Лекция: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат


Тақырыбы: Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау



бет7/19
Дата28.04.2016
өлшемі2.88 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Тақырыбы: Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау.



Жоспары:
1.Мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелеу және оқыту.

2.Жаңа идеяларды түрлі тұрғыдан қарау және педагогикалық зерттеудің тәсілдері.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.


Лекция мәтіні:
1.Мұғалімдердің, жаңашыл- педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты.Тәжірибе дегеніміз педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық- педагогикалық іс- әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі.”Тәжірибе” және “практика” ұғымдар ұқсас емес.Практика ұғымының мәні кең, өйткені онда мұғалімнің оқу- тәрбие жұмысының озат, мазмұны тар тіпті теріс тәжірибесі жиналуы мүмкін.Басқа адамның педагогикалық тәжірибесін толық зерттеу оңай шаруа емес.Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын зерттеу,сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме оны зертеудің көзі бола алады. Мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу керек, бірақ оны оқушылармен жұмыс кезінде орынсыз қолдануға болмайды.Оман тек мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыратын зертеушінің жеке дара қасиеттерін есепке алаотырып сүйенуге болады.

Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік-педагогикалық тексеру медикалық- педагогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты.Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады,оқушылар әртүрлі ғылыми мамандар тексеруінен өтеді. Тексеру барысында оқушылардың өмірбаяны, психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, олардың үлгерімі, жеке тұлғалық дамуының генезисі,ауырған аурулардың сипат,олардың туа біткен кемшіліктері, оқушылардың, олардың ата-аналарының денсаулығы, таным процесі барысының ерекшеліутері зерттеледі.

Зерттеушінің кестелер мен оқушыларды тексерудің мазмұндық-мағыналық талдауы негізінде оқушылардың оқу іс-әрекетін орындауының және оқу- тәрбие процесі не бейімделуінің даралық ерекше тәсілдері айқындалады. Тексерудің методикалық-педагогикалық кестелерге талдау жасау оқушылардың ішкі даралық және аралық даралық айырмашылықтарын айқындау үшін жүргізіледі. Оларға қорытынды жасай отырып, нақты бір оқушыларды оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың жолдары мен тәсілдерін ойластыруға көшуге болады.Медикалық-педагогикалық кестедегі белгілі бір концептуалды- әдістемелік үдгі бойынша педагогіка және психология жетістіктеріне сүйкніп жеке тұлғаның әлеуметтендіру мәселесінің жеке дара және ұжымдық шешімін табуна болады. Бұл оқушылардың ресми және бейресми қарым-қатынасы кезіндегі конструктивті және іс жүзінде пайдалы іс-әрекетін ұйымдастырудың интеллектуалды- танымдық және коммуникативті-жекелік аспектілерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеушінің міндеті талдаудың сандық- сапалық тәртіптерін құрастыру.

Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі. Оқушылардың жеке дара іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу, олардың жазбаша,графикалық және басқа да жұмыстарына талдау жасау зерттеушігі оқушылардың мотивтері, іс-әрекет стилі мен олардың орындауындағы жетістіктер туралы,сон дай-ақ сол іс-әрекеттің сыныпта,сыныптан тыс және бос уақытта әр түрлі көрініс табуы туралы Жан-жақты мәлімет береді.

Оқушылардың даралық- психологиялық ерекшеліктеріне, ынта-талаптарына, мақсат- мүдделеріне, бейімдігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынастың анықтауға мүмкіндік береді, жеке тұлғаның танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді.Оқушылардың психологиялық- педагогикалық мінездемелерімен, жеке құжаттарымен, оқушылардың медикалық-педагогикалық тексерулерінің, педагогикалық кеңес мәжілісінің, әдістемлік кеңес хаттамаларымен Тансу, сынып журналдары мен есеп беру құжаттарын зерттеу зерттеушігі оқушылардың оқу- танымдық қызметінің даму деңгейі мен ақыл-ой іс- әрекетінің ерекшеліктері, олардың жұмысқа жарамдылығы туралы пайдалы объективті мәлімет береді, оқушылардың жеке тұлғасының дамуының дәрежесі деңгейі мен құрылысындағы сандық және сапалық өзгерістерін көрсетеді.

2.Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары,Бағдарламалары, оқулықтар, оқу- әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақжоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің , лицейлердің,колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары,сынып журналдары, мұғалімдердің есеп берулеруі, оқушыларды оқыту,тәрбиелеу мен бамытудың мазмұндық компоненттері тікелей басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады.

Зерттеу- белгілі бір мәселені шешудің ақыл-ой, концептуалды- жекелік және практикалық процесі. Слайда бұл мәселені тек эмпирикалық деңгей әдістерін қолдана отырып шешу мүмкін емес. Зерттеуші нақты ғылыми деректерден олардың теориялық қорытындыларына көшуі қажет. Сонда ғана оларды негід деп санап, зерттеу мәселенің теориясын құрастырудағы дәлел ретінде педагогикалық ғылымға енгізуге болады.

Бұл әдіс оқыту мен тәрбие жұмыстарын табысты өткізіп жатқан ЗАТ мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесін үйрену және ЗАТ мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесін үйрену және оны теориялық пайымдауға негізделген. Көп жағдайда мұғалімдер күнделікті сабан тәжірибесімен эмпирикалық түрде маңызды педагогикалық жаңалықтарға жетіп отырады, бірақ олардың бұл пайдалы істері педагогикада танылмай, тиісті зерттеуден тыс, жеке ынталы ұстаздың пайымы ғана болып, көпшілікке жетпей, қалып кете береді.Яғни, жеке мектеп тұрмысындағы педагогикалық практика теориялық ой- пікірі ме, әдістемелік қорытындысына жетпейді.Оқыту- тәрбиелеудің ЗАТ тәдірибесі теориялық пайымдау мен талдауға түссе ғана педагогикалық ғылым жүйесінде орнығуға мүмкіндік алады.

Лекция №10
Тақырыбы: Тәжірибе мен теориялық арасындағы қарама – қайшылық ғылыми проблемалық мәні.
Жоспары:
1.Мәселеде белгіленген қайшылықтардың зерттелу тақырыбында бейнеленуі.

2.Зерттеудің тақырыбы . Мәселенің қысқа, тиімді құрастырылуы . Зерттеудің тақырыбын негіздеу.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

6. Альтшуллер Г.С. Найти идею. Введение в теорию решения и:изобретательских задач. 2 изд. -Новосибирск: Наука. 1991, 224 с.
Лекция мәтіні:
1.Ғылыми журнал мен жинақтардағы жарияланымдар зерттеушінің ғылыми ізденістері, оның ұзақ эксперименттері, қойылған міндеттердің жаңа шешім ізденісі, соны идея табудың логика қорытындысы болып қабылданады. Жарияланымда ғалымның мәселе шешудегі жаңа табыстары сауатты да түсінікті баяндалып, нәтижелері көрсетілуі қөажет. Онда зертеуші өзінің жетістіктерін баяндайды , тәжірибемен бөліседі , қателіктерден сақтандыралды, ғылыми ортада оған абырой жинайды немсе оның жалғандығын әшекерелейді . Жарияланым ғалымның белгілі бір мәселеде табысқа бірінші болып жеткенін тіркейді, оның приоритетін басып көрестеді. Бұған қосатынымыз, мақала өз бетінше зерттеушінің ғылыми қисындылығының өлшемі емес, мақаланыңнегізгі көрсеткіші берілген ақпапраттың сапасы. Сондықтан кейбір мемелекеттерде, мысалға АҚШ – та, ғалымның іс- әрекетінің бағалануы оның мақалалар мен баяндамаларын саны арқылы ғана емес, осы зерттеушіге басқалардың еңбектерінде келтірілген сілтеме жасау жиілігі арқылы есептелінеді. Егер басқа зерттеушілер ғылымның мақаласында берілген мәліметтерге сілтеме жасаса, онда алынған материалдардың құндылығы, нақтылығы, пайдалылығы анық екенін көрестеді. Керісінше, ғалым мақаласына жасалған сілтемелер жоқтың қасы болса, онда жарияланымның сапасы төмен, жаңашылдық деңгейі пәс, тақырыбы жалған, жаңа идея жоқ деп нақты айтуға болады.

Кез келген ғылыми жарияланымда бұған дейін ешкім байқамаған бірегей сонылық нышаны болу керек, мейлі ол кішкене ғана, кезең аралық жетістік болсын, бірақ ол міндетті түрде зерттеушінің дара өзі немесе бір топ ғалымдар тапқан жаңа сипатта көрінуі қажет.

2.Жиі басылатын жарияланымдар арасынан ғылыми мақаланы атауға болады. Бұл шағын ғана, көлемі 5-8 бет машинкамен басылған кезең аралық нәтиже туралы хабарлама. Мақалада міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер болуы керек,себебі ол арқылы бұған дейін не болғанын және автор қандай жаңалық енгізгенін көрсетеді.

Мақала жазудың айтарлықтай қатаң тәртібі жоқ. Әркім өз түсінігінше, мүмкіндігінше жазады. Дегенмен,мақала баянадауының қалыпты бір рет – тәртібі бар екенін есте ұстап, жадыда сақтаған жөн.



  1. Мақаланың аты жарияланым мазмұнын анық көрсетуі керек. Он сөзден артық ұзын ат беруге болмайды. Себебі мұнджай ұзақ сөйлемді оқырман қабылдамайды, тым қысқа, да ат қоюға болмайды, себебі онда мазмұн айқындалмай қалады.

  2. Мақала әдетте алынған нәтижелерді қай салада қолдануға болатынын бірден ашып хабарлайды.

  3. Келесі кезеңде мәсленің қазіргі жағдайын ашады. Қазір мәселе шешкдегі бар тәсілдері немесе құрылғылар туралы ақпарат беріледі, қайсысы теорияда бар немесе жүзеге асты соны ажырата отыру керек . Шешімдерді баяндаған соң, қойылған міндеттерді шешуде олардың жағымды қасиеттері туралы шолу беріліп, осы шешімдерді кейбір жағдайда пайдалануға жол бермейтін кемшіліктерге сынды талдау жүргізіледі.

  4. Мақалада міндет қойылады. Қолдағы бар құралдары мен туындағанмәселені шешу қиын немесе мүмкіндігі жоқ немесе көп қаржы шығыны кезедсетіні және т.б. айқындалады.

  5. Ұсынылып отырған жаңа шешеімге түсіндірме беріледі, оның қолданбалылығы мен өміршеңділігі дәлелденеді.

  6. Егер жаңа құрылғы ұсынлып отырса, оның негізгі бөлшнктері мен қызметтері сипатталады. Егер жаңа технология ұсынылса, оның негізгі кезеңдері қызметтері менолардың бірізділігі беріледі.

  7. Егер қажеті бар болса, негізгі формулалар мен есептемелер клтіріледі.

  8. Мақалада негізгі қорытындылар баяндалады.: негізгі ғылыми жетістік туралы, ұсынылған жаңа идеяның жағымды тиімділігі, оны пайдаланудың негізгі саласы, оның болашақтағы берер пайдасы және келесі зерттеулердің жүргізілетін бағыттары.

  9. Ең соңында пайдаланылған әдебиеттің тізімі басылады.


Лекция № 11
Тақырыбы: Кіріспе. Тілдік афоризмдер эвристикалық (әдіс) ретінде
Жоспары:

1.Эвристикалық модель деген не?

2.Тілдік афоризмдер эвристикалық (әдіс) ретінде
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.


Лекция мәтіні:
1.Қазіргі кезеңде көптеген әлеуметтік-экономикалық процестерді ақпараттандыру проблемасы сол процестерді эвристикалық модельдеу процедурасына келіп тақалады. Өйткені бұл процестерді дифференциал және интеграл теңдеулер арқылы модельдеу мүмкіншілігіне ие бола алмаймыз. Әлеуметтік-экономикалық процестер толығымен үздіксіз процесс болып саналмайды. Сондықтан бұл процестерді үздіксіз функциялар арқылы сипаттау мүмкіншілігі жоқ. Қазіргі жаһандандыру кезеңінде қоғамды ақпараттандыру проблемасын шешуімізге тура келеді. Бұл проблеманы шешу үшін міндетті түрде әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алгоритмдеуімізге тура келеді. Мұндай алгоритмдеу қазіргі кезеңде эвристикалық модельдеу әдістерімен амалға асырылады. Ал эвристикалық модель дегеніміз не? Көп жағдайларда мұндай модельдеу модельденіп жатқан процестердің кездейсоқ шамалармен бақылануы нәтижесінде келіп шығады. Егер эвристика деген сөздің мәнісіне мұқият үңілсек, эвристикалық модельдеу әдісінің қисынын түсіне аламыз.
Ең алғашқы көп тараған эвристикалық әдіс бұл – афоризм. Мағынасы «нақыл сөз». Шығу көздеріне байланысты афоризмдер мақал, мәтел, қанатты сөздер болып бөлінеді.

Мақал – фольклор жанры. Грамматикалық және логикалық аяқталған мағыналы пікірлер.

Мәтел - өмірдің қандай да бір құбылысын анықтайтын сөз орамы.

Қанатты сөздер – ауыз әдебиетіне жататын, дәл айтылатын пікірлер.

2.Бізді тек қана тілдік афоризмдердің эвристикалық қасиеттері қызықтырады. Төмендегілер сияқты:


  • Іс-әрекеттің сипатын белгілеу.

  • Интеллектуалды әрекет ұйымдастыру бойынша кеңес.

  • Ой әрекетінің қозғаушы сипаты.

Сонымен афоризм интеллекттердің күйін, жүріс-тұрысын, мақал,

мәтел, қанатты сөздер арқылы эвристикалық модельдеп береді. Мысал ретінде: «Киімді жаңа кезінен, Намысты жас кезіңнен» сияқты мақалын алайық.

Ол өзіңді жас кезіңде қалай ұстау сипатын белгілеп береді және жастарға ұстаным ретінде қолданылады.

Мақал адамдардың нақты бір жағдайда өзін қалай ұстауын қарастырмайды. Ол әрбір адамның жеке жағдайдағы ойлау құралы. Бірақ ол жету үшін, адам өзі ұстауы үшін қажет болатын мақсатты анықтайды. Сондықтан бұл мақал адамның өзін ұстауының эвристикалық моделі болып саналады. Егер осылай пікір жүргізетін болсақ, афоризм әдісі тіл жүйесіндегі эвристикалық модельдеу ережесі болып саналады.

«Сақтанғанды құдай сақтайды». Бұл мақал адамдарға әрқашан сақ және мұқият болуға кеңес береді. Өзіңді ұстаудың белгілі бір түрін белгілейді.

Кез келген есептің шешімін табатын универсал және қатесі жоқ ережелер жоқ, болмайды да. Бірақта афоризм эвристикалық әдіс болып көп жағдайда өте пайдалы жағдайларда бақылайтын модель болып саналады.

Олардың нақты ережелерден өзгешелігін атап көрсетейік. Мысалы, математикада нақты әдістерді белгілі бір жағдайларда бірден қолдануға болатын болса, ол афоризмдер нақты бір әрекетті орындау үшін алдын ала ой еңбегін керек етеді.

Барлық проблемаларды шешуге болатын ережелерді табу бұл арман, арман күйінше қалады. Сонымен афоризмдер туындайтын көптеген жағдайларда пайдалы болатын ақыл-ой нұсқауы. Соған кейбір мағынады эвристикалық ережелері мен заңдары да болып табылады.

Афоризмдердің кемшілігі – олар дұрыс және жүйелі ғылыми жүйе болып табылмайды.

Есепті шешу кезеңдерін бейнелейтін мақалдар жүйесін қарастырайық:

1).«Дұрыс түсінбеген, дұрыс жауап бермейді». Есепті шешуден алдын оны түсініп, мақсатты анықтап алу керек.

2).«Ақымақ істің басын ойласа,

Ақылды соңын ойлайды». Егер ақырғы мақсат анық болмаса, мәселені шешуде жаңылысып кету түк емес.

3).«Ықылас бар жерде жол табылады». Есепті шешу үшін ықылас, ынта керек.

4).«Ынта – сәттілік көзі». Есепті шешудің басты факторларының бірі – жақсы идеялар іздеудегі табандылық.

5).«Ақылдылар шешімін өзгертеді, ал ақымақтар өзгертпейді».

6).«Ақылды кездейсоқ жағдайды сәттілікке айналдырады». Алынған нәтижеге қайта оралу жұмыстың маңызды деңгейін қайтадан ойланбаған адам дұрыс ойлай алмайды. Екінші ойлар ең жақсылары.

Келтірілген жүйе есептерді шешудің барлық кезеңдерін анықтай алмайды. Есепті шешудің жүйелігін және нәзік жақтары методикалық деңгейде мәселенің спецификалық ерекшеліктерін есепке алып жасауы мүмкін. Адамдардың өндірісте, жанұяда, кәсіпкерлікте т.б. жерлерде өзін қалай ұстауды реттейтін эвристикалық іздеудің жүйелері жасалған жүйкелердің ішіндегі дұрыстауы, сенімділеуі нақты мысалда қарастырылған, афоризм түрінде құрылған жеке тұлғаның өзін-өзі ұстауының психологиялық заңдылықтары негізінде алынған жүйелер.

Үлкен ғалымдардың, ойшылдардың, жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің пікірлері қызығушылық тудырады. Олардың пікірлерінде ғылым, ғылыми қызмет туралы жан-жақты айтылады. Бұл пікірлер түрлі кітаптарда, газеттерде, журналдарда жарияланғандықтан оларды пайдаланушылар жүйелі түрде пайдалана алмайды. Бұл пікірлер адамның іс-әрекетінің ғылыми танымдық және зерттеушілік деген маңызды түрлерін қарастырады. Мысалы: «Ғылым дегеніміз жүйелі білім» (Л.С.Берг)

«Білім болжамнан әрқашанда жоғары тұрады». (А.Гумбольд).

Мұндай пікірлер ғылыми және техникалық есептерді шешуде ойлау процесін ұйымдастыруда көмектесетін эвристикалық іздеудің нақты әдістерін құруда өте қажет.


Лекция№ 12
Тақырыбы: Жоғары бағалау ережелері. (Правила предпочтение)
Жоспары:

1.1-4 ереже.

2.5-8 ереже.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.


Лекция мәтіні:
Жоғары бағалау ережелері альтернативті (баламалы, ұқсас) іздеу жағдайында мүмкін әрекеттің бірін таңдауға эвристикалық ұсыныс береді. Эвристикалық ұсыныстарды рационалды және тиімді пайдаланудың негізгі факторы болып таңдаудың түрлі тең жағдайларында интеллектуалды әрекетті реттеу табылады.

Өткен тақырыпта афоризмдерді эвристикалық әдіс ретінде қарастырдық. Олардың бір бөлегі жоғары бағалау ережелеріне жатады және эвристикалық іздеу негізінде нақты жағдайда жоғары бағаланған әрекеттерді таңдауды реттейді. Есепті шешу кезінде интеллектуалды әрекеттерді реттеуі мүмкін жоғары бағалау ережелерінің жүйесін келтірейік:



1-ереже – жеңіл қиыннан гөрі жоғары бағалы (жеңілден қиынға қарай).

2-ереже – таныс ережеден бастап, таныс емес ережеге өту.

3-ереже – қаралып жатқан мәселемен байланысы көп болған обьект байланысы аз болған обьекттен жоғары бағалы.

4-ереже – бүтін бүтіннің бір бөлігіне қарағанда жоғары бағалы. Есепті шешуге кіріскенде маңызды емес бөліктерді үйренуге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Олардың есепті шешу идеясы болмайды. Есепті үйренуді оны біртұтас деп қарастырудан бастау керек. Кейіндеу есептің бөліктеріне тоқталуға тура келеді, бірақ оларды алдымен мәні бойынша жіктеп алу керек. Белгілі бір анықтыққа жеткенше үйренілетін есептің басты элементтеріне көбірек назар аудару керек.

5-ереже – есептің басты компаненттері басқа бөліктеріне қарағанда жоғары бағалы. Есепті үйренуді белгілі бір ақпараттармен қамтамасыз ететін басты компаненттер формалардан, құрылымдардан, мазмұнынан бастау керек. Құрылымын қарастыруы керек есептің құрылымдық байланысының ерекшеліктерін анықтау керек, мазмұнын және оның басқы компанентте байланысын зерттеу керек.

Есептегі берілген ақпарат есепті шешу үшін барлық уақытта жеткілікті бола бермейді. Есепте кездесетін элементтердің анықтамаларын пайдалануға тура келеді. Бұл анықтамаларды өз кезегінде анықталатын басқа да ұғымдар болады. Осылайша есептің бөліктері, оның элементтері бір-біріне бағынышты болады және бірінің ішіне бірі енгізілген болады.



6-ереже – жақын тұрған ақпарат алыста тұрған ақпараттан жоғары бағалы. Есепті шешу үшін сыртқы қосымша ақпараттарды жинай отырып біз алдымен берілген есептегі обьект негізінде өз білімімізді және тәжірибемізді жіктейміз.

7-ереже – белгісіздері берілген есептің белгісіздерімен бірдей бұрын шешілген есептер басқа бұрын шешілген есептерден жоғары бағалы. Егер бұл ережені қолдану бізді қанағаттандырмаса бұрын шешілген есептердің кеңейтілген жиынына өтуімізге болады.

8-ереже – белгісіздері берілген есептің белгісіздеріне ұқсас бұрын шешілген есептер басқа бұрын шешілген есептерден жоғары бағалы. Қарастырылған жоғары бағалаудың жалпы ережелері эвристикалық іздеуде әрекетті реттеуге көмектесетін жүйені ұйымдастырудың мысалы болып табылады. Есепеті шешуші адамның жұмыс стилі өзі таңдаған жоғары бағалау жүйесіне негізделеді. Бұған тұлғаның психикасы және тәжірибесі де әсер етеді. Педагог шәкірттерінің жоғары бағалау ережелерін пайдаланудағы әрекетін басқаруы керек. Мұнда негізінен мынадай сұрақтар қойылуы мүмкін:

Неге бұл әрекетті басқасынан жоғары бағаладың?

Керекті ережені таңдау жеке тұлға үшін эвристикалық әрекет болып саналады. Мұндай әрекеттің өзіне тиісті жағдайлары бар. Осы жағдайларды үйрену, формаль түрде көрнекілеу эвристикалық модельдеудің негізі болып саналады. Сәйкес келетін жоғары бағалау ережелерін таңдауды ойлаудың өздігінен реттелу деп атауға болады. Өздігінен реттелу процесі қазіргі уақытта ойлауды зерттеуде басты орында тұрады. Өздігінен реттелудің кез келген процесінің жалпы принципі болуы кері байланыс принципі табылады.

Ақпараттың тұйық дөңгелекте бір бағытта айналыс жасауы жүйенің «кірісінде» және «шығысында» ақпаратты салыстыруға және осы негізде оның әрекетін түзетуге мүмкіндік жасайды.

Өздігінен реттелудің бар болуы қарастырылатын жүйе ортамен біргелікте ақпарат ағымы екі бағытты циклді болатын кеңейтілген жүйе құрайды. Ақпараттың циклдік ағымын реттеудегі маңызды рольді негізгі жүйе іске асырады. Ал бұл кезде ақпараттың көзі ретінде орта саналады. Өздігінен реттелу ұғымын оның жай формуласымен теңестіруге болмайды. Өйткені бұл ұғымды ойлауға қолдануға болмайды. Өздігінен реттелудің тұрақталушы жүйесі ойлау процесін басқара алмайды. Егер ой ақпараттың әрбір жаңа бір бөлігінде бастапқы нүктеге қайтып келетін болса, есепті шешу мәселесі орнынан қозғалмайды.

Ойлаудың өздігінен реттелуі - өздігінен ұйымдасу немесе өздігінен үйрену. Өздігінен ұйымдасу да кең мағынада қарастырылатын жүйенің ортамен өзара әрекеттену процесінде кейбір құрылымы мен функцияларының өзгеруі ретінде анықтауға болады. Басқаша айтқанда да жүйе жұмысын жақсартуы, реттеуі үшін ортамен тығыз және бір мәнді қатынаста болу керек.




Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет