұжырымдары



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Афанасьев Ю. Н. Ведущее направление французской историографии // Современная зарубежная историография .с 136-159

Қосымша әдебиеттер:

Брагина Л.М. Социально-этические взгляды итальянских гуманистов. М., 1983

Бурлацкий Ф.М. Загадка и урок Никколо Макиавелли. М., 1977

Рутенбург В.И. Титаны Возрождения. Л.,1976

Лекцияның мақсаты: XV-XVIIғғ ерте буржуазиялық революциялардағы идеологтар мен гуманистердің тарихи көзқарастарын қарастыру

Лекцияның мәтіні

Қазіргі зерттеушілер ХVІ-ХVІІ ғғ. Европалық тарихты ерте жаңа заман ретінде сипаттайды. Бұл кезде саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірдің жаңа формалары қалыптасып, дүниені түсіну жүйесінде үлкен өзгерістер болды, белгілі және мүмкін болатын шектер кеңейді. Р.Тарнастың сөзімен айтқанда Батыс жаңа адамның туғанын, өзін және өз бостандығын қайта түсінген, айналадағының бәріне көңіл қойып қарайтын, өзінің наным-сенімі мен іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, ежелгі классиканы жақсы көретін, тіпті өзінің ұлы болашағына берілген, табиғатты игеруге және бағындыруға өзінің ақылы қабілетті екеніне көзі жетті.

ХVІ-ХVІІ ғғ. Европалық мәдениетте ортағасырлық дәстүрлер мен ренессанстық ғылымнан айырмашылығы бар таным принциптері қалыптасты. Интеллектуалды қөзғалыстың нәтижесінде әлем және адам туралы түсінік жүйесі трансформацияланып, жаратылыстану пәндері, тарихи, саяси, қоғамдық, философиялық жүйе негіздері қайтадан анықталып, ғылыми революция деген атқа ие болды. Бұл кезеңнің шекарасын шартты түрде 1543 жылдан бастайды. Дәл осы жылы Николай Коперниктің «Аспан денелерінің айналуы туралы» еңбегі шығып, И. Ньютонның жаңалығы ашылған еді. 1687 ж. И. Ньютонның «Натуралды философияның математикалық бастамалары» жарық көрді. Коперник, Галилей, Кеплер, Декарт, Ньютон сияқты ғалымдардың ерте жаңа замандағы интеллектуалды мәдениеттегі еңбектері нәтижесінде әлемнің тұтас жаратылыстану ғылыми картасы жасалды.

Ерте жаңа заман дәуіріндегі философтар білім құрылымының принциптеріне, физика, математика, медицина, әлеуметтік ғылымдар зерттеулеріндегі жаңа әдістерді негіздеуге ерекше назар аударды. Тарих білім ретінде мораль және саясатпен байланысты болды, бұл пәндердің аумағына онша кіре қойған жоқ. Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон (1561 - 1626) «Жаңа органон» (1620) атты басты шығармасында таным әдісін ұсынды, өзінен бұрынғы білім жүйесін қайта қарап, баға берді. Зерттеудің басты мақсаты табиғат құпиясын игеру болды. Ғылыми білім адамға пайда мен қуат әкелу керек, күнделікті өмірді өзгертіп, жаңа христиандық алтын ғасырға жылжуы қажет деп есептеді. Зерттеудің эмпирикалық әдісі бақылау мен тәжірибенің маңызын арттырды.

Бэкон өз еңбектерінде тарих пен жаратылыстану ғылымдарының бірлігі туралы жазды, өйткені екеуі де адамның еске сақтау қабілетіне сәйкес болды. Азаматтық тарих та, тарихи тарих та жеке оқиғаларды зерттеумен, олардың уақыттан тыс қасиетін сипаттаумен айналысты. Сөйтіп, табиғи құбылысын және өткен оқиғаны зерттеу арасында айырмашылық бола қойған жоқ. Бақылаудың нәтижелері болды. Жеке құжаттар бойынша дәлелденген фактілер тәжірибе үшін құнды еді.

Англияда Бэконның еңбектері жаңа ғылымның сипатына үлкен әсер етті. Көптеген ғалымдар оның еңбегін жалғастырғысы келгенімен, тарихнамада аналитикалық және тәжірибелік әдісті қолданатын ғалымдар аз болды.

РЕНЕ ДЕКАРТ (1696 - І650), иезуиттер жетекшілік еткен Ля Флеш «коллегиясында» білім алған. 1637 ж. «Әдіс туралы ойлар» атты еңбегі геометрия, оптика, астрономия бойынша зерттеулерімен қатар бір томға енді. «Философияның бастамасы» (1644) еңбегінде өзінің философиялық жүйесін ағашқа теңеді, оның тамыры метафизика, ағашы физика. өнім беретін қанаттары - механика, медицина, этика. Мұндай «өнім» әкелуге қабілетті философиялық түсінудің қажетті шынайы көрінісі ретінде қарастырды. Декарттың осы бағыттағы еңбектері әлемнің рационалды механикалық картинасын жасауға әсерін тигізді.

Субъект-зерттеушінің және оның алдында турған зерттеу объектісін бөлу туралы Декарттың негізгі идеясы XVIII ғ. аяғы XIX ғ. ғылым мен кәсіби тарихи білімге негізделген белгілі әдістің қалыптасуына әсер етті. Бұл кезде философияда әр түрлі екі ақиқат - Галилей негіздеген жаңалықтар мен білім-туралы ой бекіген болатын, сондықтан мұндай ой тұжырымның болуы әбден мүмкін еді. Бұл логикаға сәйкес ғылым мен сенім бір-біріне сай, бірақ олардың пәні. ойы, тілі, әдістері автономды болып келеді.

Физика, математика, анатомия, механика. т.б. жаратылыстану мен философиядағы жаңалықтар XVII ғ. интеллектуалды мәдениетке едәуір ықпал етті. Табиғатты зерттеудің көптеген принциптері қоғам мен оның тарихын түсіну үшін әмбебап түрде қарастырыла бастады. Жаратылыстану ғылымдары, олардың эмпирикалық, нақты білімге талпыныстары басқа пәндерді қайта қарастыруға мүмкіндік берді. XVII ғасырда әлеуметтанушы философтар жаратылыстану заңдары туралы бірқатар идеяларды алға тартты. Бұл заңдарды табиғат заңдары сияқты танып, оны адамдар қолдану керек. Табиғат пен адам материалдық бірлікте деген идеядан бойын аулақ ұстаған философтар математика мен физикаға бағыт алған қоғам туралы ғылымды ә л е у м е т т і к ф и з и к а н ы жасауға тырысты. Мұндай теориялардың негізі тарихи аумақтан тыс жеке адам туралы түсінік болды; қоғамның өзі адам табиғатынан шығатын құбылыстарға үміттенген индивидтердің жиынтығы деп түсінді. Мысалы, голландиялық философ және заңгер ГУГО ГРОЦИЯНЫҢ (1583-1645) ойынша, адамдар ең әуелі бір-бірімен араласуға талпынды, соның нәтижесінде олардың бірігуіне мүмкіндік туды. Ағылшын философы ТОМАС ГОББСТЫҢ (1588-1679) пікірі, керісінше, адамдар өзара бір-бірінен алшақ болды, сондықтан мемлекетке дейінгі "табиғи" жағдайда олар үздіксіз "бәріне қарсы соғыс" жүргізді. Индивидтің қасиетінен мемлекеттік құрылыс пен оның тарихын түсіндіруге ықпал еткен ә л е у м е т т і к м е х а н и к а н ы ң салдарлары мен заңдары шықты. XVII ғасырдың философтары қоғамды адамдар арасында жасалатын қоғамдық келісім-шарттың нәтижесі деп есептеді. Мемлекет заңдары адам табиғатынан шығатын табиғи құқық негізінде құрылуы керек деп есептеді. Бұл теориялар әлеуметтік және философиялық еңбектерде үстем болғанымен, XVII ғ. тарихи еңбектерге мұндай идеялардың енуі өте баяу болды. Тек XVIII ғ. бұл теориялар өткен тарих туралы білімге айтарлықтай ықпал етті.

Тарих әлі адам, қоғам, әлем туралы білім саласынан бөлініп, дербес пән ретінде қалыптасқан да жоқ еді. Өткенді зерттеу әдебиет, шешендік өнер сияқты гуманистердің ілімімен бір аумақта қарастырылды. Университеттерде тарихты игеру ежелгі тілдерді үйренуге қатысты қолданбалы мәнде болды. Антикалық әдебиетке, өткеннің классикалық үлгілеріне қызығушылық арта түсті. Солай бола тұрса да, XVII ғасырда тарихты зерттеу модаға айналды. Оксфорд пен Кембриджде азаматтық тарихтың алғашқы кафедралары ашылды. ХVІІ ғ. өткен тарихты білу саяси күрестегі маңызды фактор болды. Мысалы, Ағылшын революциясы кезінде корольдың жақтастары және парламентті қолдаушылар монархтың шексіз билігі немесе Англияның "ежелгі еркіндігінің" негізін бұрынғы құжаттардан іздеді.

Ғалымды жіктей отырып Бэкон тарихи білімнің бағытын "қалыптасқан" және "қалыптаспаған" деп бөліп, «қалыптасқан» тарихқа саяси тарихнаманы - хроникаларды, ұлы адамдардың өмірбаяндары, олардың мемлекеттік қызметі моральдық, дидактикалық мәтінмен берілді. Мұндай еңбекктердің деректері ортағасырлық хроникалар, ауызша мәліметтер, естеліктер болды. Саяси және саяси заң тарихының авторлары кейде өз еңбектерін жаратылыстану ғылымдары мен матемагикалық білімдермен байланыстыра жазуға тырысқанымен гуманистік тарихнама үлгілеріне жақын болды.

Бекон «VII Генрихтің тарихы» (1621) атты шығарманың авторы. Ол бұл еңбекті Алқызыл және Ақ раушан гүлдері соғысы аяқталып, монарх I Яковтың қол астына Англия мен Шотландияның бірігуі тұсындағы Англия тарихының бастамасы ретінде жазды. Автор Тюдорлар династиясын, оның алғашқы өкілі VІІ Генрихті асқақтата көрсетіп, дана король билігінің принциптерін сипаттауға тырысқан. Бэкон құқық тарихы материалдарын қоса отырып, Ренессанс тарихына тән дәстүрді біраз кеңейткен.

ХVII ғ. екінші жартысында Британияда революциялар, азамат соғысы, монархияны қайта өңдеу туралы бірқатар тарихи-саяси еңбектер, естеліктер мен трактаттар шықты. Олардың қатарында граф Кларендонның "Бұлік тарихы", Г. Барнеттің "Менің заманымның тарихы", Дж. Локктың "Өкімет туралы екі трактат", "Діни шыдамдылық туралы" деген еңбектері бар. Тарихнамадағы бұл бағыт XVIII ғасырда одан әрі өз жалғасын тапты.

Франциядағы м а в р и с т е р ұжымы 1648 ж. француз провинцияларының өткені туралы мәліметтерді басып шығарудың жоспарын жасады. Оған Бенедикт орденінің, шіркеулердің тарихы туралы мәселелер кірді. 1668-1701 жылдары эрудит-мавристер тоғыз томнан тұратын "Жития святых бенедиктинского ордена" атты жинақты шығарады. Мәтіндерді сынау бойынша негізгі жұмысты жасаған Ж. Мабильон болды.

Хроникалар мен құжаттарды шығару Германия, Италия, Англия, Польша, Чехия, Испанияда кең тарады. Эрудиттер қолжазбаларға сыни талдау жасады, сөйтіп қосалқы тарихи пәндердің (палеография, хронология, дипломатика) және жалпы тарихи білімнің дамуында үлкен роль атқарды.

Бақылау сұрақтары:

1.Ерте буржуазиялық идеологтар мен гуманистердің тарихи көзқарастары

2.Әлемдік тарихтағы ұлы географиялық жаңалықтар және ғылым жетістіктері

3.Итальян гуманистерінің саяси-әлеуметтік идеялары

4.Неміс гуманизмі

ЛЕКЦИЯ 9. ХVIIIғ. Ағартушылар әсері және ұлы француз буржуазиялық революция қайраткерлерінің тарихнамаға әсері.

Жоспары:


  1. ХVІІІ ғасырдың ағартушыларының тарихи көзқарастары (Д. Дидро, Даламбер, Ш. Монтескье, Вольтер)

  2. Ұсақ радикалды буржуазия идеологтарының тарихи көзқарастары- Ж. Руссо, Г. Мабли

  3. Физиократтар әлемдік тарих жайлы- А. Тюрго

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Хрестоматия по новой истории.В 3-х тт. М., 1965

Руссо Ж. Трактаты. М., 1969

Дидро Д. Избранные произведения М., 1951

Қосымша әдебиеттер:

Документы истории Великой французской революции / Сост. А.В. Адо идр. М., 1990

Лекцияның мақсаты: ХVIIIғ. ағартушылар әсері және ұлы француз буржуазиялық революция қайраткерлерінің тарихнамаға әсерін қарастыру

Лекцияның мәтіні

XVII ғ. соңғы ширегі - XVIII ғ. тарихнамада жаңа серпіліс болды. Зерттеушілер бұл кезеңді Ағарту ғасыры деп атады, өйткені Европа елдерінде, Солтүстік Америка, Ресейде интеллектуалды қөзғалыс кең тарап, оның рухани орталығы Франция болды. Бұл қөзғалыс әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірдегі бірқатар өзгерістермен , азаматтық қоғамдағы процестердің қалыптасу және модернизациялануымен, буржуазиялық-демократиялық революциялармен, дүниетанымдағы трансформациялармен байланысты болды. Ағарту идеялары ең алдымен философияда, сонымен қатар ғылымда, тарихнамада, қоғамдық және саяси ойда, әдебиетте, өнерде өз көрінісін тапты. Бұл дәуір қайраткерлерінің қатарында Франциядан Вольтер, Руссо, Монтескье, Британиядан Дж. Локк, Д. Юм, Э. Гиббон, Германиядан И. Кант, И. Гердер, Ресейден М.В. Ломоносов, В.Н. Татищев, Н.М. Карамзин болды.

Ағартушы философтар, тарихшылар, әдебиетшілер, ғалымдардың көзқарастары әр түрлі болғанмен, олардың шығармаларында ұқсас мәселелер көтеріліп, бір-біріне жақын пікірлер айтылды. Бұл кезеңнің интеллектуалды мәдениетінде "адам" және "қоғам" деген негізгі ұғымдарды қайта қарауға талпыныс жасалды. Адам табиғаты деген не? Қоғамдық құрылым ненің нәтижесінде пайда болады? Дүние жүзінің көптеген халықтарын не біріктіреді және қандай айырмашылығы бар? Ғылымның жетістігі мен адамгершілік нормаларының жетілуіне қарамастан адамдар неге бақытсыз? Мемлекет те, халық та үйлесімді өмір сүру үшін қазіргі тәртіпті өзгертуге бола ма? Осы сауалдарға рационалды философия және тәжірибелі ғылымдардың негізінде жауап беру ұсынылды.

Ағарту қайраткерлерінің көзқарастары билік пен дәстүрге сыни қатынасты сипаттады. Ұсынылған құндылықтардың жаңа жүйесінің жоғары критерийі сословиелік теңсіздікке, шіркеудің билігіне қарсы ақыл мен салауатты ой болды. Өнеркәсіп төңкерісінің әсерімен экономикадағы, әлеуметтік саладағы, күнделікті өмірдегі терең өзгерістер прогресс идеясына философиялық жүйеде орын алуға мүмкіндік берді. Ақылдың күшіне сену адамзаттың жылдам мәдени үрдісіне үміт туғызды, яғни жеке қателіктерінен, надандықтан, наным-сенімнен, қанаудан құтылу керек болды.

Ағартушылардың идеялары бойынша табиғаттағының бәрі біртұтас танымдық тәртіпке бағынды. Адам табиғаты әмбебап және дүние жүзінде өмір сүріп жатқан адамдар езгермейді, әуелден-ақ олар тең және бостандықта болып жаратылды деп түсіндірілді. Қоғамды ақылдың заңдарымен, адамның табиғи құқына сай құру керек. Қазіргі және таяудағы болашақтың міндеті қоғамды рационалды түрде қайта құру және өткенді қайтадан ой елегінен өткізу керек деп пайымдалды. Философтар үшін үлкен құндылық көптеген адамдарға пайда әкелетін білім болып есептелді.

Француз ағартушыларының ірі еңбектері қатарына ЖАН Д'АЛАМБЕР (1717-1783) және ДЕНИ ДИДРО (1713-1784) жетекшілігімен шыққан мәтіні 17 томнан, гравюрасы 11 томнан тұратын "Ғылым, өнер және қолөнер энциклопедиясы немесе Түсіндірме сөздігі" (1751-1772) болды. Бұл "Энциклопедияда" философияның, түрлі ғылымдардың маңызды принциптерін, жаңалықтар мен өнеркәсіпте қолданылатын пайдалы зерттеулердің нәтижелерін сипаттаған мақалалар жазылды. Дегенмен де бұл жинақтағы маңызды орын тарихқа берілген. Д'Аламбердің айтуынша, адам тарихының пәні не оның білімі, сондықтан ол азаматтық және ғылыми тарих болып бөлінеді.

Ағартушылар жазған тарихта философияның ықпалы күшті болды. Алайда ХVIІI ғ. Ағартушылық "философиялық тарих" тарихи сипаттаудың барлық әдістерін қолданды деп айтуға болмайды. Бұл кезде европалық қауым «тарихқа» қанық болды, өйткені соғыстарды, корольдардың, қолбасшылар мен епископтардың қызметін сипаттаған, қателері көп, кешіріліп құрастырылған дүниелер баршылық еді. XVIII ғасырда тарих ғылыми білімнің саласы деп саналмаған көсем сөздің ерекше жанры деп есептелді. Университеттерде тарихты филологтар, ежелгі тілді білетін адамдар, құқықтанушылар берді.

Сонымен бірге өткенге, қазіргіге, болашаққа дегеп біртұтас христиандық көзқарас болды. Оған мынадай бірқатар факторлар әсер етті: мәтіндерге гуманистік сынның ықпалы, ежелгі пұтқа табынушы авторлардың көптеген еңбектерімен танысу, географиялық ашуларға байланысты әлем бейнесіне деген радикалды өзгеріс, Реформация дәуірінде шіркеу абыройының шайқалуы, жаңа философиялық және ғылыми теориялар.

XVIІI ғ. авторлары өткен дәуір құжаттарына сыни тұрғыда қарауға үлкен мән берді. Зерттеушілер тарих тек қана саясаттан, дипломатиядан, әскери мііндеттерден тұрмайды деп санаса, ал тарихнама одан да кең, ол жай ғана фактілерді жинақтап қоймайды деп пайымдады. Мәдени және әлеуметтік өмірдің оқиғалары саяси сипаттамалармен қоса тарихи баяндауларға да қосылады.

Аталмыш кезеңдегі тарихи әдебиеттердің әр түрлі болуына байланысты екі үлкен бағытты бөліп көрсетуге болады: тарихшы-эрудиттердің еңбектері және тарихшы-философтардың шығармалары.

XVIІI ғ. тарихшы-философтар әмбебап тарихи заңдардың мәселелеріншешуге тырысты. Ағартушы философтар оқиғаларды түсіндірген, өткенді, қазіргіні және болашақты қайтадан қоса отырып, қоғамға жаңа әмбебап схемаларды ұсынды. XVIII ғ. интеллектуалдары арасында прогресс және тарихи циклдер тұжырымдамасы үлкен абыройға ие болды. Бұл теориялар жаратылыстану ғылымдары, математика, физика, И. Ньютон шығарамаларымен байланысты қалыптасты. Қоғам тарихын және дүние құрылысын зерттеу үшін біртұтас таным әдісін қолдану ұсынылды. Қоғам туралы мәселе ат үсті айтылды. Философтарда адамзат табиғаты өзгермейді және біртұтас деген түсінік болды. Ежелгі уақытта да, қазір де адам қалай болса, солай болып қалды өзара тең екені айтылды. Ағарту тарихшыларында өз замандастарының көзқарастарын басқа дәуір адамдарының құндылықтар жүйесінен бөліп қарауға деген сұраныстар болмауы да тегін емес. Кең таралған көзқарастарға сәйкес барлық дәуірдің адамдарында әуел бастан-ақ жалпы сезімдері мен талдау қабілетіне ие болды. Қоғамды индивидтердің табиғатынан тұратын рационалды жинақ деп қарады. Азаматтарды ағарту мен тәрбиелеу арқылы барлық қоғамдық құрылысты қайта құру үшін қажетті жағдай жасалады деп есептелді.

Ұлы географиялық ашулар кезінен бастап европалық ойшылдардың арасында түрлі мәселелер, сауалдар туды. Халықтардың сырт келбетінің, тілінің, әдет-ғұрпының, заңдарының бір-біріне ұқсамауын қалай түсіндіруге болады? Неге Батыстың тәжірибесі тек Ескі Дүниеде ғана жүзеге асты? XVII-XVIII ғасырларда қоғамда түрлі елдер халқының сыртқы белгілері, тұрмысы, басқару формалары, наным-сенімдері, өнерінің ерекшеліктері ең алдымен климаттың, ландшафтың, топырақтың, ауаның географиялық факторларына байланысты деген теориялар болды.

Мұндай көзқарастар француз философы, тарихшысы, жазушысы ШАРЛЬ ЛУИ МОНТЕСКЬЕНІҢ (1689-1755) "Заңның рухы туралы" (1748) трактатында негізделді. Адамдар өміріне әсер ететін ішкі заңдылықтарды түсінуге тырысып. автор қандай да бір халықтың шаруашылығына, басқармасына, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне табиғи жағдайлар әсер етеді деген тұжырымға келеді. Климаттық ерекшеліктер де ұлттық мінез-кұлықты қалыптастырады. Монтескьенің пікірінше, Англияда жақсы мемлекеттік құрылыс болды, ол тұрғындарының да мінез-құлқын анықтаған Британ аралдарындағы тұрақты климатқа байланысты болды. Адамдар арасында ағартушылықты тарата отырып, оларды бақытты ету үшін мемлекет қайраткерлері халықтың қасиетіне сәйкес жаңа заңдар шығаруы керек деп санады. Сөйтіп, Монтескье жаңа заманның қоғамтануындағы географиялық бағыттың негізін қалаушы болса, екінші жағынан, ол қоғамдық заңдылықтарды объективті турде түсіндіре алмады, оркениетке жеткен халықтарда заң шығару маңызды орын алады деп пайымдады.

XVIII ғ. "мәдениет" және "өркениет" деген ұғымдар кең түрде қолданылды.

Латын тілінен шыққан бұл сөздерге жаңа мағына берілді. Неміс ағартушылары "мәдениет" сөзін француздың "өркениет" деген ұғымының синонимі ретінде қолданып, зайырлы "мәдениеттіліктің" немесе "өркениеттіліктің" қалыптасу үрдісін көрсетті, яғни тұрмысты жақсарту, әділ заңдарды нығайту, талғамды машықтау, дөрекі мінез-құлықтарды жөнге салу. "Мәдениет" және "өркениет" деген екі сөзді халықтарды сипаттағанда бір-бірімен салыстыру үшін қолданды.

Мәдениетті қоғамдағы өмірдің әдісі ретінде түсіну керек деп неміс философы ИОГАНН ГОТФРИД ГЕРДЕР (1744-1803) "Адамзат тарихы философиясына идеялар" (1784-1791) деген еңбегінде ұсынды. Ол әр халықтың өзінің жеке, қайталанбас мәдениеті болады, сондықтан бір ғана нормативтік мәдениет туралы айтпай, көптеген бір-біріне ұқсамайтын, өзінше құнды мәдениетті айтуымыз керек деп тұжырымдады.

Алайда мұндай мағынада бұл ұғымды қолдану кейіннен XVIII г. Аяғы -XIX ғасыр басындағы романтикадық тарихнамада колданыла бастады. Ағартудың философ-тарихшылары мәдениеттің бірінші түсіндірмесін қолданды, сөйтіп көптеген халықтарды адамзат табиғатының қауымдастығы түрғысынан карауға мүмкіндік берді.

Осындай үлгіні белгілі француз ағартушысы, жазушы, ақын, драматург МАРИ ФРАНСУА АРУЭ ВОЛЬТЕРДің (1694-1778) "Халыктардьщ адамгершілігі мен рухы және басты тарихи окиғалар туралы тәжірибе" (1756-1769) деген шығармасынан көреміз. Вольтер бұл еңбегінде алғашқылардың бірі болып Европаның өткен тарихын ғана емес, барлық адамзат тарихын корсетуте тырысты. Бұл теологиялық тұжырымдамаға қарсы қойылған тәсіл еді. "Философиялық тарих" бойынша әуел баста адамдардың кінәсі жоқ, олардың ерекше қасиеті - ақылы болды. Оның негізгі идеясы тарихты ағартушылық философиямен біріктіру еді. Вольтер тарихшының міндеті факт жинап, оқиғаны мазмұндау емес, бүкіл материалды саналы тұрғыдан сыннан өткізіп, "философиялық тарих" жасау деп есептеді. Ол тарихтан мен тек корольдер тарихын көремін, мен адамдар тарихын көргім келеді, тарихшыдан дәстүрге, заңға, мінез-құлыққа, саудаға, қаржыға, егіншілікке, халыққа назар аудару талап етілетінін айтты. Вольтердін жалпы тарихы - бүкіл адамзатты қамтыған тарих болды. Ол қолда бар мәліметтермен Қытай, Үндістан, Жапония, Таяу Шығыстың, Африка халықтарының, Американың өркениетін жазуға тырысты. Басқа ағартушылардан ерекшелігі Вольтер мұрағатқа көп көңіл бөлді. Ол прогрестің жақтаушысы болды. Вольтердің ойынша, дүниеге рационалды көзқарасты бекітуде Батыс Шығыстан, Америка мен Африкадан өзып кетті.

Вольтер тарихпен кәсіби түрде айналысты. Оның "XII Карл тарихы" (1731), ХІV Людовиктің ғасыры" (1751), "XV Людовик ғасырына шолу'' (1755-1763), Ұлы Петр патшалығы тұсындағы Ресей тарихы" (1759-1763) деген еңбектері бар өзекті тақырыпты қамтыды.

Көптеген философ-тарихшылар қоғамдық дамуды талдадауда прогресс теориясын қолданды. Оның басты идеясы барлық адамзат өз тарихының түрлі кезеңдерінде - гүлденуінде және қайыршылықта, соғыс және бейбітшілікті - біртіндеп нығаяды. Өткені, казіргісі, болашағы бір бағытта даму идеясымен байланысты болады.

Прогресс тұжырымдамасы көптеген еңбектерде талданды. Бұл теория екі француз авторларының еңбектерінде жан-жақты көрсетілді. Экономист, мемлекет қайраткері АННА РОБЕР ЖАК ТЮРГОНЫҢ (1727-1781) "Дүние жүзілік тарих туралы талдаулар" (1750) шығармасы және математик, ағартушы философ ЖАН АНТУАН НИКОЛА КОНДОРСЭНІҢ (1743-1794) «Адам ойы прогресс картинасының эскизі» (1793-1794) еңбегі.

Тюргоның прогресс тұжырымдамасы буржуазиялық мәнде болды, себебі ол табиғи құқыққа сәйкес келетін қоғам буржуазиялық қоғам деп есептеді.

Барлық ағартушы философтар өркениеттің дамуына оптимистік көзқараспен қарады деп айту қиын. Француз жазушысы, философы ЖАН ЖАК РУССО (1712-1778) ғылым мен өнердегі прогресс адамдар игілігіне жарайды деп санаған жоқ. Өзінің "Адамдар арасындағы теңсіздіктің шығуы және негізделуі туралы талдаулар" (1755) деген еңбегінде Руссо адамдар тек ежелгі дүниеде ғана, яғни өздерінің "табиғи жағдайы" тұсында дені сау, қайырымды, бақытты болды. Одан кейін жеке меншік идеясы құлдық пен 0айыршылы0ты туғызды, сөйтіп өркениет "табиғи жағдайды" ыдыратты.Адамзат тарихында ескіру мен құлдырау үрдісі болады.

Руссо өз байлығын қорғау үшін байлар адамдар арасындағы «қоғамдық келісім» негізінде қоғамдық билік пен заң жасауға қол жеткізгенін айтады. Бұл кезде билеу формасы азаматтар арасында меншіктің бөлінуіне тәуелді болады. Мысалы, бір адам бай әрі ықпалды болса монархия, бірнеше бай болса-аристократия, біршама тең меншік болінісі демократия туғызатынын Руссо жоғарыда аталған еңбегәндк жазған.

Руссо адамзат дамуын кез-келген балалықтан кәрілікке дейін өмір сүретін тірі организмге ұқсатады. Бұл үрдістен ешкім қайтып қуыла алмайды. қазіргі қоғам мен өркениет те осыны бастап ксіпіруде дейді. Бірақ Руссо қартаюды тоқтатуға болады деп есептейді, бұл үшін адамдар табиғатқа, қарапайымдылыққа қайта оралуы тиіс, бұл алғашқы қауымдық құрылысқа көшу деген сөз емес, мұның мәні адамға табиғат берген принциптер мен заңдарды қайта тірілту керек.

АНТУАН НИКОЛА КОНДОРСЭ өз еңбегін Француз революциясы кезінде жазды. Ол адамзат тарихын біркелкі заңды үрдіс деп санады. Прогрестің критериі ретінде әлем туралы ғылыми білімнің дамуы, табиғатқа үстемдік жасауды тоқтату қоғамдағы қанау мен азаматтық теңсіздікті жою сияқты мәселелер алынды. Ол тарихты тогыз дәуірге бөлді. Алғашқы бесеуі ежелгі дәуірден бастап Рим империясы құлағанға дейінгі кезеңді қамтиды. Алтыншы дәуір орта ғасыр - варварлықтың қара түнек кезеңі ретінде сипатталады. Жетінші және сегізінші дәуір – ХІ-ХV ғ. аяғы және кітап басуды ойлап шығарған кезден XVII ғ. ортасына дейінгі уақытты қамтыды. Тоғызыншы дәуір (Декарттан Француз республикасы құрылғанға дейін) ақыл-ой азат болған кез. Бұл кезде ұлы революциялардың болуы заңдылық еді (Солтүстік Америкада, Европады).

Кондорсэнің адамзт оныншы, соңғы дәуірге дайындалды. Табиғаттың құпиясы мен заңдарын содан әрі игерумен, ақыл-ойдың салтанат құруымен, ағартудың таралуымен бақытты қоғам құруға барлық жағдай жасалды. Оның басты белгілері болып бейбітшілік, қоғамдық құрылыстың примциптері, сауданың дамуы, адамдар мен халықтар арасындағы теңдік болып саналды.

Мұндай көзқарастар европалық тарихи ой үшін жаңа еді. Ағартушылардың пікіплері қазіргі уақытты түсінуге, өткенге баға беруге мүмкіндік берді. Бірақ прогрестің зайырлы тұжырымдары дәстүрлі христиандық тарихқа сай адамзат мақсатының бағыты ретінде - егер Құдай болмаса, онда ақыл-ойдың салтанаты болатынын айтты.

Сонда тарихты үйрену не береді? Философтар өскенді түсінуге, жеке терминдерімен қоса ертедегі мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіруге тырысқан жоқ. Тарих адамзатты оқытып, ағартуы керек. Кондорсэнің ойынша өткен жолымыз туралы білім адам атаулыға, оның тарихының нәтижесі бойынша болашақ тағдырының шынайы бейнесін елестетуге мүмкіндік береді.

К. Ф. ВОЛЬНЕЙ (1757-1820). Революция барысында тарихи ойдың дамуына әсер еткен Константин Франсуа Шасбефтің (Вольней деп атаған) еңбектері болды. Ол жирондистерге жақын болып, Төтенше кеңестік мүшесі болған. 1791 жылы Вольней "Үйінділер немесе революция империясы туралы ойлар" еңбегін жазып, онда адамзат тарихындағы мемлекеттердің күшеюі мен дамуының жалпы себептерін ашуға тырысады. Тарихи зерттеулерінде Вольтер мен Тюгоның дәстүрін жалғастырды. Ол қоғам туралы ғылым жасамақшы болды.

Тарихты жазу әдісін шеше отырып, Вольней әсіресе универсализм принципін баса көрсетті. Тарих әлемдік тарих, "халықтардың салыстырмалы тарихы" болуы тиіс, ол түрлі халықтардың өткенін салыстыра қарастыруы тиіс деп санады.


Каталог: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет