Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Қорытынды бақылау: емтихан Жетісай-2006 ж


Қазақ тіліндегі омонимдер 1 1 1 7



бет5/14
Дата25.04.2016
өлшемі1.33 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

6


Қазақ тіліндегі омонимдер

1

1

1

7


Қазақ тіліндегі антонимдер

1

1

1

8


Қазақ тіліндегі синонимдер

1

1

1

9


Қазақ тіліндегі синонимдік қатарлар

1

1

1

10


Синтаксистік синонимдер

1

1

1

11


Синонимдік қатардың стильдік ерекшеліктері

1

1

1

12


Сөздердің метафоралық қолданылуы

1

1

1

13


Метанимия және оның қызметі

1

1

1

14


Қазақ тіліндегі синекдоха

1

1

1

15


Қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмдер

1

1

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


“Сырдария” университеті




«Филология-тарих” факультеті

“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы

“Қазіргі қазақ тілі (лексика)” пәні бойынша

050117 “Қазақ тілі мен әдебиеті”

мамандығының студенттері үшін

ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай-2006 ж


  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


Лекция №1.

Тақырыбы: Сөз мағынасының өзгеру себептері.



Жоспар:

  1. Сөз мағынасы туралы түсінік.

  2. Сөздің мағыналық түрлері.

  3. Мағынаның өзгеру.


Сабақтың мақсаты: студенттерге сөз мағынасының өзгеру себептерін ұқтыру.

Тіл-тілде әр түрлі мағынада қолданылатын сөздер жиі кездеседі. Сөздің әр түрлі мағынаға ие болуы сөз мағынасының өзгеруі ауыспалы мағынада қолдануы нәтижесінде іске асады. Енді, сөз мағынасының өзгеруінің себептері мен мағынаның ауысу тәсілдері туралы мәселеге тоқталайық.

Сөз мағынасының өзгеруінің, оның жаңа мағынаға ие болуының екі түрлі себебі бар:


  1. Сөз мағынасының өзгеруінің тілден тыс немесе сыртқы себептері;

  2. Тілдік немесе лингвистикалық себептер.

Аталған екі себептің біріншісі екіншісіне қарағанда көбірек зерттелген. Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бола отырып, сананың дамуымен байланысты болатын ұғымның өрісін де бейнелейді. Ойлаудың дамуына тән ауысу үрдістері (процестері), мысалы, нақтылықтан абстрактылыққа, ұғымның дәлденіп жіктелуі сөз мағынасы – дамуына әсер етпей қала алмайды. Мысалы, жол деген сөз өзінің нақты мағынасымен бірге,

        1. идея, бағыт

        2. тәсіл тәрізді абстракты қосымша мағыналарға ие болған.

Сөздің қолданылу аясының өзгеруі, мысалы, бір саладан басқа салаға етеді. Егер сөз кең саладан тар немесе арнаулы бір салаға, мысалы, жалпы халықтық лексикадан арнаулы лексикаға ауысса, оның мағынасы нақтылана түседі де, белгілі бір ұғымды білдіретін терминдік мағынаға ие болады. Мысалы, түбір деген сөз жалпы халықтық лексикада “күллі өсімдік атаулының жерде қалған тамыры мен түбірі” деген жалпылама мағынаны білдірсе, арнаулы бір сала, лингвистикалық терминологияға ауысқанда, “түбірлес сөздердің ары қарай бөлшектеуге келмейтін, мағыналы түп бөлшегі, морфема” деген арнаулы терминдік мағынаны білдіреді. Орыс тіліндегі корень деген сөздің мағыналары жайында да осыны айтуға болады.

Сөз мағынасы қоғамның дамуы, қоғамдық қатынас пен өндіріс тәсілінің дамуымен байланысты өзгеріліп түрленуі де мүмкін. Мысалы, ежелгі ағылшын тіліндегі феон деген сөз алғашында “мал” деген мағынаны, одан соң “қозғалатын зат атаулыны”, ақырында келіп “ақша” деген мағынаны білдірген. (И.В.Арнольд. Лексикология современного английского языка, М., 1959, 68-бет). Белгілі бір тарихи дәуірде байлық атаулы малмен өлшеніп, құны (бағасы) сонымен айқындалатын болған. Сөз мағынасы функционалды семантика заңы бойынша да өзгеруі мүмкін. Функционалды семантика заңы заттардың (құралдардың) қызмет бірлігіне негізделеді. Бір зат немесе құрал басқа бір зат немесе құралмен ығыстырылып алмасады да, соңғысы қызмет бірлігіне қарай, алғашқы заттың не құралдың атауымен аталады. Мысалы, ағылшын тіліндегі қазірде “руль” деген мағынаны білдіретін руддер деген сөз алғашында “ескек” деген мағынаны білдірген. Ескектің атауы кейініректе қызмет ұқсастығына қарай арнаулы механизмге ауысқан.


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. К.Аханов. Тіл білімінің негіздері, А., 2003, 106-бет

  2. Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев. Қазақ тілі, А. 1964, 50-бет

  3. І.Кеңесбаев. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер, А., 1987, 204- бет.

  4. Ш.Бектұров, М.Серғалиев. Қазақ тілі, А., 1994, 9-бет

Лекция №2

Тақырыбы: Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы..

Жоспар:


  1. Сөз туралы сөз.

  2. Сөздің мағынасы туралы пікірлер.

  3. Сөздің лексикалық мағынасы.

  4. Сөздің грамматикалық мағынасы.

Сабақтың мақсаты: студенттерге сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасын түсіндіру.

Әрбір сөз дара-дара айтылса да, негізінде сөз тіркесінде, сөйлемде болады. Осыған байланысты сөздің негізгі лексикалық мағынасымен қатар, қосымша бір я бірнеше грамматикалық мағынасы болады. Жер көктеді деген сөйлемде екі сөз бар. Олардың лексикалық мағынасы бізге анық, мысалы: жердегі бұл сөйлемде негізгі лексикалық мағынасының үстіне мынандай мағыналарды білдіріп тұр жер зат есім оның ішінде жалпы есім атау күйінде тұр (атау септік жалғау), сөйлемнің бастауышы болып тұр. Сөйтіп, бұл сөздің төрт түрлі грамматикалық мағынасы бар. Сол сияқты, көктеді деген сөз – етістік, оның ішінде салт етістік, етістіктің өткен шағы және жіктік жалғаудың үшінші жағы, сөйлемнің баяндауышы деген сияқты мінездемелер бұл сөздің грамматикалық мағыналары болып есептеледі.

Сөздің лексикалық мағынасы контекстекстегі сөздің ұғымын айқындаса, сөздің грамматикалық мағынасы контекстегі сөздердің өзара қатысын көрсетеді.

Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасы тығыз байланыста болады. Сөздің лексикалық мағынасының өзгеруі кейде грамматикалық мағынасының өзгеруі не әкеліп соғады. Мысалы: мал деген сөз –зат есім, малды деген сөз де зат есім. Ал малды колхоз дегендегі малды лексикалық жаңа сөз, бірақ әуелгі сөздің грамматикалық мағынасы өзгеріп, зат есім емес, сын есім болып кетті. Осы сияқты мал деген түбірден малшы десек, бұрынғы түбір сөзден туынды түбір сөз жасалады. Мұнда сөз өзгеріске ұшырайды. Сөз тудыратын бұл жұрнақтар лексикаға да, грамматикаға да бірдей байланысты болғандықтан, академик В.В.Виноградов лексика мен грамматиканың айрылысатын торабы, -дейді, яғни лексика – грамматикалық категория деп атайды. (В.В.Виноградов. Вопросы языкознания..., М., 1952, 180-бет).

Демек, сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасы басқа бола тұрса да, бұл екеуін ұластыратын ұйтқы сол жеке сөздің өзі болады. Бір сөздің өзінде осылардың екеуі бірдей түйісіп келіп, қайта ажырасады.

Сөздің лексикалық мағынасы біреу болады. Ол- сөздің түбір тұлғасы арқылы көрінеді. Грамматикалық мағына бір сөзде біреу болуы да, бірнешеу болуы да мүмкін.



Сөздің лексикалық мағынасы тіл білімінде әр түрлі бағытта қарастырылып келеді. 1950 жылдары сөз мағынасын семантикалық тұрғыда топтастыруға бой ұрушылық орын алды. Семантикалық топтастыру ұғымы бірыңғай сөздердің мағыналық типтерін анықтауға негізделген болатын. Мысалы , мәдени , шаруашылық, тұрмыстық, туыстық атулар, адамға байланысты сөздер т.б. Бұлайша топтастыру арқылы тілдегі барлық сөзді қамтуға болмайтындығы, сөз мағынасын топтастыруда қолайсыздығына қарамастан , оның бірқатар түркологиялық еңбектерде орын алған. Шыныда , бұлайша топтастыру сөздің лексикалық мағынасының типтері мен оның лексика семантикалық топтарын ажыратпаудан туған кемшілік еді. 1970 жылдан бастап, сөздің лексикалық мағынасының В.В.Виноградов жасаған типологиясы оны әрі жетілдіріп келеді.
Қолданылатын әдебиеттер:

  1. І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі , А.,1975, 43 бет.

  2. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері,А., 1988, 106 бет.

  3. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы.А., 1997, 75 бет.

  4. Қазіргі қазақ тілі ,А., 1954, 26 бет



Лекция №3.

Сөз мағынасының кеңеюі мен тараюы.





Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет