Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Қорытынды бақылау: емтихан Жетісай-2006 ж


Жоспар: 1. Синонимдердің сөйлем құрудағы қызметі . 2. Синонимдік қатардың қолдану орны. 3. Стиль және синонимдік қатар



бет10/14
Дата25.04.2016
өлшемі1.33 Mb.
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Жоспар:
1. Синонимдердің сөйлем құрудағы қызметі .
2. Синонимдік қатардың қолдану орны.
3. Стиль және синонимдік қатар.


Сабақтың мақсаты: студенттерге синонимдік қатардың стильдік өзгешеліктерін түсіндіру.
Синонимдердің бұл ерекшеліктері әр түрлі жолмен беріледі. Олар әдеби, сөйлеу тілдерінің ерекшеліктерімен де, лексиканың әр алуан түрлеріменде берілуі мүмкін. Алайда топтаған синоним сөздерді анықтайтын ол синонимдердің нақтылы тіркесуі мен олардың стилистикада практикалық қолданылуы болып есептеледі.
Мысалы, ақ, боз, шаңқан деген сөздер, негізінде, бір – біріне синоним, бірақ оларды практикада қолданғанда сөз мағыналары стильдік жағыныан түрленеді: ақ үй, боз үй, шаңқан үй.
Ал анықтауыш сөзді ауыстырса - ақ болғаны анықтауыш сөз синоним бола алмай қалады.
Мысалы, боз ат деп айтуға болса да, ақ ат, шаңқан ат деуге болмайды. Бұл сияқты синонимдерді қолдану, біріншіден халықтың сөйлеу практикасында қалыптасып, белгілі бір заңдылық пайда болған. Екіншіден, айқын, ашық сияқты синонимдердің мағынасы бірдей емес.
Бұл синонимдер дерексіз ұғымдар жөнінде айтылғанда, бірінің орнына біері қолданыла береді, ал заттық, құбылыстық ұғымдармен байланыса келгенде, бірі шеттеп шығып қалып отырады. Айталық, бүгін күн ашық, бүгін күн ашық, ол ашық айтты, ол айқын айтты. Мұнда ашық, айқын, айық деген сөздер синоним болып тұр.
Ал есік ашық, шкаф ашық дегендерде ашық сөзін айқын сөзімен ауыстыруға болмайды.
Бұл – сөз анықтауышы күйде тұрғанда, ешқандай мағыналық реңктерді керек етті, ойды тура, дәл білдіретіндіктен барып туады.
Үшіншіден кейде қай синонимдер болсын қолданылуында сөздердің сөздік мағынасы ерекше роль атқарады, өйткені бір сөздің көп жағдайда түрлі түрлі мағынаға ие болатыны бізге бұрыннан мәлім. Бұл синонимдер тобына кіргенде, оның бұл жағдайда қай мағынада қолданылып отырғанын білу керек.
Мысалы, шет, жиек, жаға (өзеннің) сөздері бір – біріне синонимдер. Көлдің жағасы, теңіздің шеті, көлдің жиегі т.б. үнемі біріне бірі синоним болып келе бермейді.
өйткені олар нақты стильдік қажеттілік туғанда, белгілі топтағы ұғымды білдіру үшін ғана қолданылады.
Мәселен, Алматының жиегі демейміз, өйткені қазақ тіліндегі жиек сөзі жалпы заттардың емес, нақты зат жазық болса ғана ортадан шетке қарай айтылғанда қолданылады. Арнасы бар заттарға жиек сөзі қолданылады. Ол көл, өзен, теңіз сияқты атаулармен тіркесе алады.
Бұлар, әрине, біріншіден, тарихи дәстүрмен тығыз байланысты екенін аңғартса, екіншіден, қолдану мүмкіншілігінің шекті екенін көрсетеді. Бұл шектілік стильмен тікелей байланысты. өйткені синонимдік қатар дегендер нақты (конкрет) қолданылу мүмкіншілігіне қарай, тарамдалып, бір қарағайдың діңінен өскен бұтақ сияқты тарақтала береді.
Синонимдердің ғылымның әр түрлі салаларында, техникада, ал әсірелеп, бейнелеп қолданылуы әдебиет пен өнерде болады.
Көркем әдебиетіне, әсіресе поэзияда, синонимиканың маңызы зор, сондықтан мұнда көркем әдебиетінің түрлі жанрын білдіретін әр текті сөздер кездеседі. Егер іс қағаздарында, көбінесе, құрғақ стандарттық стиль қолданылатын болса, көркем әдебиетке көтеріңкі, эмоциялық мәні бар стиль тән. Мысалы, тоты құс түсті көбелек деп қана айтпай, оны бейнелеп, әсірелеп айтып тұр.
Кейде жайшылықта айтуға мүмкін емессөз тіркестері поэзияда құлпырып кетеді. Асау жүрек аяғын шамыс басқан деген тіркес дағдылы қазақ тілінде қолданылмайды, ал поэзияда жиі кездеседі.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі , А.,1975, 43 бет.

  2. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері,А., 1988, 106 бет.

  3. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы.А., 1997, 75 бет.

  4. Қазіргі қазақ тілі ,А., 1954, 26 бет

Лекция №12.

Сөздердің метафоралық қолданылуы.




Жоспар:
1. Сөздердің адам өміріндегі қызметі.
2. Сөздердің жұмсалу түрлері.
3. Метафоралық түрде қолдану ерекшеліктері.


Сабақтың мақсаты: студенттерге сөздердің метафоралық қолданылуын түсіндіру.
Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы әр түрлі мағынада қолданылуы бірде метафора мен метонимия тәсілі арқылы болса, бірде қызметбірлігімен синекдоха тәсілдері арқылы болады.
Метафора тәсілі арқылы атаудың (наименование) ауысуы белгіленетін заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді.
Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора делінеді. Мысалы, орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі (А.) деген сөйлемдегі кілт сөзі “ашатын құрал” емес (бұл – оның негізгі мағынасы), “шешуші” деген мағынаны білдіреді.
Бұл мағына - кілт сөзінің номинативті мағынасы (“ашатын құрал”) негізінде жасалған туынды мағына. Мәселенің кілті деген сөз тіркесіндегі кілт сөзінің мағынасы да осы аталған мағынамен барабар (“шешуші” дегенді білдіреді). Метафора тілдердің бәрінде де бар құбылыс.
Метафоралық қолданыста сөздің лексикалық не ауыс мағынасы жойылып кетпейді. Олардың әр қайсысы өз алдына қолданылып жүре береді, сондықтан көз деген сөзді метафора етіп қолданғанда, оның бұрынғы мағынасы жойылып кетеді екен деп түсінбеу керек. Метафора көбінесе контекстік мағынада қолданылады: адамның беті – таудың беті, адамның көзі – иненің көзі, қарауыл - мылтықтың қарауылы, есіктің кілті – мәселенің кілті т.б. келтірілген мысалдарда көз, бет, кілт, қарауыл сөздері метафоралық мағынада қолданылған.
Кейбір сөздердің метафоралық мағыналары кейде сөздердің тұрақты және өз алдына жеке мағынасына айналып кетеді де, лексиканың омонимдік қатарларын құрайды. Мысалы қабырға – үйдің қабырғасы, төбе (биік жер) – үйдің төбесі т.б.
Сөздердің лингвистикадағы метафоралық қолданылуы мен көркем әдебиеттегі метафоралық қолданылуының арасында айырмашылық бар. Көркем әдебиетте, көбінесе, әр түрлі болмашы мәнді метафоралар қолданыла береді. Лингвистикада шек сөз мағыналары әбден ауысқан жағдайда ғана қолданылады. Қырғыз тілімен қазақ тілінде бел анатомиялық атау ғана емес, сонымен бірге асу (арқа, жон), таяныш, сүйеніш деген мағыналарыда қолданылады. Бел - таудың кез келген тұсы емес, оның арғы бетіне асып түсуге, өтуге қолайлы, анатомиялық белге ұқсас тұсы.
Бұл сөздің “таяныш, сүйеніш” деген мағынасы “адам денесінің жоғарағы бөлігі тірелетін таяныш” мағынасындағы анатомиялық “белмен” ассоциация жасаудан туған.
Түрік тілінде ачар сөзі:

1) кілт,
2) аппетит ашатын дәрі;

қарынжа сөзі:



1) құмырсқа,
2)темірдегі тоттың ізі;

қалп сөзі:



1) жүрек,
2)орта, орталық деген мағыналарды білдіреді.

Аталған сөздердің ауыспалы мағыналары метафора тәсілінің негізінде пайда болған.


Тіл – тілде сөз мағыналарының ауысу тәсілдерінің ішінде өте жиі кездесетіні және ең бастысы – метафора тәсілі.
Метафора құбылысының сөздің мағынасынан орын тепкені және әбден үйреншікті болып кеткені соншалық, метафораның негізінде туған қосымша мағынаның көп жағдайда туынды, келтірінді мағына екені бірден аңғарыла бермейді. Метафораның негізінде туған келтірінді мағына, әдетте, сөздің туынды мағынасы ретінде қалыптасып орнығып кетеді.
Мұндайда метафораның негізінде туған мағына сөздің сөздіктегі мағыналық мазмұнына еніп, оның туынды мағыналарының бірі ретінде қаралады.
Мысалы, істің төркіні, мәселенің төркіні дегендегі төркін сөзін қыздың төркіні дегендегі төркін сөзімен салыстырсақ, соңғы мысалда бұл сөз “қыздың ата – анасы, туған - туыстары” деген мағынаны білдіреді де, алдыңғы мысалдарда “түп негізі, тегі, сыры, мәнісі” дегенді білдіреді.
Сонда бұл мағына (“түп негізі, тегі, төркін”) сөзінің негізгі мағынасымен іштей байланысты туған қосымша туынды мағына болып саналады да, осы сөздің қалыптасқан, орнықты лексикалық мағыналарының бірі ретінде ұғынылады.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі , А.,1975, 43 бет.

  2. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері,А., 1988, 106 бет.

  3. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы.А., 1997, 75 бет.

  4. Қазіргі қазақ тілі ,А., 1954, 26 бет

Лекция №13.

Метонимия және оның қызметі.





Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет