Мазмұны: «НҰр отан» партиясы Доктринасының жобасы талқылануда


Юристы-международники объединяют усилия



бет3/5
Дата25.04.2016
өлшемі0.87 Mb.
1   2   3   4   5

Юристы-международники объединяют усилия
Актуальные вопросы международного, регионального и национального права обсудили участники научно-практической конференции, состоявшейся в Евразийском национальном университете им. Л. Гумилева. Форум, приуроченный к десятилетию подготовки в этом вузе специалистов международного права и пятилетию специализированной кафедры, собрал известных юристов Казахстана, России, Узбекистана, США, Ирака.

В конференции приняли участие первый кандидат юридических наук Казахстана в сфере международного права Узыке Джекебаев, первый доктор юридических наук Казахстана, защитивший диссертацию по международному праву, Марат Сарсембаев, член Конституционного совета Республики Казахстан Анар Жаилганова, академик НАН РК Мурат Баймаханов, заведующий кафедрой международного права РУДН и профессор МГИМО, вице-председатель Комитета ООН по экономическим, социальным и культурным правам Аслан Абашидзе и другие известные правоведы.

ЕНУ им. Л. Гумилева последовательно осуществляет идею Лидера нации о формировании в Казахстане интеллектуальной нации, отметил ректор университета Ерлан Сыдыков в приветственном адресе. Университет достойно представлен на международном уровне, что подтверждают высокая позиция в мировом рейтинге университетов QS (303-е место) и динамика роста этого показателя. Второй год подряд вуз лидирует в национальном рейтинге многопрофильных университетов. Достижение таких результатов – заслуга профессорско-преподавательского состава, в том числе кафедры международного права, с основания возглавляемой доктором юридических наук, профессором Ерболом Абайдельдиновым.

Декан факультета Еркин Онгарбаев подчеркнул, что эта кафедра прошла аккредитацию в международном Институте аккредитации, сертификации и обеспечения качества ACQUIN (ФРГ). Специальность «международное право» с 2009 года включена в программу Сетевого университета СНГ, образованного по инициативе Российского университета дружбы народов (РУДН, Москва), в которую вошли свыше 20 вузов стран Содружества.

С того времени началась реализация программы «двойного диплома», предусматривающая совместную с РУДН и другими вузами восьми стран СНГ подготовку магистров по международному праву. Первыми ее выпускниками, получившими дипломы Республики Казахстан и Российской Федерации с отличием, стали Айгуль Шахмова и Роза Акшалова, ныне старшие преподаватели кафедры.

Участникам конференции и студентам особо запомнилось выступление заведующего кафедрой международного права РУДН, доктора юридических наук, профессора Аслана Абашидзе. Известный российский ученый в дополнение к своему поздравлению сделал прекрасный подарок. В результате совместной работы ученых ЕНУ и РУДН вышел в свет первый казахстанско-российский двухтомный учебник по международному праву. Авторами учебного пособия стали 26 известных специалистов в области юриспруденции Казахстана и России. Это ученые Московского государственного института (университета) международных отношений МИД России, Казанского университета, других вузов, а от Казахстана – доктора юридических наук, профессоры Ербол Абайдельдинов, Марат Сарсембаев, кандидат юридических наук, доцент Жанат Кулжабаева, заведующий кафедрой международного права Казахского национального университета им. Аль-Фараби Сагынгали Айдарбаев.

Представляя первый казахстанско-российский учебник по международному праву, профессор Аслан Абашидзе отметил, что издание вобрало в себя опыт научных исследований и преподавания авторов двух стран и нацелено на подготовку высококвалифицированных специалистов в области юриспруденции, которые должны владеть современными знаниями о международном праве, подкрепленными практикой государств, международных организаций и судебных учреждений. В 2014 году планируется перевод учебника на казахский язык и его выпуск на базе ЕНУ им. Л. Гумилева.
//Казахстанская правда.-20132.-26 сентября.-С.5

Нұрлан ҚҰМАР,



Академияның сессиясы өтті
Алматы қаласындағы «Ғылым ордасының» үлкен залында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының жалпы жиналысының сессиясы өтті. Алқалы жиында ҚР ҰҒА президентін және ҚР ҰҒА Төралқасының жаңа құрамын сайлау мәселелері қаралды.

Басқосу академик Мұрат Жұрыновтың кіріспе сөзінен кейін еліміздің Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасына орай ұйымдастырылған «Қазақстан тарихы, оған қоса ғылым мен жоғары білім тарихы» атты конференциямен басталды. Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Ханкелді Әбжанов «Отандық тарих ғылымы: межелер мен міндеттер», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің кафедра меңгерушісі, ҰҒА-ның құрметті мүшесі Қалқаман Жұмағұлов «Қазақтың ерте тарихы және Батыс Еуропа дереккөздері», ЕҰУ проректоры, ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Дихан Қамзабекұлы «Мәңгі ел» журналы және тарих тағылымын насихаттау», тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелді «ҚазКСР Ғылым академиясы сталиндік қуғын-сүргін жылдарында», Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Меруерт Әбусейітова «Шығыс дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы», ҚазҰУ-дің тарих факультетінің деканы, ҰҒА-ның корреспондет-мүшесі Жәкен Таймағамбетов «Отандық археология саласындағы инновациялар» деген тақырыптарда баяндама жасады. ҚР ҰҒА-ның президенті Мұрат Жұрынов еліміздегі ғылым мен жоғары білімнің жай-күйін сараптап өтті.

Академик Мұрат Жұрыновтың 2003 жылдан бастап, ҰҒА-ның президенті болып сайланғаны белгілі. М.Жұрыновтың президенттік өкілеттігі 30 қыркүйекте аяқталатын болғандықтан, ҰҒА-ның Төралқасы сайлау туралы хабарландыру жариялап, М.Жұрыновты ҰҒА-ның президенті етіп қайта сайлауды бірауыздан ұсынған. Содан бері сайлауға бір ғана өтініш тіркеліпті. Сол өтініш бойынша, ҰҒА-ның президенттігіне кандидатты талқылау басталды. Академик Сұлтан Сартаев бастаған жарыссөзге шығушылар президенттікке жалғыз кандидат Мұрат Жұрыновтың білікті ұйымдастырушы ретіндегі беделіне тоқталып, оны тағы бір мерзімге сайлауды қолдау керектігін ұсынды. Осылайша, бірауыздан ҰҒА-ның президенті болып Мұрат Жұрынов қайта сайланды.

//Ана тілі.-2013.-26 қыркүйек.- 3 б.



Ақылбек КҮРІШБАЕВ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, Ресей Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының академигі,ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі.

Климаттық өзгерістер

Оған Қазақстанның өсімдік шаруашылығы қаншалықты дайын?

Климаттың жаһандық өзгеруі енді ғылыми пікірталас тудырушы өзекті тақырыптардың бірі болып табылмайды. Бүгінгі күні бұл әлем назарын өзіне аударған күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалымдардың зерттеуі көрсеткендей, 1980 жылдан бастап ғаламшардағы орташа температура 0,8°С көтерілді. Егер зерделеп қарар болсақ, климаттағы 20 өзгерістің 19-ы 1980 жылдан кейінгі уақытқа тұспа-тұс келеді.

Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.

Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым бағытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.

Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.

БҰҰ ДБ мәліметі бойынша, Қазақстанда соңғы 50 жылда орташа ауа температурасы 1,5°С-қа өскен. Ауа температурасындағы өзгерістердің дені ерте көктем маусымындағы жерасты ылғалдылығымен байланысты болған. Үрдіс төңірегінде атмосфера шөгуін жылдың жылы кезеңінде қысқарту, суық кезеңінде ұлғайту, сол арқылы топырақ ылғалының көктемгі қорларының мерзімінен бұрын таусылуына және жазғы жауын-шашынның түсіңкі салымына алып келеді, бұл көбіне суарылмайтын егін шаруашылығы аудандарындағы өнімдермен байланысты. Бұдан басқа, вегетация кезеңінде гидротермиялық жағдайлардың өзгеруі егіншілік пен азық-түлік сапасын төмендететін жаңа зияндатқыш ошақтар мен ауыл шаруашылығы саласындағы әртүрлі аурулардың тууына әсер етеді.

Климаттық өзгерістің басқа жағымсыз салдары ол – жерлердің шөлге айналуы. Ғалымдардың мәліметі бойынша, Қазақстандағы шөлге айналу үдерісіне ұшыраған жерлер 66% болып табылады. Жердің құлдырау зардабы 960 млн. долларға бағаланып, егіндіктің мүжілу салдарынан кіріс шығыны 779 млн. теңгені құрайды. Қарашірікті жоғалтудың жалпы шығынын сарапшылар 2,5 млрд. долларға бағалады. Бірақ климаттық өзгерістер ауылшаруашылық жерлерінің азуына алып келуші негізгі факторлар болып табылмағанымен, олар осы үдерістің негізі.

Бүгінде климаттың өзгеруіне ауыл шаруашылығын бейімдеу мәселесін әлемдегі барлық жетекші ауыл шаруашылығын зерттеу жүйелері мен зерттеу университеттері зерттеуде. Мысалы, Дэвистегі Калифорния университетінде ауыл шаруашылығын, экология жүйесін зерттеу бойынша әлемдік үздіктердің бірі, орнықты ауылшаруашылық жүйесін дамыту жөнінде бірден екі ауқымды бағдарлама іске асырылады. Австралияда жетекші университеттер бұл саланы жүзеге асырса, Гриффит университеті негізінде тәртіп аралық зерттеу бағдарламасы, яғни климатты өзгерту үдерісі бойынша ұлттық зерттеу орталығын құрды. Ғылыми қамтамасыз етудегі ұқсас жүйелер көбіне еуропалық елдерде құрылуда. Ең өкініштісі, бұл өзекті тақырыптарды бағамдауда қазақстандық ғалымдардың зерттеу бағдарламалары әзірше нәтиже бере алмай отыр. Мұндай ауқымды технологиялық міндеттерді шешуге жекелеген жобалар түбегейлі әсер ете алмайды, сондықтан халықаралық гранттар немесе бағдарламалар шеңберін арттыру қажет.

Отандық аграрлық ғылым бұл жағдайда климаттық өзгерістердің салдарына отандық өсімдік шаруашылығын бейімдеу үшін қажетті іс-шараларды қолға алуы керек. Бұл үшін, бірінші кезекте селекция жұмысына деген көзқарасты өзгерту қажет. Сонымен қатар, басты назарды азық-түліктің көтерілуіне емес, күш түсірмейтін сорттардың дамуына бұру қажет. Әлбетте, бүгінде отандық селекцияда негізгі болып табылатын тек жыныстық будандастыру тәсілімен күш түсірмеуді елеулі түрде жетілдіру мүмкін емес. Селекциялық жұмыста шаруашылық-бағалы белгіні көрсетуде, оның әсерінің генотипті және заңдылықты зерттеуге негізделген кешенді тәсілдеме қажет. Бұған сәйкес, бірегей бағдарламаның іргелі және қолданбалы түрін, жаңа ғылыми құзыреті мен инфрақұрылымды дамыту шеңберінде байланыстыруда биотехнология тәсілін меңгерген тәжірибе қажет. Басқаша айтқанда, өсімдік шаруашылығында әртараптандыруды белсенді жүргізу қажет.

Негізі, ауылшаруашылық аймақтарындағы егіншілік жүйесінде туындаған бірқатар өзгерістерге орай түзетулер енгізудің уақыты жетті. Себебі, климаттық өзгерістерге орай вегетациялық кезеңдегі гидротермиялық жағдай елеулі өзгерістерге ұшырап, нә­тижесінде агротехникалық шараларды өткізуді ұтымды мерзімге жылжытуға, арамшөптерді вегетациялау кезеңін өзгертуге, өсімдіктерді қорғауға алып келеді.

Бүгінгі таңда біз, белгілі ғалым, академик А.Бараевтың жетекшілігіндегі жарты ғасырдан артық өңделген негізгі ауылшаруашылық аймақтарындағы егіншілік жүйесін қабылдауды жалғастырып келеміз. Әрине, бұл жүйе отандық ауыл шаруашылығының дамуында және жаңа агротехнология үшін негіз болып қала береді. Бірақ бүгінгі таңда ауа райының өзгеруі салдарынан өзгеріске ұшыраған жерлердегі топырақтың өзгеріске ұшырауын зерттей отырып, оны саралау керек.

Қазақстандағы ауылшаруашылық жерлерінің құлдырау жылдамдығын есептей келе және экологиялық жағдайларды күшейтуде отандық ауыл шаруашылығының даму жолын іздеу мақсатында ауқымды агроэкологиялық жобалар керек. Ауылшаруашылық жерлерін орналастыруға тиімді жүйелер керек, сонда ғана нақты табиғи көріністерге бейімделе аламыз. Әсіресе, мұндай жүйе Қазақстанның батыс және орталық аймақтарындағы тәуекелді егіншілік үшін ерекше өзекті.

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу үшін тек қана бір ғылыми мектептің құзыреті жеткіліксіз, климаттық өзгерістерге бейімделуіне әсер ете алатын жан-жақты зерттеуден туындаған жұмыстар қажет. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ауыл шаруашылығында, экономикада, биология ғылымдарында және қоршаған орта туралы ғылым саласында да аграрлық мәселені зерттеу ауыл шаруашылығындағы ізденістің дамуы жалпы әлемдік үрдіске айналды. Бірақ, бұл қажеттіліктерді тиімді қолдану үшін біздің алдымызда атқарылар бірқатар шаралар тұр. Ең бірінші кезекте, сан-алуан ғылыми бағыттарды біріздендіріп, жаңа ғылыми тұжырымдамаларды айшықтаған және қолданбалы технологияларды қолданатын ұйымдық құрылым керек. Яғни, халықаралық тәжірибе негізінде климаттық өзгерістерге ауыл шаруашылығын бейімдеу үшін тек қана ғылыми-зерттеуді кеңейту жеткіліксіз. Маңыздысы тәжірибелік нәтиже алу үшін ғылыми-зерттеумен қоса, кәсіби құзыреттілікті де дамыту, яғни өзекті мәселелерді түсінетін білікті мамандарды дайындау.

Жаңа технологиялық тапсырмаларды шешу үшін ғылыми-зерттеу жүйесін қайта қарап, мамандар дайындауды және зерттеу университеті сияқты аграрлық ғылым ұйымының әлеуетін арттыру керек. Мысалы, Австралияда осындай университеттер ауыл шаруашылығын зерттеудегі негізгі орындар алады. АҚШ-та соңғы бес жылда ғана жетекші университеттерде ауыл шаруашылығын зерттеуге бөлінетін мемлекеттік қаржының көлемі 3 есеге артты және әлемдік аграрлық ғылымдағы ұлттық жүйеге жетелеуші ауыл шаруашылығын зерттеу қызметінің қаржысы өсті. Бүгінгі таңда зерттеу университеттерін дамыту жобаларына көптеген елдер қатысуда. Әрине, Қазақстан да бұл беталыстан сырт қалмауы тиіс және осы зерттеу университеті отандық ауыл шаруашылығы алдында тұрған ауқымды технологиялық тапсырманы шешу үшін өзекті институттық жүйе болып табылады. Сондықтан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің негізінде ауылшаруашылық жүйесін әлемдік деңгейдегі зерттеу университетін құру туралы Елбасының тапсырмасы дер кезінде айтылған өзекті мәселе болуымен құнды.Ең үздік отандық және шетелдік тәжірибені біріктіріп, орталық және қолданбалы ғылымның әдістеріне негізделген, трансферт пен әлемдік жетістіктерге бейімделген мамандар даярлауға біріктірілген аграрлық ғылымды ұйымдастырудың жаңа жүйесінің жобалық модулін калыптастыруымыз керек. Бұған қосымша, жоғары білікті ғылыми мамандардың қартаюына байланысты зерттеу университеті заманауи озық әдіснаманы меңгерген және ауыл шаруашылығындағы басты инновациялық тетіктерден хабары бар магистранттар мен докторлар дайындау қажет.Отандық ауыл шаруашылығын климаттың өзгеруіне бейімдеу бүгінгі күннің басты талабы, сол арқылы аграрлық университеттегі зерттеу базасын қалыптастыру. Бұл бағыттағы жұмысты қаншалықты тезірек қолға алсақ, соншалықты қажетті шараларды ұйымдастырып, алдымыздан туындаған технологиялық сұрақтарға жауап бере аламыз. Басқа жағдайда Қазақстанның ауыл шаруашылығына деген климаттық өзгерістердің әсері жыл сайын арта түседі. //Егемен Қазақстан.-2013.-28 қыркүйек.-3 б.



Қызылорда облысының ғылымы, білімі

және мәдениеті

Г.Есімова,
«Самсунг электроникс» компаниясы

оқу гранттарын бөлді
Өткен аптада өңірімізге Корей елінің Казақстандағы елшілігінен өкілдер келді. Екіжақты байланысгы нығайту жолыңда кореялык «Самсунг электроникс» компаниясы аймағымыздағы іргелі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінін ағылшын-корей тілдері мамандығында оқитын 10 студентке оқу грантын бөлді. Бастауын биылғы жылдан ажан игі шара төрт жыл катарынан жалғасын таппақ. Осы ретте университет ректоры Қылышбай Бисенов пен «Самсунг электроникс» компаниясының Орталық Азиядағы және Қазақстандағы президенті Чой Сын Шик екі жақты меморандумға қол қойды. Оқу грантын иеленгендердің барлығы дерлік университет табалдырығын осы жылы аттаған. Олар компания жасаған мүмкіндікті пайдалана отырып, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Корей Республикасында білім ала алады. Компания көрсеткен камқорлықгың арқасында грант иеленгендердің бірі Самат Тұрсыналиев: - Корей мемлекетінің «Самсунг электроникс» компаниясының біздің оқу тобындағы барлық студентке осындай жағдай жасағанына алғысымды білдіргім келеді. Болашақта оқу бітіргесін соң, біз корей компанияларында жұмыс істеуге мүмкіндік алады екенбіз. Мұның өзі үлкен қуаныш. Сонымен қатар, айта кетерлігі академиялық ұтқырлық бағдарламасымен корей елінің атақты «Кангам» университетінде бір семестр біліміізді жетіл діре аламыз, - деді.

«Самсунг электроникс» компаниясының президенті Чой Сын Шик мырзанын айтуынша, 2002 жылдан бастап компания өнімдері біздің елімізге экспортқа шыққан. Оның сөзіне сенсек, олар өндірген өнімдерді отандастарымыз жиі тұгынатын көрінеді. Сондай-ақ, «Самсунг электроникс» компаниясы Сыр өңіріндегі оку орнынан бөлек, Назарбаев Университеті, КИМЭП сияқты ең үздік білім ордаларымен байланыс орнатқан. Корей елшілігінің бас консулы, доктор Сон Чи Кын: - Жалпы, біздің еліміздің Корқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен байланыста болуы маңызды қадам. Абырой деп айтсақ та болады. Меморандум жасасуымыз екі елге де өз пайдасын әкеледі деген үміттемін, - деп ағынан жарылды.

Қазіргі танда аймағымыздағы белді оқу орны студенттер алмасу, мамандарды шетелде даярлау секілді жобалар негізінде 60 шетелдік жоғарғы оқу орнымен келісімге келген. Сондай-ақ, бас елші Сон Чи Кын студентттер сарайында жиылған университет студенттеріне «Корей елінің экономикалық даму тәжірибе және оны Қазақстанның қабылдауы» тақырыбында лекция оқыды.

//Халық.- 2013.- 19 қыркүйек.- 4 б.




Миуа Байназарова,

Елбасы Сыр өңірінде болды
Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан салынған «Мұз айдыны» спорттық-сауықтыру кешенін көрді.

Жалпы аумағы 7985 шаршы метр болатын кешен 3 бөліктен тұрады. Заман талабына сай салынған кешенде хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек секілді қысқы спорт түрлерін аймақта дамытуға мүмкіндік береді. Мұз айдынынан бөлек, мұнда гандбол, волейбол, баскетбол, күрес және көркем гимнастика секциясына арналған залдар қарастырылған.

Спорт кешенінде болған Қазақстан Президенті екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин бастаған облыс спортшыларымен кездесті. Одан кейін Мемлекет басшысы «Бастау» бизнес орталығында болды. Онда Нұрсұлтан Назарбаевқа сағатына 250 жолаушыға қызмет көрсететін халықаралық жолаушылар терминалының жобасы таныстырылды. Жалпы аумағы 9200 шаршы метр болатын жаңа әуежай халықаралық стандарттарға сәйкес салынып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы артады. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстарын 2014 жылдың күзіне дейін аяқтау көзделген. Бұл әуежайдағы ұшақтардың ұшып-қону алаңы 3 жыл бұрын қайта жаңғырту­дан өтіп, халықаралық талаптарға сәйкестелген.

Президенттің жұртшылық өкілдерімен өткен жиынында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің өзекті мәселелеріне тоқталып, «Қызыл­орда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы» құжатының негізгі бағыттарымен таныстырылды.

Кездесуде «Рза» акционерлік қоғамының президенті С.Имандосов, «Атамекен Одағы» ҰЭП жанындағы облыстық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы А.Махамбетов, «ҚазГерМұнай» бірлескен кәсіпорнының бас директоры М.Кәрім, «Байқоңыр» ӘКК»ҰК» АҚ басқарма төрайымының орынбасары И.Сейдаханов, балық шаруашылығын дамыту жөніндегі облыстық консорциум төрағасы Әділбек Айымбетов және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қ.Бисенов сөз алып, мемлекеттік, әсіресе, инфрақұрылымдық бағыттағы бағдарламалардың аймақ экономикасына оң ықпалы турасында, Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша жүзеге асқан жобалар жөнінде ой пікірлерін білдірді.
//Айқын.-2013.-24 қыркүйек.- 1 б.

Ақбота Исләмбек,

Сыр – Алаштың анасы
Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болды. Іссапар барысында Мемлекет басшысы жаңа ашылған «Назарбаев зияткерлік мектебін», «Мұз айдыны» спорттық-сауықтыру кешенін аралап, 250 жолаушыға қызмет көрсететін халықаралық жолаушылар терминалының жобасымен танысты. Сондай-ақ кездесу барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы» құжатының негізгі бағыттарымен таныстырып, өңірдің өзекті мәселелеріне тоқталды.

Елбасы сапарының алғашқы күнін жаңа оқу жылында ашылған «Назарбаев зияткерлік мектебінің» жұмысымен танысудан бастады. Қызылордадағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» химия және биология пәндерін тереңдетіп оқытады. Елбасы өз сөзінде бұл мектепті бітірген оқушылар білімін ары қарай Астанадағы «Назарбаев Университетінде» жалғастыра алатынын айта келе, болашақтағы білімнің ең биік шыңы биология болатынына сенім білдірді. Аталған оқу ошағы жаңа компьютерлік жүйемен, мультимедиялық кабинеттермен, интерактивті тақталармен, инновациялық бағдарламалар жүйесімен толық қамтылған. Мектепте білім алу үшін 4001 бала өтініш білдіріп, олардың ішінен 553 оқушы ғана «Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушысы атанған. Сонымен қатар Мемлекет басшысы аталмыш білім ордасында аймақтағы білім саласының жайымен танысты. Бұл ретте облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова Қызылорда облысында білім саласын дамытуға арналған 2013-2015 жылдар аралығындағы «Жол картасы» әзірленіп, соның арқасында үш ауысымда білім беретін мектептердің мәселесі түбегейлі шешілгенін мәлімдеді. Тағы бір айта кетерлік мәселе, биыл көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан талантты балаларға облыс әкімінің арнайы 123 гранты бөлінген. Білім саласындағы үлкен жаңалықтардың бірі осы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан салынған жалпы аумағы 8 мың шаршы метрге жуық 3 блоктан тұратын «Мұз айдыны» спорттық-сауықтыру кешенін аралады. Аталмыш мұз алаңының салынуы өңірде хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек тәрізді қысқы спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік берері сөзсіз. Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин бастаған облыстағы жетекші спортшылармен кездесіп, әңгімелесті. Одан кейін «Бастау» бизнес орталығында болып, сағатына 250 жолаушыға қызмет көрсететін халықаралық жолаушылар терминалының жобасымен танысты. Жалпы аумағы 9200 шаршы метр болатын жаңа әуежай халықаралық стандарттарға сәйкес салынып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы артпақ. Құрылыс жұмыстары 2014 жылдың күзіне дейін аяқталады деп көзделуде. Аталған әуежайдағы ұшақтардың ұшу-қону алаңы осыдан үш жыл бұрын қайта жаңғыртудан өтіп, халықаралық талаптарға сәйкестендірілген. Жиында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің өзекті мәселелеріне тоқталып, «Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы» құжатының негізгі бағыттарымен таныстырды. Облыс басшысы өз сөзінде өңір­дегі инвестиция көлемі 2 есе, құрылыс көлемі 60 пайызға өскенін, өткен жылмен салыс­тырғанда салық 90 миллиард теңгеге артық жиналғанын айтты. Бұған қоса аймақ кәсіпорын­дарында жаңадан 6,5 мың жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық пен бағалар деңгейі республикалық ортақ көрсеткіштерден төмендеп, тұрақты сипат алғанына ерекше назар аударды.

Бұған қоса «РЗА» АҚ президенті Самұрат Имандосов, «Атамекен Одағы» ҰЭП жанындағы облыстық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетов, «ҚазГерМұнай» бірлескен кәсіпорнының бас директоры Медет Кәрім, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрайымының орынбасары Ескендір Сейдаханов, «Балық шаруашылығын дамыту» консорциумының төрағасы Әділбек Айымбетов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қылышбай Бисенов сөз алып, инфрақұрылымдық бағыттағы бағдарламалардың аймақ экономикасына оң әсері жөнінде пікірлерін білдірді.

//Ана тілі.-2013.-26 қыркүйек.-2 б.

Қаныбек ӘБДУОВ,

Сыр сипаты

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдымен жаңа оқу жылының басында іске қосылған «Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде» болды. Жаңа мектепте аймақтағы білім саласын дамыту бағытында жүзеге асып жатқан бағдарлама жөнінде әңгіме қозғалды.

Республика бойынша 14-ші болып есігін айқара ашқан айтулы оқу орны биылғы жылы озат 553 оқушыны қабылдады. Мектеп жаңа компьютерлік жүйемен, мультимедиялық кабинеттермен, интерактивті тақталармен, инновациялық бағдарламалық жүйемен жабдықталған.

Мемлекет Басшысы сонымен қатар, Қызылорда қаласында биылғы жылы жазда абаттандыру және көгалдандыру бағытында жүргізілген жұмыстармен танысты. Мұнан соң Елбасы жаңадан салынған «Мұз айдыны» спорттық-сауықтыру кешенін көрді. Аймақ табиғаты жазда ыстық болса да жастардың мұз айдынында спортпен шұғылдануына жағдай жасау көзделгені айтпаса да түсінікті. Жалпы аумағы 7985 шаршы метр болатын кешенде хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек секілді қысқы спорт түрлерін аймақта дамытуға мүмкіндік береді. Спортсүйер жастар сонымен қатар мұнда гандбол, волейбол, баскетбол, күрес және көркем гимнастика секциясына қатыса алады. Осы спорт кешенінде Қазақстан Президенті екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин бастаған облыс спортшыларымен кездесті.

Одан кейін Мемлекет Басшысы «Бастау» бизнес орталығында облыстың түрлі салада еңбек етуші аза- маттарымен, активімен бетпе-бет жүздесу жасады. Жүздесу алдында Нұрсұлтан Назарбаевқа сағатына 250 жолаушыға қызмет көрсететін халықаралық жолаушылар терминалының жобасы таныстырылды. Жалпы аумағы 9200 шаршы метр болатын жаңа әуежай халықаралық стандарттарға сәйкес салынбақ. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстарын 2014 жылдың күзіне дейін аяқтау көзделген. Бұл әуежайдағы ұшақтардың ұшып-қону алаңы 3 жыл бұрын қайта жаңғыртудан өтіп, халықаралық талаптарға сәйкестендірілген. Осы басқосуда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің өзекті мәселелеріне тоқталып, «Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы Стратегиясы» құжатының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Өз кезегінде «РЗА» акционерлік қоғамының президенті С. Имандосов, «Атамекен Одағы» ҰЭП жанындағы облыстық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы А. Махамбетов, «ҚазГерМұнай» бірлескен кәсіпорнының бас директоры М. Кәрім, «Бай­қоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрайымының орынбасары И. Сейдаханов, балық шаруашылығын дамыту жөніндегі облыстық консорциум төрағасы Ә. Айымбетов және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қ. Бисенов сөз алып, мемлекеттік, әсіресе инфрақұрылымдық бағыттағы бағдарламалардың аймақ экономикасына оң ықпалы турасында, Елбасы тапсырмасы бойынша жүзеге асқан жобалар жөнінде ой-пікірлерін білдірді. Жалпы айтқанда, облыс жылдың алғашқы алты айында инвестиция тарту, құрылыс салу және бюджетке салық жинау көрсеткіштері бойынша республикада ең алдыңғы қатарға шықты. Инвестиция көлемі 2 есе, құрылыс көлемі 60%-ға өсті. Сол секілді биылдың өзінде кәсіпорындарда 6,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды, жұмыссыздық (5,2%) пен баға деңгейі (102,4%) республикалық орта көрсеткіштерден төмендеген. Мысалға, бірінші жартыжылдықта өндеу өнеркәсібі 16%-ға өсті. Жаңадан құрылған энергетикалық консорциум экономика мен әлеуметтік өсу қарқынын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Салаларды дамытуда кластерлік көзқарасқа, «жасыл экономика» принциптерін енгізуге, ресурстарды үнемді пайдалануға, қажетті кадрларды дайындауға ерекше мән берілуде. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәліздің 812 шақырымы аймақ жерін кесіп өтеді, қазір оның 85 пайыз құрылысы аяқталды. Ал, қазан айының басында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралдық газ құбыры бойынша облыс орталығына газ келеді деп күтілуде. «Бейнеу-Жезқазған» теміржолының «Сексеуіл-Жезқазған» учаскесі жыл аяғына дейін қосылмақ. Бұл – аймақ үшін қарқынды даму қадамдары.

Елбасы ауыл шаруашылығы саласына қатысты сын-ескертпесін қадап айтты.

– Қызылорда облысы – еліміз бойынша 90 пайыз күрішті өсіретін аймақ. Алайда, Вьетнам күрішінен өзіндік құны үш есе қымбат өнім бізге неге керек. Күріш технологиясы ғылыми негізге сай дамымаса, оған шығындалған мол су ресурсын мал шаруашылығына бұру қажет шығар. Сондай-ақ, өңірде ежелден қалыптасқан бау-бақша, көкөніс өсіруді де өркендеткен жөн. Мен Аралдан Жаңақорғанға дейін аралап көргенмін. Шалқия металлургиясын, оның ішінде ванадий өндірісін қолға алу керек. Рас, бүгінгі таңда Қызылорда облысында жақсы жұмыстар бар, әлі де дамыту бағытындағы жобалар жеткілікті. Оны орындауда ел азаматтарына сенемін, – деді Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

//Дала мен Қала. 2013. – 26 қыркүйек.- 1 б.


Каталог: ntb -> doc
doc -> Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы нұрлан темірбеков, Д. Серікбаев атындағы ШҚмту ректоры, профессор. Айқын да жарқын бағдарлама
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
doc -> «ҚАЗақстан-2050» стратегиясы
doc -> Ғылыми техникалық кітапхана анықтама библиографиялық және Әдістемелік бөлім білім және ғылым
doc -> Исаак ньютон
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
doc -> -
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> «ҚАЗақстан-2050» стратегиясы стратегия «Казахстан-2050»
doc -> Қызылорда, 2013 ж. Дүниежүзілік көрме 2017


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет