Лекция: 34 сдж: 22 Практикалық (семинар) сабақтар: 34 Құрастырған: ассистент Зоржанова А. А. Жетісай-2005 ж



бет2/5
Дата28.04.2016
өлшемі1.01 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5

ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай-2005 ж



ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Лек №1Кіріспе.

1.Геология пәні оның басты-басты салалары және өзге ғылымдар

мен байланысы.

2.Литосфераның заттық құрлымы. Геологиялық процестер.

3.Органикалық тіршіліктің Жер бетінде пайда болуы.

.Жер қыртысымен оның литосфералық заттық құрамын зерттейтін географиялық пәндер қатарына жататын ең негізгілері геологиямен байланысты: кристаллография, минералогия, петрография,палеонтология,петрология, геохимия және т.б.

Минералогия –минералдардың физикалық құрамын ,қасиеттерін,қалыптасуы және өзгеру жағдайларын анықтаумен айналысады.

Петрография –“петрос”-тас деген мағына беріп, тау жыныстарын зерттейтін ғылым.Тау жыныстарының қандай минералдың құрамынан тұратынын зерттейді.Химиялық элементтер бірігіп минералдарды құраса,минералдар бірігіп тау жыныстарын құрайды.

Геохимия-жер қыртысындағы бүкіл жер болмысындағы химиялық элементтердің таралуын зерттейтін ғылым.

Петрология – магмалық және метаморфтық тау жыныстарын зерттейді.

Литология-шөгінді тау жыныстарының құрамын,құрылысын,жаралу тегін анықтайды.

Геологиялық процестер.

Геологиялық процестерді зерттейтін географиялық пәндер кешені динамикалық геология деген атқа еиленген.Динмикалық география 2 топқа бөлінеді:

1-ші топшаға кіретін геотектоника ,вулканология,сисмалогия.

2-ші топшаға кіретіндер-геоморфалогия,гляциялогия,климатология,гидрология.

Геотектоника –жер дамуының бірдей мәселелерін саралау,мақсатын көздейді –жер планетасының құрылысын және географиялық даму бағытын зерттеу, жер қыртысы мен оның өңіріндегі қозғалыстармен жер қыртысының құрылыс ерекшеліктерін зерттейді.

Вулканология –жанартаулар жайлы ғылым.

Сейсмология жер сілкіністері жайлы ғылым.

Геоморфология –жер бедерінің пішіндерінің қалыптасуы туралы ғылым.

Гляциялогия –мұздықтар жайлы ғылым.

Климаталогия-климат жайлы ғылым.

Құрылық гидрологиясы-құрылықтағы табиғат суларын зерттейтін ғылым.

Палеонтология органикалық тіршіліктің жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы ерекшеліктерін зерттейді.

3. Алғашқы және соңғы архей эондары-Жердің геологиялық тарихындағы ең көне эондарБұл эондардың жалпылама ұзақтығы анықталмаған,бірақ оның басталу уақыты 3,9-3,7 млрд жылмен өлшенетін “сұрғылт гнейстердің ” геологиялық көнелілігімен анықталады.Бұл уақытқа тау жыныстары қабатынан организм қалдықтары кездеспейді десек-те болады

Алғашқы және соңғы протерозой эондары.

Алғашқы және соңғы протерозой эондары жалпы ұзақтығы шамамен 2 млрд жылмен өлшенеді.Бұл бондар ұзақтығымен жылдар қатынасы мынадай:2500 млн жылдан 570 млн жылдар арасы болып саналады.Протерозой тарихы -бірте-бірте органикалық дүниелердң санының көбейе бастауысен және құрлықта жұмсақ денелі организмдердің пайда болуымен сипатталады.

Осы кезде климаттық белдемдер пайда бола бастады.Бұл процестерді бізге жеткізген көк-жасыл балдырлар болды.

Фанерозой эоны.(палеозой, мезозой, кайназой)

Бұл эонның ұзақтығымен жылдарының салыстырмалы көнелілігі мынадай:570 млн жылмен бүгінге дейінгі кезең.

Бұл эон кезеңінде климаттық ерекшеліктер,өсімдіктермен жануарлар дүниесінің санының күрт өсуі ,жануарлар және өсімдіктер дүниесінің тек саны ғана емес сонымен қатар олардың түрлерінің санының да өсуіде көзге түседі.Қазір біз осы фанерозой эонының кайнозой эрасының ,төрттік немесе антропогендік кезеңінде өмір сүреміз.

Лек №2. Геологияның ғылыми-танымдық және шаруашылық маңызы.



1.Геология жаратылыстану ғылымдарырының ішіндегі ең жетекшілерінің бірі.

2.Геологияның шаруашылық өркендетудегі маңыздылығы.

Геология герек тілінен аударғанда “гео”-жер,”логос” ғылым деген мағына береді,яғни -жер турлы ғылым деген мағына бередін Геология-жаратылыстану ғылымдарының ішінде ең маңыздыларының бірі.Ол жердің құрлысын,құрамын,жаралу тегін, сол жер қыртысының сипатын, оны құрайтын минералдың тау жыныстарның жердегі тіршілік атауының пайда болуымен дамуын зерттейді.Геология ғылымы грек тілінен аударғанда “жер туралы ғылым” деген мағынаны береді .

2.Геологияның шаруашылық үшін маңыздылығын -Қазақстан жеріндегі геологияның дамуымен және Қазақстандағы геологияның ғылымының дамуымен сипаттауға болады.Қазақстан территориясындағы пайдалы қазбалар жайлы мәліметтер XVI ғысардың 2-ші жартысына тура келеді.

Үлкен сызба кітаптар келтірілген кейбір пайдалы қазбалардың көне өндіріс орындары 1701 жылы орыс зерттеушісі Семен Ремезов қарастырған.”Сібірдің сызба кітабы” атаулы еңбегінде көрсеткен.Ал республика территориясында геологиялық тұрғыдан пәрменді түрде зерттеу мәселелеріне келер болсақ,мұндай жұмыстар XVIII ғасырдың бірінші жартысына 1Петр патшаның құзырымен жүзеге аса бастаған.Бұл зерттеулер Ертіс өзені алабынан Зайсан көліне дейінгі аралықты,Тарбағатай және Жоңғар Алатау аралығын қамтыған . XVIII ғасырдың ортасынан бастап Ресей ғылым академиясы орыс географиялық ғалымдары негіздеп жасақталған дала экспедициясы Батыс Қазақстан территориясының географиялық жағдайын және географиялық

Лек№ 3.Минералдар.

Жоспар:


1.Минералогия.

2.Минералдардың физикалық қасиеттерге бөлінуі.

3.Минералдардың әр-түрлілігі.Минералдарды топтарға бөлу.

Минералогия-минералдар жайлы ғылым,ол табиғи минералдық агрегаттарды анықтаумен және жүйелеумен,олардың химиялық құрамын,құрылысын и және физикалық қасиеттерін ,сол сияқты минералдардың жаратылысын,жер қыртысына тән тау жыныстары мен рудалардағы таралу заңдылықтарын зерттеумен айналысады.

Минералдар дегеніміз-физикалық немесе химиялық тұрғыдан дербестелген,яғни физикалық молекулалар құрайтын ,жер қойнауларындағы химиялық әрекет өнімдері.Жер қыртысы әр-түрлі тау жыныстарынан құралса,сол тау жыныстары минералдардан тұрады.Минералогия шартты түрде екіге бөлінеді :1)Тектік минералогия ,2) Деректемелік минералогия ға бөлінеді.

Жер бетінде 2500 астам минералдар белгілі.Алғашқысы тау жыныстары мен рудалары рудалардағы минералдарды анықтау және оларды саралаумен айналысса ,екіншілері минералдардың химиялық құрамын ,құрылыс ерекшеліктерін,олардың жаратылысын және табиғи нысандағы таралуын,тау жыныстарымен рудалар құрамына кіру пішіндерін,минералдарды адам және қоғам өміріне пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді.

Табиғи минералдармен қатар бүгінгі таңда лабораториялық жағдайларға жасанды минерал кристаллдарын өсіру қолға алынуда.

Табиғи минералдар 2 топқа бөлінеді:органикалық және бейорганикалық минералдар. Органикалық минералдардың жаралу тегі органикалық тіршілікпен байланысты,оларға негізінен көміртегінен және оның қосындыларынан тұратын минералдардың жаралу тегі органикалық тіршілікпен байланысты, оларға негізінен көміртегінен және оның қосындыларынан тұратын минералдардың шағын тобы жатады(көмір,графит,таушайыр, шайыр, зәмзам, кәрібтас т.б.).Минералдардық түзілімдердің көпшілігі бейорганикалық қосындыларға жатады.


2.Минералдардың физикалық қасиеттерге бөлінуі.
Минералдардың қасиеттері:минералдардың қаттылығы, жымдастығы,түсі, жақпатүсі,жалтырлығы, меншіктік салмағы т.б. жатады.

.Минералдардың қаттылығы- негізінен минералдың кристаллдық тор ерекшеліктеріне байланысты бола отырып,олардың өздерінен қаттырақ денелер тарапына тигізілген механикалық әсерге қарсылық көрсете қабілеті.Минерал қаттылығы :сызат түсіру қаттылығы, енгізу қаттылығы, тегістеу қаттылығы болып бөлінеді.сызат түсіру қаттылығы Моос шкаласымен анықталады және минерал қаттылығын -склометр немесе микроқаттыөлшем деп аталатын приборлар көмегімен өлшенеді.

Моос шкаласы минералдан тұрады.Олар : 1.тальк,2.гипс,3.кальцит,4.флюорит,5.апатит,6.ортаклаз,7.кварцит,8.топаз,9.корунд,10.алмас.

Минералдың жымдастығы- минерал кристаллдарының айқын немесе жасырын жақтарына бойлас бағытта басқа бағыттарға қарағанда әлдеқайда жеңілрек даралану қабілеті.Минералдарадың бұл қасиеті олардың кристалдардың ішкі құрылыс ерекшеліктерінен туындайды.Жымдастық қабілетіне қарай минералдар 5 түрге бөлінеді:өте анық,анық,орташа, нашар және өте нашар.

Минераладардың түсі- төрт түрлі жағдайда анықталады.Олар:минерал үлгісінің түсі,минерал ұнтағының түсі,минералдың тастілімдегі түсі,шағылысқан жарықтағы түсі.Минералдың түсі көп жағдайда оларды дұрыс анықтаудың бірден-бір белгісі рөлін атқарады.Кейбір минерал түсі өз атын білдіріп тұрады.Мысалы -хлоит-жасыл(грекше-жасыл д.б.) родонит –күлгін-қызыл д.б.

Минералдың жұқпатүсі-минералды бисквитке жағыстыру нәтижесінде алынатын, сол минералдың ұнтағына тән түс ерекшелігі.

Минерал жалтырлығы- минерал кристалдарының жарық сәулелерінің сындыру(шағылыстыру) қабілетімен сипатталатын физикалық қасиет.Минерал бетінен шағылысқан жарық қарқынының қуаттылығымен анықталады.

Минералдың мөлдірлігі-жарық сәулесін өткізу қабілетімен анықталады.Мөлдірлік дәрежесі жағынан минералдар 3 топқа бөлінеді,олар-мөлдір минералдар(тау хрусталі,топаз,исландия шпаты); жартылай мөлдір минералдар( халцедон,замартас, киноварь); мөлдір емес минералдар( пирит,галенит,магнеитит)

Минералдың меншіктік салмағы-минерал салмағының сол минералдың көлемінеп қатынасымен өлшенетін шама.
3.Минералдардың әр-түрлілігі.Минералдарды топтарға бөлу.
Минералдар 11 сыныпқа бөлінеді,олар:табиғи таза (саф) элементтер;сульфиттер; галоидтар;тотықтар мен гидрототықтар;карбонаттар;сульфаттар;хроматтар;вольфроматтар мен молибдаттар; фосфараттар,арсенаттар және ванадттар;бораттар; силикаттар.

Табиғи минералдар 2 топқа бөлінеді:органикалық және бейорганикалық минералдар. Органикалық минералдардың жаралу тегі органикалық тіршілікпен байланысты,оларға негізінен көміртегінен және оның қосындыларынан тұратын минералдардың жаралу тегі органикалық тіршілікпен байланысты, оларға негізінен көміртегінен және оның қосындыларынан тұратын минералдардың шағын тобы жатады(көмір,графит,таушайыр, шайыр, зәмзам, кәрібтас т.б.).Минералдардық түзілімдердің көпшілігі бейорганикалық қосындыларға жатады.

Минералдар жеті элемент кіретін табиғи таза элементтер тобы және 1900-ден астам минералдарды біріктірген силикаттардан басқа бұл сыныптарға кіретіндерден тұрады.
Лек№ 4.Тау жыныстары.

Жоспар:


1.Тау жыныстарының құрылысы.

2.Тау жыныстарының нақышы.

3.Магмалық тау жыныстары,шөгінді тау жыныстары,метаморфты тау жыныстары.
Тау жыныстары деп жер қыртысындағы сан түрлі геологиялық денелерді құрайтын әр-түрлі минералдық агрегаттар жиынтығын атайды.Тау жыныстарын құруға қатысатын барша минералдар жиынтығы-жынысқұрушы минералдар деп аталады.Тау жыныстарының болмыс ерекшеліктерін анықтайтын жынысқұрушы минералдар болса, оның бітім ерекшеліктерін сипаттайтын ұғымдар тау жыныстарының құрылымы және тау жынысының нақышы .

Тау жынысының құрылымы дегеніміз өзін құрайтын минералдардың кристал дану дәрежесі ,кристалдары мен түйірлерінің мөлщері ме піші ні , олардың бір-бірімен дәнекерлесу сипати тұрғысынан әрбір тау жынысын ерекше даралайтын оның ішкі құрылыс ерекшелігі.Тау жынысының құрылымы ,оның минералдық құрылымы ,оның минералдық құрамы мен нақышы үшеуі біріге отырып ,сол тау жыныстарын анықтау мен жіктеу принцптерінің ең маңызды қасиеттері болып табылады.

Тау жынысының нақышы дегеніміз оны құрайтын минерал кристалдары мен тау жынысы түйірлерінің өзара орна ласу және даралану ерекшеліктерін ,олардың тау жынысы болмысын иемдену ретін сипаттайтын сол тау жынысының өзіне тән ерекшелігі болып табылады.Магмалық жыныстардың нақышы магма балқыасының кристал дану ерекшеліктерімен , сол балқыманың суынуы және кристалдануы барысында туындайтын процес тер әсерінен тау жынысы бөлшектену пішіндерімен анықтлады.Шөгінді жыныстардың алғашқы нақышы және туынды нақышы деген ұғымдар қалыптасқан,алғашқы нақышы дегеніміз- тау жыныстарының қалыптасу барысында айшықталатын болса, туынды нақыш дегеніміз- шөгіндінің қатты тау жынысына айналуы және оның болашақ өзгерістері кезінде қалыптасады.

Нақыштардың түрлері:шомбал, қат-қабатты нақыш,жік-жапсарлы нақыш, кеуекті нақыш, көпіршікті нақыш,ақпалы нақыш болып бөлінеді.

1.Шомбал нақыш дегеніміз- тау жыныстарының ретсіз орналасуының нәтижесінде пайда болған нақыштар түрі.

2.Қат-қабат нақыш дегеніміз-тау жынысы өзінің құрамы немесе құрылымы тұрғысынан ерекшеленетін әр-түрлі қабаттар жиынтығынан тұрады.

3.Жік-жапсарлы нақыш- метаморфтық тау жыныстарына тән ,тау жынысы бір-біріне бой ласа өрілген жіктері анық ерекшеленген нақыштар түрі.

4.Көпіршікті нақыш-лавалардың қатаюы кезінде олардың газ көпітшіктері иемденген қуыстары сақталып қалған жағдайда п.б. нақыштар түрі.

5.Кеуекті нақыш- тау жыныстарына әр-түрлі кеуктер ме қуыстар тән.

6.Ақпалы нақыш- лавалардың суынған ағыс іздерінің кристалдануы нәтижесінде туындайын нақыштар түрі.


3.Магмалық тау жыныстары,шөгінді тау жыныстары,метаморфты тау жыныстары.

Магмалық тау жыныстары магма балқымасының суынуы және қатаюы нәтижесінде қалптасады.Оларды,өздерінің жаралу тегіне орай ,екі түрге бөлінеді: магмалар жер беті не немесе су түбіне жетпей жанартаулар көиейінен лақылдай төгілген ыстық лавалардың тез суынып қатаюы жүзеге асқан жағдайда эффузиялық магмалық тау жыныстарын түзеді,ал магмалалар жер беті не немесе су түбіне жетпей-ақ ,жер қойнауының біршама тереңдіктері деңгейінде қатайып кристалданған жағдайында интрузиялық магмалық тау жыныстары пайда болады.

Шөгінді тау жыныстары дегеніміз- бұрыннан бар тау жыныстарының мұжылып үгілуі нәтижесінде босанған сынықтар мен түйірлердің өзінің Салман күші әсерінен ,ағын сулармен ,мұздық қозғалыстармен жел күшімен т.с.с. жаңадан шөгіну алабында п.б. магмалық тау жыныстары .

Сынықты жыныстар-жер бетінде ең жиі кездесетін тау жынысы болып табылып, қалыптасу кезеңі 2 кезеңнен тұрып,біріншісі-борпылдақ та болбыр шөгінділердің қалыптасу кезеңі ,екінші кезеңі –солардың есебінен қатты да шымыр тау жыныстарының қалыптасу кезеңдері б.т.

Метаморфтық тау жыныстары –жаңа жағдайлар әсерінен өзгерістерге ұшыраған,сөйтіп өзінің алғашқы қалыптасу кезіндегі құрамын немесе құрылыс ерекшеліктерін өзгерткен тау жыныстары.

Бұл өзгерістердің бастр себептері-жер қойнауындағы жоғарғы дәрежелі температуралар мен қысымдар ,тектоникалық қозғалыстар кезіндегі үйкелістер ,сол сияқты магма құрамына кіретін әр-түрлі химиялық заттардың ,яғни ыстық газдар мен гидротермальды ерітінділердің сол магмамен жапсарласқан тау жыныстарына тигізер әсері.

Лек№5.Кристаллография негіздері.

1.Кристаллография -кристалдар және кристалды заттар туралы ғылым.

2.Кристалдардың басты-басты қасиеттері.

3.Кристалл сингониялары.


1.Кристаллография -кристалдар және кристалды заттар туралы ғылым.

Кристаллография -кристалдар және кристалды заттар туралы ғылым.Ол геометриялық ,физикалық және химиялық кристаллограия болып үш түрге бөлінеді.

Геометриялық кристаллография симметриялар ,кристалдық денелердің піші ні және сол денелердің кеңістіктік торбар құруының геометриялық заңдылықтары жайлы ілімдерді біріктіреді.

Физикалық кристаллограия минералдардың физикалық қасиеттері мен олардың кристалдық құрылысы арасындағы байланыстарды зерттейді.

Химиялық кристаллография-кристалдардың құрылыс заңдылықтарын және олардың құрылысы мен химиялық құрамы арасындағы байланыстарды анықтайды.

Кристалл-қарапайым бөлшектері кеңістіктік қырлар мен кристалдық торлардың геометриялық заңдылықтарына сәйкес реттеле орналасқан дене.Кристал дар ерітінділер мен балқымалар есебінен немесе заттардың газсығымдалу және қатты күйінде қайтадан крисалдану процестері нәтижесінде қалыптасады.

Кристалдық құрылым дегеніміз кристалдарды құрайтын барша бөлшектер жиынтығының -атомдары,иондары, молекулалардың-кеңістіктегі орна ласу болмысы.

Табиғи минералдық заттарға тән үш түрлі кристалдық торлары болуы мүмкін :1)атомдық тор; мұндағы кристалдық тор түйірлеріне атом дар орналасқан,2) иондық тор түйіндерін бондар иемденеді,3) молекулалық торларға жататын торлардың түйірінде молекулалар орын тебеді.

2.Кристалдың басты-басты қасиеттері.

Кристалдың шектелу элементтері.Кристалдың басты-басты қасиеттері.

Әрбір нақтылы кристалл болмысында -кристалдың ұштарына ,кристалл қырларына, жайпақ жазықтар- кристалл жақтарына сәйкес келеді.Осы 3 түсінік ,яғни кристалл жақтары, кристалл қырлары және кристалл ұштары сол кристалдың шектелу элемент тері деп. аталады,нақ осы элементтер кез-келген кристалдың геометриялық яки кеңістіктік болмысын анықтайды.

Кристалды заттарға 3 түрлі өте маңызды қасиеттер тән, олар-біртектілік,анизотроптық және өздігінен шектелу қабілеті.

Кристалды заттардың біртектілігі нақты кристалдың кез-келген өңірінің бір ғана қасиетті иемденумен сипатталады,яғни ол өзінің бүкіл көлем аумағында біртекті болып келеді.

Анизатроптық(мегземелілік)- біртекті денелердің бойлас бағытта бір-ақ өзге бағыттарда өзгеше қасиеттерді иемдену қабілеті.Анықтай айтқанымызда -кристалдағы элементті бөлшектер оларға тиесілі торбар өңіріндегі бойлас қатарлар бойымен теңдес түрде орналасқан,сондықтан кристалдың осы бағыттағы қасиеттері де бірдей мөлшермен сипатталуы тиіс.Кристалды денелердің құрылымсыз денелерден бір ден- бір айырмашылығы ең алдымен олардың анизатроптық қасиеттерімен айқындалады.

Кристалдың өздігінен шектелу қабілеті- өздерінің өсуіне бүкіл қолайлы жағдайлар туындай қалғанда,яғни и өз есебінен кристал дар қалыптастыратын заттардың толық жеткіліктілігімен және кристалл өсуінің ешбір механикалық немесе бақадай да кедергілер болмауымен сипатталатын ореада сол кристалдардың көпжақты пішіндері иемденуіне икемділік қабілеті.Кристалдың бұрынғы аталған 2 қасиеті-біртектілік пен анизатроптық-кейбір құрылымсыз денелерде де некенсаяқ ұшырасуы мүмкін, бірақ ешбір құрылымсыз дене өздігінен шектелу қабілетін иемдене алмайды, яғни бұл қабілет тек қана кристалды денелерге тән.Құрылымсыз заттан ( мысалы, шыныдан) дайындалған шағын шарды сол шыны балқымасынан толық қамтамасыз еткен жағдайда ол бірте-бірте көпжақты пішіндерге иеленуге бейім.

Кристалдардың тағы бір тамаша қасиеті- оларға тән симметрия элементтерінің тән болуы.Кристалдық симметрия дегеніміз кристалл мүсінін құрайтын тебе-тең бөлшектерінің , не болмаса кристалдың шектелу элементтерінің( қырларының, жақтарының,қосжақты бұрыштарының)сол кристалл болмысының нақтылы бағытында заңды түрде қайталану қабілеті.


3.Кристалл сингониялары және олардың қысқаша сипаттамасы.

Сингония дегеніміз бір немесе бірнеше бірдей симметрия элементтерімен сипатталған,кристаллографиялық өсінің орналасуы да бірдей симметрия түрлерінің жиынтығы. Мұндай сингониялар жетеу,олар 3 категорияға-төменгі,ортаңғы және жоғарғы категорияларға бөлінеді.Төменгі категория 3 сингонияны (триклинні,моноклинді және ромбылы),ортаңғы категория да 3 сингонияны (тригонды, тетрагонды және гексагонды),ал жоғарға категория жалғыз-ақ сингонияны (текше сингония) біріктіреді.

Симметрия түрлерінің атауларында әдетте грек сөздерінің элементтері ұшырайды.Мысалы бұл сөздердің баламалары төмендегідей: моно-бір; ди(би)-екі; тетра-төрт; пента-бес; окта-сегіз т.с.с.
Лек№6.Минералогия негіздері.

1.Минералогия –минералдар жайлы ғылым.

2.Минералдардың физикалық қасиеттері.

3.Моос шкаласы.

Минералогияны шартты түрде тек тік және деректемелік минералогияға бөлуге болады.Минералогия-минералдар жайлы ғылым,ол табиғи минералдық агрегаттарды анықтаумен және жүйелеумен,олардың химиялық құрамын,құрылысын и және физикалық қасиеттерін ,сол сияқты минералдардың жаратылысын,жер қыртысына тән тау жыныстары мен рудалардағы таралу заңдылықтарын зерттеумен айналысады.

Минералдар дегеніміз-физикалық немесе химиялық тұрғыдан дербестелген,яғни физикалық молекулалар құрайтын ,жер қойнауларындағы химиялық әрекет өнімдері.Жер қыртысы әр-түрлі тау жыныстарынан құралса,сол тау жыныстары минералдардан тұрады.Минералогия шартты түрде екіге бөлінеді :1)Тектік минералогия ,2) Деректемелік минералогия ға бөлінеді.

Жер бетінде 2500 астам минералдар белгілі.Алғашқысы тау жыныстары мен рудалары рудалардағы минералдарды анықтау және оларды саралаумен айналысса ,екіншілері минералдардың химиялық құрамын ,құрылыс ерекшеліктерін,олардың жаратылысын және табиғи нысандағы таралуын,тау жыныстарымен рудалар құрамына кіру пішіндерін,минералдарды адам және қоғам өміріне пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді.

Табиғи минералдармен қатар бүгінгі таңда лабораториялық жағдайларға жасанды минерал кристаллдарын өсіру қолға алынуда.

Табиғи минералдар 2 топқа бөлінеді:органикалық және бейорганикалық минералдар. Органикалық минералдардың жаралу тегі органикалық тіршілікпен байланысты,оларға негізінен көміртегінен және оның қосындыларынан тұратын минералдардың жаралу тегі органикалық тіршілікпен байланысты, оларға негізінен көміртегінен және оның қосындыларынан тұратын минералдардың шағын тобы жатады(көмір,графит,таушайыр, шайыр, зәмзам, кәрібтас т.б.).Минералдардық түзілімдердің көпшілігі бейорганикалық қосындыларға жатады.
2.Минералдардың физикалық қасиеттерге бөлінуі.
Минералдардың қасиеттері:минералдардың қаттылығы, жымдастығы,түсі, жақпатүсі,жалтырлығы, меншіктік салмағы т.б. жатады.

.Минералдардың қаттылығы- негізінен минералдың кристаллдық тор ерекшеліктеріне байланысты бола отырып,олардың өздерінен қаттырақ денелер тарапына тигізілген механикалық әсерге қарсылық көрсете қабілеті.Минерал қаттылығы :сызат түсіру қаттылығы, енгізу қаттылығы, тегістеу қаттылығы болып бөлінеді.сызат түсіру қаттылығы Моос шкаласымен анықталады және минерал қаттылығын -склометр немесе микроқаттыөлшем деп аталатын приборлар көмегімен өлшенеді.

Моос шкаласы 10 минералдан тұрады.Олар : 1.тальк,2.гипс,3.кальцит,4.флюорит,5.апатит,6.ортаклаз,7.кварцит,8.топаз,9.корунд,10.алмас.

Минералдың жымдастығы- минерал кристаллдарының айқын немесе жасырын жақтарына бойлас бағытта басқа бағыттарға қарағанда әлдеқайда жеңілрек даралану қабілеті.Минералдарадың бұл қасиеті олардың кристалдардың ішкі құрылыс ерекшеліктерінен туындайды.Жымдастық қабілетіне қарай минералдар 5 түрге бөлінеді:өте анық,анық,орташа, нашар және өте нашар.

Минераладардың түсі- төрт түрлі жағдайда анықталады.Олар:минерал үлгісінің түсі,минерал ұнтағының түсі,минералдың тастілімдегі түсі,шағылысқан жарықтағы түсі.Минералдың түсі көп жағдайда оларды дұрыс анықтаудың бірден-бір белгісі рөлін атқарады.Кейбір минерал түсі өз атын білдіріп тұрады.Мысалы -хлоит-жасыл(грекше-жасыл д.б.) родонит –күлгін-қызыл д.б.

Минералдың жұқпатүсі-минералды бисквитке жағыстыру нәтижесінде алынатын, сол минералдың ұнтағына тән түс ерекшелігі.

Минерал жалтырлығы- минерал кристалдарының жарық сәулелерінің сындыру(шағылыстыру) қабілетімен сипатталатын физикалық қасиет.Минерал бетінен шағылысқан жарық қарқынының қуаттылығымен анықталады.

Минералдың мөлдірлігі-жарық сәулесін өткізу қабілетімен анықталады.Мөлдірлік дәрежесі жағынан минералдар 3 топқа бөлінеді,олар-мөлдір минералдар(тау хрусталі,топаз,исландия шпаты); жартылай мөлдір минералдар( халцедон,замартас, киноварь); мөлдір емес минералдар( пирит,галенит,магнеитит)

Минералдың меншіктік салмағы-минерал салмағының сол минералдың көлемінеп қатынасымен өлшенетін шама.

3. Моос шкаласы.

Минерал қаттылығы :сызат түсіру қаттылығы, енгізу қаттылығы, тегістеу қаттылығы болып бөлінеді.сызат түсіру қаттылығы Моос шкаласымен анықталады және минерал қаттылығын -склометр немесе микроқаттыөлшем деп аталатын приборлар көмегімен өлшенеді.

Моос шкаласы 10 минералдан тұрады,бұлар өздерінің сызат түсіру қаттылығының көрсеткіштері бірте-бірте өсе беретін тізбек құрай отырып,минералдардың салыстырмалы қаттылығын анықтауда байырғы төлнұсқа рөлін атқарады.

Моос шкаласы 10 минералдан тұрады.Олар : 1.тальк,2.гипс,3.кальцит,4.флюорит,5.апатит,6.ортаклаз,7.кварцит,8.топаз,9.корунд,10.ал-мас.Минералдың бір мен он сандарының аралығында бүтін санмен белгіленген салыстырмалы қаттылығын анықтау үшін жоғарыда келтірілген минералдардың қайсысы оған сызат түсіре алатындығын және зерттелмек минералдың өзі қандай төлнұсқаны сыза алатындығын анықтайды.

Минералдың қаттылығы орлардың сызат түсіруге көрсететін қарсылығы тұрғысынан ғана анықталады, яғни бұл орайда минералдың ұрғылап уатуға деген қарсылығы жайлы ұғым қалыптаспауы тиіс.Мысалы ,болат балға көмегімен алмас кристалын тас-талқанын шығаруы мүмкін,бірақ алмас кристалы болатқа оңай сызат түсіре алады.

Моос шкаласындағы төлнұсқа минералдар 1 мен 10 аралығында бүтін сандармен белгілене отырып,өздерінің салыстырмалы қаттылығының өсуі немесе төмендеуі тұрғысынан ғана зерттеледі.


Каталог: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет