Лекция сабақтарының күнтізбелік тақырыптық жоспары 050116


Тақырыбы: Жер планетасы физикалық географияның зерттеу нысаны ретінде



бет4/15
Дата25.04.2016
өлшемі1.63 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Тақырыбы: Жер планетасы физикалық географияның зерттеу нысаны ретінде

Географиялық қабықтың барлық компоненттері заттар мен энергиясының айналымы арқылы біртұтас болып байланысқан, осының нәтижесінде қабаттар арасында заттар алмасуы да жүзеге асады. Заттар мен энергияның әр-түрлі айналымы—географиялық қабықтың табиғи процестерінің аса маңызды механизмі. Заттар мен энергияның әр-түрлі айналымдары бар: атмосферадағы ауа айналымы, су айналымы және басқалары. Географиялық қабық үшін ауа массаларының қозғалысы арқылы жүзеге асатын су айналымының зор маңызы бар. Бұл оның ерекше қасиеттеріне байланысты. Табиғаттың өте ғажайып жағдайларының бірі -су үнемі қозғалыста болады. Ол өте күшті ерітуші, температураның аз ғана өзгеруі кезінде сұйықтан қатты немесе газ күйіне ауысу қабілеті судың түрлі табиғи процестерді тездетуге мүмкіндік береді.

Айналымның арқасында мұхиттағы су 3000 жыл ішінде толық жаңарады. Атмосферадағы ылғалды толық ауыстыру үшін 10 күндей керек болады. Айналымда бола отырып, су басқа компоненттерге өзара тығыз әсер етеді, оларды бір-бірімен байланыстырады және географиялық қабықты қалыптастыруда маңызды факторы болып табылады. Су басқа айналымдарға тығыз әсер етеді.

Географиялық қабықтың ішіндегі биологиялық айналымның ролі зор. Жасыл өсімдіктерді, жарық сәуледе көмірқышқыл газ бен судан органикалық заттар пайда болатыны белгілі, оны жануарлар қорек етеді. Жануарлар мен өсмдіктер өлген соң бактериялар мен саңырауқұлақтар әсерінен минералды заттарға айналып шіриді, содан соң оларды жасыл өсімдіктер қайтадан сіңіреді. Белгілі бір элементтер тірі организмердің органикалық заттардан әлденеше рет қайтадан минералды күйге енеді. Осының барлығын географиялық қабықтағы заттар мен энергияның және биологиялық айналым деп. атайды.

Географиялық қабық дамуының басты-басты сатылары:


  1. Бірінші-3 млрд жылға созылған, ең ұзаққа созылған, биогендікке дейінгі кезең. Бұл кезеңде қарапайыи организмдер ғана тіршілік етті және географиялық қабықты қалыптастыруға олардың қатысуы нашар болды. Атмосферада бос оттегі аз,көмірқышықылы көп болды.

  2. Екінші кезең-570 млн жылға созылған,оған тірі организмдердің географиялық қабықтың дамуындағы жетекші кезең болып табылады. Су мен атмосфераның құрамы өзгерді, көмірқышықылы аз болып, бос оттегі көбейді.

  3. Үшінші кезеңі-қазіргі кезең. Оның ерекше белгісі-адамның географиялық қабықтың дамуына белсенді әсер етуімен байланысты.

Тест сұрақтары

Тақырыбы: Жер планетасы физикалық географияның зерттеу нысаны ретінде



Түсініктеме: тест сұрақтарында жалпы жертану курсында өтілетін атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфера секілді табиғат кешендері мен олардың құрылымы, құрамы, адамзатпен ара қатынасы т.б. тақырыптарға сәйкес сұрақтар берілген. Студенттер әр тақырып бойынша алған өз білімдерін осы тест сұрақтары арқылы анықтай алады.
1. География ғылымы бөлінеді...

A) 2 салаға


Б)1 салаға

C) 3 салаға

D) 4 салаға

E) 5 салаға

2. География ғылымы ретінде пайда болған

A) Римде


Б)Грекияда

C) Египетте

D) Испанияда

E) Италияда

3. Тұңғыш рет дүние бөліктері туралы ұғымды айтқан

A) Римдіктер

Б)Гректер

C) Немістер

D) Испандықтар

E) Португалдықтар

4. Магелланның саяхатының нәтижесінде дәлелденді

A) Жердің құрлық екендігі


Б)Жердің дөңгелек екендігі

C) Жердің шар тәрізді екендігі


D) Жердің көп бөлігі су екендігі
E) Жердің көп бөлігі арал екендігі
5. Орта Азия мен Орталық Азияны зерттеуге үлкен үлес қосты

A) П.П. Семенов


Б)Н.М. Пржевальский
C) Ш. Уәлиханов
D) И.В. Мушкетов
E) Л.С. Берг
6. Күн жүйесіндегі планеталар саны

A) 7 планета


Б)8 планета
C) 11 планета
D) 10 планета
E) 9 планета
7. Жердің полюстік радиусы экваторлық радиустан

A) 22 км. қысқа


Б)21 км. қысқа
C) 20 км. қысқа
D) 23 км. қысқа
E) 24 км. қысқа
8. Жер пішіні шар тэріздес болғандықтан оның бетіне күн сәулесі түседі

A) бірдей


Б)әркелкі
C) тура
D) тік
E) бұрыштан
9. Күн жүйесіне кіретін ұсақ аспан денелері

A) Планеталар


Б)Ай

C) Астероидтар


D) Шаң-тозаң
E) Ай
10. Жер өз білігінен ...айналады

A) Оңтүстіктен солтүстікке қарай


Б)Шығыстан батысқа қарай
C) Батыстан шығысқа қарай
D) Батыстан оңтүстікке қарай
E) Шығыстан оңтүстікке қарай
11. Жер күнді бір рет айналып шығады

A) 364-365 күнде


Б) 362-663 күнде
C) 367 күнде
D) 368 күнде
E) 369 күнде
12. Жердегі “Кібісе жылы” қайталанып отырады

A) Әрбір 3-ші жылда


Б) Әрбір 4-ші жылда
C) Әрбір 2-ші жылда
D) Әрбір 5-ші жылда
E) Әрбір 6-ші жылда
13. «География» ұғымын енгізген:

А)Аристотель;

Б) Эратосфен;

С) Геродот;

Д) Страбон;

Е) Платон.

14. Жердің радиусы:

А)4000 км;

Б) 5381 км;

С) 1250 км;

Д) 6371 км;

Е) 500 км.



Реферат арқылы бағалау

2 – апта. Бағалау балы – 1,5

Тақырыбы: Жер планетасы физикалық географияның зерттеу нысаны ретінде



Реферат тақырыптары:


  1. Жер ғаламшарының пайда болуы.

  2. Жердің қалыптасуы туралы ой-пікірлер.

  3. Алғашқы құрлық Пангея.

  4. Ежелгі Гондвана мен Лавразия құрлықтары.

  5. Материктер мен мұхиттардың қалыптасуы.

  6. Географиялық қабық.

  7. Географиялық қабықтағы әркелкіліктер.

  8. Географиялық қабықтың заңдылықтары.

  9. Жер қыртысы.

  10. Жер қыртысының құрылымы.


Тест сұрақтары

Тақырыбы: Жер планетасы физикалық географияның зерттеу нысаны ретінде





Каталог: CDO -> OBSOJ -> Geo
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
Geo -> Медициналық география» пәні бойынша 050116-«География» мамандығының 3 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ және емтихан тапсырмалары
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар»
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Гуманитарлық білім” факультеті География және қоғамдық пәндер” кафедрасы
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Гуманитарлық білім» факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет