Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Қорытынды бақылау: емтихан Жетісай-2006 ж


Жоспар: 1. Сөз мағынасының түрлері. 2. Қазақ тілінде сөз қолдану тәсілдері. 3. Сөз қолданудың метонимиялық тәсілі



бет11/14
Дата25.04.2016
өлшемі1.33 Mb.
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Жоспар:
1. Сөз мағынасының түрлері.
2. Қазақ тілінде сөз қолдану тәсілдері.
3. Сөз қолданудың метонимиялық тәсілі .


Сабақтың мақсаты: студенттерге сөз қолданудың метонимиялық тәсілін үйрету.
Сөз мағынасының өзгеріп, қосымша мағынаға ие болуына оның тұрақты сөз тіркестерінде немесе сөйлемде қолданылуы әсер етуі мүмкін. Сөз тұрақты сөз тіпкестерінің құрамында қолданылу ыңғайына қарай фразеологиялық байлаулы мағынаға ие болса, сөйлемде қолданылу, ыңғайына қарай кейде грамматикалық байлаулы мағынаға немесе синтаксистік шарты мағынаға ие бола алады.
Мысалы, жел деген сөздің “ауаның ағымы” деген мағынасы – бастапқы, негізгі мағына да, “бос” деген мағынасы – туынды, фразеологиялық мағына. Бұл соңғы мағына оның “жел сөз” деген тұрақты тіркесте қолданылу ыңғайына қарай пайда болған қосалқы мағынасы болып саналады. Мұнымен бірге сөз сөйлемде белгілі бір қызмет атқаруына, қолдану ерекшелігіне байланысты үстеме мағынаға ие болуы мүмкін.
Метонимия грек тілінен қазақ тіліне аударғанда “атын өзгерту, қайта ат қою” деген мағынаны білдіреді. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың (заттардың немесе құбылыстардың) өзара іргелесеігі негізінде атау болып ауысуы және осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы метонимия деп аталады.
Мысалы, үйі мәз боп, қой сойды, сүйіншіге шапқанға (А) деген сөйлемдегі үйі деген сөз өзінің негізгі мағынасы – “баспана” дегнді емес, “бір үйдің адамдары, үй – іші, семья” дегенді білдірсе, Дәрі қосқан аяқты ішкенен соң, әзім барып жығылды шалқасынан (А) деген сөйлемде аяқ сөзі “ыдыс” дегенді емес, “сусын, сұйық” деген мағынаны білдіреді.
Егер таза класс дегенмен тәртіпті класс деген сөз тіркестерін бір – бірімен салыстырсақ, соңғы сөз тіркесіндегі “класс” сөзінің “бір класта оқитын оқушылар” дегенді білдіретіні бірден аңғарылады. Сондай – ақ, орыс тіліндегі светлая аудитория – способная аудитория деген сөз тіркестерін салыстыру арқылы соңғы тіркестегі аудитория сөзінің “бір аудиторияда отырған адамдар” дегенді аңғартатынын байқаймыз.
Орыс тіліндегі бумага қазақ тіліндегі қағаз сөздері жазу жазылмайтын материал дегенмен бірге, “документ” дегенді де білдіреді. Ал дастарқанды мақтан ету дегендегі дастарқан сөзінің мағынасы “столға жабылған шүберек” емес , оның үстіндегі тағам молдығы. Осы тәріздес, орыс тілінде стол сөзі “мебель” дегенді ғана емес,“тамақ”дегенді де білдіреді. (“богатый стол”).
Кейбір ғалымдар орыс тіліндегі присм, выбор, перевод, набор тәрізді зат есімдерді (етістіктен жасалған) іс процесімен қорытындының іргелестігі, шектестігінің негізінде пайда болған деп бұларды да метонимияның бір түріне жатқызады.
Мұндай мысалдарды қазақ тілінен де кездестіруге болады:

1. Көрменгенге көсеу таң (мақал).
2. Бел шойырылып, бүйірге шаншу тиіп, ұйықтатты ма, аяғым, жатқанымда (С.Т) деген сөйлемдердегі көсеу,шаншу деген сөздер - іс - әрекеттің , қимылдың атаулары емес, заттардың атаулары.

Бұлар іс - әрекет, қимыл атауларынан (етістіктен) зат атаулары (зат есімдер) болып қалыптасқан.


Кейбір заттар мен бұйымдаралғаш рет қай жерде өндірілсе, сол жердің атымен аталған. Бұл ретте кейбір матадлардың аттарын мысалға келтіруге болады. Кашемир
Индиядағы қаланың атына байланысты аталса, тюль Орталық Франциядағы Туль деген қаланың атынан қойылған.
Бірсыпыра заттардың кісі аттарымен байланысты аталу құбылысы кездеседі. Мысалы киімнің Макинтош деген аты да киімнің осы түрін шығарған кісінің атынан алынған.
Бір сөздің орнына екінші сөздің ауыс қолданылуынан шығатын іргелес ұғым метонимия деп аталады.
Мысалы ол екі кесе ішті, мен бір – ақ кесе іштім. Бұл сөйлемде кесе деген сөз оның ішіне құйылған сұйық затты білдіріп тұр.
Адам ешқашан кесені ішпейді, ішіндегісін ішеді, сондықтан тыңдаушы айтушының сөзінің кем – кетігіне қарамай, тура түсінеді. Яғни кесенің ішіндегі сұйық затты ішкенін түсінеді. Бұл сияқты жағдайлар, әсіресе сөйлеу тілінде жиі кездеседі. Немене?
Байсалдың дауын айтар тіл, жақ жоқ деп пе едің? (М.ә). Ақпа құлаққа айтсаң ағып кетеді, құйма құлаққа айтсаң, құйып алар (мақал).сөйлемдердегі асты сызылған сөздер метонимияның бір түрі. Метонимияның дамыған, қалыптасқан тағы бір түрі бар. Бұл көбінесе көркем әдебиетте кездеседі. Мысалы, ант ұрған адам деудің орнына ант дейді. Еңбегі жоқ еркесіп, Бір шолақпен серкесіп, “Пысық” деген ант шықты (А).
Қолданылатын әдебиеттер:

  1. І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі , А.,1975, 43 бет.

  2. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері,А., 1988, 106 бет.

  3. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы.А., 1997, 75 бет.

  4. Қазіргі қазақ тілі ,А., 1954, 26 бет

Лекция №14.

Қазақ тіліндегі синекдоха.




Жоспар:
1. Сөз қолданудың түрлі тәсілдері.
2. Сөз қолданудың синекдохалық тәсілдері.
3. Синекдохалық тәсіл мен метонимиялық тәсілдің бір – біріне байланысы.


Сабақтың мақсаты: студенттерге сөз қолданудың синекдохалық тәсілін меңгерту. Қай тілде болмасын қоғамның дамуы, өмірдің өзгеруіне байланысты сөз мағыналарының өзгеріп отыратыны дау тудырмайды. Сөз мағыналарының ауысу тәсілдерінің ішінде жиі кездесетіні метафоралық тәсіл деп айтылып жүр.
Бұлау деу – сөз мағыналарының ауысу тәсілі тек қана метафораоық тәсіл деген ойды тудырмасқа керек. Тжалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек немесе керісінше қолданылатын стилистикалық тәсілмен жажңа мағына жасау жолы синекдоха деп аталады.
Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны (дараны), үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха делініп жүр. Синекдоха грек тілінен қазақшаға аударғанда: “бірге жобалап түсіну” деген мағынаны білдіреді.
Егер бүтіннің орнына бөлшек, жалпының орнына жалқы қолданылатын болса, онда сөз мағлынасы бұрынғыдан кеңиді. Мысалы, кейде, отбасыңда неше адам бар? – деудің орнына – басың нешеу? – дейміз.
Бұл арада бас сөзі бөлшек ретінде (адамның дене мүшесі) бүтіннің орнына (адам) қолданылып тұр. Кейде мал дегеннің орнына тұяқ (бөлшек ретінде)сөзі қолданылады. Мысалы: төрт – бес тұяғымыз бар дегендегі тұяқ сөзі малдың тұяғы емес, яғни малдың тұяғы деген тіркестегі өзінің негізгі мағынасынан алшақтап, басқа бір мағынаны – “мал” дегенді білдіріп тұр.
Квас деген сөз алғашында жаллпы ашытылған азжық – түлік дегенді білдіріп, кең мағынада қолданылса, қазірде синекдоха тәсілі бойынша мағынасы тарылып, “сусынның арнаулы бір түрін” ғана білдіреді. Орыс тіліндегі “борода” – “сақал” дегенді ғана білдірмейді, сонымен бірге кейде “сақалды адам” деген мағынада да қолданылады. Мысалы, - Эй борода! А как проехать отсюда к Пушщкину? (Н.В.Гоголь “Мертвые души”).
Мына бір сөйлемдердегі қол, үкі деген сөздердің мағыналары синекдохаға мысал бола алады: Артымыздан келіп қол жетті, Аз жетпеді, мол жетті (Махамбет)деген сөйлемдегі қол сөзі “әскер” деген мағынаны білдірсе, (мұнда бүтіннің орнына бөлшек жұмсалған), Бұлаңдап үкі тағынып, бұралып ән шырқап жүр (М.ә) деген сөйлемдегі үкі сөзі “қауырсын, қанат” дегенді білдіріп тұр (Мұнда бүтін бөлшектің орнына қолданылған).
Жүз бас қой, жжиырма бес тұяқ ірі қара мал. Бас, тұяқ деген сөздердене мүшелерінің атауы, бүтіннің бөлшегі бола тұра бүтінді білдіреді. Яғни қой қой және қара малды білдіреді. Осында ескерте кететін жай мынау: қазақта жүз бас қой деп айту орыс тілінен тікелдей, жауапсыз аударылған болып есептеледі. өйткені қазақ жүз бас қой деп ешқашан айтпайды, себебі жүз қой деп айту әрі сауатты, әрі дәстүрлі, өйткені қой болған соң оның басы болатыны айдан – анық.
Синекдоха қазақтың мақал – мәтелдерінде көп кездеседі. Мысалы, Көп қорқытады, терең батырады деген мақалдағы көп сөзі халық мағынасында жұмсалып тұр. Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас (мақал) деген мақалдағы жалғыз, жаяу деген сөздер адамды білдіреді.
Қазіргі тілімізде синекдоха болатын неологизмдер де жиі кездеседі. Қазіргі күнде колхоздың бәрі моторлы. Бұл сөйлемдегі мотор сөзінен ауыл шаруашылығындағы техниканы түсінеміз.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі , А.,1975, 43 бет.

  2. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері,А., 1988, 106 бет.

  3. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы.А., 1997, 75 бет.

  4. Қазіргі қазақ тілі ,А., 1954, 26 бет

Лекция №15.

Қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмдер.





Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет