Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Қорытынды бақылау: емтихан Жетісай-2006 ж


Жоспар: 1.Сөз мағынасы туралы мәлімет. 2.Сөз мағынасының өзгеру себептері. 3.Сөз мағынасының кеңеюі мен тараю жолдары



бет6/14
Дата25.04.2016
өлшемі1.33 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Жоспар:
1.Сөз мағынасы туралы мәлімет.
2.Сөз мағынасының өзгеру себептері.
3.Сөз мағынасының кеңеюі мен тараю жолдары.


Сабақтың мақсаты: Студенттерге сөз мағынасының кеңеюі мен тараю себептерін көрсету.
Сөздің мағынасынан әр тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуы, ұлттық сипаты байқалады. Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де ықпал етеді. әсіресе, сөздің мағынасының өзгеруіне ішкі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады.Сөз мағынасының ішкі (линвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп қосылғанда, бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналары мен өзара қарым - қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байланыста жұмсалады.
Мұндай жағдайда байланыс екі жағдайда болуы мүмкін.Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жаңа мағына бұрыннан тілде өмір сүріп келе жатқан байырғы сөздер мен байырғы мағыналардың жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға да сондай әсері болуы ықтымал.
Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру заңдылықтары туады.
Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ол негізінде метафоралық, метанимиялық, синекдохалық тәсілдер арқылы іске асады. Осы күні жиі айтылатын, қарау, табыс,табыс, жарыс, мүше, құру, құрылыс, қатынас, байланыс, жұрнақ, жалғау, тасымал, айналым, құн т.б. бәрі де халықтық бұрынғы мағынасының негізінде жаңа мағынаға ие болған сөздер.
Мысалы, талқылау бұрын «теріні талқыға салып жұмсарту»мәнінде қолданылса, кейін оған қоса «мәселені жан-жақты тексеріп, пікір алысу» мәнінде айтылатын болды. Байланыс бұрынғы « қарым-қатынас, аралас»
мәнінің үстіне кейін «хат-хабар, телефон, телеграф арқылы қатынас жасау орны, мекеме» мәніне ие болды. Құн - бұрын «өлтіргені үшін айыпкердің не оның руының мал басы мен беретін төлемі» мәнінде болса, қазір саяси экономиканың термині ретінде қолданылады. Халық тілінде ежелден белгілі айдар сөзінің ( адамның төбесіне қойылатын бір шоқ шашы) мағынасы кеңейіп, қазір газет журналдарда «бір тақырып төңірегінде ұдайы берілетін материалдардың жалпы атауын» білдіретін болды.
Сөз мағынасының тараюы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік, т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді. Мысалы; көне түркі тілінде тон, тары- тек «дәнді дақылдардың бір түрін емес», егін, астық, атаулыны білдірген. Тон-тек «қой терісінен тігілген киімді» ғана емес, жалпы киім атаулыны білдірген. Қол-адамның дене мүшесі ұғымымен бірге, тарихи «әскер, жасақ» ұғымында да қолданылған. Қарындас – көне түркі тілінде, ежелгі қазақ тілінде , қазіргі кейбір түркі тілдерінде : «туысқан, бір тектес адамдар» мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде «бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасың болмаса», «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтылатын сөзін» білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздердің қолданылу өрісі, мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен –саран фразеологиялық тіркестерде ғана сақталып қалған; міз бақпау, түлен түрту, қаншырдай қату, мұрны қолақпандай т.б.
Метафора, сыртқы не ішкі белгілеріндегі(тұлғасындағы ,қимылындағы не атқаратын қызметіндегі т.б.) ұқсастыққа қарап,бір зат атаулының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңы жатыр.Метафора қолдану сипатына қарай негізінде екі түрлі болып келеді: тілдік метафора және поэтикалық метафора.
Тілдік (сөздік) метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамытып отырады. Тілдік метафора жалпы халықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп те айтылады. Дәстүрлі метафоралық тәсіл бойынша ұқсату заңына сүйеніп, қазақ тілінде көп мағыналы сөздер шыққан. Мәселен, аяқ деген сөздің ең алғашқы заттық мағынасы деп адам мен жан-жануардың жүру-тұру қызметін атқаратын мүшесі деп түсінеміз.
Мұнан кейін үстел мен орындық тәрізді жансыз заттардың тіреуішін де аяқ деп ұқсатып айтқан. Бас пен аяқтың бірі жоғары, екіншісі төмен келуіне қарай (ауылдың басынан кіріп, аяғынан бір-ақ шықтым дегендегі) үшінші мағына пайда болған.Кейінгі кезде жаңа техникалық тұрмысқа кеңінен енуімен байланысты, екі аяқты велосипед, үш аяқты мотоцикл деп те ұқсатып , аяқ сөзіне жаңа мағына қосып айтатын болдық. Сөздің мағына жақтан қорланып дамуы осы тәрізді жаңа сапа элемненттерінің біртіндеп молаюы арқылы іске асады.
Сөзге метафоралық тәсіл арқылы ауыс мағына жамайтын сөз біткеннің бәрі емес, тілдегі заттар мен құбылыстардың атын, іс-әрекетін, сапа белгілерін білдіретін сөздер. Бұалр сөзге нақтылы мағына қосып семантикалық аясын үнемі кеңейтумен болады. Мүше деген сөздің ең алғашқы мағынасы анатомиялық жеке атауларды білдіру болған. Мұнан соң сый ретінде біреуге берілетін белгілі үлес, сыбаға мағынасын білдірген.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі , А.,1975, 43 бет.

  2. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері,А., 1988, 106 бет.

  3. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы.А., 1997, 75 бет.

  4. Қазіргі қазақ тілі ,А., 1954, 26 бет



Лекция №4.

Сөз – лексикалық бірлік.




Жоспар:
1.Сөздің түрлері.
2. Сөз мағыналарының топталуы.
3.Омонимнің тілдегі орны.


Сабақтың мақсаты : студенттерге омонимнің табиғатын түсіндіру.
Қай тілде болмасын ,оның лексикасында дыбысталуы бірдей де,мағынасы әр басқа сөздер бар.
Мысалы:1.Біз, мен деген жіктеу есімдігінің көпше түрі.
2.Бір нәрсені тесіп, жіпті немесе тарамысты өткізу үшін жаслған үшкір құрал.
Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер омонимдер деп аталады.Қазақ тілі лексикасында омонимдер әр сөз таптарында жиі кездеседі. Бірақ кейбір сөз тіркесіндегі қолданылуларына қарай , біріне-бірі байланысты ұғымдардың атаулары болады .әрине ,оларды жеке мағынада қолданылады ,бірақ омоним бола алмайды, өйткені олардың мағыналары әлі бірінен-бірі
алыстап кете алмаған, жақын мағыналар болады .Мысалы: ат деген сөздің мағынасын алып қарайық:

Алты жаста ақ атты ,
Ат болад деп батырға
Буырылып мақтатты. ( Қобыланды ).

Ат дегеннің бір мағынасы осы . Мұның екінші мағынасы –көлік.Ат байлаған ақыр-ды ,көк түскен жер тақырды , көп дұшпанның ішінде атын айтсам білер деп ,ат қосшым деп шақырды .(Қыз Жібек).Аттар ерттелгелі де бір талай уақыт болғанды . «Біржан атының үстінде тұрып ... ән шырқады ... өңі ағарып , қобалжыған Біржан атының басын алыс сапарға қарай бұрды.


Омоним қашан да мағыналас байланыстан аулақ болады . Олардың тек сыртқы түрі ғана үйлес келетініне шек жоқ. Мысалы : Ат болад деп батырға, Буырылып мақтатты. Оның аты Асан. Бұл сөйлемдердегі ат сөздерінің бірі жылқы малын білдіреді. Бұлар омоним болып саналады. Көп мағыналы сөздер мен омоним сөздерді ажырату - өте күрделі мәселенің бірі, өйткені күні бүгінге дейін омоним мағыналы сөздердің арасында жік болмай келеді.
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы жағынан бір-біріне ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық құрылымы жағынан нақ бірдей деуге болады. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің бір-біріне өзгешелігі тұлғасында емес, мағынасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болады. Бірақ бұлар әр сөз табынан емес, бір ғана сөз табына қатысты. Сондықтан көп мағыналы сөздердің бір негізде тура мағынадан шыққандығын мағыналардың өзара жақындығынан, ұқсастығынан бірден танып білуге болады.
Мәселен: майда тас, майда шөп дегендерден жұмсақ , биязы дегенді түсінеміз. Ал мінезі майда дегенннен сыпайы, жайдары дегенді аңғарамыз. Бұл мағыналар бір ғана сөз табына қатысты болып, бір негізден тарағандығы ап-айқын болып тұр. Бір сөздің әлденеше мағынасы тіліміздегі ауыспалы мағына тудырудың белгілі бір тәсілі (метафора ) арқылы жасалғандығын бұлжытпай танимыз.
Омонимдер бір келкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы басқа-басқа сөздер тобын білдіреді.
Бұлардың білдіретін ұғымы бір сөз табына да, әр сөз табына да қатысты болып дараланып, бөлініп-жарылып тұрады. Мағына жағынан әр ұғымның өзара жақындығы, ұқсастығы мүлдем сезілмейді.
Қайта бір-біріне соншалықты алшақ, кереғар екендігі аңғарылды. Мысалы: Ара. 1.Ағаш кесетін жұқа темірден жасалған құрал. 2.Гүл шырынынан бал жинайтын қанатты жәндік. 3.Екі орта аралық.
Омоним дегеніміз түрлі себептермен, дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер болып шығады. Көп мағыналы сөздер омонимнің барлық түрлерімен тығыз байланысты болып шығады. Тілдің даму барысында сөздің мағынасында түрлі-түрлі өзгерістер болып жатады.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі , А.,1975, 43 бет.

  2. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері,А., 1988, 106 бет.

  3. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы.А., 1997, 75 бет.

  4. Қазіргі қазақ тілі ,А., 1954, 26 бет

Лекция №5

Омонимдердің жасалу жолдары.





Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет