Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Міндеттері



Дата17.05.2020
өлшемі40.05 Kb.
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың балабақшамен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Қажетті құрал-жабдықтар:  Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, маркерлер және т.б.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар.

ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. «Танысу» жаттығуы;

  2. Топқа бөлу;

  3. Ой жинақтау;

  4. Ситуациялық сұрақтар

  5. Аналармен жаттығу «Көзді байлау» «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы

  6. «Ашық айтсам…» жаттығуы;

  7. Рефлексия;

  8. Қорытынды.

ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:

Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты тренингке хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.

  1. «Танысу» жаттығуы:

Ата-аналар шеңберге тұрып баспен, бетпен, иықпен, мұрынмен, арқамен түйістіріп амандасады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.

  1. Топқа бөлу:

Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

  1. Ой жинақтау:

Үш топқа тақырып беріледі.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.



I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

III—топ. Бала үшін педагогпен пен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.

  1. Ситуациялық сұрақтар:

Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

1.Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

2.Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?

3.Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

4.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Тәртібі қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?

5. Бала тәрбиесіндегі басты мәселе не деп ойлайсыз?



5. Аналармен жаттығу «Көзді байлау» «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.

  1. Балаңыздың туған күні, айы, жылы?

  2. Балабақша меңгерушісінің аты-жөні?

  3. Тәрбиешісінің толық аты-жөні?

  4. Балаңыз қандай өлшемді аяқкиім киеді?

  5. Балаңыздың тобының аты қалай?

  6. Балаңыз балабақшада қандай пәндер оқиды?

  7. Балаңызға ашуланғанда ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі

  1. «Ашық айтсам » жаттығуы; қорытынды:

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.

Сабақтың жүргізілген күні___________________________________________

Менің тренингтік есімім_____________________________________________

Менің тренинг барысында түйгенім____________________________________

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады_________________________________

Жүргізушіге ұсыныс_________________________________________________



Қолы__________________

  1. Рефлексия:

  2. Қорытынды:

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық.

Ата-аналарға жадынама

  1. Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз, есіңізде болсын телдедидар да, радио да сіздің орныңызды баса алмайды.

  2. Балаңыздың бос уақытын ұйымдастырыңыз.

  3. Балаңызға махаббатыңыз бен зейініңізді силаңыз.

  4. Қандай жағдай болмасын өз балаңыз туралы жағымды түсінікте болыңыз.

  5. Өзіңіздің сыртқы келбетіңіз бен әрекет қылықтарыңызды қадағалаңыз. Бала сізді мақтан тұтуы керек.

  6. Балаларыңыз өсіп, жеке өмір сүретін кез келетіні естеріңізде болсын. Оны болашақ өмірге дайындаңыздар, ол туралы әңгімелесіңіз.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Фио: Сабитова Лилия Фэргатовна
doc -> Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!
doc -> Знаменитые трезвые люди планеты
doc -> Апарат верховної ради україни інформаційне управління відділ інформаційно-бібліотечного забезпечення
doc -> Технические характеристики горелок газовых серии гкс
doc -> Региональная энергетическая комиссия свердловской области
doc -> М. Ушачи Белоусов Степан Гаврилович
doc -> Городской поселок россоны захоронение в мемориальном сквере
doc -> Райффайзен Банк Аваль модернизировал контактный центр


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет