Лекция: 45 сағ. Практикалық (семинар) сабақ: 15 сағ. СӨЖ: 60 сағ. Обс¤Ж: 60 саѓ. Барлық сағат: 180 сағ



бет4/22
Дата28.04.2016
өлшемі3.86 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

-қарама-қайшылықтар жүесін ғана емес, сонымен бірге оларды шешу әдістемесін негіздеу керек. Педагогикалық процестің мақсаты оқушылар тұлғасын қалыптастыру болады. Демек, бірінші және негізгі қарама-қайшылықтар тобы-бұл даму үстіндегі тұлғаның қарама-қайшылықтары. Бұл педагогикалық процестің қарама-қайшылықтар тобын психологтар жеткілікті дәрежеде жақсы зерттеген. Олардың санына Г.К.Костюк келесі қарама-қайшылықтарды жатқызады:

  • жаңа қажеттілік, мүдделер, ұмтылушылық пен тұлға мүмкіншілігінің жеткен даму деңгейі арасындағы;

  • жаңа ғылымдардың міндеттерінен бұрын қалыптасқан ойлау тәсілдері мен іс-әрекет тәсілдері арасындағы;

  • тұлға дамуындағы жеткен деңгейі мен оның өмір сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын оның орны, атқаратын қызметі арасындағы;

  • жақсы жетістіктерге ұмтылушылық пен қиыншылықты жеңе алмайтындық қорқынышы арасындағы;

  • дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жетіспеуі арасындағы;

  • мақсаттылық, стереотиптік (еліктеушілік), тұрақтылық пен ширақтылық, өзгергіштікке ұмтылушылық арасындағы;

  • тұлғаның ерікті әрекет пен қоғамдық қажетті іс-әрекет арасындағы:

М.Ю.Красовицкийдің зерттеулерінде көрсетілгендей, оқушы ұжымының тәрбиелік ролі қоғамдық пікір арқылы жүзеге асады, онда құндылық бағыттың жүйесі белгіленеді.Бірақ керекті тәрбиелік деңгейдегі қоғамдық пікірлер ұстаздардың аса қадағалауы мен қамқорлықтарын талап етеді.Оны қалыптастыру барысында мұғалім балалар ұжымын қалай даму үстінде екендігін, оған дамудың қандай қайшылықтары тән екендігін ескерімейінше болмайды.Олардың қатарына келесі қайшылықтарды жатқызуға болады:

-ұжым мүддесімен индивидтің жеке мүдделері арасында;

-индивидтердің бірлесуге ұмтылушылығы мен тұлғаның өзінің тәуелсіздігіне өз еркімен безбеуі арасындағы;

-тұтас еріктілігі мен ұжымның тәртібіне бағыну қажеттілігі арасындағы;

-ұжымның талаптары мен тұлғаның тілектері арасындағы;

  • ұжымдағы пайдалы әдеттерінің қажеттілігі мен формализм қауіптілігі арасындағы;


Бастапқы ұжым ұйымының қажеттілігімен топтың бөлініп шығуы қауіптілігі арасындағы.Тұлға дамуындағы қайшылықтарды білу жеткілікті дәрежеде әдісін біліп педагогикалық әрекетін жұмыс жемісін жасауға мүмкіндік береді, ол оқушыларға дербес тәуелсіздікке, өз орнын табуға ұмтылушылдықтағы оның формалары мен әдістерін табуға көмектеседі. (Г.К.Костюк). Дұрыс педагогикалық басшылық жасай алынбаса қайшылық шешілмейді, тұйыққа кіргізеді, әкеледі, ол бұл әдетте қатты даужанжалға әкеледі, дамуда тоқырауларға әкелетін кейбір үзілістер пайда болады.Ұстаз көрсетілген жүйенің бір бөлігі ретінде өзінің міндеті етіп оқушыға пайда болған танымдық міндеттер мен оның өзінің ойлау тәсілдерінің және іс-әрекеттері арасындағы, қайшылықтарды оны оқушы пайда болған қиыншылық ретінде субъективті қабылдайды және жеңуге көмектеседі.Қайшылық оқушылар ұжымы жүйесінде пайда болғанымен оларды шешу одан жоғары деңгейдегі “сынып ұстаздары – сол сыныптың оқушылар ұжымы” жүйеде шешілуі мүмкін.Сонымен бірге қайшылықтардың бір бөлігі пән мұғалімдерінің оқушылардың коллективтік танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысындағы күш жұмсауы барысында шешілуі мүмкін. (М. С. Виноградова, Н. С. Дежникова, В. В. Котов, И. Б. Лийметс, В. Б. Первин, Н. : Хан және т.б.).
3. Педагогикалық процесті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру .
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту-тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыруға бағыт береді.Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер арқылы педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға болады.Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, ол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибенің өсіп келе жатқан мұрагерлердің меңгеруіне байланысты. Демек, тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады, әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі барысында қалыптасатын қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары. Осыдан педагогикалық процестің мынадай заңдары болуы мүмкін:

-бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері-тек қана өзінің белсенді творчестволық шығармашылық іс-әрекетінің арқасында ғана бола алады;

-индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын белгілі бір әлеуметтік-азаматтық дәрежесі бар (барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі тұлға ретінде дамуы, әлеуметтену процесі барысында, әлеуметтік белсенділік кеңістігінің бірте-бірте қеңеюі барысында жүзеге асады);

-ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған, бірлесіп бөлінген іс-әрекеттері педагогикалық процесске қатысушылардың әрбірін және барлығын жетістіктермен қамтамасыз етеді.Әлеуметтік жүйе сияқты педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді, бірақ ішкі белсенділік пен өзін- өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенің бір түрлілігі сияқты педагогикалық процесте солардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н. Т., Афанасьев В. П., Блауберг И. В., Садовский В. Н. т.б)



  • қоғамның ұсынуымен жүйенің жалпы мақсаты, оның қызмет атқаруы тиімділік сипат әкеледі;

  • жүйе өзара байланыстағы және өзара тәуелді элементтерден (компоненттерден) бөліктерден тұрады;

  • жүйе тиым салушылық әкелетін арада өмір сүреді

  • жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оған қызмет істелуі мен тұрақтылықты қамтамасыз етеді;

  • жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы мен ортамен байланысын көрсетеді;

  • жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;

  • жүйе басқару орталығы арқылы басқаруындағы көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі тек қана сипаттауға болатындығын, бірақ егер басқалардың арасында оның орнын анықтап және “ұстаздар- оқушылар” жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері туралы анық ұғым болғанда қалай әрекет етіп шешім қабылдау қиын.

Процесс (латынның processus- қозғалыс алға басу) 1) жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген “процесс” деген ұғымның мағынасын “ұстаздар- оқушылар” жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білу керек. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстармен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтармен байланысты.


2 – тақырып
ҒЫЛЫМИ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ.

Қарастырылатын мәселелер:


  1. Ғылыми -зерттеу әдісі “ ұғымы.

  2. Болмысты ғылыми танудың әр түрлі әдістері

  3. Зерттеудің эксперименталды –эмпирикалық әдістері.

  4. Теориялық деңгей әдістері


1. Ғылыми-зерттеу әдісі ұғымы.

“Методология ” грек тілінен аударғанда “әдіс туралы ғылым” деген мағынаны береді. “Метод” “әдіс” термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология зерттеу процесі туралы ілім ретіндеде түсіндіріледі. Ғылыми методологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақты ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігіне назар аударды. Гегель әдісі дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсету.

Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз қозғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарының деректерімен толық сәйкестік барын көреді. Диалектикалық әдіс таным процесі арқылы заттар және олардың ойша (идеалды) бейнесі, яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың органикалық бірлігі мен өзара байланысында материалдық шындықтың заңдылықтарын ашады.

Педагогикалық методологияның мәні әр түрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады. Қазіргі педагогика методологиясының пәні болып педагогикалық құбылыстар мен оның нәтижесі – педагогикалық білімдер жүйесін зерттеу процесі екендігі анықталған. Методологиялық білімдер жүйесінде: педагогика пәні, педогогиканың категориялары , педогогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысты, педагогика ғылымдарының жүйесі; педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педагогиканың анықтамалы- терминдік жүйесі жатады.

Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді:


  • тақырыпты үйлестіре (дифференцировать) және оның көкейкестілігін дәлелдей біледі;

  • ғылымдағы тақырыптың зерттелу жағдайын және пайда болған қайшылықтарын анықтай білуде оларды тәжірибеде піскен сұрақтардың, жасалған теорияларды;

  • зерттеу нысанасын, талдамаларды үйлестіре біледі;

  • мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын ), нысана, зерттеу пәнін анықтай алады.




  1. Болмысты ғылыми танудың әр түрлі әдістері.

Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты – ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді. Кейде әдіснаманың философиялық және нақты – ғылыми деңгейлері теңдестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндіктері мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материалистік диалектика ғана анықтай алады. К. Поппердің әдіснамалық тұжырымында, Т. Кунның ғылыми революциялар теориясына, Ст. Тулминнің ғылыми білім дамуының тарихи мақсатына, И. Лакатостың ғылыми – зерттеу бағдарламаларының концепциясына көп көңіл бөлінуде, олар ғылым тарихымен тығыз байланыста болып, ғылымның неопозитивистік мақсатын сынға алады.

Қазіргі ғылыми – педагогикалық және әдіснамалық зерттеулер ғылыми білімнің жалпы құрылысында ерекше орын алып, диалектикалық материализмнің дамуына белгілі бір әсер етіп отыр. Бұл ретте әдіснамалық зертттеулер әр түрлі философиялық мектептер мен бағыттар негізінде жүзеге асырылады.

Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды. Кез – келген мұндай теория зерттеу әдісі қызметін атқара алады, басқа теориялардың құрамды бөлігі болып табылады.

Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді.

Ғылымның қазіргі әдіснамасы, соның ішінде педагогикалық әдіснама да, теорияның негізін құрайтын бірнеше коипоненттерден тұрады: а) фактологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; б) теорияның логикасы мен құрылысы; в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; г) педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелінген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты.


  1. Зерттеудің эксперименталды –эмпирикалық әдістері.

Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды –эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empieria - тәжірибе).

1. Бақылап – зерттеу – заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылап – зерттеуге, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылап – зерттеу шарттары, сондай- ақ бақылап – зертттеу құралдары – видеоаспаптар, аспап құралдар мен өлшеу құрал – саймандары.

Зерттеу барысында бақылап – зерттеу түрлерінің әр алуан жіктемесін ажыратуға болады:

- тікелей бақылап – зерттеу, мұғалім зерттеуші оқу – тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелейкуәгер бола тұра бейтарап адам; мұғалімнің зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілерретінде кіргізілуі. Оның рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;

- жанама бақылап – зерттеу, ол тікелеу бақылап - зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;



- жасырын немесе елеусіз бақылап зерттеу тұйық теледидар және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі.

Оқушылар мен мұғалімдердің бір бірімен оңаша кездегі мінез – құлқы оларды бөтен біреулер бақылап отырған мінез – құлқынан әлдеқайда өзгеше болады;

- үздіксіз бақылап – зерттеу оқыту процесін, екі – үш оқушыны сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс – оқу – тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез – құлқын зерттеу үшін қолданылады;

- дискретті бақылап – зерттеу объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап – зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап – зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;

- монографиялық бақылап – зерттеу бір адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданылады;

- бір затты бақылап – зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап – зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде, қолданылады;

- бақылап – зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады.

2. Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялық, оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады.

Педагогиканы зерттеулерде эксперименттің ойдағы эксперимент деген түрі болады, алайда оны эксперимент деп шартты түрде ғана атайды, өйткені эксперимент дегеніміз тәжірибе, практика.

3. Сұрақ – жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты “субъект - субъект” жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады.

Сұрақ – жауап әдісінің мынандай түрлері бар:

а) әңгіме – сұхбат,

ә) сұхбат - әңгіме,

б) анкета.



4. Мұғалімдердің, жаңашыл – педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты. Тәжірибе дегеніміз – педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық – педагогикалық іс - әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик – мұғалімнің тәжірибелілігі.

5. Эмпирикалық әдіс әдіс ретінде дәрігерлік – педагогикалық тексеру медикалық – педагогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты. Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқушылар әр түрлі ғылыми мамандар тексеруінен өтеді.

6. Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу - зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды – даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі.

7. Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу - әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп берулері, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады.



  1. Теориялық деңгей әдістері

Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп – салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.

Теориялық деңгей әдістері:

    1. Әдебиет көздерін зерттеу;

    2. Талдау мен синтез;

    3. Абстракциялау (дерексіздендіру) екі түрі бар:

а) талдап қорыту,

ә) жекелеп бөлу.



    1. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері;

    2. Ұқсастыру әдісі;

    3. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі.

    4. Болжау әдісі.

    5. Математикалық және статистикалық әдіс;

3 – тақырып

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЖӘНЕ ДАРА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ОЛАРДЫ ОҚУ– ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ЕСЕПКЕ АЛУ.
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Оқушылардың тұлғалық дамуындағы жас ерекшеліктері, оларға

сипаттама.

2. Оқушыларлдың дербес ерекшіліктері.

3. Акселерация құбылысы.

1. Тәрбие және балалардың жас ерекшеліктері.

Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмысының мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзінде асырылады.

Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске алу қажетті шарттардың бірі.

Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері әлі де болса біріңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетті. Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып жүр. Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс бездерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты, ал кейбіреулер адам жасын тіс аттарына қарап топтастырады.

Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының пікірлері бойынша, балалардың жас ерекшеліктерін организмдегі қайсы бір мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл қасиеттерді балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде болып отыратын бойдың өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың заңдылығын осылай дәлелдегісі келеді. Бірақ ол балалардың психикалық дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.

Біздің елдің ғалымдары – педагогтары балаларды тәрбие және білім беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі. Мысалы, ясли жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындғы балалар т.б. Балаларды осылай сатыға бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған. Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық дәлелденбеген.

1965 жылы сәуір айында Мәскеу қаласында бүкіл дүние жүзілік симпозиум болды. Симпозиум жұмысына КСРО, Англия, Болгария, Польша, Чехословакия және Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатымен симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.

1. Жаңа туған бала 1күннен 10 күнге дейін

2. Емшек жасындағы бала 10 күннен 1 жасқа дейін

3. Ерте балалық шақ 1 жастан 3 жасқа дейін

4. Бірінші балалық шақ 4 жастан 7 жасқа дейін

5. Екінші балалық шақ 8 жастан 12 жасқа дейін (ер балалар)

8 жастан 11 жасқа дейін (қыз балалар)

6. Жеткіншектік жас 13 - тен 16 жасқа дейін (ер балалар)

12- ден 15 жасқа дейін (қыз балалар)
7. Жасөспірімдік шақ 17 – ден 21 жасқа дейін (ер балалар)

16 – дан 20 жасқа дейін (қыз балалар)

8. Кәмелеттік жастың бірінші кезеңі 22 – ден 35 жасқа дейін (ерлер)

21 – ден 35 жасқа дейін (әйелдер)

9. Кәмелеттік жастың екінші кезеңі 36 – дан 60 жасқа дейін (ерлер)

36 – дан 50 жасқа дейін (әйелдер)

10. Кексе жас 60 – дан 74 – ке дейін (ерлер)

56 – дан 74 – ке дейін (әйелдер)

11. Қарттық жас 75 – тен 90 – ға дейін

12. Ұзақ жасау 90 жас және одан жоғарылар.

Соңғы жылдары симпозиумда қабылданаған жас кезеңдерінің схемасына, яғни туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейін өзгерістер кіреді. Олар жеті сатыдан тұрады.

1. Жаңа туған бала (туған сәттен 1 – 2айға дейін).

2. Нәрестелік шақ ( 1- 2 айдан 1 жылға дейін).

3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін).

4. Мектепке дейінгі балалық шақ ( 4 жастан 7 жасқа дейін).

5. Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11 – 12 жасқа дейін).

6. Жеткіншектік шақ (11 – 12 жастан 14 – 15 жасқа дейін).

7. Жасөспіроімдік жас (14 – 15 жастан 17 жасқа дейін).

Мектепке балаларды алты жастан бастап қабылдауға байланысты төрт , бес, алты және жеті сатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Осы жас кезеңдерінің әр бір жанұямен, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және мектептер басшылыққа алады. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары. Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншектік және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсу, даму және тәрбие барысынды болатын кейбір өзгешеліктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып, мектеп және жанұя олардың іс - әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру тиіс.

Мектепке дейінгі балалық шақ. Бұл жастағы балалар күнделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек, бұлшық ет жүйесі ұзақ уақытты еңбекті көтермейді. Сондықтан ата – аналар балалардың күш – қуатын еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте – бірте үйрету тәсілдері арқылы жаттықтыруы қажет.

Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс - әрекеті ойын. Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көрінеді. Бірінші сыныпқа келіп түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалімде, ата – аналардың өздері де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынталы, сөз қоры мен тіл дамуының даму дәрежесі, табиғат және адамдар жөніндегі бірсыпыра мәліметтерді білу, дененің жетілуі т.б.



Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады, сүйек жүйесі қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жарық шарының функциялары дамиды. Бұл жастығы балалардың іс - әрекеті - оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі дамиды. Н.К.Крупская және А.С Макаренко 7 – 12 жастағы балалар үшін әсіресе ұжымдық ойындардың маңызын атап көрсетті. Олардың айтуы бойынша ойын балаларды ептілікке, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды, ол жолдастық сезімге, ұжым мүддесіне үшін әрекет жасауға тәрбиелейді.

Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор. Тәрбие процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады. Мысалы, өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттері мен істерін көре алмаушылық, түрлі болымсыз себептерді сылтау етіп үй тапсырмаын орындаудан қашушылық т.б., балалардың мұндай теріс қылықтарына жол бермеу, тәрбиешілердің, ата – аналардың беделіне, біліміне, өмір тәжірибесіне байланысты.

Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың мынандай ерекшеліктерін еске алған жөн: сөз бен істің сәйкесті болуын талап етеді; жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімі туады; үлкен адамдардың жіберген қателерін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл келеді; сенімді серік іздейді; өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалайды; түрлі спорт ойындарында өте ықыласты болады т.б.

Жеткіншектік шақ. Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі немесе қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқтық емес. Н.К. Крупская бұл ең тынышсыз, ең қиын, ең қызба жас деп атап көрсетеді.

Жасөспірімдік шақта жастардың организмі – қаңқасы мен бұлшық еттері, ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшық еттері мен жұмыс қабілеті үлкендердің нормасына жақындайды. Бұл кезеңде жастар Отан, қоғам алдында тұрған әлеуметтік – саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерінің келешек мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамандыққа ықыласының бірте – бірте қалыптасуы түрлі іс - әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады.
2. Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері.

Әрбір баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде байқалады. Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адам бойындағы мінез – құлық, темперамент, қабілет сияқты қасиеттер жатады. Нерв жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез – құлығының, темпераментінің, қабілетінің табиғи негізін құрайды. Дербес қабілеттердің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты. Ал дара қабілеттер адамның айналаны қоршаған дүниемен өзара әрекеттесу процесінде қалыптасады. Әр бір адамның өзіне тән қасиетерін қалыптастыру мен дербес ерекшеліктерін дамытуды жан – жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Тәрбие баланың дамуына ықпал жасап қана қоймайды, ол үнемі даму дәрежесіне сүйенеді. Тәрбиенің міндеті “ең таяу даму зонасын” жасап, оның келешекте “көкейтесті даму зонасына ” айналуын қамтамасыз етеді.

Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез – құлқына сәйкес жете білуі қажет. Мәселен, нерв жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алмай, тәрбие процесін психологиялық негізде ұйымдастырып іс – жүзінде аыру мүмкін емес. Жеке адамның дүниенің сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.

Темперамент деп – жеке адамның қылығы мен түрлі іс - әрекеттерінен көрінетін меншікті дара өзгешелігін атайды. Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды. Холерик – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, тұрақты болады. Ол белсенді, іске шапшаң кірісіп, аяқтап шығады. Бірақ сезім жүйелері ауытқып тез көтерілетін шыдамсыз, өкпелегіш және ашуланғыш болып келеді. Сангвиник – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, бірақ көп тұрақтанбайды. Ол қызулы, жеңілтек келеді, бір немесе бірнеше іске бірдей кіріседі, іс үстінде тез суып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Уәдені көп беріп, кейде оның орындаудан бас тартады. Меланхолик- эмоциялық қозуы шабан, күшті, тұрақты. Ол момақан, тұйық, жасқаншақ, мінезі баяу, көңілі жабырқау, кейде үрейленіп жүреді. Өзін ұжымнан оқшау ұстаиды, іске бірден кіріспейді, бастап кетсе, аяқтап шығады. Флегматик – эмоциялық қозуы әлсіз. Ол байсалды, сылбыр мінезді, орнықты, кісімен араласпайды, тыныштықты сүйеді, іске өте баяу кіріседі, бірақ тиянақты орындайды. Темперамент типтері психология курсында толық қарастырылады.

Мұғалім сабақ үстінде, тәрбие барысында балалардың мінез – құлықтарын ескеріп, темпераментін тәрбиелейді. Мыслы, сангвиник баланың іс - әрекетін үнемі бақылап, берген тапсырманы негізінде орындалуын қадағалап отыруы керек болса, ал меланхоликті белсенділікке, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу қажет.

Оқушылардың түрлі іс - әрекеттерін жүзеге асыру үшін, олардың барлық ықтимал мүмкіндіктерін іске қосу керек. Осыған орай, тәрбиеші мына жағдайларды ескеруі қажет:

- кейбір баланың өз мүддесін ғана ойлауын ғана болдырмау, өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыра білуге үйрету; баланы әр түрлі жағдайда болатын өзгерістерді басынан өткізе білуге баулу; баланы өмірді даму күйінде көре білуге үйрету, т.б.

3. Акселерация құбылысы.

ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың басынан дүние жүзіндегі көптеген елдердің ғалымдары балалардың дене және психикалық дамуының тездеуін – акселерация құбылысы деп атап көрсетті. Демек, акселерация физиологтардың, педагогтардың зерттеу объектісіне айналды.

Акселерация құбылысы тұрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншектік шақтағы балалардың бойы биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез жетілген оганизм ауруға, суыққа және дене салмғына төзімсіз келетіндігі бірте – бірте анықталуда. Ер жетуге дейінгі ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осындай тез өсетін организмде жүрек – тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да өзінің міндеттерін атқара алмайды.

Зерттеулердің куаландыруына қарағанда дененің дамуы мен жыныс мүшесінің жетілуі тездейді. Ал баланың психикалық жетілу деңгейі артта қалады. Осыған орай, ер немесе қыз бала қоғам, жанұя алдындағы өзінің борышын, ар – намысын міндеттерін толық жауапкершілікпен түсіне бермейді. Сондықтан да олар жанұя құруға материалдық және моральдық жағынан әлі дайын емес. Бұл мәселені ата – аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер ерекше ескертулері керек, өйткені 17 –18 жасқа толған жастар арасында ерте үйленушілік әдетке айналуда.

Қазіргі кезеңде акселерация жайлы әртүрлі жорамал ойлар бар. Акселерация күн радиациясымен байланысты, сондықтан организм витаминдерді тез синтездейді деген пікір айтылуда. Егер олай болса акселерация құбылысы неге терістік аудандарда байқалады? Не себепті күн астында көп жүретін село балалары қала балаларына қарағанда баяу өсіп жетіледі? Кейбіреулер акселерация құбылысын мал майлары мен белоктағы тағамдар арқылы көбірек пайдаланудан деп түсіндірелі. Олай болса, мал майлары мен белоктарды бірнеше рет аз мөлшерде пайдаланатын Жапония балаларының тез өсіп жетілуін қалай түсіндіруге болады.Акселерация космос және радио тербеліс толқыны дәрежесімен, ақпарат тасқынымен байланысты деушілер де бар.

Әрине, акселерация құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды шығару ертерек. Өйткені, бұл әлі де жан – жақты зеттеуді қажет ететін проблема. Дегенмен акселерацияға байланысты кейбір мәселелердің дұрыс шешілуі ойластырылуда. Мысалы, мектеп мебельдерінің , сырт және аяқ киімдерінің үлгілері , дене шынықтыру мен жаттықтыру комплекстерінің қайта қаралуы т.б. Сонымен бірге акселерация құбылысының ақыл – ой дамуына да ықпал жасайтындығы байқалуда.


4 - тақырып

МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ –ҚОҒАМНЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ.
Қарастырылатын мәселелер::

  1. Мектеп мұғалімі, оның қоғамдағы әлеуметтік қызметінің маңызы

2. Мұғалімнің кәсіптік қызметі және оған сипаттама.

  1. Мұғалім мектептің оқу - тәрбие процесін жүзеге асырушы және ұйымдастырушы.

4. Мұғалімнің басты функциялары.
1. Мектеп мұғалімі, оның қоғамдағы әлеуметтік қызметінің маңызы.

Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын жетілдірудің бағдарламалық міндеттерін шешу жас мамандардың кәсіби біліктілігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты.

“Халық мұғалімі” – жас өспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты творчествоны, ойдың тынымсыз жұмысын, өрасан зор жан жомарттығын балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді.

Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін қарапайым, әрі нақтылы етіп айта келіп, кезінде “жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін”- деді. Я.А Коменский “мұғалімнің қызметі мәртебелі”- деп бағалады. К.Д.Ушинский “Мұғалімнің жеке басы – жастар жаны үшін ешнәрсемен де айырбастауға болмайтын жанып тұрған күн нұры” – деп атап көрсетті.

Қоғамды жан - жақты дамытатын өндіргіш күштің негізгі тұлғасы – адам, сондықтан адам факторына ерекше мән беріледі.

Қоғам дамуы мен адамның жеке басының дамуы бір – бірімен тығый байланысты. Қоғам адамды қаншалықты дәрежеде жетілдірсе, жетілген адам қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Тәрбиесіз қоғам қоғам болудан, адам адам болудан қалады. Материалдық және рухани байлық жасап, қоғамды дамытатын - адамдар. Ал адамдарды соған дайындап, тәрбиелейтін – ұстаздар. Олай болса мұғалім – қоғам мен қоғамды, ғасыр мен ғасырды жалғастыратын буын. Тарихты жасайтын – халық, халықтың көзін ашып, көңілін оятатын, саяси қырағылыққа, сенімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, тимандылыққа, бауырмашылдыққа, Отаншылдыққа, азаматтыққа баулитын – ұстаз.

Ұстаздың адам өміріндегі ролі туралы халқымыздың классик ақыны Абай:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға,-

десе, қазақтың ғұлама ғалымы әл – Фараби “Жаман мінез- құлық рухани кесел”- деді, Жүсіпбек Аймауытұлы “Дәрігерден де ұстаздың көп болғаны артық, дәрігер адамның денін сауықтыратын болса, ұстаз адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады” – деген.


2.Мұғалімнің кәсіптік қызметі және оған сипаттама.
Өмірдің әр салалары секілді педагогикалық істе де таланттар сирек кездеседі. Әрине, әр мұғалімге талантты болмауына да болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс.

Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогикалық шеберлікті меңгеруге көбіне көп нәрсе әсер етеді.

Бейімділік балалармен жұмыс істеуге айқын бейнеленген ыңғайы мен қабілеттен көрінеді.

Бүгінгі талапқа байланысты мұғалім өз елінің белсенді идеялық сенімді жақтаушысы, өз мемлекетінің аяғынан тік тұрып кетуіне, оның саяси және экономикалық бостандығына, Отанын сүйе білетін жастарды тәрбиелеу қолынан келетін мамандарды айтады.

Шеберлікті көтерудің жолы - озат – мұғалімдердің іс – тәжірибелерін, олардың ойларын – оқыту мен тәрбиені жетілдіруде қолдану. (Ш.А. Амонашвили, И.П Иванов, В.Ф. Шаталов, И.П. Волков, Е.Н. Ильин, В.А. Краковский т.б.)

Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегі ең басты құралдардың бірі. Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық такт.

Педагогикалық такт деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.

Ықпал – оқушылар арасындағы мұғалімнің беделі мен өнегесі.

Талант – дарындылықтың жоғары дәрежесі, оны зерттеу, анықтау күрделі мәселелердің біріне жатады.

Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, білім беру мен тәрбие және оқыту процесін басқарады.Мұғалім – бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және одан өзіне зор ләззат алатын адам.

Мұғалімнің ғылыми білімдер жүйесін меңгеруде ролі жоғары болуы тиіс. Өз бетінше ойлай білу, қиын динамикалық жағдайларда жол таба білу – мұғалімге тән кәсіби бейне. Ойлау процесінің әрдайым педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталуы, білімдер комплексінің маңызды болуы, мұғалімнің кәсіби мінез – құлқы мен әрекетіне өзіндік сипат береді.

3 Мұғалім мектептің оқу - тәрбие процесін жүзеге асырушы және ұйымдастырушы.

Мұғалім - балаларға білім беруші ғана емес, сонымен бірге олардың жаңадан ғана қалыптасып келе жатқан сана - сезімін жоғары дәрежедегі рухани байлықтармен байытушы, балаларда қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті оятушы, оларды өз бетінше жаңалық ашуға, жаңалық жасуға үйретуші, әлеуметтік белсенділігі бар жеке адамды тәрбиелеуші.

Мұғалімде педагогикалық қабілетпен бейімділіктің болуы - оның еңбегінің нәтижелі болуының кепілі. Мұғалім жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі және ұстаздық шеберлігі жоғары болуы үшін педагогикалық, психологиялық арнайы зерттеулер негізінде айқындалған педагог мамандығына тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс. Педагогтік іс - әрекет өте динамикалық жүйе, оның өзіндік құрылымдары бар:

1) Танымдылық іскерлік.

2) Құрабілушілік іскерлігі (конструктивтік).

3) Коммуникативтік (қарым - қатынас).

4) Ұйымдастырушылық.

5) Хабарлама және зерттеушілік іскерліктер мен дағдылар

Танымдық іскерлік – жеке бастың интеллектуалдық мүмкіндігі, мамандық еңібегінің негізі болып саналады.танымдық іскерлікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес т.б. психикалық қасиеттерінің бірлікте дамуы қажет.

Құра білу (конструктивтік) іскерлігі оқу – тәрбие жұмысын жоспарлау, композициялық материалдарды іріктеп алумен сипатталады. Бұл іскерлікті меңгеру үшін интеллектуалдық қасиет, қабілет қажет.Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдымен ойлау, салыстыру, болжам жасау, технологиялық, логикалық ойлау қабілеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан құра білу іскерлігі танымдық іскерлікпен ұштасып жататын қасиет.

Қарым – қатынас іскерлігі – бұл мұғалімнің педагогикалық процестің барысында адамдармен қарым – қатынас жасауға үйренуі. Қарым – қатынас іскерлігі сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере білеуден басталады. Қарым – қатынас іскерлігін тәрбиелеу үшін, адам ең алдымен басқа адамды түсіне білуі, тани білуі және өзін де таныта, түсіндіре білуге үйренуі керек.

Ұйымдастырушылық іскерлігі – бұл мұғалім еңбегінің бөлінбейтін, үнемі жүріп отыратын маңызды саласы. Бұл барлық педагогикалық іскерлікті бір – бірімен байланыстырып басқаратын іскерлік.

Ұйымдастырушылық іскерліктің белгілері мыналар:

жұмысты аяқтау, мақсаты белгілеу, жұмысты талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бағалау, есеп беру, кездесетін кедергіні тез арада болдырмауға психологиялық ахуал туғыза білу, іске қызығушылық пен кірісу іс - әрекеттерінен құралады.

Хабарлама іскерлігі – жеке педагогикалық іскерлік болып бөлінеді:

Көбіне қатынас құралы ретінде қарастырылады. Себебі қарым – қатынас хабарлама материалынсыз болуы мүмкін емес. Оқу – білім материалын терең, жан – жақты білу, оқу әдістерін меңгеру, барлық хабарлама құралдарын пайдалану дағдысының болуын талап етеді. Бұл іскерлік мұғалімнен дауысты үйлестіре білуді, көңіл – күй сезімімен сөйлеуді, сөздің құдіретті күшін және дауыс үнін, бет қимылды меңгере білуді талап етеді. Сөйлеу, әңгімелесу, көрсете отырып түсіндіру, пікірлеу, тыңдау, сұрақ – жауап айту тәсілдерін қолдану арқылы тыңдаушының зейінін аудару – мұғалімнің педагогикалық іс - әрекетіне қажет іскерлік.

Зерттеушілік іскерлік - әрбір педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және эксперимент жүргізуді жоспарлауды, мұғалім озат тәжірибені де өзінің тәжірибесінде жинақтауды, оларға теориялық – практикалық негізде талдау жасауды және мектеп өміріне ендіруді қамтиды.

4. Мұғалімнің басты функциялары.
Мұғалімнің жеке басын сипаттайтын қасиеттер мыналар: кәсіби бағыттылығы, ғылыми көзқарасы, идеялық сенімі, саяси – қоғамдық, азаматтық белсенділігі, адамгершілік – гуманистік қатынасы. Педагогикалық – кәсіптік қасиеттері мыналар: балаға деген ынта – ықылас, махаббат, педагогикалық байқағыштық, әділдік, талап қоя білушілік, табандылық, ұстамдылық, өзін - өзі басқара білу, қайырымдылық, мамандығын сүйе білу.
Мұғалімге қойылатын негізгі талаптар:

А) Қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру.

Ә) Жан игеру.

Ә) Жаңалық, өмірдің әр түрлі саласынан хабардар болуы.

Б) Педагогикамен байланысты пәндерден психологияны, физиология, анатомия,

мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білу керек.

В) Оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін жақсы білу

білу;


Г) Оқыту, тәрбиелеу әдісін білу.

Д) Жұмысына шығармашылық көзқарас.

Е) Баланы жете білу, олардың жан – дүниесін түсіну педагогикалық сенім.

Ж) Педагогтік техниканы меңгеру (мәнерлі, қисынды сөйлей білу).

З) Педагогтік әдептілікті меңгеру.

И) Балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік.

Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері деп әсіресе педагогтың ізденпаздығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы оның өз жұмысында білімін ұлғайтып, тереңдетудегі айрықша педагогикалық бағыттаушылық қабілеті болып тыбылады.

5 – тақырып
ТӘРБИЕ ТЕОРИЯСЫ


Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет