Лифтердің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (ЛҚхпт)



бет3/11
Дата17.04.2016
өлшемі1.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

5-параграф. Кабина
174. Лифт кабинасы жұмыс кестесі мен сынақ кезінде пайда болатын жүктемеге есептелінеді.

175. Кабина купесінің қабырғалары тұтастай, едені мен төбе жабыны және кіретін ойықтар қолданушыларға қолайлы болады. Апатты жағдай үшін люктар мен есіктер болады.

176. Кабина қабырғалары көлемі 5 см2 дөңгелек немесе шаршы алаңша бойынша тең бөлінген және кабина ішінен кез келген нүктесіне тік бұрышпен қойылған серіппелі деформациясы 15 мм аспайтын, сондай-ақ, қалдық деформацияға жол берілмейтін 300 Н жүктемеге шыдайды.

177. Кабинаны қоршау үшін осы Талаптың 4-қосымшасына сәйкес сынақтан өткен көп қабатты шыныны пайдалануға болады.

Әрбір шынының маркировкасы мен төмендегідей ақпараты болады:

1) шынымен қамтамасыз етуші фирманың атауы мен сауда маркасы;

2) шынының түрлері;

3) шынының маркировкасы.

Шыны орнатылған кабина қабырғасы, еден деңгейінен 1,1 м төмен болса, 0,9 – 1,1 м биіктікте шыныға байланысы жоқ жерде тұтқа орнатылады. Таяныш (перила) қай бір нүктесіне әртүрлі уақытта басылған көлденең түскен 440 Н және тіке түскен 1270 Н жүктемеге шыдайды.

178. Кабина төбесі қай бір жеріне болмасын 0,2 х 0,4 алаңшаға басылған 2000 Н қалдықсыз деформация жүктемесіне төзеді.

179. Кабинаның төбесінде қызмет көрсететін персонал үшін 0,12 м 2 алаңшадан кем емес бос алаң көзделеді. Алаңшаның аз жағы 0,25 м кем болмайды.

180. Егер саңылау кабина төбесінің ішкі жағынан шахта қоршауына дейін көлденең жазықтығы перпендикуляр бойынша өлшегенде 0,3 м асса, онда кабина төбесі саңылау жақтан биіктігі 0,9 м кем емес таянышпен жабдықталады.

Шахта қоршауындағы болатын саңылауды өлшеген кезде көлемі 0,3 х 0,3 м (ені х биіктігі) аз болса, онда есепке алынбайды.

181. Таяныштың құрылымына – тұтқа, төменнен жасалған биіктігі 0,1 м қаптама және таяныш биіктігінің жартысына жететін арқалық кіреді. Таяныш қай бір нүктесіне әртүрлі уақытта басылған 440 Н көлденең және 1270 Н тік жүктемелерге төзеді.

182. Тұтқаның сыртқы шеті және шахтада орналасқан (теңсалмақ, өшіргіштер, бағыттағыштар, кронштейндер және тағы басқалары.) жабдықтар көлденең жазықтықта өлшенген саңылау 0,1 м кем болмайды.

183. Тұтқалар мен кабина төбесінің шеті арасындағы қашықтық 0,15 м аспайды.

184. Кабина төбесін жабу үшін қолданылатын шыны жылтыр, көп қабатты және осы Талаптың 178-тармағына тиісті жүктемеге төзеді.

185. Кабина төбесінде осы Талаптың 333 және 358-тармақтарына сәйкес басқару аппараттары, лифтіні тоқтататын құрылғы, электр розеткасы көзделеді.

186. Кабина табалдырығының астында есік ойығының бүкіл ені бойынша баспалдақтың алды көмкерілген тік қалқан орнатылады.

Қалқанның тік жағы қиякесіктенеді, көлденең жазық бұрышы 60 0 кем болмайды. Көлденең жазық қиякесіктің проекциясы 0,02 м кем құрмайды.

Қалқанның тік жағы, кабина табалдырығының биіктігін қоса есептегенде 0,75 м – ден кем болмайды.

Көлбеу жылжу арқылы орнатылған бағыттаушының (15 0 шамасында) лифт кабинасындағы аталған қалқан кабинаға кіре беріс жақтан шахта қабырғасының ішкі жағының қабатына параллель қойылады.

187. Кабина биіктігі, еденнен төбе жабынына дейін өлшегенде 2,0 м кем болмайды. Кабина биіктігін анықтағанда төбе жабынындағы және 0,05 м шығып тұратын элементтер (плафон, тор, багет тағы басқалары ) есепке алынбайды.

188. Кабинаның кіреберіс ойығының жарықтағы биіктігі 2 м және шахта есігінің биіктігінен кем болмайды.

189. Кабинаның кіреберіс ойығы есікпен жабдықталады.

190. Кабина есігі тұтас болады.

Тік жайылмалы есіктерге торларды немесе құрастырылған табақтарды пайдалануға болады.Торлар ұясының немесе құрастырылған табақтардың тесіктерінің мөлшері көлденең 0,01 м тігінен 0,06 м аспайды.

191. Жарма арасындағы, есік ойығының орамы арасындағы және жармалардың немесе жабық есік кезіндегі жармалар мен босағалардың арасындағы саңылау 0,006 м аспайды.

192. Екі жаққа кең ашылатын есіктер сыртқа қарай ашылмайды.

193. Шахта есіктерін осы Талаптың 142-тармағына сәйкес байқау әйнектермен жабдықтағанда кабина есіктері байқау әйнектермен жабдықталады.

Байқау әйнектері осы Талаптың 142-тармағына сай болады және кабина есіктеріне орнатқанда кабина қабат алаңшалары деңгейінде болғанда шахта есіктеріндегі байқау әйнектерімен бірдей ортақ қызмет атқарады.

194. Кабина есіктері жабық күйінде мөлшері 5 см2 дөңгелек немесе шаршы алаңшаларға тең бөлінген және кабина ішінен есік жақшасына тік бұрышпен тақалған, қай бір жағынан және қай бір нүктесіне болсын, серпімділік деформациясы 15 мм аспайтын 300 Н салмаққа төзеді. Мұндайда жүктемені алғаннан кейін қалдық деформациясы мен қызметінің өзгеруі болмайды.

195. Кабина есіктерін қоршау үшін осы Талаптың 4-қосымшасына сәйкес көп қабатты шыныларды пайдалануға болады.

Әрбір шынының маркировкасы мен төмендегі ақпарлары көрсетіледі:

1) шынымен қамтамасыз етуші фирманың атауы мен сауда маркасы;

2) шынының түрлері;

3) шынының маркировкасы.

196. Кабинаға қараған автоматты ысырылмалы есіктердің үстіңгі жағында 0,003 м артатын ойыстар немесе дөңестер болмайды. 0,003 м кем ойыстар мен дөңестердің жиектері есікке қарай қиякесіктелінеді немесе дөңгелектенеді. Бұл талап тордан немесе перфориралық табақтан жасалынған тік - ысырылмалы есіктерге тарамайды.

197. Автоматты жетегі бар көлденеңді - ысырылмалы және жималы есіктер осы Талаптың 139-тармағына сай келеді.

198. Тік - ысырылмалы есіктер осы Талаптың 140-тармағына сәйкес келеді.

199. Кабина есіктері осы Талаптың 329-тармағына сәйкес есіктің жабылуын бақылайтын және есіктің ашық кезінде жылжуына мүмкіндік беретін қауіпсіз электрлі құрылғымен жабдықталады. Бұл осы Талаптың 145-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайларға қатысы жоқ.

Егер кабинаның көлденеңді - ысырылмалы есіктері тікелей кинематикалық байланысы бар бірнеше жармалармен қосылса (мысалы, иінтірек) аталған қауіпсіз электрлі құрылғыны орнатуға болады:

1) тек қана бір жарманы (көпжармалы есіктер болса, тез жарма);

2) жармалармен тікелей кинематикалық байланысы бар есіктердің жетегіне.

Бірнеше жанамала кинематикалық байланыстағы жармалардан тұратын кабинаның көлденеңді - ысырылмалы есіктерінде (арқан, қайыс немесе шынжыр арқылы) аталған қауіпсіз электрлі құрылғыны, егер бастаушы жарманың тікелей кинематикалық байланысы болған жағдайда, қосалқы жармаға орнатуға ғана болады.

200. Кабинаның есігі автоматты құлыппен жабдықталады. Автоматты құлып осы Талаптың 145-тармағына сәйкес болады.

201. Кабина есігін ашатын күш, есік ашылатын аумақта 300 Н аспайды.

202. Есіктердің босағалары мен бағыттаушылары осы Талаптың 142 және 150-тармақтарына сай болады.

203. Кабинаны апатты люкпен жабдықтағанда жарықтағы оның көлемі 0,35 х 0,5 м кем болмайды. Апатты люк тұтастай болады, кабина ішіне қарай ашылмайды және ашық күйінде кабина габаритінен асып жатады.

Люк кабина сыртынан кілтсіз ашылатын, 6-суретке сәйкес, құлыппен жабдықталады.

6-сурет. Құлыпты ашатын кілт көлемінің құрылғысы


204. Көрші лифтіге, төмендегі жағдайларды орындау мақсатында, адамдардың өтуі үшін кабинаны аппатты есікпен жабдықталады:

1) есік сыртқа қарай ашылмайды;

2) есіктің жармасы тұтастай болады;

3) кабиналардың арасындағы қашықтық 0,75 м аспайды;

4) кабиналар арасындағы өтетін жерлерде тартқыш арқандар, тік орналасқан сымдар мен кабельдер жатпайды;

5) кабина арасынан өтетін жерлер теңсалмақтың жылжу аймағымен қиыспайды;

6) апатты есік кабинаның сыртынан кілтсіз ашылып, ал кабина ішінен кілтпен ашылатын құлыппен жабдықталады.

205. Апаттық есіктердің және люктардың жабылуы қауіпсіз электр қондырғыларымен тексеріледі.

Апаттық есіктердің немесе люктер ашылғаннан кейін лифтің автоматты түрде «Қалыпты жұмыс» режиміне қайтып келуіне жол берілмейді.

206. Тұтастай есіктері бар кабиналар жоғарыда және төменде орналасқан желдеткіш саңылаулармен жабдақталады.

Желдеткіш саңылаулардың аумағы, кабинаның жоғары және төменгі жақтарын есептегенде кабина еденінің пайдалы алаңы бойынша 1% кем болмайды.

Желдеткіш саңылаулары кабина ішінен шахтаға диаметрі 0,1 м өзек өтпейтіндей жасалады және орналастырылады.

207. Кабина осы Талаптың 214 пен 223 араларындағы тармақтарына сай ұстағыштармен жабдықталады.

208. Кабина башмактармен жабдықталады. Башмактардың конструкциясы кабинаның бағыттағыштардан шығып кетуіне, кабинаның өз бетімен ұстағыштарға түсуін, сондай-ақ, кабинаның бағыттауышқа қатысты көлденең жылжуын болдырмайды.

209. Лифт кабинасында деректер көрсетіледі:

1) жүк көтерігіш (кг);

2) сыйымдылығы (адамдар саны);

3) лифтіні жасаушы фирма;

4) зауыт номері.

6-параграф . Теңсалмақ және кабинаны теңестіретін құрылғы
210. Теңсалмақ және кабинаны теңестіретін құрылғы пайда болатын жүктемеге есептелінеді:

1) лифтінің жұмыс істеуі кезінде;

2) теңсалмақтың ұстағышқа қонған кезінде (теңсалмақты ұстағыштармен жабдықтағанда) және буферге;

3) кабинаны теңестіретін құрылғының ұстағыштарға қонғанында

(кабинаның теңестіретін құрылғысын ұстағыштармен жабдықтағанда);

4) кабинаның буфер мен ұстағыштарға қонғанында.

Ұстағыштарға қонған кездегі теңсалмақ және кабинаны теңестіретін құрылғыға түсетін жүктемені анықтау осы Талаптың 225-тармағына сәйкес теңсалмақ немесе кабинаны теңестіретін құрылғының жылжу жылдамдығы арқылы анықталады.

Теңсалмақтың буферге қонған кезіндегі жүктемені осы Талаптың 246-тармағына сәйкес теңсалмақтың жылжу жылдамдығы кезінде анықталады.

Кабинаның ұстағыштар немесе буферге қонған кездегі теңсалмақ немесе кабинаны теңестіретін құрылғыға түсетін жүктемені осы Талаптың 224 және 246-тармақтарына сәйкес кабинаның жылжу жылдамдығы кезінде анықталады.

211. Теңсалмақ немесе кабинаны теңестіретін құрылғының конструкциясы, оның құрамына жүктер кіреді, өз бетімен оның көлденең, сондай-ақ, тік тегістікпен қозғалуын болдырмайды.

212. Теңсалмақ немесе кабинаны теңестіретін құрылғы башмактармен жабдықталады. Башмактардың конструкциясы теңсалмақтың (теңестіретін құрылғы) бағыттауыштан шығуын, теңсалмақтың (теңестіретін құрылғы) ұстағышқа өз бетімен қонуын болдырмайды, сондай-ақ, теңсалмақтың (теңестіретін құрылғы) бағыттауышқа байланысты көлденең жылжуы шектеледі.

213. Теңсалмақ және кабинаны теңестіретін құрылғы осы Талаптың 69-тармағында көзделген жағдайға байланысты ұстағыштармен жабдықталады.



7-параграф. Ұстағыштар
214. Ұстағыштар төмен келе жатқан кабинаны, теңсалмақты немесе кабинаны теңестіретін құрылғыны бағыттағыштарда, оны қосқан кезде жылдамдықты шектегіштің әсерінен тоқтатылады немесе ұсталады.

Жоғары кетіп бара жатқан кабинаны, осы Талаптың 224-тармағында көрсетілген жылдамдық көлемінен асып бара жатқанда ұстағыштарды тежеуіш және тоқтату үшін пайдалануға болады.

215. Ұстағыштар осы Талаптың 5-қосымшасына тиісті сынақтан өтеді.

216. Кабинаны, теңсалмақты және кабинаны теңестіретін құрылғының ұстағыштары өзінің жылдамдықты шектеушісі арқылы іске қосылады.

Теңсалмақтарды ұстағыштардың немесе лифт кабинасын теңестіретін құрылғының нақты жылдамдығы 1,0 м/с аспаса үзілгеннен немесе тартқыш элементтердің босауынан іске қосылатын құрылғыны пайдалануға болады.

217. Нақты жылдамдығы 1 м/с асқан лифт кабинасы бірқалыпты тежегіш ұстағыштармен жабдықталады.

Пайдалануға болады:

1) егер нақты жылдамдық 1 м/с аспаса, кенет тежейтін амортизациялық элементтері бар ұстағыштарды;

2) егер лифтінің нақты жылдамдығы 0,63 м/с аспаса, кенет тежейтін ұстағыштарды.

Кабинаны артық бір ұстағышпен жабдықтағанда барлық ұстағыштардың әрбір бағыттағыштары бірқалыпты тежегіште болады.

218. Теңсалмақ немесе лифт кабинасын теңестіретін құрылғының нақты жылдамдығы 1 м/с асса, осы Талаптың 24-тармағына сәйкес бірқалыпты тежейтін ұстағыштармен жабдықталады.

219. Ұстағыштар бастапқы жағдайына автоматты түрде келеді және ұстағыштар тоқтатқан кабина, теңсалмақ немесе кабинаны теңестіретін құрылғы көтерілгеннен кейін жұмысқа қосылуға дайын болады.

220. Ұстағыштарға қонған кездегі кабинаның орташа бәсеңсу мөлшері аспайды:

1) 9,81 м/с 2 бірқалыпты тежейтін ұстағыштар үшін;

2) 25 м/с 2 кенет тежейтін ұстағыштар үшін.

221. Кабинаны ұстағыштардың іске қосылуы осы Талаптың 334-тармағына сәйкес, ұстағыштардың іске қосылуына дейін немесе сол сәтте қауіпсіз тізбекті ажырататын қауіпсіз электрлі құрылғымен бақыланады.

222. Реттелетін тежегіш күші бар ұстағыштарды жасаушылар пломбаланады.

223. Ұстағыштар жазылған тақтайшамен жабдықталуы тиіс:

1) осы ұстағышты жасаушы фирма;

2) сәйкестендірілген номері.



8-параграф. Жылдамдықты шектеу
224. Егер кабинаның төмен жылжу шапшаңдығы нақты жылдамдықтан 15 % асса кабина ұстағышын іске қосатын жылдамдықты шектеуші жұмысқа қосылуы мүмкін және мынадан артпайды:

1) 0,8 м/с – кенет тежегіш ұстағыштар үшін;

2) 1,5 м/с – бірқалыпты тежегіш ұстағыштар және нақты жылдамдығы 1,0 м/с аспайтын амортизаторлық элементі бар кенет тежейтін ұстағыштар үшін;

3)


3) 3) 1,25 v +

0,25

(м/с)

v

нақты жылдамдығы 1,0 м/с асатын бірқалыпты тежегіш ұстағыштар үшін, v – кабинаның нақты м/с жылдамдығы.

225. Егер теңсалмақ немесе кабинаны теңестіретін құрылғының жылжу шапшаңдығы нақты шапшаңдықтан 15 % кем болмайтын жылдамдықтан асса және кабина шапшаңдығын шектегіштің іске қосылуы үшін белгіленген мөлшерінен аспайтын, жоғары шектеулі шапшаңдық 10% асса теңсалмақты ұстағыш пен кабинаны теңестіретін құрылғыны іске қосатын жылдамдықты шектеуші іске қосылады.

226. Шапшаңдықты шектеуші осы Талаптың 5-қосымшасына сәйкес сынақтан өтеді.

227. Тексеру мен сынақты өткізу үшін кабина жылжуының шапшаңдығы осы Талаптың 224-тармағында көрсетілген шапшаңдықтан төмен болғанда, шапшаңдықты шектегіштің ұстағыштарды іске қосылады.

228. Осы Талаптың 224 және 246-тармақтарында көрсетілгендей, кабинаның, теңсалмақтың немесе кабинаны теңестіретін құрылғының жылдамдығына сәйкес айналымның жиілеуі кезінде шапшаңдықты шектегіштің іске қосылуын тексеру мүмкіндігі қарастырылады.

229. Шапшаңдықты шектегішті іске қосатын арқанның диаметрі 0,006 м кем болмайды.

230. Ұстағыштар іске қосылғанда пайда болатын, күш салуға қатысты арқанның бүтіндей ажырау күші деп анықталған шапшаңдықты шектеуші арқанның төзімділік запасының коэффиценті 8 кем болмайды.

231. Шкив немесе блок диаметрі шапшаңдықты шектегішті іске қосатын айналмалы арқанның диаметріне қатысы 30 кем болмайды.

232. Шапшаңдықты шектегішті іске қосатын арқанның созылуы кергіш құрылғымен іске асады.

233. Шапшаңдықтың шектегішін іске қосатын арқанның үзілуі немесе ойда - жоқта созылуы, осы Талаптың 336-тармағына сай, қауіпсіз электрлі құрылғы жетегінің тоқтауына әкеп соқтырады.

234. Шапшаңдық шектегіші үшін арқан мен қолданыстағы шкив арасындағы үйкеліс күші арқылы ұстағыштар іске қосылады, бұл үшін осы Талаптың 224-тармағында көрсетілгеннен кабинаның жылжу жылдамдығы төмен болса, ұстағыштарды іске қосатын арқан мен шкив арасындағы үйкеліс күшінің жеткіліктігі тексеріледі.

235. Шапшаңдықты шектегіште ұстағыштардың іске қосылуына сай, айналым бағыты көрсетіледі.

236. Шапшаңдықты шектегіш осы Талаптың 331-тармағына сай келетін қауіпсіз электрлі құрылғының арқасында төмен жылжып бара жатқан кабинаның қарқын алғанына дейін, шапшаңдықты шектегіш іске қосылған кезде қауіпсіздік тізбегі ажыратылады. Лифтінің нақты жылдамдығы 1 м/с аспағанда, шапшаңдық шектегіші іске қосылу кезінде осы құрылғымен қауіпсіз тізбегін ажыратады.

237. Ұстағыштардан алынған шапшаңдықты шектегіш, автоматты түрде бастапқы орнына келмесе, осы Талаптың 332-тармағына сәйкес қауіпсіз электрлі құрылғы шапшаңдықты шектегіш бастапқы жағдайына келтірілмейінше, лифтінің іске қосылуын болдырмайды.

238. Шахтада төмендегі жағдайларды орындағанда шапшаңдықты шектегіштерді орнатуға болады:

1) шапшаңдық шектегішін іске қосу үшін оны сынақтан өткізеді. Оны қызмет көрсететін персонал қашықтықтан басқаратын механикалық немесе электрлі басқарғышпен лифт шахтасының сыртында өткізеді. Оған кабельсіз басқарғыш жатпайды;

2) іске қосылғаннан кейін шапшаңдықты шектегіш кабинаның, теңсалмақтың немесе кабинаны теңестіретін құрылғының жылжуы кезінде автоматты түрде бастапқы жағдайына келеді.

239. Шапшаңдықты шектегіш жазылған тақтайшамен жабдықталады:

1) аталған ұстағышты жасаушы фирма;

2) тиісті номері;

3) шапшаңдықты шектегіш жылдамдығының іске қосылуы.



9-параграф. Буферлер
240. Лифт кабина мен теңсалмақтың төмен жылжуын шектейтін буфермен жабдықталады.

Барабанды немесе жұлдызшамен жабдықталған лифт кабинаның жоғары жылжуын шектейтін қосымша буфермен жабдықталады.

241. Нақты жылдамдығы 0,3 м/с аспайтын лифті қатты тіреумен жабдықталады.

242. Нақты жылдамдығы 1 м/с аспаған жағдайда энергожинағыш секілді буферлерді қолданады.

243. Нақты жылдамдығы 1,6 м/с аспаған жағдайда кейін жылжитын амортизациялық энергожинағыш буферлерді қолданады.

244. Лифтінің қай бір нақты жылдамдығында энерготаратушы сияқты буферлерді пайдаланады.

245. Ұзын емес сипаттағы энергожинағыш немесе кейін жылжитын амортизациялық буферлер, сондай-ақ, энерготарқатушы сияқты буферлер осы Талаптың 5-қосымшасына сәйкес сынақтан өтеді.

246. Буферлер және қатты тіреулер кабинаның жүкпен немесе теңсалмақтың төмендегідей шапшаңдықпен жылжуына есептелінеді:

1) лифтінің нақты жылдамдығын 15 % асыратын - барлық буферлер және тіреулер, толық жүрісі азайтылған плунжерлі гидравликалық буферлерден басқа;

2) лифтінің есептелген ең төменгі жылдамдығынан 15 % асса - толық жүрісі азайтылған плунжерлі гидравликалық буфер.

Мұндайда жүктің салмағы лифтінің нақты жүккөтергіштігінен 25 % асады.

247. Энергожинағыш үлгідегі буферлер.

Ұзындық сипаттағы буфердің толық жүрісі мына формуламен анықталады:

(5)


S =

(1,15v)2

= 0,1348v2

gn

мұнда S – буфердің толық жүрісі (м);

v – лифт кабинасының нақты жылдамдығы;

gn = 9,81 – еркін құлдыраудың жылдамдығы (м / с 2).

Буфердің толық жүрісі 0,065 м кем болмайды.

248. Ұзын емес сипаттағы энергожинағыш және кейін жылжитын амортизациялық энергожинағыш буферлер келесі талаптарға сай болады:

1) буферге қондырған кезде нақтылы жүктегі кабинаның орта мөлшердегі төмендеуі 115 % тең жылдамдықпен келе жатқан нақты жылдамдықтың 9,81 м/с аспайды;

2) 25 м / с 2 асатын жылдамдықтың бәсеңсу уақыты 0,04 с аспайды.

249. Энерготарқатушы үлгідегі буферлер.

Ұзындық сипаттағы энерготарқатушы үлгідегі буферлердің толық жүрісі мына формула бойынша анықталады:

(6)


S ≥

(1,15v)2

= 0,0674v 2 (м)

2xgn

мұнда S –буфердің толық жүрісі,

v – лифт кабинасының нақты жылдамдығы (м);

g n = 9,81 – еркін құлдыраудың жылдамдығы (м / с 2).

Егер лифтінің жоғары және төменгі қабаттардың алаңшаларына келе жатқаны осы Талаптың 298-тармағына сәйкес бақыланса, нақты жылдамдықтың орнына толық жүрісті есептегенде кабинаның (теңсалмақтың орнына толық жүрісті есептегенде кабинаның (немесе теңсалмақтың) буфермен жанасу жылдамдығын пайдалануға болады. Мұндайда буфердің толық жүрісі кем болады;

1) 50 % толық жүріс, егер нақты шапшаңдық 4 м/с аспаса, бірақ, 0,42 м / с аспаса;

2) 33 % толық жүріс, егер нақты шапшаңдық 4,0 м/с асса, бірақ, 0,54 м кем емес.

250. Энерготаратушы буферлердің түрлері келесі талаптарға сай болады:

1) буферге қондырған кезде кабинаның нақты жүкпен орташа баяулау мөлшері еркін құлдырауы сәтіндегі шапшаңдық нақтылықтың 115 % құрайды, бірақ 9,81 м / с 2 аспайды;

2) 25 м / с 2 қарқынның төмендеу уақытының қызметі, 0,04 с аспайды.

251. Энергошашыратқыш үлгідегі буферден жүктемені түсіргеннен кейін автоматты түрде бастапқы жағдайына келеді. Буфердің бастапқы жағдайға келуі осы Талаптың 340-тармағына сәйкес қауіпсіз электрлі құрылғымен бақыланады.

252. Гидравликалық буфердегі сұйықтың деңгейін бақылайтын мүмкіндік қарастырылады.

253. Кабинаны немесе теңсалмақты ұстағыштармен жабдықтағанда осы Талаптың 217-тармағына сәйкес, ал осы Талаптың 240-тармағына сай ұстағыштардың амортизациялық құрылғысы буфердің орнына пайдаланылады. Бұл жағдайда шахтаның төменгі жағында кабина (теңсалмақ) қаңқасымен байланысатын қатты тіреулер қойылуы мүмкін.

254. Буферлер, энергожинағыш үлгідегі буферлерден басқа, жазылған тақтайшамен жабдықталады:

1) сол ұстағышты жасаушы-фирма;

2) сәйкестендірілген номері.



10-параграф. Таратқыш элементтер және аспалар
255. Кабина, теңсалмақ немесе кабинаны теңестіретін құрылғы болат сымнан жасалған арқанға немесе пластикалық тартқыш немесе жетектегі роликке (білік) шынжырға ілінеді. Болат арқандарды немесе шынжырларды пайдаланған кезде соның ішінде болат арқандарға қойылған беріктік запас коэффицентін қауіпсіздік дәрежесін қамтамасыз ететін жағдайда, басқа да тартқыш элементтерін пайдалануға болады.

256. Кабинаны теңсалмақпен жалғайтын тартқыш элементтер конструкциясы да, мөлшері мен сипаттамасы да бірдей болады.

257. Лифтіде қолданылатын жетек элементтерінің олардың сапасын растайтын құжат болады. Тартқыш элементтерді соза беруге болмайды.

258. Тартқыш элементтердің саны екіден кем болмайды.

259. Полиспасталық аспада бір тартқыш элементтің барлық сабақтары бір тартқыш элемент болып саналады.

260. Қолданыстағы болат арқандарды брактау нормасы осы Талаптың 5-қосымшасында келтірілген.

Осы Талаптың 5-қосымшасында көрсетілмеген болат арқандарды пайдаланған кезде немесе басқа да тартқыш элементтерді және оны брактаудың нормасын анықтай алмағанда, аталған қосымшаның 4-тармағына сәйкес, брактау нормасы лифті пайдалану жөніндегі нұсқаулықта келтіріледі.

261. Болат сымдардан жасалған тартқыш арқандардың нақты диаметрі 0,008 м кем болмайды.

262. Шкивтер, блоктар және барабандар диаметрі мен тартқыш арқандардың нақты диаметрі арасындағы байланыс 40 кем болмайды.

263. Тартқыш арқандардың беріктік запас коэффиценті кем болмайды:

1) 12 – арқанмен тартылатын шкив немесе үйкеліс барабанды жүкшығыр үшін және үш және одан да артық арқандармен;

2) 16 - арқанмен тартылатын шкив немесе үйкеліс барабанды жүкшығыр үшін және екі арқанмен;

3) барабанды жүкшығыр үшін.

Беріктік запас коэффиценті формула бойынша анықталады:

(7)


K =

P

S

мұнда P – арқанның ажырау күші;

S – кабинаның нақты жүкпен төменгі қабат алаңшалары деңгейінде болған кезде арқанға түсетін ең көп күш.

264. Кабинаға, теңсалмаққа немесе кабинаны теңестіретін құрылғыға немесе жылжымайтын полиспастың бұтағына шеті бітелген арқанды бекіткенде арқанның 80 % ажырату күшіне түсетін жүктемеге шыдайды.

265. Арқанды барабанға бекіту сыналау немесе екіден кем емес қысатын тақтайшаны пайдалану немесе қауіпсіз дәрежесін тең қамтамасыз ететін басқа да амалдарды қолдану арқылы жүзеге асады. Кабинаның буфердің толық қысымда немесе барабандағы тіреуде болған жағдайында әр арқанның біржарым запас орамасы қалады, бұған қысқыш тақтайша астында тұрған орамдарды қоспағанда.

266. Тартқыш шынжырлардың беріктік запас коэффиценті 10 кем болмайды. Беріктік запас коэффиценті осы Талаптың 263-тармағында келтірілген формула бойынша анықталады.

267. Кейбір тартқыш элементердегі керу айырмашылығын кеміту үшін автоматты қондырғы қарастырылады.

Кейбір тартқыш шынжырларда керу айырмашылығын кеміту үшін аталған қондырғы кабина жағынан да, теңестірмелі жүк жағынан да орнатылады.

268. Тартқыш элементтердің созылу айырмашылығын кеміту үшін автоматты қондырғы ретінде серіппелі пружиналарды пайдалануға болады.

269. Қауіпсіз электрлі құрылғы осы Талаптың 335-тармағына сәйкес, тартқыш элементтердің мөлшерден тыс жылжуына байланысты (босағанында) осы Талаптың 267 тармағына сай, қондырғыны пайдалану арқылы, бір, бірнеше немесе тартқыш элементтердің үзілгенінде қауіпсіз тізбекті ажыратылады.

270. Теңгермелі арқанды пайдаланғанда келесі жағдайлар орындалады:

1) блокпен (блоктар) керілетін құрылғы қолданылады;

2) керілгі құрылғының блок диаметрі теңгермелі арқан диаметріне қатысы 30 кем болмайды;

3) керілу ауыртпалықтың күшімен іске асады және осы Талаптың 337-тармағына сәйкес қауіпсіз электрлі құрылғымен бақыланады.

Нақты шапшаңдығы 3,5 м/с асатын лифтілер жоғарыда аталған талаптардан басқа керу құрылғысының ырғып кетуін шектейтін құрылғымен жабдықталуы тиіс. Бұл құрылғының іске қосылуы осы Талаптың 338 тармағына сай қауіпсіз электрлі құрылғы тізбегінің ажыратылуына әкеп соғады.

271. Бұрып жіберетін блоктар мен жұлдызшалар болдырмау үшін қоршауланады:

1) қызмет көрсететін персоналдың жарақат алмауы;

2) блоктар мен жұлдызшалардан тартқыш элементтердің салбырауы;

3) тартқыш элементтер мен блоктардың немесе жұлдызшалардың

арасына заттардың түсіп кетуі.

Қоршаудың конструкциясы блоктар мен жұлдызшаларды бақылау кезінде оны бөлшектемей жүргізуге мүмкіндік береді. Егер қоршауда саңлаулар болса, ол осы Талаптың 3-қосымшасына сай болады.


Каталог: laws -> law -> nnic -> 0802
0802 -> Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
0802 -> 2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар
0802 -> Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
0802 -> Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар
0802 -> Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Домна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар
0802 -> Метрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
0802 -> Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет