Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Қорытынды бақылау: емтихан Жетісай-2006 ж



бет2/14
Дата25.04.2016
өлшемі1.33 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14



  1. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:


Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі кажет.

Семинарстудент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой-әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді сеңгеруі керек.

СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы. Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.



  1. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР:




  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау және ұялы телефонды өшіріп қоюы керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастанған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті

«Филология-тарих” факультеті


“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы

“Қазіргі қазақ тілі (лексика)” пәні бойынша

050117 “Қазақ тілі мен әдебиеті”

мамандығының студенттері үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



С И Л Л А Б У С
Кредит № 1
Оқу түрі: күндізгі

Курс: 2, 3 - семестр

Лекция: 15 сағат

СӨЖ: 15 сағат

ОБСӨЖ: 15 сағат

Барлық сағат саны: 45 сағат

Қорытынды бақылау: емтихан

Жетісай-2006 ж



  1. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ КРЕДИТКЕ СӘЙКЕС ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ



Лекция тақырыбы

Лекция

СӨЖ

ОБСӨЖ

1


Лексика туралы жалпы түсінік.

1

1

1

2


Сөз және оның белгілері.

1

1

1

3


Сөздің түрлері мен нұсқалары.

1

1

1

4


Сөздің пайда болуы.

1

1

1

5


Сөз – лексикалық бірлік.

1

1

1

6


Сөз және дыбыс.

1

1

1

7


Сөз бен дыбысталу.

1

1

1

8


Ұғым және сөз.

1

1

1

9


Мағына және сөз.

1

1

1

10


Этимология және оның зерттеу нысаны.

1

1

1

11


Этимология және әдет-ғұрып

1

1

1

12


Этимология және әдет-ғұрып

1

1

1

13


Семасиологияның негізгі заңдары.

1

1

1

14


Сөздің тура мағынасы.

1

1

1

15


Сөздің ауыспалы мағынасы.

1

1

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


“Сырдария” университеті




«Филология-тарих” факультеті

“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы

“Қазіргі қазақ тілі (лексика)” пәні бойынша

050117 “Қазақ тілі мен әдебиеті”

мамандығының студенттері үшін

ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай-2006 ж


  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


Лекция №1.

Тақырыбы: Лексика туралы жалпы түсінік.

Жоспары:

  1. Лексика сөзінің мағынасы.

  2. Лексика - тіл білімінің бір тарауы.

  3. Лексиканың дамуы.


Сабақтың мақсаты: студенттерге лексиканың табиғатын түсіндіру.

Лексика дүние жүзіндегі елдердің көпшілігінде қолданылып келеді. “Лексика” деген сөз көне грек тілінен алынған, “сөз”, “сөздік” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. Аталған термин бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, тілдің говорлары мен диалектілері де кіреді. Аталған терминнің мағынасы түрліше болып келеді. Бұл термин кейде жазушының немесе жеке шығарманың тілі, ғылымының бір саласынының тілі деген мағынада да қолданылады. Мұның сөздік құрам деген ұғымның мағынасына жақын болуымен қатар, одан гөрі өзгешерек, өзіне тиісті ерекшелігі де бар. Себебі лексика сөздік құрам мен негізгі сөздік қорды толығымен қамтиды, бірақ олардың арасындағы айырмашылықтарын ажыратпайды.

Лексиканың құрамына енген сөздерді тексеретін лексикология, сөздердің мағыналарын тексеретін – семасиология, сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде қарастыратын – лексикография тіл ғылымының лексиканы тексеретін тараулары болып есептеледі. Жоғарыдағы айтқандармен бірге лексика грамматиканың объектісі, негізгі базасы болып табылады. Сөз лексикологияда лексикалық бірлік (единица) ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардың (сөздердің) жиынтығынан тілдің сөз – тілдің сөздік құрамындағы сөздер қаншама көп және алуан түрлі болғанмен, олар бір-бірімен байланысты, өзара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Грамматиканың, тілдің басқа салаларына қарағанда, лексика дамуға бейім болады. Лексикологияда тілдің сөздік құрамы лексикалық жүйесінің элементі ретінде қарастырылады.

Қатынас құралы ретіндегі тілдің сөздік құрамына және лексикалық единица ретіндегі сөздің табиғатына қатысты жалпы лингвистикалық проблемалар (көкейтесті) бар. Грамматикалық категорияларды, сөздің грамматикалық өзгерістерін, түрленуін, бір сөз бен екінші сөздің байланысын – оның негізгі объектісі (нысаны) болатын – сөзден бөліп қарауға болмайды. Морфология саласындағы сөз таптарын (зат есім, сынесім, септік жалғаулары, көптік жалғаулары) сөзден бөліп қарауға мүлде болмайды. Олардың мағыналық түрлерін сөзсіз түсіну немесе түсіндіру мүмкін емес.

Қатынас құралы ретіндегі тілдің сөздік құрамына және лексикалық единица ретіндегі сөздің табиғатына қатысты жалпы нақты бір тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда қарастырылады. Жалпы лексикология мен жалқы лексикология бір-бірімен тығыз байланысты болады. Мұның себебі: қоғамдық құбылыс ретіндегі жалпы адам баласының тілін сипаттайтын жалпы заңдылықтар жеке, нақтылы тілге де тән болады. Қоғам дамуының барысында жаңа сөздердің жасалып, тілдің сөздік құрамының толығуы, дамуы, кейбір ескірген сөздердің одан шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы – тіл атаулыға тән жалпы заңдылық. Сондай-ақ тілдің даму барысында сөз мағынасының өзгеруі, көп мағыналы сөздердің жасалуы және синонимдік қатарлардың пайда болуы – осылардың бәрі тілдердің барлығында да бар. Сөз тудырудың бір тәсілі – сөздерді біріктіру тәсілі. Сөз тудырудың біріктіру тәсілі әр түрлі тілдерде түрліше дәрежеде көрінуі мүмкін және әрекет етуі мүмкін. Бұл тәсіл, басқа тілдерге қарағанда, көбінесе неміс тіліне тән және неміс тілі үшін ең өнімді тәсіл болып есептеледі. Сол себепті неміс тілінде біріккен сөздер өте көп. Сөздердің қосарлану тәсілі түрлі тілдерде бар, әсіресе ол түркі тілдеріне тән. Осыған байланысты, басқа тілдерге қарағанда, қос сөздер түркі тілдерінің лексикасында молынан кездеседі. Омонимдер және олардың фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде, түбірге омонимдес аффикстердің жалғануы немесе сөздің сематикалық дамуы нәтижесінде жасалуы түркі тілдерде кездесе береді. Аталған тәсілдердің ішінде аффикстердің жалғануы арқылы туынды омонимдердің жасалуы әсіресе, орыс тілінде түбір омонимдерге қарағанда, туынды омонимдер анағұрлым жиі кездеседі.
Пайдалануға тиісті әдебиеттер:


  1. І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі, А., 1975, 6-бет.

  2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, А., 1966, 136-бет

  3. К.Аханов. Тіл білімінің негіздері, А., 1988, 76-бет

  4. Ә.Болғанбаевғ Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, А., 1997, 68-бет.


Лекция №2.

Тақырыбы: Сөз және оның белгілері.

Жоспары:

  1. Сөз туралы түсінік.

  2. Сөз – күрделі единица (бірлік)

  3. Сөздің өзіне тән ерекшеліктері.

Сөздің күрделі табиғатын ашып айқындау үшін, алдымен оның дыбыстық жағы мен мағыналық жағының ара қатысын және сөздің мағынасы мен ол арқылы білдірілетін ұғымның ара қатысын айқындап алған жөн. Сөз дегеніміз – белгілі бір ұғымға берілген атау. Сөз – дыбыстық форма мен мағыналық тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың, оқиғаның, сапа-белгінің, санның, қимылдың т.б. ұғымның атауын сөз дейді. Сөздің екі жағы бар: дыбысталу және мағыналық. Дыбысталу (тіл дыбыстарының тіркесі) сөздің материалдық жағын құрастырса мағына (мазмұн ) сөздің идеалдық жағын құрайды. Екі жақ – дыбысталу мен мағына сөздің бір- бірінен бөлінбейтін бөлшектері. Осы екі жақтың бірлігі - сөздің өмір сүруінің және қызмет етуінің шарты. Сонда сөз – дыбысталу мен мағыналық бірлігін тұратын тілдік дербес единица.

Адамзатты қоршаған заттармен құбылыстар адам санасына, оның ойлауына сәулесін түсіріп бейнеленеді. Олар түрлі ұғым пайда болады. Ұғым - заттың немесе құбылыстық жай ғана бейнесі емес, олардың басшы белгілерінің ойда қарастырылып топшылығын бейнесі. Ұғым тілде сөз арқылы айтылады, сөз мағынасында тіркеледіі, бекітіледі. Осы мағынада сөз шындық болмысты бейнелейді. Сөздің табиғатын түсіну үшін, оның жалпылаушы қызметіне назар аудару қажет. Сөз жеке затты немесе құбылысты ғана емес, сонымен бірге бір тектес заттардың тобын да атайды. Тау орындық, үй деген сөздер белгілі бір жеке заттарды атауы да мүмкін және осы категорияларға енетін заттардың барлығын бірдей атауы да мүмкін. Тау деген сөз, біз басына шыққан белгілі бір тауды да жалпы тау атаулыны да білдіреді. Мұндай-да тау биік пе, аласа ма, орманды ма, ормансыз ба, қарлы ма, қарсыз ба – ол жағы тәптіштелмей, жалпы тау атаулы жалпылама аталады.

Сөз затты немесе құбылысты атайды, сол арқылы белгілі бір ұғымды білдіреді, онда белгілі бір мағына болады. Сөздің бірдемені белгілеуі (атауы ) үшін оның дыбыстардың тіркесімен берілуі яғни материяалдық жағының болуы шарт. Сөз өзінің мағынасы арқылы ұғыммен тығыз байланысты болады. Сөздің мағынасы мен білдіретін ұғымы тепе-тең емес.

Сөздің табиғатын жете түсіну үшін онымен аталатын затпен оның білдіретін ұғымның (мағынасының ) жеке оның дыбыстық жағының бір–бірімен ара қатнасын айқындап алу қажет. Ой немесе мән мағынасына ойлаушының бар екенін білдіреді. Ойлаушы болмаған жерде, ойдық болуы мүмкін емес. Дыбыс затты белгілеуші ретінде белгілеуі өзінен өзі бола салмайды, ойлаушы арқылы іске асырады. Заттар мен құбылыста адам санасына (ойлауына) әсер етіп, сәулесін түсіреді де, олардың басты белгілерінің онда қорытылып, топшыланған бейнесі – ұғым пайда болады. Ұғым адамдардың қоғамдық практикасы арқылы сөзге мағына түрінде бекітіледі.

Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз – дыбыстық комплекстік, ақиқат өмірдегі құбылыстардың бірімен белгілі бір тілмен сөйлеуші ұжым арқылы белгіленген байланысы болып саналады. Дыбыстардың тіркесі (сөз) белгілі бір затқа немесе құбылысқа атау ретінде бекітіледі. Бірақ дыбыс тіркесі (сөз) өзі белгілеген заттың немесе құбылыстың қасиетімен сапаларын көрсетпейді. Дыбысталудың табиғаты мен белгілетін заттың табиғатының арасында тікелей байланыс болмайды. Дыбыс тіркесі мен заттың арасында ешқандай табиғи байланыс болмағандықтан, дүние жүзіндегі әр алуан тілдерде белгілі бір зат немесе құбылыс әр түрлі сөзбен аталады: қазақша - балық, орысша – рыба, неміс тілінде –фисш, француз тілінде – фонссон делініп, бір ғана жәндік түрлі тілдерде әр түрлі лексикалық единицалармен (сөздермен) белгіленген.

Зат немесе құбылыс дыбыс тіркесімен белгіленгенде, атауға сол заттың я құбылыстың белгілі бір белгісі негіз болады. Әрбір тілде атауға белгіленген заттың немесе құбылыстың әр түрлі белгісі негіз болады да, осыған орай бір зт әр түрлі тілдерде әр басқа сөздермен аталады.

Сезім арқылы қабылдау затты береді, ал ақыл-ой оған ат береді. Сезім арқылы қабылдауда жоқ нәрсе ақыл-ойда да жоқ, бірақ сезімдік қабылдауда шын бар нәрсе ақыл-ойда номиналдық түрде, аты жағынан ғана болады. Негізгі белгілер:



    1. Сөз белгілі бір дыбыстың құрылымның бірлігінен тұрады.

    2. Сөздің екі жағы бар: дыбысталу және мағына.

    3. Белгілі бір тілдегі сөз сол тілдің грамматикалық заңдары бойынша тұлғаланады.

Пайдалануға тиісті әдебиеттер:

  1. К.Аханов. Тіл білімінің негіздері, А., 1988, 89-бет

  2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, А., 1966, 136-бет

  3. І.Кеңесбаев. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер, А., 1987, 203-бет

  4. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, А., 1997, 70-бет

Лекция №3.

Тақырыбы: Сөздің түрлері мен нұсқалары (варианттары)

Жоспар:


  1. Сөз туралы сөз.

  2. Сөздің мағыналық түрлері.

  3. Сөздің фонетикалық варианттары


Сабақтың мақсаты: студенттерге сөз және оның варианттарын түсіндіру.

Тілде сөздердің топтары мен түрлері (типтері) көп. Сөздердің типтерін ажырату, айқындау лексикологияның көбіне-көп қарастыратыны қандай сөздер екенін білу үшін қажет. Кез келген тілдегі сөздерді білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметі және ұғымды белгілеуі жағынан алып қарастырғанда, оларды әр түрлі топтарға (типтерге) бөліп топтастыруға болады. Тіл – тілдегі сөздердің басым көпшілігі өмірдегі сан алуан құбылыстарды (зат, сапа, белгі, іс-әрекет) белгілейді және солардың атаулары ретінде қызмет атқарады. Мұндай сөздерді толық мағыналы сөздер немесе дербес сөздер деп атаймыз. Сөз – лексикалық өлшем. Сөздердің лексика – грамматикалық мұндай топтары лингвистикада кейде атауыш сөздер деп те айтылып жүр. Атауыш сөздер әр алуан заттар мен құбылыстардың, іс-әрекеттің, сапа мен белгінің аттары болып саналады. Атауыш сөздердің әрқайсысында толық лексикалық мағына және логикалық ұғым бар.

Бұларға (атауыш сөздерге) қарама-қарсы сөздер тобына жалғаулықтар, демеуліктер, септеулік шылаулар, көмекші етістіктер, басқа тілдердегі предлог, артикльдер жатады. Мұндай сөздерге (көмекші сөздерге) мағыналық жақтан лексикалық дербестілік жетіспейді, бірақ олардың алуан түрлі грамматикалық мағыналары болады. Көмекші сөздердің кебіреуі сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырса, кейбіреулері тіркескен сөзіне әр түрлі грамматикалық жағы басымырақ болады. Мұндай ерекшелік ескеріліп, көмекші сөздер тіл білімінің көбінесе грамматика саласында қарастырылады.

Сөздердің жоғарыда аталған екі түрінің аралығынан орын алатын сөздер тобы мыналар: есімдік, сан есім және одағай сөздер. Сөздердің бұл тобында оларды атауыш сөздерге де, көмекші сөздерге де жақындататын белгілер бар. Есімдік, сан есім, одағай сөздердің көмекші сөздерге қарағанда, дербестігі әлдеқайда басым. Бұл белгісі жағынан олар атауыш сөздермен жақындасады. Бұлардың көмекші сөздерге жақын белгісі сол: олар дербес сөздер болғанмен, өздері қатысты атауыш сөздердің көдеңкесін сағалайды, солардың шылауында көрінеді (ол, яғни инженер немесе дәрігер; он, яғни он кітап немесе саусақ); мұның үстіне олардың тағы мынадай ерекшелігі бар: есімдіктер заттың немесе құбылыстың тікелей атауы емес, атаулардың орынбасары; орнына жүретін сөздер. Есімдіктердің мағынасы контексте (мәтінде), сөйлемде ғана аңғарылады. Есімдіктердің білдіретін ұғымдарытым жалпы. Олардың мағынасы мен ұғымы алдыңғы сөйлем арқылы белгі бола алады. Сан туралы ұғымның өзі де, оларды белгілейтін сан есімдер де тіл-тілде өте абстракты. Одағай сөздер зат пен сынды, сан мен қимылды білдіре алмайды. Одағайлар қуану, шаттану, өкіну, ренжу, шошыну, күрсіну, ұнату, таңырқау тәрізді көңіл күйін, түрлі эмоцияны білдіреді.

Сөздердің фонетикалық нұсқалары (варианттары) дейін-шейін, мұны-бұны, мұнан-бұдан, оқиға-уақиға, кәзір-қазір, әжім-ажым, әлдеқашан-алдақашан, әрдайым-әрдәйім, бәйшешек-байшешек, бәйге-бәйгі, былғары-бұлғары, бірдеңе-бірдеме, ділмар-тілмар, ештеме-ештеңе, жүзім-үзім, зәбір-жәбір, келемеж-келемеш, кәрия-қария, киіз-кигіз, қамзол-кемзал, қартаң-кәртең, қате-қата, пейіл-бейіл, риза-ырза-разы, рұқсат-лұқсат, суару-суғару, сүйінші-шүйінші т.б.

Бір сөздің әр түрлі фонетикалық варианттары кейде өз алдына дербес лексикалық единицаларға (сөздерге) айналуы да мүмкін: өкімет-власть, үкімет-правительство, қазір-сейчас, әзір-пока т.б.

Бір сөздің морфологиялық құрылысы әр түрлі болғанымен, семантикалық жақтан айырмашылығы болмайтын түрлері оның морфологиялық вариантары болып есептеледі:

Орыс тілінде: зал-зала, рельс-рельса, перифраз-перифраза, архаический-архаичный, санаторий-санатория т.б.



Пайдалануға тиісті әдебиеттер:

  1. К.Аханов. Тіл білімінің негіздері, А., 1988, 92-бет

  2. І.Кеңесбаев. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер, А., 1987, 6-бет

  3. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, А., 1997, 74-бет

  4. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, А., 1966, 135-бет

Лекция №4.

Тақырыбы: Сөздің пайда болуы..

Жоспар:


  1. Сөз туралы түсінік.

  2. Сөз бен дыбыс.

  3. Сөз – қоғамдық қажеттілік.

Тіл мен ойлау ертеден-ақ бір-бірімен тығыз байланысты болғаны ғылыми әдебиеттерде айтылып келеді.

Тілдің шығуы еңбекпен байланыстыра қарастырылады. Еңбек болмаса, сөйлеу тілі де болмас еді. Себебі еңбектің нәтижесінде адамның миы ойлау дәрежесіне жетеді. Ойлау тек тіл арқылы болады. Тіл мен ойлау еңбек үрдісінде (процесінде) мидың жетілуіне байланысты шыққан болса, керісінше, мидың дамуы да тіл мен еңбекке қайталай әсер етеді.

Сөз о баста күнделікті қоғам өмірінің қажетінің салдарынан пайда болған. Адамдар бір-біріне бірдеме айтуы керек болды. Сондықтан маймылдың сөйлеуге ыңғайланбаған тамағы бірте-бірте дамып, ауыз ішіндегі мүшелер айырым дыбыстардың бірінің артынан бірін айтуға үйрене бастайды. Бұдан кейін сөз біріте-бірте дами береді. Сөздің шығуы мен шығуы мен жеке тілдердің шығуын бір-бірімен шатастыруға болмайды. Себебі сөздің шығуы адамның адам болуымен байланысты бір миллион жыл шамасында деп топшыланып жүр (Р.А.Будигов. Введение в науку о языке, М., 1958, 329-бет). Адамның адам болуы да ойлау мен сөз болмаса, адам айуаннан бөлініп шықпас еді. Олай болса, сөз тым ертеде пайда болған. Бірақ қай жердегі адамдардың тілі бұрын, қайсысының кейін шыққаны бізге белгісіз. Сондықтан алғашқы кезде барлық материкте адамдар болып, барлығының тілі бір кезде әр жерде әр түрлі болып жасалуы ма, жоқ әлде бір жердегі адамдар дүние жүзіне таралып, әуелдегі бір тіл жергілікті жағдайға қарай, әр қилы болып кетті ма? – деген сұрауға нақты да дәл жауап беруге нақты факт жоқ болғандықтан, әр ғалым өзінше топшылайды. Р.А.Будагов, мүмкін, адам баласы географиялық жағдайға байланысты белгілі бір кең атырапта болып, соңынан басқа жерлерге тараған болар деген пікірді қолдайды. Біздің ойымызша бұл пікірдің екі жағы бар. Бірінші, адам баласының хайуанат дүниесінен бөлініп шығуына географиялық ортаның әсері тиді, олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай қажет болды деген дұрыс. Ал бір атыраптағы адамдар басқа материктерге тараған деген пікірге күманданамыз.

Негізінде, адам баласының хайуанат дүниесінен бөлініп, адам шығуы бір жерде ғана болмай, ілгерінді – кейінді әр жерде болуы да мүмкін.

Сонымен моногенезис (бір тілден тарау), полигенезис (көп тілден тарау) мәселерінің көпшілігі осы күнге дейін болжау дәрежесінен аса алмай, нақты шешім таба алмай келе жатуы – бұл үрдістің тым ерте кезде болғандығынан еді.

Тілдің пайда болуы жөнінде көптеген тарихшы, философ, тілшілер пікір айтты. Біреулер алла тағала даяр үйінде адамдардың қолдануы үшін жаратып, адамдарға әкеп берген деді. Кейбіреулер басқа да түрлі теориялар шығарды. Олар негізінде материалистік тұрғыдан басталатын тұрақтану теориясы (Демокрит) ағым болды. XVII ғасырдан бастап, дыбыс еліктеу теориясы (ономопоэтикалық) шықты. Бұл теорияның көрнекті өкілі Г.Лейбниц болды. Ол екі түрлі тіл бар: біреуі – ерте кезде жасалған түбір тіл, екіншісі – кейінірек жасалған жасанды тілдеп есептейді. Оның ойынша, “дыбыс еліктеу” ең алдымен түбір тілде болады. Ал жасанды тіл түбір тілді ілгері дамытады. Сөйтіп ол екеуі бірлесе отырып, дыбыс еліктеу қағидасын дамытады. Жасанды тіл түбір тілден алыстаған сайын “дыбыс еліктеу” арқылы сөз жасаудың табиғилығы азая береді.

“Эмоциялық теория”–ны шығарушылар одағай сөздер дыбыс пен мағынаға бөлінбейтін бүтін болып жымдасып жатады да, олардың арасында табиғи байланыс болады, одағай дыбыстар сөздің түрлі категориясына бытырап, сөз табын жасап, сөзге айналып кеткенде, дыбыс пен мағынаның арасы алшақтап, бұрынғы байланысы жойылады деп есептейді. Шындығында, дыбыс пен мағынаның табиғи байланысы емес, сөз бен дыбыстың өзара байланысы бар.

Сондықтан тілдегі сөздерден дыбысты бөліп алып, ойлаумен, мағынамен байланыстыру дұрыс емес. Оны сөзбен бірге қарау керек. Н.Я.Маррдың “таза сөйлеу” теориясы ойлау мен тілді екіге бөліп, бұлардың арасындағы бірлікті жоққа шығарды. Н.Я.Марр тілдің шығуын “төрт элемент теориясымен” дәлелдеуге тырысты. Қорыта келгенде, тілдің шығуы туралы мәселе әлі күнге дейін шешілмей келеді. А.А.Лентьев көптеген сұрақтарды ашық қалдырдым десе де, тілдің шығуы – лингвистиканың ірге тасы деп есептейді (“Возникновение и первоначальное развитие языка”, М., 1963, 5-бет).


Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет