Лекцияны орыс тіліне аударып, мәтінге көшірген Абу Бакр Татарстани Қазақ тіліне орыс тілінен аударған Абу Тальха Науаи



Дата17.05.2020
өлшемі374.41 Kb.
түріЛекция
Шейх ‘Абд әр-Раззақ бин ‘Абд әл-Мухсин әл-Бадр


Ізгіліктің кілті болудың жолы

немесе

жетістікке қалай қол жеткізуге болады

Лекцияны орыс тіліне аударып, мәтінге көшірген Абу Бакр Татарстани

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған Абу Тальха Науаи
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы, әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.

Оқырмандарымыздың назарына шейх ‘Абд әр-Раззақ бин ‘Абд әл-Мухсин әл-Бадр, оған Аллаһ есендік берсін, өткізген «Сен қалай ізгіліктің кілті бола аласың немесе жетістікке қалайша қол жеткізуге болады» тақырыбындағы пайдалы лекциясының аудармасын ұсынамыз. Лекцияның мәтіндік нұсқасын дайындаған Абу Бакр Татарстани.

Шейх былай деп сөз бастады:



Аса Мейрімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Бұл лекцияның тақырыбы немесе мен сөз ететін нәрселер, тіпті егер менің өзім осыда, сендерге қарағанда, көбірек босаңсуға жол берер болсам да, біздің барлығымызға пайдалы болмақ. Әрі тағы да бір рет қайталағым келетіні – бұған біздің әрбірімз мұқтажбыз, өйткені арамыздағы көбіміз игі істер жасауға ұмтылады, бірақ бұл бәрінің де қолынан келе бермейді. Біреу намазға, біреу адамдарға жақсы қарым-қатынас жасауға ұмтылады, бірақ, өкінішке орай, Аллаһ бұл істердің есігін баршаға аша бермейді. Сонымен, бұл лекцияның тақырыбы: Аллаһ саған игіліктердің бұл түрлерін ашуы үшін не қажет, немесе Аллаһ сенің себебіңмен біреудің мұқтаждығын өтеуі үшін не істеу қажет.

Аллаһтан мені айтатын нәрселерімде қолдауын сұраймын, олардың ақиқатқа сәйкес келуін және Аллаһтан мені өз-өзіме тапсырмауын сұраймын, өйткені білім мен дұрыс түсінік менде көп емес. Сондай-ақ Аллаһтан мен айтатын нәрселерді бізге қарсы емес, бізге пайдалы етуін тілеймін. Өйткені Ол Естуші, Жауап беруші.

Уа, менің қадірменді бауырларым!

Ибн Мажаһ өзінің «Сунанында», сондай-ақ ибн ‘Асим өзінің кітабында, әрі басқа да көптеген ғалымдар Анас ибн Маликтен (оған Аллаһ разы болсын) жеткен мына хадисті келтіреді. Ол Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Ақиқатында, адамдардың арасында жақсылықтың кілті әрі жамандықтың құлпы болып табылатындары бар. Және адамдардың арасында жамандықтың кілті әрі жақсылықтың құлпы болып табылатындары да бар. Аллаһ жақсылықтың кілті қылған адамдарға Туба (Жәннаттағы ағаш) болсын, әрі Аллаһ жамандықтың кілті қылғандарға қасірет болсын!»

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы ұлы хадисі сияқты және бұл хадистің мазмұны мен мағынасын растайтын сөздері көп.

Мысалы, «Сунанда» Абу Хурайрадан (оған Аллаһ разы болсын) жеткізілген мына хадис: «Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір топ адамдардың жанынан өтіп бара жатып: «Сендерге сендердің араларыңдағы ең жақсыларың және ең жамандарың туралы айтып берейін бе?» - деді. Бұл жиында отырғандар үнсіз қалды, сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұрағын үш рет қайталады, содан соң жиындағылар: «Әрине, уа, Аллаһтың елшісі, бізге біздің ішіміздегі ең жақсымыз және ең жаманымыз туралы айт», - деді. Сол кезде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сендердің араларыңдағы ең жақсыларың - одан жақсылықтан өзге ешнәрсе және ешбір жамандық күтпейтіндерің. Ал сендердің араларыңдағы ең жамандарың – одан жамандықтан өзге ешнәрсе күте алмайтындарың және оның жамандығынан қауіпсіз болмайтындарың».

Және сондай-ақ Абу Муса әл-Аш‘ариден жеткізілген хадис те бар.

Уа, менің қадірлі бауырларым, ақиқатында, бақытты болуды және бұл дүние мен Ақыретте өз жанының құтылуын қалайтын әрбір мұсылман адам осы ұлы хадисті естігенде, күмәнсіз, оның жүрегі ізгіліктің кілті болуды қалап және кез келген жамандықтың кілті болудан қорқып дірілдейді.

Әрі өз жаны үшін ізгіліктің кілті болуды және жамандықтың кілті болмауды, Туба ағашы иелерінің қатарынан болуды және Аллаһ қайғы-қасірет пен ұлы жаза уәде еткендердің қатарынан болмауды қаламайтын мұсылман жоқ.

Және адамның жаны, менің құрметті бауырларым, бір нәрсені қалап соған ұмтылса, ол бұл мақсаттың іске асуы үшін күш жұмсауы қажет. Өйткені бір ғана қалаудың және ұмтылыстың болуы жеткілікті емес, ең бірінші кезекте мәселенің мәнін түсіну қажет, кейін осы мақсатқа жетудің себептерін орындау керек және, ең бастысы, Аллаһтан көмек сұрау қажет.

Ал енді, менің қадірменді бауырларым, тақырыптың өзіне көшейік, яғни «Сен қалай ізгіліктің кілті бола аласың».

Бұл біздің әрбіріміз мұқтаж болған ұлы және өте маңызды сұрақ болып табылады. Әрі бұл сұрақ адам олардың себебінен ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы бола алатын тармақтардан құралады.

1. Біріншісі (әрі бұл ең маңыздысы): бұл әрбіріміз білуге және есте сақтауға тиісті болған нәрсе: Ашушы (әл-Фаттах) - бұл (жақсылық есіктерін) ашушылардың Ең Жақсысы Аллаһ екендігі.

«Әл-Фаттах» — Аллаһ Тағаланың есімдерінің бірі. Әрі Аллаһқа және Оның барлық кемел есімдеріне, соның ішінде «әл-Фаттах» деген есіміне де иман келтірген әрбір мұсылман үшін Оған Оның көркем есімдері арқылы құлшылық етіп, Аллаһ Тағаланың мына сөздеріне сәйкес Оның разылығын іздеу міндетті болып табылады:



وَلِلّهِ الأَسْمَاء الْحُسْنَى فَادْعُوهُ بِهَا

«Ең көркем есімдер – Аллаһқа тән. Сондықтан Оған солар арқылы жалбарыныңдар» («әл-А’раф» сүресі, 180).

Аллаһ Тағалаға Оның есімдері арқылы жалбарыну (дұға) өзінің құрамына өтінуді (ду’а масаля) және ғибадатты (ду’а ‘ибада) қамтиды.

Өтіну (ду’а ‘ибада):

а) осы есімді түсіну жағынан, оның өзі нұсқайтын мағынасын ұғынумен;

б) осы есімдегі сипатты растаумен;

в) сондай-ақ бұл есім өзінен талап ететін құлшылықты орындаумен іске асырылады.

Аллаһ Тағаланың «Әл-Фаттах» есімі — ұлы есім және ол Құранда екі рет келтірілген.

Бірінші рет Аллаһ Тағаланың Шу’айбтың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) дұғасын атап келтірген сөздерінде:



رَبَّنَا افْتَحْ بَيْنَنَا وَبَيْنَ قَوْمِنَا بِالْحَقِّ وَأَنتَ خَيْرُ الْفَاتِحِينَ

«Раббымыз! Біз бен қауымымыздың арасындағы ақиқатты ашып бер, өйткені Сен – ашушылардың ең Жақсысысың!» («әл-А’раф» сүресі, 89).

Және екінші рет Аллаһ Тағаланың мына сөздерінде:



قُلْ يَجْمَعُ بَيْنَنَا رَبُّنَا ثُمَّ يَفْتَحُ بَيْنَنَا بِالْحَقِّ وَهُوَ الْفَتَّاحُ الْعَلِيمُ

«Оларға: "Раббымыз бәрімізді бірге жинап, сосын бізге ақиқатты ашып береді (біздің арамызда шындықпен үкім етеді). Өйткені Ол – Ашушы", - де («Саба» сүресі, 26-аят).

Аллаһ Тағаланың «Әл-Фаттах» деген есімі Оның сипатын нұсқайды, ал ол -«фатх», яғни ашу.

Және бұл ұлы сипат өзіне ғалымдар атап өткен көптеген мағыналарды қамтыған. Соның ішінде – Аллаһ Тағаланың Өзінің құлдары үшін шариғатты ашуы, сондай-ақ Өзінің құлдарына сый-сауапты ашуы немесе Өзінің құлдарына қандай да дүние игіліктерін ашуы.

Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай:



مَا يَفْتَحِ اللَّهُ لِلنَّاسِ مِن رَّحْمَةٍ فَلَا مُمْسِكَ لَهَا وَمَا يُمْسِكْ فَلَا مُرْسِلَ لَهُ مِن بَعْدِهِ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ

«Аллаһ Өзінің құлдары үшін қандай мәрхаметін ашса да, оны ешкім ұстап қала алмайды, ал қандай мархаметін ұстап қалса, оны ешкім Одан кейін аша алмайды. Өйткені Ол аса Құдыретті, Дана» («Фатыр» сүресі, 2).

Өйткені Ол - «Әл-Фаттах» — (жақсылық есіктерін) Ашушы.

Сондықтан да кім ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болғысы келсе, оның бұл мақсатқа жетудегі алғашқы қадамы ашушылардың ең Жақсысы болып табылатын Ашушыға ізгілік есіктерін өзіне ашып беруін сұрап жалбарыну болуға тиісті. Оның алдында мойынсұнған күйде, өз мақсатына қол жеткізуді қалап, Аллаһ Тағаламен шыншыл болған күйде. Өйткені Аллаһ Тағала Өз құлының Оған жалбарынған кезіндегі дұғасын қайтармайды.

Және бұл алғашқы қадам болып табылады.

Өйткені барлық игіліктерді ашу жалғыз Аллаһқа тән.

Сен үшін пайдалы білім мен салиқалы амалдардың, игі адамгершілік сипаттардың ашылуы да.

Біздің кейбір салиқалы саляфтарымыздың былай деп айтқандарындай: «Ақиқатында, көркем мінез Аллаһтың сыйы болып табылады және, ақиқатында, егер Аллаһ Өз құлын сүйсе, Ол оған осы сыйды нәсіп етеді. Және Пәк әрі Ұлы Аллаһ Өз құлдарының арасында мінездерді, ризықты, амалдарды бөліп үлестірді. Әрі мұның барлығы Аллаһтан».

Міне сондықтан да, бұл жолдағы ең бірінші нәрсе Аллаһ Тағалаға толығымен жүгіну болып табылады. Әрі Аллаһ саған ашып бермесе, білімге қол жеткізуге немесе дұрыс түсінікке ие болуға, немесе жақсы мінезге де қол жеткізуге, тағы басқалар да мүмкін болмайды.

Және табиғин ғалымдардың қатарынан болған Муттараф ибн ‘Абдуллаһ: «Егер менің жүрегімді алып сол қолыма қойса және барлық көркем мінездерді менің оң қолыма қойса, егер Аллаһтың Өзі оларды менің жүрегіме салмаса, мен осы игі мінездердің біреуін де өзімнің жүрегіме сала алмас едім», - деп, өте жақсы айтқан екен. Яғни барлығы Аллаһқа тәуелді.

Және сондықтан да адам насихат пен бұл дүниеде де, Ақыретте де өзіне пайда беретін көптеген нәрселерді, ізгіліктің, салиқалылықтың, бақыттың есігі туралы естіп жүруі мүмкін, бірақ жүрегі ғибрат алмай, жүрегі қап-қара болып қала беруі мүмкін.

Ал тауфиқ (ғибадаттағы Аллаһтан көмек) Аллаһтың қолында және Аллаһтан өзге ешкімде күш те, қуат та жоқ.

2. Адам соның себебінен ізгіліктің кілтіне және жамандықтың құлпына айналатын, ізгілікке жол ашатын үлкен кілт болып табылатын екінші тармақ – бұл таухид (бірқұдайшылық, яғни Аллаһты жалғыздау) және оған ықыласты түрде құлшылық ету.

Таухид – кез келген ізгілікке жол ашар кілт, сондай-ақ таухид Жәннаттың да кілті болып табылады.

Және имам Ахмад «Муснадта» Му’аз ибн Жабальдан жеткізген хадисте келтіргеніндей, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жәннаттың кілті - Лә иләһа иллә Лллаһ (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ)», - деген.

Бұл хадиске келер болсақ, оның сенімділігі (сахихтығы) жөнінде келіспеушіліктер бар, бірақ оның мағынасы, күмәнсіз, - ақиқат. Және бұған осы хадисті күшейтетін дәлелдер көпшілік. Мен олардың барлығын келтіріп отырмаймын, Бухари мен Муслим Умар ибн Хаттабтан (оған Аллаһ разы болсын) жеткізген хадиспен ғана шектелемін. Ол Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Дұрыстап дәрет алып болып: «Ешбір серігі жоқ Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және Мухаммад – Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік беремін (Әшһәду әл лә иләһә илләл-лаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу уә әшһәду әннә Мухаммадан ъабдуһу уә расулюһ)», - деп айтқан әрбіріңе міндетті түрде Жәннаттың сегіз қақпасы ашылады да, ол қалағанынан кіреді».

Демек таухид (бірқұдайшылық) — Жәннаттың кілті. Және кім Аллаһқа таухидпен келмесе, ол үшін Жәннаттың есіктері ашылмайды. Сондықтан да Аллаһ Тағала Құранда былай деді:

إِنَّ الَّذِينَ كَذَّبُواْ بِآيَاتِنَا وَاسْتَكْبَرُواْ عَنْهَا لاَ تُفَتَّحُ لَهُمْ أَبْوَابُ السَّمَاء وَلاَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ حَتَّى يَلِجَ الْجَمَلُ فِي سَمِّ الْخِيَاطِ وَكَذَلِكَ نَجْزِي الْمُجْرِمِينَ

«Күдіксіз, аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өздерін жоғары көргендерге көктің есіктері ашылмайды. Және олар түйе иненің көзінен өткенге дейін Жәннатқа кірмейді. Күнәкарларды өстіп жазаландырамыз» ( «әл-Ағраф» сүресі, 40).

Яғни Жәннатқа бірқұдайшылықсыз кіру мүмкін емес. Және Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқанындай: «Жәннатқа иман келтірген жаннан басқа ешкім кірмейді».

«Лә иләһа иллә Ллаһ» — бұл бірқұдайшылықтың сөзі және бұл, осы туралы жоғарыда айтқанымыздай, Жәннаттың кілті.

Бірақ пенде осы сөзге сәйкес амалдар жасағанда, яғни осы сөз талап ететін нәрселерді орындағанда ғана бұл сөздердің оған көмектесе алатынын ұмытпаған жөн. Имам әл-Бухари өзінің «Сахихында» Ухб ибн Мунаббихтан адамдар: «Ал „Лә иләһа иллә Ллаһ“ Жәннаттың кілті емес пе?» - деп сұрақ қойғанда, ол оларға: «Әрине, бірақ тіссіз кілт болмайды, және егер сен тістері бар кілтпен есікті ашсаң, ол саған ашылады, ал егер олар болмаса, ол ашылмайды», - деп жауап бергені туралы келтірген хадисте айтылғандай.

Ол бұл сөздерімен «Лә иләһә иллә Ллаһ» куәлігінің шарттарын айтқысы келген еді. Ал бұл шарттар орындалмайтын жағдайда, бұл куәлік оны айтушыға пайда бермейді. Бұл куәліктің, Аллаһтың Кітабында және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде келгеніндей, ғалымдар өздерінің таухид туралы кітаптарында атап айтатын және олардың әрқайсысының дәлелдерін таратып қарайтын жеті шарты бар. Мен бұл шарттардың әрбірінің егжей-тегжейліктеріне кіріспеймін, тек оларды тізбектеп атап өтумен ғана шектелемін:


  • 1. Надандыққа қарама-қайшы келетін білім;

  • 2. Күмәнға қарама-қайшы келетін сенушілік;

  • 3. Өтірікке қарама-қайшы келетін шыншылдық;

  • 4. Ширкке қарама-қайшы келетін ықылас;

  • 5. Жек көрушілікке қарама-қайшы келетін сүю;

  • 6. Тастауға (қалдыруға) қарама-қайшы келетін ілесу (еру);

  • 7. Теріске шығаруға қарама-қайшы келетін мойындау.

Бір ғалым бұл шарттардың барлығын «Сулләмуль-усуль» деп аталатын бір шумаққа біріктірген екен:

«Білім, сенушілік, мойындау және ілесу,

әрі мен айтатынды да білерсің,

олар: шыншылдық пен ықылас және сүю,

әрі Аллаһ саған Өзі сүйген нәрселерде көмектессін».

Демек, бұл сөздер – ұлы сөздер, өйткені бірқұдайшылықтың сөздері Жәннаттың кілті болып табылады. Әрі бұл Жәннатқа кілт болғысы келетін адамның барлығына да міндетті болып табылады, яғни Аллаһтың алдындағы өзінің ықыласын жетілдіру (яғни Онымен ықыласты болу).

Өзінің игі істерінің барлығында Аллаһтың Жүзін қалап, Одан өзінің құлшылығымен, адамдарға деген жақсы мінез-құлқымен пана тілей отырып.

Аллаһ былай деп айтқанындай:



إِنَّمَا نُطْعِمُكُمْ لِوَجْهِ اللَّهِ لَا نُرِيدُ مِنكُمْ جَزَاء وَلَا شُكُوراً

«...Шын мәнінде сендерді Аллаһтың жүзі үшін тамақтандырамыз, әрі сендерден сый да, алғыс та тілемейміз" ( «Инсан» сүресі, 9).

Яғни (мұндай) адамдар Аллаһ Тағаланың Өзінің ықыласты құлдарына уәде еткен Жәннаты мен сыйынан өзге ешнәрсені қаламастан, салиқалы амалдарды істейді.



3. Үшіншісі: Құран мен Сүннетке негізделген пайдалы білім. Әрі білім – бұл негіз, өйткені онсыз пенде ізгіліктің кілті бола алмайды.

Егер адамда білім болмаса, ол қалайша ізгілік пен жауыздықтың кілттерінің арасын, ақиқат пен жалғанның, сүннет пен бидғаттың (діндегі жаңалықтың), тура жол мен адасушылықтың арасын ажыратпақ?!

Әрі адамның білімі болмаса, ол қалайша адасушылыққа түсуден сақтанбақ? Немесе бүрыңғылар айтпақшы: «Адам білмеген нәрсесінен қалайша қорықпақ?»

Міне сондықтан да, кім ізгіліктің кілті болуға ұмтылса, пайдалы білімдерге назар бөлсін.

Имам әл-Байхақи өзінің «Сунна» кітабында Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім таңертең білім іздеп жолға шықса, соған Аллаһ Жәннаттың есіктерін ашады», - деп жеткізгеніндей. Бұл хадистің сенімділігіне қатысты келіспеушіліктер бар.

Бірақ бізге Абу әд-Дарда жеткізген Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі жетіп асады: «Кім білім іздеу жолына түссе, соған Аллаһ Жәннатқа барар жолды жеңілдетеді». Және бұл хадис алдыңғы хадистің де мағынасын қамтиды.

Және кім өзінің жаны үшін ізгіліктің кілті болуды қаласа, пайдалы білімге ұмтылсын, әрі бұл жолда барлық күш-жігерін салсын. Ал ілім-білімі жоқ адам туралы айтар болсақ, ол ақиқат пен жалғанның аражігін ажырата алмайды.

Аллаһ Тағала былай деп айтады:



قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الَّذِينَ يَعْلَمُونَ

«Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» - де» («Зумар» сүресі, 9).

Білім – бұл тақырыптағы (мәселедегі) ұлы негіз. Сондықтан да пенде, Жәннаттың кілті және жауыздықтың құлпы болуы үшін, білімге көңіл бөлуі қажет. Өйткені егер адамда білім болмаса, оның жүрегіне көптеген адасушылықтар, бидғаттар және құмарлықтар кіріп кетуі мүмкін. Ол өзі байқамастан, «жақсылық жасап жатырмын» деп ойлап, осы адасушылықтарға негізделіп амал жасауы мүмкін.

Мен уақытты бұл тақырыппен созбай-ақ, имам әд-Дарими өзінің «Сунна» атты кітабында хасан (жақсы) иснадпен келтірген мына оқиғамен шектелгім келеді. Бұл оқиға мешітте Аллаһты зікір ету мақсатымен жиналған адамдар туралы. Бұл адамдардың бірі өзгелеріне: «Жүз рет «Субханаллаһ» деп айтыңдар!» - дейтін, ал адамдар жүз рет «СубханаллаҺ» сөзін айта отырып, (жүз рет) тастарын шертетін. Бұл туралы Ибн Мас’уд естігенде, ол дереу мешітке жүгіріп барады да, ол адамдарды көріп: «Не сендердің істеп жатқандарың Мухаммадтың ұстанғанынан жақсырақ, не сендер адасудасыңдар!» - деп дауыстап жібереді. Олар: «Уа, Абу ‘Абдурахман, біз жақсылықтан басқа ешнәрсені қаламадық», - деп жауап береді. Сонда ол: «Жақсылықты қалайтын қаншама адамдар оған жете бермейді», - деді.

Міне сондықтан да ізгілікті таныған адамнан өзге ешкім ізгілікке жете алмайды. Әрі осы тармақты имам Ахмад «Муснадында» Ибн Мас’удтан жеткізген мына хадиспен аяқтағым келеді: «Ақиқатында, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ізгілікті ашатын нәрселерге де, оны жабатын нәрселерге де және оны толық қамтитын нәрселерге де үйретілген еді».

Сондықтан да, уа, Аллаһтың құлы, егер сен ізгіліктің кілті болғың келсе, онда ізгіліктің имамы және жаратылыстың ең жақсысы Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерінде қамтылған ізгілікті ашатын және оны жабатын нәрселерді оқып үйрен.

4. Төртіншісі: Исламның бес тірегіне көңіл бөлу. Ақиқатында, егер сен Исламның тіректеріне шындап қарасаң және оларды күтіп-сақтасаң, онда Аллаһ саған қиялыңа кірмеген ізгілік жолдарын ашып береді.

Мысалы, Исламның намаз, ораза, қажылық секілді тіректеріне күтушілікпен қарау Аллаһтың саған ізгіліктің қақпасын ашуына және сені осы ізгіліктің кілті етуіне ең үлкен себеп болып табылады. Әрі бұған дәлелдер де өте көп, олардың тек кейбіреулерін атап кетумен шектелейін.

Имам әл-Бухаридің «Сахих» жинағында мүміндердің анасы Умм Салямадан оның былай деп айтқан хадисі келтіріледі: «Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнде тұрды да: «Лә иләһә иллә-Ллаһ (басқа бір риуаятта «Субханаллаһ»), бүгінгі түнде қаншама бүліктер түсірілді және Аллаһ қаншама ізгіліктің қазыналарын ашты!», - деп айтты».

Назар аударыңыздар, бауырлар, бүліктер түсті және ізгіліктің қазыналары ашылды.



«Үйлердің иелерін1 намазға оятыңдар, өйткені бұл дүниеде киінген (әйел) Ақыретте жалаңаш болып қалуы мүмкін!»

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не нәрсеге нұсқағысы келді?

Міне сондықтан да, уа, Аллаһтың құлы, егер сен өз жаның үшін бүліктерден қорғануды және ізгіліктің қақпаларын қаласаң, онда олар намазда!

Әрі дәл қазір сен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үнемі қамданатын нәрсені есіңе аларсың, бұл Абу Саиб пен Абу Хумайд жеткізген хадисте баяндалатынындай, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешітке кірерде:



اللّهُـمَّ افْتَـحْ لي أَبْوابَ رَحْمَتـِك

«Уа, Аллаһ, маған рахметіңнің есігін аша гөр!» - деп айтатыны.

Демек намаз – бұл рахметтің есігі, әрі оның қамын ойлау (яғни оны сақтап- қорғау) – сен білетін және сен білмейтін игіліктердің кілті. Және намазда ұйықтап қалған және басы жастықтан намаз оқу үшін көтеріле алмайтындай ісіп кеткен адамды қандай жақсылық күтпек? Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешітке кірерде:



اللّهُـمَّ افْتَـحْ لي أَبْوابَ رَحْمَتـِك

«Уа, Аллаһ, маған рахметіңнің есігін аша гөр!» - деп, ал шығарда:

اللّهُـمَّ إِنّـي أَسْأَلُكَ مِـنْ فَضْـلِك

«Уа, Аллаһ, ақиқатында, Сенен рахметіңді тілеймін», немесе басқа бір риуаятта:

اللّهُـمَّ افْتَـحْ لي أَبْوابَ فَضْـلِك

«Уа, Аллаһ, маған игіліктеріңнің қақпаларын аша гөр!» - деп айтатын.

Намаз оқу, оған ұмтылу рахмет қақпаларын ашады, ал оны үзбей орындау ризықтың есігін ашады.

Әрі сондықтан да біз үшін шариғатта мешітке кіретін кезімізде: «Уа, Аллаһ, маған рахметіңнің есігін аша гөр!» - деп, ал одан шығарда: «Уа, Аллаһ, маған игіліктеріңнің қақпаларын аша гөр!» - деп айту заңдастырылған.

Бұл тақырыпқа көптеген хадистер келтіріледі. Әт-Тирмизи «Муснадта» келтірген құдси хадисті айтып кетейін, әрі ол Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахих түрде жеткен: «Аллаһ: «Уа, Адам баласы, Мен үшін күннің бірінші бөлігінде төрт ракағат (рукуғ) жаса, және Мен сені күннің қалған бөлігінде марапаттаймын», - деді».

Аллаһ төрт ракағат жасауды бұйырып тұр. Аллаһ бұл ракағаттарға мұқтаж емес, шақыруда.

Шейхуль-ислам Ибн Таймия былай деген: «Осы төрт ракағатта таң намазының парыз екі ракағаты және оған дейінгі нәпіл (сүннет) намазының екі ракағаты меңзелуде (айтылуда)».

Уа, менің қадірменді бауырларым, таң намазынан ұйықтап қалушы өзін қандай сый-сауаптан жұрдай етуде?! Бұл хадисте: «Жауыз нәпсімен, жалқау күйде оянады. Оған ізгіліктің есіктері жабылды және оған ризықтың есіктері де жабылды», - деп айтылғандай.

Өйткені күннің бірінші бөлігі – бұл оның негізі. Өйткені дәл осы уақытта береке мен ризық жіберіледі.

Абу Зарр былай деп айтқанындай: «Күннің бірінші бөлігі түйе секілді, егер оны бас жағынан ұстасаң (тартсаң), қалған жағы саған ілесіп кетеді. Және кім күннің бірінші бөлігін намазды орындаумен ұстап қалмаса, оның қалған бөлігінен не күтпек?»

Міне сондықтан сен үшін және өзгелер үшін ізгіліктің ашылуындағы ұлы негіздің бірі – Исламдағы парыз болған тіректерді орындау, ал оның басында намаз тұр.

Сондай-ақ оразада, қажылықта және басқа ғибадаттарда да ізгіліктің көптеген есіктері бар.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Рамазанның бірінші түні кіргенде, Тозақтың есіктері жабылады және шайтандар кісенделеді, және шақырушы: «Уа, ізгілікті қалаушы, ұмтыл! Уа, жауыздықты қалаушы, тосыл!» - деп айтады.

Сондықтан да Исламдағы міндеттерге назар бұру, олар туралы қам жеу (яғни оларды бұлжытпастан орындау) саған деген үлкен көмек болады, яғни сен өзің үшін де, өзгелер үшін де ізгіліктің кілті бола білуің үшін.

5. Бесіншісі: Күнәлар мен Аллаһқа мойынсұнбаудан аулақ болуда өз нәпсіңмен күресу. Әрі тағы да бұл тақырыптағы әңгіме көпке созылып кетуі мүмкін, бір-ақ хадисті ескертіп кетумен шектелейін.

Имам Ахмад «Муснадта» Ибн Сам’аннан Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі жағасында қабырғалар, ал әрбір қабырғада бір-бір есіктен, ал әр есікте перде, ал бұл жолдың бас жағында шақырушысы бар тура жолдың мысалын келтіргенін жеткізген. Сол шақырушы: «Уа, Аллаһтың құлы, тура жолмен жүр де, одан бұрылма!» - деп айтады. Ал осы жолдың үстіндегі шақырушы: «Есікті ашпа. Ақиқатында егер сен оны ашсаң, ішіне кіріп кетесің», - деп шақырады. Содан соң Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тура жолдың Ислам, қабырғалар – Аллаһтың шекаралары, есіктер – бұл Аллаһтың тыйымдары мен Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті, жоғарыдан шақырушы – әрбір мұсылманның жүрегіндегі Аллаһтың насихатшысы екенін түсіндірді. Және бұл – Аллаһтың Өз құлының жүрегіне үгіт-насихатшы қылып, танытқан мейірімінен. Нәпсі оны харам есіктерінің бірін ашуға шақырған кезде, бұл насихатшы: «Уа, Аллаһтың құлы, есікті ашпа, өйткені егер есікті ашсаң, ішіне кіріп кетесің!» - деп, оны бұдан кері тартады.

Міне, сондықтан да кім ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болуды қаласа, бұл хадис оның Жәннатқа апарар тура жолда екеніне нұсқайтынын білсін. Сондай-ақ ол жолдың оң жағында да, сол жағында да көптеген есіктер бар екендігін және ол есіктерде перделерден басқа кіруге кедергі жасап тұрған ешнәрсе жоқ екендігін, әрі бұл есіктер харамға алып баратынын да білсін. Және, уа, бауырым, сол пердеден өзге ешбір бөгеті жоқ есікті ашу, құлпы бар есіктен айырықша, еш қиындық туғызбайтыны баршаға жақсы белгілі. Өйткені құлпы бар есікті ашу үшін сен кілтке мұқтаж боласың ғой. Ал егер есікте тек перде ғана болса, онда сен оған тез арада кіріп үлгересің, яғни сен осы жолмен бара жатып, харамға кіресің және тыйым салынғанның арасында пердеден өзге ешбір бөгет жоқ. Дәл сондықтан да ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болғысы келген адам бар жігер-ынтасымен оңды-солды орналасқан харамға апарар есіктерден сақ болуы қажет.

Және егер де ол оған кірсе, онда өзі үшін де, өзгелер үшін де жауыздықтың есігін ашады, өйткені жамандықты жасаушы адам оны жасаушылардың жалғызы болғысы келмейді.

Әрі бұл адам жамандық жасаушыдан жамандықты таратушыға айналады. Және бұл – жамандыққа шақырушылардың барлық замандарда ұстанған нәрсесі. Кім харамға кірсе, уақыт өте келе сол харамға шақырушылардың біріне айналады.

Ізгі халифа ‘Усман ибн ‘Аффан былай деп айтқанындай: «Әрбір зинақор әйел әйелдердің барлығы зинақор болуын қалайды».

Әрі осынысымен мұндай адам жамандықтың кілтіне және жақсылықтың құлпына айналады.

6. Алтыншы: дұға (Аллаһқа жалбарыну), бауырларым, кез келген ізгіліктің кілті болып табылады.

Саляфтардың бірі: «Мен ізгіліктің түрлері туралы ой шолдым және ізгіліктің көптеген есіктерін таптым: намаз, ораза. Бұлардың барлығы Аллаһтың қолында екенін түсіндім, дұға әрбір ізгіліктің кілті болып табылатынын түсіндім. Өйткені Аллаһ көмектеспесе, сен намаз оқи алмайсың, Аллаһ көмектеспесе, сен ата-анаңа ізгілік таныта алмайсың. Сол сияқты, егер Аллаһ (қалап, көмектеспегенде) біз тура жолмен жүрмес едік, егер Аллаһ (қалап, көмектеспегенде) намаз оқымайтын едік, егер Аллаһ (қалап, көмектеспегенде) ораза ұстамас едік», - деген.

Және Аллаһ Тағала: «Бірақ Аллаһ сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңде зейнеттеді. Сондай-ақ сендерге күпірлікті, бұзақылықты және мойынсұнбауды жек көрсетті. Міне солар тура жолдағылар. Бұл - Аллаһтан кеңшілік, және нығмет. Аллаһ толық Білуші, Хикмет иесі» («Худжурат» сүресі, 7-8).

Міне, сондықтан да егер сен өз жаның үшін оны ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы етуді, Аллаһ Өзінің рахымын төккендерден болуды, білім иелерінен болуды қаласаң, онда Аллаһтан сұра. Өйткені мұның барлығы Аллаһтың қолында.

Сондықтан да білім иелерінің бірі былай деп айтқан екен: «Дұға (Аллаһқа жалбарыну) – бұл әрбір ізгіліктің кілті. Ал кімге осы кілт жеңілдетілген болса, оған қалған ізгіліктің барлығы жеңілдетілген болады. Ал кім осы кілттен жұрдай болса, қалған ізгіліктің барлығынан жұрдай болғаны».

Және де дұға, Аллаһқа ұмтылу, Онымен шыншыл болу, дұғаның Аллаһтың Кітабы мен Оның Пайғамбарының Сүннетінде бекітілген ережелеріне және шарттарына назар бөлу, бұл ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болу үшін осы тараудағы негіз болып табылады. Мүмкін, сенің Аллаһқа жасаған шыншыл және ықыласты дұғаң Аллаһ Тағаланың сенің бүкіл өміріңді ізгіліктің кілттерімен және жамандықтың құлыптарымен жандандыруына себеп болар.

Әрі Аллаһтың Кітабында және Оның Пайғамбарының (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде келтірілетін дұғалар өте көп. Мен олардың барлығын тізбектеп айтып отырумен уақытты созбаймын, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үйінен шыққан кезде:

اللّهُـمَّ إِنِّـي أَعـوذُ بِكَ أَنْ أَضِـلَّ أَوْ أُضَـل ، أَوْ أَزِلَّ أَوْ أُزَل ، أَوْ أَظْلِـمَ أَوْ أَُظْلَـم ، أَوْ أَجْهَلَ أَوْ يُـجْهَلَ عَلَـيّ

«Уа, Аллаһ, ақиқатында, мен Саған адасудан және (өзгелерді) адастырудан, қорланудан және (өзгелерді) қорлаудан, өзгелерге жамандық тигізуден және өзіме жамандықтың келуінен, надандыққа түсуден және өзгелерді оған кіргізуден сыйынамын».

Бұл нендей ұлы дұға екендігіне назар аударыңыздар!

Егер Аллаһ сенің осы дұғаңа жауап берсе, онда сен ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы бола аласың.

Біздің саляфтарымыз: «Мені және менен қауіпсіз ет», - деп айтатындарындай.

Бірақ Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұғасы көркемірек және оның қамтитын ауқымы да кеңірек.

Міне, сондықтан да кім ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болуды қаласа, Аллаһқа ұмтылсын және Одан сұраудан жалықпасын, Аллаһ оған ізгіліктердің есіктерін ашуы арқылы оны сый-құрметке бөлеуі үшін.

Әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таң намазынан кейін тұрақты түрде жасаған дұғаларынан:

اللّهُـمَّ إِنِّـي أَسْأَلُـكَ عِلْمـاً نافِعـاً وَرِزْقـاً طَيِّـباً ، وَعَمَـلاً مُتَقَـبَّلاً

«Уа, Аллаһ, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе, және (Өз құзырыңда) қабыл болатын амал сұраймын».

7. Жетіншісі: бүліктер мен күмәндардан аулақ болуға және олардан сақтануға тырысу қажет. Және сонысымен адам өз жанын да, өзгелердің де жанын қауіпсіз етеді.

Әрі бұл тақырыпта да көп сөзді болмай, Ибн Батта өзінің «Ибана» кітабында келтірген мына сөздерімен ғана шектелемін: «Ақиқатында, өте көп түсініксіз нәрселер болады (яғни сен ақиқаттың қайда және жалғанның қайда екенін білмейсің). Сондықтан асықпа. Ақиқатында, адасушылықта имам болғаннан гөрі ізгілікте ілесуші болған жақсырақ».

Міне, сондықтан да егер сен ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болуды қаласаң, бүліктер мен күмәндардан аулақ бол да, бұл мәселелерге кіріспе, бұларға қатыспа, бұның саған не қажеті бар?! Асықпа, саған тура жол көрсететін үлкен ғалымдармен байланыс жаса, сонда түйінді мәселелердің барлығы да шешіледі.

Сондықтан да адамға асығыстық танытпау және бұл бүліктерден аулақ болу, ғалымдардан кеңес сұрау, Аллаһтың сені бүліктер мен күмәндардан шеттетуін көбірек сұрау міндетті болып табылады. Өйткені сен өзіңді осы бүліктерге салсаң, өз жаныңды да, өзгенің де жанын опат етесің.



8.Сегізінші: Адамдармен жұмсақ қарым-қатынас жасауда көрінетін көркем мінезділік. Өйткені бұл сенің ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болуыңа ең үлкен себеп. Және дөрекі мінезді әрі адамдарға жаман қарым-қатынастағы адамға адамдардың жүрегін ашу қиынға соғатынын да қосып айтып кетуге болады.

Өйткені Аллаһ адамзат баласының сұлтанына былай деп айтты:



فَبِمَا رَحْمَةٍ مِّنَ اللّهِ لِنتَ لَهُمْ وَلَوْ كُنتَ فَظّاً غَلِيظَ الْقَلْبِ لاَنفَضُّواْ مِنْ حَوْلِكَ

«(Мухаммад) оларға Аллаһтың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді» («Әли Имран» сүресі, 159).

Адамдар қатыгездіктен, дөрекіліктен аулақтайды, тіпті егер бұл адамның айтып жатқан сөздері ақиқат болса да, өйткені адамдарға жаман қарым-қатынас жасау оларды мұндай адамнан қашыртады.

Сондықтан да кім ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болуды қаласа, адамдарға жұмсақ қарым-қатынас жасауы керек, олармен ең жақсы сөздер арқылы, яғни ашу-ызасыз, өшпенділігі, мылжыңдығы жоқ сөздер арқылы сөз жүргізуі қажет. Әрі мен Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінен керемет мысал келтіргім келеді.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Меккеге (оған асқан жауыздық жасалған қалаға) жеңімпаз болып кіргенде, оның жанына Абу Бакр өзінің әкесін (ол сол кезде көпқұдайшыл болатын) қолынан жетектеп алып келді. Ол сақалы мен шашы ағарып кеткен егде жастағы кәрі кісі болатын. Ол онымен бірге Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақындаған кезде, Аллаһтың Елшісі оған не деп айтты (деп ойлайсыз)? Ол: «Уа, Абу Бакр, сен не себепті бұл қарт кісіні бізге ертіп әкелдің. Сен не себепті ол туралы маған хабарламадың, мен өзім ол кісіге барар едім», - деді.

Қараңыздаршы, нендей көркем мінез! Адам өзіне ең ауыр азаптар келтірген қалаға жеңімпаз болып кірді. Кейін ол: «Ал сен Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ екендігіне және мен Оның елшісі екеніме куәлік бересің бе?» - деп сұрап, қолын бұл шалдың көкірегіне қояды. Ол: «Мен Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқ екендігіне және сен Оның елшісі екеніңе куәлік беремін», - дейді.

Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Му’аз ибн Джабальдің иығына қолын қойып (ол кезде Му’аз жас жігіт болатын): «Уа, Му’аз, ақиқатында мен сені жақсы көремін. Әр намаздан кейін былай деп айтуды ұмытпа:



اللّهُـمَّ أَعِـنِّي عَلـى ذِكْـرِكَ وَشُكْـرِك وَحُسْـنِ عِبـادَتِـكعبادتك

«Уа, Аллаһ, маған Өзіңді зікір етуге, шүкір етуге және жақсы ғибадат етуге көмектес».

Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жас жігітке қалайша сөйлегені мен әлде біреудің: «Әй, бала!», «Әй, надан!» деп айтуының, немесе сол сияқты дөрекі сөздерінің арасындағы айырмашылыққа қараңыздар.

Сондықтан да кім ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болуды қаласа, өзін игі мінезбен көркемдесін.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, мен көркем мінезді кемелдікке жеткізу үшін жіберілгенмін», - деп айтқанындай.



9. Тоғызыншысы: адамның өзі ізгілікке ұмтылмайынша, ізгілік жолында жарыспайынша, белгілі мақсатқа жете алмайды. Шуғайб (оған Аллаһтың сәлемі болсын) не деп айтқанына қараңыздаршы: «Өйткені Аллаһты көп есіне алған күйінде Аллаһтан және Қиямет күнінен үміт етуші (адам) сендер үшін ең жақсы өнеге болған еді ғой».

Және адамның өзіне қатысты осалдық танытып, тек тілімен ғана шақыруы жеткіліксіз. Оның өзі басқалар үшін өнеге болуы қажет.

Себебі адамның өзі жақсылыққа шақырса, ал оның амалдары адамдар үшін жамандықтың өнегесі болса, бұл – өте жаман нәрсе. Ибн Қайим былай деп айтқанындай: «Жаман ғалымдар Жәннаттың қақпаларының алдында отырып, өздерінің сөздерімен оған шақырады және сол мезетте өздерінің амалдарымен Тозаққа да шақырады, әрі олардың сөздері: «Асығыңдар!» - деп айтқан сайын, олардың амалдары: «Оларды тыңдамаңдар, өйткені олардың шақырып жатқан нәрселері ақиқат болғанда, олардың өздері ең бірінші болып өздерінің шақыруына жауап беретін еді», - деп айтады».

10. Оныншысы: Қиямет күні мен Аллаһпен кездесуді, адамдардың амалдарына сәйкес есеп алынатынын, Жәннат пен Тозақты, есеп беру болатынын және не істесең де және не айтсаң да, сол үшін Қиямет күні Аллаһтың алдында есепке тартылатының туралы ойлану.

Жәннаттың қақпалары сегіз, ал Тозақтың қақпалары жетеу екенін есіңе ал. Аллаһ Тағала былай деді ғой:



وَسِيقَ الَّذِينَ كَفَرُوا إِلَى جَهَنَّمَ زُمَراً حَتَّى إِذَا جَاؤُوهَا فُتِحَتْ أَبْوَابُهَا وَقَالَ لَهُمْ خَزَنَتُهَا أَلَمْ يَأْتِكُمْ رُسُلٌ مِّنكُمْ يَتْلُونَ عَلَيْكُمْ آيَاتِ رَبِّكُمْ وَيُنذِرُونَكُمْ لِقَاء يَوْمِكُمْ هَذَا قَالُوا بَلَى وَلَكِنْ حَقَّتْ كَلِمَةُ الْعَذَابِ عَلَى الْكَافِرِينَقِيلَ ادْخُلُوا أَبْوَابَ جَهَنَّمَ خَالِدِينَ فِيهَا فَبِئْسَ مَثْوَى الْمُتَكَبِّرِينَ وَسِيقَ الَّذِينَ اتَّقَوْا رَبَّهُمْ إِلَى الْجَنَّةِ زُمَراً حَتَّى إِذَا جَاؤُوهَا وَفُتِحَتْ أَبْوَابُهَا وَقَالَ لَهُمْ خَزَنَتُهَا سَلَامٌ عَلَيْكُمْ طِبْتُمْ فَادْخُلُوهَا خَالِدِينَ. وَقَالُوا الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي صَدَقَنَا وَعْدَهُ وَأَوْرَثَنَا الْأَرْضَ نَتَبَوَّأُ مِنَ الْجَنَّةِ حَيْثُ نَشَاء فَنِعْمَ أَجْرُ الْعَامِلِينَ

«Иман келтірмегендер топ-топ Тозаққа айдалады. Сондай-ақ оған барғандарында оның есіктері ашылады. Оларға оның күзетшілері: "Сендерге іштеріңнен өздеріңе Раббыларыңның аяттарын оқитын және осы күнге жолығатындықтарыңды ескертетін елшілер келмеді ме?" - дейді. Олар: "Әрине келді. Бірақ азап үкімі қарсы болушыларға шындыққа айналды", - дейді. Оларға: 'Ішінде мәңгі қалатын Тозақтың есіктерінен кіріңдер!" - делінеді. Тәкаппарлардың орны нендей жаман! Ал Раббыларына қарсы келуден сақсынғандар, топ-топ Жәннатқа жолданады. Сондай-ақ олар оған барғанда, оның есіктері ашылады. Оларға оның сақшылары: "Сендерге сәлем. Қош келдіңдер, Жаннәтқа мәңгі қалатын түрде кіріңдер!" - дейді. Олар: "Бізге берген уәдесін шынға шығарған және бізді Жәннаттың жеріне мұрагер еткен Аллаһқа барлық мақтау лайық. Жәннаттан қалағанымызша орын аламыз. Ғамал қылушылардың сыйлығы қандай жақсы!" дейді» («Зүмәр» сүресі, 71-74).

Жәннаттың сегіз және Тозақтың жеті есіктері бар, ал әр есіктің кілттері болады. Жәннат пен Тозақтың кілттері мәңгі дүниеде (бақида) емес, бұл дүниеде (фәниде), ал мәңгі дүниеде (бақи) есеп айырысу ғана болады. Жәннаттың бұл дүниедегі кілттеріне келер болсақ, олар: бірқұдайшылық, намаз, ораза және басқа да көптеген игі амалдар. Ал Тозақтың бұл дүниедегі кілттері – бұл көпқұдайшылық, бидғаттар, күнәлар.

Көпқұдайшылық пен күпірлікке келер болсақ, кім бұларды ұстанған күйде жан тапсырса, ол үшін Тозақтың есіктері мәңгілікке ашылады, ал егер адам ширктен таза, бірақ күнәлары болса, ол Тозаққа кіреді, азапталады, бірақ ол жерде мәңгі қалмайды.

Екі сахих жинақта, Абу Хурайрадан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны баяндалады: «Кім Аллаһтың жолында біреуді қамтамасыз етсе, оны Жәннаттың есіген: «Уа, Аллаһтың құлы, бұл ізгілік», - деп шақырады. Ал егер ол намаз оқығандардан болса, оны намаздың есіктерінен шақырады, егер бұл адам көп ораза ұстаған болса, ол оразаның есіктерінен шақырылады, егер ол джихад жасаған болса, онда оны джихадтың есіктерінен шақырады, егер ол садақа бергендерден болса, садақа есіктерінен шақырылады. Сол кезде Абу Бакр: «Уа, Аллаһтың елшісі, Жәннаттың барлық есіктерінен бірдей шақырылатын адам болады ма?» - деп сұрайды. Ол: «Иә, және сен солардан боларсың деген үміттемін», - деп жауап береді.

Демек, намазды, оразаны тұрақты түрде орындау Жәннаттың кілтері екен, сол сияқты ізгілікке шақыру да, өйткені адамдарды ізгілікке шақырушы ізгілік жасаушы сияқты болады. Адамды ғибадатқа шақырдың, ол адам оны орындады, ал саған сол мезетте сауап жазылады, Жәннаттағы дәрежең жоғарылайды және сөйтіп сен ізгілікке нұсқаушы, Жәннаттың кілті болдың.

Сенің Жәннат пен Тозақты, Аллаһтың Алдында тұруды еске сақтап жүруің де өте маңызды болып табылады.



11. Он біріншісі: Ізгілермен дос болу.

Әл-Бухари мен Муслимнің екі сахих жинағында және басқа да жинақтарда Абу Муса әл-Аш’ариден жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ізгі және ізгі емес жиналыс әтір сататын адам мен темір ұстасы сияқты. Әтір сатушыға қатысты айтар болсақ, не ол саған әтір сыйлайды, не сен одан жақсы иіс (жұқтырып) аласың. Ал темір ұстасына қатысты айтар болсақ, не ол сенің киіміңді күйдіреді, не одан жаман иіс (жұқтырып) аласың», - деп айтқан екен. 

Егер сен ізгіліктің кілті болғың келсе, онда сабырлық таныт, ізгілермен дос бол. Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай.

وَاصْبِرْ نَفْسَكَ مَعَ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُم بِالْغَدَاةِ وَالْعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُ وَلَا تَعْدُ عَيْنَاكَ عَنْهُمْ تُرِيدُ زِينَةَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَلَا تُطِعْ مَنْ أَغْفَلْنَا قَلْبَهُ عَن ذِكْرِنَا وَاتَّبَعَ هَوَاهُ وَكَانَ أَمْرُهُ فُرُطاً

«(Мухаммад) таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін қалап көзіңді басқаға аударма. Сондай-ақ Біз жүрегін Бізді еске алудан кәперсіз еткен, әуесіне ерген және ісі шектен асқан біреулерге бағынба» («Каһф» сүресі, 28).

12. Он екіншісі: Адамдармен бірге жүрген кездерде оларға насихат айту. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, дін насихат болып табылады», - деп айтқанындай.

Және айта кететін жайт: егер адам әрбір жиында ізгілік таратуға және оған шықыруға ұмтылмаса, ол ізгіліктің кілті бола алмайды. «Мені қай жерде болсам да игілікті ет» деген аятқа қатысты Ибн Каййимнің: «Адам өзі қатысатын әрбір жиналыста ізгілікті таратуға және жамандықты тоқтатуға тырыспаса, мұндай бола алмайды», - деп айтқанындай.



13. Он үшіншісі: Ізгіліктің түрлері біріне-бірі ілесетіндігі. Егер саған бір есік ашылса, оның ізінен басқалары да ашылады, әрі бұл – Аллаһ Тағаланың Өз құлдарына деген мәрхаметі. Және білім иелері айтпақшы: «Ақиқатында, бір жақсы іс басқасын шақырады (басқасына жетелейді)».

Әрі егер Аллаһ саған бір жақсы істі жеңілдетсе, онда бұл Аллаһтың мархаметі, өйткені бір жақсы іс өзінің ізінен басқасын шақырады. Және егер сен өз жүрегіңде қандай да бір жақсы істі істеуге деген құлшынысты байқасаң, бұл мүмкіндікті пайдалан, оны жасауға басқа бір нәрсе бөгет болып үлгермейше, оны істеп қал. Өйткені сен оны істеп үлгерсең, ол іс болмашы болса да, өзінің ізінен басқа да (жақсы істерге жол ашатын) есіктерді ашады.

Және Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен хадисте ол: «Егер адам садақа берудің есігін ашса, Аллаһ міндетті түрде оған осыны көбейтеді», - деп айтқанындай.

Сондықтан да адам жақсы істерге деген құлшынысы мен жігер-қайратын пайдалануы керек. Өйткені адамның жанына істерге деген құлшыныс та, жалығу да тән. Және егер сенің алдыңнан қандай да бір жақсылықтың есігі ашылса, кідірмей оған кір, тіпті бұл есік кішкентай болса да. Бәлкім осы кішкентай ғана (жақсылық) үлкенірек жақсылыққа алып келер. Бірте-бірте. Және өз жаныңды ізгіліксіз қалдырудан сақтан, тіпті ол ізігілік азғантай болса да, өйткені, келешекте сен оны істей алмай қалуың мүмкін.



14. Он төртіншісі: Егер біреуге бір жақсылықтың есігі ашылса, ол осы жақсылықтың есігі ашылмаған басқаларды жек көрмесін. Әрі бұл көпшілігіміздің басымыздағы мәселе. Саған нәпіл намаздың немесе оразаның есігі ашылса, немесе Аллаһ саған қандай да бір игі істерді жеңілдетсе, Аллаһ бұл есіктерді ашпаған адамдарға жек көрушілікпен қарама.

Саған Аллаһ оразаның есігін ашты, ал басқаға Аллаһ Исламға көмектесудің есігін ашып берді. Бәлкім, сен оның істері сенің намазыңмен, оразаңмен, садақаңмен салыстыруға келмейді деп есептейтін шығарсың. Ал шындығында бұл адамның істері Аллаһтың алдында, сенің амалдарыңа қарағанда, салмақтырақ болуы мүмкін.

Маңыздысы: кімге Аллаһ жақсылықтың бір есігін ашса, сол адамның жақсылықтың бұл есігі ашылмаған әлдебіреуді жек көрмеуі.

Кейбір адамдарға Аллаһ түнде тұрып, намаз оқуды немесе ораза сияқты ғибадаттардың түрлерін жеңілдетсе, кейіннен ол істеген амалдарды істемейтін басқа адамға қарап, оны жек көреді немесе оның істерін мардымсыз деп санай бастайды. Бәлкім, сол басқа біреудің, Аллаһ пен оның арасында, өзінің істерімен тәкаппарлыққа салынған адамның амалдарына қарағанда, едәуір салмақтырақ істері бар шығар. Өйткені Аллаһқа мойынсұнудың басқа адамдардарға жалғастырылатын түрлері де, оны істеуші адаммен ғана шектелетін де түрлері болады.

Сондықтан да адам үлкенді-кішілі жақсылықтың ешбірін жек көрмесін.

Имам Малик пен ыждағатты түрде құлшылық етуші бір кісімен орын алған өте қызықты оқиға бар. Бірде бар уақыты құлшылықтан босамайтын әлгі адам имам Маликке хат жазады. Онда ол имамға сабақ беруді қоюды және бар уақытын құлшылыққа бағыштауды насихат етеді. Өйткені ол бар уақытын құлшылыққа, ал имам Малик бар уақытын білім үйретуге бағыштаған еді. Әрі бұл адам білім үйрету құлшылық етуден көп уақытты алып қояды деп есептегендіктен, имамға осылай насихат айтқан болатын.

Бұл оқиғаны имам әз-Захаби өзінің «Сияру а’ляму нубаля» кітабында келтіреді.

Имам Малик оған былай деп жауап жазады: «Ақиқатында, Аллаһ адамдарға ризықты үлестіргеніндей, амалдарды да адамдар арасында үлестірді. Бәлкім, Аллаһ біреуге намазды, ал басқа біреуге джихадты және салиқалы істердің ең жақсыларының бірі – білім таратуды ашып берген (жеңілдеткен) шығар. Ал мен Аллаһтың мен үшін ашып берген (жеңілдеткен) нәрсесіне ризамын және менің ұстанған нәрсем сенің ұстанған нәрсеңнен жаманырақ деп ойламаймын. Әрі мен біздің екеуіміз де ізгілік пен салиқалылықтың жолындамыз деп үміттенемін».

Ғалымның Әрі мен біздің екеуіміз де ізгілік пен салиқалылықтың жолындамыз деп үміттенемін», - деген сөздеріне қараңыздаршы.

Және назарларыңызды бөліңіздер, ол: «Сен түсінбейсің!» немесе «Сен мендегі нәрсеге ие емессің» немесе «Сенің ісің менің ісіммен салыстыруға келмейді!» - деген жоқ. Бірақ ол: Әрі мен біздің екеуіміз де ізгілік пен салиқалылықтың жолындамыз деп үміттенемін», - деп өте көркем және мойынсұнушы сөздерді айтты. Яғни: «Сен де, мен де ізгілікті ұстанудамыз. Бірақ, мен ұстанған ізгілікті мен ауқымдырақ көріп тұрмын», - деді. Не үшін? Өйткені оның ізгілігі, құлшылық етушінің ізгілігіне қарағанда, басқаларға жалғастырылып беріледі, ал құлшылық етушінің ізгілігі тек оның өзімен ғана шектеледі. Сондықтан да хадисте: «Ғалымның құлшылық етушілерден артықшылығы айлы түндегі Айдың басқа ғаламшарлардан артықшылығындай», - деп айтылған.



15. Он бесіншісі: Жүректі емдеу. Кім адамдар үшін ізгіліктің кілті болуды қаласа, өз жүрегін жүректің дерттерінен емдеуге тырыссын, өйткені жүректің дерттері өте қауіпті және адамға үлкен зиян тигізеді. Олар: іштарлық, жек көрушілік және сол сияқты дерттер.

Әрі Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл тақырыпқа сәйкес келетін көптеген дұғалары жеткен. Олардың арасында мына сөздермен аяқталатын ұлы дуға да бар:



واسلل سخيمة صدورنا

«Жүректерімізден өшпенділікті алып таста».

Егер адамның жүрегінде адамдарға деген ашу-ыза мен өшпенділік болса, ол қалайша өзгелер үшін ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болмақ.

Және Аллаһ ашумен сынаған, көре алмаушы адам басқа адамдарға ізгілік жасап жүрген сияқты көрінгенімен, іс жүзінде ол тек барлық нәрсені бүлдіріп жүруі мүмкін. Мұның мысалы – көре алмаушылықтың жетекшісі Ібіліс. Ол біздің арғы атамыз Адамға сенімді насихатшы кейіпінде келгенде, іс жүзінде оны алдап, оған қатысты көре алмаушылық танытқан еді.

Жүрегінде жек көрушілік пен ызасы бар адам да сол сияқты. Ол ешқашан ізгіліктің кілті бола алмайды, керісінше, жамандықтың кілтіне айналады. Сондықтан да жүрек үнемі емделуге мұқтаж.

Бір дұғада былай деп келгеніндей:

ألهمَ آت نفوسنا تقواها و زكِيها و انت خير من زكَاها

«Уа, Аллаһ, біздің жүректерімізге тақуалық сал, әрі оларды тазарт, өйткені Сен тазартушылардың Ең жақсысысың».

16. Он алтыншысы: Біздің айтқан нәрселеріміздің барлығын жинақтаушы, соңғысы – бұл пенденің жақсылық істеуді және адамдарға пайда келтіруді қалауы. Және адамның айнымас ұмтылысы, табанды ниеті болса және ол Аллаһтан осы мақсатқа жетуде көмек сұраса, әрі осы мақсатқа жеткізер себептерді дұрыс қолданса, онда ол Аллаһтың рұқсатымен ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпына айналады.

Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның әулетіне және сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!



дереккөзі: www. svet-islama.com

1 Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері аталып тұр (аудармашыдан).




Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет