Лекция сабақтары Семинар және лабораториялық сабақтар Курстық жұмыстар БӨЖ тапсырмалары


Дәріс 1. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің қазіргі жағдайы, моделі, құрылысы



бет2/2
Дата17.05.2020
өлшемі439.62 Kb.
түріЛекция
1   2

Дәріс 1. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің қазіргі жағдайы, моделі, құрылысы.


Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің негізгі мәселелері. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің пән ретінде үш тұрғыдан қаратырылуы. Мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің даму тарихы. Бүгінгі таңдағы психологиялық қызмет жүйесі.

Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің құрылу концепциялары. Метептегі психологиялық қызметтің атқарар істері. Мектеп психологының білім беру мекемесінің арнайы мамандарымен бірлесіп жұмыс атқау өзгешелігі. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары.


Дәріс 2. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтегі мектеп психологының жұмыс мазмұны, мақсаты, міндеттері.

Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаттары, міндеттері. Мектеп психологының құқығы, кәсіби этикалық кодексі. Психолог тұлғасының өзіндік даму процесінің бөліктері. Психологтың кәсіби іскерлігі. Конструктивті іскерлігі. Ұйымдастырушылық іскерлігі. Кәсіби компетенттілігі. Психологтың тұлғалық ерекшеліктері.


Дәріс 3. Білім беру мекемесіндегі психолог жұмысын ұйымдастыру.

Білім беру мекемелеріндегі психологжұмысын ұйымдастыру. Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі практик психолог қызметі, оның жұмыс ерекшелігі. Жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері.


Дәріс 4. Мектеп оқушысының психологиялық-педагогикалық мәртебесі, оның мазмұны және параметрлері.

Мектеп оқушысының психологиялық-педагогикалық мәртебесі. Оқушы мәртебесіне қойылатын талаптар. Оқушының психологиялық-педагогикалық мәртебесінің көрсеткіштері психологиялық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырудың негізі ретінде.


Дәріс 5. Психологиялық-педагогикалық консилиум ұйымдастыру және өткізу.

Психологиялық-педагогикалық консилиумның оқушыларды психологиялық-педагогикалық жағынан қамсыздандырудағы ролі. Психологиялық-педагогикалық консилиумға қатынасушылар. Консилиумға қатынасушылардың ұсынатын мәліметтері. Консилиумға психологиялық зерттеулерді ұсынудың формасы.


Дәріс 6. Білім беру мекемесіндегі психологтың іс-қағаздарын жүргізу қажеттілігі.

Білім беру мекемесіндегі психологтың іс-қағаздарын жүргізу қажеттілігі. Білім беру мекемесіндегі психологтың іс-қағаздар тізімі. Оларды рәсімдеу ерекшеліктері.


Дәріс 7. Білім беру мекемесіндегі психолог жұмысын жоспарлау.

Мектеп психологы жұмыстарын жоспарлау. Психологиялық қызмет жоспарының календарлық және күнделікті түрлері. Жоспардың негізгі бөлімдері.



Дәріс 8. Мектеп психологының педагогикалық ұжыммен жұмыс ерекшеліктері.

Мектеп психологының педагогикалық ұжыммен жұмыс ерекшеліктері. Психолог және мектеп. Психолог және мектеп әкімшілігі: өзара қатынас жасау мәселелері. Мектеп психологы және педагогикалық ұжым. әдістемелік семинарлардың ұйымдастырылуы.


Дәріс 9. Мектеп психологының отбасымен жұмыс ерекшелігі.

Мектеп психологының отбасымен жұмыс ерекшелігі. Мектеп психологының отбасындағы тәрбие мәселесін талдау жұмыстары. Жанұя түрлері, олардың топтастырылуы.


Дәріс 10. Ата-аналармен диагностикалық жұмыс мазмұны және кеңес беру.

Ата-аналармен диагностикалық жұмыс мазмұны және кеңес беру. Жанұямен диагностикалық жұмысты жүзеге асырудағы принциптер. Ата-аналардың бала тәрбиесі туралы психологиялық-педагогикалық мәліметтерден хабардарлығы.


Дәріс 11. Ата-аналармен коррекциялық жұмыс мазмұны.

Коррекциялық ата-аналар тобы. Коррекциялық жұмысты жүргізудің шарттары. Ата-аналар тобының құрылуы. Топтың ережелері.


Дәріс 12. Психологиялық кеңес берудің жас ерекшелікке байланысты сипаттары.

Психологиялық кеңес берудің жас ерекшелікке байланысты сипаттары.Әр жас кезеңге байланысты туындауы мүмкін сұрақтар үлгісі.Психологиялық кеңес берудің әдістері.


Дәріс 13. Психологиялық алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері.

Психологиялық алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру формалары. Психологиялық үйірмелер, факультатив сабақтары.


Дәріс 14. Білім беру мекемесіндегі психологтың психологиялық ағарту жұмыстары.

Психологиялық білімнің қажеттілігін насихаттау. Мектеп психологы ретінде психологиялық білімге деген қызығушылықты оқушылар арасында жүзеге асыру жұмыстары


Дәріс 15. Білім беру мекемесіндегі психолог жұмысындағы психотерапияның алатын орны.

Психотерапевтік емдеу ерекше әсер етудің психикалық әдісі ретінде. Психологиядағы әсер етудің психикалық әдістері: ең алдымен тілдік қарым-қатынас, ол арнайы ұйымдастырылған психотерапевт пен пациент немесе пациенттер тобы кездесулерінде жүзеге асуы. Білім беру мекемесіндегі психолог жұмысындағы психотерапияның алатын орны.


Семинар 1. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің қазіргі жағдайы.

Жоспар


  1. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің негізгі мәселелері.

  2. Мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің даму тарихы.

  3. Бүгінгі таңдағы психологиялық қызмет жүйесі.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет жүйесінің қарастыратын негізгі мәселелеріне, мектеп психологының қызметі туралы заңнамалық құжаттарына, мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің даму тарихына тоқталу керек. Сонымен қатар аймақтық көлемде психологиялық қызмет жүйесінің бүгінгі жағдайына тоқталу керек.

Әдебиеттер:



  1. Дубровина И.В. Школьная психологическая служба. Вопросы теории и практики. М., 1991

  2. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога, М: 1993

  3. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. – М., 1997.


Семинар 2. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің моделі және құрылысы.

  1. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің құрылу концепциялары.

  2. Мектеп психологының білім беру мекемесінің арнайы мамандарымен бірлесіп жұмыс атқару өзгешелігі.

  3. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында отандық психологтар еңбектеріндегі ұсынылған психологиялық қызметтің құрылу концепцияларын жан-жақты қарастыру қажет. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет жұмысында аранайы мамандар жұмысының қажеттілігін мысалдар арқылы түсіндіру керек. Сонымен қатар мектеп психологының негізгі жұмыс бағыттарына тоқталу қажет.

Әдебиеттер:



  1. Фридман Л. Школьная психологическая служба: формы деятельности// Нар. Образование. 2001, №2

  2. Фридман Л. О концепции школьной психологической службы. // Вопросы психологии. 2001, №1

  3. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога, М: 1993


Семинар 3. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтегі мектеп психологының жұмыс мазмұны, мақсаты, міндеттері.

  1. Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаттары, міндеттері.

  2. Мектеп психологының құқығы, кәсіби этикалық кодексі.

Әдістемелік нұсқау: Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтегі мектеп психологының жұмыс мақсаты, міндеттеріне сәйкес практик психологтың жұмысының мазмұнын анықтау қажет. Мектеп психологының жұмысындағы әлеуметтік-психологиялық бағытына нақты тоқталу керек. Мектеп психологының құқығы, ұстанатын кәсіби этикалық кодексіне тіркелетін ережелерге талдау жасау керек.

Әдебиеттер:



  1. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога, М: 1993

  2. // Школьный психолог. 2003, № 36

  3. Калымбетова А. Мектеп психологының жұмыс істеу ережесі. // Ұлағат. 2000, №2


Семинар 4. Білім беру мекемесіндегі психологтың тұлғасының өзіндік дамуы.

  1. Психолог тұлғасының өзіндік даму процесінің бөліктері.

  2. Психологтың іскерлік түрлері.

  3. Психологтың тұлғалық ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында білім беру мекемелеріндегі практик психологтың жеке тұлғасының даму ерекшеліктеріне, соның ішінде тұлғалық даму процесінің бөліктеріне тоқталып, тұлғалық ерекшеліктерін сипаттау қажет. Ұсынылған әдебиеттердегі мәліметтерді жан-жақты қарастырып болашақ маман ретінде психолог тұлғасының бейнесін сипаттаңыз.

Әдебиеттер:



  1. Шырынбекова Б. Психологтың мектептегі алар орны. //Республика ұстаздары. 2007, № 1.

  2. Андриенко А.В. К вопросу о личностных и професиональных качествах практического психолога в образовании.// Инновация в образовании. 2006, №5


Семинар 5. Мектеп оқушысының психологиялық-педагогикалық мәртебесі, оның мазмұны және параметрлері.

  1. Оқушы мәртебесіне қойылатын талаптар.

  2. Оқушының психологиялық-педагогикалық мәртебесінің көрсеткіштері психологиялық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырудың негізі ретінде.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында оқушының психологиялық-педагогикалық мәртебесін анықтаудың жолдарын, психологиялық-педагогикалық мәртебесін анықтаудың негізінде мінездеме жазудың ерекшеліктерін ашып көрсету керек.

Әдебиеттер:

1. Дубровина И.В. Школьная психологическая служба. Вопросы теории и практики. М., 1991


  1. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога, М: 1993

  2. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. – М., 1997.


Семинар 6. Психологиялық-педагогикалық консилиум ұйымдастыру және өткізу.

1. Психологиялық-педагогикалық консилиумның оқушыларды психологиялық-педагогикалық жағынан қамсыздандырудағы ролі.

2. Консилиумға психологиялық зерттеулерді ұсынудың формасы.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында психологиялық-педагогикалық консилиум, оның қатынасушылары, мамандардың ұсынатын мәліметтері туралы толық мәлімет беру керек. Психологиялық-педагогикалық консилиумның оқушыларды психологиялық-педагогикалық жағынан қамсыздандырудағы ролін анықтау қажет.

Әдебиеттер:


  1. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. – М., 1997.

  2. Битянова М.Р. Консилиум в школе. // Школьный психолог. 2002, №9

  3. Дубровина И.В. Школьная психологическая служба. Вопросы теории и практики. М., 1991


Семинар 7. Білім беру мекемесіндегі психолог жұмысын жоспарлау

  1. Мектеп психологы жұмыстарын жоспарлау.

  2. Жоспардың негізгі бөлімдері. Үлгісі.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында жоспар үлгісімен танысып, болашақ маман ретінде жоспар үлгілерін түрлендіріп, ұсынылған формалардың қаншалықты тиімді екендігін бағалау қажет.

Әдебиеттер:

1. Мясадов П.А. «Теория и практика в работе школьного психолога». Москва: 1990

2.Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. Шымкент, 2006

3.Правила работы с документацией в школе проводящей эксперимент. // Воспитание школьников. 2003, № 5
Семинар 8. Мектеп психологының педагогикалық ұжыммен жұмыс ерекшеліктері.

1.Мектеп психологының педагогикалық ұжыммен жұмыс ерекшеліктері.

2. Психолог және мектеп.

3. Психолог және мектеп әкімшілігі: өзара қатынас жасау мәселелері.



Әдістемелік нұсқау: Мектеп психологының педагогикалық ұжыммен жұмыс ерекшеліктері тақырыбын қарастыру барысында психологтың мектепке бейімделу мәселесін, психолог және мектеп әкімшілігімен жұмыс істеу ерекшеліктерін, өзара қатынас жасаудың негізгі сұрақтарына толық тоқталу керек.

Әдебиеттер:

1. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. – М., 1997.

2.Дубровина И.В. Школьная психологическая служба. Вопросы теории и практики. М., 1991

3. Ядгарова Н. Игнатенко А. Деятельность школьного психолога по развитию психолого-педагогической компетентности учителя. // Ұлағат. 2002, №3

4. Самоукина Н. Практический психолог в школе М., 1997



Семинар 9. Психолог жұмысындағы кәсіби бағдар жұмысы.

  1. Мектеп психологы жұмысындағы кәсіби бағдар жұмысы.

  2. Жоғары сынып оқушыларын мамандыққа бейімдеу жұмыстары, мамандық таңдауға байланысты әдістемелер.

Әдістемелік нұсқау: Мектеп психологының кәсіби бағдар беру жұмысының ерекшеліктеріне, кәсіби бейімділікті анықтауға арналған әдістемелердің кешенін әзірлеу керек.

Әдебиеттер:



  1. Р.Муталиева. Мен және менің сүйікті мамандығым. // Мектептегі психология. 2007, №5

  2. Тұрманова Ж. Жасөспірімдер белсенділігі мен кәсіптік бағдары. // Психологияны мектепте және ЖОО оқыту. 2000. №2

  3. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании М: 1995 г.

  4. Рогов Е.И.Настольная книга практического психолога.1-том.-М.,1998.


Семинар 10. Ата-аналармен диагностикалық жұмыс мазмұны және кеңес беру.

  1. Ата-аналармен диагностикалық жұмыс мазмұны және кеңес беру.

  2. Ата-аналардың бала тәрбиесі туралы психологиялық-педагогикалық мәліметтерден хабардарлығы.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында ата-аналармен диагностикалық жұмыс мазмұнын ашып көрсетуде ата-аналарға арналған диагностикалық әдістемелердің үлгілерін, кеңес беру барысында қарастырылатын сұрақтар үлгілерін ұсынып, сұранысқа жауап қайтарудың жолдарын анықтау керек.

Әдебиеттер:

1. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. – М., 1997.

2. Дубровина И.В. Школьная психологическая служба. Вопросы теории и практики. М., 1991


Семинар 11. Білім беру мекемелер психологының диагностикалық әрекетінің мазмұны.

  1. Психодиагностикалық жұмыстың мазмұны.

  2. Психодиагностикалық ақпараттың әсері

  3. Әр жас кезеңдегі оқушылармен диагностикалық жұмыс жүргізудің ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында мектеп психологының жұмысында психодиагностикалық жұмыс негізгі жұмыс бағыты ретінде қарстырылып, әр жас кезеңдегі оқушылармен диагностикалық жұмыс жүргізудің ерекшеліктері анықталу қажет.

Әдебиеттер:



  1. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. Екатеринбург, 1995.

  2. Гильбух Ю.З. Психодиагностика в школе.


Семинар 12. Білім беру мекемелер психологының коррекциялық жұмысының әрекетінің мазмұны.

  1. Психокоррекциялық жұмыстың мазмұны.

  2. Психокоррекциялық топтар, оларды құру ерекшеліктері.

  3. Коррекциялық бағдарламалар, олардың үлгілері.

Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша жұмыс істеу кезінде психокоррекциялық жұмыстың мазмұнына, олардың ерекшеліктеріне назар аударып, еркін таңдалған тақырыпқа психокоррекциялық бағдарламалар жасаудың үлгілерін ұсыну қажет

Әдебиеттер:

1. Овчарова Р.В. Психолого-педагогическая служба школы: опыт организации М:1990


  1. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога, М: 1993

  2. Осипова А. Основы психокоррекции.


Семинар 13. Мектеп психологының жұмысындағы кәсіби бағдар жұмысы.

  1. Әр жастағы оқушылармен кәсіби бағдар жұмысын жүзеге асырудың үлгілерін ұсыну.

  2. Менің болашақ кәсібім.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сбаққа даярлану барысында өз мамандықтарың бойынша «Менің болашақ кәсібім» тақырыбына топтасып көрнекі жарнама үлгілерін әзірлеу қажет. Сабаққа бірден қажетті құрал-жабдықтарды даярлап әкелуіміз керек.
Семинар 14. Білім беру мекемесіндегі психологтың психологиялық ағарту жұмыстары.

  1. Психологиялық білімнің қажеттілігін насихаттау.

  2. Мектеп психологы ретінде психологиялық білімге деген қызығушылықты оқушылар арасында жүзеге асыру жұмыстары

Әдістемелік нұсқау: Психологиялық білімнің қажеттілігін оқушылар, ата-аналар арасында насихаттау жұмыстарының формаларына тоқталып, мектеп психологы ретінде психологиялық білімге деген қызығушылықты оқушылар арасында жүзеге асыру жұмыстарының үлгілерін ұсынуымыз қажет.

Әдебиеттер:



  1. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. Екатеринбург, 1995.

  2. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. – М., 1997.


Семинар 15. Жеткіншектермен жұмыстағы психотерапияның ролі.

  1. Психотерапия мектеп психологының жеткіншектермен жұмысындағы негізгі бағыт ретінде.

  2. Психотерапияны қолдану ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді қарастыра отырып, психотерпаияның жеткіншектермен жұмыстағы негізгі бағыт ретіндегі ерекшеліктерін ашып көрсету. Психотерапиялық әдістерді қолдану ерекшеліктерімен танысу.

Әдебиеттер:



  1. Рудестам К. Групповая психотерапия –М.,1990

  2. Самоукина Н.В. Методика психологического консультирования. Психологический институт РАО, М.1995


5 БІЛІМГЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

5.1 Білімгердің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық:

Өздік жұмыс тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ әдебиеті тарихының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық кабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты орындау, ОБӨЖ, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Өздік жұмыс тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз. Әр тақырыпты өткен кезде ұсынылып отырған көркем мәтіндермен мұқият танысып, көрсетілген үзінділерін жатқа оқу қажет. Өздік жұмысты қорғау барысында әдеби мәселелерді меңгерумен қатар мәтінді білу талап етіледі. Емтихан алдында мәтіндік тест алынады.
БӨЖ № 1. Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызметтің моделі және құрылысы.

БӨЖ № 2. Мектепке дейінгі ұйымдағы психологтың тұлғасының өзіндік дамуы.

БСӨЖ № 3. Психологиялық-педагогикалық консилиум ұйымдастыру және өткізу.

БӨЖ № 4. Мектепке дейінгі ұйымдағы психолог жұмысын жоспарлау.

БӨЖ № 5. Психолог жұмысындағы кәсіби бағдар жұмысы.

БӨЖ № 6. Ата-аналармен диагностикалық жұмыс мазмұны және кеңес беру.


Әдістемелік нұсқау. БӨЖ тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 3,6-апталарда, 2-кредит бойынша 11,14-апталарда БОӨЖ сабағында тексеріледі.

Бақылау жұмысы дегеніміз берілген тақырыптың қысқаша мазмұнын беретін шығарма. Берілген тақырыптардан қалауыңыз бойынша бір тақырып таңдап аласыз. Сіз бақылау жұмысын 12 беттік оқушы дәптеріне жазып өткізесіз. 1-7 апта аралығында дайындалып, 7-аптада БОӨЖ сабағында өткізесіз., Егерде тақырыбыңыз өтіп кетсе 7-аптаға дейін тапсырып тастауға болады.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет