Лекция: 45 сағ. Практикалық (семинар) сабақ: 15 сағ. СӨЖ: 60 сағ. Обс¤Ж: 60 саѓ. Барлық сағат: 180 сағ



бет5/22
Дата28.04.2016
өлшемі3.86 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МАЗМҰНЫ



Қарастырылатын мәселелер:

1. Тәрбиенің мақсаты мен мазмұны жайлы ұғым.

2. Тәрбие процесінің мәні және қозғаушы күштері.

3. Өзін - өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.
1. Тәрбиенің мақсаты мен мазмұны жайлы ұғым.
Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әр бір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш – қуаты мен саясатына тәуелді екені белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.

Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны әр жақты етіп тәрбиелеу. Адам – жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс - әрекеті мен мәдениет субъектісі, басқаша айтқанда іс - әрекеті мен қарым – қатынас иесі.

Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін айқын байқауға болады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес.

Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл – ой дамуының бір тұтастығы деп түсіну керек.

Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері - теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет. Осыған орай, тәрбиенің негізгі мақсаттары: а) жастардың өмірге ғылыми – материалистік көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан – жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.

Дүниетаным дегеніміз адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуін және онымен қарым – қатынасын, оның барлық іс - әрекеттерінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының жүйесі. Ал дүниеге көзқарас дегеніміз дүниенің даму заңдылықтарын ғылым негізінде ашатын көзқарас.

Дүниеге ғылыми көзқарастағы адамдардың басты қасиеттері өзінің Отанына берілгендігінде, жанқиярлықпен күресуге әзірлігінде. Мұндай көзқарас болмайынша, адам өз өмірінің мақсаттарын, халқымыздың жалпы күресіндегі өз орнын дұрыс түсіне алмайды.

Бастауыш мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл – ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезімі, талғамы артады. өмір жастарды осы заманғы ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен өркендеу дәрежесіне қарай жан – жақты тәрбие міндеттерін талап етеді. Қоғмдық және мемлекеттік өмірдің түрлі салаларында белсенді етуге қабілетті, сана – сезімді және жоғары білімді адамдарды тәрбиелеп, даярлап шығаруды көздейді.

Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізіп, қайта құру қажеттігі туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мектеп басшылары мен педагог арасындағы қарым – қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет.

Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл – ой тәрбиесі, құлық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие, эстетикалық ьжәне дене тәрбиесі т.б.

Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін - өзі дамытып, барлық іскерлігі мен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әр қашанда дайын болу қажет.
2. Тәрбие процесінің мәні мен қозғаушы күштері.
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, отбасы, көше, ресми емес топтар т.с.с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта – ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдың себептерін біле бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.

Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында іс - әрекеттің сипаты маңызды рөл ойнайды. Тәрбие процесіне адамның қоғамдық мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама – қайшылықтар тән. Олар: сыртқы және ішкі қарама – қайшылықтар.

Сыртқы қарама - қайшылықтар қоғамда объективті белгіленген ережелер мен баланы қоршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлеспеуден көрінеді. Сыртқы қарама – қайшылыққа оқушының өзіне қойылатын талап пен нақты тәртібінің арақатынасы жатады.

Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өзді - өзінің қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Тәрбиенің мәні - адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен пракикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі мынандай педагогикалық міндеттерді шешуді қамтиды:

1. Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау, жұмысын реттеу.

2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру.

3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу.

4. Қорытынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдепкі берілгендермен салыстырып, қол жеткен нәтижені талдау, анықтау.


3. Өзін - өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.

Қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасы тәрбие субъектісіне айналады. Ол педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады.

Өзін - өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан – жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді.

Оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшеліктерін есепке алу керек. Өзін - өзі тәрбиелеу нышандары кіші мектеп жасындағы оқушылар бойынан байқалады. Мысалы, бастауыш сыныпта оқушылар күшті бастыл болғысы келеді, немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап жақсы боламын дейді. Бұл олардың өзін - өзгертуге, жақсы болуға, түзелуге деген алғашқы ынтасы.

Дүниетанымның қалыптасуы, өз абыройын және кемшіліктерін ұғыну өзін - өзі тәрбиелеу бағдарламасын мазмұнды, жан – жақты, шындыққа жуық құруға мүмкіндік береді.

Оқушылардың өздерін - өздері тәрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында мұғалім ең алдымен мынандай өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыру керек: оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; - өзіне - өзі ықпал ету құралдарын меңгеруге көмек беру; өзін - өзі тәрбиелеудегі қоғамдық құнды іс - әрекеттерді тудырып отыру.

К.Д. Ушинскийдің өзін - өзі тәрбиелеу ережесі:


  1. Асқан сабырлық, ең болмағанда сырт көзге.

  2. Сөзде және қылықтардағы турашылық

  3. Әрекетті жан – жақты ойластыру.

  4. Батылдылық.

  5. Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау.

  6. Санасыз уақыт өткізбеу, ретсіз емес көңіліндегі іспен айналыспау.

  7. Әуесқойлық, құмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйсініске шығындану.

  8. Әр кеште өз қылықтары жөнінде өзіне есеп беру.

  9. Болғанды, бүгінгі, болатынды айтып еш мақтанбау.

Өзін - өзі тәрбиелеуде алдын – ала дайындық негізінде іс - әрекеті, қарым – қатынасы жөнінде ұжымда өзіндік есеп беру де қолданылады.

Дегенмен, тәжірибеде оқушы тәртібінде және мінез – құлқында ауытқулар кездесіп отырады. Сондықтан тәрбиелеу жұмысында қайта тәрбиелеу орыны алады. Қайта тәрбиелеу оқушы жүріс – тұрысындағы ауытқулардың адын алуға және жеңуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу – тұлға құрылымын түгел қайта құру, адамның барлық психологиялық сапаларын қайта жасау. Түзету деген ұғым да бар. Онда оқушы санасындағы және ж‰ріс – тұрысындағы ауытқулар түзетіледі және қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапалары қалыптасады.

Қайта тәрбиелеу тұлғаның сапасының, мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс - әрекеті мен мінез – құлқының әлеуметтік – психологиялық және психологиялық – педагогикалық өзгеру процесі болып табылады.

Қайта тәрбиелеу – бұл қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру.

Қайта тәрбиелеу – бұл педагогикалық тұрғыда қарусыз қалған балалардың жүріс – тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс - әрекеттегі нәтижелермен толтыру.

Қайта тәрбиелеу – бұл ынталандыру – жасөспірімнің орынды сапаларын жасайтын іс - әрекеттерді жандандыру.

Қайта тәрбиелеу - бұл түзету, яғни балаларды теріс саналарының шырмауынан босату.

Қайта тәрбиелеу барысындағы тұлғаның адамгершілікті дамуы бірқатар кезеңдерден өтеді: дайындық қайта тәрбиелеудіњ мақсатын қалыптастыру, өзін - өзі тәрбиелеуді бақылау, тұлғаның онан әрі дамуын бақылау.

Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс - әрекетке жегу, күрт өзгерту, еріксіз көндіру сияқты әдістер қолданылады.

Қайта ұғындыру – бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы дұрыс емес сенімдерді қайта құру әдісі.

Қайта оқыту – бұл теріс қажетттіктер мен дағдыларды түзету әдісі.

Басқа іс -әрекетке жегу – бұл тәртібі мен мінез – құлқының дамуында ауытқуы бар балалардың белсенділігін арттыру және қоғамдық пайдалы іс - әрекетке ауыстыру әдісі.

Күрт өзгерту – бұл тұлғаның ұжым және қоғаммен қатынасының бұзылысын шұғыл қалпына келтіру әдісі. Бұл қайта тәрбиелеудің А.С. Макаренко жасаған арнайы әдісі.

Еріксіз көндіру – бұл басқа әдістердің мүмкіншілігі сарылғанда педагогикалық және әлеуметтік тұрғыда өте қараусыз қалған жеткіншектер мен жасөспірімдерге қолданылатын педагогикалық әсер ету әдісі.

Қайта тәрбиелеу нақты тұлға үшін мақсатты, міндетті, жүзеге асыру әдістерін қамтитын бағдарлама жасаудан басталады.

Мінез – құлық және жүріс – тұрыс ауытқулары бірден пайда болмайды. Кейбір теріс қылықтар қараусыз қалады. Міне, бұл соның нәтижесі. Ең басты міндет – мінез – құлық және жүріс – тұрыс тәртібінің дамуындағы ауытқулардың алдын алу.




6 – тақырып

ТӘРБИЕНІҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ.

Қарастырылатын мәселелер:

    1. Педагогикалық процесс күрделі және дамытушылық жүйе.

    2. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері, оларға мінездеме.




  1. Педагогикалық процесс күрделі және дамытушылық жүйе.

Табиғат пен қоғам дамуы адамның еркінен тыс өмір сүретін объективтік заңдардың қатарына жатады. Бірақ адамдар ол заңдарды ашып, пайдалана білгендіктен олардың іс - әрекеті саналы, бағытталған іс - әрекетке айналады.

Адамды табиғаттың құрамды бір бөлігі ретінде оны танып білу, оған тәрбие арқылы әсер ету өте күрделі педагогикалық процесс.

Педагогика болса диалектиканың барлық заңдылықтарын өз бой ына жинақтаған ғылым.

Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама – қайшылығында ашылады.

Педагогикалық процестің заңдылықтарын кезінде К. Д. Ушинский өзінің “Педагогикалық антропология” деген еңбегінде ескертіп айтқан, педагогикалық қағидаларды құр жаттап алу ештеңеге қол жеткізбейді, пайда бермейді. Оның ғылыми негіздерін зерттеу керек, содан шығатын ережелерді білу керек деген. Ол психикалық құбылыстардың заңдылықтарын, оны басқарудың жолдарын зерттеуді, сол заңдарды ой елегінен өткізе отырып, жағдайларға байланысты, пайдалануға болады деген.

Педагогикалық процестің заңдылықтары көрнекті педагогтардың Ю.К. Бабанскийдің, И.Я. Лернердің, И.Ф. Харламовтың еңбектерін кең көлемде баяндалған.


2. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері, оларға мінездеме.

Тәрбие – бұл педагогикалық құбылыс. Педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс заңдылық деп аталады. Педагогикалық заңдылық деп – педагогикалық процестің тұтастығын айтады.



Тәрбиенің заңдылықтары:

1. Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік – экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамуына игі әсер етеді.

2. Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі заңдылығы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Белсенділіктің бірнеше түрлері бар. Олар: қарым – қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін - өзі тәрбиелеу белсенділігі.

3. Тәрбие іс - әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші рөлі заңдылығы. Тәрбие, оқыту және білім беру іс - әрекетіне байланысты. Іс - әрекеттің мынандай түрлері бар. Олар: ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық – саяси іс - әрекеттері т.б. жатады.

4. Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы. Жас ерекшеліктері мынандай жағдайда еске алынады:

а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын

т.б. жасағанда;

ә) ағзаның дене және психикалық дамуына байланысты;

б) оқу, тәрбие процесінде.

Жеке адамның дербес ерекшеліктері;

а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик) ;

ә) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер.

Қабілет – адамның түрлі іс - әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.

5. Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы заңдылығы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады. Көрнекті педагогтар Н. К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А Сухомлинский ұжымдық қатынастарды қалыптастырудың теориялық негіздерін жасады.

Принцип дегеніміз - адамның нақты іс - әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шартты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.

Мектепте мынандай тәрбие принциптері қолданылады:

1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Тәрбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс - әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне әсер етеді.

2.Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасы мен байланыс принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.

3. Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі. Бұл тәрбие жұмысының жетекші принциптерінің бірі. Педагогика ғылымы балалар мен жас өспірімдердің топтық және ұжымдық өмірін, олардың тұлғасының рухани байлығының, әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуының міндетті шарты деп қарайды. А.С.Макаренко ұжымды адамның біртұтас түрлі сапалары жаттығып, қалыптасатын гимнастика залы, сондықтан тәрбие жүйесі “ұжым” болып ұйымдастырылған педагогикалық іс - әрекет процесін басқаларынан жоғары қояды – деп көрсетті.

4. Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілетін құрметтің бірлігі принципі. А.С. Макаренко кезінде “Егер біреу – міреу педагогикалық тәжірибенің мәнін қысқаша ғана формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұрай қалса, мен оған адамға мүмкіндігінше үлкен талап қою және құрмет көрсету деп жауап берер едім” , - деген екен. Мұғалім осы принципті басшылыққа алып оқушы күш – қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкершілігін ұғындыратын өзіндік өрнегі (стилі) мен сарыны (тоны) бар қатынастарды таңдап алады.

5. Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі принципі. Бұл принципті ұстау әрбір бөліктері мен элементтері түгел біртұтастықты құрайтын педагогикалық жүйенің болуын талап етеді. Педагогикалық ықпалдардың жүйесіздігі, кездейсоқтығы, бейтараптығы, келісімсіздігі, ретсіздігі тәрбие мақсатына үзілді – кесілді қарама – қайшы келеді.

6. Тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі принципі. Бұл принципті жүзеге асыру оқушылар іс - әрекетінің мазмұны мен түрін олардың жасына, өмір тәжірибесіне, күш – қуаты мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуын талап етеді. Осы принциптің жүзеге асуына мұғалімнің жас және педагогикалық психологияны терең білуі көмектеседі.

7- тақырып

ТӘРБИЕНІҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕРІ.

Қарастырылатын мәселелер:


  1. Тәрбиенің әдістері, тәсілдері, құралдары туралы түсінік.

  2. Тәрбие әдістері мен тәсілдеріне сипаттама.

  3. Тәрбие әдістерін жіктеу.

  4. Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары.


1. Тәрбиенің әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.

Қазіргі педагогикалық теорияда “Тәрбие әдісі” ұғымы әлі де жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі – ақ дәлел бола алады. Т. Е. Конникованың анықтамасы бойынша – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И. С. Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі – бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В. А. Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс - әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.

Сонымен, әр түрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қорытынды жасауға болады. Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс - әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен балалардың бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа жеткізеді.

Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына , балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне , олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат - әдістің бас критерийі.

Тәсіл әдістің құрама бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау, көрсету, машықтандыру,тапсырма т.б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол құбылмалы (өзгергіш), жылжымалыболады.

Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері көрнекі, құралдар, көптеген комуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет.



2. Тәрбие әдістері мен тәсілдеріне сипаттама.

Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40-жылдардың соңында, 50-жылдардың басында көп күш салды. Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н. К. Гончаров, Т. Е. Конникова, И. Т. Огородников, Н. И. Болдырев, И. С. Марьенко, Г. И. Шукина, В. А. Сластенин т.б.

60- жылдардың екінші жартысынан бастап педагогикалық іс-әрекеттерін жіктеуде “Советская педагогка” журналының беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді.

Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің ІІ-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Шукина және В. С. Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді.


3. Тәрбие әдістерін жіктеу.

Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары (Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина) жасаған тәрбие әдістерін жіктеу үш топқа бөлінеді.

Бірінші топ- тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез – құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация.

Талап – мінез-құлық нормасының көрнісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар. Ынталандыру функциясы – бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу – басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.

Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап – нақты міндет, оны іс- әрекеті, процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі – бұл қоғамдық пікір, ұжымының еркі және күші. Ұжым тәрбие субектісі, педагогктың тірегі.

Үйрету, жаттықтыру – бұл мінез –құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т.б.

Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайылылық (инабаттылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру әдісі.

Жаттықтыру әдісі – бұл әр түрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің ұжымның мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез – келеген тәрбиелік шараларды мезгілінде бастау оқушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Оқушылардың өндірістік бригадалары, шефке алу жұмыстары оқушыларды борыштық сезімге, жауапкершілікке жаттықтырады.

Үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма. Тәрбиелеуші ситуация жеке адамның жағымды әрекеттерінің және қылықтарының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер және тәрбиенушілер арасындағы қарым – қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып, мектеп біріншілігіне жарыс ұйымдастыру, топқа, ұжымға және оқушыға (мектепті көгалдандыру, сыныпты, демалтын орындарды дайындау, яғни безендіру т.б.) тапсырма беру тәрбиелеуші ситуацияда іске асырылады.

Өз еркімен таңдау ситуациясының тәрбиелік мәні өте зор. Мысалы, екінші адамға тұрып орын беру немесе үндемей қалу, шынын айту , немесе жалған сөйлеу т.б. Мұндай ситуацияларда балалар көп ойланады, қайғырады.



Екінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірін айту, баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси, этикалық әңгіме, әңгімелеу, пікірталас, лекциялар, өнеге.

Бұл әдістердің балалар санасына ықпал жасауда маңызы өте зор. Осы тұрғыдан балаларды өмірдің , еңбектің қоғамдық нормасына қатыстыру қажет, ал бұл балалардан осы нормалар жөнінде білімді, байымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл жағдай жеке адамның өмірлік позициясын, яғни көзқарасын сипаттайды.

Әрбір әдістің мақсаты мен мазмұны педагогикалық оқу құралдарында жақсы жазылады. Сондықтан мысал ретінде тек қана әңгіме және пікірталас әдістеріне тоқталамыз.

Әңгіме – бұл балалардың санасын қалыптастыру әдістерінің бірі. Балалар әңгіме әдісінде саяси, этикалық, эстетикалық мәселелерді талдауға белсене қатысады, олардан тиісті қортынды шығару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді. Әңгіме әдісі кез – келген мәселелерде ұқыпты дайындықты талап етеді. Әңгіме әдісін іске асыру үшін мыналарды ескеру керек:



  1. Тақырыптың көкейтестігі, яғни өмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап беру тиіс.

  2. Әңгіменің мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы қажет.

  3. Әңгіменің тақырыбына сәйкес техникалық құралдарды тиімді пайдаланған жөн.

  4. Оқушылар үшін әңгіме тартымды, қызықты болуы керек: жаңалық, оқушыларды зеріктіретін артық сөздерден аулақ болу, бір нәрсені қайталай беру наразылық туғызады.

Пікірталас – бұл жоғары сынып оқушыларының байымдауын (пікір айтуын), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша оқушы өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа мұғалім де, оқушылар да дайындалады. Оның тақырыбы және сұрақтары күні бұрың хабарландырылады.

Пікірталас оқушыларды қателіктер мен жалған көзқарастармен күресуге үйретеді. Пікірталастың құндылығы сонда, ол оқушылардың ойлану сезімін оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді. Пікірталастың соңында басқарушы оқушылардың жауабын жинақтайды, талдайды, баға береді, қорытады.



Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет