Лекция Оқытушы: Набиева Ш.Қ. ӨСкемен қаласы 2020 ж. Интонация және дауыс кідірістері



Дата21.11.2020
өлшемі81 Kb.
түріЛекция
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті Жоғары Колледж

Пән: Балалар әдебиеті
Тақырыбы: Интонация және дауыс кідірістері
Лекция

Оқытушы: Набиева Ш.Қ.

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ

2020 ж.

Интонация және дауыс кідірістері
Қазақстандағыбілім беру ісінің стратегиялық міндеттерініңбірі –оқушыны түсініп оқуға үйрету, үйренген материалдарын мәнерлеп оқып және шығармашылық тұрғыдан терең ойлай білетін дара тұлғаға тәрбиелеу. Бастауыш сатыда оқушылардан ауызша толық, мазмұнды жауап беруі талап етіледі. Оның қаншалықты түсінгендігі қадағаланады. Оқушылар көркем шығарманы оқу барысында оның мазмұнын, өмірге қажеттілігін түсінетін болса, оның оқу дикциясы да ойдағыдай болмақ. Сөйлегенде дыбысталып шығатын сөзде көрініс алатын форма ең алдымен оның мағынасына және оқушылардың қалай түсінгендігіне байланысты. Оқушы түсінбеген мәтін үстірт оқылады. Оқушы мәтінді шапшаң, тез оқуға тырысады. Елбасы өзінің дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің отыз өркениетті елдер санатына қосылуы жолында басты мәселелерге тоқталып, оны шешудің жолдарын нақтылап берді. Жолдауда Қазақстанды экономикалық және қоғамдық тұрғыда жаңарту үшін қазіргі заманға лайық білім қажет екенін атап айтқан болатын.. Бұл ретте қазір оқыту процесін өмір тәжірибесіне сай құру және оқушыларды дағдылар мен ептілікке жаттықтырып, білімді тәжірибеде пайдалануға ерекше мән беріліп отыр.Білімді тәжірибеде пайдалану мәселесі, бір жағынан, оқушының оқуда алған ұғымдарымен терең қалыптасуына байланысты келсе, екінші жағынан дағдылануәрекетіне де байланысты.Өйткені білімді тәжірибеде пайдалану өзінен-өзіболмайды, ол дағдыларды меңгеру негізінде іс жүзіне асады. Мәнерлеп оқу дегеніміз –дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне білу.Дағды –оқушылардың белгілі бір міндеттермен жағдайларға сәйкес меңгерген білім негізінде орындалатын әрекеттер комплексі. Қандай болсын білікті, дағдыны оқушы іс-әрекетүстінде, басқа адамдармен қарым –қатынасжасау барысында меңгереді.Дағды адамныңәртүрлі әркеттері үстінде қалыптасатын қимыл-қозғалыстар. Мысалы, сөйлеу, оқу, жүру т.б. Осы дағдылардың ішінде оқушының оқу дағдысын қалыптастыру баланың мектепке алғаш келген күнінен басталады. Осыған сәйкес бастауыш сыныптың жалпы білім беретін мектепбағдарламасында оқушылардың оқу дағдысына қойылатын талаптар көрсетіледі. Олар:1.Дұрыс оқу2.Түсініп оқу3.Шапшаң оқу4.Мәнерлеп оқу.Осы аталған бағдарламалық талаптардың ішінде оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыружұмысы өте күрделі іс. Өйткені, бұл оқушыларға мәтіннің мазмұнын, мағынасын, идеясын түсінуге, ашуға негіз болады. [1,14] Оқудың, сөйлеудің әсерлі де мәнерлі, құлаққа жағымды естілуі тек қана дұрыс, еркін дем алуға тікелей байланысты. Еркін дем алмаған жағдайда сөз анық естілмей, сөйлем мағынасы сақталмай, бір сөйлемнің аяғы екінші сөйлемнің басы қай жерден аяқталып, қай жерден басталғанын ажырату қиынға түседі. Сондықтан дем алу ерікті дем алу, еріксіз дем алу болып бөлінеді.Ерікті түрде дем алғанда өкпеге енген ауадан көкірек пен қабырғаныңжоғарғы жағы көтеріліп, қабырғаныңтөменгі жағындағы бүлкілдек еттері қозғалысқа түседі. Сонда еркін, терең тыныс алады. Қайтқанауа мұрын қуысы арқылы шығады.Еріксіз дем алу көбінесе сөйлеу тілінде асығыстықтан, жүріп келе жатып сөйлегенде жиікездеседі. Шығарма оқу барысында өзінің дұрыс дем алуын басқара алмаған оқушы келістіріп мәнерлі оқи алмақ емес. .[2,36]Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Дикция айтудың анықтығы мен тазалығы. Егер оқушы әрбіртіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрысмеңгеріп дыбыстаса, әрбір тіл дыбысы анық айтылады. Дыбыстың анық, ашық, таза айтылуы буындардың анық, ашық айтылуына, буындардан тұратын сөздердің анық айтылуына, сөздер мен сөз тіркестерінен тұратын сөйлемдердің анық, таза естілуіне жағдай жасайды. Сол арқылы мәтіннің мән-мағынасын түсініп оқуына жетелейді.Қазақтілінің әрбір дыбыстарының фонетикалық заңдылықтарын жақсы меңгерген оқушы сөз ішінде, сөз аралығында, түбір мен қосымшаның жігінде дыбыс пен үнді, ұяң дауыссыз дыбыстардың қатаңдауыссыз дыбыстарды ұяңдатып жіберетінін, қатаң дыбыстардың керісінше ұяң дыбысты қатаңғаайналдыратынын білуі керек. Бұл әдеби сөйлеудің ең басты ережелерінің бірі. Кез-келген

оқушы әдеби сөйлеудің басты ережелерін білген дұрыс. Себебі, тілдегі сөздер қалай жасалса,барлығы бірдей солай оқыла бермейді. Әрине, көпшілік сөз сол қалпында оқылады. Ал кейде түбір мен қосымшаныңжігінде, біріккен сөз аралығында, қосарланған сөздерде дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерінен, жазылуынан өзгеше оқылатын сөз, сөз тіркестері көп. Сондықтан әдеби тілде сөйлеудің орфоэпиясын меңгеруі міндетті.Мәнерлеп оқуда зор рол атқаратын-интонация. Интонация дегеніміз сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін, дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді. [3,39] С.Желдірбаеваныңайтуынша, мәнерлеп оқу–қарапайымсөйлеу тіліне жақын, еркін оқу дейді. Қарапайымсөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынасжасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ал, бастауыш сынып оқушылары дәл осылай көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқуы үшіналдымен өзінің анатомиялық мүшелерінің қызметін, соның ішінде дыбыстау мүшелерінің қызметінжетік біліп, әрбір тіл дыбысы қалай жасалады, қалай естіледі, қалай оқылады дегенге баса назар аударып жаттығуы қажет. Ана тіліміздегі дыбыстар қанша сөйлесек те қажетімізге жарап, оралымды сөз, әуезді үн болып естіліп жататыны ғажап емес пе?! Сол дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемдерден күнделікті тұрмыстық қарым-қатынасжасайтын ой өрбіп, небір туындылар өркен жайып жатыр.Оқушыларды мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру үшін алдымен сөйлеу техникасына жаттықтыру қажет. Сөйлеу техникасына мыналар жатады: тыныс алу (ауаны ішке жұту мен сыртқа шығару), дауыс, дикция.С.Желдербаеваның «Мәнерлеп оқу» еңбегінде: Дауыс ырғағы (интонация) дегеніміз сөйлеудің мағыналық бояуы. Толығырақ түсінсек, көркем сөз оқушы кейіпкердің көңіл-күйі мен ішкі сезімі, жан дүниесін тыңдаушыға сан алуан дауыс реңкі арқылы жеткізуі»,-дейді. Интонация мына элементтерден тұрады: сөйлеу буыны, үзіліс жасау (пауза), екпін қоя білу, сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін, сөйлеу қалпының әуені (мелодиясы), оқудың әсерлі болуы (тембрі), сөйлеудің қарқыны мен ырғағы, нормалы дауыс ырғағы.Сөйлеу буыны. Мәтіндерді оқуда, әңгімелесуде сөздердің, буындардың атқаратын рөлі де ерекше. Қазақ тілінде жоғарыда айтылғандай тіліміздегі сөздердің басым көпшілігі бірыңғай жуан буынды немесе бірыңғай жіңішке буынды болып келуі, дауыс сазының кедір-бұдырсыз әуезді естілуіне жағдай жасайды. Сонымен бірге кез-келген мәтінді оқуда немесе әңгімелесу үстінде сөз буындары сәл созылыңқы оқылуы тиіс. Сөз буынын дұрыс оқымау бір сөзбен екінші сөздің араласып, жігінің ажырамай тұтасып кетуіне соқтырса, бала сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің мағынасына түсінбей қалуымүмкін. Сөйлеу буынын екпінмен шатастыруға болмайды. Екпін сөздің бір буынына ғана түседі. Ал сөзде бірнеше буын болады. Сол буын құрайтын әрбір дауысты дыбысты аз да болса созыңқырап айтса, оқыса дауыс сазы да әсерлі, әуезді шығады.Сонымен қатар, оқушыларды мәнерлеп оқуға үйретудегі керекті құралдың бірі -паузаның (кідірістің) орынды болуы.Пауза үш түрлі: грамматикалық, логикалық, психологиялық.Грамматикалық кідіріс –мәнерлеп оқуда көбірек қолданылатын, жиі ұшырайтын кідірістер -грамматикалық кідірістер немесе нормативтік дауыс ырғағы деп те аталады.Қазақтілі синтаксисінде онға тарта тыныс белгілері бар. Тіліміздегі сөйлемдерді сауатты жазу осы тыныс белгілерін дұрыс қоюға тікелей байланысты. Ал оқу кезінде де осы тыныс белгілерінің жеке-жеке мағыналарын түсініп, дұрыс оқу қажет. Сонымен, грамматикалық пауза тынысбелгілеріне байланысты болса, логикалық кідіріс оқылып отырған сөйлемдегі мағынаны айқындаудағы мәні зор. Сөздердің немесе сөз тізбектерінің басқа сөздерден білініңкірей, ой екпінінің сазын бере айтылуы деп айтады Әуелбаев Ш. [4,81]Логикалық кідіріс әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болып, қалған сөздер соған байланысты болып тұратын жеке сөздер, сөз тіркестері бар. Ол сөздер басқа сөз табынан сәл көтеріңкілеу оқылып, тыңдаушы назарын өзіне аударады. Сөйлемдегі негізгі мағына қай сөзге, қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанын дауыс кідірісі арқылы жеткізуге болады. Ал сөйлеу кезінде қай сөзге мағыналық кідіріс жасалатын болса, сол сөз көтеріңкілеу айтылады. Логикалық кідіріс жасап, логикалық екпінмен оқу үшінсөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердің бір-біріменграмматикалық байланысын таба білудің пайдасы бар.Психологиялық кідіріс көркем шығармаларда көңіл-күйдің бірінен екінші түріне ауысқанда қажет. Мәтіннің мазмұн-мағынасына, ондағы қатысатын кейіпкердің іс-әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуынабайланыстыоқылады. Мәтінге дұрыс психологиялық кідіріс жасалып оқылғанда, тыңдаушы ерекше назар аударып, онан әрі не болатынын тағатсыз күтеді. Кейде шығарма кейіпкерімен

қосылақуанып, қосыла ренжиді. Психологиялық кідіріс мәтін мазмұнына лайықты жасалған жағдайдатыңдаушының алған әсері ұзаққа созылады.Көтеріңкі айтылатын буынды екпін түскен буын деп атайды. Барлық тілдегі сөздерге екпін түседі. Түркі тілдеріндегі екпінде дауыс құйылысының қарқыны мен айтылуына байланысты дем екпіні болады. Қазақ тілінің екпіні де осыған жатады. Дем екпіні тұрақты, тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Тұрақты екпін қазақ тілі мен басқа да тілдерде кездеседі. Екпіннің тұрақты болуы сөз мағынасын өзгертпейді, бірақ сөздердің құбылып айтылуына, сөз ішіндегі дыбыстардың сапасына әсер етеді. Қазақ тіліндегі екпін сөздің соңғы буынына түсіп отыратындықтан, тұрақты екпінге жатады. Қазақ тілінің екпіні тұрақты екпінге жатқанмен, үнемі өзгермейдідеуге болмайды. ҰлығалымАхмет Байтұрсынов: «Тілдің әсерлі күшке айналуы үшін оның ашық, айқын, әрі өткір, әрі көркем болуы шарт. Тілдің күшін көрсететін сөйлеу әрекетіндегі шынайы әдемілігі, дәлме-дәлдік, айқындылық және сөздің үнділігі»,-дей келіп, тілдің тазалығы, дәлме-дәлдігі үшін күресу керек деген талап қойды. Өз ойын дәлме-дәл, ашық, айқын және әсерлі түрде жеткізіп беру әрқашан оңай бола бермейді. Ол үшін тілді, әсіресе, оның байлығын, көркемділігі мен үнділігін, сан сырлы мағынасы мен өткірлігін, эмоциональды бояуы мен экспрессивті қызметін жан-жақты меңгеру үшін көптен-көп жаттыға білу қажетдеп көрсетеді.Бұл туралы да бала психологиясының нәзік сырларын жете білген атақты педагог А.С.Макаренко: «Егер де менімен жұрт тек қана бір қалыпты дауыспен сөйлесетін болса, мен бір жылдан кейін дарға асылып өлер едім» -деп, дауыс ырғағына өзініңқаншалықтымән беретінін білдіре келе: «қайткенде де сіздің сөзіңізден еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болсын»,-деп көрсетеді. Мәнерлеп оқу-оқушылардың тартымды, әсерлі сөйлеуінің бір түрі, өйткені ол-дұрысайтуды (орфоэпия) және байланыстырып сөйлеуді еске түсіреді де, сөздің неғұрлым түсінікті болуын қарастырады. [5,14]Сонымен қатар, мәнерлеп оқу тілге деген талғамды, сөзге деген сезімді тәрбиелейді. Бастауыш сынып оқушылары сөзге мағына, мән беріп үйренсе, үлкен жетістік, өйткені сөз арқылы ғана ойды жеткізуге болатындығы белгілі. Олай болса, мәнерлеп оқу дағдысын жақсы меңгерген оқушының ғана көркем әдебиетімізді қызыға оқуға, адамдармен сыпайы қарым-қатынасжасап, тіл табысуға деген бейімділігі қалыптасатындығын, яғни баланың тіл мәдениетінің қоғам талабына сай бола түсетіндігін көреміз. Сондықтан мектепте бастауыш сыныптардан бастап оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастырудыңқажеттігізор. Қазіргікезде мектептерде осы аталған бағытта жұмыстардың жүргізілуі әлі де болса өз дәрежесінде емес. Себебі, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастырудың негізі –«Әдебиеттік оқу» пәні болатын болса, мұғалім осы пәнді жүргізу барысында, берілген мәтіндермен жұмыс жасауда, мәтін соңында берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындаумен ғана шектеліп қалуы. Сабақ барысында мәтін соңында мәнерлеп оқуға сәйкес тапсырмалар орындалса ғана, бұл жұмыстар ойдағыдай жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушылары өзі түсініп, көңілінен сезінген шығармаларды оқығанда оның әлпетінен, қимылынан, оқу дикциясынан, ыммен көрсетуі мен қозғалысынан оқушының жан дүниесі сезіледі.Мәнерлеп оқуын қалыптастыру барысында оқушыларға өз ойын, сезімін, жан-дүниесін жеткізе білуге, әр саладағы білімді өзара байланыстыра отырып қолдануға, сондай-ақ белгілі бір деректер, құбылыстарбойынша қорытынды жасауға , ізденуге, шығармашылық тұрғыда ойлай білуге үйретеді.
Үйге тапсырма: Осы тақырып бойынша, слайд құрастыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Өмірбаева К.О.Көркем мәтінді лингвистикалық талдау әдістемесі. Ақтөбе:2014,132б 2.Әбдірасілова Л.Ә. Әр түрлі жанрдағы мәтіндерді оқыту. Астана: 2015, 6-7 бет

3.Тілешова С. «Әдебиет сабақтарында мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, Алматы:2012, 33-56 бет

4. Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. –Алматы, Қазақ университеті, 2018



5.ӘлімжановД., Маманов Ы. Қазақ тілінің методикасы. Алматы, 2019.

9

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет