Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Қорытынды бақылау: емтихан Жетісай-2006 ж


Жоспар: 1. Синоним туралы түсінік. 2. Синоним – тіл байлығының көрсеткіші. 3. Синонимдік қатардың қызметі. 4. Синонимдердің қолдану ерекшелігі



бет9/14
Дата25.04.2016
өлшемі1.33 Mb.
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Жоспар:
1. Синоним туралы түсінік.
2. Синоним – тіл байлығының көрсеткіші.
3. Синонимдік қатардың қызметі.
4. Синонимдердің қолдану ерекшелігі.


Сабақтың мақсаты: студенттерге синонимдік қатардың мазмұнын түсіндіру.

Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп атайды.


Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйыстыруға ұйытқы болатын тірек сөз деп танылып (таңдалынып) алынады. Бұл тіл білімінде доминант (тірек сөз) деп аталады.
Доминант сөз мәндес сөздерді мағыналық жағынан ғана топтастырмайды, сонымен бірге синонимдік қатарларды әліппе жүйесіне келтіру үшін де мәнді қызмет атқарады.
Доминант сөзді дұрыс анықтап, білгілеп алмай синонимдерді тәртіпке келтіру мүмкін емес. Сол себепті синоним сөздігін жасауда доминант сөзді іріктеп,сұрыптап алуға айрықша көңіл бөлінеді.
Доминант сөзге синонимдік қатардағы сөздердің ішіндегі мағына жағынан бейтарап, жалпы халыққа соншалықты танымал дегендері ғана таңдап алынады. Синонимдік қатарға топтастырылатын сөздердің шегін олардың логикалық бірлігіне қарап қана ажыратуға болады.
әр синонимдік қатардағы сөздер негізінен екі кезеңнен өтеді.
Алғашқы кезеңде сөздер жалпы мағыналық бірлігіне қарай, ұқсастыру негізінде синонимдік қатарға топтастырылады.
Ұқсастыру бір ұядан туатын жалпы ұғымға бағындырылады. Жеке сөздің қара басындағы өзгешелік бұл кезеңде есепке алынбайды.
Мысалы, ас – тамақ - дәм – тағам - ауқат дегендер адам баласының жейтін керектік затын білдіретіндіктен, ең әуелі бір синонимдік қатарға топтастырылады.
Бұлардың бір – бірінен ажырататын өзгешеліктерін саралау – екінші кезеңдегі істелетін жұмыс. Синонимдік қатардағы сөздердің ұқсастығын табудан гөрі олардың бас – басына тән өзгешелігі мен ерекшелігін табу - әлдеқайда қиын жұмыс.
Синонимдер бір – бірінен мағыналық реңкі жағынан стильдік мәні және басқадай сөздермен өзара қарым – қатынасқа түсіп, қолданылуы жағынан үш түрлі белгілері арқылы ажыратылады.
Синонимдердің мағыналарын ажыратқанда мынадай мәселелерге көңіл аударылады:

1. Синонимдік қатарға енген сөздер мағына жағынан бір – бірінен сәл жоғары не сәл градация жолымен (бірден бірге басқыштан) өзгеріп отырады. Мәселен, аяз сөзіне қарағанда оның синонимдік қатары (сыңары) үскірік сөзінің мағыналық салмағы күштірек екендігін көруге болады. Сол сияқты атқыш – мерген, апат – қырғын, белсену – құлшыну дегендердің соңғы сыңарлары алдыңғыларынан пәрменді екендігін аңғарамыз.


2. Синонимдердің біреуінің мағынасы екіншісінен кеңірек болады. Мәселен, соғыс деген сөздің мағынасы ұрыс деген сөзден кең, ұстаз дегеннің мағынасы мұғалімнен кең.
3. Синонимдер бір – бірінен мағыналарының аз – көбіне қарй ажыратылуы мүмкін. Мәселен, ат деген көп мағынасы да, алоның сыңары нысаны деген сөз бір мағыналы.
4. Синонимдер мағыналарының деректі, дерексіз болып келуіне қарай ажыратылады: маңдай – пешене, іш – құрсақ, бала – перзент, тығу – бұқпантайлау дегендердің алдыңғылары деректі.
5. Синонимдер бір – бірінен ауыспалы мағына да қолдану – қолданылмауына қарай ерекшеленеді: көмей мен көмекей дегендердің алғашқысы пештің көмейі, тоғанның көмейі деп ауыстырылып айтуға келгенімен, соңғысы (көмекші) адамға ғана арнайы жұмсалады да, өзге заттарға бұрып айтуға келмейді.
6. Синонимдер сөз туғызуға қабілетті я қабілетсіз болып келуіне қарай өзгешеленеді: сапар мен жол. Синонимнің алғашқысынан бір сапар, ұзақ сапар, сапар шегу деген тіркестер ғана кездессе, жол жеңіл сөз жасауға қабілетті: жолай, жолаушы. Жолдама, жолдас, жол – жоба т.б.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі , А.,1975, 43 бет.

  2. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері,А., 1988, 106 бет.

  3. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы.А., 1997, 75 бет.

  4. Қазіргі қазақ тілі ,А., 1954, 26 бет


Лекция №10.

Синтаксистік синонимдер.




Жоспар:
1. Синонимдердің тіліміздегі қызметі.
2. Синонимдердердің түрлері.
3. Синонимдік қатардың жасалу жолдары.
4. синтаксистік синонимдердің өзіндік ерекшеліктері.


Сабақтың мақсаты: студенттерге синтаксистік синонимдердің қызметін түсіндіру.

Профессор А.Пещковскийден бастау алған грамматика саласындағы синонимдерді зерттеу жұмыстары қазіргі кезде де кең қанат жайып, үлкен өріс алып отыр. Бір байқалатын жайт – отандық тіл ғылымдағы бұл бағытта жарық көріп жатқан жеке


кітаптардың, мақала, хабарлардың авторлары грамматикалық синонимиканың негізін қалаушы ғалымның басты пікірін қуаттай отырып, ол ойды ары қарай дамытуда. Алғашқы кезде жалпы мәселені қозғаушылық (Г.И.Рихтер) басым болса, одан бергі кезде нақтылы мәселелерді сөз ету байқала бастады. Мәселен, морфологиялық синонимдерді синтаксистік синонимдерден бөліп алып, жалпы айтуды да, жұртшылықтардың синонимдігін жеке қарауды да осы нақтылыққа жатқызар едік. Оның бір жағында, синтаксистік саладағы синонимдердің өзөднрін сөз тіркестері ыңғайында Д.В.Уткин, Х.М.Сайкиев, А.Кока, Р.С.Зуева ,В.И.Коненко т.б, сөйлем мүшелері бойынша М.Н.Мурзина, А.В.Фетисова, Н.А.Мейлина т.б.,жай сөйлем түрлері ретімен Н.А.Федотова, И.О.Степациян, М.А.Копейкин т.б., құрамалас сөйлем бойынша Е.А.Казакова,В.Ф..Иванова т.б.зерттеді.
Татар тілінің мамандары синтаксистік синонимика проблемасын жан – жақты және біршама толық сөз етіп жүр деп айтуға болады.
Профессор М.Балақаев тура толықтауыш туралы айта келіп, оттан оттан өтті, оттан айналды – отты айналды; таудан асып кетті – тауды асып кетті; атқа мінді – атты мінді тәрізді сөз тіркестерінде есептік жалғаулардың ауысып келгенін ескертеді. (Қазіргі қазақ тілі, Алматы 1954, 435-бет).
Әалым қазақ тіліндегі сөз тіркестеріне арналған еңбегінде (Балақаев М, Основные типы словосочитаний в казахском языке, Алматы 1957) сөз ретімен септік жалғаулармен шылаулардың өзгеріп келуінен жасалған синонимдерді айтады.
Профессор М.Топаковтың кандидаттық диссертациясының бір тарауы синтаксистік синонимияға арналған. Автор мезгілдік қатынастағы сөз тіркестерінің синонимдерін мағынасына қарай топтаған, әр топтың жасалу тәртібін, жалғануға тиісті, қосымшалар мен тіркескен көмекші сөздерді атап көрсетеді.
Екі не одан да көп синтаксистік конструкцияларды өзара синоним деп тану үшін, алдымен, синоним болудың негізгі шарттарын анықтау керек. әңгіме синтаксистік синоним жайында болғандықтан, мұндайда синтаксистік қатынастың қажеттілігі өзінен - өзі түсінікті болса керек.
Синтаксистік қатынастар бірыңғай және лексикалық құралдары бірдей болғанда ғана, ситаксистік категориялардың синонимдігі туралы сөз қозғауға болады. Сондықтан зейінділігінің арқасында жақсы оқыды, және зейінділігімен жақсы оқыды дейтін сөз тіркестері өзара синоним деп танылуы тиіс.
Синтаксистік конструкциялардың әр түрлі болуына байланысты көмекші сөздердің де синонимге қатынасу дәрежесі әр алуан болып келеді.
Қалай болғанда да, көмекші сөздердің синоним жасаудағы қызметін теріске шығарудың қажеті жоқ. Сөз тіркестерінің синонимикасында бағыныңқы сыңарлардың әр тұлға да келуі міндетті деп есептеледі де, басыңқы сыңарлардың әр тұлға да келуі міндетті деп есептеледі де, Басыңқы сыңарлардың тұлғаларында еркіндік басым, яғни басыңқы сыңарлардың тұлғалары бірдей де, әр түрлі де бола береді. Ол бүлкіл аяңмен жүріп отырып дөңнің үстіне күн ұясынан шыға бергенде көтерілді (Х.Е). Ержан составтың алдына ақырын аяңдап жүре берді (Т.А).
Осындағы аяңмен жүріп отырып пен аяңдап жүре берді дегенді синоним деп қарағанда, бұрынғы екі принципке (бірыңғай синтаксистік қатынас, лексикалық құрамның бірдейлігі) қоса, үшінші принцип – бағыныңқы сыңарлардың әр түрлілігі есепке алынып отыр.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі , А.,1975, 43 бет.

  2. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері,А., 1988, 106 бет.

  3. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы.А., 1997, 75 бет.

  4. Қазіргі қазақ тілі ,А., 1954, 26 бет

Лекция №11.

Синонимдік қатардың стильдік ерекшеліктері.





Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет